Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет15/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33

КҤННІҢ  ЖЕЛІ  -  Күн  бетінен  келетін  электрлі  зарядталған 
бӛлшектер (гелий мен сутегі) ағыны. негізінен электрондар мсн 
протондардан тұрады. Олар 200-1000 км/с жылдамдықпсн қозғалып 
Жерге  1-2  тәулікте  жетеді.  бірақ  атмосфераның  90  км-ден  тӛмен 
бӛлігіне  ене  алмайды.  Белгілі  бір  жағдайларда  олар  магниттік 
толқындарды.  поляр  шұғыласын  және  басқа  да  геофизикалық 
құбылыстарды тудырады. 
КҤН  АКТИВТІЛІГІ  -  кӛптеген  геофизикалық  құбылыстарға 
әсерін  тигізеді;  Жер  ионосферасының  күйін  ӛзгертеді,  осының 
әсерінен  қысқа  радиотолқындардың  таралу  ерекшеліктері, 
магниттік құйындар, полярлық шұғыла, т.б. пайда болады. 
Қазақстан  Республикасында  Күнді  бақылау  және  зерттеу 
жұмыстары  1950  жылдардан  басталды.  1954  ж.  бірінші  рет 
коронографтың  кӛмегімен  Күн  тәжінің  ішінде  толқын  ұзындығы 
5303 және 6374 болатын эмиссиялық сәуле шығару сызықтарының 
барлығы тіркелді. Осы жылы Үлкен Алматы кӛлінің маңында теңіз 
деңгейінен  3000  м  биіктікте  Күн  стансасы  салынды.  Бұл  бекет 
үлкенді-кішілі  екі  жаңа  коронографпен,  горизонтальды  Күн 
телескопы, 
спектрограф  
және 
еселік  
фотогелиографпен  
жабдықталып,  Күн  физикасын зерттеуге үлесін қосуда.   
КҤННІҢ  ЖЫЛДЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСЫ  -  күнді  бақылай  келе, 
ғалымдар  ерте  кезден-ақ  оның жұлдыздар арасында  қозғала 
отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дӛңгелегі бойымен бір 
айналым  жасайтынын  байқаған.  Бұл  үлкен  дӛңгелекті  ежелгі 
гректер эклиптика деп атаған. Ол әлі күнге дейін астрономияда осы 
атауын 
сақтап 
келеді. 
Эклиптика зодиак шоқжулдыздары 
(гр. зодиакос  куклос -  жан-жануарлар  дӛңгелегі)  деп  аталатын 
12 шоқжұлдыз арқылы ӛтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар 
санына  сәйкес  келеді,  ал  осы  шоқжұлдыздардың  жиыны  зодиак 
белдеуі деп 
аталады. 
Күн 
зодиак 
шоқжұлдыздарының 
әрқайсысында  бір ай шамасында  болады.  Сӛйтіп,  Күннің аспан 
сферасы бойынша жылдық жолы эклиптика деп аталады дедік. Күн 
эклиптика  бойымен  жылжи  отырып,  аспан  экваторын  21  наурыз 
және  23  кыркүйекке  сейкес  келетін,  күн  мен  түннің  теңелу  деп 
аталатын нүктелерде екі рет қиып ӛтеді. Кҥн мен түннің кӛктемдегі 
теңелуі нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі 

Таразы 
шоқжұлдызында 
болады. 
Бұл 
күндерде 
Күн аспан экваторын  басып  ӛтеді,  ал  аспан  экваторын  аспан 
кӛкжиегі  как  бӛледі.  Ендеше  кӛкжиек  үстіндегі  және  астындағы 
Күн  жолдары  тең,  яғни  күн  мен  түннің  ұзақтығы  бірдей.  22 
маусымда  Күн  экватордан  солтүстікке  қарай  мейлінше  қашык 
орналасады.  Бүл  ең  ұзақ  күн  -  жазғыКүн  тоқырау  күні.  22 
желтоқсанда Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта 
болады.  Бұл  ең  қысқа  күн  -  қыскы Күн  тоқырау  күні.  Ерте  кезде 
Күннің жұлдыздар арасындағы  кӛзге  түсерлік  қозғалысы  Күн 
бекітілген  аспан  сферасының  жұлдыздар  бекітілген  сфераға 
қатысты  қозғалысынан  болады-мыс  деп  түсіндірілді.  Алайда 
мұндай 
түсіндіру 
сол 
кездегі 
кейбір 
философтарды 
канағаттандырмады.  Мәселен,  атақты   Пифагордың  оқушылары 
Күннін  жұлдыздар  арасындағы  кӛзге  түсерлік  қозғалысы  Жердің 
қозғалуы  салдарынан  болады  деген  болжам  айтты.  Бірақ  бұл 
болжамды  (Жердің  ӛз  осінен  айналатыны  сиякты)  ғалымдар 
құптамады,  ал  шіркеу  оған  мүлдем  қарсы  болды.  Сӛйтіп,  мың 
жылдан  астам  уақыт  бойы,Н.  Коперникке дейін,  ешкім  Жердің 
қозғалатыны жайында  сӛз етпеді.  Қазіргі кезде Жер ӛз осін айнала 
тәуліктік  қозғалыс  жасап  қана  коймай,  сонымен  қатар  Күнді 
айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап 
қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар. Сонымен, 
шын  мәнінде,  Күннің  эклиптика  бойымен  жылдық  қозғалысы 
жалған  кӛрініс  болып  табылады.  Ол  біз  Күнді  бақылаған  кезде 
санақ  денесі  ретінде  тіпті  де  тыныштықта  болмайтын,  яғни  ӛзі  де 
Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан 
болады.  Күннің  бетінде  кӛптеген  коңыр  дактар  болатыны  белгілі. 
Мінеки,  осы  дақтардың  ӛзара  орналасуын  бақылай  отырып, 
ғалымдар  олардың  Күннің  шығыс  шетінен  батыс  шетіне  қарай 
ығысатынын  анықтаған.  Бұдан  шығатын  қорытынды:  Күн  ӛзінің 
маңайындағы  планеталардың  қозғалыс  бағытымен  ӛз  осін  айнала 
қозғалады. 
КҤН РАДИАЦИЯСЫНА - қарасты метеорологияда радиациялық 
ағын ұғымы қолданылады. Радиациялық ағын деп - бірлік беткейге 
бірлік  уақыт  аралығында  (1  сскунд)  келетін  сәулелік  энергия 
мӛлшерін  айтады.  Оның  СИ  жүйесінде  ӛлшем  бірлігі  -  Вт/м
2
  ал  іс 
жүзінде  кВт/м
2
  кең  қолданылады.  Бұрын  -  кал/(мин*см
2
)  ӛлшем 
бірлігі    қолданылған  (1  кал/(мин*см
2
)  =  0.698  кВт/м
2
).  Ал 

радиациялық  ағынның  белгілі  уақыт  аралығындағы  (сағат.  Тәулік, 
ай. жыл) жинағының ӛлшсм бірлігі - МДж/м". 
ҚАЗАҚСТАНДА КЛИМАТОЛОГИЯ 
Қазақстанда  климатология  саласынан  белгілі  ғалымдар:  Х.Байдал, 
Х.Ахметжанов,  Р.С.Голубев,  А.А.Скаков,  В.С.Чередниченко, 
П.Ж.Қожахметов,  т.б.  зерттеулерін  жалғастыруда.  Біздің  елімізде 
климатология 
мәселелерін 
зерттеумен 
«Қазгидромет» 
республикалық  мемлекеттік  кәсіпорны,  Қазақ  қоршаған  орта  мен 
климатының  мониторингі  ғылыми-зертеу  институты,  ҚазҰУ-дың 
география факультеті, ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты 
география  институты  айналысады.  Климатология  саласындағы 
халықаралық 
ғылыми 
және 
ұйымдастырушылық 
шаралар 
дүниежүзүзілік 
метеорологиялық 
ұйым, 
Халықаралық 
географиялық  және  геодезиялық  одақ  және  Халықаралық 
географиялық  одақ  арқылы  жүзеге  асырылады.  Қазақстанда 
Климатология  мәселелері,  негізінен,  «Гидрометеорология  және 
экология»  (1995  жылдан),  «ҚазҰУ  хабаршысы.  Географиялық 
серия» (1991 жылдан)  журналдарында  басылады 
ҚАЗГИДРОМЕТ
Қазақстан 
Республикасының 
Гидрометеорология  жӛніндегі  бас  басқармасы – орталық басқару 
мекемесі.  Ол  гидрометеорология  және  экологиялық  мониторинг, 
сондай-ақ  су  қорының  мемлекеттік  есебін  және  су  кадастрын 
жүргізетін  респуббликалық  мемлекеттік  кәсіпорнын  біріктіреді. 
Қазақстанда  алғашқы  аспаптық  метеорология  бақылаулар  1848 
жылы  Қазалыда,  1854  жылы  Семейде,  1856  жылы  Ырғыз  бен 
Қызылордада жүргізіле бастады. Гидрология бақылаулар алғаш рет 
(1890) Ертіс ӛзенінде басталды. 1917 жылы Қазақстан аумағында 94 
метеорологиялық  станция  мен  49  бекет,  123  гидрометеорология 
бақылау  пункттері жұмыс істеді.  1922 жылдың 23 қаңтарында Бас 
физика  обсерваториясының  Орынбор  облысы  метеорология 
бюросы  құрылған.  Ол  1925  жылы  Қазақстанның  Орталық 
метеорология 
бюросы 
болып, 
ал 
1931 
жылы 
Қазақ 
гидрометеорология  болып  қайта  құрылды.  Оның  негізінде  1933 
жылдың  мамыр  айында  Қазақ  гидрометеорология  қызметінің 
біртұтас 
басқармасы 
құрылды. 
Оның 
бірінші 
басшысы 
Қазақстанның  белгілі  саяси  қайраткері  –  О.Жандосов  болды.  1992 
жылдың  7  ақпанында  Гидрометеорология  жӛніндегі  бас  басқарма 
болып  қайта  құрылды.  Қазіргі  кезде  «'Қазгидромет»  жүйесіндегі 
метеорология,  агрометеорология,  гидрология,  кӛл  және  теңіз 

станциялары  мен  бекеттерінің  саны  750.  «'Қазгидрометтің»  негізгі 
міндеттері:  республикада  гидрометеорология  және  табиғи  орта 
мониторингі  саласында  бірыңғай  ғылыми-техникалық  саясат 
жүргізу;  әр  түрлі  ӛнеркәсіптер  мен  шаруашылықтарды,  халықты 
қазіргі  және  болашақтағы  климат  пен  табиғи  орта  мәліметтерімен 
қамтамасыз  ету;  қауіпті  және  апатты  гидрометеорология 
құбылыстарды  алдын  ала  болжап  хабарлау;  қоршаған  ортаға 
адамзат  әрекетінің  теріс  әсерін  болдырмау,  т.б.  «Қазгидромет» 
табиғи  ортаның  мониторингін  жүргізу  барысында  аса  улы  20-дан 
астам  заттарды  анықтау  үшін  республиканың  26  қаласындағы  94 
тұрақты  пункттерде  атмосфера  ауаның  құрамына  бақылау 
жүргізеді. 
Бақылау 
материалдары 
бойынша 
дерекқор 
қалыптастырылады  және  ақпараттық  -  экология  бюллетеньдер, 
анықтамалар,  шолулар  жарияланады.  1873  жылы  Бірінші 
халықараралық метеорология конгресте халықаралық метеорология 
ұйым  құрылды.  Ол  1947  жылы  БҰҰ  құрамындағы  Дүниежүзілік 
метеорологиялық  ұйым  (ДМҰ)  болып  қайта  құрылды.  ДМҰ-ның 
шешімімен  23  наурыз  Халықаралық  метеорология  күні  болып 
тағайындалған. ДМҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылады. 
КЛИМАТТЫҢ ӚЗГЕРУЛЕРІ - түгелдей жер бетінде немесе оның 
ірі аймақтарында климат жағдайларының ұзақ бағытты (он жылдан 
астам)  немесе  ырғақты  (геологиялық  уақытта,  тарихи  уақытта) 
езгерулері. 
Палеогеографиялық 
зерттеулердің 
негізінде 
анықталғангеологиялық климаттың  ӛзгерулері  Жер  тарихында 
ұзаққа  созылған  жылы  және  суық  кезендердің  болғанын 
дәлелдейді.  Кӛбінесе метеорологиялық байқаулардың  негізінде, 
сондай-ақ дендрохронологиялық және т.б. әдістермен анықталатын 
қазіргі  Климаттың  ӛзгерулері  кейінгі  ондаған  (кейде  жүздеген) 
жылды қамтиды және циклді сипатта болады. Әр түрлі себептерден 
туындаған ұзақтығьг 11, 35, 80—90 жылдарға созылған, сондай-ақ 
ғасырдан асқан климаттык ырғақтар (мысалы, 1800—1900 жылдық 
ырғақтар)  және  т.б.  анықталды.  Климаттың  Күн  активтілігінің 
ғасырлық және ғасырдан ұзақ ӛзгерістерімен байланыстары туралы 
болжамдар да бар. Климаттың ӛзгерулері әр түрлі дәрежеде табиғи 
ортаның  барлық  құрам-  бӛліктері  мен  ауыл  шаруашылығы 
ӛндірісіне әсер етеді. 
КЛИМАТТЫҚ  АНОМАЛИЯ   -  қандай  да  бір   метеорологиялық  
элементтердің климаттық нормадан  айтарлықтай  ауытқуы.  Ауытқу 

белгісіне  байланысты  климаттық  аномалияның  оң  немесе  теріс 
екені туралы айтылады.  
КОДИЛЬЕРА (испан. сordіlleras – тау тізбегі) – Жер шарындағы ең 
ұзынтау  жүйесі,  Солтүстік  және  Оңтүстік Американың батыс 
жағалауын  бойлай, Аляска түбегінен  Отты  Жер  аралына  дейін 
созылып  жатыр.  Ұзындығы  18000  км-ден  астам.    Кодильера 
таулары  құрлықтың  шығысындағы  жазық  жерлерді Тынық  мұхит   
жағалауынан 
бӛліп 
жатқан 
ең 
үлкен 
суайрық 
және климат тосқауылы  болып  табылады.  Ол   Атлант  мұхитынан  
келетін  мол  ылғалды  бӛгеп  қалады,  сондай-ақ,   Тынық  мұхиттың 
 әсер  етуін  тежейді.  Соның  нәтижесінде  Тынық  мұхиттағы 
Калифорния, Перу сияқты  суық    теңіз  ағыстары  ықпалынан  тек 
қана  осы  батыс  жағалық  бӛлікке  тән  құрғақ  жағалық    шӛл 
(Атакама) 
климаты 
қалыптасады. 
Кодильера 
биіктігі 
жӛнінен Гималай мен Орталық  Азиятауларынан  ғана  аласа.   Тау 
жүйесі  2  бӛлікке  бӛлінеді:   Солтүстік  Америка   Кодильерасы 
және Оңтүстік 
Америка Кодильерасы 
немесеАнд 
таулары. 
Солтүстік  Америкадағы  ең  биік  жері Мак-Кинли  тауы (6193  м). 
Анд  тауларының  ең  биік  жері Аконкагуа  тауы (6960  м).  Тау 
жүйесінің  ең  енді  жері  Солтүстік  Америкада  1600  км-ге,  Оңтүстік 
Америкада 900 км-ге жетеді . 
КОНВЕКЦИЯ (лат. convectio— әкелу, жеткізу)
1.
 
атмосферада  —  жер  бетіндегі  неғұрлым  жылыған 
(тығыздығы  кем)  ауа  массасының  немесе  ағынының  жекелеген 
бӛліктерінің  жоғары  кӛтеріліп,  онымен  бір  мезгілде  неғұрлым 
салқын  (тығыздау)  ауа  массасының  тӛмен  түсуі.  Әдетте,  ауаның 
кӛтерілу  жылдамдығы  бірнеше  м/с  болады  (кейде  20—30  м/с-ке 
дейін  барады).  Конвекцияның  нотижесінде  конвекциялық  бұлттар 
мен конвекциялық жауын-шашындар түзіледі; 
2.
 
мұхиттағы 
конвекция 
— 
температура 
немесе 
тұздылықтың  ӛзгеруі  нәтижесінде  судың  тығыздығы  ӛзгеруінен 
туындайтын  вертикаль  қозғалысы.  Конвекция  нәтижесінде  су 
араласып,  оның  вертикаль  бойынша  физикалық  және  химиялық 
сипаттары  теңеседі,  тӛменгі  қабаттары  оттекпен  және  жоғары 
қабаттары 
қоректік 
заттармен 
молығады. 
Конвекция
 
– 
 атмосферада  
– 
жер 
бетіндегі 
неғұрлым 
жылыған ауа 
массасының немесе  ағынының  жекелеген  бӛліктерінің  жоғары 
кӛтеріліп,  онымен  бір  мезгілде  неғұрлым  салқын  ауа  массасының 
тӛмен  түсуі.  Әдетте,  ауаның  кӛтерілу  жылдамдығы  бірнеше  м/с 

болады  (кейде  20  –  30  м/с-қа  дейін  барады).  Конвекцияның 
нәтижесінде конвекциялық бұлттар мен жауын-шашындар түзіледі. 
КОНДЕНСАЦИЯ —  заттың  газ  қалпынан  сұйыққа  айналуы 
немесе  қатаюы.  Конденсация  белгілі  бір  шектеулі  температурадан 
тӛмен жағдайда ғана болуы мүмкін. Мысалы, будың суға айналуы 
ылғалдылық  молайып,  температура  тӛмендегенде,  буға  қаныққан 
ауаның  қозғалысы  температурасы  жоғары  жақтан  тӛменге  карай 
ығысуынан  болады.  Конденсация  тұман  және  бұлт  қалыптасуы 
түрінде  білінеді.  Конденсация  температураның  тӛмендеуінен 
немесе  қысымының  ӛзгеруінен  болады.  Булануға  қарама-қарсы 
процесс.  
КОНСУМЕНТТЕР (лат.  consumo  –  тұтынамын),  тұтынушылар  – 
қоректік  тізбекте   фотосинтез   немесе   хемосинтез   жүргізетін 
ӛндіргіштер  (продуценттер)  түзетін  дайын органикалық  заттарды  
пайдаланатын   организмдер.  Барлық   гетеротрофты организмдер 
Консументтер  болып  табылады.  Олар  ӛздері  пайдаланған 
органикалық  заттарды  ақырғы  ӛнімдерге  дейін  ыдыратпайды. 
Консументтер 
тобына 
барлық 
адам, 
жануарлар 
түрі,  
микроорганизмдердің   біраз  тобы,  паразит   және  жәндік  жегіш 
ӛсімдіктер  жатады.  Консументтер   алғашқы (бірінші  реттік) 
және соңғы (екінші  реттік)  болып  жіктеледі.  Алдыңғы  топқа 
ӛсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (ӛсімдік қоректі жануарлар, 
паразит ӛсімдіктер, кейбір ―ӛсімдік қоректі‖ микроорганизмдер), ал 
соңғысына  –  жануар  текті  тамақпен  қоректенетіндер  жатады. 
―Консументтер‖  деген  түсінік  гетеротрофтар  деген  ұғымға  жақын, 
бірақ  олардың  айырмашылығы  Консументтерредуценттерге  
(органикалық 
қалдықтарды  
бейорганикалық  
заттарға 
айналдыратын 
организмдерге) 
жатпайды. 
Сонымен 
қатар 
Консументтер    ұғымыавтотроф  -  гетеротроф   организмдерін 
жіктеуде  емес,   продуцент  –  консумент  –  редуцент қатарларын 
жіктеуде 
қолданылады.  
Эколгиялық 
жүйедеКонсументтер 
басқарушы, теңестіруші буын рӛлін атқарады, сондықтан олар сан 
және  түр  жағынан  продуценттерден  де,  редуценттерден  де  басым 
болады.  
КООРДИНАТТАР (лат.  co  –  бірге  және  ordіnatus  –  тәртіптелген, 
анықталған)  –  жазықтықтағы,  кез  келген  беттегі  не  кеңістіктегі 
нүктенің 
орнын 
анықтайтын 
сандар. 
Ғылымға, 
ең 
әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары  бетіндегі  нүктенің  орнын 
(ендікпен бойлық) 
анықтайтын 
 
астрономиялық 
 
және 

географиялық  кординаттар  енді  (қараңыз).   17  ғасырда   Р.Декарт 
 Кординаттар әдісі 
арқылы геометрия мен 
математикалық 
анализдің  арасындағы  ӛзекті  байланысты  ашты  (қараңыз ). 
 Механикада,   математикадафизикада,  т.б.  салаларда  сфералық 
Координаттар 
 цилиндрлік,  
Координаттар 
эллипсоидтық,  
Координаттар 
жиі 
қолданылады.  
Кеңістіктегі  
біртекті 
Координаттар жазықтықтағы  Координаттар сияқты енгізіледі. 
КӚКЖИЕК,  горизонт  - аспан мен жер бетінің  астасып  кӛрінетін 
сызығы.  Алаңқай,  ашық  жердегі  адамға  аспан  күмбезінің  ―ернеуі‖ 
Кӛкжиек  бойынша  жер  бетіне  тіреліп  тұратын  сияқты  болып 
кӛрінеді.  Бірақ  бұл  тек  кӛрініс  қана,  шынында  аспанда  ешқандай 
күмбез жоқ, сондықтан жер беті мен аспан түйісетін шекара да жоқ. 
Кӛкжиек  –  болжал  сызық,  шартты  ұғым.  Бақылаушының  тұрған 
орны  ӛзгерген  сайын  Кӛкжиек  те  ӛзгере  береді.  Ол  ойпаң  жердегі 
адамға  жақын,  қырат  жердегі  адамға  алыс  болып  кӛрінеді. 
Кӛрінерлік  Кӛкжиектің  қашықтығы,  яғни  бақылаушы  тұрған 
орыннан жер бетінің оған кӛрінетін ең шалғай нүктелеріне дейінгі d 
қашықтығы  сол  бақылаушының  жер  бетінен  (теңізде  су  бетінің 
деңгейінен) қандай h биіктікте  тұрғандығына және айналасындағы 
жердің бедеріне тәуелді болады. Жарықтың орташа рефракциясын  
бұрышы  Кӛкжиектің  тӛмендеуі  деп  аталады.

еске  алғанда  бұл 
тәуелділік  d=3,83  формуласы  арқылы  ӛрнектеледі  (d  қашықтығы 
км-мен,  h  биіктігі  м-мен  алынады).  h  биіктігі  артқан  сайын  d 
қашықтығы да артады. Мысалы, жазық жерде ашық күндері h=1 м 
болғанда, d=3,8 км; h=10 м болғанда, d=12,1 км; h=100 м болғанда, 
d=38,3  км,  т.с.с.  Мұндай  пропорционалдықтың  арнайы  кестелері 
жасалған. ―Кӛрінерлік Кӛкжиектің қашықтығы‖ қазақ тіліндегі ―кӛз 
кӛрім  жер‖  ұғымына  жақын  келеді.  Бақылаушы  тұрған  жерден 
тӛмен  қарай  тартылған  бағытқа  перпендикуляр  жүргізілетін 
жазықтық  аспан  сферасымен  ―қиылысқанда‖,  болжал  шеңбер 
шығады.  Бұл  шеңберді  шын  Кӛкжиек  немесе  математикалық 
Кӛкжиек  дейді.  Шын  Кӛкжиек  жазықтығы  мен  кӛрінерлік 
Кӛкжиектен бақылаушыға келетін сәуленің арасындағы. 
КӚМЕКШІ  ПРОЕКЦИЯ  -  есепті  шешу  үшін  таңдап  алынған 
жазықтыққа  центрден  немесе  параллель  проекциялау  арқылы 
алынған  бұйымның  кескіні.  Мысалы,  суретте  іздерімен  берілген  
жазықтығының  түзумен қиылысу нүктесі  анықталған. 
КӚМІР – ӛсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты  шӛгінді  
кен    жынысы.  Кӛмір  құрамында  әр  түрлі  мӛлшерде  минералдық 

қоспалар  (50%-дан  аспайды)  бар,  ол  басқа  шӛгінді  кен 
жыныстарының  арасында  қабаттар  түрінде  кездеседі.  Кӛмір  үш 
генетикалық  топқа  бӛлінеді:   гумолиттер,   сапропелиттер,  
сапрогумолиттер.  Олардың  біріншісі  –  тек  жоғары  сатыдағы 
ӛсімдік  қалдықтарынан,  екіншісі  –  негізінен,  тӛменгі  сатыдағы 
ӛсімдік  қалдықтарынан,  ал  сапрогумолиттер  аралас  ӛсімдік 
қалдықтарынан  тұрады.  Химиялық  құрамының,  физикалық  және 
технологиялық қасиеттерінің ӛзгешеліктеріне қарай кӛмір мынадай 
негізгі  табиғи  түрлерге  ажыратылады:   қоңыр  кӛмір,   таскӛмір,  
антрацит.  Кӛмірдің  қасиеттері  оның  петрографиялық  құрамына, 
кӛмірлену  дәрежесіне  және  минералдық  микроқұрауыштардың 
мӛлшеріне  байланысты  болады.  Кӛмірдің  тығыздығы  0,92  –  1,7 
г/см
3
аралығында,  бұл  кӛрсеткіштің  мәні  күлділік  азайған  сайын 
тӛмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. 
Органикалық  массасының  элементтік  құрамы  кӛміртектің 
басымдылығымен  (қоңыр  кӛмірде  65%,  антрацитте  98%),  оттек 
(тиісінше  30-дан  1%-ға  дейін)  және  сутек  (6-дан  1%-ға  дейін) 
мӛлшерімен 
сипатталады. 
Кӛмірдің 
басты 
технологиялық 
кӛрсеткіштері  –  ұшпа  заттардың  шығымы,  біріккіштігі,  күлділігі. 
Кӛмір  –  бағалы  металлургиялық  және  химиялық  ӛнеркәсіп 
шикізаты,  отын  ретінде  кеңінен  пайдаланылады;  бітімі  қабатты, 
түйіршікті,  құрылымы  біртекті  және  жолақты;  түсі  қоңырдан  сұр 
қараға  дейін,  күңгірттен  металл  түске  дейін  жылтырайды.  Кӛмір 
кӛп  таралған пайдалы  қазба.  Қазақстанда  аса  ірі  кӛмір  кендері  
 Қарағанды,  Екібастұз кӛмір алаптарында орналасқан.  
КӚШКІН  –  таудың  құлама  беткейімен  тӛмен  қарай  орасан 
жылдамдықпен  сырғитын  қар  немесе  мұз  массасы.  Қар  Кӛшкіні 
қалың қар жаууының, қардың қарқынды еруінің, жаңбыр жауудың, 
тереңдік  қылаудың  борпылдақ  түзілімі  бар  қар  қабатының  қайта 
кристалдануының  әсерінен  беткейдегі  қар  беріктігі  бұзылғанда 
пайда  болады.  Жылжу  сипаты  бойынша  оны  жылжыма,  науалық 
және  секірмелі  Кӛшкіндер  деп  бӛледі.  Құрғақ  қардан  Кӛшкін 
жүрген  кезде,  оның  алдыңғы  жағында  жан-жаққа  тарап  үлгеретін 
ауа  толқыны  пайда  болады.  Қар  Кӛшкіндері  ӛзінің  бұрынғы 
тапталған  жолы  бойынша  жүреді,  кӛл.  2  млн.  м3-ге  дейін,  ал 
күшінің  соққысы  60  –  100  т/м3-ге  дейін  барады.  Кӛшкін  жиі 
болатын тауларда (Іле, Жетісу Алатаулары, т.б.) кӛшкіннен қорғау 
жүйелері  (қардан  қорғайтын  қалқандар,  қауіпті  беткейлерді 
артиллериямен  атқылау  және  т.б.)  құрылады,  орманды  кесуге 

тыйым салынады. Кӛшкін қауіпті беткейлерге ағаш отырғызылады. 
Мұз Кӛшкіндері, тік аспалы мұздықтардың опырылып, тӛмен қарай 
жылжуынан пайда болады. 
КРИСТАЛЛОГРАФИЯ (гр. krіstallos –  мұз, гр. grafo–  жазу)  –
 кристалдар   мен     кристалл   заттар  туралы  ғылым.  Ол   кристалл  
заттардың  құрамы  мен  құрылысын,  пішінін,  қасиеттерін,  олардың 
ӛзара  және  сыртқы  ортамен  байланысын  және  кристалдық  күйін 
зерттейді.   Геометриялық  Кристаллография   кристалл   заттардың  
симметриясын,  пішінін,  кеңістік  құрылысының  геометриялық  
заңдылықтарын 
зерттейді.  
Физикалық 
 Кристаллография 
кристалдардың қасиеттерін зерттейді.  Химиялық Кристаллография 
кристалл  заттарды  құрамымен  байланысты  қарастырады.  Қазіргі 
кезде  
химия  
және  
физика  
ғылымдары 
аралығындағы 
кристаллографияның  салалары  жеке  ілім  –   кристаллохимия,  
кристаллофизика   ретінде  қарқынды  дамуда.   Кристаллография  
жеке ғылым ретінде 17 ғасырдың ортасынан  дами бастады. Табиғи 
кристалдарды  зерттеу   кристалл   бұрыштарының  тұрақтылығы, 
жарықтыңкристалдарда   қосарлана  сынуы,  олардың  балқу  темп-
расының  тұрақтылығы  заңдарының  ашылуына  себепші  болды. 
Жарықтың  кристалл  заттар  арқылы  ӛтуін  зерттеу  кристалдардың 
анизотроптық   қасиеттерінің  заңдылықтарын  тұжырымдауға 
мүмкіндік  берді. Кристалдар  симметриясының  топтар  теориясы 
мен 
 тензорлық  
талдауы 
қазіргі 
Кристаллографияның 
математикалық  негізі  болып  саналды.  Кристалдардың  құрылысын 
зерттеуде   рентгенография,   электронография,   нейтронография,  
ядролық 
магниттік 
резонанс тәсілдер 
қолданылады.  
Кристаллография  
тәсілдерін  
белоктар  
мен  
нуклеин  
қышқылдарын 
зерттеуде 
қолдану  
молекулалық биологиян 
ыңдамуына  күшті  әсер  етті.  Кристалдардың  пайда  болуы  және 
олардың  ӛсу  ерекшеліктерін  зерттеу  Кристаллографияның  басты 
міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Мұнда  кристалдардың  ӛзін 
қоршаған  ортамен  ӛзара  әсерін,  атом-молекулалық  құрылымы  мен 
қасиеттерінің  
анизотроптығын  
ескере 
отырып, 
беттік 
құбылыстардың,  фазалық  ӛзгерулердің  заңдылықтарын  және 
термодинамикалық 
жалпы 
принциптері 
пайдаланылады.  
Кристалдардың   механикалық   және   акустикалық   әсерлерді,  
температураның   ӛзгеруін,  электр  тоғын, электрмагнит ӛзгерісін, 
түрлі 
сәулелердің 
әсерін 
сезгіштігі 
сияқты 
қасиеттері 
Кристаллографиялық  зерттеудің   радиотехникаға,  электроникаға,  

оптикаға,   акустикаға,  материал   ӛндеуге,    аспап    жасау  ісіне 
кеңінен  енуіне  мүмкіндік  берді.  Осыған  байланысты  жасанды  
кристалдар   алу  ӛндірісі  қарқынды  дамуда.  Кристаллография 
сұйық кристаллдармен полимерлердің құрылымы  мен  қасиеттерін 
зерттеуде де қолданылады. .  

 
Кристаллографиядағы  бағыттар   (Кристаллографическое 
направление)  —  берілген  крисаталлографиялық  жүйенің  басы 
арқылы бұрышпен ӛтетін сызық. 

 
Кристаллографиялық 
бағдар  
(Кристаллографическая 
ориентировка) 
—  тордағы  ұқсас  жазықтықтардың  және 
бағытгардың бағдары. 

 
Кристаллографиялық 
бағыт 
 (Направление 
кристаллографическое)  —  координатгы  жүйенің  басы  арқылы 
берілген кристаллографиялық жазықтыққа бұрышпен ӛтетін сызық. 

 
Кристаллографиялық 
жазықтық (Кристаллографическая 
плоскость) 
— 
кристаллографиялық 
индекстің 
кӛмегімен 
белгіленетін кристалдық  тордағы жазықтық. 

 
Кристаллографиялық 
жүйе 
 (Кристаллографическая 
система)  —  кристаллографиялық  жазықтық  пен  бағыттың 
жиынтығы. 

 
Кристаллографиялық  индекстер   (Кристаллографические 
индексы)  — кристалдық   тордағы  нүктелерді,  бағыттарды  және 
жазыктықтарды белгілейтін кристаллографиядағы индекстер. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет