ДРЕЙФ (нидер. drijven — жүзу) — 1) Кеменің су бетіндегі
бӛлігінін ӛз бағыты желісінен жел әсерінен шығуы. Кеменің басты
бағыты мен сол кездегі орын ауыстыруының арасындағы
бұрышпен сипатталады. Дрейф жолды есептеу кезінде ескеріледі.
2) Жел, толқын, ағынның әсерінен суда және ауада еркін жүзетін
объектілердің ыгуы (зәкірдегі немесе машиналары тоқтаған кеме
(зәкірі ұстамайды), жүзетін
мина,
теңіз
мұзы, аэростат, әуе
шары және т.б.)
E
ЕДІЛ (орыс. Волга) ӛзені - Еуропадағы ӛзен. Еділ, Волга (ежелгі
атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен ӛзен.
Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2.
Бастауын Валдайқыратынан
(абсолюттік
биіктігі
343
м)
алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м тӛмен
жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта
ағысында Ока, Кама, Сура, Ветлуга және Свияга салалары
құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі ӛзенге айналады. Ӛзен қар
суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен
толығады. Кӛктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста
суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды. Еділде
балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының
кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан,
кӛксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр. Ӛзенді электр
энергиясын ӛндіруге, кӛлік қатынасына, жер суаруға және
суландыруға пайдаланады. Ӛзен суы Еділ-Жайық аралығындағы
бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар
жерді суландыруға мүмкіндік береді. Ӛзенде кеме қатынайды.
Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон
каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады.
Аса маңызды ӛзен порттары:
Тверь, Рыбинск, Ярославль,
Кинешма, Нижний
Новгород,
Чебоксар,
Қазан,
Ульяновск, Тольятти, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан.
ЕЛДІ МЕКЕН – адамдардың тұрақты қонысы. Ол үй-жайлардың,
кәсіпорындардың, әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың
ғимараттар жиынтығынан тұрады және ӛзіне тән география атауы
(топонимі) болады. Елді мекендер қоршаған табиғи ортаның
әсеріне және әлеуметтік-экономикалык жағдайға байланысты
қалыптасады. Елді мекен кеңістіктік орналасуы (тығыз,
бытыраңқы),
халық
шаруашылық
қызметі,
мӛлшері
(тұрғындарының саны), әкімшілік мәртебесі және т.б. сипаттары
бойынша әр түрлі болып келеді. Кӛп жағдайда Елді мекен мен
ондағы құрылыстардың сәулеттік ерекшеліктеріне жергілікті
ұлттың мәдениеті мен дәстүрі әсер етеді. Қазақстанда Елді
мекендер бұл сипаттары бойынша ауыл, кент, қала болып негізгі
үш дәрежеге бӛлінеді. Ауылдық Елді мекенге, сондай-
ақ қыстақтар, балық, орман ш-тарының орталықтары, т.б. жатады.
Елді мекендер ӛзінің даму деңгейіне және әлеум. маңызының
ӛзгеруіне сәйкес үкіметтің шешімі бойынша бір дәрежеден екінші
дәрежеге кӛшіріліп отырады (мыс., ауылдық Елді мекеннің кентке,
кенттің қалаға немесе қаланың кентке, кенттің ауылға айналуы)
ЕНДІК —
жер
бетіндегі
нүктелердің
орнын
аныктайтын географиялық координаттардың бірі. Астрономиялық
ендік және геодезиялық ендік деп сараланады.
Астрономиялық ендік — жер бетінің мәлім нүктесіндегі тік сызық
бағытының
аспап
экваторының
жазықтығымен
түзетін
бұрыш;Жердің
айналу
осінің осы
нүкте
горизонтының
жазықтығымен түзетін бұрышқа тең болады. Пункттердің ендіктері
аспан шырақтарын және әрбір пунктті басқа пункттерден тәуелсіз
бақылау арқылы анықталады. Жер беті нүктесінің геодезиялық
ендігі — осы нүкте арқылы ӛтетін нормальдың референц-
эллипсоид бетіне оның экватор жазықтығымен құрылатын бұрыш.
Тек бір ғана пункттердің астрономиялық және геодезиялық
ендіктері тік сызықтардың осы пункттердегі референц-эллипсоидке
нормалдардан
ауытқуынан
бір-бірінен
ӛзгеше
болады.
Астрономиялық және геодезиялық ендіктер 0-ден 90°-қа дейін
ӛзгереді, Солтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "солтүстіктік"
немесе "оң", Оңтүстік жарты шардағы нүктелер үшін "оңтүстіктік"
немесе "теріс" деп аталады.
ЕРТІС (орыс. Иртыш) - Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан
ӛзен, Обь ӛзенінің сол жақ саласы. Қазақстан жерінде Шығыс
Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы
4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы
1643 мың км
2
. Бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен (Найрамдалы
тауынан)
алады. Зайсан
кӛлінедейінгі
бӛлігі
–
Қара
Ертіс, кӛлден тӛмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.
Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және
тӛменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.
Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың
солтүстік-батыс
баурайын,
Сарыарқаның
солтүстік-
шығысын,Ресей жерінде Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал
етегін қамтиды. Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын,
Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан
жинайды.
Кӛп
жерінде
тау
сілемдерін
тіле
терең шатқалдарқалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500
м-ге жетеді. Құлынды даласында ӛзеннің арнасы кеңейіп,
жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін)
қылқан жапырақты орманды, оң жағы кӛбіне қарағайлы
шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы
қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге
жетеді. Қазақстандық бӛлігіндегі басты салалары – Есіл, Тобыл,
Бұқтырма, Шаған, Үлбі, Шар, Күршім,
Үлкен
Бӛкен, Қалжыр,
Нарын, Алқабек, Ұлан,Қайыңды; Ресей аумағындағы салалары –
Вагай, Конда, Омь, Тара, Демьянка. Жылдық ағынын реттеу және
электр энергиясын алу үшін ӛзен бойында Бұқтырма, Ӛскемен,
Шүлбі
бӛгендері
салынған. Сарыарқа аймағындағы
табиғи
қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған.
Кӛліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық).
Басты кемежайлары: Ӛскемен,Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Хан
ты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Ӛскемен су электр станциясы
(СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шульба СЭС-і
бӛгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық
ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр
энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстандысумен
қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды
каналын қоректендіруге (75 м
3
/с су алынады) пайдаланылады.
Ертіс сүйрік, сылан, бекіре,
шортан, алабүға, елең және
т.б.
балықтарға бай. Сазан, табан, кӛксерке және байқал омулі
жерсіндірілген.
ЕУРАЗИЯ — Жер шарындағы ең үлкен құрлық. Ауданы 53,4 млн.
км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы
аралдар. Еуразия екі дүние бӛлігінен — Еуропа менАзиядан тұрады
(аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал
тауының шығыс етегі, Жем ӛзені, Каспий теңізініңсолтүстік-
жағалауы, Кума және Маныч ӛзендерінің аңғарын бойлап Донның
сағасына ӛтеді. Одан әрі шекара Азов және Қара теңіздер, Босфор
бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта
теңізіне шығады. Біртұтас құрлықты Еуропа және Азия дүние
бӛліктеріне бӛлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі
түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі
(77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында
Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.)
Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың
км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан
біршама қашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және
Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары
оңтүстік жарты шарға ӛтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант
мұхитындағы Азор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия —
барлық мұхиттармен (Атлант, Солтүстік Мұзды, Үнді, Тынық)
және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен
теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік
шеттерін кӛбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына
байланысты құрлықтың ішкі бӛліктері теңіздер мен мұхиттардан
мыңдаған км қашықта орналасқан.
ЕУРОПА — (гр. Europa, семит тілінің ―эреб‖ — ―батыс‖ сӛзінен
шыққан, Ежелгі ГрекиядаЭгей теңізінің батысындағы жерлер
осылай аталған) — Еуразия құрлығының батысын алып жатқан
дүние бӛлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем
бӛлшегі. Аумағы 10 млн. км
2
жуық, халқы 826 млн. адам
(2000, Ресейді қоспағанда). Азиямен арадағы шекарасы шартты
түрде
алынған.
Ол
құрлықта Орал
тауы, Жем ӛзенін
бойлайКаспий теңізіне дейін, одан әрі Кума және Маныч ӛзендері
бойымен Донның сағасына жетіп, Азов, Қара теңіздерге ұласады.
Одан арғы шекарасы Босфор бұғазы, Мәрмәр теңізі, Дарданелл
бұғазы
арқылы
ӛтеді.
Еуропа
солтүстігінде Солтүстік
Мұзды мұхитпен және оның Кара, Баренц, Ақ, Норвег теңіздерімен,
батысы
мен
оңтүстігінде
Атлант
мұхитымен
және
оның Балтық (Балт) пен Солтүстік теңізі, Ирланд, Жерорта
теңіздері мен қоршалған. Оңтүстік-шығысында тұйық Каспий теңізі
орналасқан. Дүние бӛлігінің құрлықтағы қиыр шеттері:
солтүстігінде — Нордкин мүйісі (71°08′ с. е.), оңтүстігінде —
Марроки мүйісі (36° с. е.), батысында — Рока мүйісі (9°31′ б.б.),
шығысында — Байдарацк кірмесіне таяу Полюстік Оралдың шығыс
жақ етегі (67°20′ ш. б.). Еуропаға кіретін аралдар мен
топаралдардың жалпы аумағы 730 мың км
2
. Ірілері: Жаңа Жер
аралы, Франц-Иосиф жері, Шпицберген, Исландия, Британия,
Ирландия, Корсика, Сардиния, Сицилия, Крит, т.б. Еуропаның
жағалаулары (жалпы ұзындығы 38 мың км) қатты тілімденген.
Түбектер Еуропа аумағының 1/4-ін құрайды. Олар: Пиреней,
Апеннин,
Балқан, Скандинавия, Кола, Ютландия және
Қырым
түбектері. Жағрапиялық ортасының координаттары: 47°56′18″ N
24°11′18″ Eуропа Су шекарасы Атлант және Арктика мұхиттары
және
олардың теңіздерімен шектеседі.
Аралдардың
аумағы
шамамен 730 мың км. Орташа биіктігі 300 м, ең жоғарғы нүкте —
5642 м. (Мәнгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағының кӛбі —
жазықтық (ірілері - Шығыс Еуропа, Орта Еуропа, Орта және
Тӛменгі Дунай, Париж бассейні), таулары — жер аумағының 17 %-
ын алып жатыр (бастылары - Альпілар, Карпаттар, Пиренейлер,
Апенниндер,
Орал таулары, Скандинав таулары, Балқан
түбегі таулары). Сӛнбеген жанартаулар Исландияда және Жерорта
теңізінің аумағында орналасқан. Аумақтың кӛбінде қоңыржай
климат (батыста — мұхиттік, шығыста — қарлы және салқын
қысты континенталды), солтүстік аралдарда — субарктикалық
және арктикалық, Оңтүстік Еуропада — жерорталық. Арктика
аралдарында, Исландияда, Скандинав және Альп тауларында —
мұз басу (оледенение) (аумағы 116 мың км
2
. Негізгі
ӛзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік
Двина,
Дунай,
Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі кӛлдері:
Ладога,
Онега,
Чуд,
Венерн,
Балатон,
Женева.
Арктика аралдарында
және Арктика
мұхитыжағалауында
–
арктикалық шӛлдер және тундралар, оңтүстікке қарай — орманды
тундралар, тайгалы, аралас және қалыңжапырақтыормандар,
орманды далалар, далалар, субтропиктік жерорта ормандары
және бұталар; оңтүстік-шығыста — шӛлейттер.
Ж
ЖАЗ – жылдың тӛрт мезгілінің бірі. Бұл кезде Жер шары ӛз
орбитасының жазғы күн тоқырау нүктесінен күн мен түннің күзгі
теңелу нүктесіне дейінгі аралығында болады. Астрономиялық
тұрғыдан жаз 93 күнге (23. 6. – 23. 9) созылады. Әдетте, Жер
шарының солтүстік жартысында маусым, шілде және тамыз жаз
айлары болып есептеледі. Жаз — жан-жануарлардың тіршілігіне
жайлы, шаруашылыққа қолайлы кез. Жазда табиғат жадырап, күн
ұзақ және жылы болады. Мал семіреді, егін бойлап ӛседі, ауыл
шаруашылық, құрылыс, тасымал, т.б. жұмыстары қауырт
жүргізіледі. Қазақстан жерінің жазғы сипаты біркелкі емес; ауа
райы жаз айларында оңтүстік облыстарда ыстық, солтүстік
облыстарда қоңыржай жылы болып келеді. Бұл жайт
шаруашылыққа да әсер етеді. Кейде, күнделікті тұрмыста, кӛктем
мен күздің жылы кезеңдерін қосып, жазды 6 ай деп есептейді.
Алайда ауа райы бойыншаҚазақстанның оңтүстік облыстарының
жазы 6 айдан артық, солтүстік облыстарының жазы 6 айдан кем
болып отырады. Жаз әр аумақтағы ауа температурасы едәуір
жоғары болатын жыл уақыты, климат маусымы. Астроиомиялық
ұғым бойынша жазғыКүн тоқырауынан күзгі күн мен түннің
теңесуіне (Солтүстік жарты шарда 21-22 маусымнан 23 қыркүйекке
дейін, Оңтүстік жарты шарда 21—22 желтоқсаннан 20—21
наурызға дейін) дейінгі уақыт аралығы; Солтүстік жарты шарда -
маусым, шілде, тамызды, Оңтүстік жарты шарда - желтоқсан,
каңтар, ақпанды жазғы айлар деп атайды. Жаздың ұзақтығы
климаттық және фенологиялық маусым ретінде тӛменгі
ендіктерден жоғары ендіктерге қарай қысқарады. Экваторлық
белдеуде Жаз үздіксіз жыл бойына созылады. Субтропиктік
белдеулерде Жаз 5 айға, қоңыржай белдеулерде 3 айға созылады,
полюстік ендіктерде 1—2 айдан аспайды.
ЖАЗЫҚ — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің
үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы. Мұнда кӛршілес
орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы ӛте аз болады. Жазық
ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның кӛпшілігі бір
жағына қарай сәл еңістеу келеді. Жазық— салыстырмалы биіктігі
бірдей және геол. құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер
шары бедерінің басты бӛліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит
пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі
биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс.
биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен тӛмен жататын),
ойпатты (абс. биікт. 200 м-ге дейін), қыратты (абс. биікт. 200-ден
500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абс. биікт. 500 м-ден жоғары)
болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс,
дӛңес Ж. деп бӛледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-
қырлы, жонды-тӛбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай
Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық
түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде
құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз
шӛгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің тӛмен
түскен тұстарына аллювийлік, кӛлдік, желдік, флювиогляциялық,
т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан
құралады. Жанартаулық Ж. базальтті лавалардың жойылуы
нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда
болады. Денудациялық Ж. тау жыныстарының үгітіліп немесе су
эрозиясына шалынып тегістелуінен құралады. Денудациялық Ж-
тарда бұрынғы таулардың жұрнақтары жиі кездеседі (мыс., ұсақ
шоқылы Сарыарқа жазығы). Ж. құрлықтардың 15 — 20%-ін алып
жатыр. Жер бетіндегі ірі Ж-тар — Амазона, Шығ. Еуропа, Бат.
Сібір және ӛлы Қытай жазығы. Олардың әрқайсысының аумақтары
бірнеше млн. км2-ді құрайды. Жазық пайда болуы жӛнінде
мынадай түрлерге бӛлінеді:
1.
байырғы немесе бастапқы;
2.
аккумулятивті немесе үйінді:
1.
аллювиалды
2.
кӛлдік — тӛмен түскен кӛлдің орнында
3.
желдік — желдің үрлеуінен;
3.
флювиогляциальдық
(мұздық-ӛзендік),
кӛбінесе
мұздың
ӛзендердің ысырынды конусынан пайда болады
4.
вулкандық (лавалық) үстірт
5.
қалдық жазық.
Қазақстандағы ірі жазықтар: Ертіс, Есіл, Тобыл, Тұран.
ЖАЗЫҚТАР — жер шары бедерінің маңызды элементтерінің бірі;
біршама тегіс бетінің үлкен атырабын алып жатқан, биіктік
айырмасы ӛте аз (200 м-ден аспайтын), сол еңістеу келеді.
Жазықтар басым кӛпшілігінде ежелгі жас платформада жайғасады.
Құрлықтың әр түрлі биіктігінде, сонымен қатар мұхит пен теңіз
түптерінде (су асты жазықтары, соның ішінде, абиссальдық
жазықтар) болатын жазықтар. Құрлықта ойпатты жазықтар (0—200
м), мысалы, Каспий маңы, Амазонка, Батыс Сібір, Үнді-Ганг
жазықтары; қыратты жазықтар (200—500 м), мысалы, Үстірт
жазығы және 500 м-ден жоғары жазықтар деп ажыратылады.
Орогендік атыраптарда бір жағына қарай сол еңістеу (тау алды
жазығы) немесе ойысты (тау аралық жазықтар) болып
келеді. Морфология жағынан тегіс, сатылы, белесті, жонды, жонды-
тӛбелі болады. Экзогендік бедер түзуші процестерге байланысты
денудациялық (тұғырлы немесе қабатты) және аккумуляциялық
(аллювийлік, кӛлдік, мұздықтық, пролювийлік, эолдық, тағы басқа)
жазықтарға бӛлінеді. Жазықтар жалпы жер бетінің 15—20%-ын
алып жатыр.
ЖАЙЫҚ – Ресей Федерациясы (Челябі, Орынбор облыстары) мен
Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары)
жеріндегі ӛзен. Оңтүстік Орал тауы және Каспий ойпаты, Ресей
Федерациясының
Башқортостан
Республикасы,
Челябі,
Орынбор және Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау облыстары
жерінен ағып, Атырау қаласы тұсында Каспий теңізіне құяды.
Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237
мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Орал тау
жотасынан басталып, жоғарғы бӛлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс
беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан
тӛмен
қарай
жазықпен
ағады. Магнитогорск
металлургия
комбинатынсумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бӛген
салынған. Бӛгеннен тӛмен қарай ӛзеннің жағасы жарқабақ,
арнасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орскқаласына дейінгі
бӛлігінде Жайыққа оң жағынан Таналық, сол жағынан Орсалалары
құяды. Орск қаласынан тӛменде ӛзен батысқа бұрылып, Губерли
шатқалымен (ұзындығы 45 км) ӛтеді. Жазық даламен ағатын
тұсында сол жағынанЕлек ӛзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші
Қызыл, Үлкен Қызыл, Сакмар, Таналық, Шаған; сол жағынан
Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор,
Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан тӛменгі бӛлігінде
Жайықтың аңғары тағы да кеңейіп, жайылмасы тармақталады.
Қаладан ӛткеннен кейін ӛзенге Кӛшім бӛгені салынып, Жайық-
Кӛшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық кӛбіне қар
суымен (80%) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында
арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін
жайылады. Ӛзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта,
тӛменгі бӛлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі тӛменгі
бӛлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бӛлігінде сәуірдің
ортасына
дейін
созылады.
Ӛзеннен
бекіре,
шоқыр,
майшабақ, кӛксерке, Каспий қаракӛзі, табан балық, сазан, жайын
ауланады. Жайықтың бойында орналасқан Ресей қалалары:
Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор,
Қазақстан қалалары: Орал (кеме қатынасы басталатын жер),
Атырау. Еуропа мен Азияныңшартты шекарасы Жайық ӛзені
бойымен ӛтеді
ЖАНАРТАУ, ВУЛКАН (лат. vulcanus –
от,
жалын
деген
мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от
құдайы ұғымынан шыққан. ) – Жер қабатының тереңдегі
жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған
тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.
Жанартау — тӛбесінде шұңқырға ұқсас кратері не ойысы бар,
кӛбінесе конус немесе күмбезтәріздес болып келетін геологиялық
түзілім.
Ол
терендік
магмалық
ошақтардан
жер
бетінелавалар, ыстық
газдар мен булар,
сондай-ақ
тау
жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы
каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Атқылау
каналдарының пішініне сәйкес жанартауларды орталық және
жарықтық деп бӛледі. Мұның екеуі де әрекетті, тыныштанған
және сӛнген болуы мүмкін. Жанартаулық атқылаудың типі,
магманың мӛлшері мен құрамы жанартаудың пішіні мен биіктігін
анықтайды. Оның ең кӛп тараған типтері: конус тәріздес
жанартау (атқыламасында сынық материалдар басым кезінде),
күмбез тәріздес жанартау (тұтқыр лаваның сығымдалуы кезінде)
және кӛлбеу қалқан тәріздес жанартау (сұйық лава аққан кезде).
Жанартаудың бір рет қана атқылауы кезінде пайда болған
түзілімді моногендік жанартау, бірнеше рет атқылаудан пайда
болған түзілімді полигендік жанартау деп атайды. Жанартау
жылына жер бетіне 5 – 6 км3 жанартаулық материалдар шығарады,
оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы
жанартауларға тиесілі.
ЖАНАРТАУ ТҤРЛЕРІ - су асты жанартауы 3 – 4 км
тереңдіктегілавалық жарықтардан тыныш күйде шығып жатады,
бірақ оларды тікелей бақылау мүмкін емес. Жер үсті жанартаулары
атпа ӛнімдерінен құралады, ол орталық кратері бар конус пішінді
тау түрінде болады. Сӛнбеген жанартаулардың ең жоғары
салыстырмалы биіктігі – мұхиттарда 9 км, аралдарда 6 км, таулы
ӛңірлерде 3 км-ге жетеді. Жердегі сӛнбеген жанартаулардың
орташа биіктігі 1750 м, кӛлемі 85 км3. Жанартаулар сӛнбеген,
потенциалды сӛнбеген, шартты түрде сӛнген және сӛнген болып
жіктеледі. Сӛнбеген жанартауға соңғы 3500 жылғы тарихи кезеңде
атқылаған не ыстық газдар мен су шығарған жанартаулар жатады,
олардың жалпы саны 947 (2008). Потенциалды сӛнбеген
жанартауға 3500 – 13500 ж. ішінде байқалған голоцен дәуірінің
жанартаулары жатады, олардың саны 1343. Голоцен дәуірінде
ешқандай әрекет кӛрсетпеген, бірақ ӛзінің сыртқы пішінін сақтап
қалған
жанартаулар
шартты
сӛнген
жанартауларға
жатады. Эрозияға шалынған, жартылай үгіліп, бүлінген және
кейінгі 100 мың жылдан астам уақытта ешқандай әрекет жасамаған
жанартаулар сӛнген жанартау деп аталады. Жанартау шығу
жолдарына байланысты орталық және жарықшақты болып
бӛлінеді. Магманың шығу тереңдігіне қарай жанартау мантиялық
(30 – 70 км және одан да терең), қыртыстық (5 – 45 км) және аралас
болып бӛлінеді. Бірінші жағдайда базальт жынысы, екінші
жағдайда басым кӛпшілігі андезит, дацит, липарит тау жыныстары,
үшіншісінде барлық жанартаулық тау жыныстары шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |