Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет17/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

ҚАРАҚҦМ
 
 – Іле ӛзенінің  оң  жағалауындағы  құмды  алқап. 
Қытаймен  шекаралас  орналасқан.  Алматы  облысы, Панфилов 
ауданыжерінде.  Абсолюттік  биіктігі  540  –  880  м.  Оңтүстіктен 
солтүстікке  50  км-ге  созылып  жатыр.  Ені  34  км-ге  жетеді. 
Қарақұмның  батысында  Бурақожыр   (Борохудзир),  шығысында  
Қорғас ӛзендері,  солтүстігінде Тоқсанбай  жотасы,  оңтүстігінде  Іле 
ӛзені аңғары жатыр. ҚұмҮсек (Ӛсек), Бурақожыр, Қорғас және Іле 
ӛзендері  алып  келген  аллювий  жыныстарынан  пайда  болған. 
Тӛбелі, қырқалы құмдардың биіктігі 20 – 25 м-ге жетеді. Мұнда ақ 
сексеуіл, жүзгін,  жыңғыл,  етегінде  тораңғы  ӛседі.  Шағын  кӛлдер 
кездеседі. 
ҚАРАТАУ –  Еуразияның  түркі  тілдес  халықтар  қоныстанған 
аймақтарындағы  биіктігі  орташа  және  аласа  тау  жоталары. 
Алатаумен  салыстырғанда  Қаратауда  жаз  айларында  қар 
жымылғысы  болмайды,  сондықтан  осылай  аталады.  Қаратаудан 
шағын  ӛзендер  ғана  бастау  алып,  тау  алды  жазықтарында  құмға 
сіңіп кетеді. Мұндай таулардың беткейлері тасты, қорымды келеді. 
Қаратау атауы Орталық Азияда, Оңтүстік Оралда, т.б. түркі тілдес 
елдер аумағында (Түркия,  Иран,  Шыңжаң автономиялық ауданы,  
Кавказ,   Қырым,  т.б.)  жиі  кездеседі.  Қазақстанда Қаратау  жотасы 

 деген  атау  (Оңтүстік  Қазақстан,   Жамбыл   және   Қызылорда 
 облыстары  аумағында),  Қаратау  таулары  (Маңғыстауда),  Кетпен 
(Ұзынқора)  жотасында  да  кездеседі.  Қаратау  атауы  —  қазақтың 
тарихымен, 
ұлттық 
болмысымен 
біте 
қайнасып 
кеткен 
аномастикалық  нысан,  халқымыздың  баспанасы,  қарашаңырағы 
іспеттес  рәмізге  ие.  1723  жылғы  ―Ақтабан  шұбырынды,  Алқакӛл 
сұлама‖  тауқыметін  суреттейтін,  ӛз  кезінде  нағыз  ұлттық  гимнге 
айналған  ―Елім-ай‖  жырындағы  ―Қаратаудың  басынан  кӛш 
келеді...‖  деп  әспеттелетін  мәртебелі  тау  осы.  ―Басында  Нұх 
пайғамбардың кемесі қалған‖ Қазығұрт тауы да — Қаратаудың бір 
сілемі. 
ҚАТПАРЛЫҚ —  жер  қабығының  әрбір  бӛлігіндегі   қатпарлар  
жиынтығы.  Қатпарлық  деп  қатпар  құрылу  процесін  де  атайды. 
Формалары  жағынан  оны  сызықты,  үзілмелі  және  аралық  деп  үш 
типке  бӛледі.  Сызықты  қатпарлық  түгелімен  геосинклиналды 
аймақтарға  тән  болып  келеді  де,  тұтасып  жатады;  үзілмелі 
қатпардың  платформалы  аудандарға  тән  де, күмбез тәріздес  болып 
шашыранды  түрінде  кездеседі;  ал  аралық  қатпарлық  қырқа  тәрізді 
болады.  Әрбір  геологиялық  дәуірлердегі  қатпарлар  жасына  қарай 
кембрийге  дейінгі,каледондық, герциндік, яньшандық,  альпылық 
қатпарлық  болып  бӛлінеді.  Бірақ  сыртқы  күштердің  әсерінен 
қатпарлар бұзылып және тегістеліп кетеді де, алғашқы формасы тек 
кейбір  қатты  жыныстардан  тұратын  бӛліктерінде  ғана  сақталып 
қалады.  Қазіргі  таулардың,  оның  ішінде  қатпарлы  және 
қатпарлыжақпарлы  таулардың  пішіндері  қатпар  құрылудан  емес, 
кейінгі  уақыттағы  алапты  кӛтерілу  мен  жақпарлы  кӛтерілуден 
пайда болды. 
ҚАТТЫ  ЫСТЫҚ –  қоршаған  ауаның  орташа  плюстік  
температурасының   бірнеше  күн  бойы  10  және  одан  да  астам 
градусқа  артық  болуын  айтады.  Мұның  қауіптілігі  адамның 
шамадан  тыс  ыстықтауы  яғни  оның  денесінің  температурасы 
37,1°С  жоғары  болуы  немесе  дене  қызуы  бұзылып,  38,8°С  жетеді. 
Ұзақ  уақыт  және  қатты  ыстық  болуы  ыстық  ӛтуіне  немесе  жүрек 
қызметінің  бұзылуына  әкеліп  соғады.  Ыстық  ӛтудің  белгілері: 
терінің қызаруы, таңдайдың кебуі, қатты шӛлдеу. Бұдан ары қарай 
адам есінен танып, жүрегі немесе тыныс алуы тоқтауы ықтимал. 
ҚИҒАШ 
ПРОЕКЦИЯ (Косая 
проекция
— 
бұйымның 
 жазықтыққа   түзулер   конгруэнциясының   кӛмегімен  салынған 
кескіні.   Конгруэнция  (лат.  congruentia  —  сӛйкестілік)  деп 

сызықтардың екі параметрлік жиынын айтады. Қиғаш проекцияны 
кӛбінесе екі айқас түзуді пайдаланып тұрғызады. Берілген нүктенің 
қиғаш  проекциясы  осы  нүкте  арқылы  ӛтетін  жене  конгруэнцияны 
анықтайтын  айқас  екі  түзумен  қиылысатын  жалғыз  түзудің 
проекциялар жазықтығымен қиылысу нүктесі болады. 
ҚОҢЫРЖАЙ  БЕЛДЕУ,   қоңыржай  ендік,  орта  ендік,  
климатологияда – Жер шарының 40с және 65с солтүстік ендік және 
42с пен 58с оңтүстік ендік (солтүстік және оңтүстік жарты шардың 
субтропиктік 
және 
субполюстік 
ендіктері 
аралығында) 
аралығындағы  шартты  түрде  алынған  орта  ендіктер;  Солтүстік 
және  Оңтүстік  жарты  шарлардағы  субтропиктік  және  субполюстік 
ендіктердің  арасында  орналасқан  зоналардың  шартты  атауы. 
Қоңыржай  ендік климатындаауыспалы маусым (кӛктем, күз)  айқын 
байқалады.  Жалпы аумағы 132 миллион км
2
-ге  шамалас  (Жер  беті 
аумағының  1/4  бӛлігі).  Солт.  жарты  шардағы  қоңыржай  белдеудің 
55%-ы  құрлық,  қалғаны мұхит;  оңтүстік  жарты  шарда  оның  98%-
ы теңіз.  Температуралық  жағдай  мен  ылғалдың  молдығы 
орман ағаштарының ӛсуіне  қолайлы  болса,  қысының  қатаңдығы 
мәңгі  жасыл жапырақты ағаштың  ӛсуіне  мүмкіндік  бермейді  және 
ішкі  ӛңірлердегі  ылғалдың  жетіспеуі,  онда  ормансыз  аридтік 
ландшафтың  қалыптасуына  қолайлы  әсер  етеді.  Қоңыржай 
белдеудің  құрлық  бӛлігінде  аралас  орман,  жалпақ  жапырақты 
орман,  орманды  дала, шӛлейт, шӛл белдемдері  қалыптасқан. 
Белдеудің басым бӛлігі егіншілікке жарамды.Қазақстанның барлық 
аумағы дерлік қоңыржай белдеу аймағына жатады. 
ҚОРШАҒАН  ОРТА –  адамзат  қоғамы  ӛмір  сүретін  табиғи 
және антропогендік  орта;  адамдар  мен  олардың  шаруашылығына 
бірлесе  және  тікелей  әсер  ететін   биоталық,   абиоталық   және  
антропогендік орталардың  жиынтығы;  адамдар,  жануарлар  немесе 
объектілер  тіршілік  ететін  немесе  әрекет  ететін  орта  немесе 
контекст.  Қоршаған  орта  мәселелерімен  шұғылданатын  бірнеше 
халықаралық ұйымдар құрылған. 
Олар: 

 
Қоршаған  орта  жӛніндегі  ғылыми  к-ті  (СКОПЕ,  1969  жылы 
құрылған), 

 
Қоршаған  орта  жӛніндегі  мониторингінің  жаһандық  жүйесі 
(1970), 

 
Қоршаған  орта  мен  даму  жӛніндегі  халықараралық  ин-т 
(1971), 


 
Қоршаған  орта  мен  даму  жӛніндегі  бүкіл  дүниежүзілік 
комиссия (1983), 

 
Қоршаған  орта  жӛніндегі  халықараралық  ақпараттық  жүйе 
(ИНФОТЕРРА, 1997), т.б. 
Бұлардан  басқа  әр  құрлықта  Қоршаған  орта  жӛніндегі  алуан  түрлі 
ғылыми-зерттеулер  мекемелері,  к-ттер,  жүйелер,  комиссиялар  мен 
ин-ттар құрылған.  
ҚУМА  ТОЛҚЫН  (БЕГУЩАЯ  ВОЛНА) —  желі  бойымен 
жүктемеге  қарай   энергия тасымалдайтын  толқын.  Фидердің 
толқындық  кедергісі  антеннаның  кіріс  кедергісімен  үйлескен 
жағдайдарадиотаратқыш фидерге  беретін  энергия  қума  толқын 
арқылы антеннаға толығымен беріледі. 
ҚУМА  ТОЛҚЫН  АНТЕННАСЫ  (Антенна  бегущей  волны) — 
геометриялық осі бойынша қума толқын таралатын (қабылданатын) 
антенналар. 
Мұндай 
антенналар 
қатарына 
"толқындық 
канал", спиральдық 
антенна, диэлектрлік 
антенна, Бевереджа 
антеннасы, ромбалық  антенна,  т.б.  антенналар  жатады.  Кӛбіне 
барлық 
толқындағы 
радиоқабылдағыш 
құрылғыларда 
қолданылады. 
ҚУМА  ТОЛҚЫН  ШАМЫ  (Лампа  бегущей  волны) —  жұмыс 
істеу  принципі  бір  бағытта  қозғалатын  электромагниггік  толқын 
мен 
электрон 
аңынының 
ӛзара 
ӛрекетіне 
негізделген 
электровакуумдық  құрал.  Аса  жоғары  жиілікті  тербелістердің 
күшейткіші ретінде қолданылады. 
ҚҦДЫҚ –  жерасты  суларын,  мұнайларды,  басқа  да  сұйықтарды 
ӛндіру,  жер  бетінен  атмосфералық  және  беткейлік  су  ларды 
аластау,  топырақты  құрғату,  немесе  жерасты  суларының  режімін 
зерттеу  мақсатыңда  әдейі  қазылатын  қазынды.  Қолданылуына 
қарай  құдықтар грунт, артезиан, кәріздеу жәнебақылау болып  4 
түрге  бӛлінеді.  Құдықтар  қазылу  әдістеріне  қарай  шахталы 
(шегенді)  және  құбырлы  деп  аталады,  гидротехникалық  құрылыс. 
Елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету және жер суландыру үшін 
пайдаланылады. Археологиялық зерттеулерге қарағанда құдық қола 
дәуірінде  қазыла  бастаған.  Мысалы,  Солтүстік  Қазақстандағы  
Шағалалы   қонысынан  қазылған  құдықтар  анықталған.  Дәстүрлі 
қазақ қоғамында табиғи су кӛздері жоқ шӛл және шӛлейтӛңірлерде 
құдық  кӛптеп  қазылды.  Сонымен  қатар  құдық  мұнай,  т.б. 
сұйықтарды  ӛндіру,  жер  бетінен  атмосфералық  және  беткей 

суларды  аластау  (топырақты  кептіру)  және  жер  асты  суларының 
режимін зерттеу мақсатымен де қазылады.  

 
Шахталы құдықтар тереңдігі 30 – 40 м, ал диаметрі 0,8 – 1,5 
м  болатын  дӛңгелек  не  шаршы  пішінді  шахта  түрінде  қазылады. 
Кейбір  шахталы  құдықтардың  тереңдігі  100  м-ге  (Маңғыстау 
облысында), кейде 300 м-ге жетеді. Ол жер бетіне жақын жататын 
грунт  суымен  елді  мекендерді  және  мал  жайылымдарын 
қамтамасыз  ету  үшін  пайдаланылады.  Олардан  тәулігіне  100  м3 
және одан да артық су алуға болады. 

 
Құбырлы  құдықтар бұрғылау  ұңғымасы  тәрізді.  Олардың 
тереңдігі 800 м-ге жетеді. Алматы облысында тереңдігі 250 – 300 м-
лік құбырлы құдықтар бар. 
ҚҦЙЫН, атмосферадағы құйын  –  диаметрі  ондаған  метрден  (су 
айдынында)  жүздеген,  мыңдаған  километрге  дейін  (құрлықта) 
жететін  қандай  да  бір ось бойынша  жүретін  ауаның  айналмалы 
қозғалысы;  ауаның жер  бетінен топырақты,  қарды  немесе  суды 
дӛңгелете  кӛтеріп,  екпінді  қозғалуы.  Ол  кӛтерілген  кезде  жылжып 
бара  жатқан  биік  бағанаға  ұқсайды.  Құйын  10  –  20  м/с 
жылдамдықпен  жылжиды.  Ондағы  дӛңгелене  ескен  желдің 
жылдамдығы  50  –  100  м/с-қа  жетеді.  Құйын  қатты  қызғандықтан 
жоғары  қарай  тез  кӛтерілген  ыстық  ауаның  ӛз  жолындағы  салқын 
қабатпен  (кӛбіне  жаңбырлы  будақ  бұлтпен)  кездескен  жерінде 
құралған тӛмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының 
орталық  бӛлігінде  ауа  қысымының  тӛмендігінен  Жер  бетінен 
бұлтқа  қарай сорылу  процесі жүреді.  Бірнеше  құйын  қосылып  аса 
күшті 
дауылға 
айналатын 
кездер 
болады. 
Шағын 
құйындар Қазақстанның шӛлейтті  құмды  ӛңірлерінде  жиірек 
байқалады. 
Құйынның 
мысалына тромб, торнадо, циклон, қара 
дауыл, т.б. жатады. 
ҚҦРҒАҚШЫЛЫҚ -  ыстық  күнде, ауаның ылғалдылығы тӛмен 
болған  кезде  жауын-шашынның  ұзақ  уақыт  және  елеулі  түрде 
жетіспеушілігі. 
ҚҦРЛЫҚ, материк, континент — жер  қабығының дүниежүзүзілік 
мұхит   деңгейінен    кӛтеріңкі  ірі  бӛлігі.  Оның  шеткі  аймақтары 
мұхит  деңгейінен  тӛменде  жатыр  (қ.Құрлықтық  беткей). 
Құрлықтың  жалпы  аумағы 149,1  млн.  км2 немесе  жалпы  жер 
шарының 29,2%-ын  алады.  Солтүстік  жарты  шардың  39%-ын, 
оңтүстік  жарты  шардың  19%-ын  құрайды.  Қазіргі  геологиялық 
дәуірде  ол  6  континенттен  —Австралия,   Антарктида,   Африка,  

Еуразия,   Оңтүстік  Америка және Солтүстік  Америкадан тұрады. 
Құрлықтың  36%-ы  таулы,  64%-ы  жазық.  Құрлық  астындағы  жер 
қабығының  қалыңдығы  25-тен  75  км-ге  дейін  жетеді.  Ішкі 
континенттік  және  шеткі  континенттік  құрылымдардан  тұрады. 
Біріншісіне кӛне және жас платформаларда дамыған жазық ӛңірлер 
және геосинклиналдық  қатпарлы  облыстарда пайда  болған  таулы 
құрылымдар жатады. Екінші типтік құрылымдарға континенттердің 
су  астындағы  тегістелген  жалғасы  (қайраң,беткей),  пассивті  жиегі 
(атланттық)  және  кезектесе  орналасқан  қайраңдық,  беткей, 
терең қазаншұңқырлар, шұңғымалар, 
мұхиттың 
қарқынды 
дамыған аралдоғаларының  (Тынық  мұхиттың)  шеткі  аймақтары 
жатады. Құрлықтар ұзақ уақытты қамтитын эволюциялық дамудың 
нәтижесінде  пайда  болған  гетерогенді  дене  саналады,  ол фиксизм 
теориясы бойынша геосинклиналдардың дамуы барысында ертедегі 
ядролардың  бірігіп  ұлғаюы  нәтижесінде  пайда  болған.Мобилизм 
теориясы бойынша, қазіргі құрлықтар бір уақыттарда  бүтін болған 
Пангея  континенті   бӛлшектеніп,  алдымен   Лавразияға     және  
Гондванаға   бӛлінген.  Құрлықтардың  нобайы  мұхиттардың 
ашылуынан  және   литосфералық  плиталардың   соқтығысуынан 
ӛзгеріп отырған. 
ҚАЗАНШҦҢҚЫР құрлық бетіндегі, мұхит-теңіз түбіндегі  пішіні 
дӛңгелек  не  аздап  созылыңқы  келген ойыс.  Қазаншұңқыр  тұйық 
немесе  бір  жағынан,  ӛзен  арнасында  орналасса  екі  жағынан  ашық 
болып  келеді. Жер бетіндегі  Қазаншұңқырдың  мӛлшері  бірнеше 
км-ден  жүздеген км-ге жетеді  (мысалы, тауаралық  Қазаншұңқыр). 
Қазаншұңқырлар пайда болу және геологиялық құрылысы жағынан 
тектоникалық,  жанартаулық  мысалы, кальдералар(испанша  caldera 
– үлкен  қазан), эрозиялық, мұздық, карстық;  құрылымы  жағынан 
тегіс  табанды,  ыдыс  тәрізді,  т.б.  бӛлінеді;  сумен  толығуына  қарай 
ағып  ӛтетін,  ағынды,  ағынсыз  (құрғақшылық  аймақтарда)  болып 
ажыратылады. Су асты  Қазаншұңқырлары  жүздеген,  мыңдаған  км-
ге созылады. Олар теңіз, мұхит табаны бедерінің ірі бұрыс пішінін 
құрайды (мысалы, Тынық мұхиттағы Оңтүстік Қазаншұңқыр, т.б.). 
Қазаншұңқырлар кейде ойыстар мен депрессияларға сәйкес келеді. 
20 
ғасырдыңдың 
ортасынан 
бастап техносфераныңдамуына 
байланысты  жер  бетінде  Қазаншұңқырлардың антропогендік (қ. 
Антропогендік 
жер 
бедері) 
түрлері 
кӛбейіп 
келеді. 
Қазақстанда Зайсан  қазан  шұңқыры, Алакӛл  Қазаншұңқыр,  т.б. 
бар.   

ҚЫЗЫЛ  ТЕҢІЗ  — Үнді  мұхитының Арабия  түбегі   мен   Африка  
аралығындағы  құрлық  аралық  теңіз.  Жағалаулары  Египет  Араб 
Республикасы,   Судан,   Эфиопия, Сауд  Арабиясы, Йемен  Араб 
Республикасымен шектеседі. Суэц 
каналы арқылы 
солтүстік 
жағындағы Жерорта  теңізімен,  Баб-әл-Мандеб  бұғазынан  Аден 
шығанағына  және  Араб  теңізіне  ұласады.  ӛзегі  1932  км,  енді  жері 
305 км, ауданы 460 мың км2, су кӛлемі 251 мың км3, ең терең жері 
3039  м,  жағасы  онша  тілімделмеген.  Ірі  аралдары:   Дахлак,  
Фарасан,  Суакин. Қызыл теңіз — дүние жүзіндегі ең жылы (32ӘС) 
және  ең  тұзды  (41,5%)  су  айдындарының  бірі.  Суы  негізінен 
кӛкшіл-жасыл  түсті.  Теңіз  балдырлары  кейде  теңіз  суына  қызғыш 
рең беретіндігінен Қызыл теңіз аталынған болса керек. Жануарлар 
дүниесінен  дельфин,  дюгон,  алып  тасбақа  және  балықтың  400-ден 
астам  түрі  кездеседі,  маржан  тастар  алынады.  Басты  порттары  — 
Суэц  (Египет),  Порт-Судан  (Судан),  Жидда  (Сауд  Арабиясы), 
Массауа (Эфиопия), Ходейда (ЙАР). 
ҚЫРҚА— қатарласа созылып жатқан бірнеше қыраттардың жалпы 
атауы.  Кейде  тӛңірегіне  қарағанда  кӛтеріңкі,  үстіртті  жерді  де 
қырқа деп атайды. қырқалардың мореналық, құмқырқа, т.б. түрлері 
болады.  
ҚЫРАТ —  жер  бетінің  тӛңірегімен  салыстырғандағы  кӛтеріңкі 
бӛлігі. Қыраттың абсолюттік биіктігі 200 м, немесе одан да жоғары 
болады.  Қазақстанда Кӛкшетау, Мұзбел,  т.б.  кӛптеген  ірі  қыраттар 
бар. Қазақ даласындағы қыратты кейде қырқа деп те атайды. 
ҚЫС —  жыл  мезгілі,  әр  аумақтағы  ауа  температурасы  ең  тӛмен 
болатын  климаттық  маусым. Астрономиялық ұғым  бойынша,  қыс 
— қысқы күн тоқырауы сәтінен кӛктемгі күн мен түннің теңесуіне 
дейінгі  (Солтүстік  жарты  шарда  21—22  желтоқсаннан  20—21 
наурызға  дейін,  Оңтүстік  жарты  шарда  21—22  маусымнан  23 
қыркүйекке 
дейін) 
уақыт 
аралығы. Солтүстік 
жарты 
шардың қоңыржай  ендіктерінде  қыс  айлары  деп  шартты  түрде 
желтоқсан,  қаңтар,  ақпан,  ал  Оңтүстік  жарты  шарда  —  маусым, 
шілде,  тамыз  айлары  есептеледі. Қоңыржай ендіктерде  (оның 
ішінде,  Қазақстан  жерінің  басым  кӛпшілігінде)  қыс  тұрақты  қар 
жамылғысымен,  ӛзендер  мен  кӛлдерде  мұз  қатуымен,  ӛсімдіктің 
ӛсіп-ӛнуінің  тоқтауымен,  жануарлардың  кӛптеген  түрлерінің 
ұйқыға  кетуімен  немесе  анабиозымен  сипатталады.  Қыстың 
ұзақтығы  климаттық  және  фенологиялық  маусым  ретінде  тӛменгі 
географиялық  ендіктерден  жоғары  ендіктерге  қарай  ӛсіп 

отырады. Тропиктік  
ндіктерде 
қыс 
мүлдем 
болмайды, субтропиктердеоның    зақтығы  1—2  айдан  аспайды, 
қоңыржай  ендіктерде  —  3—4  ай,  полюстік  ендіктерде  6—7  айға 
және  одан  да  кӛбірек  уақытқа  созылады.  Қазақстанның 
солтүстігінде  оның  оңтүстігімен  салыстырғанда,  қыс  1—1,5  айдай 
ұзағырақ болады. 
Л 
 
ЛАВА (lava, лат. labes – опырылу, құлау) – жанартау әсерінен жер 
бетіне  тӛгілетін  отты-сұйық  балқыма.  Темп-расы  690  –  1200°С 
аралығында  ӛзгереді.  Қышқылды  (риолитті)  және  негізді  Л-лар 
болып жіктеледі. Лава -жанартаулар әрекеті барысында жер бетіне 
тӛгілетін  қызған  сұйық  не  ӛте  тұтқыр,  кӛбіне  силикаттық  масса; 
лавалардың  суынып  қатаюы  нәтижесінде  эффузиялық,  ал 
сығымдала кӛтерілген тұтқыр лавалар есебінен экструзиялық 
таужыныстар   алыптасады.  Бұл  таужыныстарда  кеде  лава  деп 
аталады. Жер қойнауынан кӛтерілген лавалардың температурасы  
жүздеген 
градус, 
кейде 
мың 
градустан 
астам, 
лава 
температурасының  нақты мӛлшері оның химиялық құрамы мен ӛзі 
кіріктіретін  газ  мӛлшеріне  тікелей  байланысты.  Жер  бетіне  жетіп 
тӛгілген  лавалар  құрам  және  пішін  ерекшеліктеріне  орай  бірнеше 
түрлерге  бӛлінеді.  2)  Кӛлбеу  бағытта  жасалатын  қазынды,  мұндай 
тау-  кен  қазындыларының  ұзындығы  кенор-  нының  геологиялық 
жағдайына жоне осы кенді ӛндірудің алдын ала жасалған жүйесіне 
тәуелді бола отырып, 25—30 м-ден 200 м-ге шейін жетуі мүмкін. 
ЛАВРАЗИЯ - палеозойдың орта  кезінде  пайда  болған  және 
Оңтүстік  жарты  шардың Гондванаматеригінен  кең теңіз алабымен 
— Тетис мұхитымен бӛлінген жердің Солтүстік жарты шарындағы 
болжамды  материк.  Кейінірек  (мезозойдың  орта  кезінде)  Атлант 
мұхитының  пайда  болуына  байланысты  Лавразия  екі  бӛлікке  -
 Солтустік Америка мен Еуразияға бӛлініп кетті 
ЛАСТАҒЫШТАР (Загрязнители)  - қоршаған  ортаға енген  немесе 
шектен  тыс мӛлшерде пайда  болған  және  ортаны  ластайтын  кез 
келген  физикалық  агенттер,  химиялық  заттектер  немесе 
биологиялык  түрлер  (негізінен микроорганизмдер).  Ластағыштар 
табиғи  және  антропогендік  бірінші  реттік  ластану  кӛздерінен 
тікелей  және  екінші  реттік  (бірінші  реттік  химиялық  реакция 
кезінде  түзілетін)  болып  бӛлінеді.  Сондай-  ақ  қӛректік  тізбекте 
жинақталатын  түрақты  (ыдырамайтын)  Ластағыштарды  бӛліп 

кӛрсетеді. 
Ластағыштардың 
кӛбі 
(пестицидтер,  
полихлордифенилдер,   пластмассалар)  табиғи  жайдайда  ӛте  баяу 
ыдырайды,  ал улы   қосылыстар  (сынап,   қорғасын)  мүлде 
залалсыздандырылмайды.  Әр түрлі ластағыштардың табиғи ортаға 
түсуі бірқатар зардаптарға ұшыратады:  ӛсімдіктер  мен  жануарлар 
 әлеміне  зиян  келтіреді  (ормандар   мен   мәдени  ӛсімдіктердің  
ӛнімділігі  азаяды,  жануарлар  қырылады  және  т.б.);  табиғи  
биогеоценоздың   түрақтылығы  бүзылады;  металдар   коррозияға  
ұшырайды,  соулет  имаратгары  бүлінеді;  адам  денсаулығына  зиян 
келеді жоне т.б. 1940 жылдары табиғи ӛнімдер (мақта,  жібек,  жүн,  
сабын,   қоспасыз  азық-түлік,   кӛксағыз)  басым  болса,  қазіргі  кезде 
олар  ӛнеркәсібі  дамыған  мемлекеттерде  қоршаған  ортаны 
ластайтын,  қиын синтетикалық  ӛнімдермен алмастырылған.  Олар 
— синтетикалық  талшықтар,  жуғыш  түрлі заттектер,  ағартқыштар, 
жасанды  азық  -  түлік,   минерал  тыңайтқыштар,   синтетикалық 
кӛксағыз және  т.б.  Әсіресе  қазба  отынды энергия алу  мақсатында 
пайдаланғанда  қоршаған  ортаға  кӛп  ластағыштар  түседі.  Ӛндіріс 
қалдықтары 
мен  
атмосфераны  
ластағыштар 
(кӛміртек 
оксидтері, азот  оксидтері,   кӛмірсутектер,   қатты  бӛлшектер және 
т.б.)  кӛміртектің  табиғи  айналымын  бүзады.  Соның  салдарынан 
кӛшетхана  эффектісі,  фотохимиялық  у  тутін  пайда  болады. 
Онеркосіптің  түрлі  салалары  ластағыштар  кӛзі  болып  табылады. 
Әсіресе 
дүние 
жүзіндегі  
металлургиялық  
кәсіпорындар 
атмосфераға  жыл  сайын  150  мың  т-дан  астам  мыс.,  шамамен  120 
мың  т  мырыш,  90  мың  т   никель, кобальт, сынап және  т.б. 
ластағыштарды 
шығарады. 
Олардан 
шығатын 
зиянды 
қалдықтар ӛсімдіктермен  тірі организмдердің қырылуына  себепші 
болады. 
ЛИТОЛОГИЯ  (гр. lіthos –  тас)  –   геологиялық шӛгінді тау 
жыныстарын,  ондағы  қазба  байлықтарды,  олардың  құрамы  мен 
құрылымын,  жаралу  тегі  мен  кеңістікте  орналасу,  таралу 
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 
ЛИТОСФЕРА — жер қабығы  (грек. lithos-  тас,  sphaira  —  шар)  — 
жердің 
сыртқы 
қатты 
қабаты 
жоғарғы 
гидросфера 
және атмосферамен шектеседі.  Жер  қабығының  жоғарғы  бӛлімі  — 
шӛгінді қабық; ол шегінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған 
эффузивтер  жамылғысын  да  енгізеді.  Жер  қабығының  тербеліс 
тарихы  қозғалысына  байланысты,  оның  калыңдығы  әр  орында  әр 
түрлі  болып  келеді.  Шӛгінді  қабықтың  астында  граниттік  қабат 

орналасады; 
бұл 
қабат 
мұхит 
ойыстарында 
ұшырамайды. Граниттік қабаттың 
астында 
аралық 
немесе 
«базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады. 
Материк (континент).  Жердің   геологиялық даму  барысында 
оның  сыртқы  қабаттарының  физикалық  -  химиялық  және  
гравитациялық жіктелу 
нәтижесінде 
қалыптасқан 
күрделі 
құрамды гетеротекті  денелер жиынтығы.  Материктер  ӛңірінен 
кӛрініс  беретін  ірі-ірі  геологиялық  құрылымдар  болмысы  басты-
басты  екі  түрге  — геосинклинальдарға   және   платформаларға — 
жіктеледі. 
Материктерге 
тән 
жербедер 
түрлері 

 жазықтар мен таулар. Синонимі — континент 
ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ   (лат. lumen —  жарық,  escent  —  әлсіз)  — 
табиғатта кездесетін кейбір заттардың сыртқы факторлар себебінен 
сәуле  шығару  құбылысы.  Қысымы  азайған  заттардан электр тоғы 
ӛткеңце  немесе  кейбір  заттарға  электрондық  сәуле  түскенде 
олардың  сәуле  шығару  құбылысы катодолюминесценция деп 
аталады.  Бұлардың  біріншісі  "күндізгі  жарық"  шамдарында 
пайдаланылса, екіншісі теледидар экранында бейнесигналды жарық 
сигналына ӛзгерту үшін пайдаланылады.
[1]
 
Электролюминесценцияны газдардағы  разряд  кезінде  бақылауға 
болады. Хемилюминесценция заттарда 
кейбір 
химиялық 
реакциялардың  жүру  барысында,  мысалы,  тотығу  процесі  кезінде 
байқалады.  Оның   жарықтылығы   тәжірибе  жүргізіліп  отырған 
температурадағы   жылулық  жарық  шығарудың  жарықтылығынан 
бірнеше ондаған есе кӛп болуы мүмкін. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет