М
МАГМА — жердің терең қойнауларында пайда болатын силикат
құрамды балқыған масса. Оның басты құрамдас бӛліктері: SіO2, AІ,
Fe, Mg, Mn, Ca, Na, K, O, S, CІ, F, B, т.б. элементтер. Түрлі геология
дәуірлерде қалыптасқан гранит және базальт құрамды Магмалық
тау жыныстары негізді (базальттық) және қышқыл (граниттік)
түрлерге бӛлінеді. Базальттық Магма темір, магний, кальцийге бай
келеді. Ондағы SіO2 мӛлшері 40 — 55%. Граниттік Магмада SіO2
мӛлшері 65 — 78%-ға дейін жетеді әрі мұнда сілтілік элементтер
мол. Магма жер қабаттарындағы әр түрлі эндогендік процестерден,
физика-химия тепе-теңдіктер бұзылғанда заттардың балқып,
сұйыққа айналуынан пайда болады. Мұндай эндогендік
процестерге тектоникалық қозғалыстар, радиоактивтік ыдырау,
химия реакциялар, заттар арасындағы фазалық ауысу, жер
қойнауындағы жылу, т.б. жатады. Магма пайда болған жерінен
жоғары кӛтеріліп, суынып, қатайып, тау жыныстарына айналғанда
күрделі эволюция ӛзгерістерге ұшырайды. Магма қата бастағанда
кристалдану процесі жүреді. Минералдардың кристалдану реті
олардың қатаю (балқу) темп-расына байланысты. Кристалдану үш
кезеңнен тұрады. Магмадан алдымен акцессор минералдар —
магнетит, апатит, монцанит,ильменит, циркон, т.б. ал екінші —
басты
кезеңінде
табиғатта
ең
кӛп
кездесетін
пироксен, амфибол, слюда, дала шпаты, т.б. минералдар бӛлінеді.
Басты тау жынысын құраушы минералдар кристалданғаннан
кейінгі соңғы кезеңде қалдық Магма балқымасы кремний
қышқылына, сілтіге және ұшпа құраушыларға қанығады. Қалдық
балқымадан пегматит, грейзен денелері түзіледі, олардың құрамы
әр түрлі пайдалы құраушыларға бай болады. Магма балқымасының
жоғары бӛлігінің құрамы гранитке, тӛмен бӛлігі базальтқа
жақындайды. Табиғи жағдайларда Магманың жаралуы мен
жіктелуі әлі толық анықталмаған құбылыс. Ол ӛте ұзақ уақытқа
созылады, басқа геолология процестермен тығыз байланысты және
құрлықтар мен мұхиттарда ӛзгеше болып келеді. Мұхиттан
құрлыққа ауысатын аралық алқаптарда (мыс., Тынық мұхиттың
―отты сақинасы‖ алқабында) вулканизм алғашқы сатыда андезит-
базальт, ал соңғы сатыларда қышқыл құрамды лавадан тұрады.
Жалпы қышқыл құрамды тау жыныстар құрлықтарға және оларға
жапсарлас
аудандарға
тән.
Қышқыл
тау
жыныстардың
қалыптасуы граниттену процестерімен де байланысты болуы
мүмкін. Магмалық тау жыныстар кешендерінде әр түрлі кен
байлықтары ұшырасады.
МАГМАЛЫҚ ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ, атқылаған тау жыныстары
— магма немесе жанартаулық атқылаулардан жер бетіне
тӛгілген лаваныңсуынуынан
және
кристалдануынан
(түйіршіктенуінен) пайда болған тау жыныстары. Олар негізгі екі
түрге бӛлінеді: эффузивтік(жанартаулық, тӛгілмелі), жанартау
атқылауы кезінде магманың лава түрінде шығып жер бетінде
қатайған және интрузивтік (тереңдік), басқа тау жыныстары
арасында қатып қалған түрлері. Эффузивтік тау жыныстары тез
қату салдарынан, әдетте, майда түйіршікті болып келеді, кейде
ірілеу кристалдары да кездеседі. Интрузивтік тау жыныстары жер
қойнауының
тереңдіктерінде
баяу
қату
салдарынан
қалыптасқандықтан толық кристалдық түйіршік тәрізді болады.
Магмалық тау жыныстарыдың ӛте маңызды бӛлшектері силикаттар
мен кварц. Олардың басты құрамдас бӛлігі кремний оксиді (Sі2O).
Мӛлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары 5 топқа бӛлінеді:
ультранегізді (Sі2O<40%)
негізді (40 — 50%)
орташа негізді (56 — 60%)
қышқылды (65 — 70%)
ультрақышқылды жыныстар (>75%).
Құрамында
силикаты
жоқ
Магмалық
тау
жыныстары
(мыс., карбонатиттер) ӛте сирек. Құрамындағы сілтілік металдар
мӛлшеріне қарай Магмалық тау жыныстары қалыпты және сілтілі
(граниттер, нефелинді сиениттер, фонолиттер) топтарға бӛлінеді.
Магмалық
тау
жыныстары
құрылыс
(артиктік
туфтар,
лабрадориттер, т.б.), абразивті (пемза), жылу оқшаулағыш
(пемза, перлит)
материалдар ретінде қолданылады. Атылу
сипатына
(лаваның
ағыл-тегіл
ағуына
не
жарылыспен
атқылануына) байланысты жыныстардың 2 типі түзіледі: эффузивті
тау жыныстары және пирокласты жыныстар (жанартау күлі, құм,
туфтар, туфты
брекчий).
Сондай-ақ,
жанартаулық
тау
жыныстарының
аралық
типі
—
туфолавалар
және игнимбриттер ажыратылады. жанартаулық тау жыныстар
қалыптасу жағдайына қарай эффузивті, экструзивті, жанартаулық-
кесекті, жанартаутекті - шӛгінді болып ажыратылады. Эффузивті
тау жыныстары магманың лав акүйінде жер бетіне ағып шығып
қатаюынан қалыптасады. Олардың пішіні лаваның тұтқырлығы
мен сол ауданның жер бедеріне байланысты күмбез,
конус тәрізді
тӛбелер
болып
қалыптасады.
Экструзивті
жыныстар тұтқыр магманың сығылып шығып күмбез пішінді
болып қатаюынан қалыптасады. Бұл екі топтың жыныстарының
петрографиялық сипаттамасы бірдей, айтарлықтай айырмашылығы
болмағандықтан, оларды бірге эффузивті жыныстар деп
қарастырады. Олар құрамындағы SіO2-нің мӛлшері бойынша
ультранегізді, негізді, орта және қышқыл жыныстар болып
бӛлінеді. Құрылымы порфирлі, микролитті, жартылай шынылы;
нақышы жолақты, ақпалы, тығыз, қуысты болады. Эффузивті
жыныстардың
сыртқы
кейпі
қатты
ӛзгерген
кӛне
түрлері палеотипті,
ал
кейпі
сақталған
жасырақтары
кайнотипті жыныстар деп аталады. Кайнотипті жыныстардың кӛп
тараған түрлері: базальттар, андезиттер, трахиттер; химия
құрамының
сәйкестігі
жағынан
палеотипті
сыңарларына:
диабаздар, базальтты және андезитті порфириттер, трахитті және
липаритті порфирлер жатады. Жанартаулық-кесекті жыныстар
эффузивті кесекті, эксплозивті кесекті және шӛгінді жанартау
кесекті болып бӛлінеді. Эффузивті кесекті жыныстарға лавамен
цементтелген лава кесектерінен тұратынкластолавалар мен
гидрохимия материалдармен
цементтелген лава кесектерінен
тұратынлавокластолиттер жатады. Эксплозивті кесекті жыныстар
түгелдей жанартаудың атқылау ӛнімдері — пирокластардан
тұрады. Шӛгінді жанартау кесекті жыныстарда пирокластық
материал 50 — 90%, ал шӛгінді материал 10 — 50% құрайды. Олар
туффиттер
деп
аталады.
жанартаулық
тау
жыныстар
Қазақстанның
барлық
аймақтарында
кеңінен
тараған.
Олармен темірдің, полиметалдың, мыстың,марганецтің, күкірттің,
алтынның және басқа да элементтердің кендері бірге кездеседі.
Құрылыс материалы ретінде кеңінен қолданылады.
МАГНИТТІК ДАУЫЛ 10–2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде
байқалады. Магниттік дауыл кезінде — Жердің магнит ӛрісінің
күшті ұйтқуы. Магниттік дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке
дейін созылады әрі ол жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде
ӛтеді; ӛте үлкен қарқындылығы ( геомагниттік 10–2) аралығында
тербеледі. Магниттік дауыл
10–3 — 1
1
1А/м (
0,1-ден
ӛріс
кернеулігінің ӛзгерісі орта ендіктерде Күннің активті аймағынан
бӛлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады.
Сондықтан ол күн активтілігінің 11 жылдық цикліндегі максимумы
маңында жиі байқалады. Энергиясы орасан зор бӛлшектердің жер
атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер
магнитосферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы элетр токтардың
күшеюіне және ӛндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік
дауыл кезінде одан гӛрі күрделірек геофизика процесс —
магнитосфералық дауыл байқалады. Ол жер атмосферасының
жоғары қабатындағы полярлық шұғыламен, ионосфералық
ұйтқумен, рентген сәулесімен, т.б. қабаттаса жүреді. Магниттік
дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және
жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай ӛзгереді.
Оның
барысында
қысқа
толқынды радиобайланыс едәуір
қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының
жоғарғы қабаты қызады да, жылу тӛменгі — тропосфера қабатына
беріледі. Нәтижесінде тропосферада әр түрлі циркуляция
қозғалыстар мен циклондар пайда болады.
МАГНИТТІК АНОМАЛИЯ – Жер бетіндегі магнит ӛрісі
мәндерінің ӛзінің қалыпты шамасынан ауытқуы. Картада магниттік
аномалия Жер магнетизмінің кейбір элементтерінің мәндері бірдей
нүктелерін қосатын сызықтар арқылы кескінделеді. Аумақты қамту
шамасына қарай магниттік аномалия континенталдық, регионалдық
және локальдық болып бӛлінеді. Континенталдық магниттік
аномалия 10 – 100 мың км2-ге таралады. Ең ірі континенталдық
магниттік аномалия Шығыс Сібір мен Зонд аралында орналасқан.
Регионалдық магниттік аномалия 1 – 10 мың км2 ауданды қамтиды.
Ол жер қыртысы құрылысының ерекшеліктеріне байланысты
туады. Шығыс Сібірде, Шығыс Еуропада, т.б. аудандарда
регионалдық магниттік аномалиялар бар. Локалдық магниттік
аномалия ауданы бірнеше м2-ден км2-ге дейінгі аумақты қамтиды.
МАГНИТТІК МЕРИДИАН – геомагнит ӛрісінің күш сызығының
Жер бетіндегі проекциясы. Барлық магниттік меридиан күрделі
қисық сызықтар түрінде Жердің оңтүстік және солтүстік магниттік
полюсіне жиналады. Бақылаушы (құрал) орны арқылы ӛтетін және
геомагнит ӛрісінің осы нүктедегі кернеулік векторы болатын
вертикаль жазықтықты магниттік меридиан жазықтығы деп атайды.
Магниттік меридиан мен географиялық меридиан жазықтықтары
аралығындағы бұрыш, яғни дәл осы маңдағы жер беті нүктесі
магниттік бұрылу деп аталады. Жердің магниттік меридианымен
қатар геомагниттік меридиан ұғымы да жиі қолданылады. Ол жер
бетінің қарастырылатын нүктесі арқылы ӛтетін жазықтық пен
солтүстік және оңтүстік геомагнит полюстерін қосатын түзу
сызықтың жер бетіндегі қиылысу сызығы болып табылады.
МАНОМЕТР (гр. manos — сирек, тығыз емес) — сұйықтық
пен газ қысымын ӛлшеуге арналғанприбор. Манометр қысым
шамасын нӛлден (вакуумнан) бастап есептелетін абсолюттік
қысымды ӛлшейтін манометр және артық, яғни абсолют қысым
мен атмосфералық қысымайырмасын ӛлшейтін манометр (абсолют
қысым атмосфералық қысымнан артық болған жағдайда) және екі
түрлі (атмосфералық қысымға тең емес) қысымның айырмасын
(тӛмендеуін) ӛлшейтін дифманометр (дифференциалдық манометр)
болып ажыратылады. Атмосфералық қысым барометрмен, нӛлге
жуық қысым вакуумметрмен ӛлшенеді. Манометр шкалалары әр
түрлі бірліктерде (кгк/м² немесе кгк/см², бар, мм сынап бағаны, мм
су бағаны, т.б.) градуирленген. Бірліктердің халықаралық
жүйесінде (СИ) қысым бірлігіне паскаль (Па) алынған. Жұмыс
істеу принципі мен сезімтал элементінің (алғашқы түрлендіргіштің)
құралымына байланысты манометрлер сұйықтық, піспектік
(поршенді), деформация немесе серіппелі (түтікті, мембраналық,
сильфондық) болады. Сондай-ақ, кӛрсетуі тікелей саналатын
немесе тіркелетін, жұмысы әр түрлі заттардың физикалық
қасиеттерінің қысым әсерінен ӛзгеруін ӛлшеуге негізделген
манометрлер
де
қолданылады.
Әр
түрлі технологиялық
процестерді бақылау, автоматты реттеу және басқару жүйелерінде
пневматикалық немесе электрлік шығу сигналдары үйлестірілген
шкаласыз манометрлер пайдаланылады. Манометр - қысым
айырымын ӛлшеу үшін қолайлы аспап. Қарапайым ашық сұйық
манометр латын әрпі U пішінді шыны түтіктен тұрады (1,а-сурет).
Түтікке қандай да бір сұйық, мысалы, аз қысым айырымын ӛлшеу
үшін май сияқты тығыздығы аздау, ал үлкен қысым айырымын
ӛлшеу үшін сынап сияқты тығызырақ сұйық құйылады. Түтіктің бір
тармағы ашық қалдырылып, екінші тармағы резеңке түтікшемен
жалғасады. Түтікке құйылған сұйық оның екі тармағында да бір
деңгейде болады, себебі ыдыс тармақтарындағы сұйық бетіне тек
атмосфералық қысым ғана әсер етеді. Енді резеңке түтікшені бір
бетіне резеңке қабықша қапталған дӛңгелек қорапшамен
жалғастырайық та, қорапшаны ақырын қолымызбен басайық (1,ә-
сурет). Бұл кезде қорапшамен жалғасқан манометр тармағындағы
сұйықтың деңгейі тӛмен түседі де, екінші тармағындағы сұйықтың
деңгейі жоғары кӛтеріле бастайды. Қорапты неғұрлым күштірек
бассақ, соғұрлым манометр тармақтарындағы сұйық деңгейлерінің
айырымы үлкен болады. Себебі резеңке қабықшаны басқан
кезімізде қорапшадағы ауаның қысымы артады. Паскаль заңы
бойынша қысымның осы артуы манометрдің қорапшамен
жалғасқан тармағындағы сұйыққа да беріледі. Сығылған ауаның
артық қысымы манометрдің екінші тармағындағы сұйықтың артық
бағанының түсіретін қысымымен теңелген кезде, сұйық тепе-теңдік
қалыпқа келеді. Техникада кӛбінесе сұйықтың, газдың немесе
будың қысымын ӛлшеу үшін металл манометр қолданылады, кейде
оны Бурдон манометрі деп те атайды. Оның жұмыс істеу принципі
үрлеген кезде түзулене түсетін сыбызғы тәрізді ойыншыққа
ұқсайды (2-сурет). Металл манометрдің негізгі бӛлігі - доға тәрізді
иілген металл түтікше (3-сурет). Оның бір жағы бітеу болады да,
екінші жағы кран (4) арқылы қысым артқан кезде түтік түзулене
бастайды да, оның бітеу ұшының қозғалысы иіндіктің (5) және тісті
тегершіктердің (3) кӛмегімен аспаптың шкаласы бойымен
жылжитын меңзерге (2) беріледі- қысым кеміген кезде, түтік ӛзінің
серпімділік қасиетінің арқасында бастапқы қалпына келеді де,
меңзер шкаланың нӛлдік бӛлігін кӛрсетіп тұрады. Адамның қан
айналым жүйесіндегі қысым арнайы құрал сфигмоманометрмен
(гр. сфигмос - жүрек соғуы) немесе сфигмотанометрмен ӛлшенеді
(4-сурет). Бұл құрал сынапты немесе металл манометрден (1),
манжеттен (2) және манжетке ауа айдайтын алмұрт пішінді
үрлеуіштен (3) тұрады. Манжет дегеніміз - жалпак резеңке камера,
сыртында матадан істелген қапшығы болады. Манжет резеңке
түтіктер арқылы манометрмен және үрлеуішпен жалғасады.
Қысымды ӛлшеу үшін манжетті әдетте білекке орайды. Осыдан
кейін манжетке ауа айдалады, ол қолды қысып, салатамырға
(артерия)
қанның
келуі
тоқтағанға
дейін
жүргізіледі.
Стетоскоптың кӛмегімен осы салатамырдың соғуы тыңдала
отырып, манжеттегі ауа біртіндеп босатылады. Манжеттегі қысым
салатамырдағы қысымнан аз (немесе тең) болған кезде стетоскопта
қанның соққаны естіледі, ал манометр жүректің қызметін
сипаттайтын қан қысымының жоғарғы мәнін кӛрсетеді. Осыдан
кейін манжеттен ауа жайлап шығарыла бастайды. Дыбыстың
ӛзгерісі қанның айналуына манжеттің бӛгет болмайтынын
білдіреді. Салатамырдың қызметін сипаттайтын бұл қан қысымын
да манометр кӛрсетеді және ол қан қысымының тӛменгі мәні
болады. Жүрек жұмысы және қан қысымының салатамырдағы және
кӛктамырдағы айырымы - қан айналымның негізгі себебінің бірі.
Ал қан қысымы оны ӛзгеріске ұшырататын ауруларды танып білуге
себептеседі. Дені сау адамның қанының жоғары қысымы 110-120
мм сын. бағ., тӛменгісі 70-80 мм сын. бағ. шамасында.
МАНТИЯ, Жер мантиясы (грекше mantіon — жамылғы), Жердің
қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера. Жер
кӛлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін алып жатыр. Температурасы
2000 — 2500°С. Жоғарғы мантияның қалыңдығы 800 — 900 км,
тӛменгі мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан.
Болжал бойынша мантия құрамы ауыр минералдарға бай,
негізінен, магний мен темірден тұрады. Астеносфера қабатынан
басқа мантиядағы заттар қатты кристалдардан құралған. Мантия
тектоникалық қозғалыстармен, магмалық, жанартаулық, т.б.
процестермен тығыз байланысты. Сейсмикалық толқындардың жер
мантиясының қимасынан ӛту жылдамдығы да қима деңгейінің
терендігіне тікелей байланысты. Нақ осы байланыс негізінде, яғни
сейсмикалық
толқындардың
мантия
қимасынан
ӛту
жылдамдығындағы ӛзгерістерді саралау нотижесінде Ж.м. шартты
түрде үш бӛлікке бӛлінген: жоғарғы мантия, немесе В облысы —
Мохоровичич және Голицын жазықтықтарының аралығы; тӛменгі
мантия, немесе мантияның Д облысы (кейде "45 градусты даралану
деңгейі" деп аталады), шамамен 950 км терендік пен жер ядросы
жабынының (2900 км терендік) аралығын қамтиды; алмасу белдемі
деп аталатын мантияның ортаңғы бӛлігі (мантияның С облысы)
Голицын жазықтығы мен "45 градусты даралану деңгейінің"
аралығына орналасқан. Астеносфера (кӛне грекше: asthees — осал
және кӛне
грекше: —
шар)
—
Жер
шарының
жоғары мантиясындағы қаттылық,
беріктік
және
тұтқырлық
қасиеттері тӛмен қабаты, литосфера тӛсеніші. Қатты заттан
құралған астеносфераға кей жағдайда сұйықтық қасиеттер тән.
Астеносфера аз ғана тектоникалық кернеулерәсерінен-ақ аққыштық
қасиетке
ие
болады.
Сӛйтіп
ол
литосфера
массасыныңгидростатикалық тепе-теңдік
жағдайын
сақтайды.
Астеносфераның жоғарғы жапсары құрлықтарда орта есеппен 100
км тереңдікте, мұхит түбінде 50 км тереңдікте, ал тӛменгі шекарасы
250-350 км тереңдікте орналасқан. Астеносфера қабаты ӛзін
кӛмкерген литосфера аумағындағы сан алуан эндогендік
процестердің
(тектоникалық
қозғалыстар,
магмалар әрекеті, метаморфтану т.б.) жүруіне әсерін тигізеді.
Сондықтан
Астеносфераның
планетаның геологиялық даму
тарихында алатын орны ерекше.
МАРИАНА ШҦҢҒЫМАСЫ — Тынық мұхиттың батысында
Мариана аралдарын бойлай 1340 км-ге созылып жатқан тар
депрессия. Кӛлденең қимасы V тәрізді, беткейі тік (7 — 9). Табаны
тегіс, ені 1 — 5 км. Орташа тереңд. 8 — 11 км. Ең терең жері —
оңт. бӛлігінде 11022 м. Бұл дүниежүз. мұхит бойынша ең терең
жер. Оны 1958 ж. кеңес ғалымдары ―Витязь‖ кемесінде ғыл.-зерт.
жұмыстарын жүргізгенде анықтаған.
МАСШТАБ (нем. Mastab. Ma — ӛлшеуіш, мӛлшер және Stab —
таяқ) — сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы
кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы.
Дерексіз санмен ӛрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп
аталады. Жоспар мен карталардың сандық Масштабты бӛлшек сан
арқылы ӛрнектеледі, алымы бірге тең болса, бӛлімі бейнеленген
сызықтың неше есе кішірейтілгенін кӛрсетеді. Сызбада машиналар
мен приборлардың ұсақ бӛлшектері, кӛбінесе үлкейтілген
мӛлшерде кӛрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден үлкен
санмен ӛрнектеледі. Жоспар мен картадағы ұзындықты ӛлшеуде
қолданылатын сызықтық Масштаб заттың ұзындығын кӛрсететін,
тең бӛліктерге бӛлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады.
МАУСЫМ (лат. Junius) — 1) қазіргі Грегориус күнтізбесіндегі 6-
ші келетін июнь(30 тәулік), жаздың 1-айы. Айына сай қазақша
атауы. июнь (лат. Junіus) — күнтізбелік жылдың 6-айы.
Ежелгі қазақ күнтізбесінің 4-ші айы. Қазіргі санмен маусымның
20 — шілденің 19. Маусым— жылдың бірнеше айдан тұратын
бӛлігі
астрономиялық,синоптикалық
немесе
фенологиялық
белгілеріне қарай ажыратылады. Астрономиялық М. — қыс,
кӛктем, жаз, күз.
МӘРМӘР (грек. marmaros — жылтыр тас) — метаморфтық тау
жынысы. Негізінен кальцитпен доломиттен құралады. Мӛлшеріне
қарай кальциттік Мәрмәр, доломиттік Мәрмәр болып бӛлінеді.
Басқа минералдармен араласқан түрі қатты кристалданған әктас
немесе доломит болып келеді. Аймақтық және жапсарлық
метаморфизмдерден әктастар, доломитті әктастар доломиттер
сияқты карбонатты, шӛгінді жыныстардың қайта кристалдануынан
түзіледі. Мәрмәр күрделі қатпарлықтарға жиырылған қабаттар
түрінде амфиболит, гнейс, тақтатастар секілді жыныстармен бірге
кездеседі.Қоспалары: магнезит, графит, брусит, битумдар,слюда, хл
орит, тремолит, тағыда басқа. Мәрмәрдің қаттылығы 3, кӛлемдік
тығыздығы 2,63 — 2,9, түсі ақ, сұр, қара сұр, жасыл, алқызыл, сары,
құба болып келеді. Құрылымы анық байқалатын толық кристалды,
түйірлерінің ірілігі әр түрлі; текстурасы: біртекті жолақты, теңбіл,
шыны жылтырлы, күңгірт, жақсы ӛңделеді. Осы қасиеттеріне орай
Мәрмәр қолданбалы сәндік ӛнерінде, табиғи құрылыс материалы
ретінде және монументті мүсін мен құлпытас жасауда кеңінен
қолданылады. Ежелгі грек мүсіндері сары түсті паросс Мәрмәрдан
жасалынған. Брусит Мәрмәрі түйіршіктелген магнезия мен металды
магний алуда, отқа тӛзімді заттар және арнайы қағаз шығаруда
пайдаланылады. Қоспасыз Мәрмәр электртехникада, ақ Мәрмәр
мүсін жасауға, түсті Мәрмәр құрылыста қаптау, безендіру
бұйымдары ретінде, баспалдақтар, бағандар жасауға, ескерткіштер
тұғырын тұрғызуға қолданылады. Мәрмәр кен орындары
Қазақстанда Кіші Қаратауда, Алтайда, Кӛкшетаумассивінде,
ӛлытау бойында, Солтүстік Балқашта кездеседі.
МЕЗОЗОЙ — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы
эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты.
Мезозой
эрасын 1841 жылы
ағылшын
геологі Джордж
Филлипс бӛліп кӛрсеткен. Мезозой эрасы тӛменнен жоғары
қарай триас, юражәне бор кезеңдеріне бӛлінеді. Жаратылыстану
ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235,10 — 66,3
миллион жылдар аралығын қамтиды. Жердің даму тарихының
бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын,
кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге —
триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |