Тӛбешіктер. Біршама жазық алаптарда жеке-дара кӛрініс беретін
немесе бір-біріне тізбектеле созылатын онша биік емес, бірақ
баурайлары біршама тік кұлайтын жоталар.
МҦНАЙ - кӛмірсутектер қоспасы
болатын,
жанатын
майлы
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз
жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; ӛзіндік иісі бар; жерде
тұнбалық
қабатында
орналасады; пайдалы
қазбалардың ең
маңызды түрі.
МҦХИТ (Әлемдік мұхит) - гидросфераның негізгі бӛлігі. Мұхит,
Дүниежүзілік мұхит (гр.okeanos – мұхит, Жерді қоршап жатқан
ұлы ӛзен). Жер шарында тӛрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді
және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы
суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бӛледі. Мұхит
құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты.
Аумағы 361,26 млн. км2, кӛлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі
3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана
шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бӛлікке
бӛлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік
Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын,
Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық
жарты шардағы судың мӛлшері 91%-ды және құрлықтық жарты
шардағы мӛлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде
Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға,
қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы
құрлықтың
жағалық
сызықтарымен
айқын
кескінделіп,
ішкі шекарасы теңіздермен және оның бӛліктерімен бӛлінеді.
Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бӛледі.
Оның
шекарасы
субтропиктік
және
субантарктикалық
конвергенция
сызығы
бойымен
немесе
Ортамұхиттық жоталардың ендік бӛлігі бойынша ӛтеді. Мұхит түбі
ауданының басым бӛлігі (73,8%-ы) 3 000 – 6 000 м тереңдікте
орналасқан. Ол Мұхит қайраңы (шельфi), беткейі, етегі, Мұхит
түбі, Мұхит шұңғымасына ажыратылады. Қайраң Мұхиттардың
шетін бойлай құрлықтың су астындағы жалғасы ретінде 200 м
тереңдікке дейін созылып жатады, ені ондаған метрден бірнеше
жүздеген км-ге жетеді. Ол Мұхитқа қарай тік кемер
жасапконтиненттік беткейді құрайды. Қайраң құрлық тұғырының
тӛменгі шегі ретінде 2 000 – 2 400 м тереңдікке дейін таралады.
Беткей етегінен абиссаль қазаншұңқырларға қарай ені 200 – 300 км
болатын континентті етек жалғасады. Мұхиттардың орта тұсынан
әдетте
Ортамұхиттық
жоталар ӛтеді.
Олардың
беткейлері
абиссальды Мұхит қазаншұңқырларына ауысады. Ортамұхиттық
жоталар ұзындығы 60 000 км болатын біртұтас жүйені құрайды.
Жоталардың ені 1 000 км, абиссальды қазаншұңқырлардан 2,5 – 3
км жоғары тұрады. Олардың қырқасы су бетінен орта есеппен 2700
м тереңдікте ӛтеді. Жоталардың осьтік бӛлігінде тереңдігі 1,5 км,
ені 20 – 30 км болатын рифті аңғарлар байқалады.
Абиссальды қазаншұңқырлардың ені 1000 км-ге жуық, тереңдігі 5 –
6 км болады. Пассивті шеткі белдем Жер қабығының континентті
және мұхиттық шекарасын бойлай жатады; ол сейсмикалығы мен
жанартаулық
процестердің
жоқтығымен
сипатталады,
континенттен әкелінген ӛте қалың (5 – 7 км) шӛгінді қабаттардан
тұрады. Активті шеттердің сейсмикалығы жоғары. Оған Мұхит
табанын
жанартаулық
аралдық
доғадан
бӛліп
тұратын
терең шұңғымалар (тереңд. 7 – 8 км) ұштасқан. Мұхит түбін негізгі
екі геологиялық кешен құрайды: беті шӛгінді қаптамамен жабылған
базальтті және оған жақын магмалық жыныстардан тұратын
іргетас жатыр. Мұхиттың геологиялық тарихын зерттеушілер
Мұхитты бастапқы, ӛтпелі және қазіргі даму кезеңдеріне
ажыратады. Геологияға дейінгі кезеңді (3,5 млрд. жыл бұрын)
қамтыған гипотетик. бастапқы сатысында жер қойнауынан негізгі
су массасының шығуы, қышқыл ӛнімдердің газсыздануы және
мұхит түбі жыныстарымен іс-әрекетке түсіп бейтараптануымен
байланысты. Ӛтпелі кезеңнің ұзақтығы 2 млрд. жылды құрайды (3,5
– 1,7 млрд. жыл бұрын). Бұл кезеңде ӛмір пайда болып
дамыды;фотосинтез нәтижесінде оттек бӛлініп, мӛлшері ұлғайды.
Мұхит суының құрамы тұрақталып, тұздылығы шамалы ғана
ӛзгеріске ұшырады. Қазіргі кезең бұдан 1,7 млрд. жыл бұрын
басталып, әлі жалғасуда. Мұхиттардың негізгі гидрологиялық
сипаттамасына
температура,
тұздылық
және
ағыстың
жылдамдығы жатады. Мұхит ӛте кӛп мӛлшерде күн жылуы
мен ылғалды жинақтаушы орасан зор аккумулятор. Мұхит бетінің 1
см қалыңдықтағы суына күн энергиясының 94% жұтылады.
Осының нәтижесінде Жер бетіндегі температурасының шұғыл
ауытқуы бәсеңдейді және шалғай жатқан аудандар ылғалданып,
тіршіліктің дамуына қолайлы жағдай туады. Мұхиттың беткі
суының жылдық орташа температурасы 17,5°С. Ашық Мұхитта
температураның жоғарғы кӛрсеткіші экватор бойында (28°С), ең
жоғарғы
температура
(34°С)
тамыз
айында
Парсы
шығанағында тіркелген. Құрлықтың әсерінен су температурасы
солтүстікжарты шарда оңтүстік жарты шарға қарағанда жоғары
болады, ал экватордан полюстерге қарай біртіндеп –1,5–1,9°С-қа
тӛмендейді. 30° с. е. бойында қыста 17 – 18°С, жазда 25°С; 60°
ендікте қыста 0°С-тан тӛмен, жазда 10°С, полюс маңындағы
температура 1,9°С. Мұхиттүбіндегі су температурасы 1,4 – 1,8°С,
полюстік аймақтарда 0ӘС-тан тӛмен болады, ең суық температура
–2°С (полюсте мұзастында). Судың химиялық сапасы, физикалық,
химиялық
қасиеті
жағынан
бірдей
болғанымен
оның гидрологиялық, геохимиялық режимі әр түрлі. Мұхит суы
концентрациясы 35 г/л болатын тұз ерітіндісінен тұрады,
сондықтан орташа тұздылығы S – 35,00ү, максимальды тұзд. 39 –
42ү (тропиктік теңіздерде). Тұз массасының құрамы құрлықтан
келетін жауын-шашынмен, атмосферамен 1022 г еріген тұз бар.
Оның құрамында Na+, Mg2+, K+, Ca2+,Cl-, иондары кездеседі.
Мұхит суында атмосферадан келетін және су қабатында пайда
болатын түрлі
алмасу процесі және түпкі шӛгінділермен, теңіз
организмдерінің ӛмір сүру қабілетімен реттеліп отырады. Мұхитта
барлығы 5 газдардың (О2, СО2 т.б.) ерітінділері де болады. Мұхит
суының химиялық құрамы: хлор 88,7, сульфат 10,8, карбонат 0,3,
басқа қосылыстар 0,2. Мұхит суының орташа тұздылығы S –
35,00‰, максимальды тұздылығы 39 – 42‰ (тропиктік теңіздерде).
Тұздылықтың маусымдық ауытқуы 100 – 150 м тереңдікте
байқалады. Мұхит суында тұздардан басқа еріген газдар да
кездеседі: азот, оттек, кӛмірқышқылы, т.б. Мұхиттағы тіршіліктің
дамуында атмосферадан ӛтетін және балдырлардың фотосинтезі
кезінде түзілетін оттектің маңызы ӛте зор. Терең қабаттарда оттек
мӛлшері 2,5 – 3 мг/л-ге дейін кемиді, кейбір аудандарда 0-ге тең
болады. Мұхиттың 150 – 200 м тереңдіктегі су қабатының
айналымы Мұхит бетіндегі басым желдерге тәуелді; ал одан
тӛменгі қабатында тығыздығына байланысты болады. Су
айналымының негізгі элементіне субтропиктік ендіктерде
антициклондық айналым және жоғарғы ендіктерде циклондық
айналым жатады. Оның орталық құрлықтардың батыс жағалауында
орналасқан (Гольфстрим, Куросиоағыстары). Антарктикада беткі
судың горизонталь жылдамдығы 5 – 10 см/с болатын қуатты
циркумполюсті ағыс байқалады, ол теңіз түбіне дейін жетеді.
Тереңдеген
сайын ағыс жылдамдықтары
кеми
түседі
(тек экватор маңындағы
беткі
қарсы
ағыстан
басқа).
Температураның,
тұздылықтың,
химиялық
элементтердің,
органикалық дүниенің негізгі таралу заңдылықтары географиялық
белдемдердің ауысу шекаралары маңында байқалады. Белдемдер
арасындағы шекара, кӛбінесе, мұхиттық шеп түрінде айқын
ажыратылады. Тереңдеген сайын (500 м-ден тӛмен) белдемдердің
саны азайып, білінбей кетеді. Мұхит түбінде терригенді, биогенді,
хемогенді,
жанартаутекті
және
эдафогенді
шӛгінділер
жинақталады. Шӛгінділер климаттық, тік, циркумконтинентті
және тектоникалық белдемділікпен тарайды. Мұхит түбінің беткі
қабатының басым бӛлігін (40%-ға дейін) биогенді шӛгінділер
жауып жатыр. Терригенді шӛгінділерге 20%, терең сулы пелаг. саз
26%-ды құрайды, қалғаны – аралас шӛгінділер. Терригенді
шӛгінділердің құрамы алюмосиликатты, сынықты, сынықты-сазды,
сазды; ол теңіздерде және мұхиттың континентке таяу ауданында
әртүрлі тереңдікте тараған. Биогенді әктасты және шақпақтасты
шӛгінділер
қаңқа
қалдықтарынан
және
планктонды,
бентосты организмдердің қабыршағынан
түзілген.
Хемогенді
шӛгінділер ашық Мұхиттарда кездеседі, темір-марганецті
конкрециялар
мен
қабықшалардан,
смектитті,
темірлі
шӛгінділерден тұрады. Жанартаутекті шӛгінділер жер беті және су
асты жанартау атқылауларының кесекті ӛнімдерінен түзілген; ол
доғалдық аралдарда кең таралған. Эдафогенді түзілімдер
тектоникалық ӛнімдердің уатылуынан және су түбіндегі байырғы
таужыныстардың
(базальтты,
габброидты,
т.б.)
су
асты
шайылуынан пайда болған. Мұхит суларында Д.Менделеев
кестесінің 70-тен астам элементі еріген күйінде кездеседі; судың 1
км3-інде 36 млн. түрлі заттар бар. Мұхит қойнауында әр
түрлі қатты, сұйық, газ тәрізді минералды шикізат қорлары,
мұнай мен газ, сирек металдар, қалайы, алтын, алмас
шашылымдары,
темір
-
марганецті
конкрециялар
мен
қабықшалар, сульфид, фосфорит және құрылыс материалдары
алабы тараған. Мұнай мен газдың қоры 300 – 350 млрд.(қойнау
қайраңында 184 млрд.) деп болжанады. АҚШ жағалауы
мен Мексикашығанағында, Солтүстік Парсы шығанағы және
оңтүстік-Шығыс Азия, Баренц, Беринг теңіздерінің
қайраңдары
дүние жүзінің аса ірі мұнайлы-газды аудандары саналады. Мұхит
мұнайын 40 шақты ел ӛндіріп, 40-тай ел барлау жұмыстарымен
айналысуда. Теңіздегі элементтер (алтын, платина, алмас,
касситерит, циркон, монацит, титан, ильменит, рутил, т.б.)
жағалық қайраңда шӛгінділердің толқындармен қарқынды
шайылуынан қалыптасады. Индонезия, Таиланд, Малайзия
жағалауларында қалайы, Аляска және солтүстік Американың
Тынықмұхиттық жағалауында алтын, оңтүстік-Батыс Африка
(Намибия) жағалауында құрамында алмас бар шӛгінділер, сирек
металды
шашылымдар
Австралия,
Үндістан,
Бразилия
жағалауында кездеседі. Дүние жүзінің кӛптеген елдерінің
жағалауларында
құрылыс материалдары – құм,
қиыршықтас,
маржанды әктас, моллюскалар, бақалшақтар ӛндіріледі.
Тірі
организмдер бүкіл Мұхит қабаттарында тіршілік етеді.
Органикалық
дүниесі
бентос
(түпкі
тұрғындар),
планктон (пассивті жүзушілер) және нектонға (активті жүзушілер)
бӛлінеді. Ӛсімдік дүниесінің 10 мың түрі бар, олар, негізінен,
жарық жақсы түсетін 200 – 300 м тереңдіктегі қабаттарда
таралған. Жануарлар дүниесі түрлерінің саны 150 мыңдай.
Мұхитта планетадағы тіршілік иелерінің 4/5-і мекендейді.
Түрлердің саны экваторлық аймақтан полюстерге және тереңдікке
қарай кеми береді. Мұхит құрамында белок мӛлшері кӛп азық-түлік
ӛнімдерінің (балық, моллюскілер, бақалшақтар, сүт қоректілер,
балдырлар, т.б.) маңызды кӛзі, ол адамдарға қажетті белоктың 20%-
ын береді.
МҦХИТ ГЕОХИМИЯСЫ – геохимияның мұхит суындағы және
шӛгінділеріндегі химиялық элементтердің концентрациясы мен
шашырау заңдылықтарын, мұхит суларының тұз массасы
құрамының қалыптасуын, мұхиттың химиялық эволюциясын
зерттейтін
саласы.
Негізгі
мақсаты
мұхит
суы
құрамындағы элементтерді зерттеу. Мұхит суы құрамы литосфера,
биосфера және гидросфера арасындағы элемент алмасу мен ұзақ
айналымның бір бӛлігі болып қарастырылады. Мұхиттың
тұздылығы кембрий дәуірінен бастап қазірге дейін ӛзгермеген.
Бір литрінде 34 – 35 г-дай тұз болады. Қалыңд. ондаған немесе
жүздеген метр мұхит суының жоғарғы қабатының тұздылығы
біртекті, тӛменгі қабатында тұздылығы түрліше. Мұхит суының
тұздылығы қосылған ӛзеннен, жалғасқан теңіз суларынан әкелінген
шӛгінділерден, еріген мұздықтар мен мұзтаулардан ендіктерде
жоғары, салқын ағыстар мен
біраз тӛмендейді, ал буланудан –
ӛседі.
Тұздылық
шамасы
жылы
ағыстар
мен
20
–
30 экватор аумағында
тӛмен. Мұхит сулары массасындағы
элементтердің
жинақталуы
олардың
таралу
мӛлш.
мен
қосылыстарының
ерігіштігіне
байланысты;
мұхит
суы
катиондарының иондық потенциалы тӛмен, ал аниондарынікі –
жоғары келеді. Оңай еритін қосылыстар суды қанықтырады, ал
қиын еритіндері мұхит түбіндегі тұнбаларда жиналады. Мұхит
сулары массасындағы түпкі шӛгінділер, құрамы әр түрлі
ерітінділер, органик. заттар, газдар арасында тепе-теңдік орнаған.
Мұхит сулары негізгі, түптік, лайлық болып ажыратылады. Түптік
суларда оттек аз, бірақ кӛмірқышқыл газы, метан, күкірттісутек
мол. Кремний, аллюминий, темір, т.б. жер қыртысында кӛп
таралған элементтер мұхит суларында ӛте аз, ал хлор мен бром кӛп.
Жер қыртысына қарағанда мұхит суында бор 260, хлор 670, күкірт
290 есе жоғары. Мұхит суындағы бос күйдегі оттек организм
түрлерінің таралуын, тотығу, тотықсыздану реакцияларын реттейді,
геохимиялық
процестерді
түсінуге
мүмкіндік
береді.
Катиондарының қосындысы Cl–, сияқты күшті қышқыл
аниондарының қосындысынан артық болуынан ―сілтілік қор‖
құрылады. Мұхит тереңінде тотықсыздану реакциясы басым
болады. Кӛміртегі (ІV) оксиді және сульфаттарды ажыратушы
бактериялардың қатысуымен органик. заттардағы күкірт қышқылы
тұздарының ыдырауынан күкіртсутек (H2S) түзіледі. H2S газы тірі
организмдерге зиянды әсер етеді. Мыс., Қара теңіз суының терең
қабаттарындағы H2S мол болғандықтан Каспий теңізіне қарағанда
органикалық дүниесі тапшы. температура тӛмендеген сайын СО2-
ның ерігіштігі артатындықтан, карбонатты шӛгінділер жылы
суларда жиылады, ал суық суларда олар тұнбайды. Жер
қыртысындағы бромның 75%-ы мұхит суларында. P, N, Sі сияқты
элементтер геохимиясы үшін организмдердің тіршілік әрекетінің
мәні зор.
МҦХИТ ЛАСТАНУЫ, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы –
адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи
процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың ӛте кӛп мӛлшерде
жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың ӛзін-ӛзі тазарту
мүмкіншілігінің тӛмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің
құрып кетуіне немесе шектен тыс кӛбеюіне алып келеді.
Мысалы,теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым кӛбейіп кетуінен
Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде ―тікенді
шеңбер‖ қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе
мұнай ӛнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера
арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның
салдарынан Жер атмосферасындағы
газ
қоспаларының
концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық
аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе
энергияның тікелей не жанамажолмен түсуі теңіз биотасының
дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай
тірі организмдер мен адамныңденсаулығына қауіп тӛндіреді.
МҦХИТ
ТҤБІ — литосфераның дүниежүзілік
мұхит суымен
кӛмкерілген беткі жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан
ірі-ірі тӛрт бӛлікке бӛлінеді: материкке таяу саяз ӛңірлер; ауыспалы
(материктен мұхитқа) белдем; мұхит тӛсеніші; орталық-мұхиттық
жоталар.
МҦХИТ ШАРАСЫ – Дүниежүзілік мұхит түбі бедерінің және
геологиялық
құрылымының
басты
элементтерінің
бірі.
Мұхиттың абиссаль белдемін қамтиды, жер бетінің ең тӛменгі
гипсометрлік деңгейін (орташа тереңдігі – 4000 м, ең терең жері –
7000 м) алып жатыр. Мұхит шарасының аум. 185 млн. км2-ден
астам; бұл – Дүниежүзілік мұхит түбінің 50%-ы. Мұхит шарасы
бедерінің аса ірі элементі – мұхит шұңғымасы (орташа тереңдігі
5000 м). Шұңғыма түбінің 80%-ы – тӛбелі, абиссаль бедерлі аймақ,
қалған бӛлігі – құрлықтар етегіне ұласатын, тегіс және кӛлбеулене
келген абиссаль жазықтар. Мұхит шарасының жоталық жер бедері
негізінен күмбез тәріздес, мұхит кӛтерілімдерінен құралады. Кейбір
су астындағы жоталардан жанартаулар тізбегі кездеседі. Тропиктік
айдындардағы мұхит жоталарының шыңдарына теңіз маржандары
шоғырланады да, бірте-бірте шағын аралдарға айналады. Кӛлемді
аймақты қамтитын, беті тегістелген кӛтерілімдер мұхиттық үстірт,
терең сулы науаларды қоршап жатқан ӛңірлер шеткі жондар деп
аталады. Мұхит шарасы бедерінен жер қабығының мыңдаған км-ге
созылған ірі жарылыстарын (мысалы, Тынық мұхиттың солтүстік-
шығыс шұңғымасындағы субендіктік жарылыстар жүйесі) байқауға
болады;
МҦХИТТАҒЫ ДИВЕРГЕНЦИЯ БЕЛДЕМІ – Дүниежүзілік
Мұхиттың беткі ағыстарының таралу аймағы. Су бетіндегі жел
ағыстарының жылдамдығының және су тығыздығының бір
қалыпты таралмауы салдарынан қалыптасады. Циклондық
циркуляция аймағында, желжәне су ағыстарының қарама-қарсы
бағытқа шұғыл ӛзгеру аудандарында анық байқалады. Тереңнен
кӛтерілетін ағыстар әсерінен Мұхиттағы дивергенция белдемінде
жоғарғы қабат сулары қоректік заттары мол қабаттармен
байытылып (биологиялық ӛнімділіктің жоғарылауына әсер етеді)
отырады; бұл белдемдер – балық кәсіпшілігіне ӛнімді мол беретін
аудан. Дивергенцияның тұрақты белдемдері мұхиттардың
қоңыржай және субтропиктік ендіктерінің шығыс бӛліктері болып
есептеледі;
МҦХИТТАҒЫ КОНВЕРГЕНЦИЯ БЕЛДЕМІ – Дүниежүзілік
мұхит суының беткі қабаттарының араласу аймағы. Мұхит
бетіндегі ауа ағыстары мен су тығыздықтарының біркелкі
таралмауларынан дамиды. Негізінен жылы және суық сулардың
тоғысқан жерлерінде қалыптасады. Конвергенциялық белдемде су
тығыздығының қалыпты жағдайларда таралмауы салдарынан беткі
қабаттарда антициклондық және циклондық ағыс айналыстары
дамиды. Антициклондық айналыста судың қарқынды араласуы мен
тӛмен қарай ығысуы қалыптасса, циклондық айналыстарда мұхит
бетіне шығатын тереңнен кӛтерілу ағыстары дамиды. Осыған
байланысты бұл белдемде жоғарғы биологиялық ӛнімділік
жағдайлары қалыптасады. Дүниежүзілік мұхитты негізгі 4 тұрақты
конвергенц. белдемге ажыратуға болады: солтүстік, оңтүстік
субполюстік және солтүстік, оңтүстік субтропиктік белдемдер.
Мұхиттағы конвергенция белдемі мұхит табиғатының маңызды
элементі, себебі тӛмен ығысатын сулар мұхиттың терең қабатын
жылытады
және оттекпен байытып
отырады.
Мұхиттағы
конвергенция белдемінде 100 – 150 м-ден астам тереңдіктегі су
қабаттарының барлық негізгі гидролог. белгілері қалыптасады.
Мұхиттағы конвергенция белдемі неғұрлым жоғары ендіктерде
орналасса, судың температурасы соғұрлым тӛмендеп, тұнатын
судың тығыздығы жоғарылайды, ол мұхиттың терең қабаттарын
қамтиды;
МҦХИТТАНУ , океанология – Дүниежүзілік мұхиттағы табиғи
процестерді зерттейтін ғылым. Мұхиттану Дүниежүзілік мұхитты
гидросфераның бір бӛлігі ретінде әрі физиялық, химиялық,
геологиялық, биологиялық т.б. процестер бір-бірімен ӛзара күрделі
байланыста
ӛтіп
жататын
атмосферамен,
литосферамен,
құрылықтық ағын сулармен әрекеттесетін біртұтас планетааралық
табиғи нысан ретінде қарастырады. Мұхиттанудың басты мәселесі
– мұхит табиғаты заңдылықтарының біртұтастығын анықтау. Оны
танудың методол. негізі – мұхит суындағы, сондай-ақ сулар мен
оларға шектесіп жатқан орта арасындағы трансформацияны,
энергия және зат алмасуды зерттейді. Мұхиттану судың тереңдігін,
температурасын, тұздылығын, ағысын, толқынын, түсін және
мӛлдірлігін, мұхит суы құрамындағы химиялық заттар мен олардың
қосылыстарының мӛлшерін, әр түрлі биологиялық және басқа да
кӛрсеткіштерді ӛлшеудің нақты мәліметтеріне, физиканың,
математиканың,
химияның,
биологияның
теориялық
тұжырымдарына сүйенеді, жүйелі талдау әдісін қолданады,
электронды-есептеу техникасын пайдаланады. Мұхиттанудың
маңызды қолданбалы мәселесі – халық шаруашылығының теңіздік
салаларын ғылымның соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ету,
мұхиттың
астында
және
үстінде
жүзетін
кемелердің
қауіпсіздігіне кепілдік
беру,
судың
және
мұхит
түбінің
биологиялық шикізат қорларын пайдалану, ауа райын болжауды
жетілдірудің әдістері, т.б. Мұхиттану бірнеше бағытты біріктіретін
кешенді ғылым, оның әрқайсысы мұхит табиғатының белгілі бір
құбылыстарын зерттейді. Мұхит пен теңіз суларындағы физикалық
процестерді
мұхит
пен
атмосфераның
ӛзара
әсерлесу
заңдылықтарын қарастырады. Химиялық мұхиттану (мұхит
химиясы) Дүниежүзілік мұхит суының химиялық қасиетін,
құрамын, физикалық-химиялық процестерін зерттейді. Мұхит
геологиясы (теңіз геологиясы) Дүниежүзілік мұхит түбі мен
қойнауындағы ӛтетін геологиялық, геофизикалық, геохимиялық
процестерді және сонымен байланысты мұхит пен теңіздегі кен
байлықтарының пайда болуының заңдылықтарын, мұхит пен
теңіздің жағалық белдемінің геологиясы мен геоморфологиясын
зерттейді. биологиялық Мұхиттану (мұхит биологиясы) мұхит пен
теңіздің
жануарлар
мен ӛсімдіктер дүниесін,
онда
ӛтетін
биологиялық процестерді қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |