Метеорологиялық-климатологиялық энциклопедия



Pdf көрінісі
бет24/33
Дата27.01.2017
өлшемі4,63 Mb.
#2844
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33

ПАМИР [ежелгі  парсы  Па-и-михр  –  Митраның  (Күн  құдайының) 
етегі]  –  Орталық  Азияның  оңтүстігіндегі  тау  жүйесі.  Негізінен 
Тәжікстан  жерінде,  шығыс  және  оңтүстік  бӛліктері  Қытай  мен 
Ауғанстан мемлекеттері аумағында орналасқан. Солтүстігінде Алай 
сырты  жотасымен,  оңтүстігінде  Зоркӛл,  Памир  және  Пяндж 
ӛзендерімен,  батысында  Пяндждің  меридиан  бағытындағы, 
шығысында  Сарыкӛл  жотасымен  шектеседі.  Жерорта  теңізі 
геосинклиналінің  кайнозой  қатпарлығында  түзілген.  Тау  түзілу 
қазіргі  кезде  де  жалғасуда  (8  –  9  баллдық  жер  сілкінісі).  Жер 
бедерінің  сипатына  қарай  Памир Батыс және Шығыс бӛліктерге 
бӛлінеді.Батыс Памир биіктігі 6000 м-ден асатын биік жоталардан 
(Ғылым Академиясы, Дарваза,Бірінші Петр, т.б.), мұздықтардан (ең 
ірісі  – Федченко  мұздығы,  ұзындығы 77  км)  және  терең  ӛзен 
шатқалдарынан тұрады. 

 
Ең биік жері – Коммунизм шыңы (7495 м). 
Шығыс  Памир –  биіктігі  орташа  таулы  ӛлке;  жер  беті  ежелгі  тау 
жыныстарының  үгілуінен  тегістелген.  Жұмыр  тау  жоталарын 
(Сарыкӛл, Мұзкӛл, 
т.б.) 
кең 
аңғарлар 
мен 
түбі 
тегіс 
қазаншұңқырлар бӛледі. 

 
Климаты биіктаулыққатаң.  Шығыс  Памирде  қаңтардың 
орташа  температурасы  –18ӘС,  шілдеде 14ӘСБатыс  Памирде  
қаңтарда 7ӘС, шілдеде 22ӘС

 
Жылдық  жауын-шашын  мӛлшесі  батысында 90  –  250 мм, 
шығысында 60 – 120 мм. 

 
Памир  ӛзендерінің  кӛпшілігі  Әмудария  алабына  жатады. 
Негізгі  ӛзені  – Пяндж.  Пяндждің  салалары:   Гунт,   Шахдара, 
 Бартанг, т.б. 

 
 Ірі кӛлдері: Қаракӛл, Шоркӛл, Сарез, Зоркӛл, Жасылкӛл. 
Шығыс  Памирде биіктаулық суық шӛл басым (теріскен, жусан, т.б. 
ӛседі).  Батыс  Памирдегі  аңғарларда  шӛл  ландшафттары  тау 
беткейінде  шӛлейтке,  одан  жоғарыда  тау  даласына  ӛтеді.  Биік 

таулы  ӛңірдің  солтүстігінде  тау  шалғыны  мен  шалғынды  дала 
тараған. 
Оңтүстігінде 
неғұрлым 
құрғақшылық 
жағдайда 
криофилдік  (суыққа  тӛзімді)  аласа  шӛптер  мен шала  бұталар, 
ішінара альпілік ӛсімдіктер ӛседі. Ӛзен бойларында ағашты-бұталы 
тоғайлар (тал, қайың,  арша) ұшырасады. Суармалы алқаптарында  
жүзім,   грек  жаңғағы,   алмұрт, алма ӛсіріледі.  Кен  байлықтарынан  
тау хрусталі,сирек металдар, сынап, боксит, т.б. кен орындары бар. 
ПИРАНОМЕТР  -  горизонталь  беткейге  келетін  шашыранды  (D), 
жиынтық радиацияны (Q) және жер бетінен шағылған радиацияны 
(R
к
)  ӛлшеу  үшін  термоэлектрлік  принометр  қолданылады. 
Шағылған  радиацияны  ӛлшеу  үшін  пиранометрдің  қабылдағышы 
тӛмен  жерге  қаратылады  (оны  альбедометр  деп  атайды). 
Пиранометрдің  қабылдағыш  элементі  ретінде  манганин  мен 
константан  ленталарынан  тұратын  термо-батарея  қолданылады. 
Термо-батареяның 
беті 
шахмат 
тақтасы 
сияқты 
ақ-қара 
квадраттарға  бӛлінген.  Термобатареяның  тақ  спаялары  ақ 
магнезиямен,  жұп  спаялары  қара  күйемен  боялған.  Күйе  мен 
магнезияның  сәуле  жұту  мүмкіндігі  әртүрлі  болғандықтан  (98% 
және  15%)  спаялардың  температуралары  да  әртүрлі  болады, 
сондықтан термобатарея тоқ ӛндіреді.  
ПОПУЛЯЦИЯ (латын тілінде populus — халық, тұрғын халық) — 
белгілі бір кеңістікте генетикалық жүйе түзетін, бір түрге жататын 
және  кӛбею  арқылы  ӛзін-ӛзі  жаңғыртып  отыратын  организмдер 
тобы.  Осы  топтың  популяция  болып  есептелуі  үшін: тарихи 
қалыптасқан  ареалы және  үздіксіз  ӛзгеріп  тұратын  сыртқы  орта 
жағдайында ӛзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; 
сол  түрдің  ӛзге  топтарынан  қандай  да  бір табиғи  кедергілермен 
ажыратылып  тұруы; бір  немесе  бірнеше  экожүйенің  құрамына 
кіріп,  олардағы зат  алмасу,  энергия  тасымалдау  процестеріне 
қатысуы  тиіс.  Әр  популяция  ӛзіне  ғана  тән  статиктикалық 
сипаттамалары  (саны,  тығыздығы,  ареалы,  орналасуы,  жас 
ерекшелігі,  жыныстық  құрамы)  және  динамикалық  сипаттамалары 
(саны  мен  тығыздығының  уақытқа  қатысты  ӛзгеруі)  бойынша 
ерекшеленеді.  Популяцияның  статиктикалық  сипаттамалары 
популяцияның  белгілі  бір  сәттегі  күйін  кӛрсетіп,  ӛлшеу,  санау 
арқылы  қысқа  мерзімде  анықталады.  Популяцияның  динамикалық 
сипатамаларын  анықтау  ұзақ  мерзімді  (бір  ұрпақ  жаңаратындай) 
қажет  етеді.  Популяция  санының  динамикасы  белгілі  бір  уақыт 
аралығындағы  тірі  организмдердің  ӛмірге  келуі  мен  ӛлімі 

кӛрсеткіштерінің  ара  салмағы  бойынша  анықталады.  Сондай-ақ, 
популяция  санының  ӛзгеруіне   иммиграция   және   эмиграция  
процестері    де  әсер  етеді.  Популяция  саны  ӛсуінің  біртіндеп 
тежелуі  логистикалық  теңдеу  арқылы  ӛрнектеледі.  Әдетте, 
жануарлар мен ӛсімдіктер популяциясының саны біршама тұрақты 
болғанымен, 
олар 
әлсін-әлсін 
күрт 
ӛзгеріп 
отырады 
(мысалы, тоқалтіс 
тышқандар,  
леммингтер, 
т.б.). 
Кейбір 
жануарлардың 
(шегіртке, бӛкендер, 
т.б.) 
санының 
немесе 
тығыздығының  қауырт  ӛсуі  олардың  қоныс  аударуына  әкеледі. 
Жануарлар популяцияларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-
құлықтық  (аумағын  белгілеу,  қору,  кӛші-қон),  физиологиялық 
механизмдер 
арқылы 
(гормондар 
қызметі, 
стресс) 
және 
популяцияның генетикалық құрылымының ӛзгеруі арқылы реттеліп 
отырады.  Топтық  бірігу  ретіндегі  популяция  ӛзіне  ғана  тән 
қасиеттермен  қатар  әрбір  жеке дарақтардың ӛзіне  тән  қасиеттерге 
де  ие.  Топтық  ерекшеліктер  дегеніміз  -  бұл  популяциялардың 
негізгі сипаты. Оған мыналар жатады: 

 
1) жалпы есебі (сан) - болінген аумақтағы дарақтардьщ жалпы 
саны; 

 
2) тығыздық -  популяция  мекендеген  кеңістіктің  ауданына 
немесе кӛлеміне келетін дарақтардың орташа саны; 

 
3)  ӛсімталдық  -  кебею  нәтижесінде  уақыт  бірлігінде  пайда 
болған жаңа дарақтар саны

 
4)  ӛлім-жітім  -  белгілі  уақыттың  бір  бӛлігінде  дарақтар 
популяциясында ӛлгендердің мӛлшерін кӛрсететін кӛрсеткіш; 

 
5) популяция  ӛсімі -  туу  мен  ӛлім-жітім  арасындағы  айырма; 
ӛсімнің пайдалы да, пайдасыз да болуы мүмкін; 

 
6) ӛсу қарқыны - уақыт бірлігіндегі орташа ӛсім; 

 
7)  жыныстық  құрам  —  берілген  популяциядағы  еркек  және 
әйел жынысты дарақтар арақатынасы

 
8) жас құрамы - бұл дарақтарды жасы бойынша бӛліп тарату.  
Популяция  терминін  1903  ж. Дания биологы В.Иогансен (1857  — 
1927)  енгізді.  Эволюция  заңдылықтарын,  түрлердің  пайда  болуын 
зерттейтін  ғалымдар  популяцияны  микроэволюциялық  процестің 
ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар популяцияны түр 
аралық әсерлесу мен ӛнімділік тұрғысынан зерттейді. Популяцияны 
зерттеудегі 
микроэволюциялық, 
генетикалық, 
экологиялық 
бағыттарды біріктіретін биологияның жаңа саласы — популяциялық 
биология қалыптасты. Жойылып кету қаупі тӛнген түрлерді сақтап 

қалу,  зиянды  түрлердің  санын  тежеу,  экожүйе  құрамына  жаңа 
түрлерді  енгізуде  (интродукция)  популяцияны  зерттеудің  маңызы 
зор. 
ПАРАЛЛЕЛЬ  ПРОЕКЦИЯ –  бұйымның   ӛзара   параллель  
проекциялаушы  түзулердің кӛмегімен тұрғызылған жазықтықтағы 
кескіні.  Нүктенің  параллель  проекциясы  деп  осы  нүкте  арқылы 
ӛтетін және проекциялау бағыты болатын түзуге параллель түзудің 
проекциялар  жазықтығымен қиылысу  нүктесін айтады.  Параллель 
түзулердің  параллель  проекциялары  да  параллель  орналасады.  Бір 
түзудің 
немесе 
параллель 
түзулердің 
бойынан 
алынған кесінділердің қатынасы сақталады.  
ПАССАТ (нем. Passat, ис. viento  de  pasada —  кӛшкенге  қолайлы 
жел) — Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және 
экваторлық 
ендіктерінде 
субтропиктік 
жоғары 
қысымды 
аймақтардан  экваторға  қарай  жыл  бойы  соғатын  тұрақты  желдер; 
Солтүстік  пен  Оңтүстік  жарты  шарларда  субтропиктік  жоғарғы 
қысымды  облыстардан  экваторға  қарай  соғып  тұратын  тұрақты 
желдер;  қос  жарты  шардағы  субтропиктік  жоғарғы  қысым  аймағы 
(25  градус  —  30  градус  ендіктер)  мен экватор арасындағы  жыл 
бойы байқалатын тұрақты түрдегіауа массаларының тасымалдануы.  
Жер  бетіңе  жақын  ауа  қабатыңда  үйкелу  мен Кориолис 
күшінің әрекетінен,  Солтүстік  жарты  шарда  Солтүстік-Шығыс 
желі,  ал  Оңтүстік  жарты  шарда  —  Оңтүстік-Шығыс  желі 
қалыптасады.  Жердің  ӛз  ӛсімен  айналуының  әсерінен  ӛзінің 
алғашқы  бағытынан  бұрылып,  Солтүстік  жарты  шарда  солтүстік-
шығыс,  Оңтүстік  жарты  шарда  оңтүстік-шығыс  пассат  желдері 
басым  болады.  Пассаттар  мұхиттардың  үстінде  (әсіресе  Тынық 
және  Атлант  мұхиттарында)  тұрақты  және  айқын  байқалады. 
Материктердің 
үстінде 
атмосфера 
қысымының 
жергілікті 
ерекшелігіне  байланысты  оншалық  байқалмайды.  Пассаттарда 
қозғалатын  ауа  қабатының  қалыңдығы  субтропиктік  жоғары 
қысымды ӛңірде (25-30° ендіктер) 1—2 км құраса, экватор маңында 
бүкіл  тропосфера  қабатын  қамтиды.  Одан  жоғарыда  жел  қарама-
қарсы  бағытта  соғады  (қ.  Антипассат).  Пассаттар  атмосфераның 
жалпы циркуляциясы жүйесіне кіреді. 
ПЕТРОГРАФИЯ —  Тау  жыныстарын  олардың  минералогиялық 
және  химиялық  құрамы,  текстурасы,  структурасы  және  жатыс 
жағдайларының  тұрғысынан  зерттейтін  ғылым.  Тау  жыныстарын 
олардың пайда болу тұрғысынан петрология ғылымы зерттейді.
[1]
 

Шӛгінді  тау  жыныстарын зерттеумен  ӛз  алдына  ерекше  ғылым  —
 литология айналысады. 
[ӛңдеу]Тармақтар 
Петрографиялық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі: 
1.
 
магмалық тау жыныстар Петрографиясы; 
2.
 
шӛгінді тау жыныстар Петрографиясы,; 
3.
 
метаморфтық тау жыныстар Петрографиясы. 
Олардан 
басқа 
Петрографияның 
жасанды 
материалдарды 
(қож, фарфор,  цемент, шыны,  керамика, тасқұйма,  т.б.)  зерттейтін 
саласы  техникалық  Петрография.  Петрография  ғылымының  негізі 
—  минералдар,  ал  Петрографияның  негізінде   кен  геологиясы,  
петрология, 
литология, инжинериялық 
геология, 
геология-
геофизика іздеу, барлау, картаға түсіру, аймақтық геология, мұнай-
газ геологиясы, геотектоника, петрофизика, т.б. геология салалары 
бӛлініп  шықты.  Литологиядан  басқа,  петрографияның  тағы 
мынадай тармақтарын атауға болады: 

 
Эксперименталды петрография; 

 
Техникалық петрография; 

 
Петрохимия. 
Эксперименталды  петрография тау  жыныстарын  зертханада 
жасанды  түрде  түзу  арқылы  зерттейді.  Кейбір  жағдайларда  даулы 
мәселелерді  тек  эксперимент  ӛткізу  арқылы  ғана  шешуге  болады. 
Мысалы,  плагиоклаздар  құрамы  бойынша  бұрын  ойланғандай, 
альбит 
пен 
анортиттің 
қосындысы 
емес 
(қосындылары 
болса, олигоклаз, андезин, лабрадор сияқты  минералдар  болар  еді), 
осы  екі  бӛліктің  қатты  күйдегі  үздіксіз  ерітіндісі  екендігі  осы 
эксперимент арқылы дәлелденді. 
Техникалық  петрография металлургиялық,  керамикалық,  т.б. 
ӛндірістерде  жасалатын  жасанды  тастардың  қасиеттерін  зерттеп, 
оның жаңа түрлерін жобалаумен айналысады. 
Петрохимия саласының  негізін  қалаған  —  Магмалық  тау 
жыныстарының химиялық құрамының негізгі заңдылықтарын және 
солардыңметаморфизм барысында 
ӛзгеруін 
зерттейді. 
Петрохимияның негізін қалаған — академик А. Н. Заварицкий. 
Тау  жыныстары  бір  немесе  бірнеше  минералдан  құралып, жер 
қыртысының үлкен  аймақтарын  алып  жатады.  Оларға  химиялық 
құрамының және минералогиялық структурасы мен текстурасының 
тұрақтылығы  тән.  Тау  жыныстарының  жатыс  жағдайлары  да 
жүйелі  болып  келеді.  Осылайша  петрография  барлық  геологиялық 

ғылымдармен,  соның  ішінде  минералогиямен  тығыз  байланысты. 
Зерттеу  нысаны  қорытпалар,  яғни  ерітінділер  болғандықтан 
петрография физикалық химиямен де ұштасады. 
ПЕТРОЛОГИЯ (грек. petros — тас, logos — ілім)  —  эндогендік 
(магмалық  және  метаморфтық)  тау  жыныстарының  құрамын, 
құрылысын,  геологиялық  ерекшеліктерін  және  жаратылысын 
зерттейтін  ғылым.  Петрологиялық  зерттеулердің  негізі —  тау 
жыныстарының минералдық, химиялық құрамы, бітімі, құрылымы, 
жатыс  пішіні,  жасы,  басқа  тау  жыныстарымен  қарым-қатынасы 
болып  табылады.  Петрология  пайдалы  қазбалар  туралы 
іліммен, тектоникамен, 
минералогиямен 
тығыз 
байланысты. 
Петрологияның петрофизика, петрохимия,петротектоника, 
физикалық  және тәжірибелік Петрология, техникалық Петрология, 
ғарыштық  Петрология  сияқты  тараулары  бар.  Петрологияда  тау 
жыныстарына 
құрылымдық, 
петрохимиялық, 
физикалық-
химиялық, термодинамик., т.б. талдаулар жасалады. Осындай жан-
жақты зерттеу нәтижесінде магмалардың қалыптасуы, эволюциясы, 
басқа  тау  жыныстарына  әсері,  эндогендік  жыныстардың 
қалыптасуының  термодинамик.  жағдайы,  флюидтердің  рӛлі, 
олармен химиялық элементтердің тасымалдануы және бастапқы тау 
жыныстарының  құрамы  анықталады.  Петрология  магматизм  мен 
метаморфизм процестеріндегі жеке аймақтардың геологиялық даму 
тарихын,  жер  қыртысының  қалыптасу  заңдылықтарын,  басқа 
геологиялық процестермен ӛзара байланысын анықтауға мүмкіндік 
туғызады. 
ПЕТРОФИЗИКА — петрология ғылымының  тау  жыныстарының 
физикалық  қасиеттерін,  құрамын,  құрылымын  зерттейтін  саласы. 
―Петрофизика‖  терминін  ғылымға  1953  жылы  неміс  геофизигі 
Ф.Фрелих  енгізген.  Петрофизика  қатты  денелер  физикасы, 
эксперименттікпетрография, 
эксперименттік 
минералогия, 
инжинериялық геология, тектоника,  пайдалы  қазбалар  ілімдерімен 
тығыз  байланысты;  тау  жыныстарының  физикалық  қасиеттері 
(тығыздық,  кеуектілік,  серпімділік,  эл.,  магниттілік,  т.б.)  мен 
құрамын  зерттейді.  Зерттеу  нәтижесінде  алынған  Петрофизикалық 
мәліметтер,  жасалған  карталар  тау  жыныстарының  түзілу  кезі  мен 
кейінгі 
ӛзгерістерін 
және 
кен 
орындарының 
орналасу 
заңдылықтарын  анықтап,  инжинериялық-геология  міндеттерді 
орындауға мүмкіндік береді. Петрофизика сейсмологияда тереңдегі 
сейсмик. ӛзгерістерді танып-білуге де қолданылады. 

Планшет (фр. planchette тақтайша) — 
1.
 
топографиялық суретке,  түсіруге  арналған  аспаптар 
жиынтығына кіретін тегіс тӛрт бұрышты ағаш тақта және тақтаны 
үш аяқты мосыға бекітуге арналған құрылғы
2.
 
Далалық 
топографиялық 
суретке 
түсіру 
кезіндегі карта бетінің түпнұсқасы; 
3.
 
Графикалық  сызбалар мен  олар  бойынша  есептеулер 
жүргізуге арналған тендес кӛрсеткішпен қосылатын сызық торлары 
баргеографиялық карта (сызба қағазының парағы) бекітілген тақта. 
Бұлар артиллериялық  атыс,  гидрографикалық  жұмыстар  жүргізуде 
және басқа жағдайларда қолданылады
4.
 
Әуедегі 
және 
теңіздегі 
жағдайларды 
суреттеуге, маневр жасау 
міндеттерін 
орындауға, 
нысананы 
кӛрсетіп  беруге  және  т.б.  арналған әскери-теңіз  флоты (ӘТФ) 
және әуе шабуылына  қарсы  қорғаныс  (ӘШҚҚ)  авиацияларындағы 
басшылық  пункттерінің  жауынгерлік-ақпараттық  постарындағы 
арнайы  құрылғы.  Координаттың  тік  бұрышты  немесе  полярлы 
жүйесінде  орындалған  ашық  (мӛлдір)  негізді координаталық 
тор оның  құрама  бӛлігі  болып  табылады.  Бұл  құрылғылар 
механикаландырылған немесе автоматтандырылған болуы мүмкін. 
ПЛАТФОРМА (фр. plate – жайпақ, forme — форма) — геологияда 
қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі 
жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шӛгінді тыстан 
тұратын  жер  қыртысының  кең  ауқымды  атырабы.  Жер  бетінде 
іргетастық  кӛрініс  беретін  бӛліктерді  қалқандар  дейді.  Шӛгінді 
тыспен  кӛмкерілген  тұстарын  тақта  деп  атайды.  Архей  мен 
протерозойда  қалыптасқан  ежелгі  платформа  (Шығыс  Еуропа, 
Сібір)  және  ігретасы  палеозой  мен  мезозой  тау  жыныстарьшан 
құралған  жас  платформа  (Батыс  Сібір,  Скиф,  Тұран)  деп 
ажыратылады;  кристалды  тақтатастардан,  гнейстерден,  эффузивті 
жыныстардан  және  тағы  басқалар.  күшті  метаморфозданған 
архейлік  жыныстардан  құралған  жер  қабығының  кӛлемді  берік 
алабы.  Ол  тек  эпейрогендік  қозғалысқа  ғана  ұшырап,  не  жоғары 
кӛтеріліп,  не  тӛмен  түсуі  мүмкін.  Тӛмен  түскен  жағдайда 
платформаның  үстін  горизонтальды  теңіз  шӛгінділері  жабады. 
Сонымен,  метаморфозды  жыныстар  не  жер  бетінде,  не  ертеде 
шӛгінді 
жыныстармен 
жабылған 
тереңдіктерде 
кездеседі. 
Сондықтан платформаға ӛзінің фундаменті мен оны жауып жатқан 
шӛгінді  жыныстар  құрамдарының  бір-біріне  түгелдей  ұқсамауы 

және  шӛгінді  жыныстардың  бұзылмай  қабатталып  жатуы  тән. 
Мысалға  Орыс  платформасы  мен  Батыс  Сибирь  ойпатын  алуға 
болады.  Қазақстанда  оған  Торғай  даласы  мен  Ертіс  бойы  жатуы 
мүмкін. Платформа  — баяу тектоникалық режиммен сипатталатын 
литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. Платформалар 
жылжымалы және тұрақты болып бӛлінеді. Платформаның ауданы 
млн-даған  км2,  пішіні  изомерлі,  полигонды  болып  келеді. 
Платформа  терминін  алғаш  1932  ж.  А.Архангельский  (1879  — 
1940)  қолданған.  Платформалар  тысының  қалыптасуы  кезінде 
тӛменгі протерозой мен палеозойдың басында режим басым болды, 
карбонаттық  шӛгінділер  жиылды,  негізді  және  ультранегізді 
интрузиялар  дамыды.Мезозойдың соңы  мен  кайнозойдың  басында 
Платформаларда  шӛгінді  жиылу  аймақтары  күрт  қысқарып,  күшті 
тектоник.  қозғалыстар  болуының  салдарынан  ірі  кӛтерілімдер  мен 
терең  ойыстар  (Каспий  маңы, Вилюй,  т.б.)  жаралды.  Іргетастың 
жасына  байланысты  Платформалар кӛне және жас деп  бӛлінеді. 
Кӛне  Платформалардың  (Шығыс  Еуропа,  Сібір,  Солтүстік 
Америка,  Оңтүстік  Қытай,  Үндістан,  Австралия,  Африка-Арабия, 
т.б.)  іргетасы  кембрийге  дейінгі  тау  жыныстардан,  ал  жас 
Платформалар  (Батыс  Сібір,  Солтүстік  Қазақстан,  Торғай  ойпаңы, 
Кавказ  алды,  Батыс  Еуропа)  жарылыстары  мен  гранит 
интрузиялары  аз,  метаморфизмі  баяу  палеозой,  кейде  жоғары 
кембрий  тау  жыныстарынан  құралған  (қ.  карта).  Платформа  екі 
құрылымдық 
қабаттан: 
метаморфталған 
шӛгінді 
және 
жанартаутекті  формациялар  құратын  іргетас  пен  Платформа  тысы 
деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 
—  4  км)  тұрады.  Мұндағы  тау  жыныстары  жайпақ  тасты  және 
ӛлшемдері  әр  түрлі  кӛптеген  Платформалық  құрылымдармен 
күрделіленген.  Кей  жерлерде  жас  Платформаларда  кең  таралатын 
территекті  және  жанартаутекті  тау  жыныстары  дамыған,  іргетас 
пен тыс аралығында болатын ӛтпелі құрылымдық қабат кездеседі. 
Платформаларда  магмалық  әрекет  геосинклиндерге  қарағанда 
нашар, магматизм ӛнімдері біркелкі, негізінен базальт магмасының 
туындыларынан 
тұрады. 
Платформалар 
ауқымындағы 
гравитациялық  аномалиялардың  амплитудасы  мен  градиенті  аз 
мӛлшерде  болады.  Платформалардың  сейсмикаық  белсенділігі 
тӛмен,  тек  ірі  жарылымдар  мен  геосинклиндерге  жақын  жерде 
жоғарылау болады. Платформа қалқандар мен тақталардан тұрады, 
ал  олардың  құрамында  бірқатар  ұсақ  құрылымдар  болады.  Бұл 

элементтер  жер  қыртысының  қалың  қабатты  (30  —  40  км)  және 
гранитті  қабаты  бар  Платформаға  тән.  Оны  ―кӛтерілген  кратон‖, 
құрамында  гранитті  қабат  болмайтын,  қалыңд.  5  —  7  км-дей 
мұхиттық  Платформаларды  ―тӛмен  батқан  кратон‖  немесе 
―талассократон‖  деп  атайды.  Геоморфологиялық  тұрғыдан  оларға 
ойпаттар,  қайраңдар,  шамалы  кӛтерілген  жазықтар  мен  шоқылы 
алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының 
оңтүстік шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз 
бӛлігі, Батыс Сібір плитасыныңоңтүстік бӛлігі жатыр. 
ПЛАН  (лат.  planum  —  жазықтық)  —  1.  жер  бетінің  белгілі  бір 
телімін  жазықтықта  (1:10000  не  одан  да  үлкенірек  масштабпен) 
шартты  белгілердің  кӛмегімен  бейнелейтін  сызба  (топографиялық 
План);  2.  қандай  да  бір  ғимараттың  немесе  нәрсенің  горизонталь 
қимасы  немесе  оның  жоғарыдан  қарағандағы  кӛрінісі;  3. 
горизонталь проекция;  
ПЛАН ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
План элементтері –– сызбада кӛрсетілген сызықтық контурлардың, 
аудандардың,  масштабтан  тыс  объектілердің,  жазулардың  шартты 
белгілері.  План  элементтері  ӛздерінің  бейнеленуі  бойынша 
штрихтық, аялық, жартылай түсті құйылған және түрлі түсті болып 
бӛлінеді.  План  элементтері  тушьпен,  қарындашпен,  сондай-ақ 
декольдермен және темплеттермен сызылады. 
ПЛАНДАР ДӘЛДІГІ 
Пландар  дәлдігі  ––  пландағы  объектілер  орындарының  жергілікті 
жердегі  нақтылы  орындарымен  айырмашылығы 
шамасын 
сипаттайтын  ұғым.  Пландар  дәлдігі  план  бойынша  анықталған 
контурлар  орны  мен  нүктелер  биіктігі  жер  бетінде  тексеру-ӛлшеу 
нәтижелерінен 
алынған 
мәліметтер 
айырмашылығымен 
бағаланады.  Шектеулі  айырмашылық  нұсқаулармен  белгіленген 
орташа квадраттық қателіктердің екі есе шамасынан аспауы қажет. 
Шектеулі  шамадан  асатын  айырмашылық  саны  жалпы  тексеру-
ӛлшеу  санының  5%-ынан  аспауы  тиіс.  Шектеулі  айырмашылық 
саны 10%. Орташа қателіктерді есептеуге шектеулі шамадан асатын 
барлық айырмашылықтар енгізіледі.  
ПЛЮВИОГРАФ  П-2  сұйық  жауынның  мӛлшерін  үздіксіз  тіркеу 
үшін  және  оның  қарқындылыгын  анықтау  үшін  қолданылады.  Ол 
биіктігі  1,3  м  цилиндрлі  темір  қораптың  ішіне  бекітілген 
қабылдаушы  және  тіркеуші  бӛлімдерден  тұрады.  Қораптың 
жоғарғы  жағында  орналасқан,  ауданы  500  см
2
  қабылдаушы 

ыдыстың  табаны  конус  тәріздес  болып  келіп  бірнеше  су  ағатын 
тесігі болады. Жаңбыр суы ыдыстан трубка арқылы ағып қалтқылы 
камераға  құяды.  Камераның  сиымдылығы  10  мм.  Оның  ішіндегі 
қаңылтыр  қалтқы  темір  ӛзек  арқылы  сиялы  ұшы  бар  стрелкамен 
байланысады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет