Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»


Білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар



бет4/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

2 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар

«Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдемелерімен үйлесімді сабақтасады. Оқытудағы тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылады, бұл оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.


Дене шынықтыру сабақтарындағы оқу материалдарын оқытудың белсенді формалары мен әдістері. Белсенді оқыту дегеніміз, оқушының мұғалімді тыңдап қана қоймай, оқу-үйрену процесіне көбірек қатысуын талап ететін жол. Белсенді оқытудың басты белгілері – баланың танымдық белсенділігі деңгейінің қарқынды жоғарылау, тұрақты дамуы. Оқытудың белсенді формалары мен әдістері оқушылардың оқу материалын игеру кезеңдеріндегі іс-әрекеттерін ынталандырады және оқу процесін талқылау, жоспарлау, бағалау, сондай-ақ, топтық жұмыстарға белсене араласудан құралады. Дене шынықтыру бағдарламалары мұғалімді білім алушылардың дербес ерекшеліктерін ескеруге бағдарлайды:

Міндеттерді табысты шешу білім беру процесін ұйымдастыруға байланысты, онда оқытудың белсенді формалары мен әдістері шешуші орын болады. Белсенді оқыту оқу материалын игерудің барлық кезеңдеріндегі білім алушының іс-әрекеттерін ынталандырады.
Белсенді формалардың арасынан бөлінетіндер:
1. Мәселе туындататын диспуттар мен әңгіме-сұхбаттар. Сабаққа қанша бала қатысса, сонша сұрақ туындайды. Олардың «Неге?», «Неліктен?» деген сұрақтарына бірден жауап беру мүмкін емес, сондықтан оқушылардың ол сұрақ төңірегінде ойлануларын ұсынып, алдағы сабақта талқылауға болады. Денені шынықтыру жүктемелерінен босатылған білім алушылар осы мәселелер бойынша баяндама даярласа болады. Сабақтан уақытша босатылған білім алушылардың дене тәрбиесінің теориясы бойынша мәліметтер даярлауы, «орындықта отырғандардың» мәселесін сәл ғана шешеді.
2. Сұхбаттасу сабағы. Бұл теориялық сабақ. Онда жекелеген сұрақтар бойынша үй тапсырмалары немесе баяндамалар қорғалады.
3. Ақыл-кеңес беру сабағы. Бұл білім алушылардың өздік дайындықтары бойынша сұрақтарына жауап беру, белгілі бір жаттығуларды немесе кешендерді орындауға қажет жалпы және арнайы дене дайындығы бағытындағы жаттығуларды іріктеуге көмектесу сабағы.
4. Кездесу сабағы. Олимпиада ойындары, ірі халықаралық жарыстарға қатысқан спортшылармен ұйымдастырылатын кездесулер. Онда спортшылар спорт туралы, олимпиада ойындары туралы және басқа қызықты мәелелерді қарастырады.
5. Экскурсия сабағы. Ондай сабақты жеңіл атлетика манежі, түрлі спорттық кешендерге бару арқылы өткізіледі. Барып келген соң аудан және қалалардағы жеңіл атлетика манеждері және басқа да спорттық құрылымдар туралы қысқа шолу жасап шығуға болады. Ұйымдастырылатын экскурсиялар білім алушылардың қимыл-қозғалыс әрекеттерімен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
6. Жарыс сабағы. Жарыстарды оқытудың барлық кезеңдерінде қосып отыру керек. Жарыс сәттері дене сапаларының, танымдық қызығушылықтың дамуына ықпал етеді, эмоциялық көңіл-күйге оң әсер етіп, сабақтағы белсенділікті ынталандырады.
7. Диалог-сабақ. Оқу материалын бірнеше сұрақ түрінде ұсынып, білім алушылар ол сұрақтардың жауабын сабақ кезінде алуын болжайды.
Аталған сабақ түрлерінің барлығын келесі жалпы қағидалар біріктіреді:
- мұғалім мен оқушының өзара тығыз қарым-қатынасы;
- ақыл-ой қызметін жоғары деңгейде ұйымдастыру;
- дербес іс-әрекет пен ұжымдық жұмыс түрлерін үйлестіру;
- оқушыға эмоциялық тұрғыдан әсер ету деңгейін арттыру;
- таным процестеріндегі дербестік шыңы;
- жіктеп үйрету жолын іске асыруға ықпал ететін оқытудың дербес жолын қолдау;
- оқыту процесінің тиімділігін арттыру.
Нәтижесінде білім алушылардың білім сапалары жоғарылайды, білім деңгейі қалыптасады және ұзақ уақытқа сақталады, мұғалім мен оқушы арасында психологиялық-педагогикалық байланыс орнайды (мұғалімге оқытқан, оқушыға оқыған қызық болған жағдайда), дене тәрбиесімен шұғылдануға деген саналы көзқарас қалыптасады.
Дене шынықтыру сабағын сәтті оқыту үшін, мұғалімге оқыту қалай өтетін және оқыту тәжірибесін қалай жақсарту керек екендігін түсіну өте маңызды. Сондықтан, оқытудың тиімді деп саналатын келесі стратегиялары ұсынылады:

  • белсенді оқыту;

  • кері байланыс;

  • бекіту (мадақтау көмегімен білім деңгейін игеру);

  • оқыту сапасы (жіктелген оқыту тапсырмаларын жоспарлау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет