Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет7/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

Сабақтың өту барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы - шақыру
(15 мин.)

4 мин.
3 мин.


8 мин.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.
Мұғалімнің сөзі: «Біз қимыл-қозғалыс сапаларын дамытуды, сабақ тақырыбына байланысты диалогтық оқыту мен көрсету әдістері арқылы зерттеу дағдыларын дамытуды жалғастырамыз».
Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбы, оқыту мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен таныстырады.
Күтілетін нәтиже:
- оқушылар сабақтағы техникалық қауіпсіздікті көрсетеді (ой елегінен өткізу);
- оқушылар төзімділік сапасын дамытуға арналған жаттығуларды құрастырады және жұктемеден кейін қалпына ағзаны қалпына келтіруге қажет жаттығуларды іріктейді;
- оқушылар жаттығуларды құрастыра және көрсете отырып, зерттеушілік дағдыларын дамытады.
Мұғалім сабақта сақталуы керек техника қауіпсіздігі туралы ескертеді.
Мұғалім «Тек бір минут» стратегиясын жүргізеді.
Оқушылар төзімділік және күш секілді дене сапаларының адам ағзасы үшін тигізетін пайдасы туралы әңгімелейді.
Бағалау: табыс критерийлері бойынша оқушылардың өзара бағалау процесі іске асырылады.
Табыс критерийлері:
- басты сөздерді пайдалана отырып, тақырыпты ашады;
- кіріспе сөздер мен түрлі сөйлемдік құрылымдарды білікті қолданады;
- дене сапалары арасындағы өзара байланысты дәл және ретті талдай алады;
- кем дегенде 2 дәйекті дәлел келтіре алады;
Оқушылар жүректің соғу жиілігін өлшейді.
Мұғалім қыздырыну жаттығуларын өткізуді ұсынады.
Мұғалім оқушылармен бірге алдағы уақытта орындалатын дене жүктемелеріне ағзаның түрлі бұлшықеттері тобын даярлауға арналған қыздырынуды өткізетін көшбасшыны таңдайды

Әр сабаққа қажет үлкен, ауқымды кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, сабақтағы техника қауіпсіздігінің нұсқаулығы


Тамыр соғысын өлшеу (15 секунд ішіндегі соғу санын 4-ке көбейтеміз)





Сабақ ортасы – ой елегінен өткізу
45 мин.


6.1.3.1. Дене сапаларын дамытуға арналған жаттығулар кешенін көрсетуді бағалау

20 мин.



Зерттеуші
лік әңгіме-сұхбат
5 мин.

15 мин.
5 мин.





Мұғалім «Көңіл-күйіңді сипатта» тәсілін қолданады.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөліп, дене сапаларын зерттеуді және оларды Вен диаграммасымен салыстырып көруді ұсынады. Ол үшін планшеттер мен Ғаламтор желісі қажет.
Мұғалім топтарға «Арнайы төзімділікті дамытатын басты құралы не?» деген сұрақ қояды.
Бір сабақ бойы жарыс нұсқасындағы және арнайы жаттығуларды шаршағанға дейін, бірнеше мәрте қайталау,арнайы төзімділікті дамытатын басты құрал болып табылады. Арнайы жаттығуларды орындау кезіндегі жүректің соғу тәртібі: арнайы төзімділікті дамыту мақсатында орындалатын жүгіру, секіру және күш жаттығулары кезінде жүректің соғуы минутына 180 ге жетуі керек.
№1-тапсырма
Мұғалім оқушыларға дене сапаларын Эйлер-Вен диаграммасы бойынша салыстырып, төзімділікті дамытуға арналған жаттығулар кешенін құруды ұсынады.
(жылдамдық пен төзімділік, иілгіштік пен төзімділік және т.б.)
Табыс критерийлері:
- оқушылар денсаулықты нығайтуға арналған бір денелік және бір психологиялық жаттығуларды құрастыра алады, түсінеді;
- оқушылар дене белсенділігі кезінде қолданатын барлық дене сапаларын анықтай алады.
Оқушылар орынды ақпараттар ұсынады және олардың әрқайсысы пайдалы ұсыныс ретінде бағаланады. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді. Топ оқушылары келісімге қол жеткізуге ұмтылады, дегенмен келісімге қол жеткізу емес, оған ұмтылыс жасаудың өзі маңызды.
Бағалау: оқушылар тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оларға «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» стратегиясы бойынша бір-бірін бағалауды, екі жақсы сәтті анықтап, бір нұсқау беруді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- бұл тапсырма қандай дағдыларды дамытуға бағытталған?
- әрбір қатысушының рөлі қаншалықты?
- осы тапсырманы орындаған кезде қандай эмоцияны сезіндіңіз?
Оқушылар жүректің соғу жиілігін өлшейді.
№2-тапсырма
Оқушылар дене жүктемесінен кейін ағзаны қалпына келтіретін жаттығуларды таңдайды (бірінші тапсырманың).
Табыс критерийлері:
- оқушылар ағзаны қалпына келтіруге арналған екі жаттығу құрастыра алады.
Бағалау: тапсырманы орындап болған соң, мұғалім оқушыларға табыс критерийлері бойынша өздерін бағалауды ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- тапсырманы орындаған кезде неге назар аудару керек?
- басқа жаттығулармен салыстырғанда, кейбір жаттығулар неге үлкен дене белсенділігін қажет етеді?
Мұғалім бір топтан екіншісіне өте отырып, оқушыларды қажетті арнаға бағыттап отырады, кез келген қиындықтар мен тілдік мәселелерде (спорттық термин бойынша) ескертулер жасайды.
Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың тапсырмаларды қаншалықты орындап жатқандарын тексереді.
Мұғалім қажет болған жағдайда туындаған мәселені шешуге араласады

Әр сабаққа қажет үлкен, ауқымды кеңістік.

Мұғалімге арналған ысқырық, қағаз, фломастерлер.


Аэробты және анаэробты жаттығуларға арналған сілтеме http://health4ever.org/vse-ob-uprazhnenijah/anajerobnye-i-ajerobnye-uprazhnenija


Гимнастикалық төсеніш, керме, спорттық құрал-жабдықтар


Эйлер Венге сілтеме https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%B8_%D0%AD%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B0


Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі», 2012 жыл


Төзімділікті дамытуға арналған сілтеме http://www.mir-la.com/277-kak-povysit-specialnuyu-vynoslivost.html

Гимнастикалық төсеніш, керме, спорттық құрал-жабдықтар


Ағзаны қалпына келтіруге сілтеме http://sosudinfo.ru/zdorovie-i-profilaktika/fizkultura-dlya-sosudov/, http://siellon.com/vosstanovlenie-energii-organizma-prostyimi-sposobami/
[13,14,15,16]

Сабақ соңы - рефлексия
(20 мин)
5 мин.

10 мин.

5 мин.


Рефлексия: мұғалім оқушылардың сабақ бойынша өз ойларын айтуларын ұсынып, рефлексия жасайды.
Оқушы қойылған сұраққа жауап береді және өзі келесі оқушыға сұрақ қояды. Осылай жалғаса береді.
Оқушылар рефлексия карточкаларын толтырады.
Тапсырмалар орындалған соң, мұғалім оқушыларға спорт ойындарының бірін таңдауды ұсынады: флорбол, футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі және басқа да қозғалмалы ойындар.
Оқушылар тамыр соғысын өлшейді.
Назар салғыштық және тыныс алуды қалпына келтіруге арналған жаттығулар.
Мұғалім үй тапсырмаларын береді:
- пәндік терминологияны жаттап алу;
- таңертеңгілік гимнастика, еденнен сыға итерілу, пресс, кермеде тартылу.

Рефлексиялық карточкалар:
Мен бүгін білдім_____
Қиындыққа тап болдым________
Жақсы орындадым_________
Оқушылардың таңдауы бойынша спорттық құрал-жабдықтар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет