Қосымша ақпарат
Дифференциациялау – Сіз көбірек қолдау көрсетуді қалай жсопарлайсыз? Қабілеті жоғарырақ оқушыларға қандай міндеттер жүктемексіз?
|
Бағалау – Оқушылардың оқу материалын игеру деңгейін анықтауды қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
- Сабақтағы дифференциация: ұлдар ауырлау жүктемені, қыздар аздау жүктемені, сондай-ақ, әр оқушы физиологиялық мүмкіндігіне қарай орындайды.
- Оқушылар топта жұмыс істей отырып, бір-біріне құрмет көрсетеді, ұлдар қыздарға, күштілер әлсіздерге көмектеседі.
- қимыл-қозғалыс дағдыларының аясын кеңейте түсу үшін қабілеті жоғары балаларға күрделірек тапсырмалар беріледі.
- Қажеттілікті, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеуді дамытуға ынталандыру.
- Диалогтық оқыту арқылы қимыл-қозғалыс әрекеттерін зерттеудегі танымдық белсенділік пен шығармашылық біліктілікті дамытуға ықпал ету.
- Қалыптасқан қимыл-қозғалыс тәжірибесін шынайы бағалау, оларды талдау және ұтымды қолдану біліктілігі
|
- оқыту процесін қадағалау;
- өзара бағалау әдісі арқылы;
- өздік бағалау арқылы;
- төмен және жоғары тәртіп сұрақтары арқылы;
- оқушылардың рефлексиялық карточкалары арқылы
|
- салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене мүсінін жақсарту, дене дайындығын жақсарту, артық жүктемені алып тастау, жүректі жаттықтыру және қан-айналым жүйесін жақсарту;
- мұғалім әр сабақ сайын техника қауіпсіз
дігі бойынша түсіндіру жұмыс
тарын жүргізеді
|
Қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде, мұғалім оқытудың диференцияцияланған (жіктелген) жолына назар аударып, білім алушылардыңң дербес ерекшеліктерін ескеру керек. Сабақтың қысқа мерзімді жоспары мұғалімге оқу мақсаттарына тиімді қол жеткізуге көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен іс-әрекет түрлерін мұқият таңдау керек. Әр сабақты өткізіп болған соң, білім алушылардың оқу материалын игеру кезінде туындаған мәселелерін анықтау үшін, сабаққа талдау (рефлексия) жасау керек. Мұғалім қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде келесі нұсқаулықтарға сүйенгені дұрыс:
- сабақты ұйымдастырған кезде оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген мақсаттарды жетекшілікке алу;
- орта мерзімді жоспарда ұсынылған әрекет түрлерінің барлығын ұйымдастыру;
- қажет болған жағдайда іс-әрекет түрлерін мұғалімнің өзі толықтыра алады.
Сабақтың жаңа форматы білім алушыларды оқыту процесіне белсенді араластырып, өткізілген материалды талқылауға, талдауға қатыстыру, өз ой-пікірлерін білдіру және өздік бағалауды жүргізуді ұсынады. Білім алушыларды қолдауға бағытталған мұғалімнің әрекеттеріне түзету енгізудегі кері байланыс сабақтың міндетті элементіне айналуы керек. Сонымен қатар, мұғалім қысқа мерзімді жоспарды құрған кезде келесі жағдайларды міндетті түрде құруы және анықтауы керек:
- оқытудың тілдік мақсаттары: терминдермен жұмыс және т.б.;
- дифференциациялау: Білім алушыларға көрсетілетін қолдау қалай іске асырылады? Қабілеті жоғары білім алушылардың алдына күрделі міндеттер жүктеу қалай жоспарланады?
- материалды игеру деңгейі қалай тексеріледі?
- пәнаралық байланыс;
- денсаулық пен қауіпсіздікті, АКТ-ны қамтамасыз ету.
Мұғалім білім негізінің қайнар көзі ретінде емес, оқушылардың білім алу және таным әрекеттерін белсенді ұйымдастырушы ретінде қызмет етуі керек. Сондықтан, сабақтарды жоспарлау жұмыстарының барлығын оқытудың жаңа жолдарына сүйене отырып іске асыру ұсынылады.
Дуга Лемовтың «Мұғалім шеберлігі. Ұлы оқытушылардың сынақтан өткен әдістемелері» атты кітабындағы сабақты жоспарлау әдістемелерімен танысуды ұсынамыз [17].
«Соңынан бастау». Сабақты жоспарлаған кезде, алдымен сабақ кезінде білім алушыларға не үйретсем екен деген емес, олар сабақ соңында неге қол жеткізулері керек деген мәселе бойынша ойлану керек. Сонымен қатар, ол нәтижелер сіздің ертең үйрететін әрекеттеріңізбен қалай байланысқан және олар келесі сабаққа дайын болу үшін нені үйрену керек деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
«4М». Сабақтың тиімді жоспарлануы, сабақ мақсаттарын дұрыс құрумен байланысты. Сабақтың алға қойған мақсаттары келесі талаптарға сәйкес келуі керек:
Басқаруға мүмкіндік беретін (Manageable). Егер сізге оқушылардың ақпаратты қаншалықты жылдам игере алатындығы белгілі болса, онда сынып ұжымының белгілі бір дағдыларды игерулеріне қанша уақыт керек екендігін білесіз.
Өлшеудің қолжетімді болуы (Measurable). Сабақтың алдына қойылған мақсаттары, олардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін болуы керек. Оқушылардың алға қойылған мақсатқа қол жеткізген жетістіктері шынайы бағаланып, құрастырған бағалау критерийі мұғалімге көмекке келуі керек.
3) Бірінші орында бола білуі (Made first). Тиімді мақсат белгілі бір деңгейдегі іс-әрекет түрлерін қудаламай, сабақ процесін басқаруы керек. Мақсат әрқашан да бірінші орындау болуы керек.
4) Ең маңыздысы бола білу (Most Important). Тиімді құрылған сабақ оқушы дағдысын дамытуға ықпал ететін маңызды материалға арналуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |