ҚОРЫТЫНДЫ Білім беру мазмұнын жаңарту – бұл, бәрінен бұрын орта білім беру моделін, оның құрылымын, мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеу тәсілі мен әдістерін қайта қарау, оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудың барынша жаңа бағалау жүйесін енгізу. Білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы бүкіл іс-шаралар кешені тұлғаның үйлесімді қалыптасуы мен дамуына, қолайлы білім беру кеңістігін құруға бағытталған.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде негізгі орта білім беру аясында «Дене шынықтыру» пәні бойынша әзірленген «Білім мазмұнын жаңарту аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» атты әдістемелік ұсынымдама мұғалімдерге арналған оқу құралдарының бірі болып табылады. Әдістеме материалдары Қазақстан Республикасының мектептеріне арналған «Дене шынықтыру» пәнінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген.
Әдістемелік ұсынымдаманың бірінші бөлімінде «Дене шынықтыру» (5-9-сыныптар) сабағының бiлiм мазмұнының жаңаруы барысында оқу бағдарламасының ерекшелігі ашылған. «Дене шынықтыру» оқу сабағының мазмұнын ашатын бөлімдер мен бөлімшелер, сызбалар және кестелермен түсіндірілген.
Екінші бөлімінде «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша сабақ ұйымдастырудағы оқытудың әдістері мен формалары қарастырылған. Әдiстемелiк ұсынымдамада сабақтың тақырыптық жоспарлары, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, дене шынықтыру сабағын жүргізу тәртібі көрсетілген. Әдiстемелiк ұсынымдамада сабақтың тақырыптық жоспарлары, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, дене шынықтыру сабағын жүргізу тәртібі көрсетілген. «Дене шынықтыру» кабинеті ресурстарын оқу процесінде және мектептің спорт алаңдарында пайдалануға арналған әдістемелік ұсынымдар, сонымен қатар спорттық ойындардың ережелері және төрешілердің қимыл-белгілері (жесты) берілген.
Әдістемелік ұсынымдаманың үшінші бөлімінде «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын талаптары, білім деңгейін бағалау, қимыл-қозғалыс біліктілігі мен дағдыларын игеру техникасын критериалды бағалау әзірленген.
Бұл материал мұғалімдерге «Дене шынықтыру» пәні бойынша сабақты жоспарлауға және өткізуге көмектеседі.