Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет10/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Табыс баспалдағы». Сабақтың соңғы бөлігінде мұғалім оқушыларға өзінің сабаққа қатысу және қарым-қатынас орнатуға қанағаттану деңгейін, өзінің топішілік жұмысқа қосқан үлесін бағалауды және «Табыс баспалдағы» қағазына жазуды ұсынады. Оқушылар «Табыс баспалдағы» атты қабырға газетіне келіп, қажет деген жерге карточкаларды жапсырады. Содан соң, алған нәтижелерді оқушылармен талқылап, олардың өздерін жоғары, ортаңғы және төменгі баспалдақтарға қою себептерін талдайды.
«Көп қабатты тоқаш». Мұғалім мен білі алушылардың оқу іс-әрекеттерін өздік бағалаулары мен талдаулар. Тоқаш «қабаттары» рефлексия түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін: көңіл-күй және эмоциялық жағдай рефлексиясы, іс-әрекеттер рефлексиясы, оқу материалы мазмұнының рефлексиясы.
«Бағдаршам». Білім алушылардың көзқарастары бойынша сабақты бағалау көзқарастарын айқындайтын карточканы таңдайды: жасыл – жақсы, сары – орташа, қызыл – теріс. Содан соң оны қабырға қағазға (ватманға) жабсырып, түстері бойынша топтастырады. Нәтижесінде сабақтың өту барысын сипаттайтын сурет пайда болады.
«Смайликтер». Сабақтағы дербес жұмысты, сабақтың басында жүктелген міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесін, өзі күткен нәтижелер орындалды ма, жоқ па, жалпы сабақ ұнады ма, соны бағалауға мүмкіндік береді.
«Мадақтау, қолдау көрсету» – бұл оқушылардың бір-бірін бағалауда және рахмет айту кезіндегі сезімдері, мақтаулары, мұғалімге айтқан рахметтері. Сабақты бұл нұсқамен аяқтау, әрбір тұлғаның сабақтағы қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
«Үш тұлға». Мұғалім білім алушыларға үш адам бейнеленген (көңілді, бейтарап, көңілсіз) карточкаларды көрсетеді. Оқушылар өз көңіл-күйіне сәйкес келетін суретті таңдауы керек.
«Ал егер…?» тәсілі. Бұл тәсіл рефлексия кезеңіне «Ал егер ...» деп басталатын сұрақтарды енгізуді ұсынады. Ондай сұрақтар білім алушыларға оқыту процесіне басқа көзқараспен қарауға, өз ұсыныстарын айтуға, сол арқылы ойлану жүйесін дамытуға мүмкіндік береді.
Сұрақтардың біріне берілетін дәйекті жауаптар:
1. Сіз сабақтан не күттіңіз және соңында не болды?
2. Сабақтың қай кезеңдері сәтті болды және неге?
3. Осындай жұмыс түрінен пайда болды ма?
4. Сабақ кезінде нені жақсы орындадыңыз және іс-әрекеттердің қайсысы сәтті орындалды?
5.Сабақ кезінде туындаған басты мәселелер мен қиындықтарды атап шығыңыз. Оларды қалай шешуге болады?
6. Сіздің атқарған іс-әрекеттеріңізді қандай критерийлер негізінде бағалауға болады?
Жауаптың түрлі нұсқасын талап ететін сұрақтар:
1. Неге қиын болды?
2. Сабақтан не алдыңыз, қандай жаңалық аштыңыз?
3. Сабақтан күткен үміттеріңіз орындалды ма?
4. Сабақ қандай мәселе төңірегінде ойлануға мәжбүрледі?
5. Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
Рефлексия білім алушыға өзі жүріп өткен жолды ғана емес, алған тәжірибесін жүйелеуге, өзі қол жеткізген жетістіктерді өзге білім алушылармен салыстыруға, олардың құрылу логикасын пайымдауға көмектеседі. Әсіресе іс-әрекет рефлексиясына баса назар аударып, оны сабақтың соңында жүргізу керек. Мұғалім бұл жерде ұйымдастырушы қызметін атқарып, білім алушылар басты рөлде болады.
Егер білім алушы келесі жағдайларды түсінетін болса:
- ол белгілі бір тақырыпты не үшін игеретінін, оның болашақта қаншалықты қажет екендігін;
- нақты бір сабақта қандай мақсаттарға қол жеткізу керек екендігін;
- ортақ іске өзі қаншалықты үлес қоса алатындығын;
- өзінің және өз құрбыларының қосқан үлесін дұрыс бағалай алатын болса, онда оқыту процесі әлдеқайда қызықты болып, білім алушыға да, мұғалімге де жеңіл болар еді.
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарындағы тиімді қимыл-қозғалыс белсенділігін қалыптастыру. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту мақсаттарына қол жеткізудің басты құралы болып табылмақ. Ойын әдісі білім алушының жасына, жынысына, денелік дамулары мен денсаулық жағдайларына сәйкес келетін білім жүйелерін қалыптастыруға, адам ағзасының қызмет ету мүмкіндіктерін жетілдіруге, туа біткен және жаңадан қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған тиімді де, қолжетімді әдіс болып табылады.
Аталған жағдай білім берудің жаңарған жүйесінде өзекті болып саналады. Себебі ойын әдісі дегеніміз, білім алушының белсенділік деңгейіне әсер ету әдісі. Негізгі дене сапаларын дамытуға арналған түрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері мен тапсырмаларды орындау процесі білім алушылардың құлшыныстары, эмоциялық көңіл-күйлері, қимыл-қозғалыс және шығармашылық белсенділігімен тығыз байланысты, сондай-ақ, аталған процесс білім алушылардың өз әрекеттерін дербес ұйымдастыруларына ықпал етеді.
Дене тәрбиесінің басқа түрлерімен салыстырғанда, қозғалмалы ойындар, жарыс элементтерінен құралған ойын түріндегі тапсырмалар өсуші ағзаның қажеттілігіне сәйкес келеді және білім алушының денелік, ақыл-ой тұрғысынан үйлесімді дамуына жан-жақты әсер етеді. Білім алушылардың ойын кезіндегі белсенділігі, құлшынысы мен шығармашылық іздемпаздығы осыған дәлел. Ойын түріндегі тапсырмаларды таңдаған кезде, төмен жастағы білім алушының «ойнау» және «үйрену» түсініктеріне басқаша қарайтындығын ескерген дұрыс. Ал оқушылардың жастары ұлғайған сайын, ойын түріндегі тапсырмалар мен ойындар біртіндеп спорттық іс-шараларға ұқсай бастайды.
Тапсырмалар мен ойын түрлерін таңдау бірінші кезекте сабақтың алдына қойылған міндеттерге байналысты. Сондай-ақ, білім алушыларға берілетін қимыл-қозғалыс әрекеттерінің күрделілік деңгейі де маңызды. Күш салуды, ойлануды қажет етпейтін және өте қиын тапсырмалар білім алушылардың қызығушылықтарын төмендетеді. Тапсырманың күрделілік деңгейі оқушылардың дайындық деңгейлеріне байланысты болуы керек. Мұғалім білім алушылардың қандай әрекеттерді орындай алатындарын және нені орындай алмайтындарын анық білуі керек. Мәселен, егер оқушыларға эстафетаны беру әдістері үйретілмеген болса, оларға эстафеталық таяқшаны «дәлізде» беру секілді тапсырмаларды берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, егер оқушылар акробатика элементтерін әлі үйренбеген болса, оларға эстафетаны аунау және домалау арқылы беру түріндегі тапсырмаларды беруге болмайды. Сабақ кезінде өткізілетін ойынды таңдау оқушылар саны, сабақ өткізілетін орын (спорт залы, спорт алаңқайы) және мұғалімнің қандай құрал-жабдықтар қолданатынына байланысты.
Дене шынықтыру сабақтарында шешілетін міндеттердің әртүрлі болуы да қолданылатын оқу материалының сипатына әсер етеді. Қозғалмалы ойын кезінде бойға сіңірілген дағдылар мен біліктіліктер жақсы болу үшін, сол ойындар мен ойын түріндегі тапсырмаларды жүйелі түрде қайталап отыру маңызды. Себебі, әр ойнаған сайын белгілі бір қимылдарды орындау арқылы, оның тиімді жолдары табылады. Қуып жете алмаған, тартып ала алмаған, тұтқын немесе жетекші рөлінде болып көрмеген оқушының келесі сабақта сол іс-қимылдарды орындауына мүмкіндігі болады.
Қозғалмалы ойындар және сынып жоғарылаған сайын өткізілетін командалық спорт ойындары – дағдыларды, адамгершілік-жігер қасиеттерін, ойын кезіндегі әділ бәсекелестікті шыңдайтын ең тиімді құрал. Ойын түріндегі тапсырмаларды, қозғалмалы немесе спорт ойындарының түрлерін таңдаған кезде, оқушылардың әлеуеттерінің тең болу керек екендігі ескерген дұрыс, сонда ойын қызықты өтеді.
Ойын ережесін түсіндіруді білім алушылар сапта тұрғанда және командаларға бөлінгенде өткізген дұрыс. Белгілі бір тапсырманы орындау ережесін түсіндіруді әртүрлі әдіспен өткізуге болады: мұғалімнің көрсетуі, сызба-үлгілерді немесе карточкаларды көрсету, мүмкіндік болса интерактивті нұсқамен көрсету. Ұсынылған қимыл-қозғалыс әрекетін орындаудың мақсаты не екендігін, өткізілейін деп жатқан қозғалмалы ойынның қандай пайдасы бар екендігін білім алушылар білулері керек. Білім алушыларды ойын мәнін сыни тұрғыдан талдап, өзінің ойын кезіндегі әрекеттерін ой елегінен өткізуге тәрбиелеу керек. Сұрақтарға жауап берген соң, ойын ережесін түсіндіру процесі аяқталады.
Ойынның кез келген түрін өткізген кезде алға жүктелген білім беру және тәрбиелеу міндеттерін шешу үшін ойын процесін басқара білу маңызы. Төрешімен салыстырғанда, ойын жүргізушісінің құқығы басымдау. Ол ойынды тоқтатып, білім алушылардың әркеттерін дұрыс орындаулары бойынша нұсқаулар бере алады. Сонымен қатар, ол білім алушылардың құлшыныстарына шектеу қоймайды және әділ төреші қызметін атқарады. Жүргізушінің атқаратын қызметі ойынды бастап беру ғана емес, ол сонымен қатар ойынды дұрыс мөлшерлеп, уақытында аяқтаушы болып табылады. Жүргізуші қызметін мұғалімнің өзі (таныстыру процесі жүріп жатқан кезде), жасы үлкен білім алушы (жарыс өткізген кезде), өзін жақсы ұйымдастырушы ретінде көрсете алған білім алушы (топтық немесе командалық әрекеттерді ұйымдастырған кезде) атқара алады. Сабақ кезіндегі денелік және эмоциялық жүктемені реттеу үшін келесі тәсілдерді: ойынның ұзақтығы мен қайталану мөлшерін өзгертуді; алаңның көлемін ұлғайту немесе кішірейтуді; ойын ережесін күрделендіру немесе жеңілдетуді; салмағы және көлемі үлкен немесе шағын құралды пайдалануды; қысқа мерзімді үзілістер жариялауды қолдануға болады.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – ойын әркеттері орындалып жатқан кезде, оған қосыла білу. Ол ойынның озық үлгісін көрсету керек болған кезде ойынға араласуына болады. Ойын кезінде білім алушыларды, яғни ойыншыларды тежеп отыру қажет. Себебі ойын кезінде ойыншыларда ойыннан ләззат алумен негізделетін, өздігінен «от алатын» механизм іске қосылады. Өткізіліп жатқан қозғалмалы ойындардың психологиялық райын қадағалап отыру маңызды. Білім алушылардың бір-біріне сөз қайтаруларына, өрескел қимылдар жасауларына жол бермеу керек. Білім алушылар ойыннан қажыған кезде емес, ойын әрекеттеріне қанағаттанған кезде аяқтауға белгі беру керек. Ойынды «Ойынның аяқталуына бір минут қалды», «Бір ұпай алғанға дейін ойнаймыз», «Соңғы әрекет!»,-деген ескертпе сөздермен тоқтатуға болады. Сонымен қатар, білім алушылар күтпеген кезде ойынды аяқтау да теріс реакцияны, ойын барысына қанағаттанбауға әкеліп соғатындығын айтып кеткен дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет