Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет22/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
Байланысты:
rekomend-fizkultura-5-9-klassy-obnovlenka

«Шапшаң шаңғышы». Ойынға қатысушылар бір қатарға таяқсыз орналасады және олардың алдынан 40-50 м жерге мәре сызығы сызылады. Белгі бойынша барлығы мәре сызығына қарай жүгіреді және жүлдегер шаңғышылар анықталады. Содан соң, артқа қарай (мәреге) жарысады, оған жүлдегерлер қатыспайды. Уақыт болса үздік алтылық арасында ақтық сайыс ұйымдастыруға болады. Ұлдар мен қыздар бөлек жарысады.
«Мергендер сайысы». Ойыншылар екі командаға бөлінеді және бір-біріне қарама-қарсы, бір қатарға тұрады. Олардың аралығы 10-12 м. Ортаға (қардан жасалған төбешікке) доп қояды. Белгі бойынша бір команданың шаңғышылары қармен ортадағы допты атқылай бастайды. Әр құлатқан әрекеттері үшін командаға бір ұпай беріледі. Содан соң екінші команда бастайды. Көп ұпай жинаған команда жеңімпаз болып саналады. Қарды екі допқа лақтыруға болады. Ойын нұсқасы: қарды екі-үш ойыншымен топтасып лақтыруға болады.
«Шаңғы таяғымен өткізілетін эстафета». Үш-төрт команда колоннаға тұрып сөре сызығына орналасады, бірінші тұрған шаңғышылардың қолдарында шаңғы таяғы. Белгі бойынша 30-45 м жердегі бақылау жалаушаларына қарай жүгіріп, соның жанына таяқтарын қадайды және оны айналып өтіп, өз колоннасына қайтады. Келесі шаңғышы шаңғысымен жүгіре отырып, командасының таяғын алып қайтады және келесі ойыншыға береді. Соңғы шаңғышы мәре сызығынан өткен кезде жарыс аяқталады.








19-жаттығу. ««Желкен». Сөреде және мәреде адымдау арқылы бұрылу қимылдарын 90, 180, 360 градусқа бұрылып орындау

20-жаттығу. «Қуыспақ». Кімді қуып жетсе, сол жарыс жолынан шығып қалады және ең соңында жалғыз қалған шаңғышы жеңімпаз болып табылады

«Епті шаңғышылар». Көп таяқша жинаған команда жеңімпаз атанады. Содан соң командалар орындарымен ауысады.







21-жаттығу. «Шаңғы таяғынсыз өткізілетін эстафета». Балалар 3-4 командаға бөлінеді. Әр команданың тақ және жұп санды шаңғышылары 60-80 м жерге бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Қарсы колонналардың алдынан жалаушалар көмегімен сөре сызығы сызылады. Белгі бойынша жұп сандағы таяқсыз шаңғышылар жүгіріп шығып, қарсы колоннаны қуып жетуі керек. Тақ санды колоннаның сызығын кесіп өткен соң, өз колоннасына қарай жүгіреді және колоннаның соңына кеп тұрады. Сан реті бойынша соңғы шаңғышысы жүгіріп өткенде жарыс аяқталған болып саналады. Тапсырманы жылдам және жарыс ережесін бұзбай орындаған команда жеңімпаз атанады

22-жаттығу. «Жалаушалар сайысы». Жарысты бір мезгілде бірнеше ойыншы бастайды (алаң мүмкіндігіне қарай) және жалаушалар саны ойынға қатысушылармен салыстырғанда біреуге кем. Арақашықтық метрмен көрсетіледі. Әр кезең сайын бір ойыншыдан жарыс жолынан шығарылып отырады (жалауша алып үлгермеген шаңғышы)







23-жаттығу. «Үш аяқтылар сайысы»

24-жаттығу. «Шаңғышы-шабандоздар». Тақ санды шаңғышылар таудан түсіп келе жатып, таяқтарын қарға тастайды, ал жұп сандылар оларды көтеріп алулары керек



Ұлттық ойын түрлері. Жекесайыс: Асқабақты ұру; Таяқшылар сайысы (қолдарына гимнастикалық таяқша ұстаған ойыншылар бір-бірін итере отырып шеңберден шығарып жіберуге тырысады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет