Методические рекомендации по изучению предмета «Физическая культура»



бет23/92
Дата08.11.2022
өлшемі13,46 Mb.
#48449
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92
«Аударыспақ». Гимнастикалық бөрене немесе гимнастикалық орындықта отырып бір-бірін жұмсақ жастықпен (төсенішпен) ұрып құлатуға тырысады. Бірнеше сайыстан соң «ат» үстінде қалған ойыншы жеңімпаз болып саналады.
«Қораздар теке-тіресі». Ойынға қатысушылар жұптарға бөлініп, диаметрі 3-5 м болатын шеңбер ішіне тұрады. Шеңберден шығып кеткен, тепе-теңдік жоғалтып бір аяғын түсіріп жіберген бала жарыс жолынан шығады. Жеңімпаз алдыңғы ойындағы жүйемен анықтады. Ойын басталардан бұрын ойыншылардың қолдарын қалай ұстау керек екендігі түсіндіріледі: белде, артта, қайшылап көкірек алдында ұстау амалдары.
«Қаршығалар мен қарлығаштар». Бұл шапшаң реакция мен жылдам жүгіруді талап ететін ойын және оған ойыншылардың барлығы қатыса алады. Ойыншылар екі командаға бөлінеді. Олардың біреуі қарлығаштар, екіншілері қаршығалар. Екі команда бір-біріне арқаларымен тұрады және команданың аты аталғанша орындарынан қозғалуға болмайды. Командалардың бірінің аты аталған кезде, келесі команданың ойыншыларын қуа жөнеледі, ал екінші команда өз кезегінде жеткізбеуге тырысулары керек. Ұсталып қалған ойыншылар екінші команда құрамына өтеді және ойынды қайтадан бастауға болады. Ойын бірнеше рет өткізілген соң, жеңімпаз команданы анықтауға болады.
«Балапандар». Бұл саны 15 ойыншыдан асатын топпен өткізілетін көңілді ойын. Ойыншылар үш топқа бөлініп, санақ арқылы үш кезқұйрық және үш тауық анықталады, ал қалғаны балапан болады. Тауықтар бастаған балапандардың үш тобы бір-бірінің қолдарынан ұстап тізбек құрайды. Тауықтар түрлі траекториямен қозғалып жүреді, ал кезқұйрықтар балапандардың тізбектен ажырап қалуын күтіп жүреді және ажырап қалған ойыншының иығына қолын тигізуі керек. Ажырап қалған тізбек қайтадан қосылуға ұмтылуы керек, болмаған жағдайда кезқұйрықтардың қолы тигендердің барлығы ұсталған болып саналады.
«Соқыр теке». Ойыншылар шеңберге орналасады, ал шеңбердің ортасында көзіне байлам тағылған ойыншы (соқыр теке). Шеңберде тұрған ойыншылар жан-жақтан соқыр текеге қолдарын тигізеді және өздері ұсталып қалмауға тырысады. Шеңбердегі ойыншылардың бірі ұсталып қалса, соқыр теке ол ойыншының атын дұрыс атаса, онда сол ойыншы ортаға шығады. Ойын кезінде шеңберден шығуға болмайды.
«Сақина салу». Ойынға 25-30 ойыншы қатыса алады. Ойыншылар бір қатарға немесе шеңберде алақандарын қосып, алдыларында ұстап отырады. Жүргізуші барлық ойыншының жанынан өтіп, әрқайсысына тас салғандай ишара жасайды. Ойыншылардың бірінің қолына тасты (сақина) салған соң, сәл артқа шегінеді де «Шық сақина, шық!» деп дауыстайды. Қолында сақина салынған ойыншы өз орнынан жылдам тұруы керек, ал көршісінің міндеті – оған орнынан тұруға мүмкіндік бермеу. Егер ол ойыншы ұсталмаса, оның көршісі жазаланады, ал ұсталып қалса, онда оның өзі жазаланады. Жазалау түрі әртүрлі болуы мүмкін: бір аяқпен секіру, отырып-тұру және түрлі жаттығулар жасату. Жазасын өткерген ойыншы жүргізуші болып тағайындалады. Сақинаны байқатпай салу керек және қолына сақина түскен ойыншы да, сақина өзінде екенін білдірмеуі керек.
«Орамал». Ойынға екі команда қатысады. Мұғалімнің бұйрығы бойынша ойыншылар жан-жаққа жүгіреді және өздеріне түйілген орамал берілген команда оны бір-біріне лақтырып бере бастайды. Ал екінші команда ойыншылары қолында орамал бар ойыншыны ұстап алулары керек. Орамалы бар команданың ойыншысы ұсталған жағдайда, орамал қарсы командаға өтеді.
«Жылжымалы арқан». Жүргізуші шеңберде тұрады және оның қолында бір ұшына ауырлау жүк байланған ұзын жіп. Қалған ойыншылар сызылған шеңберде тұрады. Жүргізуші ортада тұрып жіпті айналдырады, ал қалғандары сол жіптен секірулері керек және аяғына жіп тиген ойыншы жүргізуші болады.
Суда өткізілетін ойындар
«Шығып қалу эстафетасы». Эстафета бассейнде өткізіледі және кез келген тәсілмен жүзуге болады. Мұғалімнің бұйрығы бойынша бассейннің қарсы бетіне жүзулері керек. Ең соңғы болып жеткен ойыншы жарыс жолынан шығып қалады. Әр сайыстан кейін аздаған үзіліс жарияланады.
«Құрама эстафета». Жарысқа екі команда қатысады. Жарысқа қатысушылар түрлі жүзу тәсілдерімен жүзеді және мәреге бірінші жеткен команда жеңімпаз атанады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет