«Мұздағы бильярд». Ойын көлемі 6×3 м мұз айдынында өткізіледі. Мұздан жасалған жақтауларда шайба өтетін ұңғылар (ойылған тесік) болады. Ойыншылар жұмсақ резинке шайбамен ойнайды және әр шайбаға 1-15 сандарымен нөмірлеуге болады. 16-шы шайбада нөмір болмайды және сол соғу-шайбасы болады. Онымен қалған шайбаларды бұзады. Ойынға хоккейге арналған имек таяқтар қолданылады. Коньки теуіп жүрген ойыншылар шйбаларды арнайы ұңғыларға (ойылған тесікке) түсіруге тырысады. Ойын тәжірибесі аз ойыншыларға кез келген шайбаны ұңғырға түсіруге болады. Барлығы ойын техникасын игерген соң, әрқайсысы саны үлкен шайбыны түсіруге тырысады, себебі саны үлкен нөмірлі шайба ұпай жинағы болып есептеледі.
Шаңғымен өткізілетін ойындар. (6-сурет (17-24 ойын түріндегі жаттығулар) «Көк және сары таяқшалар». Тау жотасына ойыншылар санына шақтап есептелген сары және көк түсті таяқшалар қойылады. «Бас!» деген белгі бойынша барлығы шаңғымен жүгіріп шығады. Олардың әрқайсысы өз командасының түсіне сәйкес келетін жалаушаны алып, таудан түседі және өз орынына келеді. Мәре сызығына басқа командалардан бірінші болып жеткен команда жеңімпаз атанады.
Шаңғымен өткізілетін ойындар 6-сурет (17-24 ойын түріндегі жаттығулар)
.
17-жаттығу. «Қақпа». Командалар колонна болып сөре сызығына орналасады. Олардың алдына 20-40 м жерге «қақпа» орнатылған (үстінен жіппен байланған таяқшалар). Белгі бойынша бірінші шаңғышы «қақпадан» өтіп, одан кейінгі мәре жызығына дейін жүгіріп, кері қайтады. Шаңғышылардың міндеттері: қақпаны құлатпай, екі аралығынан өту. Ойын нұсқасы: қақпадан барлығы бірге өтуге болады, ал қайтарда қақпаны айналып өтеді. Қақпа құлап қалған жағдайда, оны орнына қою керек, сосын жарысты жалғастыруға болады
18-жаттығу. «Шаңғышылар сайысы». Командалар колоннада тұрып сөре сызығына орналасады. Белгі бойынша бірінші тұрған шаңғышы бір шаңғымен мәреге дейін жүгіреді және артқа қайтады
«Нөмір бойынша шақыру». Ойыншылар бір қатарға тұрады. Олардың алдыларына 30-40 м жерге шаңғы таяғын қадап қояды. Ойыншылар екі командаға бөлінеді және әр команда нөмір бойынша белгіленеді. Мұғалім кез келген нөмірді айтады және олар шаңғымен жүгіріп барып таяқты алуға тырысады. Таяқты бірінші болып алған ойыншы өз командасына бір ұпай әкеледі.
«Үштіктер». Бір-біріне параллелді орналасқан шеңбер тәрізді үш шаңғы жолы даярланады. Ойыншылар екі командаға, ал командалар үштікке бөлінеді. Бір команда шеңбердің бір жағында, ал екіншілері қарсы жағына орналасады. Сөреге алғашқы үштіктер шығады. Шаңғышылар таяқтарын тастап, бір-бірінің қолдарынан ұстайды. Белгі бойынша олар шаңғы жолымен қозғалады. Шеңберді бір айналып шыққан соң, эстафетаны келесі үштікке береді. Қарсыластарына жақындай білген команда жеңімпаз атанады.
«Шаңғы үзеңгісі». Командалар бір-біріне қарсы колоннаға үшеуден орналасады. Біреу шаңғымен қозғалады, қалған екеуі – оны жіппен сүйрейді.
«Шаңғы таяқшасымен өткізілетін қарама-қарсы эстафета». Ойынға қатысушылар қарама-қарсы колоннаға жұптасып орналасады. Біреу шанаға отырады, екіншісі шаңғы таяғының бір ұшын өзі, екінші ұшын шанадаға ойыншыға ұстатады. Белгі бойынша жарыс басталады. Белгіленген қашықтықты өткен соң, эстафетаны келесі жұпқа береді.
Шаңғымен ұйымдастырылатын сайыстар: кім шаңғымен 180°және 360° жылдам бұрылады; шаңғымен бұрылуды секіріп орындау; таяқпен итерілген соң бір шаңғымен ұзақ сырғу.
«Кім жылдам?». Екі команда алаңның ортасына орналасады. Шаңғышылар бірінші-екіншіге саналып, екі жаққа бұрылады. Бірінші нөмірлер бір команда, басқалары екінші команда. Командалардың алдынан мәре сызығы сызылады және белгі бойынша барлығы өз мәре сызықтарына жүгіреді. Барлық команданың ойыншылары сызықтан бірінші өтсе, сол команда жеңімпаз атанады.