Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет12/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184
Зерттеудің мақсаты:
қандай нәтиже алу болжанып отыр, бұл 
нәтиже оны алғанға дейін қалай көрінеді? 


24 
Мақсаты – бұл триаданың құрамдас бөліктерінің бірі: мақсаты, құралы, 
нәтижесі. Сондықтан мақсатты қою да, оны саналы ойдың жалпы 
қозғалысынан, зерттеу қызметінен және ең бастысы, оның логикасынан тыс 
талдау да мүмкін емес. 

міндеттер:
мақсатқа жету үшін не істеу керек ?
Міндеттер қоя отырып, ғалым өз зерттеулерінің логикасын білдіреді, 
жалпы мақсатты жүзеге асыру үшін орындалуы қажет аралық мақсаттарды 
қатар қояды. Жұмыстың логикасын ойлай отырып, барлық зерттеудің 
мақсатына қатысты кем дегенде аралық нәтижеге бағытталуын қадағалау керек: 
жағдайды анықтау..., мазмұнын ашу..., ұсынымды әзірлеу... 

гипотеза:
объектіде не айқын емес, зерттеуші одан басқалар 
байқамайтын нені көреді? 
Ғылыми білімді дамыту әдістерінің бірі, сондай-ақ теорияның 
құрылымдық элементі гипотеза – болжам болып табылады, онда бірқатар 
фактілердің негізінде объектінің, байланыстың немесе құбылыстың себептері 
туралы қорытынды жасалады, бұл тұжырымды толық дәлелденген деп санауға
болмайды. Мұндай жорамалдар әдетте қандай да бір оқиғаның немесе
құбылыстың болуын айқындау ғана емес, олардың және байқалатын белгілі 
құбылыстардың арасындағы байланысты анықтауға жататынын ескеру 
маңызды. Гипотеза құбылыстардың заңды тәртібі және басқа да маңызды 
байланыстар мен қарым-қатынастар туралы болжам ретінде, сондай-ақ жеке 
құбылыстар, жеке қасиеттері және жеке байланыстары туралы болжамдарды 
білдіреді. Барлық жағдайларда гипотеза сенімді емес, ықтимал білім болып 
табылады. Онда шынайылығы немесе жалғандығы анықталмаған пікір. 
Гипотезаның шынайы немесе жалған екендігін белгілеу үдерісі таным үдерісі 
болып табылады. Бір пән саласына қатысты сөйлем мазмұны жағынан бірдей, 
гипотеза ретінде немесе оның расталу дәрежесіне байланысты теория элементі 
ретінде әрекет етеді. 
Әзірлеу үдерісінде гипотеза немесе әрбір келесі элемент алдыңғы 
элементтен туындайтын белгілі бір пікірлердің иерархиясына айналады. 
Сондықтан гипотезаны қозғау үшін зерттелетін объект туралы көп нәрсені білу 
керек. Тек сонда ғана нақты дәлелдерді қажет ететін ғылыми, кеңейтілген 
жорамалдарды, теориялық көріністі жасауға болады. 
Бірақ көп жағдайда гипотезаны зерттеуге кірісу кезеңінде анықтайды. Бұл 
кезде қарапайым немесе керісінше – «фантастикалық» тұжырымдардан басқа 
ештеңе ойлауға болмайды. Бұл гипотеза көп еңбекті қажет ететін негіздемені 
және мұқият, егжей-тегжейлі тексеруді талап етеді. Бұл жағдайда ол іс жүзінде 
жоқ, оған тиісті зерттеу жұмысы да жүргізілмейді. Мұндай өзін-өзі алдау 
жағдайлары болмас үшін бастапқы кезеңде гипотезаны айтпаған дұрыс. 
Оларды «жұмыс жорамалы» деп атау, ал гипотезаны кейінірек тұжырымдау 
жеткілікті. 
Гипотезаны қалыптастыру кезеңінде оны тексергенге дейін оған 
қойылатын кейбір талаптарды сақтау қажет:

гипотеза гипотетикалық (шартты, болжамды) болуы тиіс;


25 

гипотеза принципті тексерілген болуы тиіс;

гипотезада зерттелетін құбылыстарға тән тұрақты және қажетті 
байланыстар көрсетілуі тиіс, олар қажет болған жағдайда заң сипатына немесе 
заңдылықтарға ие болуы мүмкін;

соңында, ғылыми гипотезаның ең маңызды белгісі оның 
стандартсыздығы немесе айқын еместігі болып табылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет