Методические рекомендации по организации исследовательской и проектной деятельности обучающихся мкш нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет15/184
Дата18.10.2023
өлшемі5,4 Mb.
#118880
түріМетодические рекомендации
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   184
Ақпаратты іздеу әдістері 
1. 
Ақпараттан өзінің білімділік ақпарат базасының аудиті. 
Егер файлдар, кітаптар, аудио және бейнематериалдар түрінде 
жинақталған деректер базасы бар болса, бірінші – қолда бар ақпараттың ішінен 
деректерді іздеу. Егер ақпарат дұрыс жүйеленсе және кодталса, мұны жасау 
қиын емес. 
2. 
Жазбаша және / немесе мультимедиалық дереккөздеріне шолу. 
3. 
Бар білім базасынан ақпарат алып, оны мынадай жолдар: 

кітапханалардағы кітапхана қорымен жұмыс, статистикалық және 
мұрағат қызметтеріне сұраныс жасау және т. б. 

іздестіру жүйелерімен жұмыс.
Іздеу жүйелеріндегі жұмыстар. 
Телебағдарламалар, бейнематериалдар карау және аудиоматериалдар
тыңдау арқылы толықтыруға болады.
Ақпаратты іздестіруде интернет желісі айтарлықтай көмек көрсетеді, 
онда кітаптардың, газеттердің және т.б. электрондық нұсқаларды табуға 


27 
болады. Профессор Дж.А. Паулос, «Интернет – әлемдегі ең ірі кітапхана, тек 
барлық кітаптар еденде шашылып жатыр деп жазған». Сондықтан, бүкіл кітап, 
қағаз, фотосуреттер мен басқа да электрондық қоқыс арасынан ақиқат 
материалдарды табу үшін көп күш салу керек. Бұған электронды кітапхана 
базасы көмек бере алады. Мысалы, 
http://kazneb.kz-
электрондық мемлекеттік 
кітапхана қорының каталогы мен депозитарлық және пайдалану қоры бар 
кітаптар көшірмелерінің бірыңғай электрондық қоймасы. Тіркеу авторы талап 
етілмейді.
Әдеби дереккөздермен жұмыс жасау кезіндегі оқу түрлері:

жоғарғы жылдамдықпен жүгіртпе оқу кезінде жалпы мәтінмен 
танысу барысында табылған ақпаратты салыстыру арқылы өз көзқарасын 
білдіру

сканерлеу (қарап оқу) фактіні, сөзді, тегін іздеу мақсатында;
мәтінді жылдам қарау; 

аналитикалық оқу – сыни тұрғыдан зерттеу арқылы мәтіннің 
мазмұнын терең ұғыну мақсатында, фактілерді, дәйек сөздерді жазып алу, 
тезистер, рефераттар және т. б. құрастыру арқылы сыни зерделеу;

алдын ала оқу – сөздіктер мен анықтамалықтар бойынша олардың 
мәнін түсіну үшін барлық бейтаныс шетелдік сөздерді, ғылыми терминдерді 
белгілеп оқу; 

қайта оқу – мәтінді терең ұғыну мақсатында қайта оқу. 
Кітаппен немесе басқа да жазба дереккөздермен жұмыс істеу үдерісінде
оны әрі қарай нақтыламау үшін оның шығу деректерін бірден белгілеу қажет. 
Библиографиялық сипаттаманы ресімдеу ережесі қосымшада келтірілген.
4. Қызығушылық танытқан тақырып бойынша сарапшылармен қарым-
қатынас. 
Сарапшылар пән мұғалімдері, белгілі бір мамандық өкілдері және т.б. 
бола алады. Сарапшылар ақпаратты іздеу саласын кеңейтуге болатын 
«тіркемелер» береді: қандай ақпарат көздері ең маңызды, бірінші кезекте 
қандай кітаптарды оқуға болады және т.с.с.
4. Тікелей бақылау. 
5. Сұрақ-жауап, тестілеу. 
Қорытынды 
– 
жұмыстың негізгі қорытындылары мен нәтижелерінің 
қысқаша баяндалуын қамтитын зерттеу жұмысы мәтінінің соңғы бөлімі. Бұл
бөлімнің мазмұны әдебиеттің теориялық талдауынан, эмпирикалық зерттеу 
мәліметтерінен, теориялық және эмпирикалық (практикалық) тараудың 
соңында тұжырымдалған ең маңызды нәтижелер мен қорытындыларды 
жалпылау болып табылады. 
Қорытындыны сәтті жазуға арналған кеңестер: 

қорытындының мәтінін мынадай сөйлемдерден бастау керек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет