Мұғалім туралы мәлімет Аты-жөні: Мамадярова Мухаббат Турсумбаевна


IV. Шежіре және Еуразиялық көшпенділер тарихы



бет3/45
Дата27.09.2022
өлшемі213,4 Kb.
#40491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
IV. Шежіре және Еуразиялық көшпенділер тарихы
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ – тарих ғылымындағы халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Шежіре қазақ, түрікмен, қырғыз, моңғол және т.б. халықтар арасында ауызша сақталған. Бұл халықтардың көне тарихы жөнінде айтылатын мағлұматтар “шежіре”, “тайра”, “тарих”, “сееджер” т.б. болып әр түрлі айтылғанымен “сақтау” деген мағынаны, ал семит-араб тілдерінде “ағаштың бұтағы” деген ұғымды білдіреді. Яғни, арабтар шежірені ата санаумен тікелей байланыстырса, түркілер көнені есте сақтау – тарихты айтумен, тарихпен бір деп түсіндіреді.

«ҚАЗАҚ ТАРИХЫ» бағдарламасының
күнтізбелік-тақырыптық
ЖОСПАРЫ
Аптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат .





Тақырыптың аты

Сағат саны

Мерзімі




  1. тарихтың бесаспа зергері

1

Кіріспе. Қазақ қоғамын зерттеудің тиімді тәсілі.

1




2

Тарихтың бесаспа зергері

1




3

Қазақтың тәуелсіздігін алу

1




4

Ұлттық ою-өрнектерінің тұлға тәрбиелеудегі ролі

1




5

«Танымдық, ұлттық ойын элементтерін тарих пәнінде пайдаланудың маңызы»

1







ІІ . «Қазақтың тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

6-7

«Қазақтың тарихының» бүгінгі қазақ үшін қадірлі

2




8

Тарихтың артықшылықтары

1




9-10

Ақселеу және тарих ақауы

2




11

Қазақ тарихи деректерін жүйелу және талдаудың кейбір мәселелері

1




12

Қазақ халқының тарихи жады және тарихи дәстүрі

1




13-14

Ұлт тарихын зерттеу тарихи деректерін пайдалану: методологиялық мәселелер

2




15

Қазақ эпостары – тарихи дерек ретінде

1




16

Қазақтың дәстүрлі: ұғымы және тәпілеу мәселелері

1







III. Шешендік сөздер

17

Қазақ тарихиндағы би- шешендер мұрасы

1




18

Қазақ халқының шешендік өнері

1




19

Шешендік сөздер

1




20

Сөз тапқанға қола жоқ

1




21

Қазақтың шешендік өнері

1




22

Шешендік сөздерге тән ерекшеліктері

1




23

Шешендік және сөз мәдениеті тарауынан қайталау, қорытындылау

1







ІV. Шежіре және Еуразиялық көшпелілер тарихы.

24

Қазақ шежірелерінің қалыптасу кезеңі

1




25

Шежіредегі түсіндіру құрылымдары және естелік айту

1




26

Қазақ шежіресінің деректері мен материалдары жөнінде

1




27

Қазақ шежірелері туралы

1




28

Қазақ шежірелері - тарихи деректер ретінде

1




29

Диссертоциялық хронология шеңбері

1




30

Шежіренің қазіргі маңызы

1




31

Қазақ хандығына шежіре неге керек болды

1




32

Есім хан реформасынан кейінгі қалыптасқаншежіре

1




33

Алаштан басталған шежіре

1




34

Білімді тиянақтау Қорытынды, тест сабақ

1







  1. сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Тарих қазақ қоғамын зертеудің тиімді тәсілі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар тарих қазақ қоғамына зерттеудің тиімді тәсілі
екенін біледі.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) Жаңа сабақ
Ауызша тарих дәстүрі қазіргі заманда тек қана тарих ғылымының емес сонымен қатар әлеуметтану,саясаттану сияқты қоғамды зерттейтін ғылымдар әдіснамасының құрамды бөлігіне айналды.Қазіргі заманда әлемнің белді университеттері мен зерттеу институттарындағы «Oral history» орталықтары осының айғағы болса керек. Осы зерттеу тәсілінің бастауларына назар аударсақ XIX ғасыр ортасындағы белгілі француз тарихшысы Сорбонна университетінің профессоры Жюль Мишле, өзінің «Француз революциясының тарихы» , атты еңбегіне кірісер алдында мен үшін жазба құжаттар көптеген деректердің біреуі ғана деп айтқан болатын. Мен ауызша дәстүр дегенде, бөлек адамдардың пікірлерінен қалыптасатын ұлттық дәстүрді айтамын дей келе: то, что говорили и повторяли все — крестьяне, горожане, старики, женщины, даже дети; то, что можно услышать, если как-нибудь вечером заглянуть в деревенскую таверну; то, что можно почерпнуть, если, встретив на дороге праздного путника, затеять с ним разговор о дожде, о времени года, потом о высоких ценах на продукты, потом о временах Императора, а потом о Революции- деп түсініктеме беріп кеткен. Ал Ян Вансин «Ауызша дәстүр: тарихи әдіснама зерттеулері»(1965) деп аталатын өзінің классикалық еңбегінде африкалық ауызша дәстүрде есте сақталатын зердені бес категорияға бөледі: Во-первых, это формулы: заучивание формулировок, ритуалов, лозунгов и титулов. Во-вторых, географические названия и имена. Затем официальная и неформальная поэзия — историческая, религиозная или личная. Четвертую категорию составляют рассказы — исторические, дидактические, художественные или личные. И, наконец, пятую — юридические и иные комментарии.Көріп отырғанымыздай шет ел ғалымдары ауызша тарихи дәстүрдің әдіснамалық және деректік маңызын дәл анықтап жазып кеткен .
Тәуелсіздік кезеңінде осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізген қазақ этнологиясына байланысты, кең ауқымды, өзекті мәселелерді қозғаған Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» еңбегін айтпасқа болмайды. В.П.Юдин «далалық ауызша тарихнама» деген ұғымды пайдаланған болса, ал осы негізде А.Сейдімбек те шежірелік деректерді зерттеу барысында өзінің шежіре ішіндік зерттеу бағыттарын далалық ауызша тарихнама аясына сыйдырады. Ақаң «Қазақтың ауызша тарихы» атты зерттеу еңбегінде жаңа тұжырымдарға барып «қазақ шежірешілдігін» (шежіресін), шын мәнінде, «Қазақтың ауызша тарихы» деп атауға болады деген тың қорытындыға келеді. Автордың бұл жерде этнология ғылымындағы жаңа пікірді ұсынып отырғанын аңғармау мүмкін емес. Шындығында да, қазақ шежіресі тарихи айналымға адами тұлғаларды нақты енгізетіндіктен және бүкіл шежірелік хикаялар нақты тарихи тұлғалардың ұрпақ жалғастығын бейнелейтіндіктен және мұның өзі әрқашан да ауызша тарих айту жолымен жүзеге асырылатындықтан, мұндай аталмыш ұсынысқа келісуге болады. 
Ұлттық тарих айту дәстүрінің негізгі қасиеті қазақтың ұлттық ділі мен рухын қалыптастырды. Мұны Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты еңбегінде терең пайымдаған: «...Сонымен бірге ұлттық сананың кейбір ерекшеліктері де қазақ болмысының құпиясы мен өміршең күштерін нұрландыра алады. Қазақтардың рухани әлемі негізінен ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Қазіргінің талай елін қайран қалдыратын осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармаларында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатыр. Қазақ даласында поэзия тек ақын-жыраулардың ғана еншісі болып қоймаған, ол қазақ мәдениетінің барлық тамырына нәр берген. Қазақты этномәдени тұтастық ретінде танып-түсіну үшін халықтың ауызекі сөзінің құдіреті айрықша мәнді» .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет