10
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Бұл
кезде
іштей
қобалжуы
басылып,
Хузайфа жайбарақат мүшріктер
жаққа кетіп бара
жатты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
артынан:
– «Әй, Хузайфа!» – деп дауыстады.
Хузайфа кері бұрылып Аллаһ елшісінің алдына
келді. Пайғамбарымыз оған:
– «Қайтып оралғанға
дейін олардың ешбірімен
қақтығыспа!» – деп ескертті.
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
соңғы нұсқауын
алған Хузайфа көп ұзамай-ақ жау шебіне енді. Сол
кезде мүшріктер жиналып, орталарында тұрған ірі
денелі бір кісіні (Әбу Суфиян) тыңдап тұрды. Ол
айналасындағыларды:
– «Қане аттанайық», – деп, кері қайтуға үндеп
жатыр екен. Бұл жау жақтағы аса беделді кісілердің
бірі еді. Хузайфа қорамсабынан бір жебе алып, садағын
атуға оқталды. Кенеттен Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
ескертуі ойына оралып, райынан қайтты. Бірақ
мұндай зор мүмкіндікті жіберіп алғысы келмегендей,
қайтадан садағын алды.
Осы сәтте жақын
жерден шыққан тысырдан
сезіктенген Әбу Суфиян жақын арада бір жансыз бар
деген ойға келді. Маңайындағыларға:
– Әркім қасындағы кісінің қолынан ұстап, оның
кім екенін анықтасын», – деп бұйырды. Бұл сезігі
негізсіз емес еді. Хузайфа да
еш саспастан бірден оң
және сол жағындағы кісілердің қолынан ұстап, алды-
мен оң жағындағы кісіден:
– «Сен кімсің?» – деп сұрады. Ол:
– «Мен Мағауия ибн Әбу Суфиянмын», – деп
жауап берді. Сосын сол жақтағы кісіге қарап сұрағын
қайталады. Ол:
11
Хандәк соғысы
– «Мен Амр ибн Аспын», – деп жауап қатты.
Хузайфа осылайша бірінші болып сұрау арқылы
тығырықтан шығатын жол тауып кетті.
Қатты жел жиылғандардың әбден берекесін кетірді.
Ахзаб әскері ең дұрысы кері қайту деп ұйғарып жолға
дайындала бастады. Әбу Суфиян да түйесіне мініп,
оны орнынан тұрғызуға тырысып жатты. Бірақ дүлей
дауыл атан түйенің де тұруына мүмкіндік бермеді.
Табиғаттың алапат күшінен зәре-құты қалмай
қорыққан мүшріктер
алмыз деп келген Мәдинаны
жайына қалдырып келген ізімен кері қайтуға асықты.
Мүшріктердің жай-күйінен толық хабардар болған
Хузайфа көрген-білгенін Аллаһ елшісіне
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
жеткізуге асығып, жолға шықты. Жолай жиырма
кісілік атты жасаққа кезікті. Оларға:
– «Достарыңа хабарлаңдар. Аллаһ тағала дүлей
дауыл мен әскер жіберіп, имансыздардың жазасын
беріпті», – деді.
Хузайфа бұларды жақсы танымайтын еді. Қайтып
оралғанда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
намаз оқып
жатты.
Тапсырманы
ойдағыдай орындаған Хузайфа
қайтадан тоңа бастады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
оған қол бұлғап қасына шақырды. Үстіндегі
киімінің бір бөлігін Хузайфаның үстіне жауып, көріп-
білгенін тәптіштеп сұрай бастады
3
.
3
Берілген
тапсырманы орындап, көрген-білгенін Аллаһ елшісіне
баяндағаннан кейін Хузайфа сол жерде қалың ұйқыға кетеді. Таңертең
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қасына келіп, оған «Ей,
ұйқыбас, тұр», – деп намазға оятады. Қараңыз: Сахихи Мүслим 3/1414
(1788); Ибн Хиббан, Сахих 16/76 (7125); Бәззар, Мүснәд 7/317-318
(2916)