МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет103/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Хүнейнге қарай бет алыс
Хабарларын тиянақтап кері қайтқан хазірет 
Абдуллаһ естіп-білгендерін Аллаһ расулына жеткізді. 
Өкінішке қарай, жеткен хабарлардың бәрі рас болып 
шықты. Бұларға қарсы үлкен әскер беттеп келе жатыр 
еді. Хауазиндықтардың бұл хабарын алған Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларына соғысқа 
дайындалуға бұйрық берді.
– Ертеңгі біздің шатырымыз мүшріктердің кезінде 
бізге қарсы шешім қабылдаған Бәни Кинана мекенінің 
орны. 
Мекке жеңісіне қуанған әскерлерді тағы бір үлкен 
соғыс күтіп тұрды. Бірақ олар Меккеге шабуылдамай 
тұрып, мұсылмандар оларға шабуылдағанды дұрыс 
көрді. Қалайда бұл соғыс Меккенің тысында өтуі тиіс. 
Сондықтан көбірек қару-жараққа деген қажеттілік 
туды. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
тағы бір қадам 
жасап, Сафуан ибн Үмәяға хабар салып, онымен бір 
жерде кездесті :
– Уа, Әба Үмәйя, – деді. – Дұшпандарымызбен 
қарсыласуға бізге қарызға қару-жарақ бере тұрсаң?!
Сафуан әлі де мұсылман болмаған еді. Алайда 
Пайғамбарымыз оның бойынан мұсылмандыққа жақын 


301
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
нышан байқайтын. Мүмкін осындай бір маңызды 
кезеңде өзімен отырып сөйлесе алатын, бірге уақыт 
өткізе алатын, Исламның әсемдіктерін көрсете алатын, 
іс-әрекетімен жүрегіне әсер ете алатындай сәттерді 
көбейткісі келген еді. Сафуан болса басқа нәрселерді 
ойлады. 
– Оларды қайтармау мақсатында алмақсың ба?
– Жоқ, – деді расулаллаһ, – оларды уақытша қолдана 
тұруға ғана алмақпын. Кейін қайтарып беремін.
– Онда дұрыс екен, – деген Сафуан ибн Үмәйя барды 
да жүз сауыт пен қылыш, қалқан тәрізді көптеген қару-
жарақты әкеліп тапсырды. Сол күні Расулаллаһ 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
көкесінің ұлы Нәуфал ибн Харистан да үш 
мың найза қарызға алды. Ілтипат етіп: – Сенің мына 
найзаларың мүшріктердің бел омыртқасын үзгенін 
көріп тұрмын, – деді. 
Күнтізбе Шәууал айының алтысын
114
көрсетті. Бәни 
Кинана деген жерде он төрт мың кісілік әскер
115
дай-
ындалып, қозғалуға бұйрық күтті. Расулаллаһ бұйрық 
беріп, әскер Хауазинге бағыт түзеді.
Бұл жолы Пайғамбарымыз жанына Үммү Сәләма 
мен Мәймуна аналарымызды ертті. 
114
Рамазан айының бітуіне екі күн қалғанда шықты деген де дерек бар. 
Шамамен Рамазан айының соңғы күндерінде жолға дайындықтар 
басталып, Шәууал айының алтыншы күні әскер жолға шыққан. 
Уақиди, Мағази, 1/889; Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/346. 
115
Бұл санның он екі мың екендігі де айтылуда. Алайда Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Мәдинадан шыққанда, он мың кісімен 
қозғалып, Меккеге келгенге дейін өзіне жолдан қосылғандармен жал-
пы саны он екі мыңға жеткен. Меккенің азат етілуімен екі мың кісілік 
күш тағы да қосылып, Хауазинге жалпы саны он екі мың әскер бет 
түзеген. Ибн Кәсир, Сира, 3/615; әл-Бидая уән-Нихая, 4/371; Салихи, 
Субулул-худа уәр-рәшад, 5/314. 


302
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Меккеге бас-көз болуға жиырма жастарындағы 
Аттаб ибн Әсидті қалдырды. Муаз ибн Жәбал да 
жұртқа Ислам үйрету үшін тағайындалды. 
Кеш те түсті. Аялдауға рұқсат берілді. Осы кезде 
Аллаһ елшісінің жанына бір атты кісі келіп: – Уа, 
расулаллаһ, – деді, – Мен сіздерден бұрын барып 
мына таудың басына шығып едім. Хауазиндықтардың 
өздерімен бірге қойлары, түйелері, бала-шаға, қатын-
қалаштарының бәрін алып арғы бетте күтіп жатқанын 
көрдім. Отбасы мүшелерінің бәрі де сонда. 
Аттының сөзін естігенде Пайғамбарлар төресі 
күлімсіреп: – Иншаллаһ, олардың бәрі де ертең 
мұсылмандар үшін олжа болады, – деді. Артынан саха-
баларына бұрылып: – Осы түні кім бізді қарауылдайды? 
– деп сұрады. Аллаһ расулы маңызды әрі сындарлы 
істерді табыстарда адамдардың бұған өз көңілдерімен 
келіскенін қалайтын. Бұны естігенде Әнас ибн Әби 
Мәрсад орнынан түрегеліп: 
– Мен, уа, расулаллаһ, – деді. Оған қарап: – Ендеше, 
атыңа мін, – деді. Хазірет Әнас дереу атына қарғып 
мініп бері келді. Бұл жолы оған: – Мына сайдан таудың 
төбесіне қарай шығып көр, сол жақтан аңдаусызда 
шабуылға ұшырамайық, – деді. Таң намазының уақыты 
кіргенде, бірге намаз оқыту үшін шыққан Аллаһ расулы 
әуелі екі бас намаз оқыды да, сахабаларынан «Кешегі 
аттыдан хабар жоқ па?» деп сұрады. Ешкімнің хабары 
болмай шықты. – Уа, расулаллаһ, жоқ, хабарымыз 
жоқ, – десті. Іле бәрі таң намазына тұрды. Таң намазын 
оқытып бола салысымен Пайғамбарымыз жамағатына 
қарап: – Сүйінші! Аттыларың келе жатыр! – деді. Тау 
басына қарай аңдап қарағандарында, шынымен де бір 
аттының келе жатқаны байқалды. 


303
Хауазиндықтардан жеткен хабарлар
Көп өтпей хазірет Әнас Пайғамбарымыздың 
алдына келіп, көрген-білгенін баяндады: – Мен 
расулаллаһтың маған тапсырғанындай ана таудың 
басына дейін шықтым. Таңертең ертеңгісімен екінші 
таудың да басына шықтым. Екеуінен де мұқият 
қарадым, бірақ ешкімді көре алмадым. 
Демек, жау жағы жасырынып үлгеріпті. Хазірет 
Әнастың айтқандарын естір-естімес Пайғамбарымыз 
одан: – Сен өзі түнде атыңнан түспедің бе? – деп 
сұрады. – Жоқ, намаз үшін және дәрет қысқанда ғана 
түстім, басқа уақыттың бәрін аттың үстінде өткіздім, – 
деп жауап берді хазірет Әнас. Бұл өте маңызды қасиет 
еді. Тапсырманы бұлжытпай орындау, артық қимылға 
бармау Аллаһ расулы үшін өте маңызды еді. Сол үшін 
Расулаллаһ Әнас ибн Әби Марсадқа: – Бұдан кейін 
басқа амалың болмаса да жұмақ саған уәжіп болды, – 
деді. 
Әутас делінген жерге жеткенде, Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
үлкен бір ағаштың астына барып, 
қылышы мен қалқанын бұталарға іліп, сәл тынығып, 
көз шырымын алғанды жөн көрді. Бір уақытта оқыстан: 
– Әй, Әбу Бүрда! – деп дауыстады. Мүбәрак дауысты 
естіген хазірет Әбу Бүрда: – Айтыңыз, уа, расулаллаһ, 
– деп, дереу Пайғамбарымыздың жанына жүгірді. 
Ағаштың көлеңкесінде отырған Аллаһ елшісінің 
қасында бір кісі тұр еді. Ол да таңғалды. Пайғамбарлар 
төресі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
жанына жақындаған Әбу 
Бүрдаға мынаны айтты: 
Осында мен көз ілгенде, мына кісі дәл жаным-
нан шыға келді. Қылышымды ала салып жетіп келді де 
«Әй, Мұхаммед! Сені менен кім құтқарады?» деді. Бұл 
дауыстан оянып кеттім. Сөйттім де «Аллаһ тағала» деп 
жауап бердім. 


304
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Есі шыққан хазірет Әбу Бүрайда орнында әрең 
тұрды. Бір жағынан қолы қылышының қынына барып, 
Пайғамбарлар төресіне: 
– Уа, расулаллаһ! – деді, – Бұл кісіні маған қалдыр, 
жаудың жансызы ғой, мен оның кәлласын ұшырайын!
Мейірбан жан оны тоқтатты:
– Тыныш, уа, Әбу Бүрайда, қылышыңды қынына 
сал, – деді. Тіпті хазірет Әбу Бүрайда Пайғамбары-
мыздан 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
анық бұйрық алғандықтан 
әлгіге ештеңе істей алмай дымы құрып, бірақ басқаларға 
дауыстап, басқа сахабалардың оны өлтіргенін қалады. 
Алайда мейірбан пайғамбар бұлардың ешбіріне 
рұқсат етпей: – Әу, Әба Бүрайда! – деді, – Бұл кісіге 
шүйліккеніңді қой. Мені қорғап тұрған Аллаһтың өзі. 
Аллаһ өз дінін барлық діндерден үстем еткенге дейін 
мені қорғайтыны сөзсіз. 
Сөйтті де өзіне қастандық жасамақ болған әлгі 
кісіні де кешірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет