МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет91/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   155
Ресми өткел
Сол күні таңертең Мәрруз-захранда мұсылман 
шабарманның даусы естілді: – Әр тайпа дереу жол 
азығын дайындасын. Қаруларын, басқа да керек-
жарағын көліктеріне тиеп, басшыларымен бірге өз 
туының астына жиылсын! 
Осы бұйрықпен бірге ислам әскері қозғалып, тай-
палар басшыларымен бірге, кішкене жасақтар туының 
астында бір жерге бас қосты. Ендігі кезек, Әбу Суфиян 
арқылы Құрайышқа білдірілетін ең ықпалды хабарға 
жетіп еді. Әр қол жеке-жеке өздерін тамашалап қарап 
тұрған Әбу Суфиянның алдынан өтпек! 
Алғашқы кезекте Халид ибн Уәлидтың 
басшылығындағы мың кісілік
105
қол өтті. Әбу 
Суфиянның алдына келген кездерінде хазірет Халид 
тәкбір айта бастады. Оның тәкбірін мың кісілік қол да 
қайталап, үш рет айтпақ болды. Түн қараңғылығында 
көктегі жұлдыздар секілді он екі мың отпен тізе 
бүккен Мәрруз-захран енді тәкбір үнімен жаңғырып 
кетті. Бұл нағыз жүректі дір еткізген көрініс болды. 
Өтіп бара жатқанда Әбу Суфиян алдынан өтіп бара 
жатқандардың кім екендіктерін хазірет Аббастан 
сұрап, жауабын алып тұрды. Жауаптарды естіген 
сайын Әбу Суфиянның таңғалысы арта берді. Өйткені 
адамдардағы өзгерістің жылдамдығын ұғуда қиналып, 
осы деңгейді қалай тез бағындырғанға таңғалып еді. 
Әбу 
Суфиянның 
алдынан 
кезек-кезегімен 
мұсылман әскерлері өтіп жатты. Бес жүз кісілік қолды 
хазірет Зүбәйір, үш жүз кісілік қолды Әбу Зәрр, төрт 
жүз кісілік қолды Әсләм, бес жүз кісілік қолды Бәни 
Қағыб, мың кісіні Мүзәйна, сегіз жүз кісіні Жүһәйна, 
105
Бұл санның тоғыз жүз екендігі де айтылуда. Уақиди, Мағази, 1/813; 
Салихи, Субулул-хүда уәр-рәшад, 5/219. 


261
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
екі жүз кісіні Кинана бастап, артынан үш жүз кісілік 
Әшжа тайпасы жүріп өтті. 
Әр жолы Әбу Суфиян Аллаһ елшісі бар топтың 
қашан өтетініне алаңдап тұрды. Соңында туды Сағыд 
ибн Үбадә ұстағандардың арасында Аллаһ елшісі де 
бар мың кісілік қол келе жатты. Жүріп келе жатқан 
оларды жүйеге түсіріп жүрген хазірет Омардың да зор 
даусы естілді. Ансар мен Мұһажирлердің әр қанатына 
тән тулары түрлі түсті еді. Әскери дайындық жағынан 
да тас-түйіндігі байқалып тұрды. Оларды көргенде 
Әбу Суфиян: 
– Мынандай әскерге кім қарсы тұра алады?! – деп 
терең күрсінді. 
Қолындағы тумен әскердің алдында кетіп бара 
жатқан Сағыд ибн Үбәда Әбу Суфиянның жанынан 
өтіп бара жатқанда дауысын көтеріп, оған былай деді: 
– Бүгін дастан жазылатын күн, – деді, – Бүгін 
Харамның қасиеті қашып, ол жерде соғысқа жол 
беріледі. Соңында Құрайыш жер болады!
Бұл сөздер Әбу Суфиянға үрей салғандықтан, 
хазірет Аббасқа бұрылып: 
– Әй, Аббас, – деп дауыстады, – Бүгін мені 
қорғауың үшін қандай маңызды күн десеңші?!
Осы сәт Қасуасына мінген Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
шыға келді. Оң жағында хазірет Әбу Бәкір, 
сол жағында Үсәйд ибн Хұдайр бар екен. Хазірет Аббас 
көңілі өрекпіп Әбу Суфиянға дауыстады: 
– Әне, расулаллаһ! 
Әбу Суфиян оған: 
– Түу, бауырымның ұлы бүгін ешкімге дес 
бермейтіндей зор билікке қол жеткізіпті, – деді. Хазірет 
Аббас тағы да: 


262
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
– Әй, Әбу Суфиян, – деп дауыстады, – ол билік 
емес, пайғамбарлық! 
Алайда жанынан өтіп бара жатып Сағыд ибн 
Үбәданың айтқандары Әбу Суфиянның көңіліне қатты 
тиіп еді. Сол себепті Аллаһ елшісіне: 
– Уа, расулаллаһ, – деп дауыстады. – Сен 
қауымыңды қыруды бұйырдың ба? Сағыд ибн 
Үбәданың сөзі не сөз?
Сағыд ибн Үбәданың не айтқанын естімеген Аллаһ 
елшісі «Ол не айтты?» деп сұрады. Бұны мүмкіндік деп 
білген Әбу Суфиян жеткізе айта бастады. Әрі соған 
қосып: 
– Анығында сен адамдардың ең жақсысы, 
туыстарға көп қарайлайсың, өте жанашырсың. Ендеше, 
Құдай үшін өз еліңе жаманшылық жасамауыңды 
өтінемін! 
Арада тағы да жеке адамның әрекеті орын алғаны 
анықталды. Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әуелі: 
– Сағыд қателескен ғой, ей, Әбу Суфиян, – деп дау-
ыстады. Бекерге уайымдап тұрғанын білдіргісі келді, 
қайта бүгін нағыз Меккенің қадірі артатын күн. Арты-
нан мынаны қосты: 
– Қайта бүгін мейірімділік күні. Бүгін Аллаһ 
Қағбаның мерейін асыратын күн. Бүгін Қағбаға жабу 
жабылатын күн. Сондай-ақ бүгін Аллаһ Құрайышты 
биіктететін күн. 
Кейіннен Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хабар 
жіберіп, хазірет Сағыдты міндетінен алғанын
орнына хазірет Сағыдтың ұлы Қайыс ибн Сағыдты 
тағайындағанын білдірді. Бұдан жалпыға қатысты 
мәселеде жеке пікірімен әрекет етіп, ортақ істің ба-
рысына зиян тигізбеу керектігі мәлім болды. Тіпті 
бұндай өзгерістің болып-болмағанына көз жеткізгісі 


263
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
келген хазірет Сағыдқа өзінің сәлдесін қоса жіберіп, 
Расулаллаһ оны міндетінен тіке өзі алғанын ұқтырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет