МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет124/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

Көмек жинау
Жағдай ауыр, дұшпан күшті, жол алыс әрі 
мүмкіндіктер де шектеулі еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
күнбе-күн мінберге шығып, дәулетті 
мүминдердің мүмкіндігі шектеулі мүминдерге 
көмектесуге шақырып: – Аллаһ тағалам! Егер дәл 
осы кісілер бір жағдайға тап болса, жер бетінде өзіңе 
құлшылық жасайтын адам қалмайды, – деп, қолында 
мүмкіндігі болмаса да жүрегі иманға тола осы кісілерді 
жеңіске жеткізсін деп дұға етті. Өйткені сол күні 
соғысқа шын ниетімен барғысы келсе де, мүмкіндігі 
болмай дайындық жасай алмаған адамдар бар еді. Олар 
расулаллаһтың жанына келіп, өз жағдайларын айтып, 
бір шара жасауын сұрады. 
Бұл уақыттарда сахабалар беруді үйренді. 
Пайғамбарымыздың қалауын білген хазірет Әбу Бәкір 
барып, үйінде барын түгел әкелді. Оның бұл жағдайын 
көріп: 
– Үйіңдегілерге не қалдырдың? – деп сұраған 
Аллаһ расулына: 
– Оларға Аллаһ пен расулын қалдырдым, – деп 
жауап қатты. Өз-өзіне толық сенімді екені сондай, олар 
таршылық көреді-ау деп те уайымдамады. Ертеңге 
қарамастан бүгінгі қажеттілікті ғана ойлады. 
Көп өтпей хазірет Омар (р.а.) да келді. Көңілі 
толқыған ол өз әкелгендерімен хазірет Әбу Бәкірді озам 
деп ойласа керек. Алайда хазірет Әбу Бәкір басқаларды 
тез әрі жылдам озып кететін. 
132
«Тәуба» сүресі, 9/86, 93.


362
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Сол күні хазірет Осман, Талха, Аббас, Сайыд ибн 
Үбада, Асым ибн Адый секілді алдыңғы қатарлы 
сахабалар мүмкіндігі жоқтарға көмек беру үшін 
байлықтарынан әкеліп, Аллаһ расулының еркіне берді. 
Сол күні үш мың кісілік әскердің үште бірін хазірет 
Османның өзі қаржыландырды
133
. Екі уысын толты-
рып қайта-қайта келген хазірет Османды көрген Аллаһ 
расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қолын жайып: 
– Аллаһ тағалам, сен де Османға разы бол. Өйткені 
мен оған разымын, – деп дұға етті. Бұдан бөлек, алдына 
әкеліп қойған алтын, күмістерді уысында ұстап тұрып: 
– Бұдан кейін не істесе де Османға зияны тимейді, – 
деп, оны мақтады. 
Алдыңғы қатарлы кісілердің беріп жатқанын 
көрген сахабалар да барып, қолдарындағыларын 
әкеліп жатты. Бір түйесі бары түйесін әкеліп, бауы-
рымен бөлісті. Жейтін азығы барлар азығын әкеліп, 
күрескерлерге азық ретінде ұсынды. Сол күні әйел са-
хабалар да қарап қалмады. Сәндік бұйымдары алтын, 
күміс білезік, моншақ, алқа – бәрін әкеліп Аллаһ ра-
сулына табыстады. Ақиқат діннің үстем түсуі үшін 
қолдарындағы мүмкіндіктерінің бәрін көмек ретінде 
шын пейілмен берді. Хазірет Айша анамыз әйел саха-
баларды беруге ынталандыру үшін бөлмесінде бір мата 
жайды. Олар үйлеріне барып, тапқан бағалы сәндік 
бұйымдарының барлығын әкеліп сол матаға салды. 
Тәбүк күні Уасила ибн Асқа Мәдина көшелерін 
аралап: 
133
Сол күні хазірет Осман жүгімен тұрған мың шақты түйені 
Пайғамбарымызға әкеліп тапсырды. Бұнымен де шектелмей, басқа не 
бере аламын деп ойлап, үйіне қайта-қайта барып келді. Әрі бірнеше 
келі алтын-күміс те әкеліп қосқаны айтылады. Ибн Хишам, Сира, 
5/197; Ибн Шайба, Мұсаннаф, 6/360 (32030)


363
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Соғысқа баратын адамға мініс тауып беретін 
ешкім жоқ па? Қолға түскен олжа соныкі болады, – деп 
жар салды. Оның осы сөзін естіген Қағыб ибн Үжра: 
– Сонда қалай, көлікке мініп жүгін тиеп алып 
жүргені үшін-ақ олжаға кенелмекпіз бе? – деп ұяла 
сұрады. 
Хазірет Уасила: «Иә» деп жауап қатты. Бұл кәрі 
кісілер үшін таптырмас мүмкіндік еді. 
– Онда мә, Аллаһ берекесін берсін, – деп хазірет 
Уасилаға мініс көлік берді
134
.
Осының бәріне қарамастан сол күні не бұт артар 
көлігі жоқ, не қолына ұстар қылышы жоқ адамдар да 
кездесті. Олар келіп жағдайларын айтқанмен, Аллаһ 
расулының қолында да ештеңе қалмап еді. Еңселері 
езіліп, көздерінен жас парлап кейін қайтып еді
135
. Ұтба 
ибн Зәйід те солардың бірі. Расулаллаһтан ажырап 
қалғысы келмеді. Алайда Пайғамбарлар падишасы 
оған: 
– Сені соғысқа дайындайтындай мүмкіндігім 
қалмады. Ештеңе бере алар емеспін, – дегенде, 
қатты қапаланды, балаша жылап кері қайтты. Осы 
жабырқаған қалпымен үйіне келіп, өз-өзін жазғыра 
бастады. Түннің бір уағында төсегінен тұрып, дәрет 
алып келіп екі бас намаз оқығаннан кейін:
– Уа, раббым! – деп жалбарына бастады, – Сен 
бізге жиһад жасауға бұйрық бердің, соғысқа қатысуға 
ынталандырдың. Бірақ қолымның қысқалығынан 
бара алар емеспін. Расулаллаһ та қол қысқалығынан 
көмектесе алмады. Шара таппадым, соғысқа бара ал-
134
Сол күні хазірет Аббас екі кісіні соғысқа дайындады. Осыншама 
бергендеріне қоса хазірет Осман үш кісіні мініс көлікпен, басқа да 
керек-жарақпен қамтамасыз етіп соғысқа аттандырды. 
135
Салихи, Субулул-худа уәр-рәшад, 5/438, 439. 


364
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
майтын болдым. Уа, Аллаһ тағалам, тым болмаса, мен 
үшін ең қымбат арым мен абыройымды садақа еткім 
келеді, өзің қабыл ала гөр!
Таң атты. Мәдина көшелерінде тағы да 
Пайғамбарымыздың жаршысының дауысы естілді: 
– Осы түні ары мен абыройын Аллаһ үшін садақа 
еткен кім?
Не болғанын ешкім білмейтін. Ел қатарлы Үлба да 
таң намазына мешітке келді. Пайғамбарлар падишасы 
намаз оқытқаннан кейін жамағатқа қарап: 
– Осы түні садақа таратқан кісі кім? – деп сұрады. 
Ешкімнен жауап келмеді. Нені меңзегенін ешкім 
түсінбегені белгілі. Араларында түнде садақа таратқан 
ешкім жоқ еді. Қолда бардың бәрін Тәбүк үшін дай-
ындалып жатқан әскерге бергендіктен, садақа ретінде 
басқа таратар еш нәрсе қалмаған. 
Пайғамбарымыз сөзін екінші мәрте қайталады: 
– Осы түні садақа таратқан кім? Орнынан тұрсын!
Жамағат бір-біріне қарады. Көп өтпей ол кісінің 
Үлба екені оның қызарақтап, қысылып кеткенінен 
белгілі болды. Ұялғаннан басын көтере алмай тұрды. 
Пайғамбарымыздың меңзеген кісісі анықталды. Демек, 
Аллаһ үшін өзінің ары мен абыройын садақа еткен кісі 
Үлба еді. 
Үлба орнына тұрды. Мешіттегілерге шарасыз-
дықтан түнде тұрып намаз оқығанын, дұға еткенін 
айтып берді. Бұл шарасыздықтан барған жағдай еді. 
Алайда бұл Аллаһтың да, расулының да назарынан 
тыс қалмақ емес. Тыс қалмады да. Демек, жоқшылық 
қатты қысқан уақыттарда өзіндегі ең қымбат нәрсені 
бере білу қабыл болған дұғаға жатпақ. Осы сәт ардақты 
расул жамағатқа естірте былай деді :


365
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
– Саған сүйінші хабар айтамын, шыбын жаным-
ды уысында ұстаған құдіретке ант етейін, осы түні 
сен әлгі көп берген, зекеттері қабыл болған кісілердің 
қатарынан орын алдың. 
Демек, Аллаһ шын жүрекпен қалағанда, табан-
дап сұраған жанның дұғасын жерге қалдырмай қабыл 
алып, оны көп садақа бергендердің қатарына жазған 
еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет