366
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Али Журфаны бетке ала шаба жөнелді. Арттарынан
қуып жетіп, Аллаһ елшісіне жағдайды айтқысы келді.
Өзі секілді ерге қан майданда жүру жарасатынын,
бала-шағамен ауылда қалғысы келмейтінін жеткізді.
Хазірет Алидың уәжін
естігенде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Өтірік айтуда, – деді. – Мен сені жұрттағыларға,
отбасыма және өз отбасыңа бас-көз болсын деп
қалдырдым. Әрі сен менің жанымда хазірет Мұсаның
жанындағы хазірет Харұн секілді болғың келмей ме,
уа, Али? Менен кейін пайғамбар келмесі белгілі.
Сірә, Пайғамбарымыз оны өздеріне орталық құрып,
жүзіне
қарап шылп етпей өтірік айтқан, соғыстан
қашқан мұнафықтардан келуі мүмкін қауіпке сергек
қарау үшін өте-мөте Мәдинада қалдырса керек. Хазірет
Али бұдан кейін дереу Мәдинаға қайтты.
Жолда кері қайтқан тағы бір топ адам бар еді. Олар
Ұхыдта айлакерлік жасаған Ибн Сәлүл мен достары бо-
латын. Ұхыдтағы айласына басқан Абдуллаһ ибн Үбәй
ибн Сәлүл:
– Мұхаммед жоқшылық, аптап ыстық, осыншама
алыс жол болғандықтан, өзі жеңе алмайтын адамдар-
мен соғысуға кетіп барады. Бәни Асфармен соғысуды
ол ойын көретін секілді. Уаллаһи, мен оны сахабала-
рымен қосып тау басында тұтқындалып, аяқ-қолдары
байланған кейіпте көрудемін.
Бұл тазалану тәсілі еді.
Ардақты расул
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
өздерімен бірге екіжүзділердің де еріп
жүруін осы үшін бұйырды. Сол күні дәлел ретінде
Пайғамбарымыздың алдында Алқама ибн Фағуа жүріп
отырды.
Уадил құра деген жерден өтіп бара жатқанда, қарсы
алдарынан бір бау шықты. Сахабалар осы баудың
367
Шуақты әлемдегі кеңпейілдік
қанша өнім беретінін мөлшерлей бастады. Олардың
сөзіне Аллаһ расулы да қосылып:
– Қане, шамалап көріңдер, – деді. Әркім әр нәрсе
айтты. Елшілер сұлтаны он уәсақ
137
ретінде мөлшерлеп,
бақша иесіне:
– Бұл бақшаның қанша өнім беретінін жақсылап
қадағала, қайтарда осында тағы соғамыз,
сонда
сұраймын, – деп бұйырды
138
.
Уәдул құрада болған кезінде сол жердегі отырықшы
иудейлерден Аридұлдары Пайғамбарымызға ас әкеліп
сый көрсетеді. Пайғамбарымыз қырық уәсақ ақы
ұстатып, асты сахабаларымен бірге ішті.
Халижадан өтіп, Зилмаруа деген жерге жеткенде,
қатты шаршаған сахабалар: – Уа, расулаллаһ, бұл жер
суы бар, көлеңкесі бар, нағыз қонатын жер екен, – деді.
Алайда Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Бұл біреулердің егіс алқабы.
Бұл жерде
қонғанымыз жөн емес, – деп, түйесінің тізгінін бос қоя
берді. Өйткені түйенің де Аллаһтың әмірімен жүретінін
білетін. Шынымен де түйе келіп, үлкен бір ағаштың
астына тоқтады. Бәрі сонда тоқтады. Сахабаларына
осында намаз оқытып, біршама уақыт тынықты.
Достарыңызбен бөлісу: