Мұхтар Әуезов шығармаларының елу томдық толық жинағЫ 3-том мақалалар, ӘҢгімелер, аудармалар, пьесалар 1921-1929 "ДӘуір" "жібек жолы" алматы 2014



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата19.01.2017
өлшемі4,32 Mb.
#2190
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

ТӨРТІНШІ АКТ 

Бесінші сурет

Сырымның ендігі мекені. Қатарласа тігілген бірнеше қос ұранқайлар. Бел-

деулерде айбалта, шоқпар, найза. Сырым шығады. Қасында Дулат, егінші шал, 

балықшы шал. Сырым мен Дулат қару асынған.

Е г і н ш і   ш а л . Қарағым Сырым! Уа, Сырымжан!

С ы р ы м . Е, немене, қартым?

Е г і н ш і   ш а л .  Уа,  бір  нәрсенің  мәнін  сұраймын,  жөнін 

айт!


С ы р ы м . Ненің жөні, қария?

Е г і н ш і   ш а л .  Жә,  осы  сен  беріп  жатырсың,  төгіп 

жатырсың? Мені «Егінші шал» деп, мынаны «Балықшы шал» 

деп, беріп-беріп келесің. Ал енді осы ненің орайы, өтесіні не 

болмақ? Өзің айтшы, мүлдем сұрамасқа мұршам бар ма осыны?

С ы р ы м .  Е,  балаң  сұрамай-ақ  алатыны  кәне?  Соны 

жіберсең не етті?

Е г і н ш і   ш а л . Бәсе сол, соны айт... Сонада кеп бір алды 

сенен,  анада  кеп  тағы  алды...  Бүгін  тағы  шақырыпты.  Жөнін 

сұрасам:  «Ол  неге  берді?  Сен  неге  алдың?»  –  десем,  балам 

жауап   айтпайды.  Содан  соң  бүгін:  «Тәйт  былай,  өзім  барам, 

өзім сұраймын», – деп келмедім бе?

Б а л ы қ ш ы   ш а л . «Күйі бірдің – күні бір» деген-ау... Мына 

егінші шалдың сөзі – тас-түйін менің сөзім. Топа-торсақ болса 

да, тура сөз – осы. Мен де соны сұрап қалдым, Сырымжан! Уа, 

неге  шашасың,  неге  бере  бересің  осы  қыруар  мал-мүлкіңді? 

Бізден не қайыр күтесің?

Е г і н ш і   ш а л . Бәсе-бәсе, міне, бәсе, осы деймін! Біз бір 

өңшең қатқан кедей емеспіз бе мына теңізді сағалаған? Титығы 

құрығаннан кеп паналап сағалаған өңшең бір шыр бітпеген аш-

арық емеспіз бе?

Д у л а т . Уа, сол үшін, сендер сондай болғаныңнан «ал» деп 

жүрген жоқ па Сырым.

Е г і н ш і   ш а л . Бірақ менің берерім, қолқаға жарарым жоқ 

қой.  Мынау  балықшы  шал  болса,  түп  жоқ  тұңғиыққа  қармақ 

салады.  Көрінген  көзі,  кесілген  ізі  жоқ  көлеңкедей  балықтан 

бұл тілейді. Қара жерге тарыны көміп-тығып, ертеңі не болары 

белгісіз, түп-тұңғиықсыз бір меңіреуден мен тілеймін.



292

Б а л ы қ ш ы   ш а л . Айтса-айтпады, қайыптан қайран күт-

кен  біз  емес  пе?  Неге  шашып  жүрсің  деймін  дүниені  біздер 

үшін?


С ы р ы м .  Ой,  тәңір-ай,  мен  дүние  қуып  жүрмін  бе?  Уа, 

дүние мені қуып жүрген жоқ, па, қартым-ау?

Е г і н ш і   ш а л . Ал бізді айтсаңшы! Біз тегіс «кедейліктің 

уын жесек те, арам жемейік» деген кер кедейміз. Имандай сы-

рымыз  бұл.  Әлде  шашып-төгіп  жүргенің  кісінікі  ме,  жаттың 

дүниесі ме?

С ы р ы м . Қоймадың ғой мүлдем, қайран адал бақырларым! 

Енді  жөнімді  айтпай  болмас!  Шашып-төгіп  жүрген  дүнием 

өзімдікі болмаса да, жаттікі емес.

Е г і н ш і   ш а л . Ол қалай?

Б а л ы қ ш ы   ш а л . Мәні қалай мұның?

С ы р ы м . Нәсілі жеті-сегіз атаға жеткен Өсердің бір жұра-

ғаты – менмін. «Отыз ауыл Өсер дейді...» Содан менің алмаған 

үлесім, ортағым, еншім бар.

Е г і н ш і   ш а л . Ендеше, ақы-адал мүлік екен, неге оны ал-

май шашасың?

С ы р ы м . Адал деп ақтамаймын.

Б а л ы қ ш ы   ш а л . Уа, неге? Ата-мүлкің адал емей немене?

С ы р ы м . Арғы атадан бүгінгі балаға дейін жинағандары он 

қос жылқы болған. Санын атасам – он бес мыңға тартады. Со-

ның көбі, бағып тұрсам, жылаған нәсілдің көз жасы дедім де, 

жирендім.

Е г і н ш і   ш а л . Кімнің көз жасы дейсің?

С ы р ы м . Өңшең қыршын жас – қор болған қыз көз жасы... 

Бұл  ауылда  қызды  «қырық  жылқы»  деп  атады.  Менің  көзіме 

де көңіліме сол он қос жылқыда күңіреніп кеткен көп қыздың 

қайғы-қасіреті шұрқырап, шер күңірентіп жүргендей. Қысқасы, 

осындай сан жайдан өртендім де, өшіктім. Өсер мүлкіне... Сен-

дерге адал бұл дүние, ала беріңдер!.. Көңілің соқса – көлік ет, 

қарның ашса – азық ет, түге!

Б а л ы қ ш ы   ш а л . Несін айтайын, Сырымжан, бұл теңіз-

дің мынау өңірінде аты жоққа – ат, асы жоққа – ас болдың ғой, 

қайран жас! Бірақ бәр-бәріңнен сенің әнің, өнерің бізге қандай 

сый  болды!  Үйлеріміздегі  бала-бақырларымыз  боп  сенен 

естіген ән мен сөзге имандай ұйып отырғанымыз жоқ па?


293

С ы р ы м .  Ой,  қадірлі  қартың-ай!..  Оның  да  менде  бүгін 

қалып жүргені – тек тамтығы ғой.

Д у л а т . Бәсе, бізде бүгін ән қалып па еді?

Е г і н ш і   ш а л .  Неге?  Неден  опық  жегенсің  осы  сен? 

Қыршын жас! «Дос» дедің, «елім» дедің бізді, «Ерім» дедім мен 

дағы, міне. Енді сол сыр-шеріңді айтып бер бізге, шерлі жас.

С ы р ы м . Не деп айтам онымды... О-о-о! Жарам бар, ата-

аналар. Жазылмас жарам жатыр. Сырт жарасы емес, іш жарасы. 

Найза жарасы жазылады, жан жарасы жазылмас... Жалғызым, 

жарым жарасы. Жарымды алма, жанымды ал дедім! Оны ал-

май, жарымды алсаң, есімді қоса ал дедім тым құрыса... Бірақ 

бұл  тілекті  менен  бұрын  ол  тілепті,  жарығым...  Қарагөзім!.. 

Қарагөзім!.. Дариға-ай!.. (Еңіреп жібереді. Пауза.)

Д у л а т  (шалдарға). Ал естімегеніңді естідің бе, екі қарт?

Ш а л д а р . Естідік... естідік...

Е г і н ш і   ш а л . Бөлекше туған да бөлек шер буған-ау деуші 

ем... Жүрейік, шал, жүрейік...

Шалдар кетеді.

Д у л а т . Жә, тағы да бейнетпен алған мол жылқыны бей-

нетсіз таратып беріп шықтық де?

С ы р ы м . Алсын, алсын... Біз мал жиямыз деп жүр ме ек?

Д у л а т . Демесек те, өлісіп, қырқысып жүріп зорға аламыз 

да, мұнда әкеліп бере-бере саламыз...

С ы р ы м . Я, сөйтеміз. Өсердің жанына батса, мұндағының 

аш-арығына сеп болса – бізге одан артық не керек?

Д у л а т . Сол үшін жаннан кешсек те түк емес пе?

С ы р ы м . Не қып жаннан кештік?

Д у л а т . Дәл осы соңғы сапарда көп жылқышы қуғыншының 

ортасына, соққысына түсіп зорға құтылмадық па? Өзің болсаң, 

жан мұрынның ұшына келген кезді көрдің. Қандайлық көз жоқ 

ер боп кеткенсің осы?

С ы р ы м . Ой, қойшы, тәйір, не қылған ерлік?

Д у л а т . Жоға рас, Сырым!.. Оса 

жолы

 бір кесел қуғыншы 



Қарасақал қатты қыспады ма бәрімізді? Қолында мылтық, өзі 

дамылсыз  атады.  Тіпті,  тіпті  арсылдаған  арыстан  аузындай 

ажал оққа қалай қарсы бардың? Бетпе-бет, құр қол бардың да, 

тартып алдың ғой қаруын! Ерлік емей, осы не? Жә, қайдан ғана 

туды осы ерлік?


294

С ы р ы м . Ой, ол ерлігім сыры сәл-ақ та! Кімде-кім өлімнен 

қорықпаса, тірліктегі басқаның бәрінен қорықпайды! Мен бол-

сам, осы өмір бітсеші деп, өлімді өзім шақырып жүргем жоқ па? 

Ерлік емес, өлермендік те мені жетелеп жүрген. Сен мені айт-

па, қайта Дәулеткелді, Қоскелдіні айтсаңшы, өзіңді айтсаңшы! 

Төртеу-ақ бола тұрып, он бес кісі жаудан жылқы тартып алдық 

қой. Сендер неткен ерсіңдер?

Д у л а т .  Уа,  біздікін  қоя-ақ  қой!  Оның  сырын  ескі  бір 

нақылдан аңдадым мен. Айтыпты ғой баяғыда: «Арыстан то-

бын ит бастаса – бар арыстан ит болады» деп. (Күліседі.) Бәрін 

айт  та,  бірін  айт,  күні-түні  таңырқайтыным  ол  емес-ау.  Осы 

кешегі  ән  мен  сән,  ойын-сауық,  сыңқыл-сылтың,  сәкәкумен 

жүрген біз кәне?.. Қару асынып, айдынды жортуыл, атүсті аза-

мат боп қалай кеттік?.. Ән қайда? Ән қайда?..

С ы р ы м . Бәсе, ән қайда? Қайда калды сонау, сол? Бізді те-

ңіз елі «әнші, өнерпаз» дейді осы күні. Ән мен жыр қалды ма 

бізде?


Д у л а т . Әттең десеңші! Күні туар ма екен бір сол сорлы 

саздың бір кезек?.. Әлде кеткені ме, Сырымжан, осымен?!

С ы р ы м . Қайдан... қайдан білейін, қайран Дулат-ау?.. Сол 

түннен, Қарагөзден мені айырған, сұмдық түннен бастап, ыстық 

асау жүрегімді тастай суық мұз боп қатқан бір қатал қол уыстап 

қысып, бүріп алды да қойды. Жүрегім мұз, жаным мылқау бол-

мады ма сол суық қолдан?..

Д у л а т . Айналайын аузыңнан, лебізіңнеп, есіл Сырым-ай! 

Асыл жаның, ақын жанық үн салып тұр ғой, мінеки! Кішкентай 

көзеп-көзеп қана жіберсе, көзін құм басқан тас бұлақтай қайнар 

сөз кернеп түр ғой көмейді!.. Әттең, әттең!.. Бар қайғы-шер – 

бір Қарагөз. Қайран, Қарагөз ару!.. Ару Қарагөз! Ол – ару, сен 

арыс ең! Әттең, ару – арыс қам көңілдер, армандылар. Қарғыс 

атсын, сендердің шерлерің атсын, қарғыс атқыр қалың мал, қу 

бұғау атаулыны!

Қару асынған Дәулеткелді, Қоскелді қолы байлаулы Матайды алып келеді.

С ы р ы м . Матай? Бұл не?

Д у л а т . Матай?.. Бұл қайдан?..

Қ о с к е л д і . Тұрғыда отырсам, қасында өзіндей бір жансы-

зын ертіп келе жатыр тағы да.



295

Д ә у л е т к е л д і . Тағы кепті, тағы дұшпан көзімен көздес-

тіргелі, үстімізден тағы бір мол жауды түсіргелі кеп жүр ғой!

Д у л а т .  Олай  болса,  былтырғы  түн  жоқ  титығымызды 

құртқан.  Түбімізге  тағы  жеткенше,  мұны  тізерлеп  кісендеп 

тұрып байлап салыңдар.

С ы р ы м . Айтары бар ма? Шынын айтқызыңдар әуелі.

М а т а й . Уа, бәсе, шынымды біл! Тілге келтірші әуелі!

Д у л а т . Не шының бар еді сенің?

М а т а й . Ендеше, Сырым, сөзім сенде, өзіңде.

С ы р ы м . Айт, менде болса!

М а т а й . Мені саған Нарша жіберді.

Қ о с к е л д і .  Бәсе,  «ұстап  бер  ұлыққа»,  «Өсер  ауылына 

ұстап бер!» деп жіберді ғой?

М а т а й .  Жоқ.  «Ауылыма  келсін.  Шақырып  кел,  жауға 

бермеймін! Азамат сертім – сол. Тек ауылыма бір ғана келіп, 

көрініп қана кетсін. Айтар арыз-мұң бар», – деді.

Д у л а т . Мынау тор-шырға ғой тастап отырған. Өзі ұстай 

алмаған соң, осылай шақыртып отырған Өсер ауылы ғой.

С ы р ы м   (Матайға  жақындап).  Қарагөз  тірі  ме?  Бар  ма 

Қарагөз?

М а т а й . Бар, тірі Қарагөз. Сол үшін, соның науқасына сен 

көрінсе, шипа бола ма деп шақырамын. Менің де жазығым жоқ 

еді Сырымға. Бірақ мен үшін келмесін. Қарагөз үшін бір келсін.

Д у л а т   (жарыса).  Жалған  ғой  мұның  бәрі.  Құрулы  тор, 

қанды қақпан ғой, Сырым-ау, мынау!

С ы р ы м  (Матайға). Қарагөздің көзі тірі ме?

М а т а й . Тірі... Қарагөз үшін шақырам деді Нарша!

С ы р ы м .  Қарагөз  мені  көрмек  пе?  Әлі  де  көрем  бе 

Қарагөзді?

М а т а й . Көресің, еріп жүр. Бастап әкел деді маған!

Д у л а т . Қастық... дұшпандық, алдамшы аяр мына тұрған 

антұрған.

С ы р ы м . Жаның кепіл, апарасың ба алдамай Қарагөзге?

Д у л а т . Сенбе, Сырым, алданба!

М а т а й . Қыршын жасым садаға болсын, апарам.

Д ә у л е т к е л д і

Қ о с к е л д і   

Жалған, алдайды!..

С ы р ы м .  Жоқ,  жоқ...  Қарагөз  атымен  қастық  келсе  де 

қарсы алдым! Қарагөз – айым, менің әміршім! Әр зауалда табы-


296

нар тәңірім. Менің бар өмірім – сол, бар махаббатым – өзі ғана. 

Ажал келсе де қабыл алдым барыммен. Босат! Босат!

Матайды босаттырады.



Шымылдық.

Алтыншы сурет

Наршаның отауы. Нарша науқас. Оның бас жағында жертөсек. Қарагөздің 

төсегі. Үйде: Нарша, Тойсары, Асан.

Т о й с а р ы . Шіркін-ай, елу жылда – ел жаңа, қырық жыл – 

қазан...

А с а н .  Дүние-ай  десеңші...  Былтырғы  жылдар  Қарагөз 

қандай еді? Аяғы, Наршаны қоса науқас қып қойғаны мынау! 

Сырым – ол анау!

Т о й с а р ы . Сырым содан бері өз ауылының бетін көрмей-

ақ кетті ме екен?

А с а н .  Өз  ауылы  дейтін  ауыл  қалды  ма  Сырымда?  Күні 

осы күнге шейін «Сырым нәлен жерде жүр» десе, Жабай мен 

Жарылғап  иісі  Өсерді  бастап,  қол  жиып  аттанып  барып,  бір 

шарлап қайтады дейді.

Т о й с а р ы .  Осының  жаралысы  тіпті  бөлек-ау  өзі!  Жама-

натты  қылып  қаңғыртып  жіберетін  жас  емес  пе  еді.  Өр  боп 

біткен кеудесі мен жалындаған жүрегінде көптен біралуан от, 

өнер бар еді-ау!

Н а р ш а   (оянып).  Уһ...  Сырымнан  хабар  бар  ма?  Неге 

кешігіп жатыр? Келуге сенбей жүр ме, әлде?

Т о й с а р ы . Әлде жеткенше сол болып жүр ме, кім білсін?

Н а р ш а .  Келгісі  келмей,  бұл  жақтағы  сарғайған  дерт, 

сарылған  уайымды  көргісі  келмей  жүрмесе...  (Пауза.)  Бұ  да 

бір далбасалық та. Ол ем-дом істеп, бақсы-құшнаш боп жүрген 

жан емес. Уүһ... неге душар қылдың, не болдық?..

Т о й с а р ы . Басы Сырымнан басталған дерт әлде болса Сы-

рымнан жазылар да!..

Н а р ш а . Қарагөз жазылмаса, маған да жазылу жоқ...

Т о й с а р ы .  Қайтесің,  қарағым...  Сені  де  күйзелткен  жар 

жолдасың  шығар.  Ағайын:  «Қарагөзді  төркініне  жібер,  төсек 

жаңғырт, еңсеңді көтер», – деді. Ол қолдан келмейтін болды.


297

Н а р ш а . Қарагөзден айырылар шамам жоқ еді. Әруағымды, 

бағымды аман сақтаймын деп шыдап көрмедім бе, отты бүркеп 

етегіммен?..  Оның  бәрінің  үстіне,  қандай  ынтық  ем  мен  өзім 

де Қарагөзге. Ол сұлулық гауһары емес пе еді?! Қа-а-ай-тейін?!

Қарагөз кіреді. Өлердей жүдеу, зорға қозғалады. Шашы тал-тал боп бетін 

жапқан. Ыңырсып ән салып келеді. Жүзінде мағына жоқ. Көзі белгісіз қыдырып 

қарайды. Қолында – жапырағы бар ағаштың бұтағы. Қарагөз жынданған.

Қ а р а г ө з   (айнала  қарап  тұрып,  өз-өзінен).  Тоғайға  бар-

дым... Тағы барам ба?.. Тоғайды қуалап кете-кете барып... азы-

наған көрге барам ба?! (Күліп.) Тоғай да ән салады екен. Жібек 

шапаны  бар...  Біресе  жел  боп  кетеді.  Торғай  болып  кетеді. 

Жоқ-жоқ...  шөп  боп  кете  ме?..  Әлденеме  боп  кетеді.  Ұйқым 

кеп кетеді... Тоғай... жапырақ... тоғай түн... (Шошып.) Ойбай... 

пышақ... кісен... әже!

Н а р ш а .  Қарагөз,  қиналмасаңшы,  бейшара!..  Әлің  біткен 

жоқ па еді? Не шамаң қалды?.. Жүруге де жарамайсың... жат-

саңшы!..


Қ а р а г ө з  (сәл селт етіп). Жат деймісің, тіліңді алайын ба?

Н а р ш а . Ал тілімді! Байғұс, сенің менен басқа жанашырың 

бар ма? Керек десе, менің шешем де мені де жынданды  деп, 

екеумізден құтылғанша асық болып отыр.

Т о й с а р ы . Шешеңе ой түсті ғой.

Н а р ш а   (Карагөзге).  Қарагөз...  шаршадың,  шамаң  бітті. 

Жат енді!

Қ а р а г ө з   (ақырын  ілбіп  жүріп).  Қазір...  қазір...  (Бетіне 



жапырақты  ұстап.)  Тоғай  ішінде  көрге  жатқалы  келем. 

(Төсегіне отырып). Ақыретке оранайын ба? Ән салайын ба?

Өз бетімен ыңырсып ән салып отырады. Аздан соң қайта шығып кетеді.

Н а р ш а .  Құданың  құдіреті,  ауырғаннан  бері  аузынан 

«тоғай,  көр»  деген  сөз  бір  түспейді.  Бетіңді  суыққа  салып, 

жүрегің  мұздай  жат  болып  жүргенде  де  ибамен  «сіз»  деп 

сөйлеп, иіліп күткеніңнің өзі-ақ мені ұйытып еді. Ерекше бо-

лып туып, ерекше болып сөнгенің бе? Шынымен жарық күндей 

болып  басталған  өмірің  қара  түндей  болып  құлазып,  жүдеп 

біткені ме?!

Т о й с а р ы .  Бәрі  рас...  Жалғаны  жоқ  сөз.  Бәрі  арманды 

дүние!..


20–1247

298

Н а р ш а .  Әй...  болмайды!  Шама  жоқ.  Мен  де  ұзамайтын 

жанмын. Жазылса, Қарагөз мені де жазар. Ол жазылмаса, тілер 

тілек, етер үміт жоқ. Тыныс бітіп келеді.

Қ а р а г ө з   (қайта  кіріп).  Жығылып  барам...  Ұйықтайын 

ба? Өлсем бе?.. Құлап кетсем, тау басынан ұшып келем... жерде 

тоғай...  тоғай...  көп  тоғай?..  (Сыбырлап,  төрге  қарап  ақырын 

жүріп,  қолымен  ишарат  қып.)  Шақырады...  иә,  иә,  барам... 

Келе  жатырмын...  тоғай...  (Асанның  үстіне  келеді.)  Ә...  қайда 

кетті?..

А с а н . О не, қарағым, Қарагөз? Шатасқаның ғой.

Қ а р а г ө з .  Солай  ма?  Шақырған  жоқ  қой...  (Тойсарыға 

қарап.) Ұят-ай! (Бетін басып. Асанға.) Асан?..

А с а н . Жаңа кісі таныдың. Кей уақытта танымай қоясың. 

Танып жүрсеңші осылай!

Н а р ш а .  Кісіні  таниды,  бірақ  елемейді.  Танығанын 

білдірмейді. Әйтпесе оңашада «кім келді, кімді көрдің» десең, 

бәрін айтады. Біралуан қылып берген дерті ғой.

Қ а р а г ө з   (Асанға)  Асан...  маған...  (Наршаны  көрсетіп.

Ана кісіге ән салып берші. Ән... ән... (Төсегіне сүйенеді.)

Н а р ш а . Асанды көрген сайын «ән сал» дейді. Ескі күннің 

бұлдыр бір ұшқыны да.

Т о й с а р ы  (Асанға). Көңілдері сергісін, салып бер бір әнді.

Н а р ш а . Уһ... Асан, айтшы бір ескі әніңді?

А с а н  (ән салады).

Жігіттің бар тілегі – алдағы өмір,

Бозбала, әнге салсаң – қайғың кемір.

Құданың бергеніне сансыз шүкір,

Көңілім былтырғыдан биыл тәуір.

Н а р ш а .  Былтырғыдан  тәуір  болған  көңіл  адыра  қалсын 

да!

А с а н . А... Олай болса, мынаны тыңда!



Шүкірлік бергеніңе зүлжалалым,

Ойында еш нәрсе жоқ бозбаланың.

Тарқатып жас дәуреннің жәрмеңкесін,

Шетіне шығып қалдық ду базардың.

Текті кіреді.

Т е к т і .  Сен  не  деп  ән  салып  отырсың?  Бұл  үйге  ендігі 

жетпегені ән бе еді?


299

Т о й с а р ы . Бәйбіше, әдейі айтқызып отыр.

Н а р ш а  (Асанға). Дәурен өткен соң, ән де ажарынан айы-

рылады  екен-ау!  Тіпті  бұрынғы  тәтті  ән  сияқты  болып  селт 

еткізбейді.

Т е к т і . Ән еститін бізде не көңіл қалды? (Күрсінеді.)

Н а р ш а .  Жаратқан  ие,  айығар  ма,  бұл  тұман  сергитін 

күн  болар  ма?  Мен  де,  адам  санатына  қосылам  ба?  Жоқ  па? 

(Күрсініп.) Неге келмей жүр, келмей ме, әлде?

Т е к т і . Қарағым, тыныштық ал. Жаңа бір-екі атты келе жа-

тыр еді. Асан, білші, кім екен?

Т о й с а р ы . Асан, білші, кім екен?

Асан шығады.

Т е к т і .  Қарагөзге  істемеген  ем  жоқ.  Бақсы-балгер,  қожа-

молдалардан  келмегені,  бақпағаны  жоқ.  Біз  де  тоздық.  Бей-

шара, бұ да тозбай ма? Шошитыным – нағашы шешесі осын-

дай  науқастан  өліпті  ғой...  Бір  жағы,  –  қайғы  десеңдер,  шо-

шынғанынан болса да, сол ана жағынан келген дерт те бар ғой...

Н а р ш а .  Апа,  қойсаңшы!  Мен  ауырлаймын.  Осындай-

ды әдейі айтамысың, бейшара? Онсыз да тынысым тарылып, 

үміттен арылып болғам жоқ па?!

Сырым, Асан, Дулат, кіреді.

С ы р ы м   (Қарагөзді  көріп).  Жалғызым!..  Сені  бұл  күйде 

көргенше,  шыққыр  көзім  шықса  етті!..  Нені  күтіп  жүргемін 

мен! (Қарагөз ыңырсып ән салғандай болады.)

Қ а р а г ө з   (Сырымды  көріп).  Жылайды  екен...  Иә,  иә... 

(Қадалып қарап.) Қызыл шапан қайда? Тоғайда... тоғай!..

Д у л а т  (Тойсарыға). Оңалайын дегені бар ма?

Т о й с а р ы . Осы қалпы ғой басынан. Ендігі күнде төмендеп 

бара ма, қалай?

Н а р ш а . Сырым, заманың бір құрбысың. Құдай кешсе, мен 

кештім... Кешпейтін не шамам бар? Бұл күнде қайғылы, дертті – 

жалғыз  Қарагөз  емес,  мен  де  осының  ауруынан  екіталайдың 

үстіндемін.  Естіп  жатқан  шығарсың.  Сен  екеуің  өзге  жаннан 

бөлек  жаралып  ең.  Қарагөздің  сау  күнінде  айтқан  сөздерінен 

сезуші ем.

С ы р ы м . Жас күнімізде бір аурудан екеуміздің де шешеміз 

өлді.  Өлген  анамызды  жоқтап,  екеуміз  оңаша  жер  болса,  үн 

қосып  жылаушы  едік.  Сол  күймен  ересек  болдық,  ержеттік. 


300

Бір жылы қыстыгүні Қарагөз ауыл қыдырамын деп, қатты суық 

боранға кез болып, адасты. Іздеген жұрт таппады. Боран үш күн, 

үш түні айықпады, Қарагөзден ел күдерін үзді. Ауыл іздеуден 

қалды.  Сонда  сол  күндер  күні-түні  тыным  алмай  мен  ғана 

іздедім.  Үсіндім,  таптым.  Аман  алып  қалдым.  Өлім  аузынан 

алып келдім. Сол жолы мен ішімнен Қарагөзді өзім үшін тап-

тым деп ем. Ол жыл былтырғы өткен жылдың қысы еді. Бірақ 

өзімнің  ешкімге  мойынсынбаған  көңіліммен:  «Біз  ақыреттен 

табысып келдік», – дедім. Ақырында, ұшырадым, ұшыраттым!

Н а р ш а .  Бұл  күнде  Қарагөз  –  мынау!  Екеуің  бір-біріне 

қайғы  үстінде  сүйеу  болып  едің.  Өзіңді  танытып  көр.  Ескіні 

есіне түсіріп көрші!

Т о й с а р ы .  Иә,  есіне  салса,  бірдеме  болар  ма  еді?  Енді 

бауырыңа тартып, ой салып көрші!

А с а н . Сырым, шақырып көрсең қайтеді?

Т е к т і .  Иә,  шақырып,  қасыңа  алып  көрсең...  Атыңды 

айтсаң, бірдеме дер ме еді әлде?

Д у л а т . Есіл алмадай перизат! Жүзіне қарауға жан шыда-

майтын болғаны-ай! Сырым! Қарагөздің көзін көріп отырсың 

ғой!.. Бірдеме десеңші!

С ы р ы м . Не дермін?.. Қарагөз есінен шатасып, мен тентіреп 

құшнаш  болам  деп,  бойы  сергек  кісі  болып,  тірі  қалып  өмір 

етем деп ойлап па ем? Жаратқан ие, неге ұшыраттың мені? Не 

қылдың? (Тоқтап отырып.) Сәулем Қарагөз, мені танимысың? 

Мен қасыңа барайын ба? Мен – Сырым... ұмытқан жоқпысың?

Қ а р а г ө з   (қолындағы  бұтағын  бетіне  ұстап).  Тоғай... 

мынау әжем... сен Сырым... ән салшы! (Қадалады.)

С ы р ы м   (қасына  келіп,  қолын  ұстап).  Ән  салсам,  мені 

есіңе аламысың? Сөйлесемісің менімен?

Қ а р а г ө з   (мағынасыздау).  Иә,  иә...  Ән  салшы.  Мен  сені 

білем.


С ы р ы м .  Сәулем,  көлеңкем!..  Қайғылы,  дертті  қарлы-

ғашым!.. (Жылап.) Сен кеткен соң, менен өлең мен ән де кетіп 

еді...  Айтсам  –  жылау  үшін  айтушы  едім...  (Жылай  отырып, 

өлеңмен сөйлейді.)

Дариға дәурен өтті, күнім бітті,

Оқ тиді, ұшырадық – қарғыс жетті, 

Бұл күнде сор қамаған қаралы боп,

Көңілді қайғы басып зар еңіретті.


301

Лашын ем құйқылжыған, дерт күйзелтті,

Айырылдым асық жардан күн сәулетті.

Семген гүл, өлген бұлбұл қайғысынан 

Қайырылып қос қанатым, ажар кетті.

Қарагөз аңырып, өңі қашып, қарап қалған.

Мен келдім зарға толып, күнім, саған,

Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған?

Жылайын, жырлайын да тілейін мен,

Көзімде жас қалмасын ағызбаған.

Бұлбұлдай сайрауменен өтейін мен,

Сор басып, айықпаса қара тұман.

Бір кезде сері болсам ерке бұлан,

Бұл күнде қайғы оралды қара жылан.

Қ а р а г ө з  (Сырымға төніп, үні әлсіреп қалады). Иә, иә... 

Осылай... осылай болатын.

С ы р ы м  (Қарагөздің қолын сүйіп, көзіне басып).

Боялсын омырауым етек толып,

Қайғыдан мен де өртендім, міне, солып.

Тілеймін маған дағы сол күн келсін,

Тоғайда сондай қара түні болып!

Қ а р а г ө з   (қатты  шошынып,  айқайлап).  А...  тоғай, 

Сы рым...  Түн...  ән...  әне  –  әжем  шақырады...  шақырады... 

(Шалқасынан  сіресіп  жығылады.  Сырым  шошып  отырып 



қалады.)

Т о й с а р ы .  Өңі  бұзылып  кетті  ғой.  Қарагөз  бейшараның 

әлі құрыды ғой деймін. Енді қинамасақ та болатын ба, немене?..

Н а р ш а   (төсегінен  басын  көтеріп).  Құдай-ау,  үзіліп  ба-

рады  ғой!  (Жылап.)  Бір  ауыз  жылы  сөз...  жалғыз  ауыз  ғана 

«кештім» деген сөзді естімей қалғаным ба?

Талықсып жығылады. Қарагөз үзіліп бара жатады. Тойсары иман айтады.

Т е к т і  (ақырын жылап). Сорлы, шын-ақ сорың қалың, сор 

маңдай екенсің ғой. Маңайыңда жыламаған жан қалдырмағаның 

не? Я, Құдай, әлде осының қарғысына ұшырадым ба?

Т о й с а р ы . Үзілді... Қарагөз қайтпас жолға сапар шекті.

С ы р ы м   (үндемей  түнеріп  отырған  қалпынан  қозғалып 



келіп, Қарагөздің басын құшақтап). Сәулем, есіңнен айырылған 

күнде де тілеуің менде екен ғой. «Басымда Сырым отыратын 

күнге жеткіз!» деп тілек тілеген бе едің? Мен де ақтайын енді 


302

тілегіңді. Өмір бақи мен де «бір сен» деген тілеумен өтейін! Ду-

лат, сен менің қару-сайманымды ал да, теңіздегі елге қайт! Үміт 

үзіліп,  тілеу  кесіліп,  белім  сынған  күйімді  айт!  Әлде  тірінің 

қатарында жоқ болармын. Ал егер адам боп қатарға қосылсам – 

табар елім сол болар! Бүгін мені қуған жау енді мені Қарагөз 

қабірінің  басынан  табады.  Енді  Қарагөзде  ешкімнің  ортағы 

жоқ, Қарагөз менікі! (Еңіреп жылап, үстіне жығылады.)

Н а р ш а   (шұғыл  түршігіп,  қозғала  беріп).  Неге?!  Неге?! 

Неге  олайша  дедің  сен,  Сырым!?  Ортағы  жоқ!  Бәсе,  ортағы 

жоқ ешкімнің? Тек саған ба, маған ба? Жетпеп пе еді?.. Енді 

де менен бөлмек пе ең? Жетті!.. Же... (Ұмтыла беріп, булығып 



жастыққа сұлқ құлайды.)

Шымылдық.

Жетінші сурет

Кеш батқан бейуақ, Анда-санда алыста күн жарқылдайды. Елсізде жалғыз 

мола – терт құлақты бейіт. Бейіт ішінде жалғыз қабір.

С ы р т т а н   д а у ы с :

Жасымда шешемді алдың қуат берген,

Өмірде бір жетімдік – барым көрген.

Қуанышым, жан серігім, Қарагөзім,

Сүйенішім оны да алдың жаныма ерген.

Арманда күнім өтті қайғы-зармен,

Қалған жоқ жанда қуат, бойда дәрмен.

Бейуақытта түн жамылып тілейтінім –

Өлейін, орын берші қара жерден!

Бейіттің есігі ашылады, Келген – Сырым.

С ы р ы м   (жүдеп  сарғайған,  жалаң  бас,  есіктен  қарап 



бірталай тұрып). Қырық күн!.. Қаралы қайғымен, жылаумен 

қырық күн өтті. Әлдеқашан өлермін... ит өмірден кетермін деп 

едім,  әлі  күнге  мен  арсыз  тірімін...  Кімді  күтем,  нені  медеу 

қылам,  не  тілеймін?  (Бейіттің  ішіне  кіреді.)  Баяғы  қабір,  әлі 

де  баяғыдай  нық  басып  бітеуленіп  жатырсың.  Бір  топырағың 

шашылған жоқ. Бір жеріңе жік түсіп, жалғызымның бір тыр-

нағын көрсеткен жоқсың. Өткеніне жеті күн толғанда түсімде 

көріп ем. Енді белгі беретін күні бүгін шығар... Қырқы толған 

күні бір рет ескермес пе екен! Өтті дәурен... Тарқады той. Той 


303

үстіндегі  әннің  арты  қаралы  дауысқа  айналды.  Сен  көтере 

алмадың,  кештің!  (Қабірді  құшақтап  жығылып.)  Жарығым, 

енді мен қайтейін?.. Қайтейін, бірдеме десеңші! Міне, екі үзіліп 

бүктеліп жатқан жатысым. Бүгін таңда бірдеме айтпасаң, осы 

қалыпта  қабіріңді  құшақтап  жатып  аштан  қатып  өлемін.  Бар 

тілегім – өшемін!

Қабірді құшақтап жабысып жатып қалады. Ұйықтап кетеді. Түсіне Қарагөз 

кіреді.

Қ а р а г ө з   (баяғы  сау,  сұлу  қалпында.  Нажағай,  күн 



күркірейді).  Ей,  Сырым!..  Жалғыз-ақ  сөз  тапсырамын.  Сен 

еркексің.  Еркек  бол  да,  екеуміздің  басымызды  ақта!  Сенің 

бойыңда оған жетер қуат бар. Сен жалындаған жанды сөздің 

иесісің.  Көңіліңді  бекітіп,  күйіңе  түссең,  сенің  аузыңнан 

өрттей  ыстық сөз  шыққалы  тұр.  Бу  беліңді  бекемірек!.. Шеш 

күрмелген  тіліңді!  Мені  де,  өзіңді  де  ақта!  Тапсырамын  осы-

ны! Сынған ер жамалады, сыны біткен көңіл қайғысын сөзбен 

жазады. Сенің дауысың биік қалың тоғайдың басын теңселткен 

қатты дауылдай аңқып ессін! Сенің бетіңе тура қарар жау бол-

мас.  Дауыл  мен  жауында  жай  ұшырған  жапырақтай  болып 

өшеді, жоғалады. Шеш тіліңді! Оян, серпіл! Сөйле!.. Сөйле!.. 

(Жоғалып кетеді. Сырым ұйқыдан оянған. Түс айыққан. Бірақ 



күңірене толқып отырып.)

С ы р ы м . Рас па, күнім, рас па? Жалғызым!... (Көтеріліп.

Айтқан сөзің ем болар ма? Күздің суық қара түнінде ішімде күн 

туғандай болғаны қалай? Жаз исі шығып, қара тастай қатып-

семген  көңлім,  мұз  боп  қатқан  жүрегім  жібігені  қалай?..  Бо-

йым балқып игендей, жас жанымның қайғысы қаралы жүзімен 

ағарғандай!  Діріл  қағып,  елбіреген  домбыраның  шегіне 

ілінген  күйдей  болып,  ішімде  қайғылы,  мұңды  күй  оянғаны 

қалай?.. Қара түнде қара жыландай қайғы оралып, қара көрді 

тілегенімде, алды-артымда шам жанып, басыма кеп сөз қатты. 

(Өлеңмен сөйлей бастайды.)

Көк сөгіліп от төкті,

Жай отымен нұсқар ма

Баратұғын сол бетті?

Сен жарық ең, мен – көлеңкең,

Құдірет қуып сорлы етті!

(Серпіліп түрегеліп.)


Құйыл сөзім, құйыл сөзім, қиылмай,

Таудан аққан тас бұлақтың суындай.

Ортқып ойнап, көбіктен де аспанда,

Ішін тартып аласұрған құйындай.

Жалыныңдай түндегі өрттің жаланшы,

Жансың жаным, ақсын қаным тыйылмай.

(Қабірге қарап).

Қара түнде қабіріңнің басында 

Ант етемін бұлт басқан айыма.

Сертім осы, куә болшы, суық көр,

Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма!

Кепілім бол, кереметті қуанышым,

Қару ұстап аттанамын жауыңа!!

... Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,

Қолда найзам жай отымен үштелген,

Кесілгенше, кесілгір тіл, сөйлеп бақ!

Құдіретім, қылығыма куә болшы, суық көр.

Енді өлмеймін тіпті қарап жайыма!

Кепілім бол, кереметті қуанышым,

Қару ұстап аттанамын жауыңа!!

... Менің қамшым оқ жыланнан өрілген,

Қолда найзам жай отымен үштелген.

Кесілгенше, кесілгір тіл, сөйлеп бақ!

Құдіретім, қылығыма куә бол!!!

Есеңгіреп,  шалқайып  барып  бейіттің  қабырғасына  сүйеніп,  сәл  тұрып 

қалады. Аз тым-тырыстан соң шығып кетеді.



Шымылдық.

Соңы

304


Ғылыми 

түсініктемелер



307


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет