«ҚАРАКӨЗ»
(Қойылу тарихы)
1925 жылы жазылып, сол жылы жарияланған конкурста бірінші
орын алған пьеса, Семейде драмалық труппаның сахнасына
қойылады. Тұңғыш рет кітап болып 1926 жылы Семейде басылып
шықты. Трагедияның 1959 жылы қайтадан өңделген нұсқасы 1960
жылы «Қараш-Қараш» атты жинаққа жарияланды. Әуелгі (1926)
нұсқада Қаракөз бен Сырым немере, 1959 жылғы өңдеуде бұлар алты
атадан барып туысады. Жеті атаға дейін қазақтың қыз алыспайтын
дәстүрі осы нұсқада ескерілген.
Трагедияның соңғы нұсқасында пролог пен эпилог қысқартылған,
жаңа кейіпкерлер қосылған. «Жар-жар», «Беташар» да ықшамдалған.
Трагедияның соңғы нұсқасының көркемдік шоқтығы биік, тілі де
шұрайлы, бірталай өз ге рістерге түскен. Бұл туралы автордың өзі:
«Жалпы пьеса тақырыбы бей мез гіл заманда жолсыз өмір кешіп, ерте
тартқан қайғы-зардың уызынан қаза тапқан өнерлі жастар жайы,
асықтық пен ақындық құмарлығында елтілген уыз жас жайы.
Пьесаның ендігі айқындалған идеясы бойынша: азаптан туған
ақындық, қан-қайғыдан туған қаза, жекебастың күй-шерінен баста-
лып барып көп мұңдар, жылаулар күйіндегі азапты ұғынуға беттеген
шабытты көрсетпек. Кесірлі кер заманның қайғы-қасірет қазасынан
туған ызалы шабытты бейнелемек» («Қараш-Қараш», 1960. 239-б.).
Трагедияға қатысатын кейіпкерлерге де ептеген өзгерістер
енгізілген. Алғашқы нұсқадағы Қойсары, Тойсары болып, «Мөржан
– (семіз бәйбіше), Жарылғап, Жабайдың шешесі, 65 жаста» деген жол-
дар екінші нұсқада – Жарылғаптың шешесі, 70-те» деп өзгертілген.
Алғашқы нұсқадағы Наршаның әкесі Тұрсын, Кәмшат – қызметкер
қыз соңғы нұсқада қысқартылған. Соңғы нұсқадағы пьесаға
жүргізілген кейбір өңдеулерге автордың амалсыз барғанын айтқан
дұрыс. Мұндағы жаңа кейіпкерлер – егінші шал мен балықшы шал
трагедияның алғашқы нұсқасында жоқ. Шығармадағы «таптық тарты-
390
391
сты» күшейту ниетімен коммунистік идеологияның күштеп енгізген
бұл кейіпкерлерін асыл дүниеге жамалған жамаудай ерсі көрген теат-
рлар қабылдамай, қойылым бірер жүргеннен кейін оны алып тастап
отырған. Көне заманның салт-дәстүрін орынсыз дәріптеген «зиянды
шығармалар» қатарына қосылып, трагедия ұзақ уақыт театр репертуа-
рынан түсіп қалғаны мәлім.
Трагедияның екі нұсқасында да бір-бірінен айырмашылықтар
бар. Кейбір диалогтар мен сөздер редакцияланған, жекелеген
көріністер қайта жазылған, кейіпкерлер сөздерінде де өзгерістер
бар. Диалогтардың көркемдік қуаты, ішкі тартысы күшейтіліп, әбден
ширатылған.
Мұндай редакциялау мен өзгертулер трагедияның өн бойы-
нан кездесіп отырады. Автордың ой-өрісі кеңейіп, білімі молай-
ып, жазушылық шеберлігі әбден қалыптасқан тұста жүргізілген
өңдеулер трагедияның көркемдік мазмұнын тереңдетіп, оны әлемдік
классикалық дүниелердің деңгейіне көтерді.
«Қаракөз» – Мемлекеттік Қазақ драма театрының сахнасына 1926
жылдың сәуір айында Құрманбек Жандарбековтің режиссурасымен
қойылды. Мұнда режиссер мен орындаушылар өздерінің өмірлік
бай тәжірибесіне, ескі ауыл тірлігіне жетік, халық мұрасынан тамыр
тартқан табиғи дарынына сүйенді. Сондықтан да олар сахнадан тари-
хи дәлділікті, тұрмыс-салт дәстүрін берік сақтауға тырысты. Әсіресе,
автор көзін тауып ұтымды пайдаланған ауыз әдебиетінің «Жар-жар»,
«Беташар», айтыс өлең-жырларының үлгілерін көркем де шебер
орындауға күш салды. Ол қойылымға ерекше ажар, көркемдік көрік
беріп, көрерменді өзіне еріксіз баурап әкетті. Мұнда декорация пьеса
мазмұнына қарай жасалып, оқиғаның өтетін орнын, табиғат көріністерін
жарық сәулелер арқылы нанымды бейнелеуден сахна алаңына жан біте
бастаған. Сол сияқты кейіпкерлердің характер ерекшеліктеріне қарай
киім-кешек, сахнада ұстап тұтынатын (реквизит) заттар да тарихи
бедердің сақталуын көздеген. Бұлардың барлығын ойынға қатысушы
артистер, режиссер өздері жасап, өздері басқарған. Спектакльге
байланысты жұмыстардын бәрін өздері атқарған қатысушылар на-
турализм элементтерімен бірге, тарихи-этнографиялық дәлділікке
ұмтылған. Трагедияның алғашқы нұсқасының өзі драматургиялық
жоғарғы талапқа жауап беретін көркем дәрежеде жазылған. Пьесаның
осы биік көркемдік құндылығына алғашқы актерлеріміздің шабытты
өнері қосылып, қойылымда «...беймезгіл заманда жолсыз өмір кешіп,
ерте татқан қайғы-зардың уынан қаза тапқан өнерлі жастар...» наным-
ды суреттелген. Спектакльдің табысты болуы режиссерлік шешімінің
392
дұрыстығымен бірге, ең алдымен Каракөз, Сырым және сал-серілер
рөлдеріндегі актерлердің шеберліктеріне тікелей байланысты.
Каракөз бен Сырымның сахналық бейнесі нағыз көркемдік
жинақтылыққа жеткен. Екеуі де Ромео мен Джульетта немесе ре-
нессанс дәуірінің басқа қаһармандары сияқты феодалдық заманның
қатыгез заңына, мызғымас дәстүріне қасқайып қарсы шыққан, сонан
туатын қауіп-қатерді біле тұра бас тәуелсіздігі, махаббат бостандығы,
ән-өнер еркіндігі үшін табанды күрес жүргізген асыл жандар. Бұлар
– Шекспир қаһармандарындай адамгершілік, еркіндік, махаббат туын
жоғары ұстаған өз заманының оза шыққан қызы мен ұлы. М. Әуезов
кейіпкерлерінің осы ізгі қасиеттерін Қаракөз рөліндегі Зура Атабаева
мен Сырымды ойнаған Құрманбек Жандарбеков жете түсініп, еркін
меңгерген. Актриса Қаракөз бойынан инабаттылық, ізеттілікпен бірге,
«малмен байлап, батамен матауға» көнбейтін, жалын атқан жігерімен,
асқан ақылымен, жібектей мінезімен, жан сұлулығымен өз ойына,
көздеген мақсатына, асыл арманына асыққан арудың характерін тани
білген. Спектакльдің алғашқы сахналарында жеңгесімен ауыл сыр-
тына шыққан Қаракөз – Атабаева жүзінен бірде қуаныш, енді бірде
абыржу сезілгендей. Сырымды көргенде бойын торлаған үрей сейіліп,
жүзі жайнап сала береді. Наршаның аулына еріксіз аттанғалы отырған
Қаракөз дүниенің бәрін ұмытып, махаббат ләззатына бөленгендей.
Жаңа ғана шымылдық ашылғанда, Асан сал (Е. Өмірзақов) ымырт
қараңғылығын дірілдетіп салған «Баянауыл басынан бұлт кетпес»
әнінің мұңлы әуені аяулы арудың көңіл күйі іспеттес. Шарықтап
барып баяу аяқталатын бұл ән ғашық болған екі жастың жүрек
сыры, махаббат сөзі болып қабылданады. Сонымен бірге бұл ән
тым-тырыс самарқау тартқан дала тірлігіне келетін тағдырдың тағы
бір тартысының белгісі сияқты. Ән артынан іле-шала мойнына су
құйылып, еңсесі түсіп, қабағы салбырап кеткен Наршаны ортаға алып
«жұбатып» келе жатқан түсі суық топтың сенері мен сенімі күш пен
зорлық сияқты. Бұлардан кейін шығатын Ақбала мен Дулаттар да осы
қатерді сезгендей Қаракөзді сөзін бітіруге асықтыра түседі. Дулаттың:
Жас өмір сылдыр-сылдыр әлі-ақ өтер,
Қызығың бірі қалмай бәрі кетер.
Бүгінгі алмадайын, Қаракөзім,
Сол күнде күйің не боп, күнің не етер?
Қарағым, көп күрсінбей сөзің бітір,
Күткен көп үйге қайтар кезің жетер, –
деген сөзінде қалыңмалы алынған, ұзатылып бара жатқан ауыл сыр-
393
тында бөтен біреумен сыр ақтарысып, махаббат қылын шертісуі
– бітіспес дау, ата-баба дәстүрін бұзу, оралғы заңды аттап өту, за-
ман қайшылығын туғызатын құбылысты ұқтыратын мағына жатыр.
Бірақ,
5
оны елеп жатқан Қаракөз жоқ. Ол махаббат үшін жаралған,
сол махаббат құшағында. Қайта, әуелгіден қазіргі Қаракөз салмақты,
қымсынбай, ештемеден сезіктенбей өзін еркін ұстайтын дәрежеге
көтерілген. Қаракөздің «Бізді қосқан желік пен құмарлық емес...,
сүйгенім! Сырым болмаса мен жалғызбын дер ме едім», т. б. монолог-
тар актрисаның шебер айтуынан терең мазмұн, өзіндік мағына тауып,
героиня характерінің өсу процесін, өмірге оймен, сыншылдық сарын-
мен қарайтын жанның саналы қадамын танытқан. Актрисаның ойға
шомған сәттегі кескін-келбетінен, ширақ қимыл-қозғалысынан қазақ
қызының қайғылы тағдырын айтатын монологтағы ызалы үнінен
Қаракөздің еркіндікке ұмтылған жолы айқындала бастайды.
«Қаракөз» трагедиясы туралы бұрын да, кейін де мол жазылып,
көптеген пікір айтылды. Бүгінгі зерттеушілер де трагедия табиғатын,
автордың драматургиялық шеберлігін жан-жақты тексеріп, пікір та-
ласын тудыратын ештеме қалдырмаған сияқты. Әйтсе де бұрынғы
жазылған сындарда әйелдер бейнелерін, әсіресе Қаракөз әрекетің
құптамаған пікірлер болған. Трагедияның соңғы қойылымдарына
байланысты сын-рецензиялардан да «мұнда әдет-ғұрып, салттың ба-
сым, қанша бұлқынғанымен өресі тар қыз»
*
деген топшылауларды
кездестіреміз. Немесе... «Сырыммен мәңгі құшақ қосып, тартып берер
дәрмен жоқ Қаракөз бойында»
**
сияқты пайымдаулар Қаракөз бойы-
нан өз махаббаты мен еркіндігі үшін күрескерлік дәрмен, батылдық
жоқ дегенге саяды. Біз Қаракөз бен Сырымды өз заманының озық
жандары дегенде, олардың бойындағы характер ерекшелігін, қимыл-
әрекетін, жоғары адамгершілік қасиетін, ақыл-ойын, парасаттылығын
айтамыз. Осы бір ерекшеліктері арқылы олар өз ортасынан биік бо-
лып көрініп тұр. Махаббат теңсіздігіне, әділетсіздікке қарсы шығып,
өз бостандықтарын қорғау – ол заманда екінің бірінің қолынан келе
бермейтін ерлік құбылыс. Н. А. Островскийдің «Найзағайындағы» Ка-
терина әрекетінен асып бара жатқан батыл қадам көрмейміз. Кабани-
ха немесе басқа алпауыттармен Катерина табанды күрес жүргізбейтін
сияқты. Солай болса да, Катерина – өз қоғамының озық адамы. Де-
мек, ол өз әрекетімен, ақыл-парасатымен, істеген ісімен сол қоғамның
әлеуметтік өміріне қайшы келді. Ол өз ықтиярымен емін-еркін өмір
сүре алмайтынын біліп, өзін-өзі өлімге байлады. «Қараңғы түндегі
*
Қуандықов Қ. Тұңғыш ұлт театры. Алматы, 1969. 55-б.
**
Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. Алматы, 1968. 91-б.
26–1247
жарық сәуле» болып, Катерина орыс қоғамының белгілі бір кезеңінде
күрескер дәрежесіне жетті.
Ал, қазақтың феодалдық заманында Нарша сияқты әлдінің ба-
ласын менсін бей, Мөржан сияқты азулылармен арпалысып, дәстүр,
жоралғы-жоба ны бұзу, өзінің сүйгенімен қосылып алып шымылдық
ішінде айтыс құру Қара көз бойына аз әрекет емес. Және драматургтің
қыз бойына лайықтап алған тартыс, оқиға Қаракөз бейнесін ашуға
әбден жетіп жатыр. Махаббат үшін жаралған Қаракөздің тартыс
үстінде жынданып кетуі – қайғылы трагедия, бірақ героиняның
моральдық жеңісі. Ә. Тәжібаев «... Қаракөз, шынында, бөлек жан
екен ғой. Мұхтар бұған да жанының оттарын берген, Қаракөзді де
Еңліктен гөрі ақын етіп алған... Адамның адамнан күн табуы – жарық,
жы лу алуы – адамгершіліктің әбден жетіккен, сомда биік шағының
белгісі. Мұх тар екі жастың махаббатын осындай қасиетті түрде:
қараңғылықтың жарық беті, суықтықтың отты беті, қураған, күйген
өмірдің жасыл бояулы, жапырақтың беті етіп алған. Өзі сол еркін жан-
ды адамдармен бірге солардың туын көтерісуде»
*
, – деп трагедияның
поэтикалық сазын, философиялық маз мұнын әдемі түсіндірген. Ақын-
драматург Қаракөз бойынан қолына қару ұстаған күрескер батырдың
белгісін іздемейді, феодалдық заманның зорлық-зомбылығына
қарсы қойылған ізгі жандардан адамгершіліктің жоғарғы қасиетін,
гуманистік идеалын, жан сұлулығын, ақындық шабытты, отты сезімді
іздестірген.
Біз сонда ғана махаббат үшін жаралған Қаракөздің дөрекі күшке
төтеп бере алмай жынданып кеткеніне сенеміз.
Қаракөз тұрпатынан қайсар мінез, батырлық келбет, ашық күрескер
әрекетін іздегендер таргедия мағынасын, М. Әуезов пьесасының
ақындық поэтикасын, лирикалық сазын толық ұғынбаудан туған. Ак-
триса З. Атабаева Қаракөз бойынан айқасуға дайын, батыл күрескерден
гөрі мөлдір махаббатқа еркін алдырған, сынық мінезді, сөйлеген
сөзі сыпайы, қимыл-қозғалысы нәзік, тал шыбықтай майысқан, аса
сүйкімді де көрікті жанды елестеткен. Оның сахналық сымбатты
қимыл-әрекеті ішкі жан сұлулығына сай келген.
Қабағынан қар жауған қатал Мөржанның алдында ол міз бақбай,
өзін еркін ұстайды) Айбарлы әженің сұрағына көзінің астымен бір
қарап алып барып, баяу да селқос жауап береді. Ел билігін ұстаған осы
кісінің зілді ескертуі өңменінен өтіп, еңсесін басып кеткен сияқты.)
Героиня характеріндегі осы бір өзгеріс барған сайын дендеп, қыз
тағдырында болатын алдағы ауыр трагедияның түрткісі іспеттес. Сы-
*
Тәжібаев Ә. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы, 82-б.
394
рым кіріп келгенде, Қаракөз әлгі селқостығынан бір сәт арылғандай
бойы жазылып, еңсесі көтерілгендей өңіне өзгеріс енеді. Бұл уақытша
ғана алданыш белгісі. «Жар-жарға» қосылып шырқаған сазды әуеннен
қыз мұңы сезілгендей. Орындаушының героиня бейнесіне лайықты
осы қимыл-әрекеттері мұнан кейінгі көріністердегі сұрғылт тартқан
жүзіне, селқос қимылына үйлесім тауып, Қаракөздің жындануы сах-
нада шынайы бейнелеу тапқан. Сахналық кейіпкер әрекетінің осы-
лай жүйелі тартылуы, әрі характердің даму процесін беруі – Қаракөз
бейнесінің мұнан кейінгі көріністерде де көркемдік биікке көтерілуіне
тікелей әсер еткен.
Сол уақыттағы спектакльге жазылған сында «Қаракөз болған
– Зура, Сырым болған – Құрманбек еді. Бұл екеуінің ойыны күшті,
әсерлі болды. Бұл екеуі Қаракөз, Сырым болып мұнан бұрын да та-
лай ойнаған еді, онысын ақтады. Әсіресе Зураның (Қаракөздің – Б. Қ.)
жынданып жүргендегі түрі: арқасына жайылған қара шашы, сұрғылт
тартып қуарған өң, кенеттен құбылған жүздері кәдімгі жынды әйелдің
күйінен ешбір бөтендігі болмады»
*
,– деп актрисаның шеберлігін атап
өтеді.
Осы рөлді меңгеруде З. Атабаева өзінің жастық шағындағы
сұрықсыз өмірін еске алып, соның септігі тигенін айтады. «Мен жа-
стайымнан жетім қалып, бөтен семьяда ананың аймалауын көрмей
естім. Сондықтан Қаракөздің рөліне енуім, қайғы-қасіретін түсінуім
маған оңай болды. Мен сахнада Зура екенімді ұмытып, өзімді Қаракөз
деп білдім, оның сезімін өзімнің сезімім деп таныдым»,
**
– дейді З.
Атабаева.
Бойға біткен дарынға қоса, көп ізденудің, автор материалын
толық түсіну дің нәтижесінде орындаушы өзінің кіршіксіз махабба-
ты, жекебасының бостан дығы жолында опат болған қазақ қызының
трагедиялық бейнесін жасаған.
Қойылымның сәтті болып шығуына мол үлес қосқан – Сырым
рөліндегі Құрманбек Жандарбеков. Бұл күрделі бейне сахнада жан-
жақты көркемдік шешім тапқан. Асан салдың аузымен айтылатын
«ол жаланған ер, жалындаған ақын, салтанатты сал Сырым...» деген
тамаша авторлық суреттеме бар. Талантты актер өз қаһарманының
бойындағы осы үш қасиетіне баса көңіл аударған. Спектакльге
қатысқандардың бірі: «Сырым сахнаға жалт етіп шыққанда жұрттың
көңілін бірден өзіне аударып алатын лаулаған жалын сияқты, қимылы
*
Еңбекші қазақ. 1927. 7 декабрь.
**
Академиялық драма театры актерлерімен сұбхат. ҚР ҒА-ның Орталық
кітапханасының қолжазба қоры.
395
ширақ, сөйлеген сөзі ақынша төгіліп тұратын», – дейді. Ауызекі ай-
тыла салған осы бағада актерлік үлкен өнерге тән шығармашылық
шабыт көзі бар. Жасы 21-ге енді шыққан, актерлік талантына қоса,
шебер әнші, келбетті Қ. Жандарбековтің Сырым табиғатына сай кел-
ген шағы. Орындаушы, ең алдымен, Сырымды ақын, өмірге кұштар,
еркіндік аңсаған, төңірегіндегі әлем мен құбылысты өз жүрегімен,
өз сезімімен қабылдайтын ерекше жан деп түсінген. Сондықтан
ол бейнелеген Сырым сүйсе – құлап түсетін, күйінсе – оттай жа-
натын, сөйлесе – ақынша толғайтын кесек тұлға болып құйылған.
Қойылымның алғашқы көрінісінде сәнді киініп, баяу әндетіп сахнаға
шыққан топтың ортасындағы салтанатты сал Сырымның жүзінде бір
түрлі толқу бар сияқты. Міне, алыстағы арманы, асыл махаббаты –
Қаракөзді құшағына алып: «Қара түндей қасірет ортасында жалғыз
шырақ-жарығым, маңдайдағы жұлдызым! Торға түскен ақ тотым...
келші, күнім!» – деген сөздері актер аузынан махаббаттың гимні,
ыстық жүректердің лүпіліндей естіледі. Ұлы махаббаттың өртіне
өзі шалынумен бірге, Қаракөзді де айықпастай етіп шарпып өтеді.
Қаракөзге айтылатын мол мағыналы монологтар, уытты өлең жолда-
ры сахнада небір терең астар тауып, Қ. Жандарбековтің шеберлігімен
бірде зарлаған бейбақтың зарындай, енді бірде асқақ бойына ыза мен
кек құйып, алдағы тағдыр тартысын елестеткендей болады, Трагедия
оқиғасының қауырт басталатын ерекшелігіне қарай Қ. Жандарбеков
осы алғашқы актінің өзінде-ақ Сырымның көңіл күй тебіреністерін
терең ашады. Оның Сырымы кіршіксіз махаббаттың ләззатына
бөленіп, бөтен дүниені ұмытқандай болады, бір сәт сол шынайы
махаббатқа жасалатын зорлықты сезгендей батырларша дүр сілкініп,
жігері жалын атқандай, тағы бірде сүйгенінен айырылысуға қимайтын
жанның трагедиялық кескін-келбетін елестетеді.
Қойылымның бірінші актісі «Қаракөз» әнінің:
Қаракөз айым!
Қалдың кейін!
Кеткенде сен алысқа
Зар еңірейін! –
деген мұңлы қайырмасы Сырым бастаған салдардың қосылып
күңірене айтуы – спектакльдің трагедиялық бояуын қоюлата түскен.
Жалпы, салдар тобы «Қаракөз» қойылымының ең бір көрікті көрінісі.
Сырымның қасындағы салдар рөлдеріне Қалыбек Қуанышбаев
(Дулат), Әміре Қашаубаев (Қоскелді) сияқты үлкен өнер иелерін
қоссақ, бұлардың сахналық кескінінің жоғары көркемдік дәрежеде
мүсінделгенін түсіну қиын емес.
396
Спектакльде бұларға қарсы топ – Наршаның рөлін Иса Байза-
ков, Асан сал ды Елубай Өмірзақов ойнауы – сахнадағы салдар өмірі
мен өнерін ерекше көркемдікке көтерген. Байыптап қарасақ, салдар
рөлдеріндегілер шетінен май талман, халық өнерінің бар маржанын
бойына жинай білген, әрі оның қай таланбас шеберлері еді. Олар
өздері бейнелеген сал-серілерді елдің сәні, ән мен жырдың еркесі,
жүрген жерлері қызық, той-думан, әзіл-күлкісі үзілмейтін өзге ше
өнер иелері деп түсінген, тіпті өз өнерлері, өз болмыстары жағынан
да со ларға мейлінше жақын тұрды. Салдар аузымен немесе солардың
қатысуы мен айтылатын ән мен жыр, өлең мен айтыс көріністерін ше-
бер өткізумен бір ге, олардың психологиялық толғаныстарын, көңіл
күй сезімдерін де терең аш қан. Жоғарыдағы аталған мақаладан:
«Сырымның жолдастары Қалыбек пен Әмі ре Сырымның қасы мен
қабағына қарап, ол күлгенде күліп, қайғысына бір дей ортақтық
қалыпты келтірді. Әсіресе Сырым мен Қаракөз сөйлесіп отыр ғанда,
Ақбаланы ортасына алып жүріп Әміренің ойда жоқ жерде өз жаны-
нан шығарып әңгіме айтқандай болуы келісіп тұр» деген жолдарды
оқимыз. Бү гінгі театрдың тілімен айтқанда, текстсіз сахналық қарым-
қатынас жасау деген осы.
Театр сынының балаң шағынан елес беріп өтетін бұл мақалада
автор әлі келгенше орындаушылардың қимыл-қозғалысын беруге
ұмтылған. Осының өзінде екі шебер өз кейіпкерлерінің ішкі дүниесіне
молырақ үңілгені көрініп-ақ тұр және бұдан бұрын бірі шалқыған
әнімен, бірі сықақ әңгіме, өлеңімен майталман аталып келсе, енді
драмалық өнерге де бейімділігін танытқан.
Спектакль туралы ойын жалғастыра келіп, Құрманбек Жандар-
беков салдар рөлдеріндегідей сақадай сайланып шыққан артистер
тобын мұнан кейінгі қойылымдарда кездестіре алмағанын өкінішпен
еске алады. Шағын ғана Дулат бейнесін Сырыммен терезесін тең
еткен – Қалыбек өнерінің құдіреті. Сырым мен Қаракөздің қайғылы
тағдырына қатысты Дулат пен Қоскелдінің өлең жолдарын Қ.
Қуанышбаев пен Ә. Қашаубаевтың жыламсырап, зарлатып айтатын
көрінісі көрерменнің сай-сүйегін сырқыратып жіберетін трагедиялық
деңгейге жеткенін еске алады режиссер.
Сахнадағы тартысты шиеленістіріп, барлық оқиғаның дамуына
тікелей жетекші болатын Сырым мен Асан бүкіл спектакльдің де тар-
тысын өрбітерлік әрекет етеді.
Екі ақынның бір-біріне қарама-қарсы алынуы – Пушкиннің Мо-
царт пен Сольерін еске түсіреді. Демек, Сырым мен Асанның ақындық
толғауларында, қимыл-әрекеттерінде, ұстаған бағыт-бағдарында
397
әлеуметтік мақсат, идеялық нысана жатыр. Ә. Тәжібаев жоғарыдағы
аталған кітабында екі ақынның идеялық келбетін тексере келіп: «... бұл
екеуінің арасындағы күрес – идеялық күрес, принципиальді тартыс»
(89-бет) деген қорытынды жасайды. Міне, осы тартыс желісі бүкіл
спектакльдің өн бойынан өтіп, оның идеялық сипатын анықтайды.
Бірінші актінің шымылдығы жабыларда сахнаға Асан шығып,
жан-жағына сезіктене қарайды, оқыс бір оқиғаның болғанын сезген
ол:
Қара шапан жамылып,
Қыз кетеді бір жаққа.
Ән шырқатып қағынып,
Сал кетеді сол шақта.
Салқын кеште сейіл ғып,
Кім келеді бұл тасқа?
Мәні-жөнін ұқпадым,
Сонда да мұнда сыр басқа,–
деп, көп ойланып, мұның аяғының бітпейтін дауға, тынбайтын
тартысқа соқтыратынын сездіреді.
Мұнан кейінгі көріністе сахнаға шыққан Сырым мүлде өзгерген,
жүзі жүдеу, көңілі жадау. Жаланған ер, жалындаған ақын өзін «оқ
тиген жаралы жыртқышқа» теңейді. Жаралы жан ызалы болмақ,
оның үстіне, ол ақын болғандықтан да орынды, ешкімді аямайтын,
жасқанбайтын қайсар тұлға ретінде көрінбек. Сондықтан Сырым –
Жандарбековтің шымылдық ішіндегі «Жар-жары» жалын атып, от
шашады, Мөржанмен арадағы диалогтардан ащы мысқыл, ызалы
леп еседі. Актер Сырымның осы жаралы жанын әр көрініс сайын
тереңдетіп, қайнаған кек тасып төгіліп, ақыры, Қаракөздің ұзатылып
бара жатқан жерінде өзінің шарықтау шегіне жетеді. Дулаттың асыл
арман, ізгі мақсатқа жету тілеуі біте бере қоршауға түскен Сырым –
сахнаның бір шетінен екінші шетіне жолбарысша атылып, қанжарды
суырып алып, қарсыластарын тежеп тұра қалғанда, көзі от шашып,
әр сөзі оқша атылады. Төңірегіндегілерді баудай түсіріп, сахна-
дан ата жөнелген Сырым нағыз жаужүрек батырлардың қимылын
елестетеді.
Қаракөздің жынданғанын естіп сахнаға шыққан Сырым дел-сал
болып өзін әзер ұстайды. «Сәулешім, сәулешім Қаракөз» деген сөздер
көзден аққан ыс тық жаспен араласып, Сырымды тұншықтырып
өткендей болады. Бойын кер неген ыза мен жалын атқан өксік
қабаттасып, өзін тежей алмаған Сырым қай та күңіренгенде, залдағы
398
көрермендердің көзінен еріксіз жас үйірілген. Ак тер дің осы бір
трагедиялық сәтін жоғарыдағы рецензияда: «Құрманбек қайғы-қасірет
жолына түсіп, тілегі бір ғана Қаракөз болып кеткендігін көрсете алды»
дейді.
Актер Сырым тартқан азапты, басынан кешкен ауыр қасіретті
ғана көрсетумен шектелмейді. Ол белді бекем буып, Қаракөз үшін кек
алуға, намысын, еркіндігін қорғауға ұмтылып, мұнан басқа жолдың
қалмағанын да шынайы бейнелейді.
Пьеса оқиғасының дамуына қарай Сырым бойындағы күрескерлік
сипаттар трагедиялық сарынмен алма-кезек ауысып, кейде осы екі
бағыт бір арнада тоғысып, сахналық бейненің көркемдік тұтастығын
құрайды.
Үшінші актінің аяғындағы Сырымның ұзақ монологі: «Жә жә...
керістік те кешпеске! Кешпес кекке кеттім мен де келмеске! Білем
сенің де шымбайыңа батады. Алам, шашам, Өсер, сенің қалтырай
құшқан малыңды!... Судай төгем, өзгені, зорлау-қорлау үшін құрал
еткен барыңды!.... Айрандай төгем «ақты-бозды» дейтұғын, таңбалы
құтыңды! Құртам мен де, аузы қанды бөрің болам! Шайқаймын,
қарғыс атқыр мүлкіңді. Кегім.., кегім... Қаракөзім! Аяулы ару,
ардақтарым! Арнадым, саған сол ашу-кегімді! ...» деген соңғы жол-
дары актер аузынан жалын болып шарпып, жайдың оғындай тіліп
өтеді. Мұнда Сырымның ендігі өмірінің мағынасы, махаббат пен
еркіндік жолында құрбан болар өр мінезді өжет ақынның батырға
айналып найза ұстағандағы қанды серті жатыр. Сондықтан мұнан
кейінгі көріністердегі Сырым тобында баяғы салтанатты салдық
белгілер көрінбейді. Бәрінің де түстері суық, жүрістері суыт, сақал-
мұрты өскен, киімдері жұпыны, қолдарында айбалта, найза, өліспей
берілмейтін күрескерлер кескіні аңғарылады.
Сырымға кісі жібертіп шақыртып Қаракөзбен ақырғы рет жолығу
сахнасы өте әсерлі. Әсіресе, Қ. Жандарбековтің жылай отырып салған
әні көрерменді сілтідей тындырып, залдан: «Ой, боздақ-ай!» – деп да-
уыс шығып отырғанын еске алады қойылымға қатысушылар.
Мен келдім зарға толып, күнім, саған
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған? –
деп келетін ән текстеріне орындаушының мұңлы сипат беріп,
күңірентіп айтуы – арманда кеткен екі жастың нағыз трагедиялық
қайғысы. Осылай қасірет шегіп, жүдеп сарғайған Сырым –
Жандарбековтің бейіт басындағы зарлатып айтатын өлеңі мен үлкен
монологі де трагедиялық қайғы болып шыққан. Қабірді құшақтап,
399
еңіреп жатқан Сырымның дауысы әлсіреп барып сахнадағы шаммен
бірге сөнеді.
Қаракөздің бойға қуат берген отты сөзінен кейін орнынан баяу
тұрған Сырым бір сәт ой үстінде әйгілі монологін бастайды. Бірте-
бірте үдете екпіндетіп жөнеледі. Монологтің ортасына келгенде Сы-
рым – Жандарбеков дүр сілкініп, батырлық қайрат пен ақындық ша-
быт тоғыса келіп, «құйын болып үйірілген, дауыл болып соққан» (Ә.
Тәжібаев) монологі – Қ. Жандарбековтың шебер орындауынан қанды
трагедияның соңғы шымылдығы оптимистік рухқа көтерілген. Және
спектакльдің жарқын идеясы, күрескерлік идеясы айқындай түсетін
шешім бұл. Сырымдардың бүгін жеңілгенімен, ертең жеңетініне,
болашақ солар жағында екеніне сенесіз. Демек, олардың еркіндік пен
махаббат жолындағы күресі – әділеттік күрес, гуманистік күрес.
Қойылымның осындай идеялық мазмұны қазақ театрының та-
рихына арналған кейбір еңбектерде дұрыс көрінбей, орынсыз
сыналғанын айта кеткен жөн. Қазақ сахна өнерін зерттеп, көлемді
кітап жазған Н. И. Львов «Қаракөз» спектаклі туралы кең талдау жа-
сап дәлелдеместен, жаңсақ қорытындыға келген. Ол трагедия авто-
рын «Қазақтың көне өмірі мен дәстүрін, феодалдық дәуірдің көрінісін
қызықтап кетеді. Ескі ауыл тірлігін көтере мадақтап, кезбе ақындар
өмірін уайымсыз және сүйкімді етіп суреттейді. Осының салдарынан
спектакль ұлтшылдық рең алған»
*
, – дейді. Пьеса мен қойылымға
айтылған бұл орынсыз сынға біз түбірімен қарсымыз. Және пьеса ма-
териалында тұтас спектакльге ұлтшылдық бағыт беретіндей негіз де
жоқ.
Сырымға қарама-қарсы алынып, трагедия тартысының бір
ұшын ұстаған Асан сал Елубай Өмірзақовтың орындауында шы-
найы шыққан сахналық бейне. Ол Сырым ізін сырттан бағып, тіке
бетіне келмей, қапысын тауып, білдірмей сүріндіруге ұмтылады. «...
Сен менің соқтықпайтын кісімсің... Саған мен жол бердім ғой, көп
таласпаймын...» – деп, Асан Сырымды өзіне тарта сөйлеп, жұмсақ
мінез көрсетуі – Наршамен татуластыру ниеті. Сөйтіп жүріп ол
тағы да Сырымға: «... сөз барымтасы жаман болады», – деп, өз на-
мысын қолдан бермейтіндігін де сездіреді. Мұндай сәттерде Асан
сөзіне мысқыл, кекесін сипат беріп отырған. Сырымға оның ашық
қарсы келуі – «Жар-жар» үстінде. Той сахнасындағы айқай-шуды
басып, үкілі домбырасын безілдетіп, шырқата салған әнімен қалың
жұртты аузына қаратқан Асан – Өмірзақов спектакльге ерекше
бір лирикалық әуен әкелгендей. Ол өз өнеріне өзі риза болғандай,
*
Львов Н. И. Казахский академический театр драмы. Алматы, 1957. С. 32.
400
шабытқа мінген Асанның жарқын жүзінде қуанышты күлкі ой-
найды. Бірақ, Сырым тобы кіріп келіп, «Жар-жарға» бөтен мазмұн
беріп бұра тартқанда, Асан іштей тынып, жақтырмағанын түйілген
қабағынан танытады.
Өзінің спектакль туралы пікірінде қоюшы – режиссер Қ. Жандар-
беков – актердің шеберлігін жоғары бағалап, күні кешеге дейін Елубай
Өмірзақов сияқты Асанды сахнадан әлі кездестірмегенін еске алады.
Шынында Асан рөлін актер асқан әншілік өнерімен, табиғи сахналық
қимыл-әрекетімен психологиялық көңіл күйімен спектакльдің
орталық бейнелерінің қатарына көтерген.
Тұңғыш ашылған ұлт театрында ойнаған рөлдерімен, тыңдаушысын
тебіренткен тамаша термесімен, суырыпсалма асқан ақындығымен
танылған Иса Байзақов бұл жолы Наршаның сахналық тұлғасын
келісті жасаған. Ол суреттеген Нарша махаббат дертіне ұшыраған,
қайғы-қасіретке душар болған сезімтал да аянышты болып көрінген.
Әйгілі ақынның рөлі тұралы рецензент: «... Күйік пен қайғылы күйге
түскен Наршаның халі жұртқа өте аянышты болды. Исаның өзі де сон-
дай аянышты күйге түсті», – дегеннің өзінен-ақ И. Байзақовтың Нар-
ша басындағы трагедияны көрсете білгені көрініп тұр.
Қойылымдағы өзге кейіпкерлер рөлдері де көркем шыққан. Ре-
цензияда Шәрбану Байзақова (Мөржан), Серке Қожамқұлов (Жабай),
Әбілқай Абдуллин (Жарылғап), т. б. актерлердің ойындары жоғары
бағаланған.
Сонымен, «Қаракөз» қазақтың тұңғыш театрының шығармалық
мүмкін шілігін, оның труппа құрамында аса дарынды шеберлердің ба-
рын, келешекте ірі драматургиялық шығармаларды меңгере алатынын
танытты.
Дүниеге ұлттық сахна өнерімен бірге келген бұл шығарманы ұзақ
үзілістен кейін, алпысыншы жылдардың басында, ең алдымен Семей,
одан кейін Шымкенттен бастап барлық қазақ театрлары түгел қойды.
«Қаракөзді» ең алдымен сахнаға қойған Семей (режиссері
Бәйтен Ома ров), Шымкент (режиссері Әубәкір Ордабаев) театрлары
трагедияның халық тық негізін, елдің әдет-ғұрып салтын, көркемдік
дәстүрін берік сақтаған. Режиссер Б. Омаров қойылымға поэзиялық
рух, ақындық шабыт беруге ұм тыл ған. Ол пьесаның «Жар-жар»
мен «Беташар» түріндегі қазақтың айтыс поэзиясындағы тамаша
үлгілердің сахнада әсерлі шығуына баса көңіл бөлген.
... Сахнада бейнеленген ала көлеңке кешкі даланың тыныштығын
бұзып, Асан салдың шырқата салған «Баянауыл басынан бұлт кет-
пес» әнімен бас талады. Жас актер Б. Сыбановтың тамаша әншілік
401
шеберлігі сал характерін ашуға септігін тигізумен бірге, режиссерге
спектакльдің поэтикалық кілтін дұрыс табуға мүмкіндік берген.
Театр сыншысы Қ. Қуандықов бірнеше театрларда қойылған
спектакльдерді талдай келіп: «Ән, махаббат және өмір – «Қаракөз»
трагедиясының идеялық-көркемдік негізі. Ән мен махаббат спек-
такльге лирикалық нәзіктік, романтикалық өң беріп, қаһармандарын
сұлулық нұрына шомылдырады»,
*
– деген орынды қорытындыға кел-
ген. Міне, осы ән мен махаббат жайын айқын да терең ашуға талпыныс
барлық театрлардың қойылымдарына ортақ. Семей театрында Асан
рөліне Б. Сыбановтан басқа лайықты әнші актерлердің болмауынан
спектакльдің лирикалық жағынан гөрі, психологиялық толғаныс жағы
тереңірек ашылған. Сырым – Ә. Жаңбырбаев, Қарагөз – Т. Иісова ой-
ындары осы психологизмге құрылған.
Шымкент қойылымында Сырым рөлін алғашында М. Өтебаев, со-
дан соң С. Рақышев, кейін А. Қалмырзаев ойнады. Бұлардың үшеуі де
драмалық өнерлерінің үстіне, тамаша әншіліктерімен көп ұтқан. Орын-
даушылар Сырымды ерлігімен бірге, жалындаған ақын, салтанатты сал
етіп бейнелеген. Асан сал рөлін ойнаған О. Жұмабеков те жезтаңдай
әнші актер. Сондықтан Шымкент театрының сахнасында ақындық
шабыт, әншілік өнер, «Жар-жар», «Беташар» қойылымның бағасын
одан сайын арттыра түсті. Көрермен қауым әсерлі ән мен ақындық
өнерге барынша қошемет көрсетіп, жылы ілтипат білдірді. Алайда,
кейіпкерлердің психологиялық көңіл күйі, характер ерекшеліктері
қойылымда үнемі ескерілмеді, кейде екінші планда қалып қоя берді.
Жұмабике Серікбаеваның шыншылдықпен, шеберлікпен сомдаған
Қаракөзінен басқа характерлер толық ашылмаған күйінде қалды.
Облыс сахналарында қойылған спектакльдердің ішінде көркемдік
тұтастық тауып, табысты болғаны – Қызылорда театрының
«Қарагөзі». Режиссер Мен Дон-Ук трагедия сырын терең ұғып, шын
мағынасында шығармалық тапқырлық, ізденімпаздық көрсетті. Қ.
Қуандықов жоғарыда аталған еңбегінде қойылымның режиссерлік
байламы жайында былай деп сүйсіне әңгімелейді: «... режиссер зал
мен сахнаны бір сәтте түгелдей қараңғылық құшағына көміп, түнек
дүние әлеміне тартып әкетті... Зіл қараңғылық, меңіреу тыныштық
ішінен булыққан күрес күйінің сарыны талып жетеді. Жанталас күрес
сарыны. Қараша желіндей біртіндеп күшейе түскен күй енді бірде ер
арқасын қоздырып дабыл қағады, бірде өзек жарған қайғылы мұңға
айналып, жүйкеңді босатады. Содан ол жүрек тебірентер нәзік әуенге
ауысып, еңсені басқан қараңғылықты серпіп тастайды... Сахна мен зал
*
Қуандықов К. Тұңғыш ұлт театры. Алматы, 1969. 53-бет.
402
іші айлы түннің көгілдір нұрына бөленген. Ішкі шілтер жібек перде,
түрлі түсті жарықтардың ғажайып тоғысулары сахнаға шексіз кеңістік
береді. Сол дала төсіне біткен жартас басында қабыса біткен қос ақ
қайыңдай болып сал Сырым мен Қаракөз айым ынтық зар құшағында
тұр. Назды әуен екі мұңлықты дала құшағына алып кетті. Үкілі домбы-
раларын көлденең ұстаған салдар да әлгілерді жоғалтқандай жартасқа
шығады. Бұлардың ізінше келген тағы бір жиынның түстері де суық,
қарақшылардай аймақты тіміскілей шолып, олар да өте шықты»
*
,
– дейді. Келтірілген осы жолдардан спектакльдің ой-тұжырымы
айқындалып, алдағы тартысқа араласатын қаһармандардың кескін-
бедері де белгіленіп, сахнадағы атмосфера толық анықталады. Және
музыкалық кіріспе қойылымға тұтас поэтикалық саз беріп, оның
көркемдік мазмұнын тереңдете түскен.
Режиссурадағы нақтылық пен айқындық орындаушылардың
өз рөлдерін дұрыс ұғып, жан-жақты меңгеруге жетелеген. Актри-
са Жібек Бағысова Қаракөз бейнесін лирикалық жинақтылыққа
көтерген. Ол ойнаған жас ару рөлінде ізеттілік, инабаттылық, нәзіктік
мол. Ол дүниенің бәріне таңырқай қарайды, оған бәрі де қызық, әрі
жұмбақ сияқты. Қаракөз – Бағысованың суда жүзген аққудай әсем
қимыл-қозғалысы, ажарлы кескін-келбеті, күлімдеген сүйкімді жүзі,
мөлтілдеген ойлы қарақат көзі автордың:
«Қаракөз Қарауылдың ақ маралы,
Болғанда бетке сұлу, ой саналы», –
деп келетін тамаша сипаттамасының жанды көрінісі елес беріп өтеді.
Сонымен, Қызылорда театрындағы Қаракөз өмірге, болашағына
қызыға, кейде үрейлене қарайтын жанның нанымды сахналық бейнесі
болып шыққан.
Қойылымға жазылған сында «Ж. Бағысоваға қызулық, драма-
тизм жетіс пейді», – деген пікір айтылды. Сахналық бейне жасаудағы
актердің шығар малық даралығы мен ерекшелігі ескерілетін қағидаға
әрі оның жетекші рөл атқаратынына сүйенсек, Ж. Бағысова ойнаған
Қаракөзден күрескерге қажет қызулық, драматизм іздеу артықтық
ететін сияқты. Әділетсіздікке шыдамай, кіршіксіз махаббат пен бас
бостандығы жолындағы күресте өздерін құрбан еткен Баян, Еңлік,
Ақтоқтылармен Қаракөзді қатар қоюға болмайды. Ол өзінің махабба-
тын қорғауға дәрменсіз, ата жолын аттап кете алмай, арманына жете
алмай жынданатынын ескерсек, Ж. Бағысова жасаған бейнеде темпе-
рамент, драматизм жетіспейді деу негізсіз сөз, дәлелденбеген пікір.
*
Сонда, 54-б.
403
Бұл спектакльде мұнан басқа да көңілге қонымды шыққан рөлдер
бар. С. Рақышев орындаған Сырым, автор суреттегендей, «жаланған
ер, жалындаған ақын, салтанатты сал» болып шыққан. Актердің
драмалық дайындығымен бірге, домбыра тартып, тамаша әнші болуы
– сал бейнесінің әр қырынан ашылуына себепкер болған. Және ән,
өлең қойылымға лирикалық бояу ғана беріп қоймай, оқиға барысы-
на, сахна мақсатына қарай әртүрлі мағынада орындалуы арқылы ха-
рактер ерекшелігін ашатын басты бейнелеу құралдарына айналған.
Сондықтан С. Рақышевтың өршіл де екпінді әні Сырымды бір сәт
күрескер бейнесіне көтерсе, енді бірде Сырымның Қаракөзге айтатын
қасіретті күйі мен шерлі халін танытады.
Сол сияқты Сырымды мұнан кейін ойнаған Шайтұрсын Әбдібаев
та драмалық актер дарыны мен әншілік өнерді негізгі нысанаға
бағындыра білуден нақты шығармалық нәтижеге жеткен. Басқа салдар
рөлдеріндегі Т. Айнақұлов (Асан), С. Шотықов (Дулат) сияқты талант-
ты актерлердің шебер әншілігі де қойылымға көркемдік көрік берген.
Бұлардың төгілтіп салған әндері көрерменнің делебесін қоздырып,
трагедия тартысын ширата түскен. Сонымен бірге, орындаушылардың
сахнадағы еркін қимылы, ақындық өжеттігі, шабытпен ойнауы сал-
серілер бейнелеріне үйлесімді шыққан.
Ақын-драматург Ә. Тәжібаев трагедияны талдай келіп: «Дәл осы
«Қаракөзде» қазақтың айтыс поэзиясы өте қызықты пайдаланылған,
әсіресе «Жар-жар» мен «Беташар» түріндегі дәстүрлі өлең жары-
стары драмалық тартысты дамыту құралы етіп меңгерілген», – деп
жазды. Тәжібаевтың осы ойын Қызылорда театры шебер дәлелдеп
берді. Тұрмыс-салттық өлеңдерді сахнадан орындау тәсілі трагедия
тартысын шиеленістіріп, оның ішкі драматизмін күшейте түскен.
Кейбір театрларда «Жар-жар» мен «Беташар» астарындағы әлеуметтік
мазмұнды, тартыс мағынасын аңғара бермеген. Мұны олар тойда ай-
тылатын күлдіргі өлеңдер деп қана ұғып, біраз қысқартыңқырап алған.
Турасын айтқанда, Қызылорда театрының шығармашылық тобы
өз мүмкіншілігін шеберлікпен пайдаланып, «Қаракөз» спектаклін
жоғары көркемдік дәрежесіне жеткізе қойған. Астаналықтардың
олардың өнерін өте жылы қабылдауы осыдан да.
М. Әуезов атындағы Академиялық Қазақ драма театры
«Қаракөзді» 1963 жылы А. Л. Мадиевскийдің режиссурасымен қойды.
Қойылымның бас талуы, жалпы сахналық шешімі басқа театрлар-
дан мүлде бөлек. Композитор Н. Тілендиевтің сазды музыкасымен
шымылдық баяу ашылғанда, ішкі шілтер пердеде Мұхтар Әуезовтің
бейнесі көрінеді. Бұл – сәтімен табылған көріністе өз трагедиясының
404
сахналық қойылымын көре алмай кеткен ұлы жазушыға көрсетілген
құрмет пен ілтипат. Залдағы көрермен жұрттың ду қол соғып,
қошемет көрсетуі жүрекке жылы әсер етеді. Онан әрі қарай трагедия
кейіпкерлерінің әрекеті басталып кетеді. Сахна қара көлеңке, кешкі
ымырт мезгілі. Ауыл сыртындағы жартасқа қарай Асан, Матай, Нарша
беттеп келеді. Асан (Ә. Жолымбетов) ыңылдап әндетіп келеді, бірақ
көңілге түйген бір жай іштей мазалап келе жатқан сияқты. Соған ойы
бөлініп, басқалардан оқшау тұр. Наршаның (Ғ. Сүлеймеиов) әнмен де,
көңіл күймен де жұмысы жоқ, жүзінде реніш, қабағында кейіс бар.
Қалың малы төленіп, арадағы әңгіме әбден пісіп жетілсе де,
Қаракөздің уайымы мұның ішін жегідей жеп, діңкесін әбден құртқан
сыңайы бар. Махаббат дертіне шалдығып, жан күйзелісіне душар
болған Наршаға қасындағы екі досы ақыл беріп, жігерлі қимыл
жасауға итереді. «Е, салмайсың ба тыйымды, тартқызбайсың ба ондай
қырсық мінезіне сазайын», – деген Асан – Жолымбетовтың зілді сөзі
спектакль тартысын ширықтырып әкетеді.
... Сәлден кейін басына шапан жамылып шыққан Қаракөз
(З. Шәріпова) бен Ақбала (X. Жиенқұлова) жан-жағына ұрлана
қарайды. Әлгілердің пиғылын, қолға түссе, айықпас дауға душар
болатынын біледі. Сондықтан Қаракөз қимыл-қозғалысы жедел,
аңсаған жанымен жүздесіп, тілдескенше асығып, алқынып тұр.
Өңінде қобалжу бар, үлкен толғаныс үстінде. Осы күйдегі қыз Сы-
рымды көргенде оған қарай асыға ұмтылады. Біріне-бірі ынтық
екі жас махаббат құшағына енеді. Төменде Дулат бастаған салдар
Ақбаламен әзілдесіп, өздерінше қызықтап жатады. Академиялық дра-
ма театрының сахнасында «Қаракөз» қойылымы осылай басталған.
Және бұл автор идеясына, шығарма рухына сай келген. Режиссер тра-
гедия кейіпкерлерін өздерінің сахналық мақсаттарына қарай қарама-
қарсы екі топқа бөлінетінін, бұлардың арасындағы бітіспес тартыстың
шиеленісте өтетінін барынша айқындай түскен. Әрі бұл тартыс
шымылдық ашылмастан бұрын әлдеқайда ерте басталғанын сездіреді.
Осы тұста характерлердің сахналық эскиздері де сызылып қалады.
Мұнан кейінгі көріністе режиссер анықтап алған ой-тұжырымын
шашау шығармай, жүзеге асыруға ұмтылады. Спектакль туралы сын
мақалада былай деп жазылған: «... режиссер түсінігінше, Қаракөз
бақытты махаббат жолында ашық айқасқа шыққан, ата жолын ат-
тап өткен ару, Қаракөз – ІІІәріпова сахнаға алғаш шыққанда-ақ
ешбір жаннан қаймықпайтын, кеудесінде ғашықтық оты лаулаған
қалыпта көрінеді. Сырыммен алғашқы кездескен сәтте де, онан соңғы
405
көріністерде де ол батыл қимылға баратын болып есте қалады»
*
. Ак-
триса мен режиссер Қаракөздің Сырымға деген махаббатын, аңсап
қауышқан қос ғашықтың жүрек лүпілін, оқиғаны, дамуына қарай
туып отыратын көңіл толғаныстарын нанымды ашқан.
З. Шәріпова – Қаракөздің қуанышы мен реніші көңіл күй
өзгерістерінен, толғаныстан туатын ішкі драматизмді айқын аңғартып
отырады.
Сырым рөлін Н. Жантөрин мен Ш. Мусин кезектесіп ойнайды.
Екі орындаушының екеуі де актерлік ерекшеліктеріне қарай сахналық
характердің өздеріне жақын, қонымды белгі-бедеріне көңіл бөлген.
Н. Жантөрин өз геройының аңсаған асыл арманын, адал махаббатын,
соған жету жолындағы табанды күресін, көздеген мақсатына жетпей
қоймайтын төзімділігін, айтқанынан қайтпайтын қайсарлығын, әрі
қару ұстай білетін батырлық кескінін де толық ашқан. Ал Ш. Му-
син Сырым бойындағы ақындық шабыт, салдық өнерге, лирикалық
сезімге ден қойған. Бұл қаһарман бейнесінің төл қырынан көрінуге
мүмкіндік жасаған. Қысқасы, екі актердің екеуі де кейіпкер дүниесіне
толық еніп, әрқайсысы өз мүмкіншіліктеріне қарай дара сахналық
бейне жасаған.
Спектакль туралы мақалада: «...Осы екі дарынды артист те
Сырымның тағы бір қырын – әншілігін жеткізе алмай жатқаны аян.
«Мен келдім зарға толып, күнім саған,
Бір ауыз сөзің бар ма айтар маған»,–
деген жолдармен басталатын Сырымның ең соңғы қоштасу әнін аса
шерлі үнмен, көкірегі қарс айырылып, ет жүрегі езіліп, аңыратып айта
алмайды. Трагедияның шарықтау шегінің биігі бұл. Осы ән үстінде
Қаракөз де Сырымды танып: «...Иә, иә осылай, осылай болатын...
ән... ән» деп барып үзіліп кетеді»
**
деген пікірдің жаны бар. Демек, ән
бұл сахнада қойылымға ұлттық колорит беретін қосымша компонент
емес, кейіпкер өмірінде үлкен өзгерісті, психологиялық толғанысты,
тартыс жүйесін ашуға қажет әрі солардың әрекетіне тікелей байла-
нысты. Әрине, бұл ерекшелік драмалық әр актердін бойынан табыла
бермейтіні хақ. Сыншы ойы жүзеге асса, спектакльдің ұтары да дау-
сыз еді.
Бұл кемшілік басқа ақын-салдар бейнелеріне де ортақ. Ән мен өлең,
ойын-сауық, той-думан дегенде «жарғақ құлағы жастыққа тимейтін»
халықтың бір кездегі еркесі мен сәні болған ақын-салдар өнері сахна-
*
Қуандықов Қ. Ән, махаббат, өмір // Қазақ әдебиеті. 1963. 28 июнь.
**
Сонда.
406
да көркем шыққанда, спектакль көп ұтатыны хақ. Режиссер батырлық
пен ауыл сыртындағы қақтығысты бірінші планға шығарып алған.
Қойылымда ән, ақындық шабыт, сөз өнері – шығарманың арқауы, сал-
дар сол арқылы күрескер дәрежесіне көтеріледі ғой.
Той үстінде айтылған «Беташар», «Жар-жар» да өзінің көркемдік
деңгейіне жетпеген. Шығарманың тартысын ширатып, екі жақты
қырғи-қабақтыққа әкелетін – осы той үстіндегі «Жар-жар» мен «Бе-
ташар». Қойылымда өлеңдер орынсыз қысқартылғандықтан әрі
ажарсыз айтылғандықтан, трагедияның ең бір түйінді жері лайықты
шешім таппаған. Жоғарыдағы аталған мақалада «Жар-жардың»
той сахнасындағы драмалық тартысқа қосар үлесін түсіндіре келіп:
«... Екі жақ та айтайын деген еселі сөзін, ашу-кегін ешкім де бөгет
болуға қақы жоқ, ауызға қақпақ бола алмайтын осындай ескі жора,
дәстүр үстінде айтып, оқ атысып жатыр. Екі жақтың да тілін безеген
ақындары бар»
*
, – деп орынды жазылған. Екі жақтың осы қақтығысы
қойылымда әсерлі шықпаған. Режиссер трагедиядағы өлең жолда-
рын қысқартып тастаған. Сол қысқартудан Дулат бейнесі әлсіреп
кеткен. Оның сөздерін басқа кейіпкерлер айтып жүр. Ал Ақбала мен
Дулаттың жарасымды қалжың әзілдері де спектакльден түсіп қалған.
Режиссер-қоюшы тілге түсінбей, орынсыз ықшамдаған жерлеріне ак-
терлер қауымы көңіл бөлуі қажет еді.
Қойылымдағы ақындық шабыт, салдық өнерді беруде Асан рөлін
кезектесіп ойнаған М. Өтебаев пен Ж. Медетбаев, Дулат рөліндегі
С. Оразбаев көп ізденіп, шығармалық тапқырлық танытқан. Асан
салдың Қаракөзге деген аянышын ән арқылы өмірге қайта келтірмек
болған әрекеттерін Ж. Медетбаев нәзік ашқан. Актердің дауыс үнінде,
қимыл-қозғалысында, қайғылы жүзінде дертке ұшыраған жанға де-
ген адамгершілік сезім, жылы ниет, іштей қайғыру сәттері нанымды
шыққан.
Спектакльдегі орталық кейіпкердің бірі – Нарша. Ол әлдінің ба-
ласы бола тұра, қалың малы төленген қалыңдығын күшпен алмай,
өз махаббатымен, шын ниетімен келгенін қалайды. Қаракөздің оны
менсінбеуі трагедияға душар етеді. Кейіпкер бойындағы осы күрделі
психологиялық процесті актер М. Сүртібаев ойынында ұтымды бей-
нелеу таппады деген пікір білгірлікпен айтылған. Екінші орында-
ушы Ғ. Сүлейменов бейнені терең түсініп, оның ішкі арпалысын,
трагедиялық халін жан-жақты ойластырып, соны ашудың бейнелі
құралдарын тапқан.
Сахналық бейнелеу жағынан көркем шыққан – ескінің тірегі,
*
Сонда.
407
дүйім елдің әміршісі Мөржан бәйбіше бейнесі. Бұл рөлдегі
С. Майқанова мен Ж. Жалмұхамбетова кейіпкер бейнесін жан-жақты
түсініп, нағыз сахналық жинақтылыққа жеткізген. М. Әуезов жасаған
кесек бейне сахнада да сол ірілігімен көрінген. Семіз бәйбіше баяу
басып сахнаға шыққанда, төңірек су сепкендей басыла қалады. Екі
актриса жасаған бейне біреу болғанымен, шығармалық даралығынан,
орындау өзгешелігінен, ой-тұжырымнан туатын айырмашылық бар.
Ж. Жалмұхамбетова жасаған Мөржанның кескін-келбеті өте суық,
қимыл-қозғалысы да ауыр, сөзі өктем, түксиген қабағы ашылмай-
тын қатал жан болып бейнеленген. С. Майқанованың Мөржаны ауыр
мінезді, қимыл-қозғалысы маңғаз, тәкаппарлығы да бар, сөзінде астар
да, зіл де мол, ойланып асықпай сөйлейді, түскен жерін ойып түсетін
адуын бәйбіше.
Осы алуандас бояуы қалың шыққан X. Елебекова жасаған қырсық
мінезді, басынан сөз асырмайтын намысқой, тентек құдағи – Текті.
Үнемі Мөржанның қасы мен қабағын бағып жүретін Жабай –
С. Қожамқұлов пен Жарылғап – Қ. Бадыров, қайын сіңлісінің
тағдырына бәйек болып жүрген асыл жеңге Ақбала – Б. Римова, т. б.
рөлдер де спектакльдің елеулі табысы болды.
«Қаракөз» трагедиясы сахнадан түспей, үнемі қайталап қойылып
келеді. Сексенінші жылдардың басында трагедияны М. Әуезов
атындағы драма және бірнеше облыстық театрлар қайтадан қойды. Ре-
жиссер Ә. Мәмбетов шығарма табиғатына көп тереңдемей, бұрынғы
қойылымда толық ашылыңқырамай қалған ақын-салдар бейнелері мен
өнеріне, «Жар-жар», «Беташардың» дұрыс орындалуын ойластырып,
спектакльді лирикалық тұрғыдан қарастырған. Сырым мен Қаракөз
арасындағы махаббат желісіне барынша айқындық беріліп, екеуінің
кездесуі ақ қайың өскен сұлу табиғат аясында өтуі де осыдан. Мұнда
қолданылған айналмалы сахна (суретші Е. Тұяқов) актерлердің әрекет
жасауына ыңғайлы болғанымен, қойылымның поэтикалық мазмұнына
сай келе бермейді.
Сырым мен Қаракөз рөлдерін орындаушылар режиссерлік ой-
мақсаттың үрдісіне қарай махаббат сезіміне берілген қос ғашықтың
ішкі көңіл күй толғаныстарын ашуға ұмтылған.
Сырым рөлін орындаушылардың ішінде «жаланған ер, жалындаған
ақын» шынайы суреттеуге жеткен – талантты актер Әнуар Боранбаев.
Ол ән мен драмалық әрекеттің үйлесімді тұтастығын тауып, кейіпкер
бейнесін әр қырынан ашқан. Ішкі қызулық пен әсем қимыл-қозғалысқа
құрылған мұның Сырымы ақынша толғайды, көңіл күй арпалыстарын
ашуда асырып та, тасытып та жібермей, сахналық өлшеммен келген.
408
Ұзақ жыл сахнада үзіліссіз жүріп келе жатқан қойылымда Қаракөз
рөлін жол-жөнекей көптеген жас актриса ойнап келді. Солардың
ішінде М. Өте кешева, Г. Әспетова, Ш. Ахметова, Г. Ералиева, т. б.
Қаракөз рөлін өзінше түсініп ойнағандар. Жас арудың трагедиялық
толғаныстарын жеткізуде М. Өте кешева мен Г. Әспетованың
ізденістері көңіл аударарлық. Соңғы орындаушы Қаракөздің жында-
ну сәті мен процесін өзінше түсініп, басқаларға ұқсамайтын бейнелеу
тәсілдерін қарастырған. Мұнда күрескерлік емес, тағдырына мойын-
сыну бар.
Сонымен, «Қаракөз» спектаклі режиссура тарапынан кет-
кен олқылықта рына қарамастан, театр репертуарынан берік
орын алып келеді. Ол театрдың түрлі елдердегі гастрольдерінде
де көрсетіліп келді. Қойылымға берілген баға барлық жерде де,
негізінен, байсалды болғанымен, әжептәуір сын да айтылды. Соған
қарамастан, спектакльдің табысты өтуі, ең алдымен, М. Әуезовтің
шығармасының жоғары көркемдік сапасына тікелей байланысты.
Қазақ драматургнясының алтын қорына қосылған «Қаракөз» трагеди-
ясы өзінің тамаша көркемдік ерекшелігіне лайық сахналық бейнелеуді
қажет етіп отыр. Ұлы жазушының 100 жылдық мерекесіне арналған
қойылымдар осы биік талап биігінен көрінуі үлкен шығармалық сын.
Облыстық театрлардың ішінде Талдықорған, Семей, Жетісай
ұжымдары ның қойылымдарынан әрқайсысының өзіне тән ізденіс
жолдарын аңғаруға болады. Алматыдағы шығармалық сапар
шымылдығын «Қаракөзбен» ашқан талдықорғандықтар қойылымдық
жүйесі әбден қалыптасып қалған пьесаға өзінше, тың жолмен келіпті.
Ешкімге еліктемеу, тыңнан сахналық бейнелеу құралдарын қарастыру
– шығармалық өмірін енді бастаған театрға бірден-бір сара жол, дұрыс
бағыт.
Спектакльді қойған Қалмақан Бейсенбиев бұрын-соңды ре-
жиссурамен айналыспағанымен, актер болып әжептәуір рөлдерде
ойнаған, сахна өнерінің сырына қанық. «Қаракөзді» қоюдағы режис-
сура оның көрген-білген актерлік тәжірибесінен туған. Ең алдымен
ол трагедияның сахналық бейнелеу үлгісін табуға ұмтылған. Ыңғайлы
станокты қолдануы – актердің әрекет жасауына қолайлы болып
шыққан. Халық өнерінің дәстүріне, этнографиялық көркемдік бейне-
леу құралдарына сүйенуі – қойылымға ерекше ұлттық бояу, нақыш
берген. «Жар-жар», «Беташарлардың», ақын-салдар өлең-әндерінің
келісті орындалуы бұл спектакльдің ұтымды жағы. Және қойылымды
көрермен қауымның барынша жылы қарсы алуы да осыған тікелей
байланысты.
409
27–1247
Қойылымның поэтикалық тынысының еркін ашылуы – мұндағы
Сырым, Асан рөлдеріндегі жас актерлер өнерінің ықпалы. Және екі
актердің де домбыра тартуы, тамаша әнші болуы – рөлдерінің ғана емес,
тұтас спектакльдің көрермен көкейіне жол табуына мүмкіндік берген.
Сырым – Сағат Жылгелдиевтің орындауында нағыз қызуқанды, бірде
лапылдап, бірде жауа тын күндей түнеріп, оқиғаның барысына, даму-
ына қарай актер кейіпкердің көңіл күйін толық ашқан. Қаракөзбен
кездесетін сахналарда актер Сырымның сүйгеніне жас жүрегімен
беріле, жан-тәнімен құлап тусуі, іштегі асыл арманын ақтарып таста-
уы, қиылып барып қайтатын сәттері әсерлі-ақ. Дегенмен, жас актерге
әлі де ізденетін, толықтыратын жерлер бар. «Жаланған ер, жалындаған
ақындық» іштен біте қайнап шықса ғой, шіркін! Соңғы көріністегі
Сырымның от-жалынды құйындай үйіріп, найзағай ойнатып, жау-
ар күндей нөсерлетіп келетін монологтің қысқарып қалуы өкінішті-
ақ. Жалпы Сырым тәжірибе аздығынан туған кейбір кемістіктеріне
қарамастан жас актердің талантын байқатқан, өнердегі өзіндік жолы-
на кепіл болатын табыс қатарына қосылады.
Қаракөз рөлін ойнаған Жібек Лебаева ару психологиясын, харак-
тер табиғатын жете түсінген. Кер заманда басында бостандық, өзінде
ерік жоқ арудың асыл арманын, махаббатын Сырыммен өтетін сахна-
ларда актриса нанымды ашқан. Қарақат көздері мөлтілдеп, қимасымен
қоштасатын сахналарда Қаракөздің психологиялық толғаныстары,
қимыл-әрекеттері әсерлі. Қаракөздің қолға түсіп, әсіресе жындану
сәтін талдықорғандықтар өзінше қызық шешкен. Станоктың асты-
нан берілген жарық есінен танып жатқан Қаракөздің бетіне түсіп, қыз
психологиясындағы өзгерістерге қарай қызыл-жасылға бөленуі, жын-
дану процесінен сипат беріп өту ұтымды шыққан.
Қойылымда Кендебай Темірбаев, Нұрлан Әлбосынов – Асан,
Дулаттардың рөлдеріндегі салдық кескінін беруді толық менгерген.
Әсіресе, Қ. Темірбаев ақынжанды Асанның характерін нанымды
ашқан. Оның шаршы топ алдында домбырасын безілдетіп, іркілмей
шырқай жөнелуі, тыңдаушысын өзіне үйіріп әкетуі, ширақ қимылдап,
еркін сілтеуі бәрі де кейіпкер бейнесіне үйлесімді шыққан.
Актерлердің жастығына қарамастан, көпшілік рөлдерде характер
ерекшеліктері сақталған. Г. Шәкірова (Ақбала), М. Шәкіров (Нар-
ша), тіпті жасы үлкен кейіпкерлердің де бейнелері жас актерлердің
ойынында иланымды шыққан. Алмахан Кенжебекова ел билеген
Мөржан бәйбішенің сұсты да суық жүзінен бастап, психологиялық
толғаныстарын да тап басқан. Ал ақсақалдар – Жарылғап
(Д. Мұсабеков), Жабай (Т. Ахметов), Тойсары (С. Нұрғалықов), кемпір
410
– Текті (Ә. Ыдырышева) рөлдерін де жас актерлер меңгеріп, характер
ерекшеліктерін ашқан.
Режиссура әлсіздігінен қойылым ырғақ-тынысының толық
анықтал мауынан туған кейбір шұбалаңқылық, сөз құдіретіне жете мән
бермеу – жас ұжым спектаклінің кемшілігі.
Осы тұста Есмұқан Обаевтың режиссурасымен семейліктер
қойған «Қаракөздің» идеялық-көркемдік нысанасы феодалдық
дәуірдің бұғауын үзіп, бас бостандығы мен махаббат еркіндігіне
жету жолындағы күрес. Сахналық көркемдеуден бастап, актер ойын-
дарына дейін барлығы да осы идеяға бағындырылған. Сырым (арт.
Қ. Байжұманов) мен Қаракөз (арт. Г. Аманжанова) сахналық
әрекеттері де осы режиссерлік ой-мақсаттан өрбиді. Трагедияға бұлай
келу де сахналық заңдылықтан туған. Әйтсе де, ақындық шабыт пен
сал-серілер өнеріне, кейіпкерлердің терең сезімдеріне, ән мен күйге,
мәңгілік махаббат әрекет желісіне құрылған трагедия мұнан гөрі
басқаша, поэтикалық жолмен келуді қалайтыны талас тудырмайды.
Трагедия табиғатындағы осы бір көркемдік ерекшелікті
жіті аңғарған режиссер Райымбек Сейтметов қойған «Қаракөз»
спектаклінің шешімінде Сырым мен Қаракөзді, Мөржан мен Нар-
шаны ойнаған сол уақыттағы жас актерлер Т. Қыстаубаев пен
Ш. Қожамұратова, М. Жұмаділдаева мен З. Найзағараев өнерлерінде
басқаларда кездесе бермейтін жаңалық, тың бояу, қызық ой-тұжырым
бар.
Сырым рөліндегі Т. Қыстаубаев өз кейіпкерінің жан-дүниесін өте
терең ұғыпты. Актер кейіпкер бойынан жалындаған ақындық ша-
быт, батырға тән қайсарлық, болмыс сырын саралаған ойшыл фило-
соф іздепті. Т. Қыстаубаевтың Сырымы табиғатынан ақынжанды
өнер адамы. Спектакльдің соңында Қаракөзін құшақтап, сағынышы
мен өксігін баса алмай аңыратып салған ән еріксіз баурап әкетеді.
Мәселе актердің даусында емес, өлең мазмұнындағы драматизмді,
трагедиялық қайғыны шебер жеткізуінде.
Актер З. Найзағараев жасаған Нарша бейнесі де тың қырынан
көрінді. Бізге таныс Наршалардың көбі сарыуайым, белгісіз дерт-
ке душар болғандар типтес болып келетін. Жетісайлық жас актер
спектакльдің басынан шынайы махаббатқа берілген адамның пси-
хологиясын нанымды да нәзік ашқан. Қаракөздің түңіле бастауынан
оның Наршасының мазасы кетіп, өзгеріп сала береді. Актер махаббат
дертіне ұшыраған жас мырзаның трагедиясын береді.
Қазақ театрларының барлық даму белестерінде шешуші рөл
атқарған М. Әуезовтің «Қаракөз» трагедиясы ұлттық драматургияның
411
озық классикалық үлгісі. Ол репертуардан түспей, театрлардың
шығармалық даму жолдарын анықтап келеді. Және әр ұжым бұл траге-
дияны әр кезеңнің талап-талғамына қарай қайталап сахнаға шығарып
отыр. Бұл жолдағы ізденіс, эксперимент әлі жүре бермек. Әлемдік
классикалық шығарманың деңгейіне көтерілген трагедияның барлық
көркемдік ерекшеліктерін театрлар әлі сарқып болған жоқ, оның терең
идеялық-көркемдік мазмұны сахналық тың ой-тұжырымды тілейді.
Б. Құндақбайұлы
|