Мы торжественно отмечаем 550-летие образования



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚР ҚМ Баспасөз-қызметі 
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ БИЗНЕСТІ 
САҚТАУ ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
16
ЖАҢАЛЫҚТАР
Банкнот ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай 
шығарылып отыр.
Аталған банкнот 2013 жылы дайындалған. Айна-
лымға түскен сәттен бастап, ол өзге ақша белгілері 
қатарында заңды төлемақы құралы болып табылады, 
сондай-ақ, барлық төлем түрлерінде және ақшалар 
аударымдарында қабылданылуы міндеттеледі. 
Банкнот дизайны айналымдағы ақшалар бел-
гілерімен бір стильде жасалған: бет жағы вертикалды 
көрініспен ерекшеленсе, сыртқы жағы – горизонтальды. 
20 000 теңгелік банкноттары өлшеміне келсек, 
155х79 мм. Банкнот күлгін-көк түсте жасалған. Бет 
жағында негізгі көріністер: «Қазақ елі» монументі, қа-
натты тұлпар  және Мәңгілік Ел триумфалды аркасы. 
Сыртқы жағында негізгі көрініс болып банкнот-
тың ортасында Қазақстан картасының контуры және 
елордасы Астана келбеті – Ақорда, Парламент, және 
Үкімет ғимараттары, ҚР Конституциясында атап көр-
сетілгендей, билік тармағын бөлу принципін айқын-
дайтын тәртіппен орналасқан. 
Ұлттық банктің сенімді дерек көзіне сүйенсек, 
жаңа банкнот қазақстандық теңгелер арасында ең 
қорғалған ақша белгісі болып табылады, сондай-ақ, 
әлемде де ең жақсы қорғалған банкноттар қатарынан 
болып отыр. 
Банкнотты қорғау үшін жасанды ақшалардан 
қорғайтын индустрияның соңғы инновациялары пай-
даланылған, модификацияланған және күшейтілген 
классикалық тәсілдер жасандылыққа қарсы тұрады. 
ҚР Ұлттық банк
 Баспасөз-қызметі
НОМИНАЛДЫҚ БАҒАСЫ 20 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТТАР 
1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП АЙНАЛЫМҒА  ТҮСТІ
Үстіміздегі жылдың 31 қа-
занында «Мемлекеттік-жеке-
меншіктік серіктестік тура-
лы» Заңға қол қойылды. 
Бұл Заң,  егер, жекеменшік 
серіктес өзінің меншігіндегі нысан 
бойынша жобаға бастамашылдық 
еткенде; мемлекет тарапынан си-
яқты, жекеменшік серіктес ретінде 
МЖС (ГЧП) жобаларында квази-
мемлекеттік секторлар субъек-
тілеріне қатысуға; келісімшарт-
тардың (институционалды МЖС, 
сервистік келісімшарттар) жаңа 
түрлерін қолдануға (жекеменшік 
қаржылық бастама) жағдайында 
тікелей келіссөздер жүргізуге мүм-
кіндік береді.
ҚР Ұлттық экономика мини-
стрі Ерболат Досаевтың мәлім-
деуінше, қазіргі таңда, МЖС 
принципі бойынша жүзеге асы-
рылатын 84 жоба түрлі дайындық 
сатыларында тұрған көрінеді. 
Республика деңгейінде 8 жоба, 
ал аймақтық деңгейде – 76 жоба 
қарастырылуда екен. 
МЖС дамуына пәрменділік 
беру үшін және мемлекеттік ор-
гандармен және әкімшіліктер-
мен кеңмасштабты әдістемелік 
жұмыс тар 
жүргізуге 
қатысты   
Мемлекет басшысының тапсыр-
масын орындау үшін биылғы 
жылдың желтоқсан айынан 
бастап, кесте бойынша кеңе-
стер өткізіліп, барлық деңгейдегі 
мемлекеттік басқарламалар мен 
квазимемлекеттік секторларына 
көшпелі оқытулар мен семинар-
лар өткізілмек. Бұл жұмысқа әді-
стемелік оқыту үшін Қазақстан-
дық МЖС орталығы, ал жобалар-
дың құрылымдылық дайындығын 
қолдау үшін – «Бәйтерек» НУХ 
жанындағы МЖС жобаларын сүй-
емелдеу  орталығы жұмылдыры-
латын болады. 
ҚР Ұлттық экономика 
министрлігінің
 Баспасөз-қызметі
МЕМЛЕКЕТТІК–ЖЕКЕМЕНШІКТІК СЕРІКТЕСТІК 
МЕХАНИЗМІ ЗАҢМЕН БЕКІТІЛДІ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
17
ЖАҢАЛЫҚТАР
«2016 – 2018 жылдарға  арналған 
республикалық бюджет туралы» Қа-
зақстан Республикасының заңына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы»  Заң жобасының танысты-
рылымы шеңберінде Ұлттық эко-
номика министрі Ерболат Досаев, 
2016-2020 жылдарға арналған Елдің  
әлеуметтік-экономикалық дамуының 
нақтыланған болжамын ұсынды. 
Ұлттық экономика министрі Ер-
болат Досаев, келесі болжамдарды 
бекітуді көздеп отырғанын атап өтті. 
«2014 жылғы базаны 982,1 млрд. тең-
геге ұлғайту есебінен 2015 жылғы 
ІЖӨ көлемінің түзетілуін; 1 АҚШ дол-
ларының есеп айырысу бағамының 
250 теңгеден 300 теңгеге дейін өз-
геруін, мұнай бағасы 2016-2017 жыл-
дары бір барреліне 40 АҚШ доллары 
және 2018-2020 жылдары бір бар-
реліне 50 АҚШ доллары деңгейінде 
сақталатын әлемдік тауар нарықта-
рындағы үдерістерді ескере отырып, 
нақтыланды», – деді ол.  Ал метал-
дардың әлемдік бағасының орташа 
жылдық өсу қарқыны бес жылдық 
кезеңде 2,4% деңгейінде болжанып 
отыр.
Ортамерзімді перспективада 
экономиканың нақты өсімі ертерек-
те мақұлданған деңгейде сақталып 
және 2016 жылы  – 2,1%, 2017 жылы 
– 3,6%, 2018 жылы – 2,9%, 2019 жылы 
– 3,0% және 2020 жылы – 3,2% құрап 
отыр. 
Сондай-ақ, министр 2016 жылы 
номиналды ІЖӨ-нің өсуі 45 530,5 
млрд. теңге көлемінде болжанаты-
нын айтты. Оның айтуынша, бұл – 
тамызда мақұлданған көрсеткіштен 
1 525,3 млрд. теңгеге артық. Ал бұ-
дан кейінгі өсу 2020 жылға қарай 
63 991,5 млрд. теңгеге дейін (2 470,4 
млрд. теңге артық) жетеді деп күтілу-
де. 
Министрдің дерегінше, жан ба-
сына шаққандағы ІЖӨ көлемі 2016 
жылы 8,6 мың АҚШ долларына, ал 
2020 жылы 11,5 мың АҚШ долларына 
дейін өспек.
–  2020 жылы тау-кен өнер-
кәсібінің 6,8 пайызға өсуі есебінен 
2020 жылы 4,0%-ға дейін, ал келер 
жылы 0,4%-ға дейін өседі деп болжа-
нуда. Мұнай өндіру көлемі де бұған 
дейін мақұлданған деңгейде сақта-
лып, 2016 жылы – 77,0 млн. тонна-
ны, 2017 жылы – 79,0 млн. тоннаны, 
2018 жылы – 82,0 млн. тоннаны, 2019 
жылы – 84,0 млн. тоннаны және 2020 
жылы 92,0 млн. тоннаны құрайтын 
болады, – деді Е. Досаев. 
Сондай-ақ, ол 2016 – 2020 жыл-
дары ауыл шаруашылығының жалпы 
өнім көлемінің орташа жылдық өсімі 
2,8% деңгейінде өзгеріссіз қалаты-
нын жеткізді. 
Ұлттық банк болжамы бойын-
ша 2016 жылы экспорт көлемі 40,0 
млрд АҚШ долларын құрайды (ер-
теректе мақұлданған көрсеткіштен 
1,0 млрд АҚШ долларында төмен), 
ал 2020жылға қарай 52,2 млрд АҚШ 
долларына дейін өсу күтілмек. 
Болжам бойынша импорт 2016 
жылы 28,9 млрд АҚШ долларынан 
(ертеректе мақұлданған көрсет-
кіштен 0,9 млрд АҚШ долларына 
жоғары) 2020 жылға қарай 36,1 млрд 
АҚШ долларына дейін өседі деп 
күтілуде. 
Сонымен қатар, министр жылдық 
инфляция деңгейі 2016-2017 жылы 
– 6-8%, 2018 – жылы 5-7%, ал 2019 
жылы 3-46% шамасында болжанып 
отырғанын мәлімдеді.
2016-2018 жылдарға арналған ел-
дің әлеуметтік-экономикалық дамуы 
болжамына енгізілген түзетулерді 
есепке ала отырып, 2016-2018 жыл-
дарға арналған республикалық бюд-
жет жобасының параметрлері қайта 
қаралды. 
ЖІӨ мен импорттың мейлінше 
жоғары көлемінің болжануына бай-
ланысты республикалық бюджет 
кірісі (трансферттерді есепке ал-
мағанда) 2016 жылы 3 665,3 млрд 
ЕЛ ПАРЛАМЕНТІ  2016-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
18
ЖАҢАЛЫҚТАР
2015 жылы «Нұрлы жол» мемле-
кеттік бағдарламасын жүзеге асы-
ру үшін Ұлттық қордан қайта бөлу 
есебінен 770 млрд теңге бөлінді. Осы 
қаражаттан 2015 жылдың 1-қараша-
сындағы жағдай бойынша 523,7 млрд 
теңге немесе жылдық жоспардың 
68% игерілді. Бұл туралы биылғы жыл-
дың 23 қарашасында өткен ҚР Үкімет 
жиналысында ҚР Ұлттық экономика 
министрі Ерболат Досаев мәлімдеді. 
 ҰЭМ басшысы, республикалық 
бюджеттен бөлінген 492 млрд теңге 
сомасындағы, инвестициялық жо-
балар мен «Самұрық-Қазына» АҚ-н 
капиталға айналдыруға бағытталған 
нысаналы трансферттердің, 348,9 
миллиард теңгесі немесе 17% көлемі 
игерілді. 
277 млрд теңге көлеміндегі «Бәй-
терек» НУХ»АҚ облигациялық зае-
мының 63% немесес 174,8 миллиард 
теңгесі игерілген. 
Сонымен, «Көліктік-логистикалық 
инфрақұрылымды дамыту» бағыты 
бойынша 15 жоба жүзеге асырылып 
жатса, соның 11 жобасы автомобиль 
жолдары саласында, 2-еуі темір жол
2-еуі су және әуе көлігі саласында 
екен. 
Сәуле принципі бойынша іске 
асып жатқан маңызды бағыттарға 
тоқталар болсақ, олар «Нұрлы Жол-
Оңтүстік», «Нұрлы Жол-Шығыс», 
«Нұрлы Жол-Батыс» және республи-
калық сипаттағы өзге автожолдарға 
бөлінген 178 млрд теңгенің үстімізде-
гі жылдың 1 қарашасында 138 млрд 
теңгесі (78%) игеріліп, шамамен 390 
шақырымы реконструкцияланған. 
«Индустриялдық инфрақұрылым-
ды дамыту» бағыты бойынша «НИНТ» 
АЭА және «Қорғас – Шығыс қақпа-
сы» АЭА  инфрақұрылымдарын са-
луға бөлінген 81 млрд теңгенің бү-
гінде 50,2 млрд теңгесі немесе 62% 
игерілген. Ал қалған 30,8 млрд теңге 
мөлшеріндегі қаражат, аталған жоба-
ларға түзету енгізу процедуралары-
ның өткізілуіне байланысты, Ұлттық 
экономика министрлігімен  үстіміз-
дегі жылдың 30 қарашасына дейін 
«Самұрық-Қазына» ӘАҚ»АҚ капиталға 
айналдыру үшін аударылған.    
«Энергетика инфрақұрылымын 
дамыту» бағытына келсек, «KEGOG» 
АҚ-мен  еліміздің солтүстік аймағы-
ның Қазақстанның Шығыс және 
Оңтүстік өңірлерімен байланысын 
күшейту мақсатында «Солтүстік-
Шығыс-Оңтүстік транзиті» жобасы 
қолға алынып отыр. Жоба екі кезеңде, 
компания ның жеке меншік қаражаты 
есебінен жүзеге асырылмақ.  Тұтастай 
алғанда, 500 кВ-тық электр энергия-
сын беру бағытында әуе желісінің 200 
шақырым нысаны салынатын болады. 
13,8 млрд теңгенің (70%) «KEGOG» АҚ 
осы жылдың соңына дейін 5,8 млрд 
теңгесін игеруді көздеп отыр. 
Ал тұрғын үй-коммуналдық ша-
руашылықты жаңғырту бойынша  96 
аймақтық жобаны жүзеге асыру үшін 
әкімшіліктерден  60 млрд теңге бөлін-
ген, одан әрмен қарай табиғи моно-
полиялар субъектілерін кредиттеу 
жүргізіліп, құрылыс жұмыстарының 
жүргізілуі 2 жылды қамтымақ. Соның 
ішінде, жергілікті атқарушы орган-
дарға 44,1 млрд теңге аударылды. Өз 
кезегінде, жергілікті билік табиғи мо-
нополиялар субъектілеріне 43,5 млрд 
теңге немесе 99% жіберген. 
2015-2016 жылдарда 258,8 шақы-
рым жылу-сумен жабдықтау және су 
өткізу желілерін салу және жаңғырту 
жобалары қарастырылған. Биылғы 
жылдың он айында 150 шақырымы 
салынып, қайта құрылымдалған. Жыл 
соңына дейін 51,4 шақырым желіні 
салу немесе жаңғырту көзделіп отыр. 
Ал қалған 57,4 шақырым 2016 жылы 
жүзеге асырылмақ. Монополиялар 
субъектілеріне қатысты атқарылған 
жұмыстар 25,6 млрд теңгені немесе 
58 пайызды құрап отыр. 
ҚР Ұлттық экономика 
министрлігінің баспасөз-қызметі 
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ 
ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША
теңге сомасында (тамыздағы болжа-
мымен салыстырғанда 152,1 млрд 
теңгеге жоғары), 2017 жылы  – 3 
866,9 млрд теңгеге (142,7 млрд тең-
геге жоғары), 2018 жылы – 4195,0 
млрд теңгеге (63,5 млрд теңгеге 
жоғары) болжамы жасалып отыр. 
АҚШ долларының есептелу баға-
мы бір АҚШ долларына 300 тең-
ге болған ретте кепілдендірілген 
трансферттің белгіленген мөлшері 
15 пайызға ұлғайтылмайтын үш 
жылдық бюджетті жобалау параме-
трлерін қайта қарау жөніндегі Мем-
лекет басшысы мақұлдаған тәсілді 
ескере отырып, еліміздің Ұлттық 
қорынан 2016 – 2018 жылдарға 
арналған кепілдендірілген транс-
ферт жыл сайын 2 300 млрд. теңге 
көлемінде айқындалды.
Ұлттық қордан 2016 жылға ар-
налған нысаналы трансферт респу-
бликалық бюджеттің кіріс бөлігінде  
461,5 млрд. теңге 2017 жылы - 750,0 
млрд. теңге сомасында ескерілді. 
2016 жылға қосымша 105,5 млрд тең-
ге  Үкіметтің арнайы резервіне ен-
гізіліп отыр. 
2017 жылы «Нұрлы жол» мемле-
кеттік бағдарламасын жүзеге асы-
руға Ұлттық қордан бөлінетін ныса-
налы трансферт 900 млрд теңге со-
масында белгіленіп отыр. 
Бюджет тапшылығын төмендету 
жөніндегі саясатқа сәйкес оны бол-
жанатын ІЖӨ-мен салыстырғанда 
2016 жылы 1,6 пайыздан 2018 жылы 
1,0 пайызға дейін қысқарту жоспар-
ланады. Абсолюттік мәнде тапшылық 
2018 жылы 552,3 млрд. теңгеге дейін 
төмендей отырып, 2016 жылы 723,4 
млрд.теңгені құрайды. Бюджет жо-
басы оған жалғастырылатын жоба-
ларды және игерілуі жоғары дең-
гейдегі бағдарламаларды ғана қоса 
отырып, базалық шығыстарды елеулі 
қысқарту жағдайында қалыптасты-
рылды. Түсімдер мен тапшылықтың 
жоспарланатын көлемі негізінде 
бюджет шығыстарының болжанатын 
сомасы 2016 жылы 7 666,7 млрд. тең-
гені, 2017 жылы 8 124,4 млрд. теңгені 
және 2018 жылы 7621,1 млрд. теңгені 
құрайды. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
19
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ 
ҚАРЖЫЛЫҚ ТЕКСЕРІСТІ ҚАЙТАЛАУДЫ  АЛЫП ТАСТАЙДЫ
Руслан БЕКЕТАЕВ,
ҚР Қаржы вице-министрі
Бұл заңмен бақылау органда-
рының орны пирамидаға сәйкес 
бір жүйеге келтірілді. Есеп коми-
теті – жоғарғы деңгей, ал Қаржы 
министрлігінің Бақылау комитеті 
және ішкі аудит қызметі – келесі 
деңгей.
Заң үш  жылдан астам уақыт 
бойы әзірленді. Алайда, түбегейлі 
түзетулер Ұлт жоспарының 93-қа-
дамы шеңберінде енгізілді. Заң 
жеке жауапкершілік тетіктерін ен-
гізе отырып, тексеруші органдар-
дың рөлін, олардың міндеттерін 
жүйеге келтіреді. Ең бастысы заң 
бұзушылықтар фактілерін тіркеу-
ден олардың алдын алуға, жа-
салған құқық бұзушылықтар мен 
болашақта олардың алдын алу ара-
сында себеп-салдар байланысын 
талдауға көшуге мүмкіндік береді.    
Жаңа заң бойынша басымдық 
сәйкестік аудитінен тиімділік 
аудитіне ауысатын болады 
және елеулілік қағидатын пай-
даланатын болады (Мысалы, 
қаржылық есептілік аудит үшін 
аудиттелетін бап шығыстары-
ның кемінде 3%-ы – елеусіз). Мен 
ертең күшіне енетін заңның негізгі 
аспектілерін айтып өткім келеді. 
Осы заңмен мынадай түйткілді 
мәселелер шешіледі:
1) Қаржылық тексерулерді 
қайталау 
тексеруші орган-
дар арасындағы функцияларды 
анықтау мен бөлу арқылы жойы-
лады. Өзінің бірінші тексерісін 
Есеп комитеті, қаржылық бақылау 
қалыптастыратын болады және 
тексеру комиссиялары аудиттің 
жоғары органының жоспарына 
сүйене отырып, тексеруді жоспар-
лайтын болады (ІБА актілері өза-
ра бақылау жүйесіне кірмейді). 
Актілерді танымағаны үшін дербес 
жауапкершілік көзделген.
Бірыңғай деректер қоры олар 
бойынша тексеру мұрағаттарын 
және ұсынымдарын қалыптасты-
руға мүмкіндік береді.
2) 
Санкциялық бақылау-
дан ТБЖ (тәуекелдерді басқа-
ру жүйесі) қолдана отырып 
пәрменді аудитке көшу. 
Қаржылық және рәсімдік 
бұзушылықтарға бөлу.
Мәселен, Қаржылық бақылау 
комитеті ағымдағы жылдың 10 
айында бюджеттің шығыс бөлі-
гінің шамамен 20% тексерумен 
қамтылған.  (қамту өткен жылдың 
ұқсас кезеңімен салыстырғанда 
1,2 трлн.теңгеден 1,6 трлн.теңгеге 
дейін ұлғайды), бұл ретте (өткен 
жылғы 341,3 млрд.теңге қараған-
ды 297,7 млрд.теңге, мемлекеттік 
сатып алу туралы заңнама нор-
маларын бұзушылық 170 млрд.
теңге құрады). Бюджетке өтелгені 
2 млрд. теңге және 86 млрд. теңге 
сомасында тауарлар мен қызмет-
тер қалпына келтірілген. 
Бірақ бұл кейінгі бақылау нәти-
жесі. Біз алдын алуға жұмыс істе-
гіміз келеді ғой. Қазірдің өзінде 
енгізілген комплаенс-бақылау 
бюджет қаражатының  1,3 млрд. 
теңгесін тиімді пайдалануға мүм-
кіндік берді.
3) Камеральдық бақылау 
институтын енгізу (сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы шара). 
Жаңа мемлекеттік сатып алу ту-
ралы заң жобасына сәйкес бар-
лық мемлекеттік сатып алу рәсім-
дерінің 100 пайызы электронды 
түрде жүргізілетін болады. Бұл 
камеральдық бақылау жүйесін 
ауыртпалықсыз енгізуге мүмкіндік 
береді, мұнда рәсімдердің қол-
даныстағы заңнамаға сәйкесті-
гін машина тексеретін болады 
(13% - 3,3 трлн. теңге мемлекет-
тік сатып алу, сонда бүгінде бар 
болғаны 439 млрд. бақылаумен 
қамтылған). Камеральдық бақы-
лау бұл бұзушылықтарды шарттар 
жасасқанға дейін ерте кезеңінде 
анықтауға мүмкіндік береді.
ҚБК заң бұзушылықтарды дер-
бес жою үшін хабарлама жіберетін 
болады. Қателіктерді уақытылы тү-
зеген кезде лауазымды тұлғалар 
әкімшілік жауаптылықтан босаты-
лады.
4) Электрондық аудит – 
объектіге шықпай мемлекеттің 
интеграцияланған дерекқорлар 
мен ақпараттық жүйелерін пайда-
лануға мүмкіндік беретін құрал. 
5)  (Тәуекелдерді басқа-
ру жүйесі). Барлық тексерулер 
дәлдік мәселелерді тексеру үшін 
Тәуекелдерді басқару жүйесі не-

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
20
гізінде қалыптастырылады. Эко-
номика салаларына сүйене оты-
рып, не анағұрлым тәуекелге көп 
ұрынатын аймақтардың салалық, 
рәсімдік белгілері бойынша кри-
терийлер әзірленетін болады.
6)  Құқық қорғау блогымен 
өзара іс-қимыл және  стан-
дарттарға сәйкестігіне сапа 
бақылауын енгізу
Бүгінде барлық тексерулер 
көлемінің 30 пайызы (1592 тексе-
ру) құқық қорғау органдарының 
тапсырмалары бойынша жүзеге 
асырылады. ҚБК тартылған са-
рапшылары сапа бақылауына жат-
пайтын қорытындылар берді. Енді, 
сұрау салу түскен кезде Қаржылық 
бақылау комитеті қайта шықпай, 
Бірыңғай дерекқордан бұрын 
жүргізілген тексеру нәтижелерін 
беретін болады. Барлық матери-
алдарға құқық қорғау блогымен 
өзара іс-қимыл шеңберінде сапа 
бақылауы жүргізілетін болады.
7) Ішкі аудит қызметінің 
пайдаланылмаған әлеу-
еті олардың рөлін күшейту 
және Аудит және тәуекелдер 
бойын ша кеңес құру арқылы 
іске асырылатын болады.
Мысал үшін, бүгінгі таңда ішкі 
аудит қызметінің саны 407 қызмет-
керді құрайды (оның ішінде Орта-
лық мемлекеттік органдар  – 158, 
жергілікті атқарушы – 249), олар 
9 айда сомасы 50 млрд.теңгеге 
немесе бақылаумен қамтылған 
соманың (1 043,8 млрд.теңге) 4,7 
%-ын қамтитын бұзушылықтар ай-
қындалды. 
Бүгінгі таңда, ішкі аудит қыз-
меті бұзушылықтарды айқындау 
жөніндегі қаржылық бақылау ко-
митетінің жұмысын қайталап қана 
отыр. Ішкі аудит қызметі негізінен 
қаржылық тарапын қамтиды, яғни 
бұзушылық фактілеріне, бюджет 
қаражатын мақсатсыз пайдала-
нуға екпін жасалады.
Ішкі аудит қызметінің жаңа 
форматы бойынша олар пробле-
маларды оңтайлы шешу бойынша 
ұсынымдар бере отырып, оның 
алдына қойылған міндеттерді 
бақылауда бірінші басшыға көмек-
тесетін болады.
Барлық органдарда Аудит 
және тәуекелдер бойынша кеңес-
тер құрылатын болады, оны бірін-
ші басшы басқарады. Кеңес кон-
сультативтік-кеңес органы бола 
отырып, басқа бөлімшелерде де 
осындай қателерге жол бермеу 
бойынша Ішкі аудит қызметтері 
үшін келіссөздер алаңы болады.
1)  Корпоративтік (квази-
мемлекеттік) сектор аудитінің 
аутсорсингі.
2)  Бейімделген халық-
аралық әдіснаманы тиісінше 
қолдану үшін аудиторларды 
сертификаттау.  Ұлттық комис-
сия аудиторларды сертификат-
тайтын болады (білімдерін тексе-
ру). Жаңа әдіснама болашақ ау-
диторларды оқытуды талап етеді. 
Біз бұл жұмысты қазірдің өзінде-ақ 
жүргізіп жатырмыз – семинарлар 
мен практикумдарда 600 қызмет-
кер оқытылды. 1000-нан астам 
мемлекеттік аудиторды сертифи-
каттау қажет. 
«Мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастыруды және өткізуді 
бірыңғай ұйымдастырушы жү-
зеге асыратын тауарлардың, 
жұмыстардың, көрсетілетін 
қыз мет тердің 
тізбесін 
бекіту 
туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Қаржы министрінің 
2014 жылғы 9 жел 
тоқ 
сандағы 
 
№ 548 бұй 
рығына өзгеріс енгі-
зу туралы» Қазақстан Рес 
пуб-
ликасы Қаржы министрінің 
2015 жылғы 15 қыркүйектегі 
 
№ 482 бұйрығына түсіндірме.
    «Мемлекеттік сатып алуды ұй-
ымдастыруды және өткізуді бірыңғай 
ұйымдастырушы жүзеге асыратын 
тауар 
лардың, жұмыстардың, көр-
сетілетін қызметтердің тізбесін бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 жел-
тоқсандағы № 548 бұйрығына өзгеріс 
енгізу туралы» Қазақстан Республика-
сы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 
қыркүйектегі № 482 бұйрық  (бұдан 
әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық 
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін-
де № 12168 болып тіркелген) «Мемле-
кеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 
21 шілдедегі Қазақстан Республикасы 
Заңының 14-бабы 20) тармақшасына 
сәйкес қабылданған.
Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Мемлекеттік сатып алу 
комитеті Тізбеге енгізілген өзгерістер-
ге сәйкес қосымша неғұрлым кеңінен 
пайдаланылатын  біртектес тауар-
лардың, атап айтқанда, автомобильді 
көлік құралдарды, телекоммуника-
циялық жабдықтарды, моноблоктар-
ды, лицензиялық бағдарламалық жа-
сақтамаларды, жиһазды сатып алуды 
ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге 
асырады. 
№ 482 бұйрық алғаш ресми жа-
рияланғаннан кейін он күнтізбелік 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
Бұйрық 2015 жылдың 20 қазанда 
«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе-
сінде ресми жарияланды (Қазақстан 
Республикасы Әділет министрлігінде 
2015 жылғы 14 қазанда тіркелді. Тіркеу  
№ 12168).
БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫМЕН ЖҮЗЕГЕ 
АСЫРЫЛАТЫН, МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР БОЙЫНША 
ТАУАРЛАР ТІЗІМІНІҢ КЕҢЕЙТІЛУІ
МӘЛІМЕТКЕ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
21
Дана ОРАЛОВА, 
ҚР Ұлттық қорының бюджеттік кредиттеу 
және қаржылық сектормен өзара іс-қимыл 
департаментінің бас сарапшысы
Қазақстан Республикасындағы 
бюджеттік кредиттеудің мәні 
Бюджеттік кредит бюджеттік шығыстарды қаржы-
ландыру нысандарының бірін білдіреді, ол заңды тұлға-
ларға немесе басқа бюджетке қайтармалы және өтеулі 
негізде қаражаттар ұсынуды көздейді.
Бюджеттік кредиттер қаржы ресурстарын орта-
лықтан қайта бөлудің жаңа нысаны ретінде 2-інші 
әлемдік соғыстан кейін пайда болды және тез арада 
мемлекеттің экономиканы құрылымдық қайта құру бой-
ынша белсенді құралына айналды. Бюджеттік кредит-
тің едәуір кеңінен таралуы Ұлыбританияда орын алды, 
олар Ұлттық қарыздар қорынан мемлекеттік корпора-
цияларға және жергілікті өзін өзі басқару органдарына 
өте жоғары пайызбен (13-14% жылдық) 5, 10, 15 және 25 
жыл мерзімге берілді.
Францияда бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға  
Экономикалық және әлеуметтік даму қоры арқылы 
түседі, оны қалыптастыру едәуір мөлшерде бюджет 
қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қор 7 жылдан 
бастап 20 жылға дейінгі мерзіммен ұзақ мерзімді қа-
рыздар береді және тек мемлекеттік корпорацияларға 
ғана емес, сонымен қатар жеке монополияларға да бе-
реді; әсіресе ірі қарыздар ауыл шаруашылығы өнімін 
өндірушілерге беріледі. 
Қазақстанда бюджеттік кредиттер салыстырмалы 
түрде жақын уақыттан бастап пайдаланыла бастады
яғни ел экономикасын шаруашылық жүргізудің на-
рықтық негіздеріне ауыстырғаннан кейін басталды. 
Олар көбінесе инвестициялық мақсаттарға беріледі 
және өндірісті құрылымдық қайта құруды, жабдықты 
жаңғыртуды жүзеге асыратын кәсіпорындарды мем-
лекеттік қаржылық қолдау нысандарының бірі ретінде 
қыз мет  етеді.
Бюджеттік кредиттеудің субъектілері мемлекеттік, 
сондай-ақ мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйым-
дар болуы мүмкін. Бюджеттік кредит мыналарға ұсы-
нылуы мүмкін:
1) мамандандырылған ұйымдарға – Қазақстан Рес-
публикасының резиденттері болып табылатын, банктік 
операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 
банктерге, ұйымдарға, сондай-ақ акцияларының бақы-
лау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке тиесілі 
ұйымдарға, не ұлттық басқару холдингіне;
2) жергілікті атқарушы органдарға;
3) шетелдік мемлекеттерге;
4)жеке тұлғаларға. 
Бюджет кредиті бойынша міндеттемелерді орындау 
кепілмен, кепілдікпен, кепілгерлікпен немесе Қазақстан 
Республикасының заңнамасымен көзделген басқа 
тәсілдермен немесе шартпен қамтамасыз етіледі. 
Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексінің 292-бабына сәйкес міндеттемені орындау 
заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепіл, 
борышқордың мүлкін алып қалу, кепілгерлік, кепілдік, 
кепілпұл, кепілдік жарна және басқа да әдістер арқылы 
қамтамасыз етілуі мүмкін
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі ай-
қындайтын жергілікті атқарушы органдарға және 
қаржылық агенттіктерге республикалық бюджеттен 
бюджеттік кредиттер  міндеттемелерді орындауды 
қамтамасыз етусіз бөлінуі мүмкін.
Қаржылық агенттіктерді республикалық бюджеттен 
қамтамасыз етусіз бюджет кредитін алатын қаржылық 
агенттіктердің тізбесіне енгізу тәртібін мемлекеттік 
жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойын-
ша уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте бюджеттік кредитті қайтаруды қамтама-
сыз ету құны сыйақы сомасын есепке алумен бюджеттік 
кредиттің мөлшерінен кем болмауы керек. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет