Мы торжественно отмечаем 550-летие образования


ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 
БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУДІҢ МӘНІ
 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
22
Сәйкес бюджеттің алдында міндетті төлемдер бой-
ынша және ақшалай міндеттемелер бойынша мерзімі 
өткен қарызы бар заңды тұлғалардың кепілгерліктері 
мен кепілдіктері, сондай-ақ таза активтерінің шамасы 
сыйақы сомасын есепке алумен берілетін кредиттің со-
масына тең шамадан азы заңды тұлғалардың кепілгер-
ліктері мен кепілдіктері міндеттемені орындауды қамта-
масыз ету ретінде көріне алмайды.
Бюджеттік кредит қайтармалы негізде бұдан бұрын 
берілген бюджет қаражаты бойынша мерзімі өткен қа-
рызы жоқ заңды тұлғаларға ғана берілуі мүмкін.
Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орын-
дауды қамтамасыз етуді бағалау Қазақстан Республика-
сының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредитті орындауды қамтамасыз етуді 
бағалау бойынша қызметтерге төлемді борышкер неме-
се түпкілікті борышкер жүргізеді.
Мемлекет қаражатын конкурстық негізде ұсы-
ну шарттары мыналар болып табылады: қайтарылуы, 
төленуі,  мерзімділігі, қаражатты мақсатты ұсыну және 
қамтамасыз етілуі. Бюджеттік кредитті жоспарлау ке-
зекті қаржы жылына бюджетті қалыптастыру үдерісінде 
жүзеге асырылады. Заңнамалық (өкілді) органда бюджет 
жобасын қарастыру кезінде шығыстардың әрбір түрі 
бойынша қайтармалы негізде бюджет қаражаттарын 
ұсыну бағдарламасының жобасы параметрлерін тал-
дайды.
Бюджетті бекіту кезінде міндетті түрде мыналар көр-
сетіледі:
-бюджеттік кредиттер ұсынылуы мүмкін мақсаттар;
- оларды ұсыну шарттары мен тәртібі;
- бюджеттік кредиттерді бір жыл шегіндегі мерзімге 
және бюджеттік жылдың шегінен тыс мерзімге бөлу ли-
миттері;
- Бюджеттік кредитті пайдалану субъектілері бойын-
ша шектеу. 
Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін бюджеттік кре-
дитті беру және өтеу туралы есеп құрастырылады (бюд-
жеттік орындау туралы есепке қоса беріледі).
Заңды тұлғаларға ұсынылған бюджет қаражаттарын 
қайтару, оларды пайдаланғаны үшін төлем бюджеттік 
төлемдерге теңестіріледі. Борышкер, кепілгер немесе 
гарант бюджеттік кредитті қайтару бойынша өзінің мін-
деттемелерін орындамаған, пайыздарды және онымен 
жасалған шартпен көзделген өзге төлемдерді төлеме-
ген кезде мемлекеттік органдар немесе олардың кепілі 
бойынша уәкілетті тұлға борышкерден, гаранттан неме-
се кепілгерден мерзімі өткен қарызды мәжбүрлі түрде 
өндіріп алу жөніндегі, сонымен қатар өндіріп алуды кеп-
іл мәніне айналдыру жөніндегі  шараларды қабылдайды.
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау  тараптардың 
келісімі бойынша мерзімдерді, олардың кредиттік шарт 
бойынша міндеттемелерді орындауының қаржылық 
және өзге шарттарын өзгерту болып табылады.
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешім 
борышкерде қаржылық ахуалды сауықтыру бойынша 
жоспар болғанда борышкердің қаржылық ахуалын тал-
дау негізінде қабылданады.
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау мыналар 
арқылы  жүзеге асырылады:
1) негізгі қарызды және (немесе) сыйақы төлемін 
өтеу мерзімдерін өзгерту;
2) бюджеттік кредит бойынша сыйақы мөлшерле-
месін өзгерту;
3) игеру кезеңін өзгерту, осы кезең ішінде борыш-
кер бюджеттік кредитті беру мақсаттарына сәйкес 
іс-шараларды іске асыру үшін бюджет қаражатын пай-
далана алады; 
4)  бюджеттік кредиттің валютасын өзгерту;
5)бюджеттік кредит,  кредит бойынша сыйақы және 
өзге төлемдер бойынша борышты капиталдандыру 
(жиынтықтау).
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган-
ның жанындағы консультациялық-кеңес органының оң 
қорытындысы болғанда әрбір кредиттік шарт бойын ша 
кредитордың шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау бір реттен ар-
тық жүзеге асырылмайды,
Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау  кредиттік 
шартқа қосымша келісімді жасау арқылы ресімделеді.
Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі та-
лабы борышкер кредиттік шарт бойынша міндеттеме-
лерді тиісті түрде орындаған кезде не Қазақстан Рес-
публикасының заңнамасына сәйкес борышкер-заңды 
тұлға таратылған кезде немесе сот актісінің негізінде 
тоқтатылады.
Кредитордың мемлекеттік білім және студенттік кре-
диттер бойынша талаптары борышкер қайтыс болған 
не оны өлді жеп жариялаған жағдайда республикалық 
бюджет туралы заңның негізінде тоқтатылды.
Борышкер-заңды тұлға таратылған жағдайда  креди-
тордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптары-
ның тоқтатылуы міндеттемені орындауды бағалау бой-
ынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен көз-
делген алдын-ала рәсімдерді өткізгеннен кейін жүзеге 
асырылады:
1) республикалық бюджет туралы заңның негізінде  
республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредит-
тер бойынша;
2) мәслихаттың шешімі негізінде жергілікті бюджет-
тен берілген бюджеттік кредиттер бойынша. 
Бюджеттік кредиттер  бюджетті орындау жөнінде-
гі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіпте міндетті 
түрде тіркеуге, есепке алуға және мониторингілеуге 
жатады.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
23
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттік кредиттер бой-
ынша бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау 
жүзеге асырылады.
Борышкер немесе оның кепілгері кредиттік міндет-
темелерді орындамаған жағдайда Қазақстан Республи-
касының нормативтік актілерімен уәкілеттік берілген 
немесе осы органдармен уәкілеттілік берілген тұлға 
тапсырма  бойынша  гаранттан, борышкер немесе 
кепіл герден  борышты немесе кепілді мәжбүрлі түрде 
өндіріп алу үшін шаралар қабылдайды. Ақша қаражат-
тарын соңғы аударған сәттен бастап кредит төленген 
деп есептеледі. Осы сәттен бастап  бюджеттік кредит-
теу шарты бойынша міндеттемелер орындалған деп 
есептеледі.
Анықтама үшін:
Ішкі бюджеттік кредиттер – бюджет шығыстарын 
қаржыландыру нысаны, ол заңды тұлғаларға немесе 
басқа бюджетке қайтармалы және өтеулі негіздерде қа-
ражат беруді көздейді.
Ішкі бюджеттік кредиттерді беру кезінде борышкер-
лер мыналар болуы мүмкін:
• ҚР бюджет жүйесінің басқа деңгейдегі бюджеттері;
• мамандандырылған ұйымдар;
• Жеке тұлғалар.
1990 жылдардың ортасында Қазақстан Республи-
касының республикалық бюджеті ел ішіндегі белсенді 
кредитор болды. Едәуір сомадағы қаражаттар қайтар-
малы негізде  Қазақстан Республикасының кәсіпорын-
дарына да, субъектілеріне де, соның ішінде олардың 
аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдауға да 
берілді.
Қаржыландырудың мұндай нысаны біріншіден, 
алынған ресурстарды едәуір тиімді және оңтайлы пай-
далануға ынталандырады, екіншіден пайыздар алу 
есебінен бюджеттің табысын толтыруға мүмкіндік бе-
реді, үшіншіден, борышкерлер өздерінің шығындарын 
төмендетуге тырысатындықтан және осы арқылы бюд-
жеттік қаржыландырудың ең төменгі сомасын тартатын-
дықтан бюджет шығыстарын төмендетуге мүмкіндік бе-
реді, төртіншіден, біраз уақыт өткеннен кейін алынған 
кредиттер қайтарылады деп пайымдалды.
Бюджеттік кредиттеудің қажеттілігі коммерциялық 
банктер негізінен халықты кредиттеуімен де түсін-
діріледі. Коммерциялық кәсіпорындардың арасында 
қымбат банктік кредит алуға табысы жоғары сауда ұй-
ымдарының ғана қолы жетті.
XXI ғасырдың басынан бастап Қазақстан бюджеттік 
кредиттерді кеңінен пайдаланудан бас тартады. Бұл бір 
жағынан тәжірибе жүзінде бюджеттік кредиттеу өзін 
ақтамағанымен  түсіндіріледі. Кредиттер уақытылы қай-
тарылмады, ал олар бойынша пайыздар төленген жоқ.  
Екінші жағынан коммерциялық банктер кәсіпорындар-
ды едәуір белсенді кредиттей бастады, кредиттер бой-
ынша мөлшерлемелер төмендей бастады және бюджет-
тік кредиттеуге қажеттілік жоғала бастады.
Осы себептер бойынша бюджеттік кредиттеу шарт-
тары қатаңдана, ал оның аясы тарыла түседі. Жергілікті 
атқарушы орган немесе мамандандырылған ұйым бо-
лып табылмайтын заңды тұлғаларға бюджеттік кредит-
тер борышкер кредитті қайтару бойынша міндеттеме-
лерді орындауды қамтамасыз етуді ұсынған жағдайда 
ғана берілуі мүмкін деген талап енгізіледі.
Бюджеттік кредит ұсынылуы мүмкін мақсаттар, беру 
шарттары мен тәртібі кезекті қаржы жылына бюджетті 
бекіту кезінде анықталады.
Қазіргі уақытта республикалық бюджеттен берілетін 
кредиттерді алушылар негізінен басқа деңгейдегі бюд-
жеттер және мамандандырылған ұйымдар болып табы-
лады.
Сыртқы мемлекеттік кредиттер. Бюджет ко-
дексіне сәйкес Қазақстан Республикасының борышкер-
лері шетелдік мемлекеттер болуы мүмкін.
Кредитор ретінде Қазақстан Республикасының ал-
дындағы шетелдік мемлекеттердің борыштық міндетте-
мелері Қазақстан Республикасының алдындағы шетел-
дік мемлекеттердің борышын қалыптастырады.
1990-ыншы жылдары ауыр қаржылық жағдай Қа-
зақстан Республикасына әлемдік нарықта белсенді кре-
дитор ретінде шығуға мүмкіндік бермеді. Алайда, 1970-
1980 жылдардың бірінші жартысында КСРО жетекші 
кредитор мемлекеттердің бірі ретінде әлемдік аренада 
маңызды роль ойнады. Мұндай қызметтің серпінін әлі 
күнге дейін өтелмеген шетелдік борышкерлердің бе-
решектері көрсетеді.  Мысалы,  2005 жылғы 1 қаңтарға 
бұрынғы КСРО мен РФ Үкіметі ұсынған кредиттер бой-
ынша елуге жуық мемлекет қарыз болып қалды. Едәуір 
ірі қарызы барлар – Үндістан, Куба, Судан, Сирия, Ирак, 
Ауғанстан. Қарызы барлардың арасында Бенин, Бурун-
ди, Гвинея-Бисау, Иордания, Мадагаскар, Марокко, Не-
пал, Сейшель аралдары Республикасы және көптеген 
басқалар бар. КСРО және РФ кредиттері бойынша ше-
телдік мемлекеттердің барлық қарызы долларлық ба-
ламада 2015 жылғы 1 қаңтарға 83 млрд. доллардан ар-
тықты құрады.
Қазақстан Республикасының алдында 90-жылдар-
дан бастап Тәжікстан мен Грузияның қарызы бар. 2002 
жылғы 8 сәуірдегі жағдай бойынша Тәжікстан Респу-
бликасының қарызы12 млн. АҚШ долларын құрады, гру-
зин тарапының қарызы 1996 жылғы 1 шілдедегі жағдай 
бойын ша 28 млн. АҚШ долларына жуықты құрады.
Өз кезегінде Тәжікстан Республикасы қазіргі уақыт-
та осы қарыз қатынастары бойынша міндеттемелерді 
уақтылы орындауда және Тәжікстан республикасынан 
соңғы төлем 2015 жылғы 31 желтоқсанда күтілуде.
Қарыздарды өтеп алуды жеңілдету үшін жетекші 
кредитор елдер Париж клубына бірікті. Клуб бірқатар 
батыс еуропалық кредитор елдер Аргентинамен олар-
дың есептесуі бойынша төлемдер теңгерімін реттеу 
туралы мәселені талқылау үшін жиналған 1956 жылы 
құрылды. 80-інші жылдардың басында дамушы елдердің 
қарыз дағдарысы туындағаннан кейін Париж клубының 
тұрақты отырыстары дамушы елдердің ресми қарызын 
өтеу шарттарын қайта қараумен байланысты барлық 
қаржылық мәселелерді кредиторлармен келісудің не-
гізгі нысанына айналды. Грузия да Париж клубының 
(кредиторлар клубы) мүшесі болып табылады және 
осыған байланысты Грузияның Қазақстан Республика-
сының алдындағы қарыз міндеттемелерін реттеу жөнін-
дегі келіссөздер жүргізілуде.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
24
Қамбар МИЗАМБАЕВ,
 ҚР ҚМ МСК УРЗ бас сарапшысы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 
21 шілдедегі №303-ІІІ «Мемлекеттік сатып 
алу туралы» Заңына сәйкес бірыңғай мем-
лекеттік сатып алуды өткізу мақсатында Қа-
зақстан Рес публикасының Үкіметі тапсырыс 
берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды 
бірыңғай ұйымдастырушыны айқындады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 
сәуірдегі № 300 қаулысымен Қазақстан Республика-
сы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу ко-
митеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік сатып алу-
дың бірыңғай ұйымдастырушысы болып белгіленген. 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 
2015 жылғы 23 маусымдағы №378 бұйрығымен 
бекітілген Электрондық мемлекеттік сатып алуды 
жүргізу қағидаларына сай, тауарларды, жұмыстарды, 
қызметтерді конкурс тәсілімен электрондық мем-
лекеттiк сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді 
Комитет тапсырыс берушінің тапсырмасы негізінде 
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 
жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығымен Мем-
лекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді 
бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар-
дың, жұмыстардың, қызметтердің тізбесі бекітілген.
Бірыңғай ұйымдастырушының конкурс тәсілімен 
жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көр-
сетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттік са-
тып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда 
мынадай дәйекті кезеңдерді орындауды көздейді:
- тапсырыс беруші бекіткен техникалық ерек-
шелікті, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жоба-
сын, сараптау комиссиясының құрамын не сарапшы-
ны қамтитын конкурстық құжаттаманы бекітуі және 
оны мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – 
веб-портал) арқылы қалыптастыруы;
- веб-портал арқылы веб-порталды пайдаланушы-
лардың арасынан конкурстық комиссияның құрамын 
қалыптастыруы және бекітуі және конкурстық комис-
сияның хатшысын айқындауы;
- веб-порталда конкурс өткізу туралы хабарланды-
ру жариялау;
- веб-порталға қатысушы - әлеуетті өнім бе-
рушілердің веб-порталда оны алу фактісін автоматты 
түрде тіркей отырып, конкурстық құжаттаманы алуы;
- Қағидалардың 50, 51, 52, 53 және 54-тармақтарында 
көзделген жағдайларда, бірыңғай ұйымдастырушының 
веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманы алған әле-
уетті өнім берушілерге оның ережелерін түсіндіруі;
- веб-порталда электрондық құжат нысанында 
берілетін конкурсқа қатысуға өтінімдерді автоматты 
түрде тіркеу;
- өтінімдерді ашу және тиісті ашу хаттамасын 
веб-порталда жариялау;
- конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына, 
конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін 
әлеуетті өнім берушілерді анықтау үшін конкурсқа 
қатысуға өтінімдерді және шартты жеңілдіктер мөл-
шерін қарауы;
- конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына 
және конкурстық құжаттама талаптарына сай кел-
мейтін әлеуетті өнім берушілер тізбесін олардың сай 
келмеу себептерін және жетіспейтін құжаттар ту-
ралы ақпаратты немесе әлеуетті өнім берушілердің 
конкурс қа қатысуға арналған өтінімді біліктілік талап-
тарына және конкурстық құжаттама талаптарына сай 
келтіруге арналған мәліметтерді көрсете отырып ай-
қындауы. Осы айқындаудың нәтижелерін жариялау 
Астана уақыты бойынша жұмыс уақытында веб-пор-
талда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат берудің 
тиісті хаттамасында жүзеге асырылады;
БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫҢ 
КОНКУРС ТӘСІЛІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН 
ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН 
ҚЫЗМЕТТЕРДІ ЭЛЕКТРОНДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК 
САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
25
- әлеуетті өнім берушілердің 
электрондық құжат нысанында 
берген, біліктілік талаптарына 
және конкурстық құжаттама та-
лаптарына сәйкестендірген кон-
курсқа қатысуға арналған өтінім-
дерді веб-порталда автоматты 
түрде тіркеу;
- конкурстық комиссияның 
веб-портал арқылы конкурсқа қа-
тысуға жіберілген әлеуетті өнім 
берушілердің тізбесін және шарт-
ты жеңілдік мөлшерін айқындауы. 
Осы айқындаудың нәтижелерін 
жариялау веб-порталда конкурсқа 
қатысуға рұқсат беру туралы хатта-
мада Астана уақыты бойынша жұ-
мыс уақытында жүзеге асырылады. 
Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды 
ұйымдастырушы рұқсат беру хатта-
масын жариялау кезінде веб-пор-
талда баға ұсыныстарын қабылдау 
басталатын нақты күні мен уақыты 
туралы ақпаратты орналастырады, 
бұл ретте баға ұсыныстарын қабыл-
даудың басталуы рұқсат беру хат-
тамасы жарияланған сәттен бастап 
бір тәуліктен ерте болмауға тиіс;
- конкурсқа қатысуға әлеуетті 
өнім берушілердің берген өтінім-
дерінде тауарлар, қызметтердің ең 
үздік техникалық ерекшелігі (үздік 
техникалық ерекшеліктер) болған 
кезде сарапшы немесе сараптау 
комиссиясының пікірін ескере 
отырып конкурстық комиссиямен 
анықтау. Бұл айқындаудың нәтиже-
лерін жариялау веб-порталда кон-
курсқа қатысуға рұқсат беру тура-
лы хаттамада жүзеге асырылады;
- конкурсқа қатысуға жіберіл-
ген әлеуетті өнім берушілер 
ұсынған конкурстық баға ұсыныс-
тарын электрондық құжаттар ны-
санында веб-порталда автоматты 
түрде тіркеу;
- конкурсқа қатысушылар-
дың конкурстық баға ұсыныста-
рын автоматты түрде ашу, баға-
лау, салыс тыру және жеңімпазды 
анықтау;
- қорытындылар хаттамасын 
веб-порталда автоматты түрде жа-
риялау;
- конкурс қорытындысы бой-
ынша тапсырыс беруші мен кон-
курстың жеңімпазы арасында 
мемлекеттік сатып алу туралы 
шарт жасасу.
Біртекті болып табылмайтын 
тауарларды, жұмыстарды, көр-
сетілетін қызметтерді мемлекеттік 
сатып алу жөніндегі конкурсты 
ұйымдастыру кезінде бірыңғай 
ұйымдастырушы мұндай тауар-
ларды, жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді конкурстық құжат-
тамада олардың біртекті түрлері 
бойынша лоттарға бөле отырып, 
аталған тәсілмен бірыңғай мемле-
кеттік сатып алуды ұйымдастыра 
және өткізе алады.
Біртекті тауарларды, жұмыс-
тарды, көрсетілетін қызметтерді 
мемлекеттік сатып алу жөніндегі 
конкурсты жүзеге асырған кез-
де бірыңғай ұйымдастырушы 
конкурс тық құжаттамада біртекті 
тауарларды, жұмыстарды, көр-
сетілетін қызметтерді жеткізіп 
беру (орындау, көрсету) орны 
бойынша лоттарға бөледі. 
Біртекті тауарлардың, жұмыс-
тардың, көрсетілетін қызмет-
тердің бірнеше түрлерін мем-
лекеттік сатып алу жөніндегі 
конкурсты жүзеге асырған кезде 
бірыңғай ұйымдастырушы кон-
курстық құжаттамада тауарларды, 
жұмыстарды, көрсетілетін қыз-
меттерді олардың біртекті түр-
лері және (немесе) жеткізіп беру 
(орындау, көрсету) орны бойынша 
лоттарға бөледі.
1) тапсырыс берушінің 
конкурс тәсілімен тауарларды, 
жұмыстарды, көрсетілетін 
қызметтерді электрондық 
мемлекеттік сатып алуға 
арналған өтінімі;
2) техникалық ерекшелік. 
Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген 
жағдайларда, техникалық 
ерекшелік тиісті уәкілетті 
органмен келісілуі тиіс;
3) сараптау комиссиясы 
құрамын немесе сарапшыны 
айқындау туралы шешімі;
4) мемлекеттік сатып алу 
туралы шарттың жобасы.
ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ТАПСЫРМАСЫ 
КЕЛЕСІ ҚҰЖАТТАРДАН ТҰРАДЫ:
Ескерту: :
 
Аталған құжаттарды тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты 
хатшысы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын өзге ла-
уазымды адам не тапсырыс берушінің бірінші басшысының міндетін атқа-
ратын адам бекітуі тиіс.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
26
Мұрат СЕЙТАХМЕТОВ,
ҚР ҚМ МСК УПО жетекшісі
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 
(бұдан әрі - Заң) 11 бабы 4 тармағына сәйкес, 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 
Мемлекеттік сатып алу комитеті (бұдан әрі – Ко-
митет) әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік 
сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану 
туралы наразылық-талап қою жұмысын жүргі-
зеді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 
Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер 
тізілімінен  (бұдан әрі – Борышкерлер тізілімі) әлеует-
ті өнім берушілердің табылуы, Заңның 11 бабы 4 тар-
мағының 2 тармақшасына сәйкес, сотқа талап арыз 
берудің негізгі себебі болып табылады.
Мысалға, Комитеттің қызмет ету аралығында мем-
лекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп 
тану туралы ұсынылған 32 талап арыздың 25 жағдай-
ында (78%) әлеуетті өнім берушінің Борышкерлер 
тізілімінен табылуы  талап арыз беруге негіз болған.
Заңның 11 бабына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің 
немесе өнім берушінің Қазақстан Республикасының 
мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фак-
тісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап, тапсы-
рыс беруші немесе ұйымдарстырушымен ұсыныла-
тын талап арыздың мерзімі күнтізбелік отыз күнді 
құрайды. 
 Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз 
қатысушысы деп тану туралы талап арыз беру негіз-
дері келесілер:
1)  әлеуетті өнім берушілермен біліктілік талап-
тары бойынша дәйексіз ақпарат табыс етуі;
2)  әлеуетті өнім берушілермен Заңның 6-бабы 
талаптарының бұзылуына жол беруі;
3)  жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім 
берушілермен мемлекеттік сатып алу туралы шартты 
жасасудан жалтаруы;
4)  өнім берушілермен мемлекеттік сатып алу ту-
ралы өздерімен жасасқан шарттар бойынша өз міндет-
темелерін орындамауы не тиісті түрде орындамауы.
Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар-
дың тізілімін жүргізу тәжірибесі ең үздік халықаралық 
тәжірибелерге сәйкес келеді, ұрлық және бюджеттік 
қаражатты тиімсіз пайдалану қаупін азайту үшін ке-
дергі болып табылады. 
Шын мәнінде, талап арызды берудің жоғарыда 
көрсетілген негіздері әлеуетті өнім берушінің беделін 
жоғары бағалау критерийлері ретінде қыз 
мет ете 
алады, яғни олар болмаған жағдайда,  келісім-шарт-
тың жеткілікті тиісті орындау мүмкіндігі туралы айтуға 
болады.
Мысалға, Тауарларды (жұмыстарды) және көр-
сетілетін қызметтерді сатып алу туралы ЮНСИТРАЛ 
Үлгілік заңының 6 бабына (31.05.1994 - 17.06.1994 
ЮНСИТРАЛ-дың 27-ші сессиясында Нью-Йорк қ. қа-
былданған) сәйкес  әлеуетті өнім беруші сатып алу ту-
ралы шартын орындау үшін қажетті кәсіби және тех-
никалық біліктілігі, кәсіби және техникалық құзырет-
тілігі, қаржы ресурстары, жабдықтары және басқа да  
материалдық мүмкіншіліктері, басқарушылық қабілет-
тілігі, сенімділігі, тәжірибесі және беделі, сондай-ақ, 
адам ресурстары болуы тиіс.
Осылайша, әлеуетті өнім берушінің беделі бюджет 
қаражатын пайдалану кезінде міндетті іріктеу крите-
рийі болып табылады.
Бұл ереже сондай-ақ, Қазақстан Республикасымен 
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта өз 
көрінісін тапқан.
Сонымен, Сатып алуды реттеу туралы хаттама-
сының 13 тармағына (ЕАЭО туралы шарттқа 25 қо-
сымша) сәйкес мүше мемлекеттің сатып алу туралы 
заңнамасында жосықсыз өнім берушілердің тізілімін 
қалыптастыру және жүргізу көзделуге тиіс, оған:
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫҢ 
ЖОСЫҚСЫЗ ҚАТЫСУШЫСЫ 
ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ  НАРАЗЫЛЫҚ - ТАЛАП ҚОЮ ЖҰМЫСЫ

қараша | ноябрь | november № 11 (23)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет