Мы торжественно отмечаем 550-летие образования



Pdf көрінісі
бет6/27
Дата12.03.2017
өлшемі8,03 Mb.
#8979
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

27
сатып алу туралы шарттар (келісімшарттар) жаса-
судан жалтарған әлеуетті өнім берушілер туралы;
олармен жасасқан сатып алу туралы шарттар 
(келісімшарттар) бойынша өз міндеттемелерін орын-
дамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілер ту-
ралы;
орындау барысында өнім беруші сатып алу туралы 
құжаттамада белгіленген әлеуетті өнім берушілер-
ге, өнім берушілерге қойылатын талаптарға сәйкес 
келмейтіні немесе оның нәтижесінде осындай шарт 
жасалған сатып алу рәсімінің жеңімпазы болуына 
мүмкіндік берген, өзінің осындай талаптарға сәйкес 
келетіні туралы анық емес ақпарат бергені анықтал-
са, тапсырыс берушілер сатып алу туралы шарттарды 
(келісімшарттарды) бір жақты тәртіппен бұзған өнім 
берушілер туралы мәліметтер енгізіледі.
Конкурс жеңімпаздары немесе шарттың тарабы 
болып табылмайтын тұлғаларды, яғни  әлеуетті өнім 
берушілерді жосықсыз өнім берушілер тізіліміне қосу 
халықаралық шартта қарастырылмауы қолданыстағы 
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның ЕАЭО туралы 
Шарттынан ерекшелілігі болып табылады.
Осыған орай, 01.01.2016 жылы енгізілуге жоспар-
ланып отырған Қазақстан Республикасы Қаржы ми-
нистрлігімен әзірленген «Мемлекеттік сатып алу ту-
ралы» Заң жобасында (жаңа редакцияда) әлеуетті 
өнім берушілерге қатысты жосықсыз өнім берушілер 
тізіліміне енгізу шараларын қолданбауды қарасты-
ратын халықаралық шарт нормалары ескерілген, 
алайда, сонымен қатар,  орын алған бұзушылықтарды 
жою ға дейін мемлекеттік сатып алуға олардың қаты-
суын болдырмау механизмі сақталған.
ЕАЭО-тың аумағында тауарлардың, жұмыстар мен 
қызметтердің еркін айналуы мүше мемлекеттердің 
үкіметтерінің алдына ЕАЭО мемлекеттерінің жосық-
сыз өнім берушілерді қатысуға жібермеу механизмін, 
оларды анықтау және тізілімге енгізу жұмыстарын 
бекіту міндеттерін қояды.
Осы мәселелердің шешілуі мүше мемлекеттердің 
заңнамасын одан әрі синхронизациялауына, ақпа-
раттық жүйелерді біріктіру мен электрондық қолтаң-
баларды тану арқылы ақпаратпен алмасу арналарын 
жақсартуға әкеледі,  сонымен қатар болашақта ЕАЭО 
мемлекеттеріне арналған мемлекеттік сатып алу сала-
сындағы біріңғай тізілім жасалуы мүмкін.
Мына жағдай бойынша түсініктеме беруіңізді 
сұраймын: Компания 2011 жылдың тамызында 
қызметтер көрсетуге шарт жасады. Тапсырыс бе-
руші келісімшартқа сәйкес аванс төледі. Шарттың 
қолданысы барысында мерзімді ұзартуға қосымша 
келісімдерге қол қойылды. Дәл қазіргі сәтте атқа-
рылған жұмыстар актісіне қол қойылмаған, аталған 
міндеттерді Атқарушы күмәнді деп танып отыр. 
Күмәнді міндеттемлер бойынша кіріске, ҚР СК 
88б., 1т. 3тт сәйкес Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде белгіленген талап қою 
мерзімінің  өтуіне байланысты міндеттемелерді 
есептен шығару жатады. ҚР СК 88б. 2т сәйкес – мін-
деттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс 
сомасы салық төлеушінің бастапқы құжаттарына 
сәйкес төленуге тиіс міндеттемелер сомасына тең 
болмақ. 
ҚР АК 17К8б.1т сәйкес талап қоюдың жалпы 
мерзімі үш жыл болып белгіленеді. ҚР АК 180б. 2т 
сәйкес белгіленген орындау мерзіміне байланыс-
ты міндеттемелер бойынша талап қою мерзімінің 
өтуі орындалу мерзімі аяқталғаннан кейін баста-
лады. 
№1 сұрақ: Кірісті күмәнді міндеттемелер бой-
ынша мойындау үшін, 3 жыл ішінде талап етілме-
ген және алынған аванстар бойынша талап қою 
мерзімі қай уақыттан  басталады:
-  шарт жасалған сәттен бастап,
 - аванс алған сәттен бастап, 
- мерзімді ұзартуға қосымша келісімдер 
аяқталған сәттен бастап па? 
№2 сұрақ: алынған аванстар, күмәнді талаптар-
мен мойындалса, ҚҚС бойынша салық салынатын 
айналым болып табылады ма?
Бірінші сұрақ бойынша... Назар аударамыз, күмәнді 
міндеттемелер бойынша табыс Салық кодексінің 89 бабы-
на сәйкес анықталады. 
Сонымен Салық кодексінің  89 бабы 2 тармағы 4 тар-
мақшасында белгіленген, осы тармақтың 1) - 3) тармақша-
ларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша 
кіріс: үш жыл мерзімі өткен, салық кезеңінде есептеледі:
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қыз-
меттер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндетте-
мелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен 
бастап;
Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін 
қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған 
міндеттемелер бойынша  тауарды берген, жұмыстарды 
орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есеп-
телетін үш жылдық кезек аяқталған салық кезеңінде та-
нылады. 
 Екінші сұрақ бойынша... 2011 жылдың 1 қаңтарынан 
бастап редакцияда қолданысқа енген Салық кодексіне 
сәйкес, алынған аванстар ҚҚС салынатын айналым болып 
танылмайды. 
ЖЕТІК ЖАУАП:

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
28
Жанна  ӘБДІРАХМАНОВА,  
ҚР ҚМ МКК аппеляциялар және заңды 
құқықтарды қамтамасыз ету 
басқармасы басшысының орынбасары
Қазіргі таңда салық төлеушілердің бюджеттен 
қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының 
анықтығын  растау жөніндегі салықтық тексеру-
дің нәтижесіне шағымдарын қараумен сотқа дейін 
қуыну жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ай-
налысады.   
2015 жылдың  9 айы ішінде комитет  дәл осындай  38 
шағымды қарастырған. 
Талдау көрсетіп отырғандай, көбіне-көп  шағым жа-
салатын мәселелер қарсы тексерулердің нәтижесі бой-
ынша қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының 
анықтығын растамау, сондай-ақ тәуекелдерді басқару 
жүйесін қолдану нәтижесінде осындай соманы  растамау 
болып табылады. 
Осы аталған мәселелерге кеңірек тоқтала кетейік. 
Көп жағдайда салық төлеушілер тексеру аяқталған 
сәтте қарсы тексерулер жүргізу үшін жасалған сұрауға 
жауап алмауы немесе аумақтық салық органы тарапынан 
мұндай сұраудың тоқтатылуына байланысты  асып кеткен 
ҚҚС кері қайтарудан бас тартуға қатысты тексеру қоры-
тындысына шағым жасап жатады. 
Қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының 
анықтығына тематикалық тексерулер жүргізудің тәртібі 
Салық кодексінің 635 бабымен реттелгенін осы тұста айта 
кеткен жөн. 
Салық кодексінің 635 б. 5т. сәйкес, тематикалық тексе-
ру жүргізу барысында салық органы  тексеру жүргізілетін 
салық төлеушінің тауар, жұмыс, қызметті тікелей жет-
кізушілеріне қарсы тексерулер тағайындай алады. 
Сонымен қатар Салық кодексінің 635 б. 9 т. қайта-
рылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын кері қайтармау 
жағдайлары қарастырылған. Солардың бірі салықтық тек-
серудің аяқталған күнінде салық органы жеткізушілермен 
өзара есептесудің анықтығын растау үшін қарсы тексеру-
лер жүргізуге жолданған сұрауларға жауаптар алмау бо-
лып табылады. 
Осылайша, Салық кодексінде тексерулер аяқталғанға 
дейін қарсы тексерулер жүргізуге жасалған сұрауларға 
жауаптар алмаған жағдайда ҚҚС мұндай сомасының 
анықтығы расталмайтындығы туралы тікелей ереже бар.
Соған сәйкес, аталмыш мәселеге  салық төлеушілер-
мен шағым жасау кезінде мұндай шағымдар бойынша 
шешімдер Салық кодесінде көрсетілген нормалар тұрғы-
сынан қабылданады, яғни арызды қарау барысында 
тексеру аяқталғанға дейін қарсы тексерулер жүргізуге 
жасалған сұрауларға жауаптар алмау фактісі расталған 
жағдайда арызды қарау нәтижесі бойынша ҚҚС сомасы-
ның анықтығы да расталмайды. 
Сонымен қатар Салық кодексінің 635 б. 10 т. 1) тт. сәй-
кес тексерілетін салық төлеушінің  жеткізушілеріне қар-
сы тексерулер жүргізуге сұрауға салықтық тексерулер 
аяқталған соң келіп түскен жауаптар алған жағдайда, ҚҚС 
кері қайтару салықтық тексерудің актісіне жасалған қо-
Мұнайбаза құрылысын салу мақсатында бос 
(құрылыссыз) жер телімін  бір ЖШС-дан екінші ЖШС-
ға беру жұмыстарында ҰКС және ҚҚС салу жайлы 
кеңес берулеріңізді сұраймын. Жер телімі ҚҚС-сыз 
алынған болатын. Аталмыш келісімде ҚҚС салынады 
ма немесе жер телімінде еш нәрсе болмағандықтан, 
249 бапты қолдансақ болады ма? Егер қосымша са-
лық салынатын болса шот-фактураны қалай беруге 
болады?
Салық кодексінің 249 бабы 2 тармағына сәйкес, жер  
телімін өткізу ҚҚС-тан босатылады, оған қоса өткізу бойынша 
айналым көлемі  Салық кодексінің 238 бабы 9 тармағына сәй-
кес айқындалады. 
Салық кодексінің 87 бабы 1-тармағының  1-тармақшасына 
сәйкес ҰКС есептеу мақсатында жер телімін өткізген уақыт-
та кіріс пайда болады, ол бастапқы құн мен өткізген құнның 
айырмашылығы болып табылатын құн өсімі болып саналады. 
Сәлеметсіз бе!  Онлайн кассалық аппаратты бар-
лығы, тіпті ауылдарда да орнатуы қажет пе? Егер 
күні бойы бір құты болсын спирттік сусын сатпаған 
болсаң, бұл қалай болады екен? Мұндай жағдайда не 
істеу қажет? Чектерді қалай шығарамыз?
Салық кодексінің 645 бабы 1 тармағына сәйкес бензин 
(авиациялықтан басқасы), дизельдік отын, алкоголь өнім-
дерін көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын  са-
лық төлеушілер ақшалай есептесу операциялары кезінде 
белгілеп алу және (немесе) мәліметтерді белгілеу және (не-
месе) жіберу қызметі бар  бақылау-кассалық машиналарын 
қолдануға міндетті. Тек жалпы пайдалануға арналған теле-
коммуникациялық желісі жоқ жерде қызмет жасап жатқан 
салық төлеушілерді есепке алмағанда. 
Сонымен қатар, 2015 жылдың 1-шілдесінен бастап бензин 
(авиациялықтан басқа), дизельдік отын, алкоголь өнімдерін 
көтерме және жеке саудасын жүзеге асыратын төлеушілерде 
бақылау-кассалық машиналарын қолдану міндеті туындайды.
Осылайша, алкогольдік өнімдерді  бөлшектеп сатуда 
басқа да тауарлардың саудасымен айналыссаңыз, мәлімет-
терді белгілеу және (немесе) жіберу қызметі бар  бақыла-
у-кассалық машиналарды қолданып, барлық өткізген тауар-
ларыңызға чек шығарып отыруға міндеттісіз.
ҚР Салық Кодексі 263 бабының 8 тармағына сәйкес 
шот-фактура қағазға басылып  шығарылады, заңды 
тұлғалар үшін – басшының және бас бухгалтердің қо-
лымен куәландырылады. Сонымен қатар, шот-факту-
ра салық төлеушінің бұйрығымен бекітілген қызмет-
кердің қолымен де куәландырылады. 
Біз жеткізушілерден басшы мен бас бухгалтердің 
орынына қол қоюға өкілетті тұлғаның Т.А.Ә. жа-
зылған шот-фактуралар аламыз. Біздің оларға бас-
шының және бас бухгалтердің Т.А.Ә жазып, астына 
өкілетті тұлғаның Т.А.Ә жазуды талап еткенімізде, 
жеткізушілер өздерінің заңды іс атқарып жатқан-
дықтарын айтып, талаптан бас тартты. Біздің өкілет-
ті тұлға қолын қойса да, басшы мен бас бухгалтердің 
Т.А.Ә жазыңыздар деп талап қойғанымыз дұрыс па?
Егер салық төлеушінің бұйрығымен шот-фактураларды 
куәландыратын өкілетті тұлға қарастырылған болса, онда бас-
шы мен бас бухгалтерді Т.А.Ә толтыруды талап ету Қазақстан 
Республикасы салық заңнамасына сәйкес келмейді.
ЖЕТІК ЖАУАП: 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
29
САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ 
ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ШАҒЫМ БЕРУ: 
 
 
ҚҚС КЕРІ ҚАЙТАРУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
рытындының негізінде жүргізіледі. Сонымен бірге мұндай 
қорытынды салық органымен тоқсанның соңғы айының 
жиырмасыншы күнінен бұрын емес және жиырма бесінен 
кешіктірілмей жасалады. 
Осылайша, қарастырылып отырған жағдайда қарсы 
тексерулер жүргізуге сұрауларға жауаптар тематикалық 
тексерулер аяқталған соң түскен жағдайда салық төлеу-
шіге асқан ҚҚС кері қайтару Салық кодексінің көрсетіл-
ген ережесіне сәйкес, салық органының қорытындысы 
негізінде, яғни тексеру жүргізбестен, жүзеге асырылады. 
Сондай-ақ жиі шағым жасалатын мәселелердің бірі  
жеткізушілерге қарсы тексеру жүргізуге сұрауларды ау-
мақтық салық органдарымен тоқтатуға байланысты ҚҚС 
кері қайтармау болып отыр. 
Қаралған арыздарды талдау көрсетіп отырғандай, 
 
салық органдарымен қарсы тексерулер жүргізуге сұрау-
ларды тоқтату көбіне-көп жеткізушінің орналасу орнында 
болмауы себебінен жасалады. Әрі оның орналасу орнын-
да болмауы Салық кодексінің  558 бабымен реттелетін са-
лықтық зерттеу актісімен расталады. 
Сонымен қатар Салық кодексінің  635 б. 9 т. сәйкес 
ҚҚС кері қайтармауға негіздердің бірі қарсы тексерулер 
жүргізуге мүмкін еместігіне байланысты, оның ішінде жет-
кізушінің орналасу орнында болмауы себебінен, ҚҚС со-
масы анықтығының расталмауы болып табылады.
Осылайша, аталған мәселе де Салық кодексінің нор-
маларымен қатаң реттелген. Осыған байланысты жет-
кізушінің орналасқан орнында болмауы себебінен қарсы 
тексерудің жүргізілмеуі фактісінің шағымды қарау бары-
сында шағымды қарау нәтижелері бойынша ҚҚС сомасы-
ның анықтығы да расталмайды. 
Сонымен қатар Салық кодексінің  273 б. 2 т. сәйкес 
ҚҚС төлеуші 2009 жылғы 1 қаңтардан кейін жинақталған 
ҚҚС артығын, Салық кодексінің 46 бабында белгіленген 
қуыну мерзімі ішінде кері қайтарып алуға құқылы.
Осыған байланысты асып кеткен ҚҚС кері қайтару, 
оның ішінде  жеткізушінің орнығу орнында болмауынан 
қарсы тексерулердің жүргізілмеуі себебінен бас тар-
тылған салық төлеуші қуыну мерзімі ішінде ҚҚС кері қай-
тару туралы талапты қайта беруге  құқылы. Сонымен бір-
ге салық органымен тематикалық салықтық тексеру жүр-
гізіліп, оның нәтижесі бойынша ҚҚС сомасының анықтығы 
расталған жағдайда ҚҚС кері қайтару жүзеге асырылатын 
болады. 
Тағы бір жиі шағым жасалатын мәселелердің бірі тәуе-
келдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде қайта-
рылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасының расталмауы 
болып табылады. 
Шағымдарды қарау нәтижесі бойынша келтірілген 
талдау көрсеткендей,  аталған салада салық төлеушілер 
жиі талқылайтын мәселелердің бірі – салық төлеу-
шілердің тізбесіне енгізілген жеткізушілер бойынша «Пи-
рамида» сараптамалық есепті заңсыз қалыптастыру бо-
лып отыр. Ол бойынша салық кодексі әрі қарай сарапта-
малық есепті жасақтауды доғарады. 
Тәуекелдерді басқару жүйесі (бұдан әрі – ТБЖ) өзі 
де Салық кодексінің 625 бабымен реттелгенін айта кет-
кеніміз жөн. Оның 2 тармағына сәйкес салық төлеушімен 
(салық агентімен) мемлекетке залал келтірген және (не-
месе) келтіруі мүмкін салықтық міндеттемені орындамау 
және (немесе) жартылай орындау ықтималдығы тәуекел 
деп танылады.
Аталған баптың 4 т. сәйкес, ТБЖ салықтық бақылауды 
жүзеге асыру барысында, оның ішінде кері қайтаруға жа-
татын артық ҚҚС салығын растау мақсатында пайдаланы-
лады. 
Дәл осы баппен қайтарылуға жататын ҚҚС асып кет-
кен сомасын растау мақсатында тәуекелдің дәрежелері 
критерийлері мен  тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану 
тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметмен айқындалады. 
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысымен 
қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасын растау 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
30
мақсатында Тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың 
ережесі (бұдан әрі -  ереже) бекітілген.
Ереженің  8 тармағына сәйкес, тәуекел аймағында 
тұрған салық төлеушілер санатына жатқызылған салық 
төлеушілерге қатысты салық органы тауар, жұмыс, қыз-
мет жеткізушілер бойынша «Жеткізушілер бойынша пи-
рамида» сараптамалық есепті (бұдан әрі – «Пирамида» 
сараптамалық есеп) қалыптастырады.
Сонымен бірге ереженің  9 тармағымен салық орга-
ны жеткізушілері бойынша «Пирамида» сараптамалық 
есепті одан әрі қалыптастыруды доғаратын салық төлеу-
шілердің тізбесі белгіленген. Бұл келесідегі салық төлеу-
шілер: 
1) ірі салық төлеушілердің мониторингінде тұрғандар;
2) дербес өндірістегі тауар өндірушілер, оның ішін-
де  ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші-салық төле-
ушілер (ұн өндірушілер, ірі және ұсақ мал терілерін өң-
деушілер және түсті және қара метал сынықтарын  қайта 
өңдеуші тұлғалардан басқалары); 
3) жер қойнауы пайдалануға жасалған келісімшарт 
шеңберінде қызметті жүзеге асырушылар; 
4) сатып алушы одан әрі экспорттайтын электр және 
жылу энергиясы, су және (немесе) газды қоспағанда, 
электр және жылу энергиясын, су және (немесе) газ жет-
кізуді жүзеге асыратындар;
5) байланыс қызмет жеткізуді жүзеге асырушылар; 
6) өнімді техникалық сынау, талдау және сертификат-
тау бойынша қызметті жеткізуді жүзеге асырушылар. 
Осылайша, ережеде «Пирамида» сараптамалық есебін 
одан әрі қалыптастыруды доғару жағдайын реттейтін ті-
келей норма қарастырылған.
Сондай-ақ,  қарастырылған шағымдардан байқағаны-
мыздай, қайтарылуға жататын ҚҚС асып кеткен сомасы-
ның анықтығын тексеруді жүзеге асыру барысында жеке-
леген тексерушілер жоғарыда келтірілген салық төлеу-
шілердің жеткізушілері бойынша «Пирамида» сараптама-
лық есебін одан әрі қалыптастыруды жүргізеді. 
Аталған мәселе салықтық заңнамада қатаң рет-
телетінін ескерсек, осындай шағымдарды қарастыру 
кезінде, салық төлеушілер  жоғарыда көрсетілген тіз-
беге енгізілген салық төлеушілердің санатына жататын-
дығы расталған жағдайда аталған мәселеге қатысты ҚҚС 
анықтығының расталмағандығы туралы тексеру қорытын-
дысы заңсыз деп танылады. 
Сонымен қатар  тематикалық тексеруді жүзеге 
асыратын салық органымен «Пирамида» сараптама-
лық есепті қалыптастырудың нәтижесінде анықталған 
бұзушылықтарды жоюға сұрауларды жолдау мәселесіне 
тоқталсам деймін. 
Ережеге сәйкес, «Пирамида» сараптамалық есепті 
қалыптастырудың нәтижелері бойынша салықтық заңна-
маны бұзушылықтар анықталған жағдайда, дәл осын-
дай бұзушылықтар анықталған кейінгі деңгейдегі жет-
кізушілер – салық төлеушілерге қатысты бұзушылықтар-
ды жоюға сұрау жолданады. 
Сәйкесінше,  ірі салық төлеушілер мониторингінде 
тұрған салық төлеуші келесі деңгейдегі осындай жет-
кізуші болып табылса, онда аталған салық төлеушіге 
қатыс ты да бұзушылықтарды жоюға сұрау жолданады. 
Сонымен қатар кейбір салық төлеушілер аталмыш 
мәселеде мониторингілеуге жататын ірі салық төлеу-
шілерге қатысты, Салық кодексінің 635 бабының ереже-
леріне сәйкес қарсы тексеру жүргізілмеуі тиіс деп даула-
сып жатады. 
Шынымен де, Салық кодексінің  635 бабы  7 тармағына 
сәйкес, тексеріліп жатқан ҚҚС төлеушінің белгілі санат-
тағы жеткізушілері, оның ішінде мониторингке енетін ірі 
салық төлеушілер қарсы тексеруге  жатпайды. 
Салық кодексінің  627 бабы  5 тармағы 3) тармақша-
сы бойынша аталған салық төлеушіні тексеру барысында 
пайдалану үшін осындай операциялар туралы қосымша 
ақпарат алу мақсатында  салық органымен  кешендік не-
месе тематикалық тексеру жүргізілетін салық төлеушімен 
(салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын 
тұлғаларды тексеру секілді қарсы тексеруге анықтама 
берілген. 
Яғни, аталған нормадан ұққанымыздай, қарсы тексеру 
тек тексерілетін салық төлеушімен операцияларды жү-
зеге асыратын тікелей жеткізушілерге (бірінші деңгейлі 
жеткізуге) қатысты жүргізіледі. 
Алайда, қарастырылып отырған жағдайда «Пирами-
да» сараптамалық есепті қалыптастыру нәтижесінде  са-
лықтық заңнаманы бұзушылықтар анықталған ірі салық 
төлеушілер –   келесі деңгейдегі жеткізушілер (2-ші, 3-ші, 
4-ші және т.с.с) туралы сөз болып отыр. Мұнан өзге, тал-
дау көрсеткендей,  осындай жеткізушілерге қатысты тек-
серу барысында  қарсы тексеру  жүргізуге сұрау емес, 10 
тармақта қарастырылған бұзушылықтарды жоюға сұрау 
жолданған. Бұл  салықтық заңнамадан белгіленген ере-
жеге толықтай сәйкес келеді. 
Осыған байланысты салық төлеушілер аталмыш мәсе-
лелерге  шағым жасау кезінде шешім салықтық тексеру-
дің қорытындысының пайдасына қарай қабылданады. 
Сөз соңында айтарым,  салық төлеушілердің ҚҚС ар-
туының ұсынылған сомасын кері қайтарудан бас тар-
туға қатысты салықтық тексерудің нәтижесіне жасаған 
шағымдарын қарау барысында  Мемлекеттік кірістер 
комитетінің тиісті бөлімі салық органы тарапынан ҚҚС 
кері қайтарудан бас тарту үшін негіз болып табылған 
дәйектер мен жағдайлармен қатар, шағым беруші салық 
төлеуші өз талаптары мен айғақтарын негіз еткен дәй-
ектері мен жағдайларды мұқият тексеріп, зерттейді. Со-
нымен бірге  шағымдарды қарау кезінде  шынайылық пен 
ашықтықты қамтамасыз ету үшін бар күштерін салады. 

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
31

қараша | ноябрь | november № 11 (23)
32
SАР ӨЗІНІҢ ЖАҢА 
МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ 
Динара ШАЙМУРАТОВА, 
ҚР ҚМ қаржыны іштей басқару 
департаментінің бас есепшісі, 
бухгалтерлік есеп-қисап және 
есеп басқармасының басшысы 
2015 жылы 16–17 қарашасында Барселонада 
(Испания) кез-келген меншіктегі және ауқымдағы 
ұйымдарда (кәсіпорындарда) бизнес процестерді 
тиімді басқару мәселелеріне арналған SAP-форум 
өтті. Аталған шара аясында ақпараттық техноло-
гия саласының соңғы трендтері мен SAP компани-
ясы жүзеге асырған жобалар таныстырылды.   
Форум бағдарламасы әр түрлі индустрия және биз-
нестің функционалды бағыттары үшін SAP-тың иннова-
циялық шешімдеріне арналған паралельді сессиялар 
тәртібінде өтті.  
Осыған орай қатысушыларға анағұрлым ар-
тықшылықты сессияларды аралауға, қажетті ақпаратты 
алуға және келесідей: SAP FIORY – тұтынушы интерфейс-
терді оңтайландыру және жасау бойынша жаңа тәсіл, 
шынайы уақыт тәртібінде мәліметтердің ауқымды мөл-
шерін аса жылдамдықпен өңдеуді жүзеге асыруға мүмкін-
дік беретін  SAP HANA платформасы сынды SAP шешім-
деріне қол жеткізуге мүмкіндіктер берілді. 
 Сондай-ақ, SAP компаниясы SAP Digital Boardroom 
деп аталатын министрліктер және «үлкен» компания-
лардың бірінші басшылары үшін талдамалық ситуация-
лық орталық құру саласындағы ең жаңа өңдеу жобасын  
таныс тырды. 
SAP Digital Boardroom-нің басты артықшылығы ке-
шенді шешімдер қабылдайтын басшылар мен тұлғалар, 
Директорлар кеңесі мүшелері үшін толықтай ақпарат-
тық айқындықты қамтамасыз ету және оларға дәлме-дәл 
уақыт режимінде ұйымның тұтастай барлық ауқымында 
бизнес-үдерістердің тиімділігі туралы сипатын толықтай  
беру болып табылады
SAP Digital Boardroom дәлме-дәл уақыт режимінде 
жылдам есеп беруді жүргізуге және сапаны түбегейлі 
жақсартуға, қаржы операцияларында ықтимал шешім-
дердің ықпалын өңдеуге арналған бизнес талдаудың 
толықтай автоматтандырылған процесінен тұрады. Ұй-
ымдардың бірінші басшылары SAP Digital Boardroom-ды 
КРІ-ға негізделген мәліметтер негізінде кез келген талда-
маның оқиғалық орталықтарын тез арада экранға шығару 
мақсатында қолдана алады. Бұл ұйымды дамытуға, ұйым-
ның анағұрлым маңызды қаржылық көрсеткіштерін дәл-
ме дәл уақыт режимінде көрсетіп, өз уақытында дұрыс 
шешім қабылдауға оң ықпал етеді. Қатысушылар тара-
пынан дәлме-дәл уақыт режимінде мәліметтердің ауқым-
ды мөлшерін жоғары жылдамдықпен өңдеуге арналған 
және экономикалық-статистикалық талдамалар мен пре-
диктивті талдамалар әдістерін қолдану кезінде есептеу 
процесін қамтамасыз ететін SAP HANA жаңа In-memory 
платформасы  зор қызығушылық туғызды. Бұл жаңа өнім 
әрі SAP R/3 ұсынылған кезден бергі ең ірі инновация бо-
лып табылады. 
SAP HANA (High Performance Analytic Appliance) биз-
нес-сын қосымшаларын енгізу және тиімді пайдалану, 
өңдеуге  арналған  платформа  ретінде  қарастырылады.     
In-memory технологиясы талдамалық сұранымдарды өң-
деуді жылдамдатып қана қоймай  және сонымен қатар 
бірінші кезекте СУБД үн қосуына жұмсалатын уақыттың 
аздығымен және уақыт бірлігіне салатын сұрау санының 
көптігімен сипатталатын транзакциялық сұранымдарды 
тездетеді .  
SAP HANA платформасына көшудің артықшылықтары:
• 
ERP мәліметтері көлемінің 10 есе қысқартылуы 
және ақпараттар сақтау құралдарын үнемдеу 
• 
SAP Business Suite барлық қосымшаларын бір 
серверде біріктіру есебімен, соған сәйкес ақпараттың қо-
сарлануын жоюмен ландшафт жүйесін оңайландыру.  
• 
 СУБД дискісінде қолданылатын мәліметтерді өң-
деу элементтерін қысқарту және жедел жадыны қолдану 
есебімен өнімділікті жеті есе арттыру.

қараша | ноябрь | november № 11 (23)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет