33
•
Талдамалық және транзакциялық мәліметтерді
пайдалануды бір мәліметтер базасында біріктіру арқылы
SAP HANA-ның ғажайып мүмкіндіктерінің көмегімен тал-
дамалық тапсырмаларды орындауды 1 400 есе жылдамда-
ту. Соның есебімен жүйелер арасындағы түрлі шамадан
тыс мәліметтер процестен шығарылып, олардың алдын
ала дайындығы мен трансформациясы оңайлатылады.
Көптеген талдама функциялар ІТ маманы көмегіне жүгін-
бей-ақ тікелей транзакциялық жүйе интерфейсінен шыға
отырып қарапайым қолданушыларға қолжетімді болады.
•
Бизнес-жоспарлау, болжалдау, модельдеу про-
цесінің жеделдетілуі және оңайлануы.
• Көптеген жүйелер қолдауымен байланысты
шығындардың, олардың арасын дағы мәліметтердің шек-
тен тыс көптігі мен трансформациясының, мәліметтерді
дайындау мен тексерілуінің, қателіктерді жоюдың қысқа-
руы.
Кәсіпорындар мен бизнес-трансформациялардың жұ-
мысы оңайлай түсу үшін жаңа тұғырнаманы жасап шыға-
рушылар ескі технологиялардың ақпараттарды өңдеуде
қолданатын шектеулерін алып тастады. Инновацияның
негізгі идеясы - бизнес пен билік органдарына бизнес-
үде рістерді орын алған жағдайға қара аз шығынмен тез
өзгертуге мүмкіндік беретін тетік тауып беру.
Аталған форум аясында қазақстандық делегация SAP
компаниясы өкілдерімен кездесулер өткізіп, онда Қаржы
министрлігінің рұқсатымен белгілі бір уағдаластыққа қол
жеткізілді.
ҚР ҚМ-нің қызығушылық танытқан құрылымдық бөлім-
шелеріне SAP компаниясы өзінің SAP HANA платформасы
мен ИАИС «е-Минфин» жүйесін осы жаңа интерфейске
көшіру туралы талқылай отыра SAP Fiory жаңа шешімінің
таныстырылымын өткізуге дайын.
Сонымен қатар SAP компаниясы SAP Digital
Boardroom талдамалық ситуациялық орталығы жұмысы-
ның тиімділігін тікелей Вальдорфе (Германия) қаласын-
дағы SAP компаниясының штаб-пәтерінде көрсетуге әзір.
Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау
инспекциясы функцияларының бірі аудиттелген
қаржылық есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзушы-
ларды ҚР заңнамасымен белгіленген жауапкер-
шілікке тарту болып табылады.
Депозитарий – қаржылық есептілікті және көпшілік
мүддесін ұйымдастырудың аудиторлық есебін қамтитын
қаржылық есептіліктің электронды деректер қоры, ол пай-
даланушылар үшін ашық қолжетімді. База ұйымдар белгілен-
ген мерзімдерде ұсынатын ақпаратпен жыл сайын толықты-
рылуы тиіс.
«Қаржылық есептілікті депозитарийге ұсыну қағидасын
бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес ұйымдар
есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей
уәкілетті ұйымға қаржылық есептілікті ұсынуы керек.
Алайда, осы талапқа қарамастан, бірқатар акционерлік
қоғамдар мен серіктестіктер бұл талапты ескермейді және
өзінің қаржылық есептілігін депозитарийге ұсынудан жалта-
рады.
Мұндай ұйымдарды жауапкершілікке тарту үшін
қаржылық бақылау инспекциялары бүкіл ел аумағында
бақылау іс-шараларын жүргізеді. Өкінішке орай, олар үнемі
сәтті аяқтала бермейді, борышкерлерді табу күрделі мәселе
болып тұр.
Хабарлама бар тапсырысты хаттар «адресат жоқ» деген
белгімен кері қайтарылады, ал инспекция қызметкерлері
жекелей барып тексергенде ресми құжаттарда көрсетіл-
ген заңды және нақты мекенжайлар шын мәнінде – жалған
екені анықталады. Олардың орнында түнгі клубтар, автожуу
және басқа ұйымдар жұмыс істейді.
Сонымен бірге мемлекеттік кірістер басқармаларында
осы ұйымдар тұрақты түрде салық есептілігін тапсырады
және әрекет жасайтын ұйымдар деп атап өтіледі.
Заң бұзушыларды табуға көмектесіңіздер:
− АВО «ABS INVESTMENT GROUP» (ЭЙБИЭСИНВЕСТМЕНТ-
ГРУПП);
− «АВИАКОМПАНИЯ «MEREY AIR CARGO» АҚ;
− «АВИАКОМПАНИЯ «SAYAT AIR» АҚ;
− «АВИАКОМПАНИЯ «ТРАСТ» АҚ;
− «АЛАТАУҚҰРЫЛЫСИНВЕСТ»; АҚ
− «АСТАНА КАПИТАЛ» АҚ;
− «АСТАНА СИТИ ПАЛАС» АҚ;
− «БУРЛИНГАЗСТРОЙ» АҚ;
− «ВЭС» ЖЕЛЭНЕРГОҚҰРЫЛЫС» АҚ;
− «ЦЕНТР КАПИТАЛ» ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМ» АҚ;
− «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАУАР-ШИКІЗАТ ӘМБЕ-
БАП БИРЖА «ЕЛ ҚАЗЫНА» АҚ;
− «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨЛІК ТОБЫ» АҚ;
− «ҰЛТТЫҚ ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫ» АҚ;
− «ПРОМИНВЕСТ» АҚ;
− «ҚАРЖЫЛЫҚ-ӨНЕРКӘСІПТІК КОМПАНИЯ «АЛЬЯНС-АСТА-
НА» АҚ;
− DALA GEO» ЖШС;
− «MAGMA WEST» ЖШС;
− «ГРК АЛТЫН ҚҰЛАГЕР» ЖШС;
− «ЕХЕLT» (ЭКСЕЛТ) ЖШС;
− «ӨНДІРІСТІК КОМПАНИЯ «НҰРДӘУЛЕТ» ЖШС;
− «АҚ АУЫЛ» АҚ;
− «ТАУ ГОЛД КОППЕР» ЖШС;
− «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ»
ЖШС ;
− «ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК БІРЛЕСТІК «ЕУРАЗИЯЛЫҚ СУ ОРТА-
ЛЫҒЫ» АҚ;
− «ПАНА» АҚ;
− «ЛИЗИНГІЛІК ОРТАЛЫҚ-АСТАНА» АҚ.
ЗАҢ БҰЗУШЫЛАРДЫ ТАБУҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗДЕР
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
34
МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУЛАР –
ЗАҢНАМА ШЕҢБЕРІНДЕ
ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитетінің Аста-
на қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспек-
циясы өз құзыретінің шегінде бюджеттік заңнама
және мемлекеттік сатып алулар саласындағы заң
бұзушылықтар мәселелері бойынша өтініштерді қа-
райды. 2015 жылғы 10 айда инспекцияға 489 өтініш
келіп түсті: 375 өтініш – заңды тұлғалардан, 114-
жеке тұлғалардан.
Бақылау нәтижелері бойынша өтініште көрсетіл-
ген фактілер расталған жағдайда бақылау объектісі заң
бұзушылықты жою туралы ұсыным жолдайды және мем-
лекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану
және бюджетке бұзушылықтың сомасын өндіріп алу туралы
сот талап-арыздарына бастамашылық жасайды.
Сонымен, Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау
инспекциясы «Типтік және эксперименталдық жобалау
ғылыми-зерттеу институты (тұрғын үй институты)» ЖШС
өтінішінің негізінде «Астана қаласының Жолаушылар көлі-
гі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де «Қордай
көшесінен бастап Қарағанды-Астана тас жолына дейінгі
учаскеде А62 көшенің құрылысы бойынша жобалау-іздестіру
жұмыстары» электронды конкурс тәсілімен №814440 мемле-
кеттік сатып алулар бойынша тақырыптық бақылау жүргізді.
Бақылаудың нәтижесінде мемлекеттік сатып алудың
қорытындысына әсер еткен, сомасы 98 282,3 мың теңге
бұзушылықтар анықталды.
Бақылау объектісіне бұзушылықтарды жою туралы ұсы-
ным жолданды.
Мемлекеттік сатып алулар қорытындыларының күші
жойылып, шарт бұзылды.
ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің
Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы-
на «Темзар» ЖШС-дан мемлекеттік сатып алуды ұйымдасты-
рушы Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық және
зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап
болған адамдарға арналған дағдарыс үйі» ҚММ-ның (бұ-
дан әрі – дағдарыс орталығы) заңсыз әрекеттеріне қатысты
өтініш келіп түсті. Тексеру кезінде фактілер расталды.
Сонымен, дағдарыс орталығы конкурстық құжаттама-
да негізделмеген талаптар белгілеген, соның ішінде ҚР ау-
мағында ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралда-
рының (соның ішінде шетелдік) жүруіне арнайы рұқсатты
және біздің елге тауарлардың кейбір түрлерінің импортына
рұқсатты ұсыну талаптары.
Бұл ретте конкурстық құжаттаманың техникалық
ерекшелігінде де, жергілікті сметада да сатып алына-
тын құрылыс жұмыстарын көрсету үшін импортталатын
құрылыс материалдарының, көлік құралдарының, маши-
налар мен механизмдердің қандай нақты түрлері талап
етілетіні көрсетілмеген.
Осы талаптар әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып
алуларды жүргізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді
ұсыну және әлеуетті жеткізушілер арасында адал бәсекелес-
тікті құру бөлігінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдасты-
ру қағидаттарының бұзылуына әкелді. Осылайша, дағдарыс-
тық орталықтың әрекеттері өткізілетін сатып алуларға қа-
тысқысы келетін әлеуетті жеткізушілердің санын шектеді.
Бұдан басқа дағдарыс орталығы конкурсқа берілген
барлық үш өтінімді қабылдамай, жоғарыда көрсетілген
сатып алудың қорытындыларын өтпеген деп танып, кон-
курсқа қатыспаған және өзі қойған біліктілік талаптары-
на сәйкес келмейтін әлеуетті жеткізушімен ғимаратты
және үй-жайды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды
орындау ға мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасты.
Осылайша дағдарыс орталығы шешім қабылдау кезінде
басымдыққа жол беріп, мемлекеттік сатып алу қолданы-
стағы заңнаманы бұзды. Ғимарат пен үй-жайды ағымдағы
жөндеу бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алу қоры-
тындысына әсер еткен бұзушылықтардың жалпы сомасы 21
877,7 мың теңгені құрады.
Инспекцияда өтініштермен жұмыс істеу ерекше бақы-
лауда. Түскен барлық өтініштер заңнамамен белгіленген
мерзімдерде қаралды.
Құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл бойынша
жұмыстар да белсенді жүргізіледі. Осы кезеңде құқық қорғау
органдарының қаулылары мен сұрауларының негізінде
«Прокуратура туралы» ҚР Заңының 6-бабына және ҚР Қыл-
мыстық іс жүргізу кодексінің 80-бабына сәйкес Астана қаласы
Қаржылық бақылау инспекциясының қызметкерлері маман
ретінде бірлескен тексерулерге белсенді тартылды. Олардың
қорытындылары бойынша біздің қызметкерлер 132 қорытын-
ды берді. Сомасы 11 825,5 млн. теңге бұзушылықтар анықтал-
ды, соның ішінде мемлекеттік сатып алудың қорытындылары-
на әсер еткен мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы
бұзушылықтар сомасы 2 638,4 млн. теңге.
ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің
Астана қаласы бойынша Қаржылық бақылау инспекци-
ясы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау
тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
12 қаңтардағы №221 Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес
инспекция басшылығы бекітілген кестеге сәйкес азаматтар-
ды жеке қабылдауды жүргізетінін, сонымен қатар ғимаратта
жазбаша өтініштерге арналған жәшік орналастырылғанын
естеріңізге салады.
Бюджет заңнамасын, сонымен қатар Қазақстан Респу-
бликасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын
бұзудың барлық фактілері туралы Астана қаласы, Петров
к-сі, 5 үй, мекенжайы бойынша немесе 35-20-23 сенім теле-
фонына хабарлауларыңызды сұраймыз.
Астана қаласы бойынша
Қаржылық бақылау инспекция сының
Баспасөз-қызметі
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
35
Ернұр БАЙГУРМАНОВ,
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаменті басшысының
орынбасары
Салық органдары жұмыстарының басты көр-
сеткіші болып облыстың әлеуметтік экономикалық
жағдайына едәуір көлемде тәуелді болатын бюд-
жеттің кіріс бөліміне түсімдерді қамтамасыз ету са-
налады.
2015 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес
құзіретімізге жататын мемлекеттік бюджетке төлемдер
бойынша жоспар 101,3 пайызға орындалған. Жоспар
бойын ша 108 697,1 млн теңге болған болса, бюджетке
нақты түсім 110 070,1 млн теңгені құрап, 1 373,1 млн теңге-
ге артық орындалды. 2014 жылдың 1 қазанымен салыстыр-
ғанда өсу қарқыны 100,8 пайызды немесе 859,9 млн теңге-
ге артық орындалды.
2014 жылдың бірінші қазанымен салыстырғанда жер-
гілікті бюджеттің өсу қарқыны (57 108,5 млн теңге) 100,4
пайызды құрады немесе өсім 237,2 млн теңге.
Бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуінің өсуі са-
лықтық әкімшілік іс жүргізу сапасын арттыру, экономи-
калық қадағалау жұмыстарын күшейту және мемлекеттік
органдармен өзара қарым-қатынасты жолға қою нәтиже-
сінде мүмкін болды. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер
органдары корпоративтік кіріс салығы, қосымша құн са-
лығы, жеке кіріс салығы және әлеуметтік салық бойынша
салықтық есептерді терең және дәлме-дәл салыстыра оты-
рып тексеруге мүмкіндік беретін салықтық есеп беру фор-
маларын форматты логикалық қадағалауды жүзеге асыра-
ды, бұл бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
Одан бөлек бюджетке салықтар мен төлемдердің түсу
динамикасына облыстың экономикалық тұрақты өсу тен-
денциясы, жаңа инвестициялық нысандарды пайдалануға
беру жағдайлары оң ықпал етеді. 2015 жылдың бюджетіне
салықтық және төлемдік түсімдердің қосымша резервтерін
анықтау мақсатында Бюджетке салықтық және төлемдік
түсімдердің қосымша резервтерін анықтау бойынша іс ша-
ралар жоспары жасалып шығарылды. Ағымдағы жылдың
10 айындағы іс-шаралардың біріккен жоспары бойынша
жұмыстар қорытындысында жергілікті бюджетке 1 313,4
млн теңге сомасында қосымша түсімдерді қамтамасыз ету
мүмкіндігі болды.
Тұрақты түрде сатып алу сұранысы және тауарлардың
өту көлемі, жалдамалы жұмысшыларды пайдалану және
олардың салықтық есептерде көрініс табуын анықтау мақ-
сатында алдын ала тікелей аралап тексеру кірістерді жа-
сыру немесе азайтып көрсету әрекеттерін анықтау мақса-
тында өкілетті органдардың талдамалы мәліметтеріне тал-
дау жүргізіледі, нәтижесінде хронометражды тексерулер
тағайындалады.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысында 43 са-
лық төлеуші бойынша хронометражды тексерулер аяқтал-
ды. Хронометражды тексерулердің және түсіндірме сипа-
тындағы әңгімелесулер жүргізудің нәтижесінде 215,2 млн
теңге көлемінде кіріс сомасына қосымша декларациялар
тапсырылды, соның ішінде жалпы сомасы 8,7 млн тең-
ге салықтар аударылды, қосымша жалпы саны 61 адамды
құрайтын жалдамалы жұмысшылар көрсетілді.
Одан бөлек ағымдағы жылдың басынан бері мемлекет-
тік кірістер органдары тарапынан 1 954 рет салықтық са-
раптаулар жүргізіліп, қорытындысында ҚҚС бойынша 375
салық төлеуші есептік тіркеуден шығарылды.
Департаменттің кедендік әкімшілік іс жүргізу са-
ласындағы қызметіне тоқталатын болсақ, облыс бойынша
сыртқы сауда айналымында да өсім байқалады. Мәселен,
2015 жылдың 9 айында сыртқы сауда айналымы 2,1 млрд
долларды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен са-
лыстырғанда 188 млн долларға өскен немесе 6 пайыз.
Аталған көрсеткіштерге кедендік іс жүргізуді оңайлату
нәтижесінде қол жеткізілді.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазалаудан
өткізу уақыты өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай
қысқарды. Мәселен, импорт бойынша тауарларды кеден-
дік тазалаудан өткізу уақыты 2 сағат 43 минут, ал экспорт
бойынша – 1 сағат 7 минутты құрады.
Жыл басынан бері үш рет аяқтай барып тексерулер
жүргізілді. Соның нәтижесінде қосымша 10,7 млн теңге
сомасында кедендік төлемдер, салықтар және тұрақсыз-
дық айыбы, айып өсімі қосымша аудартылды. Облыстың
мемлекеттік кірістер департаментінің құқық қорғау блогы
өткен жылдың қараша айынан бері экономикалық зерттеу-
лер қызметі есебінде толыққанды қызмет атқарып келеді.
Оның негізгі мақсаты – мемлекет пен бизнестің экономи-
калық мүдделерін қорғау болып табылады.
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ
9 АЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
36
Ағымдағы жылдың 9 айында қабылданған шешімдер
нәтижесінде 984 қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркеліп,
оның ішінде 511 іс өндіріспен аяқталып, 276 іс сотқа жол-
данды. Қылмыстық істер бойынша белгіленген шығындар
сомасы 4,5 млрд тенгені құрады, 1,4 млрд теңге өндіріліп
алынған болса, 581 млн теңге сомасындағы мүлікке тиым
салынды.
Аталған қызметтің жұмысы негізсіз тексерулерді бол-
дырмауға, тәуекелдерді басқару жүйесін (ТБЖ) қолдануға
көшуге және нақты жағдайларда қылмыстық қудалауды
жүзеге асыруға бағытталған. Бұл өнеге тұтарлық бизнесті
дамыту үшін қажетті қолайлы жағдайлармен қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді. Салық төлеушілердің экономика-
лық қылмыстарды жасауын болдырмау үшін департаментте
күмәнді мәмілелер жасаушы, жалған кәсіпкерлік кәсіпо-
рындармен өзара есеп айырысқан, сенімсіз кәсіпорын-
дарды анықтау мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы
құрылған болатын. Осы жалған кәсіпкерлік желісі бойын-
ша жұмыстар бағытында бірыңғай сотқа дейінгі тексеру
тізілімінде 76 материал тіркелген.
Тіркелуі жарамыз деп танылған жалған кәсіпорындар-
дың, салық төлеушілердің контрагенттерін тексеруге алу
аясында заңбұзушылық сомасы 285,8 млн теңге болатын 155
орындау хабарламасының ішінде 165,8 млн теңгесі өндіріліп
алынды. Соның ішінде 36,7 млн теңге қолма қол ақша.
Одан бөлек жалған кәсіпкерлік қызметтен келтірілген
шығындарды өтеу мақсатында жалған кәсіпорындардың
контрагенттеріне, оның жеткізіп берушілеріне қатысты
қылмыстық іс қозғалғандығы және жалған кәсіпорындар
мен өзара есеп айырысу бойынша сомаларды ерікті түрде
түзетпе жасау туралы ақпарат сипатында хабарламалар жі-
беріледі. Бүгінгі таңда жалпы келтірілген шығын сомасы 5,6
млрд теңге болатын 304 хабарлама табыс етілді(ерікті түр-
де өтелген сома 1,2 млн теңгені құрайды).
Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының негізгі
бағыттарының бірі болып жоғары сапалы мемлекеттік қыз-
меттерді көрсету болып табылады. Мәселен, 2015 жылдың
9 айында барлығы 474 613 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Оның ішінде «электронды үкімет» порталы және ведомство-
лық портал арқылы электронды хабарламалардың саны 384
948 қызметті құрады немессе 81,1 пайыз. Ал қағаз түріндегі
хабарласулар 89 557, немесе 18,8 пайызды құрады, халыққа
қызмет көрсету орталықтары бойынша – 108 қызмет.
Салықтық қызметтердің сапасын арттыру бойынша
жұмыстар бірнеше стратегиялық бағыттарда жүргізілуде.
Соның бір бағыты салық төлеушілер үшін мемлекеттік қыз-
меттерді алу кезіндегі жағдайларды жақсарта түсу болып
табылады. Салық төлеушілерге қызмет көрсету процесін
ұйымдастыру мақсатында салық төлеушілерге әрбір ин-
спектордың қызмет көрсету жылдамдығы туралы ақпара-
ты үшін бүгінгі таңда кезектілікті басқарудың электронды
жүйе сі (ЭКБЖ) енгізілуде. Электронды кезектер Павлодар
және Екібастұз қалалары бойынша мемлекеттік кірістер
басқармаларында орнатылған. Бұл көрсетілетін қызмет-
тердің сапасын жоғарылатуға арналған кезекті маңызды
қадам болып табылады.
Қорытындылай келе облыстың мемлекеттік кірістер
департаментінің барлық қызметі біздің облысымыз бен
елімізді одан әрі гүлдендіру және дамыту мақсатында қой-
ылған міндеттер мен жұмыстар бағытын бұлтартпай орын-
дауға бағытталғандығын айта кеткім келеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі
– Заң) 6-бабымен мемлекеттік сатып алуға қатысумен байла-
нысты шектеулер көзделген. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7)
тармақшасымен әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тарта-
тын қосалқы мердігер (бірлескен орындаушы) және (немесе)
олардың басшысы, құрылтайшылары (акционерлері) тер-
роризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты
ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн
мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес деп белгілен-
ген. Жоғарыда баяндалғанға байланысты мемлекеттік сатып
алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерді тексеру үшін қа-
жетті жоғарыда көрсетілген қайда орналастырылғаны тура-
лы түсіндірме беруіңізді сұраймын. Құрметпен, Гүлмира.
ҚБК өтінішті қарап, келесіні хабарлайды.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының
Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабымен мемлекеттік сатып алуға қатысу-
мен байланысты шектеулер көзделген.
Сонымен Заңның 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес
әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бір-
лескен орындаушы) және (немесе) олардың басшысы, құрылтайшыла-
ры (акционерлері) терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен
байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасы-
ның заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілсе, өткiзiлетiн мемле-
кеттiк сатып алуға қатысуға құқылы емес.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыста-
туға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қа-
зақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес уәкілетті
орган – ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг бойынша комитеті терроризм
мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлға-
лардың тізбесін құрастырады және оларды тиісті мемлекеттік орган-
дарға жолдайды, олар қаржылық мониторинг субъектілеріне жеткізеді.
Осыған байланысты Заңның 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасында
көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеу
туралы ақпаратқа қатысты уәкілетті орган - ҚР Қаржы министрлігінің
Қаржылық мониторинг комитетіне жүгіну қажет.
Шаруа қожалығы құрылыс материалдарын сатып алу
жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатыса алады ма?
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы-
ның 1-бабы 4) тармақшасына сәйкес әлеуетті өнім беруші – кәсiпкерлiк
қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, мемлекеттiк сатып алу туралы
шарт жасасуға үмiткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының
заңдарында олар үшiн өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк мекемелердi
қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум).
Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi болып табылмайтын жеке тұлға осы
Заңның 41-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайда
әлеуеттi өнiм берушi болуы мүмкiн;
Заңның 2-бабы 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы-
ның мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республика-
сының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Ре-
спубликасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Сонымен бірге «Шаруа және фермер қожалығы туралы» ҚР Заңы-
ның 1-бабы 1-тармағына сәйкес адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге
асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлердi ауыл шаруашылығы
өнiмiн өндiрумен, сондай-ақ, осы өнiмдi ұқсатумен және өткiзумен
тығыз байланысты еңбек бiрлестiгi шаруа немесе фермер қожалығы
деп танылады.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын Қа-
зақстан Республикасының азаматтары және (немесе) оралмандар ша-
руа немесе фермер қожалығы субъектiлерi болып табылады.
Заңның 3-бабы 2-тармағына сәйкес шаруа немесе фермер қожа-
лығы өз қызметiнiң бағытын, өндiрiсiнiң құрылымы мен көлемдерiн
дербес айқындайды, өнiмдi өсiредi, ұқсатады және сатады, сондай-ақ,
шаруашылық жүргiзумен байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
Жоғарыда баяндалғанға сүйене отырып, шаруа қожалығының өң-
делетін ауыл шаруашылығы өнімі құрылыс материалы болып табылса,
онда шаруа қожалығы құрылыс материалдарын сатып алуға қатысуға
құқылы деп пайымдаймыз.
ЖЕТІК ЖАУАП:
қараша | ноябрь | november № 11 (23)
Достарыңызбен бөлісу: |