Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


дебеті және 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті



бет16/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
дебеті және 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті.
Негізгі құралдардың жойылуынан алынған материалдар құнын кіріске жазу 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

3.Негізгі құралдарды түгендеу.


Негізгі құралдарды есепке алу түгендеу объектілері бөлінісінде олардың сақталу орындары мен жауапты тұлғалары бойынша жүргізіледі.
Негізгі құралдарды есепке алуды ұйымдастыру және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету үшін кітапханалық қорлардан басқа әр объектіге (затқа) түгендеу нөмірі беріледі. Талдамалы есеп негізгі құралдар объектілерін есепке алуға, ауыстыруға, түгел жабдықтауға, қайта жөндеуге, жаңғыртуға, күрделі жөндеу мен есептен шығару жөніндегі құжаттардың негізінде толытырылатын түгендеу карточкасында жүргізіледі.
Түгендеу нөмірлері негізгі құралдар объектілеріне олардың түсу шамасына қарай реттік-сериялық жүйе бойынша беріледі. Түгендеу нөмірі он белгіден тұрады: бірінші төрт белгі - шотты/қосалқы шотты, бесінші – топты және соңғы бес белгі – заттың топтағы реттік нөмірін білдіреді. Топтар белгіленбеген шоттар/қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен белгіленеді.
Түгендеу нөмірлерінің тізбесін мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді. Түгендеу объектісі күрделі болып табылғанда, яғни онымен бір бүтінді құрайтын сол не өзге реттелген элементтерді қосқанда, әр осындай элементте негізгідегідей оларды біріктіретін объектідегі сол түгендеу нөмірі белгіленуі тиіс. Түгендеу нөмірі объектіге бекітілетін жетонда немесе бояумен немесе өзге тәсілмен белгіленеді. Объектіге (затқа) берілген түгендеу нөмірі осы мемлекеттік мекемеде болған кезең бойы онда сақталады. Шығып қалған немесе жойылған түгендеу объектілерінің нөмірлері басқа объектілерге
берілмеуі тиіс.
Барлық негізгі құралдар мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғалардың жауапты сақталуында болуы тиіс. Негізгі құралдар объектілерінің сақталуына жауапты тұлғалар Нысандар альбомының ОС-13 нысаны бойынша объект бойынша негізгі құралдардың және инвестициялық жылжымайтын мүліктің түгендеу тізімін жүргізеді. Жауапты тұлғалар негізгі құралдардың сақталуын қадағалайды және барлық өзгерістердің есебін жүргізеді.
Жауапты тұлға ауысқан кезде, оның сақтауындағы негізгі құралдарды түгендеу жүргізіледі, ол туралы Нысандар альбомының ОС-1 «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актісі» нысаны бойынша негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі жасалады, оны мемлекеттік мекеме басшысы бекітеді.
Объектінің немесе ұзақ мерзімді активтер объектілер тобының бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне ішкі ауысуын ресімдеу үшін, объектіні немесе негізгі құралдар объектілері топтарын қоймаға қабылдауды ресімдеу
үшін немесе қоймадан (қордан) қолданысқа беру үшін Нысандар альбомының 434 нысанды жүкқұжаты (талабы) қолданылады.
Түгендеу карточкалары бухгалтериялық қызмет картотекааларында сақталады, онда олар материалдық жауапты тұлғалар бойынша, оларды іштей
бөлу арқылы, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда – қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша орналасады.
Нысандар альбомының ОС-6 нысанды карточкасы ғимараттарды,
құрылыстарды, тапсыру құралдарын, машина мен жабдықтарды, өндірістік (тиістілігін қоса алғанда) және шаруашылық мүкәммалын, көлік құралдарын, мәдени мұра активтерін, кітапхана қорларын және өзге негізгі құралдарды. Нысандар альбомының ОС-6 нысанды негізгі құралдарды және инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алудың түгендеу карточкаларында теңгемен амортизацияның жылдық сомасы, жылдық тозу нормасының шифрі, тозу соңғы рет есептелетін жыл және ай, есепті жылдағы құнсызданудан шығындардың сомасы жазылады.
Нысандар альбомының ОС-9 нысанды карточкасы бір үлгідегі негізгі
құралдар объектілерін және инвестициялық жылжымайтын мүлікті, кітапханалық қорларды және сахналық-қойылымдық құралдарды топтық есепке алуға арналған.
Ай сайын карточкалардан амортизация сомасы Нысандар альбомының 459 нысанды Ұзақ мерзімді активтер амортизациясының сомасын есепке алудың әзірлеме кестесіне жазылады, оның негізінде есепті кезеңдегі негізгі құралдардың (активтердің) жалпы тозу сомасы анықталады.
Жалпы тозу сомасына айдың соңғы күні мемориалды ордер жасалады, кейін ол «Басты-журнал» кітабына ауыстырылады.
Комиссия есептен шығару себептерін объектілерінесептен шығару актісін жасайды.
Негізгі құралдарды баланстан есептен шығарудың қолданыстағы тәртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға салғырт қараған жағдайда (жою, жандыру, жоғалту), бұған кінәлі тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Негізгі құралдардың жалға алынған объектілері оған жалға беруші берген түгендеу нөмірлерімен 01 «Жалға алынған активтер» балансталған шотында ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет