өндiрiсте қолдану немесе тауарларды немесе қызметтердi жеткізу үшін, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе жеке қажеттілік үшін ұсталатын;
күтiлгендей, бiр жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын материалды объектілер.
Мемлекеттiк мекеме осы бөлiмнiң талаптарын негiзгi құралдарға,
оның ішінде:
мәдени мұра активтеріне;
арнайы әскери жабдыққа;
инфрақұрылым активтерiне;
жылжымайтын мүлiктерге, ғимараттарға және ауылшаруашылық қызметіне қатысы бар биологиялық активтерді дамытуға немесе қамтамасыз етуге пайдаланылатын жабдықтарға және минералды ресурстарды, мұнайды, табиғи газды және ұқсас қалпына келтiрiлмейтiн табиғи қорларды әзірлеуге құқықтарға;
инвестициялық жылжымайтын мүлiк ретiнде келешекте қолдануға салынып немесе қайта жаңартылатын, бірақ «инвестициялық жылжымайтын мүлiк» анықтамасына жауап бермейтін жылжымайтын мүлiкке;
ересек жұмысқа жарамды малға;
мемлекеттiк мекеме бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолдануды жоспарлаған қосалқы бөлшектерге және резервтік жабдыққа, сондай-ақ егер қосалқы бөлшектер мен көмекші жабдықтар тек негiзгi құралдардың объектілеріне байланысты қолданылады.
Негізгі құралдардың бастапқы танылуы.
Негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдану тікелей экономикалық пайда әкелмейтін, бірақ басқа объектілерді (қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен қорғауын қамтамасыз ету үшін сатып алынатын негізгі құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет объектілер танылады.
Резервтік жабдықтаудың бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны күтілетін қосалқы бөлшектері, сондай-ақ тек негiзгi қаражаттардың объектілеріне байланысты қолданыла алатын қосалқы бөлшектер мен көмекші жабдықтаулар негізгі құралдар ретінде танылады және
ескеріледі.
Инфрақұрылымдық активтер төмендегі сипаттамалардың біреуі
немесе бірнешеуі болған кезде негізгі құралдардың объектілері ретінде танылады:
жүйенің немесе желінің бөлігі болып табылады;
арнайы сипаты бар және баламалы қолданысы жоқ;
жылжымайтын болып табылады; сатуға белгіленген шектеулер болады.
Жолдардың желілері, кәріздеу жүйелері, су және электржабдықтаулар жүйелері және коммуникация желілері инфрақұрылымдық активтер болып табылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және мемлекеттік мекеме ішінде олардың ауысуының түсімі мен шығуын есепке алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын есепке алу үшін мынадай шоттар/қосалқы шоттар арналған:
2310 «Жер»;
2320 «Ғимараттар»;
2330 «Құрылыстар»;
2340 «Беріліс құрылғылары»;
2350 «Көлiк құралдары»;
2360 «Машиналар мен жабдықтар»;
2370 «Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммалы»;
2380 «Өзге негiзгi құралдар»;
2390 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы»;
2411 «Аяқталмаған құрылыс»;
5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв».
Активтерді тану өлшемдеріне жауап беретін мәдени мұра активтері баланста танылады, мәдени мұраның өзге активтері Шоттар жоспарының 09 «Мәдени мұра активтері» балансталған шотында ескеріледі
Мемлекеттік мекеме мәдени мұра активтерін бухгалтерлік есепте егер:
олардың мәдени, экологиялық, ағартушылық және тарихи құндылықтары тек нарықтық бағаға негізделген қаржы құнымен толық көрсетілмесе;
заңды міндеттемелер тыйым салуларды және сату жолымен шығып қалуға салмақты шектеулер туындатады;
олар жиі ауыстырылмайтын болып табылады және олардың физикалық жағдайы төмендесе де, олардың құндылықтары уақыт өте өсе алады;
Негізгі құралдардың объектісі алғаш танылған кезде өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Кітаханалар қорына енгізілген кітаптар, оқулықтар мен басқа баспалар олардың алғашқы түптеу құнын қоса алғанда атаулы бағасы бойынша ескеріледі.
әкімшілік немесе өзге жалпы жүкқұжат шығындары.
Негізгі құралдар объектісінің баланстық құнына енгізілетін шығындарды тану объект тікелей мақсаты бойынша қолдануға дайын болғанда тоқтатылады. Мынадай шығындар негізгі құралдардың баланстық құнына енгізілмейді:
объект жұмыс істейтін қалпында қолданысқа енуі тиіс немесе толық емес қуаттылыққа жұмыс істейді деген жағдайлармен туындаған шығындар;
объекті өндірісіне сұраныс артқан уақытта шегілген алғашқы операциялық шығын; және
мемлекеттік мекемелердің барлық лперацияларының бір бөлігін немесе барлығын ауыстыруға немес қайта ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар.