Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет18/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
2.Келесі кезеңдегі есеп
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті келесі есепке алу үшін мемлекеттік мекеме іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін немесе қайта бағалау бойынша есепке алу моделін қолданады және инвестициялық
жылжымайтын мүліктің барлық сыныбына осы модельді қолданады.
Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі: актив ретінде танылғаннан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін есепке алу
кез келген жинақталған амортизация мен шығындардың құнсыздану нәтижесінде жинақталған кез келген амортизацияны алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі (Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделін қолдану жөніндегі осы Ереженің «Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі» бөлімінің ережелеріне ұқсас).
3.Келесі кезеңдегі бағалау
Қайта бағалау моделі: актив ретінде танылғаннан кейін әділ құны сенімді өлшене алатын инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу кез келген жинақталған амортизация мен құнсыздану нәтижесінде жинақталған кез келген келесі шығындарды алып тастағанда, қайта бағалау мерзіміндегі әділ құнды білдіретін, қайта бағаланған құн бойынша жүргізіледі. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті қайта бағалау мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын қайта бағалауға ұқсас жүргізіледі.
Әділ құн бойынша есепке алу моделі бойынша инвестициялық жылжымайтын мүліктің барлық объектілері алғашқы танылғаннан кейін салыстырмалы нарықтық операциялар жиі жүзеге аспаған және әділ құнның баламалы бағалануы болмаған кезде, әділ құнды анықтау мүмкін болмаған жағдайды қоспағанда әділ құн бойынша бағаланады.
Қайта бағалау нәтижесінде активтер сыныбының баланстық құнының өсуі 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі;инвестициялық жылжымайтын мүлік құнының азаюы 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер бұрын активтер сыныбы құнының азаюы танылса, кейіннен қайта бағалауға байланысты активтің сол сыныбының құны өскен кезде құн азаюының қайтарылымы жүргізіледі.
2.Инвеститциялық жылжымайтын мүлік нысандарының есептен шығарылуы.
Егер мемлекеттік мекеме инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісіні қайта жаңартусыз есептен шығару туралы шешім қабылдаса, онда берілген объектіні оны тану тоқталғанға дейін оны қорларға ауыстырмайды, ал инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде ескеруді жалғастырады. Сондай- ақ егер мемлекеттік мекеме инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде әрі қарай қолдану үшін бар инвестициялық жылжымайтын мүлікті қайта жаңартуды бастаса, онда қайта жаңарту ішінде объекті активтердің басқа баптарына қайта жіктелмейді. Іс жүзіндегі шығындар моделі бойынша инвестициялық жылжымайтын мүлікті ескеретін мемлекеттік мекеме инвестициялық жылжымайтын мүлікті негізгі құралдар немесе қорлар санатына ауыстыруды объектілердің баланстық құнын, сондай-ақ ақпаратты ашу мен өлшеу мақсаты үшін осы объектілердің құнын өзгертпей жүргізеді.
Іс жүзіндегі шығындар бойынша ескерілетін негізгі құрал объектісін инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауыстыру жиналған амортизация мен негізгі құралдың құнсыздануы бойынша резервті есептен шығаруды ескере отырып көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті, 2320 «Ғимараттар» шоты қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебеті, 2522 «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және 2521 «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
Әділ құн бойынша ескерілетін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін негізгі құралдар санатына ауыстырған кезде осы ереженің «Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі» бөлімдеріне сәйкес келесі есепке алу үшін берілген активтің құны деп оның мақсатын өзгерту мерзіміндегі әділ құн болып табылады: Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімінің шоттарының тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының кредиті.
Әділ құн бойынша бағаланатын негізгі құралдарды инвестициялық жылжымайтын мүлікке ауыстыру мынадай тізбектермен көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 2320 «Ғимараттар» шотының кредиті; бір мезгілде ауыстырылатын объект бойынша жиналған амортизация 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының дебеті және 2320 «Ғимараттар» шотының тиісті қосалқы шотының кредиті бойынша есептен шығарылады. Бір мезгілде осы негізгі құралға қатысты таза активтерге/капиталға (қайта бағалауға резерв) енгізілген қайта бағалаудан құнның өсуі ағымдағы жылдың қаржылық нәтижесіне ауыстырылады: 5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв» қосалқы шотының дебеті және 5210 «Есепті жылдың қаржылық нәтижесі» шотының кредиті.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің шығып қалуы сату немесе басқа мемлекеттік мекемеге тапсыру жолымен жүргізіледі.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің шығып қалуы нәтижесінде туындаған кірістер мен шығыстар шығып қалудан таза түсімдер мен активтің баланстық құны арасындағы айырма ретінде анықталады.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік шығып қалған кезде алуға тиесілі өтеу әділ құн бойынша танылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет