Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 6. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің есебі



бет17/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
Тақырып 6. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің есебі.
Дәріс 11
1.Инвестициялық жылжымайтын мүлік.
2.Келесі кезеңдегі есеп
3.Келесі кезеңдегі бағалау
Дәріс 12
1.Инвеститциялық жылжымайтын мүлік нысандарының есептен шығарылуы.
2.Инвеститциялық жылжымайтын мүлкті түгендеу.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік.
Жалға беру төлемдерін алу немесе капитал құнын өсіру мақсатында иеліктегі (қаржылық жалдау шарты бойынша жалға алушының немесе меншік иесінің иелігіндегі) жылжымайтын мүлік (жер немесе ғимарат немесе ғимарат бөлігі немесе анау да, мынау да) ивестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады, бірақ:
өндірісте немесе тауарларды жеткізуде, қызмет көрсетуде, әкімшілік мақсаттарға қолдану үшін емес;
қалыпты шаруашылық қызметі барысында сату үшін.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде оларды жалға тапсырудан кіріс алуға арналған объектілер (ғимарат, жер немесе олардың бір бөлігі)
танылады.
Мыналар инвестициялық жылжымайтын мүлік болып табылады:
қысқа мерзімнен кейін сату үшін емес, ұзақ мерзімді перспективада
капиталдың өсімін алға арналған жер;
әрі қарай қолданылуы қазіргі уақытта әлі анықталмаған жер;
мемлекеттік мекемеге тиесілі (қаржылық жалдау шарты бойынша оның иелігіндегі) және шарт бойынша операциялық жалға берілген ғимарат;
бос емесе, бірақ сыртқы тараптарға операциялық жалға беруге арналған ғимарат.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік баптары болып табылмайтын, сондықтан Ереженің осы бөлімінің саласынан тыс мыналар болып табылады:
қалыпты қызмет барысында сатуға арналған немесе салу немесе сату процесіндегі сату мақсатында қайта жөндеудегі жылжымайтын мүлік қорлар ретінде қарастырылады;
мемлекеттік мекеме тапсырысы бойынша үшінші тұлғалар салатын немесе қайта жөндейтін жылжымайтын мүлік құрылысқа шарттар ретінде қарастырылады;
тек қызметтік қолданыста қолданылатын жылжымайтын мүлік (меншік иесі алып отырған);
құрылыс жұмыстары аяқталған сәтке дейін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде болашақта қолдану үшін салынып жатқан немесе қайта жаңартылып жатқан жылжымайтын мүлік. Мұндай жұмыстар аяқталғаннан кейін бұл жылжымайтын мүлік инвестициялық жылжымайтын мүлік болып танылады;
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің бухгалтерлік есебі дұрыс құжатты ресімдеуді және инвестициялық жылжымайтын мүлік түсімін есепке алу тізілімінде уақытылы көрсетуді, инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде қайта жіктелген немесе негізгі құралдардың объектілеріне қайта жіктелген жылжымайтын мүліктің ауыстырылуын қамтамасыз етуді қамсыздандыруы тиіс.
Мемлекеттік мекеменің инвестициялық жылжымайтын мүлігін
есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік»;
2520 «Инвестициялық жылжымайтын мүліктің жинақталған
амортизациясы мен құнсыздануы».
Инвестициялық жылжымайтын мүлік алғаш танылғанда өзіндік құны бойынша, яғни іс жүзіндегі шығындары бойынша бағаланады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің өзіндік құны сатып алу бағасын және оған жатқызылатын тікелей шығындарды қамтиды. Бұл ретте тікелей шығындар, мысалы: кәсіби заңды қызметтердің құнын, мүлікті тапсыруға салықтарды және басқа операциялық шығындарды қамтиды.
Инвестициялық жылжымайтын мүлікті сатып алу шоттардың мынадай корреспонденциясымен көрсетіледі: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және
мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
Қолдануға қабылданған көтерілген ғимараттар немесе құрылыстар немесе инвестициялық жылжымайтын мүлікті тану өлшемдеріне жауап беретін,
қайта жөндеуден кейінгі ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ «Негізгі құралдар» санатынан «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» санатына ауыстыру кезінде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 2510 «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» шотының дебеті және 2310 «Жер» шотының немесе 2320 «Ғимараттар» шоты қосалқы шотының кредиті.
Жылжымайтын мүліктің немесе оның қызмет көрсетуінің бөліктерін айырбастау, қосу мақсаты салдарынан шегілген шығындар инвестициялық жылжымайтын мүліктің баланстық құнына кіреді. Мемлекеттік мекеме баланстық құнда тану өлшемдерінің талаптарын орындауда, осындай шығындардың туындау сәтінде бар инвестициялық жылжымайтын мүлік
бөліктерін ауыстыруға шығындарды көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет