Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Негізгі құралдардың амортизациясы



бет15/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
1.Негізгі құралдардың амортизациясы.
Амортизацияны есептеу әдісі мемлекеттік мекеменің активтің экономикалық пайдасы мен қызметтік әлеуетін тұтыну сызбасын көрсетеді.
Активтің амортизациялық құнын жүйелі бөлу үшін оның пайдалы қолданылу мерзімі ішінде амортизацияны есептеудің түрлі әдістері қолданылады:
тозуды есептеудің біркелкі әдісі;
азаятын қалдық әдісі;
өнім бірлігінің әдісі.
Амортизация төмендегі мынадай негізгі құралдардың объектілеріне есептелмейді:
жерге;
мәдени мұра активтеріне;
жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, әрекет етуші және әрекет етпейтін модельдерге, макеттерге және кабинеттер мен зертханалардағы және оқыту және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
жануарлар әлемінің экспонаттарына (зообақтар және басқа ұқсас мемлекеттік мекемелерде);
кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына, мұражайлық және көркем құндылықтарға;
қару-жарақ пен әскери техникаға;
консервациялауға ауыстырылған активтерге.
Негізгі құралдардың амортизациясы ай сайын есептеледі.
Сатып алынған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу айдан кейінгі айдың 1-і күнінен бастап жүргізіледі.
Тозуды біркелкі есептеу әдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай тәсілдермен:
1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі.
Негізгі құралдардың тозу нормалары негізгі құралдардың (активтердің) құнын өтеудің нормативтік мерзімін көрсететін олардың қызметінің экономикалық мерзіміне сүйене отырып белгіленді және «Мемлекеттік мекемелердің негізгі құрал-жабдықтары (активтері) бойынша тозудың жылдық нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1308 қаулысымен бекітілді.
Негізгі құралдар амортизациясын есептеу 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
Егер негізгі құрал бір мезгілде амортизацияны есептей отырып бюджет қаражатының есебінен сатып алынса, осы актив жататын топты амортизациялау нормасы бойынша есептелген сомада күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан кіріске ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүзеге асырылады. Бұл ретте мынадай тізбек жүзеге асырылады: 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» шотының дебеті мен 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» кредиті.
2.Негізгі құралдардың құнсыздануы.
Негізгі құралдардың құнсыздануы 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың құнсыздануынан шығындарды қалпына келтірген жағдайда мынадай тізбекті жүзеге асырады: құнсызданудан бұрын есептелген шығын сомасының шегінде 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті және
7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті.
Негізгі құралдар объектілерінің құрылысын аяқтау, толық жабдықтау мен қайта жаңарту бойынша жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік мекеменің шығындары олардың құнын өсіреді. Бұл ретте егер мемлекеттік мекемеге болашақ экономикалық пайдалар алғашқы бағаланған нормалардан тыс түссе, кейінгі күрделі салымдар нәтижесінде негізгі құралдар объектілерінің баланстық құнын өсіру жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеме күрделі шығындарды 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Жөндеуге жұмсалатын шығындарды есептен шығару мынадай жазбамен көрсетіледі: 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар» шотының дебеті
және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.
275. Негізгі құралдар объектілерінің қалған құны немесе оны қолданудан немесе шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда немесе
қызметтік әлеует күтілмесе баланстан шығып қалу ретінде есептен шығарылады. Негізгі құралдар объектілерінің шығып қалуы түрлі тәсілдермен, (сату, қайтарусыз тапсыру, тарату жолымен) өтуі мүмкін.
Негізгі құралдардың шығып қалуы Қазақстан Республикасы
заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың сатылуын корреспонденциялармен көрсетеді:
бұрын бюджеттік қаржыландыру есебінен сатып алынған негізгі құралдарды сатқан жағдайда: 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті және баланстық құнға - Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде осы актив бойынша жиналған амортизацияның сомасына 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті. Бір мезгілде күрделі салымдарды қаржыландыру қалдықтарын есептен шығару жүргізіледі: 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының дебеті. Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған ұзақ
мерзімді активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады: 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының дебеті және 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті.
ақылы қызметтер есебінен, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмек ретінде бұрын сатып алынған негізгі құралды сатқан жағдайда: 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті және баланстық құнға - Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және осы актив бойынша жиналған амортизацияның сомасына - Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының кредиті.
Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады: 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті және 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының
дебеті.
Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бұл соманы қолданудың өзге тәртібі белгіленбесе, активтерді сатудан түсетін соманы мемлекеттік мекемелер бюджет кірісіне аударады және есепте көрсетеді: 1231 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының дебеті және 3131 «Активтерді сатудан түсетін кіріс бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.
Негізгі құралдардың жетіспеушілігін анықтаған кезде жазбамен оларды есептен шығару жүргізіледі:
жетіспейтін негізгі құралдар бойынша күрделі салымдарды қаржыландырудың қалдығы есептен шығарылады: 5011 «Күрделі салымдарды бюджет есебінен қаржыландыру» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.
жетіспейтін негізгі құралдардың баланстық құны есептен шығарылады: 7420 «Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар» шотының дебеті және 2300 «Негізгі құралдар» шоты тиісті қосалқы шоттарының кредиті.
жинақталған амортизация есептен шығарылады: 2391 «Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы» қосалқы шотының дебеті және Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының (жинақталған амортизацияның сомасына) тиісті қосалқы шотының кредиті.
Құнсызданудан бұрын есептелген резрв болған кезде, оның есептен шығуы шығып қалған ұзақ мерзімді активтер бойынша жүзеге асырылады: 2392«Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет