Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 7. Биологиялық активтердің есебі



бет19/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Тақырып 7. Биологиялық активтердің есебі.
Дәріс 13
1.Биологиялық актив.
2.Биологиялық активтің танылуы.
3.Биологиялық активтің бастапқы бағалануы.
Дәріс 14
1.Келесі кезеңге бағалануы.
2.Амартизация.
3.Есептен шығару.
4.Биологиялық активті түгендеу.
1.Биологиялық актив.
Биологиялық активтерге мыналар жатады – малдар немесе өсімдіктер.
Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда биологиялық активтер, ауылшаруашылық өнімдерінің және олардың алғаннан (жиналғаннан) кейінгі соңғы қайта өңдіру нәтижелері көрсетілген.
Ауылшаруашылық қызметі әртүрлі қызмет түрлерін қамтиды: мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, біржылдық не көпжылдық дақылдарды өсіру, бақтар мен плантацияларды өсіру, гүл шаруашылығы және аквамәдениет
(балық шаруашылығын қоса алғанда). Мынадай сипаттамалар ауылшаруашылық қызметінің барлық түрлеріне тән:
биологиялық активтер биоөзгеруге қабілетті болуы тиіс;
ауылшаруашылық қызметі басқарылуы тиіс;
биоөзгеруден болатын сандық және сапалық өзгерістер үнемі зерттеліп отырады және ауылшаруашылық қызметін басқару процесінің бір бөлігі ретінде өлшенеді (мысалы, жеміс пен жидектің пісу барысындағы сапалық өзгерістерді
не олардың мөлшері мен салмағын – сандық өзгерістерді бақылап отыру).
319. Биологиялық активтерді есепке алуға мынадай шоттар арналған:
2610 «Жануарлар»;
2620 «Көпжылдық екпелер»;
2630 «Биологиялық активтердің жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы».
2.Биологиялық активтің танылуы.
Биологиялық актив және ауылшаруашылық өнімі оны жинау кезінде тек мына жағдайларда танылады:актив өткен оқиғалар нәтижесінде қадағаланады;осы активтен болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу ықтималдығы бар;активтің әділ немесе өзіндік құнын жеткiлiктi сенімділік дәрежесімен есептеуге болады.
Ауылшаруашылық қызметінде бақылаудың болу дәлелі ірі қара малға заңдық меншіктік құқықтың болуы, сатып алу, туылуы немесе ажырауы кезінде оны таңбалау немесе өзгеше белгілеу болып саналады. Болашақ экономикалық пайда негізгі физикалық өлшемдер шамасына қарай бағаланады.
Ауылшаруашылық өніміне алғашқы тану сәтінде одан жиналған биологиялық активке қолданған бағалау әдісін қолданған жөн. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерді есепке алу тағайындалуына қарай «Негізгі құралдар» және «Инвестициялық жылжымайтын мүлік» бөлімдерінің ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Биологиялық активтерді сатып алу мынадай есептер корреспонденциясымен көрсетіледі: 2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының дебеті және 1080 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», 1090 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» шотының, 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті, 1041 «Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ», 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының кредиті.
Сатуға шығындарды алып тастағанда, биологиялық активті немесе ауылшаруашылық өнімін әділ құны бойынша алғаш тану кезінде, сондай-ақ әділ құнның өзгеруі нәтижесінде туындайтын қаржылық нәтиже кірістер мен шығыстар құрамына енгізіледі (6310 «Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер» шоты, 7410 «Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар» шоты). Шығыстар алғаш танылған кезде сатуға шығындарды шегеруге байланысты, ал кірістер, мысалы, төл төлдегенде туындауы мүмкін.
Өз шаруашылығында төлдеуден алынған жануарлардың жас төлі үнемі тұрақты әрекет ететін комиссия құрған төлдеу актісінің негізінде төлдеу күні кіріске жазылады, бұл ретте алынған төлдің құнына 2610 «Жануарлар» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Өсім немесе биоөзгерту процесінде алынған салмақ өсімі 2610 «Жануарлар» қосалқы шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Материалдық жауапты тұлғаның кінәсі бойынша жануарлардың өлімі болған жағдайда шаруашылыққа келтірілген залал Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғалардан өндіріп алынуы тиіс.
Биологиялық активтер алғаш танылған сәтінде және әрбір есепті кезеңге әділ құны бойынша биологиялық активтерді есепке алу кезінде әділ құнын анықтау мүмкін емес жағдайларды қоспағанда, сатуға қосымша шығындарды алып тастағанда әділ бағасы бойынша өлшенеді.
Биологиялық активтерден алынған ауылшаруашылық өнімі мемлекеттік мекеменің тұрақты әрекет ететін комиссиясы актісінің негізінде өнімді алу сәтінде анықталатын оның сатылуына қосымша шығындарды шегере отырып анықталатын әділ баға бойынша өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет