3.Биологиялық активтің бастапқы бағалануы. Нарықтық баға немесе басқа өзіндік құн көрсеткіші болмаған жағдайда биологиялық активті жиналған амортизация мен оның құнсыздануынан шығындарды алып тастағанда, өзіндік құн бойынша бағалаған жөн (іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі).
Биологиялық активтің әділ құнын сенімділіктің жеткілікті дәрежесімен бағалау мүмкіндігі болмаған кезде, сату бойынша болжамды шығыстарды шегере отырып, әділ құн бойынша бағалауға көшу керек. Жекелеген жағдайларда активтің өзіндік құны оның әділ құнына тең болуы мүмкін.
Егер биологиялық актив болжамды өткізу шығындары шегеріле отыра әділ құны бойынша бағаланса, бұл биологиялық актив есептен шығарылғанша бағалануы тиіс. Әділ құн бойынша бағалаудан өзіндік құн бойынша бағалауға көшуге, тек әділ құн бойынша бағалаудан нарықтағы бағалардың төмен түсіп кетуіне байланысты бас тартуға тыйым салынады.
Биологиялық активтерден алынған ауылшаруашылық өнімі «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының кредиті бойынша кіріске жазылады.
Биологиялық активті танығаннан кейін биологиялық активтерді іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу кезінде кез келген жиналған амортизацияны және құнсыздану нәтижесінде кез келген жиналған шығындарды алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
2.Амартизация. Биологиялық активтердің амортизациясын есептеу мынадай жазбамен көрсетіледі: 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті және 2631 «Биологиялық активтердің жинақталғана мортизациясы» қосалқы шотының кредиті.
3.Есептен шығару. Биологиялық активті бюджет қаражаты есебінен сатып алған жағдайда, биологиялық активтің амортизациясын есептеумен бір мезгілде осы актив жататын топты амортизациялау нормасы бойынша есептелген сомада күрделі салымдарды қаржыландыруды тұтынудан биологиялық активті сатып алуға күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүргізіледі. Бұл ретте мынадай тізбек жүргізіледі: 5010 «Күрделі салымдарды қаржыландыру» шоты қосалқы шотының дебеті және 6020 «Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер» шотының кредиті.
Жыл соңында мал өнімінің және малдың жас төлі салмағы құнының жоспарланған өзіндік құнына мынадай жазба жүргізіледі:
2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті, немесе
7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті және 2610 «Жануарлар», 2620 «Көпжылдық екпелер» шотының кредиті.
Биологиялық активтерді сату және беру негізгі құралдармен жасалатын операцияларға ұқсас ескеріледі.
Жемдеу аяқталғаннан кейін сойылған малдардың құны 7460 «Өзге шығыстар» шотының дебеті және 2610 «Жануарлар» шотының кредиті бойынша есептен шығарылады. Бұл ретте алынған өнімнің құны акті негізінде 1330 «Дайын өнім» шотының дебеті және 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті бойынша кіріске жазылады.
Материалдық жауапты тұлғаның кінәсі бойынша жануарлардың өлімі болған жағдайда шарушылыққа келтірілген залал заңнамада белгіленген тәртіпте кінәлі тұлғалардан өндірілуі тиіс.