Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет10/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
1.Дебиторлық борыштың есебі.
Шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.
Дебиторлық берешекті есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1220 «Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
1240 «Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1250 «Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар»;
1260 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»;
1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»;
1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер»;
1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв»;
2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»;
2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек»;
2230 «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер».
1210 «Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының қосалқы шоттарында заңды тұлғаларға, оның ішінде шаруа (фермерлік) қожалықтарына трансферттер мен субсидиялар және жеке тұлғаларға трансферттер төлеу бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу бойынша есеп айырысулар көрсетіледі.
Бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының 332 «Жеке тұлғаларға трансферттер» ерекшелігі бойынша көзделген жеке тұлғаларға жоғарыда көрсетілген трансферттерді мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аудару кезінде: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;
төмен тұрған бюджеттерге жалпы сипаттағы трансферттерді аудару кезінде: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті; жергілікті атқарушы органдар есептерінің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар»шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; төмен тұрған бюджеттерден пайдаланылмаған трансферттер сомасының түсуі: 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті;
бюджетке пайдаланылмаған трансферттер сомасын қайтару: 6090 «Қаржыландыруды бюджетке қайтару» шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті.
алушыларға нысаналы трансферттер аудару: 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1084 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1093 «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті;
ұсынылған есептердің негізінде нысаналы трансферттерді есептен шығару: 7210 «Трансферттер бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1212 «Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1213 «Нысаналы даму трансферттері бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті; жеке және заңды тұлғаларға субсидиялар төлеу: 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының дебеті және 1085 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», 1094 «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар» қосалқы шотының кредиті; субсидияларды есептен шығару: 7230 «Субсидиялар бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1214 «Жеке тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», 1215 «Заңды тұлғаларға субсидиялар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті. Мемлекеттік мекеменің ақылы қызметтерінен түскен сома 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ» қосалқы шотының дебеті және 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 2210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік мекеме дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу қорытындысы бойынша сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен шарттар бойынша күмәнді берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, түгендеу комиссиясы актісіне сәйкес қабылданған мемлекеттік мекеме басшысы шешімінің негізінде есепті кезеңнің аяғында тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу немесе жеткізудің мерзімі өтуі туындаған кезде резерв құрады: 180 күннен 1 жылға дейін – берешек сомасынан 50%-ы мөлшерінде; 1 жылдан астам - берешек сомасынан 100%-ы мөлшерінде. Күмәнді берешектер бойынша резерв құру мынадай тізбекпен көрсетіледі: 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының дебеті және 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының кредиті. Егер кейін, күмәндіге жатқызылған дебиторлық берешектің қайтарылуы жүзеге асырылса, онда күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтер құру жөнінде бұрын танылған шығысты мынадай тізбекпен қалпына келтірген жөн: 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебеті және 7450 «Резервтерді құру бойынша шығыстар» шотының кредиті.
154. Дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу
нәтижелері бойынша өндіріп алу үшін мүмкін емес мынадай:
1) дебиторлық берешек:
өндіріп алуға сот бас тартқан, оның ішінде талап ету уақытының өтіп кету себебі бойынша;
мүлкінің жетіспеуіне байланысты борышкерді таратқан кезде қанағаттандырылмаған, сондай-ақ тарату балансын бекіткенге дейін кредит беруші мәлімдемеген;
егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылса, егер атқару борышкердің жеке қатысуысыз жүргізіле алмаса немесе міндеттеме борышкердің жеке басына басқаша ажыратусыз байланысты болады.
Үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығару мынадай тізбектермен көрсетіледі:
егер бұрын күмәнді берешекке резерв құрылса – тепе-тең құрылған резервке: 1290 «Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв» шотының дебеті және үмітсіз берешек қосалқы шотының кредиті;
егер күмәнді берешекке резерв болмаса – шығыстарға: 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті және үмітсіз берешектің тиісті қосалқы шоттарының кредиті.
Дебиторлық және кредиторлық берешекті есептен шығару үшін негіздемелер болған кезде дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудің түгендеу актісіне анықтама жасалады, ол мынадай мәліметтерді қамтиуы тиіс:
дебитордың, кредитордың атауы, толық нақты заңды мекен-жайы, СТН, болған кезде бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН). Борышкердің мекен-жайы мен орналасқан орны белгісіз болған жағдайда оны іздестіру бойынша қабылданған шаралар (тіркелген жері бойынша салық органдарына өтініш, жергілікті атқарушы органдар және басқа) көрсетіледі;
берешек сомасы;
қандай баланстық шотта берешек есептелетіні, қандай міндеттемелер бойынша;
берешектің пайда болу күні;
берешекті растайтын құжаттар;
берешектің пайда болуына немесе уақытылы өндіріп алмауына кінәлі лауазымды тұлғалар;
регресті тәртіппен кінәлі есебінен шығын сомасын өндіріп алу мүмкін еместігі екені туралы дәлел;
борышты (дебиторлық берешекті) өндіріп алуға қисынсыз деп танудың толық негіздемесі (борышты өндіріп алу жөнінде қабылданған нақты шаралар, оның ішінде талап ету-қуыну жұмыстарын жүзеге асыру, берілген атқарушы құжаттары бойынша ақпарат; тарату комиссиясы шешімінің немесе борышкерді банкрот деп таныған жағдайда тарату балансын бекіту туралы сот шешімінің күні, нөмірі. Мемлекеттік мекемеге талап арызда бас тарту негіздемесін көрсетуден бас тартқан кезде, жоғары тұрған сот инстанцияларына сот шешімін шағымдану жөнінде қабылданған шаралар);
кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдау үшін себептер (негіздер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет