Мыңбаева Д. Е., Атенова К. А. «Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» пәнінен дәріс жинағы



бет11/45
Дата27.04.2023
өлшемі385,26 Kb.
#87492
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
2.Қорлар.
Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер және басқа мақсаттар үшін материалдарды, дәрі-дәрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын және жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті және басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.
Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бойынша сандық және сома түрінде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекеме:
құрылысқа байланысты шарттардың орындалу процесінде туындайтын аяқталмаған жұмыстарды, оның ішінде қызметтерді көрсетуге олармен тікелей байланысты шарттарды;
қаржы құралдарын;
ауылшаруашылық қызметпен байланысты биологиялық активтер мен егін жинау кезеңіндегі ауылшаруашылық өнімді;
өтеусіз көрсетілетін қызметтер бойынша немесе алушылардан тікелей нақтылы есесін қайтару бойынша аяқталмаған жұмыстарды қоспағанда қорларды есепке алу кезінде осы бөлімнің ережелерін қолданады.
Қорлады есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау және сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мәліметтерді алу болып табылады.
Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтардың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбаларымен салыстырады.
Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
1310 «Материалдар»;
1320 «Аяқталмаған өндіріс»;
1330 «Дайын өнім»;
1340 «Тауарлар»;
1350 «Жолдағы қорлар»;
3.Қорлардың танылуы және бастапқы бағасы.
Есепте қорлардың құны активтерді танудың белгілері орындалғанда ғана мойындалады: болашақта осы актив бойынша экономикалық пайда немесе сервистік әлеует алу мүмкіндігінің болуы, сенімді бағалау мүмкіндігі.
Қорлар мемлекеттік мекеменің шотында тек осы қорларға байланысты тәуекелдер мен активтерді иеленуден пайдалар осы мекемеге ауысқанда ғана көрсетіледі. Қорларға байланысты пайдалар мен тәуекелдердің ауысу сәтін анықтау қорларды есепке алу кезінде негізін қалайтын сәттердің бірі болып табылады. Бұл сәт оның шарттарын сөз ететін жеткізу шартымен анықталады.Мемлекеттік мекеме: басқа мемлекеттік мекемеден алынған - тапсыратын қорлардың баланстық құнын; қайтарусыз негізде үшінші тараптан алынған, - қорлардың әділ бағасын қорлардың өзіндік құны деп таниды. Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі: сатып алу: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті (қайтарымды немесе айырбастау ыдысын алып тастағанда, сатып алу бағасы бойынша); басқа мемлекеттік мекемеден түсім: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» (баланстық құны бойынша) шотының кредиті; демеушілік, қайырымдылық көмек немесе гранттар түрінде түсім: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті және 6050 «Демеушілік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» (әділ құн бойынша) шотының кредиті. Дайын бұйымдар мен баспа өнімі оның жасалуына жұмсалатын іс жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталған іс жүзіндегі өзіндік құн бойынша ескеріледі. Дайын өнімнің сомасына 1330 «Дайын өнім» қосалқы шотының дебеті және 8010 «Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар» шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Жолдағы қорларды тану мынадай жазбамен көрсетіледі: 1350 «Жолдағы қорлар» қосалқы шотының дебеті және 3210 «Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті. Қорлар мемлекеттік мекемеге түскенде мынадай жазба жүргізіледі: «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті және 1350 «Жолдағы қорлар» шотының кредиті. Егер қорлар тегін тарату үшін немесе атаулы бойынша тарату, тегін таратуға немесе атаулы құн бойынша таратуға жататын тауарларды өндіріс процесінде қолдану үшін сақталса, онда олар өзіндік құнның көлемдерінің ең азы бойынша және ағымдағы қалпына келтіру бағасы бойынша бағаланады. Егер қорлардың сақталу мақсаты өзгерсе, онда қорлар екі көлемнің ең кішісі бойынша: өзіндік құны және таза сатылатын құны бойынша бағаланады. 4.Қорларды түгендеу. Есепті жылдың аяғында жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісілген, мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде есепте егер өтелетін құн қордың баланстық құнынан төмен болса бар қорлардың құнсыздану фактісі тіркеледі. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері көрсетілуі тиіс. Егер бұл қорлар зақымдалса, толық немесе жартылай ескірсе қорлардың өзіндік құнының орны өтелмеуі мүмкін.
Қорларды таза сату құны бойынша баланстық құн есебінде көрсету қорлардың ағымдағы нарықтық құны мен қорлардың іс жүзіндегі құнының арасындағы айырма мөлшерінде қорлардың құнсыздануына резерв құру жолымен жүргізіледі.
Резерв құру 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті және 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының кредиті бойынша көрсетіледі
Егер келесі есеп жылының соңында қорларды өзіндік құннан төмен бағамен есептен шығаруды туындатқан жағдайлар әрекет етпесе немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруінің салдарынан таза сату құнының көтерілуінің анық айғақтары болса, есептен шығару сомасы қалпына келтіріледі (бұл ретте қалпына келтіру есептен шығарудың алғашқы сомасы шегінде жүзеге асырылады). Осы операция есепте 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының дебеті және 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Баланстан есептен шығарылатын қорлардың өзіндік құнын бағалау үшін мынадай әдістер қолданылады:
шығындардың ерекше сәйкестігі;
орташа өлшем құны;
ФИФО: бірінші түсім-бірінші демалыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет