3. Суреттеқандай препарат көрсетілген, препаратты дайындау кезеңдерін сипаттаңыз. 2-сурет – Дәрілік ұсақталған тамшыны дайындау:
Тамшуырдың (1) көмегімен таза, майсыз стаканның (3) ортасына бір тамшы су (2) жағылады, мұнда микроорганизмдер культурасы (5) бактериологиялық ілмек (4) арқылы енгізіледі, сұйықтық жайылып кетпейді (6), тамшы жабынмен мұқият жабылады (7 )
Билет 18 1.Бактериялардың өсу ерекшелігін атаңыз және олардың көбею жолдары мен кезеңдерін көрсетіңіз. Бактериялардың көбеюі мен өсу циклдері. Өсу деген ұғым жеке организмдердің биомассасының ұлғаюын білдіру үшін пайдаланылады. Бір клеткалы организмдердің өсуі олардың клетка санымен, яғни көбеюімен тығыз байланысты. Бұл - барлық прокариоттарға тән ерекшелік. Прокариоттардың өсуі олардың көбею жолдарымен, клетка циклімен және популяцияның өсуімен сипатталады.
Бактериялардың бөлінуі. Клетка бөлінуі хромосоманың (ДНҚ-ның) репликациясынан басталады. Ол 3 кезеңнен тұрады: репликацияға дейінгі (дайындалу), репликацияның инициациясы (басталу) және терминация (біту). Репликацияның бірінші раундынан кейін клетка бөліне бастайды. Оның 2 түрі бар: қарапайым бинарлы бөліну және бүршіктену арқылы бөліну. Қарапайым жолмен көбею іштей екіге бөлінеді: қалқаншаның түзілуі және клетканың тартылуы (созылуы) арқылы көбею.
Қалқаншаның түзілуі арқылы грам-оң және көптеген грам- теріс бактериялардың клеткалары бөлінеді. Бөліну кезінде клетканың ортасында цитоплазмалық мембрана біріне-бірі қарама- қарсы жақтарынан ішке қарай иіледі, сол жер қалқанша түзіле бастайды
Екі жактан өсіп келе жатқан қалқанша қосылғаннан соң, екі бірдей клетка пайда болады. Кейбір грам-теріс, мысалы ішек бактериялар (E.coli) тартылу арқылы бөлінеді. Клетка қабықшасы-ның элементтері бір уақытта ортасынан буыла бастайды, соның салдарынан клетка тартылады. Нәтижесінде жаңа екі клетка пайда болады.
Клетка бүршіктену жолымен көбейгенде, аналық клетканың бір немесе екі шетінде бүршік пайда болады. Бүршіктің мөлшері аналық клетканың мөлшеріне жеткенде, ол бөлініп кетеді. Бұл жолмен ашытқылар, кейбір бактериялар және Blastobacter мен Pasteuria туысына жататындар көбейеді. Бүршіктердің басқа да түрлері бар: кейбір фототүзуші Rhodopseudomonas туысына жататын бактериялардың аналық клеткасының бір полюсында жуан қысқа өсінді пайда болады, ал Hyphomicrobium және Rhodomicrobium туыстарына жататын бактериялар клеткаларының бір полюсында жіп-жіңішке ұзын гиф пайда болады, оның шетінде жаңа клеткаға айналатын бүршік өседі.
Клеткалық цикл. Организмнің пайда болуынан тіршілігінің жоғалуына дейінгі кезең онтогенез деп аталады. Бактериялар бір клеткалы болғандықтан, олардың онтогенезі клетка цикліне тең. Ал клетка циклі дегеніміз - клетканың бірінші бөлінуінен екінші бөлінуіне дейінгі кезең.
Дифференциациясыз өтетін клеткалық цикл вегетативті циклға жатады. Р.Виттенбери мен С.Дау бойынша (1977) вегетативті циклдің үш түрі бар: мономорфты, диморфтыжәне поиморфты.
Мономорфты цикл. Бұл циклде клетканың пішіні өзгермейді, сол калпында кала береді. Мысалы, таякша ішек бактериясы цикл барысында таяқша пішінін жоғалтпайды.
Кейде хромосоманың екі еселенуі мен клетканың бөліну арасындағы байланыс бұзылады. Сондықтан клеткада хромосоманың саны көбейеді. Мысалы, ішек бактерияларының клеткалары бөлінгенде, оларда 2-4 генетикалық хромосомалар пайда болады. Қолайсыз жағдайда хромосоманың саны бірге дейін азаяды.
Кейде қолайсыз жағдайда хромосоманың репликациясы дұрыс жүрсе де, клетканың екіге бөлінуі одан кешігеді. Мұндай жағдайда көп хромосомалы ұзын жіпше пішіндес клеткалар пайда болады.
Диморфты цикл. Қозғалғыш Кейбір грам-теріс Талшықтықтың клетка жоғалуы бактериялар диморфты циклмен көбе- Сабақтын йеді, бұл цикл са- пайда бақты Caulobacter: болуы Бөліну Сабақты туысына жататын клетка бактерияларда жақ- Сабақтың сы зерттелген. Кө- ұзаруы бею кезеңінде олар- Талшыктын түзілуі да қозғалатын (талшығы бар) және днк лык синтезінің синтезінің қозғалмайтын (саба- аякталуы басталуы ғы бар) клеткалар пайда болады. Бұл 65-сурет. Caulobacter туысына жататын клеткалардың екі бактериялардың диморфты циклі түрі де көбейе алады, бірақ олардың клеткалық циклдарында айырмашылықтар бар және сабақты клетка аналық болып саналады. Көбейген кезде клетканың сабақсыз жағы өседі де, талшық пайда болғанда аналық клеткадан ажырайды. Пайда болған жаңа қозғалғыш клетка өздігінен көбейеді. Алдымен ол талшығын жоғалтады, содан соң сабағы өсе бастайды. Нәтижесінде клетка алгашқы аналық түрге айналады
Полиморфты цикл кейбір бүршіктеніп көбейетін Hyphomicrobium туысына жататын бактерияларда кездеседі. Пайда болатын клеткалардың түрлері қоректік ортаға байланысты. Метанолда өскенде, екі түрлі клетка пайда болады: жіпше (гифа) тәрізді және сопақша бүршік тәрізді, ал метиламинде басқа екі түрлі клетка түзіледі: шоқ тәрізді және қозғалғыш
Полиморфты цикл Arthrobacter туысына жататын бактерияларға тән. Бұл циклде 3 түрлі клеткалар пайда болады. Қоректік заттарға бай орталарда таяқша түрінде өседі де кокк- тарға айналады. Қайта еккенде клеткалар кокк түрінде өседі немесе клеткаларға қайта айналады, Таяқша клеткалардан кейде римнің V санына ұқсас a түрлер пайда болады (67-сурет). Мұндай V-пішінді клет- 67-cypem, Arthrobacter crystallopoietes калардың пайда болу себебі тың V-пішінді клеткасынын пайда болуының сонғы кезеңі: а) майысқаннан клетканың бір жақты ұзару- бұрын; ә) майысқаннан кейін ында және клетка қабықшасы түзіле бастағанда, калқаншаның айырылуында.