Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет10/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Ет-пептонды сорпа (ЕПС). Ет суына 1% пептон мен 0,5% натрий хлоридын қосады.
Ет-пептонды агарды (ЕПА) дайындау үшін ЕПС-ға 2-3% агар-агарды қоса отыра балқытады.
Ет-пептонды желатин (ЕПЖ) микроорганизмдердің белокты ыдырату қасиетін анықтау үшін қолданылады. ЕПЖ-ды 10-15% желатин қосу арқылы дайындайды.
Сусло-агар (СА) зең саңырауқұлақтарды, ашытқыларды және басқа микроорганизмдерді өсіруде қолданылады. Сусло (сыра ашытқысы) құрамында көмірсулар, амин қышқылдары, В тобы витаминдері минералды тұздар және басқа пластикалық материалдар мен энергияның көзі болып табылатын заттардың көптеген мөлшері (20% дейін) болады.
Китта-Троцци ортасы (ЕПБС) анаэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған. Оның құрамында қоректік сорпа, 0,5% натрий хлориды, оттегін сорып алуға қажетті бауыр немесе бұлшық ет түйіршіктері болады. Ортаның рН-ын 7,6-7,8-ге жеткізеді.
Қоректік орта компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.
Агар-агар кейбір теңіз балдырларын сумен қосып қайнату кезінде пайда болатын экстракт.
Пептон – қышқыл ортада ферменттердің әсерінен толық ыдырамаған белоктардың өнімі.
Желатин – белоктан тұратын жануарлар желімі. Оны шеміршектерді, сүйектерді, сіңірлерді әбден қайнату арқылы алады.
Пайдалану мақсаты бойынша:

  • Универсальді-микробтардың көп түрлері өсе алатын орталар (ЕПА,ЕПС).

  • Дифференциалды-диагностикалық-бактериялардың бір түрін екіншілерінен ферменттік белсенділіктеріне немесе дақылдық қасиеттерінеқарап ажыратуға мүмкіндік беретін орталар (Эндо,Левин,Плоскирев,Гисс орталары).

  • Селективті- микроорганизмдердің белгілі бір түрлері ғана қажет ететін, басқаларының бір түрі ғана, өсіп,басқалары өспейді немесе баяулатады. Бұлорталар зерттелетін материалдан бактериялардың белгілі бір түрін бөліп алуға бағытталған.

  • Арнайы орталар- универсальді орталдарда өспейтін, не өте баяу өсетін бактерияларды бөліп алуға арнайы дайындалған орталаар.

  • Синтетикалық-химиялық құрамы қатаң бақыланып жасалатын орталар, бейорганикалық тұздарға көмірсулармен азоттың көзі ретінде химиялық байланыстар қосылған

  • Жартылай синтетикалық –синтетикалық ортағақандайда бір табиғи өнім қосылады,мысалы-қан сарысуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет