Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар



бет7/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Микропрепарат дайындау
Микроскопқа қажетті құрал-жабдықтар: заттық әйнек (заттық шыны), жабын әйнек, су, сапты ине, тамызғы (пипетка). Кез келген затты микроскоппен қарау үшін алдымен препарат (микропрепарат) дайындайды. Ол үшін заттық шыныға тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, оған көретін затты салады. Үстін жабын шынымен жауып, заттық үстелшеге орналастырады да микроскоппен қарайды. Көретін затты еш уақытта сусыз қарауға болмайды. Өсімдік жасушасының ішкі құрылысын микроскоппен қарауға ең ыңғайлысы пияздың мөлдір қабығы – пияз өңі. Препаратты микроскоппен қарағанда, бір-біріне тығыз орналасқан ұзынша пішінді жасушалар көрінеді. Жасушаның қабықшасы, цитоплазмасы мен ядросы анық көрінеді. Судың орнына йодтың судағы әлсіз ерітіндісін тамызса, ядросы қоңыр түсті болып айқын көрінеді.
Микроскоппен жұмыс істеу тәртібі:
1. Микроскоппен отырып қана жұмыс істеу керек. Оны үстелдің шетіне (5-8 см қашықтықта) орнықты етіп қояды. Жұмыс істеп болғанша микроскопты орнынан қозғамайды.
2. Қарайтын заттың дайын препаратын микроскоптың зат үстелшесі ортасындағы тесікке дәл келтіріп орналастырады.
3. Қозғалмалы айна арқылы заттық үстелшедегі препаратқа жарық түсірілуі тиіс (жарықтың түскен-түспегенін окулярға қарап бақылайды).
4. Бұрандамен зат анық көрінгенше көру түтігін ептеп қана жоғары немесе төмен қозғайды. Объективпен көретін заттың ара қашықтығы мөлшермен 1 см-дей болғанда, зат анық көріне бастайды.
5. Жұмыс істеп болған соң микроскопты қабына салу қажет.
6. Микроскопты түрлі химиялық реактивтермен қатар қоюға болмайды, бөлек таза шкафта сақталады.

Микроорганизмдер морфологиясы және жіктеу негіздері


Боялған микроорганизмдерді зеттеу.Боялған препараттардың дайындалуы келесі кезеңдер арқылы өтеді: жағынды дайындау, кептіру, фиксациялау, бояу. Жағынды дайындау Жағынды дайындау сатылары: Шыныны дайындау.
Шыныны майсыздандыру – салфеткамен тазалау.
Майсыздандырылған зат әнегінің астына қарандашпен dm-10-15мм болатын шеңбер сызады.
Бактериологиялық ілмекті спирт жалынында толық қыздырғанша ұстай отырып, залалсыздандыру.
Егер жағынды тығыз ортадағы микробтардан дайындалса, алдын ала шынының бетіне бір тамшы физиологиялық ертінді тамызу керек.

  • Бактериолгиялық ілгекті от жалыныңда қыздырамыз.

  • Зерттелетін заты бар пробирканы сол қолымызбен ұстаймыз, ұстаған кезде қоректік ортаның беті толық көрінуі керек, тығынды екінші саусақпен қысу арқылы ашамыз, пробирканың шетін міндетті түрде қыздыру керек.

  • Бактериологиялық ілгекті сауыттың ішкі жағына суытып, зерттелетін затты аламыз және пробирка тығынын жабамыз.

  • Микробты ертіндіге ерітеміз және біркелкі етіп шыны бетіне жұқа, диаметрі 1-1,5 см болатындай жағынды дайындаймыз. Препарат дайындалғаннан соң ілмекті спирт жалынында залалсыздандырып, орнына қоямыз.

  • Жағындыны ауада кептіреміз және спиртовка жалынында бірнеше рез өткізу арқылы фиксациялаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет