Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар


Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп



бет6/46
Дата23.12.2022
өлшемі2,43 Mb.
#59161
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
МИКРО ПРАктика 36 сағ 2022 ж

Жарық көмегімен ұлғайтатын микроскоп.
1. Окуляр. 2. Көру түтігі. 3.Объективтер. 4. Заттық үстелше. 5.Айна. 6. Табан. 7. Тұтқа.
8. Бұранда.



Микроскоптың оптикалық бөліміне жарық беретін аппарат, объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат үстелінің астында орналасқан. Ол жарық сәлелерін бағыттайтын жазық беті, ал жасанды жарықта оның ойыс беті қолданылады.
Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-дөңес, төменгі жағында екі жағы да дөңес линзасы болады. Осы линзалардың көмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық, сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. Жарықтың күшін азайту үшін конденсорды төмен түсіреді, ал жарықты көбейту үшін көтереді. Көз шалымының жарықталғандығын реттеу үшін конденсордың төменгі бөлімінде бекітілген диафрагманы да қолданады. Ол бір-бірін жауып тұратын жартылай шеңберленген металл пластинкалардан тұрады. Бұл пластиналар арнаулы рычагтың көмегі арқылы жарықтың өтуін көбейтеді немесе азайтады.
Объективтер құрғақ және иммерсионды болып екіге бөлінеді. Құрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы мен препараттың ортасында ауа қабаты болады.Препараттың шынысы арқылы өткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, толығымен объективке түспейді. Бұларды құрғақ объектив ретінде қолдансақ, көз шалымының жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты тудыру үшін зерттеуге алынған препараттың үстіне жарық сәулесін сындыру коэффициентіне жақын сұйықтықты қондырады. Осы сұйықтықтың тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі оптикалық орта құралады.Бұл жүйеде жарық сәулелері әлсіремей көз шалымын жақсы жарықтандырады. Иммерсионды сұйық ретінде бал қарағайдың майы, кейде вазелин майы қолданылады.
Окуляр тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр формалы метал қынабындағы жоғарғы көз линзасы мен төменгі жинағыш линзасынан тұрады. Окуляр тек қана объективтен алынған кескінді ұлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында көбейту таңбасы бар сан белгілері болады. Микроскоппен жұмыс істер алдында конденсордың жағдайы тексеріледі. Ол зат үстелінің деңгейіне дейін көтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл көтеріп, ең аз ұлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны айналдырып, көз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны зат үстелінің үстіне қояды. Револьверді бұрай отыра иммерсионды объективті жұмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің маңдай алды линзасын макровинттің көмегімен абайлап иммерсионды майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты препараттың көрінгеніне дейін көтереді. Микроскоптан көрінген кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бұрау арқылы (алға-артқа) реттейді. Жұмыс соңында тубусты микровинттің көмегімен көтереді. Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жұмсақ мақтадан тоқылған матамен сүртеді. Микроскопты ағаштан істелген қаптамаға салады немесе түсті шынылы қалпақтың астына қояды.
Қараңғы өріспен жұмыс істегендеконденсордың жоғарғы линзасына тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, конденсорды объективтің осіне дәл келтіреді. Осыдан кейін көз шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жүйесі арқылы реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет