Жағындыны фиксация жасау үшін зат әйнегінің от жалының жылының үстінен үш рет өткізеді. Фиксация кезінде микроорганизмдер зат әйнегінің бетіне жабысып,өледі, өңдеулер кезінде шайылып кетпейді. Аса ұзақ қыздыру жасуша құрлысын бұзуыда мүмкін.
Қарапайым және күрделі бояу әдістері. Қарапайым бояу әдістерін микроорганизмдердің формаларын анықтау үшін қолданылады. Бұл кезде жағындыларды қаптайдыда бір бояумен бояйды. Негізгі бояулардың ішінде көбінде негізгі, фенолды фуксинді, сафранинді, генцин күлгін қолданылады.
Күрделі бояу әдістерін жасуша құрлысы мен микроорганизмдердің дифференциясын жасауда қолданылады.
Күрделі және сонымен бірге универсиальді бояу Грамша бояу әдісі. Соған байланысты барлық микроорганизмдер грамм оң және грам терістерге бөлінеді.
Грам әдісімен бояу Бояу кезеңдері.
Жұғын-препаратты генцианвиолетпен бояу (2 мин, фильтр қағазы арқылы);
Бояу сүзгі қағазын алып тастау, қалған бояуды төгу;
Жұғын-препаратты Люголь ертіндісімен бояу (1 мин);
Люголь ертіндісін төгіп тастау және 96% спирттің бірнеше тамшысын тамызу (30-40 сек, шыныны сәл қозғау);
Спиртті сумен жақсылап шайып тастау;
Сулы фуксинмен бояу(2 мин);
Сумен жақсылап шайып тастау, сүзгі қағазымен құрғату;
Нейссер әдісі бойынша бояу әдісі (Волютин дәндерін анықтау үшін) Бояу кезеңдері:
Жұғын-препаратты Нейссердің сіркесу қышқылды сия көгімен бояу (2-3 мин);