Нағашыбек Қапалбекұлы,
жазушы, академик, профессор
ТҰЛА БОЙЫ ТҰНҒАН ӨНЕР
Нұрғиса – Алатау самалымен әлдилеп, Каспий толқынымен толғатып, Сарыарқа
жусанды бесігіне бөлеп, Алтайдың сыңсыған орманы ән салып, өмірге әкелген біртуар
перзентіміз.
Ұлы өзендердің басы мөлдір бұлақтан басталады. Нұрағаң да батырлар мен
ақындар елінде туды. Титтейінен жырдың пірі – Сүйінбай бастаған қара ормандай
әнші-ақын, жыраулардың ән-жырын, ертедегі қисса-дастандарды естіп өсті.
Күллі қазақтың абыз ақыны Жамбыл ата тізесіне сәби кезінде еркелей отырып,
қарт жыраудың домбыра қағысын үйренді.
Әкесі –Тіленді, жақын бауырлары Шортанбай, Қыдырқожа, Өмірәлі, Шаштайлар
аспандағы аққу үнін күйіне қосқан асқан күйші, шетінен жүректі үзілдіретін
сыңқылдаған шертпе күйлердің шеберлері еді. Нұрғиса – осылай әнмен оянып, күймен
бөленіп, уызында қазақ өнері бойына дарыған бірегей тұлға.
Ұлыны ұлы таниды. Сұңқарды сұңқар парлап ұшқан қанат қағысынан,
тұлпарды тұлпар жер тарпыған шалқар шабысынан таниды.
Иә, бес жасында Қарақыстақтан Алматыға көшіп келген әке-шешесі жұмысқа
шығып кетеді де, үйде жас бала жападан жалғыз қалады. Осы күнгі екінші шойын
жол вокзалы тұрған орында бәкене, тоқал тамның үстіне шығып алып, Нұрғиса
ертеден қара кешке дейін қалақтай үшқат домбырасын құшақтап, өзі үйренген күй
сарындарды тарта береді, тарта береді.
10
Жолай ары-бері өткіншілерден портфель көтерген бір кісі тоқтап, ылғи тыңдап
тұрады. Сол кісі бір күні бұған бұрылып келіп:
- Жүр, сені мен оқытайын, - деп жетектеген күйі Чайковский атындағы
музыкалық мектепке алып келеді. Мектеп басшылары салған жерден:
- Жасы жетпейді. Тәртіпті бұза алмаймыз. Келесі күзде болмаса, - дейді. Ахаң
көп сөзге жоқ, істің адамы. Ауырлап, бір сұрланып, бір қызарып отырып:
- Немене, мен сендерге көшеде ит қуып жүрген біреуді әкеліп отыр дейсіңдер
ме? Қой әрі, болашағы бар, екі ішектен күй төккен домбырашыны оқытыңдар, сауатын
ашып, музыкалық білім берсін деп келіп отырмын. Кейін дейсіңдер, кейін кеш
болады,-деді. Сосын ары-бері өтіп жүріп, домбыра тартып отырғанын жиі көретінін
және өзінің ықылас қойып сырттай тыңдайтынын жасырмай айтты. Артынша ол бір
күй тартып беруді қалады. Өжет мінезді бала киіз қаптан домбырасын алып, әкесінің
«Аққу» күйін тартып берді. Тыңдағандар таң-тамаша қалып, бастарын шайқады. Сөйтіп
оқуға қабылданады. Бұны ертіп әкелген кісі – атақты Ахмет Жұбанов еді.
Нұрғиса өнердің де, білімнің де әліппесін осында ашады. Ән-күйге іңкәр бала
1934-1940 жылдары Алматыдағы №18 мектепте, кейін №12 мектепте оқиды.
Бүркіт қыран болар балапанын құзар-шың басындағы ұясынан бүріп, шырқау
көкке алып шығып, төмен тастап кеп жібереді екен. Сонда нағыз қыран болар от
жүректі, болат қанаттысы ғана тез ес жиып, өжеттеніп, ту биікке қайта самғай көтеріліп,
қайсарланып, қасқайып ұшып шыға келеді. Сол ғана көк әлемнің дүлдүлі, алқара
аспанның ардағы – мұзбалақ қыран болады. Қырандар шыңға қонады, ешуақ
төмендемейді, ғұмыр бойы биіктей береді, алыс-алыс шалқар әлемге самғай береді.
Атақты ұстаздары Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Бақытжан
Байқадамов сияқты қазақ өнерінің корифейлері бала Нұрғисаны барынша баптады,
әлінше әлпештеді.
Өнерге талпынған Нұрғиса он екі жасында Құрманғазы атындағы халық
аспаптар оркестрінде домбырашы, он төрт жасында шәкірт дирижер болды. Мектептегі
оркестрді басқарып, республикалық, Бүкілодақтық сайыстарға қатысып, жүлдегер
атанып жүрді. Мәскеу төрінде де өнер көрсетіп қайтты.
Ал, 1943 жылы ел басына нәубет төнген кезде өзі сұранып, қан майданға аттанды.
Польша, Чехославакияда соғысқа қатысып, неміс жеріне аяқ басқанда соғыс бітуге екі
ай қалғанда қысқа мерзімді демалысқа туған жеріне жібереді. Ахмет Жұбанов қоярда-
қоймай сол кездегі республика партия ұйымының бірінші хатшысы Жұмабай
Шаяхметовке алып барып: «Жеңістің төбесі көрініп тұр, домбырашыға қатпыз,
Нұрғиса ауадай қажет болып тұр» деп қолқа салады. Ж.Шаяхметов Түркістан әскери
округінің бас қолбасшысымен тікелей сөйлесіп, майданға қайтып жібермей алып
қалады.
Кезінде Ахмет Жұбанов Нұрғиса ағамызды осылай әспеттеп, әлпештесе,
жақында Нұрағаңның жақын бауыры, дарынды әнші Ақан Әбдуәлиев өзі басқарып
отырған мектеп алдына Ахмет Жұбановқа ескерткіш орнатты. Бұл, ұлы ұстаз, өнер
саңлағы Ақаңның, Ахмет Жұбановтың қазақ еліндегі тұрғызылған тұңғыш ескерткіші
еді.
Атақты Мұқан Төлебаевтың қолдауымен Мәскеуге, атынан ат үркетін
Москваның консерваториясына оқуға түсіп, кіл сайдың тасындай өнердің қабат-қабат,
қатпар-қатпар қыр-сырларын терең меңгерді.
Ол кез жайлы Қалтай Мұхаметжанов былай деп естелік төгілтіп жазыпты:
«Әлі есімде, Нұрғиса Мәскеу консерваториясына оқуға келгенде сондағы әр
салада оқып жүргендердің рухани көсемі, ұстаз ағасы болдың. Қолыңдағы қоңыр
домбыраның өкпесін қабынта, өңешін суыра ел көшкендей аңырата жөнелгеніңді әп-
сәтте бізді бір басқа әлемге алып кететінсің. Пернесінен от шашып, шанағында
найзағай ойнаған қоңыр домбыра бар ма, жоқ па кім білсін! Бірақ, сенің дүлей
темпераментіңе қай домбыра шыдап қарық болды дейсің. Ол түгіл пианиноның өзі
11
саусағың тие бергеннен-ақ сарнап қоя беретін. О, заман-ай? Ол да бір сенің шойын
шайнап, шоқ бүркіп жүрген шағың еді-ау сабазым! Оқуыңды тамамдап, опера
театрынан бастап, Жамбыл атындағы филармонияның бас дирижері болған кезіңде
тұғырға қонысымен қыран қанатыңды бірде жайып, бірде бауырыңа алып, бүкіл
оркестрді жез бұйдалы тайлақтай жетелей жөнелгеніңде жауырыныңа дейін жыр төгіп
тұрушы еді-ау. Алпыс екі ағзаң күйге айналып, кей аспаптан жетім шыққан
дыбыстың мыңнан бір мөлшерін қалт жібермейтін қалқан құлағыңда қандай қияпат-
құдірет бары тек Алланың өзіне аян... Мұның барлығы сенің ұлылық сапарындағы
шарқ ұрған шағың болатын».
«Нұрғисаның әні, Нұрғисаның күйі» деген ұғым әбден етек алғанда құм
құндағында қалған Отырарды ояттың. Арғы заманда атаусыз қалған қаншама
музыкалық аспаптарға жан бітіріп, қан жүгірттің. Олар иесін тапты, сен киесін таптың,
көсегесін көгертіп, өркенін жайдың. Сен сол Отырарыңмен күллі әлемге халқыңның
музыка мәдениетінің інжу-маржанын шаштың» - дейді Қалағаң.
Иә, Нұрғиса 1952-61 жылдары опера және балет театрының дирижері, одан кейін
үш жыл қазақтың халық аспаптар оркестірінің бас дирижері, ал 1968-81 жылдары
«Қазақфильм» киностудиясы музыкалық редакциясының бас редакторы болып
қызметтер атқарды.
Н.Тілендиевтің атын аспанға шығарған, даңқын әлемге танытқан 1981 жылы өзі
ұйымдастырып, көркемдік жетекшісі болған «Отырар сазы» оркестрі қазақ өнерінде
ерекше құбылыс болды. Сыбызғы, қылқобыз, шертер, сазсырнай, нарқобыз, жетіген,
дабыл, асатаяқ, даңғыра, дауылпаз тағы басқа көне ұлттық аспаптарымызды зерттеп,
зерделеп, өң-рең беріп, тірілтіп, оркестрмен сахнаға алып шықты.
Халық ата-бабаларының қазақтың кең сахарасында жауһардай сақталған күмбір-
күмбір, күңгір-күңгір үн қатқан әуез-әуенді сағынып қалыпты, дүр сілкініп, зор
тебіреніспен қарсы алды. Ғажап дирижер, құдіретті күйші, қайталанбас композитор
екендігін танытты осы жылдары Нұрағаң. Жалпы Нұрғиса Тілендиев қазақ өнерінің
сан-саласын, көкжиегін кеңіткен сан қырлы, жойқын, сұрапыл дарын. Еш қалыпқа
симайтын өр талант!!!
Ол «Алтын таулар» операсының (1961, Қ.Қожамияровпен бірге), «Достық
жолымен» балетінің (1958, Л.Степановпен бірге), «Ортеке» балет-поэмасының (1957),
«Менің Қазақстаным» (1959) кантаталарының, оркестрге арналған «Поэма», «Ата
толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен», «Қайрат»,
«Жеңіс салтанаты» атты увертюралардың, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 19
көркем фильмге музыка жазды. Қаншама шәкірттер тәрбиеледі. Атақты композитор
Шәмші Қалдаяқовты жетектеп алып, Д.А.Қонаевқа алып кіріп, жағдай жасауын өтінген
де Нұрағаң еді. Әсет Бейсеуовтің өзіне де шығармашылығына да үнемі қамқор болып
жүрді.
Оның әндеріне Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев
бастаған қазақтың көптеген ақындары сөздерін жазды.
Әлем мойындап, күллі дүние жүзі қол соқты, өнері мұхиттардан, мемлекеттер
шекараларынан асып кетті. Мәселен анау-мынауға таңқала қоймайтын Кореяға 94
мемлекеттен өнер тарландары жиналып, үлкен фестивальда сайысқа түсті.
Қазақстаннан барған «Отырар сазы» оркестрі 9 жүлденің алтауын жеңіп алды.
Кенеттен кәрістер Нұрғисаға 4 бөлімді «Корей халқының жұлдызы» атты симфониясын
орындайтын 126 адамдық мемлекеттік симфониялық оркестріне бас дирижерлік етуді
ұсынды. Бұл симфонияның партитурасын бір түнде қарап, кейбір жерлеріне түзетулер
енгізіп, келесі күні ғана репетициядан кейін сахнаға шықты. Ең соңғы концерттің
бірінші бөлімін «Отырар сазы» оркестрі аяқтап, сол концерттің екінші бөлімін
орындауға Кореяның мемлекеттік симфониялық оркестріне дирижерлық етумен
шыққандағы толқынысы шексіз еді. Симфониялық оркестр ұжымының таңданысында
шек болмады.
12
Кәрістер дүр көтеріліп, ұзақ уақыт қол шапалақтап тұрып алды. «Махамбетті»
орындағанда тіпті шалқып кетеді. Міне, өнер құдіреті деген осы.
Неміс Клаус Шнайдер 1978 жылы былай деп жазды: «Бұл адамның, осынау
алқынып, терін сүртіп тұрған адамның тұла бойы толған музыка ма дерсің. Мен оны
музыкадан жаралған жан деп атаған болар едім. Ол деген оркестрмен бірге атта
шауып бара жатқан секілді, ноталардың үстімен, аспанда, тауда, даламен құйғытып
бара жатқандай».
Үнді жігіті гитарамен «Құстар әнін» сызылтты.
Нұрағаң өнері әлемді шарлап кетті, биіктеп кетті; әлемді мойындату – ұлы іс,
жанкешті еңбек, төгілген тердің төлеуі, асқан дарын жемісі.
Егер Нұрағаң жазған әрбір ән-күй, шығармасы жайлы айта берсек, оның
әрқайсысы бір-бір том монографияға лайық байтақ дүние.
Н.Тілендиевтің өнері мен өміріне Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрдайым
қамқорлық жасап, еңбегіне әділ баға берді. «Халық Қаһарманы» атанған Нұрғиса
Қарасай бабасының 400 жылдығына арналған салтанатта шабыттана өнерін паш етті.
Бұл ұлы жүректің соңғы сәттерінің бірі еді, сахнаға соңғы шыққаны еді.
Сол жазда Нұрағаң туған өлкесін сағына аралады. Мені ертіп, Атабай атты
сайды көріп, мөлдір бұлағынан су ішті, кәусар ауасымен кеуде кере дем алды. Соңғы
кездері «Жамбыл ата, Жәкем жарықтық жанынан екі құлаш жер беріңдер, Жәкеңнің
қарауылы боп жатайын» - дегенді талай естіген едік.
Бірінші сәуір - құстар жылы жақтан көктемді қанатына ілестіріп келе жатқан
көкмұнар шақта туып, қоңыр күзде – құстар шуылдап, сыңсып қайта қайтқан шақта
бұл дүниеден озды қайран әз Нұраға.
Жамбыл ата мавзолейі жанына ән-күй жүректі ұлы тұлға мәңгілікке қоныстанды.
Нұрғиса ағам көзі тірісінде айтқан өсиетнамасы бар:
«Қазақты мендей сүйетін адам болса, қазақ жаман болмас еді. Мен қайтқанда
халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады. Мен елдің рухын көтеріп кетуім
керек. Сол үшін де жаратылғанмын».
Нұрғисаны Жамбыл ата мавзолейі жанына жерлеп жатқанда «Отырар сазы»
күңіреніп, күймен қоштасып тұрды. Ғажам құбылысты жоқтап, Алатау өз күйлерін
зарлатты.
«Гүл өскен жерге гүл өседі». «Ат тұяғын тай басады» демекші оның бүгінгі
жетекшісі, бас дирижері Динара – Динзухра Нұрғисақызы Тілендиева.
Динара-Динзухра Н.Тілендиевтен қалған жалғыз тұяқ. Динараның анасы Дариға
Тілендікеліні де өнерде өз орны бар белгілі актриса, композитор, Қазақстанның еңбек
сіңірген әртісі, домбыра тартып, ән салады. Міне, осындай талант иелері отбасында
дүниеге келген Динара-Динзухра жастайынан музыка әуенімен тербетіліп, музыкамен
оянып, музыкамен сусындап, музыкалық сазды әуенді бойына сіңіріп өсті.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Динара-Дінзухра басқарған «Отырар
сазы» оркестрі әлемнің талай-талай жерлеріне сапар шегіп, өнерлерімен қазақ елін
таныстырып, риза етіп жүр.
Нұрғиса – елінің мәңгі жүрегінде. «Отырар» сазы – елдің ақ тілеуінде.
13
Пернебек Момынұлы,
Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА
профессоры, музыка зерттеуші,
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
Композитор, шебер орындаушы, дирижер, СССР Халық артисі,
Мемлекет сыйлығының лауреаты, Ел қаһарманы Тілендиев Нұрғиса
Атабайұлының 90 жылдығына арналған естелік сыр
НҰРҒИСА СЫЙЛАҒАН РОЯЛЬ...
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан атадан-балаға беріліп келген алтын рухани
қорын бір ретке келтіріп, «Қазақ халқының 1000 әні» деген атпен әлемге паш еткен
Қазақстанның тұңғыш Халық артисі Александр Викторұлы Затаевич 1924 жылы қарашада
баспаға дайындалған қолжазбасының 5,5 парақтан тұратын «Автордың алғы сөзінің»
соңында былай деп аяқтайды: «Осы ұсынылып отырған еңбегімді дайындауды бірде-бір
қадамсыз ішкі жан дүниесінің ұжымдық шектерінен бастап халыққа деген
сүйіспеншіліктен туған жайлар аса мейірімді және дарынды қазақ халқымен менің
өмірімді жақындастырды. Бірақ та мен шалмын, барлық болашақ сендердікі. Әй жігіттер,
өздеріңнің ұлттық рухани байлықтарыңды зерттеңдер, көбейтіңдер, сақтаңдар,
дамытыңдар және оларды әшекейлеп жалпы адамгершілік мәдениет деңгейіне
талаптанудасыңдар, иә солай шарықтайды, халық байлығынан жаңарған және гүлденген
қазақтың музыкасы!» - деп халқымыздың дарынды болашағына жетіңіздер деген өсиетін
болашақтың Қорқыттары, Әбунасырлары, Құрманғазылары, Дина мен Күләштары,
Құрманбектері, Мұқан Төлебаевтары, Ахметтері әрі Шәмшілеріне айтқан тілек –
өсиеттерін орындағанын байқаймыз. Осы айтылған халқымыздың дарынды ұлдарының
бірі – Нұрғиса Тілендиев болса керек. Ол Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер
ауылында дүниеге келіп, 5-6 жасынан домбыра тартуға әуестеніп, шеберлігін арттыра
түседі. Ауыл топырағын басып, шаңқытып өскен Нұрғиса мектептегі, ауыл-аймақ, аудан-
аралық домбыра жарыстарының жүлдегері болып жүріп, қазақтың дарынды балаларын
іздеп жүріп, Ахмет Қуанұлы Жұбановтың жаңа ұйымдасқан халық аспаптар оркестріне
шақырылады. Нұрағаның өнерге деген арманы осылай орындалады.
1949-1950 жылдар Алматы консерваториясының студенті, 1950-1952 жылдары
Мәскеу
консерваториясының
дирижерлік
факультетінің
студенті,
профессор
Н.П.Анасовтың класы бойынша.
1952-1961 жылы опера және балет театрының дирижеры, 1960-1964 жылдары
Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, 1968-1981
жылдары «Қазақфильм» киностудиясының музыка редакциясының бас редакторы, 1981
жылдан өмір жолының соңына дейін «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық
оркестрдің ұйымдастырушысы, бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі.
1980 жылдың аяғында Корея мемлекетінің астанасы Пхеньянда өткен халықаралық
халық ансамбль, оркестрлердің жарысына қатысқан «Отырар сазы» оркестрі өзінің
ұйымдастырушысының басқаруымен 50-ге таяу өнер ұйымдармен жарыста 1-ші орын –
«алтын медаль» әрі дипломын, дирижерлік шеберлігі үшін Нұрғиса Атабайұлы да
жекелеген «алтын медаль» жүлдесіне ие болғандықтан президент Ким Ер Сеннің
тілегімен 500-дей орындаушылардан тұратын Мемлекеттік симфониялық оркестр мен
фестивальдің жабылу салтанатына дирижерлік ету, дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің
үлесіне тиген болатын-ды. 1999 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бұл адам – нағыз қаһарман, ол өзінің әндерімен,
күйлерімен қазақ халқының рухын асқақтатып келді. Мен дәл бүгінгі заманда
Тілендиевтен асқан домбырашыны көрген жоқпын», - деп композитор өнер қайраткерінің
көкірегіне «Халық Қаһарманы» белгісін тағып тұрып айтқан болатын-ды.
14
«Еркін төгілген әсем әуен, сымбатты ырғақ, нәзік лиризм, азаматтық пафос пен
динамикалық серпін – Тілендиев шығармаларына тән қасиет», деп баға берілген (ҚазССР
қысқаша энциклопедиясында, 594-бет). Дарын қаламынан «Алтын таулар» (1961)
операсы, Қ.Қожамьяровпен бірлесіп, «Достық жолымен» (1958) балет, Л.Степановпен,
«Ор теке» поэмасы (1957), «Менің Қазақстаным», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман»,
«Махамбет», «Көш керуен» поэмалары, «Халық қуанышы», «Қайрат» увертюралары, 400-
ге тарта ән, романстар, 50-ден астам сахналы драмаларға музыка, 20 шақты көркем
фильмдерге музыка, солардың ішінде – «Қыз Жібек», «Қиялы өзен», «Менің атым -
Қожа», 17 мультфильмдерге музыка жазды.
Ән қанатында қалқыған сүйіспеншілік құдіретімен қауышқан кешегі жастар,
бүгінгі ересек аға-апа, ата мен әженің санасында сақталған: «Әке туралы жыр»
М.Шахановтың сөзі, «Куә бол», Т.Молдағалиевтің сөзі, «Сөнбейді әже шырағың», «Әже
туралы ән» сөзі Қ.Мырзалиевтікі, «Саржайлау» сөзі М.Мақатаевтікі, «Құстар қайтып келе
жатыр» сөзі Т.Молдағалиевтікі, «Алатау», «Ақ жайық», «Ақ құсым» т.б. әндер болашақта
да айтыла береді демекпіз. Оның себебі, ән өнерінің халықтың музыкалы-эстетикалық
мәдениет
дәрежесіне
жеткендік
заңдылығында
болса
керек.
Нұрағаң
өз
шығармашылығында Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыздың еңбектерінде, - «музыканың
адамға емдік қасиеті, жағымды әсері барлығын жан-жақты дәлелдей келіп, сондай-ақ
оның адамның жан-дүниесіне әсер етіп, тәрбиелік мәні бар», - деп ғылыми тұжырымға
келгенін біздің замандасымыз Нұрғиса Атабайұлы ананың ақ сүтімен дарыған құдіретпен
дәлелдеп отыр. Қазақтың ән мәдениетінде бұрын-соңды көтерілмеген, басқа халықтарда
да сирек кездесетін «Әке» тақырыбын 1950 жылдары бірінші болып, ән қанатында
серпілтіп, миллиондаған жастар «әкеге құрмет», «әке арманын» асқақтатып, әнге
шарықтатқалы 70 жылдан асады, әр үйде той-жиында ауыл-ел қуанышында айтылмай
қоймайды. Сол секілді басқа да әндерінің тақырыбы, аты, мазмұны, дауысқа
ықшамдылығы, құрылысы, әдемі көркемдігімен музыкалы-эстетикалық адамға күш-қуат
беретін заңдылығының жоғары дәрежелігінен болып тұрған құбылыс, - деп түсінген
дұрыс демекпіз.
ХХ ғасыр соңында дүниеден өткен қаһарман ағамыз өзін өсіріп тәрбиелеген,
мәпелеген халықтың азаттық, егемендік елдігінің болашағына, оның жақсы
болатындығына кәміл сенемін, - деп «Қазақты мендей сүйетін адам болса, бұл қазақ
жаман болмас еді. Мен қайтқанда халқым жоқтау айтпайды, әнмен шығарып салады. Мен
елдің рухын көтеріп кетуім керек. Сол үшін де жаратылғанмын», - дейді халқының ұлы
перзенті дәрежесіне жеткен ұлы. Абайдың сөзіне жазылған «Абайдың арманы»,
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Әке туралы жыр» ән-романсының бағасы жоқ,
шоқтығы биік музыкалы-эстетикалық, педагого-психологиялық құдіреті мол бүгінгі әрі
болашақ ұрпақтың да санасында мәңгілік болатын, тәрбиелік пәрменділігі арта
беретіндігіне кәміл сенеміз.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Адамның бір қызығы бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
15
«Әке туралы жыр»
Сөзі М.Шахановтікі
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен,
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасын.
Арманның асқарына құлаш ұрсам,
Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір болса соның жолдасымын.
Қуан сен, қуана бер, әкетайым,
Мен сенің өміріңнің жалғасымын.
Нұрағаның қара роялы
Ағалық пен ініліктің қарым-қатынасының арқасында аса дарынды тұлға Нұрғиса
Атабайұлымен мен жиі, айында бір-екі рет басымыз қосылып, өнер, мәдениет, музыка,
өсіп жатқан болашақ ұрпақ жайлы пікір алысып еңбектеніп өсіп жаттық. Сол күндердің
бірінде, - Әй бала! Сен менімен хабарласпай неғып отырсың, мынау ағаң, жеңешең
екеуміз қиналып отырмыз. Қасиетті ағамыз Асанбай Асқаровтың ұсынысы бойынша, -
«мынау 8 қабатты үйдегі пәтеріңді Карл Маркс пен Киров көшелерінің бұрышында жаңа
бой көтерген үйден 4-5 бөлмелі, кең пәтерге ауыстырып ал», - деп бұйырғаннан соң,
амалым жоқ соған көшіп жатырмыз, - деді де: - Барып қарасам – 2 қабатта екен зәулім
жатқан бір дене, көп ойға шомылып, бұл кімдер үшін, мен үшін деген сұрақтар ойға келіп,
әлде болашақ үшін бе, - деген ойға тоқталып айналып дарабоз ағадан, менде мәңгілік
емеспін, бола қалған жағдайда «мұрағатты болсын», - деп шешкені екен ғой, - деген
қорытындыға келіп, көшіп жатырмыз, сен тыңдап тұрмысың ба? «О» - айналайын, - деп
бір тыныстанып алып, - Бізге көшуге қиын болып тұрған мынау қара дәу күй сандық –
(концерттік роялы болатын), - деп бір күрсініп тоқтағанды пайдаланып, - Нұр аға Сіз оған
неге қиналасыз, өткен жылы композитор Евгений Брусиловский Мәскеуге көшіп жатып,
үйіндегі қара пионинасын бір орта орыс мектебіне тегін беріп кетіпті емес пе? Сіз бен біз
академик Ахмет Жұбановтан дәріс алып өсіп жетілдік қой, шәкірті болдық. Анау
концерттік роялдың рахатын көріп, оның құнын қаншама рет музыка жазып қайтардыңыз,
- деп болжаймын. Сондықтан қиналып қайтесіз көке, мен басқарып отырған Ақанның
атындағы 11-жылдық дарынды қазақ балалары оқитын музыкалы мектеп-интернатқа
беріңіз, мен оқушыларыммен 8-қабаттан өзіміз түсіріп әкетеміз, мектепке сыйға тартыңыз
аға, - деп ұсыныс аузымнан шығысымен, - Әй бала! Тоқтай тұр, мынауың керемет ұсыныс
болды, айналайын сенің ойыңнан, мен саған ертең келемін ақылдасайын, - деп сөзіміз
аяқталғанды. Ертеңіне таңғы он шамасы. Телефон шыр ете қалды. Жүрегім сезіп тұр, бұл
Нұрағаң болар деп көтерсем, - Әй бала! Сен кетіп қалма, мен қазір саған келемін, - деп
телефонды қойды.
Аға мен жеңешемнің шешімі оңды болды ғой деген пікірге келіп, Нұрағаңның
айтар ойымен жеке тыңдамай, пионерлер, комсомолдар мен партия, кәсіпорын
16
басшыларының басын қосып, оларды бір бөлмеде отырғызып, - қазір қасиетті аға
аталарың Нұрғиса Тілендиев келеді, біздерге айтар үлкен жаңалығы бар, соны бәріміз
бірге тыңдаймыз, - деп шештім.
45-50 минутте апыл-ғұпыл, ағаның жүріс-тұрысы көңілді, есіктен кіре бере, - Әй,
жас директор! Мені тыңда, саған менің Дақаң екеуміздің үлкен айтар хабарымыз бар, -
дегенде, - Аға азғана тұра тұрыңыз, сіздің жақсы хабарыңызды музыкалы мектеп
интернаттың оқушылар мен ұстаздар ұжымдарының басшылары тыңдайтын, дегенше, 15-
20 оқушы, ұстаздар кабинетке кіріп, отырып жайғасқан соң: - Қымбатты пионер,
комсомол, партия, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері! Мектебімізге жақсы хабармен
құрметті қонағымыз атақты композитор ағамыз, Ахмет Жұбановтың шәкірті Нұрғиса
Атабайұлы Тілендиев келіп отыр, бәрімізге арнап айтары бар екен, - деп Нұр ағаға сөз
берілді:
- Айналайын балалар! Аханның атындағы арнайы музыкалық мектептің
оқушылары мен ұстаздары, мына жерде жас болып, мына отырған сендердің
директорларында Аханның шәкірті. Кеше ғана директорларын маған ұсыныс айтып, сол
ұсынысты қуана қабылдаған мен сендердің алдарына келіп тұрғаным сол себепті,
халқымның болашақ мәдениет өнер мамандары сендерсіңдер, оны сендер жақсы түсінетін
боларсыңдар. Менің тұрып жатқан пәтерім 8-ші қабатта болып, сол пәтерден басқа жаққа
көшіп жатырмыз, кезінде сол пәтерге концерттік рояльды кран арқылы көтеріп кіргізген
едік. Сол рояльды шығаруға әуреленбей-ақ қойыңыз, екеуміз де Аханның шәкірті болып
өстік емес пе? Біздің мектепке сыйлай салыңыз, өзіміз оқушыларымызбен түсіріп,
мектептің игілігіне пайдаланамыз, - деп айтқан ұсынысты қабылдап, қаншама жыл менің
жан сырымды сусылдатып, құдірет күш-қуат берген роялымды менің ұстазымның
атындағы республикалық арнаулы 11-жылдық қазақ музыка мектеп-интернатқа сыйға
тартуға шешім қабылдадым, директорларын айтқандай өздерің бүгіннен бастап менің
күйсандығымды өздеріңе деп алып кетулеріңе болады, - деп хабарын аяқтағанды.
Айтылған сыйлыққа 2-3 оқушылар рахметтерін айтып, сіздің берген
сыйлығыңызды көзіміздің қарашығындай сақтап, аспапты ойнау шеберлігімізді дамыта
келе, сіздердің, аға буынынң атақты шәкірті болуға уәде береміз, - деп тарасқанбыз.
Сыйға берілген концерттік роялдың көлемі мен салмағы, оның ұзындығы жағынан
8 қабатпен 7 қабатқа сүйреп түсіру қиямет- қайым қиындыққа тіреліп, пианиноны
жөндейтін шеберлердің көмегімен рояльды бірнеше бөлшектерге бөліп барып,
шеберлердің көмегімен аяғына тұрғызған болатынбыз.
Рояль аман-есен жинақталған соң Нұр ағаға хабарластым, - аға, өзіңіздің өміріңізге
күш-қуат берген қасиетті күйсандығыңыз, сырласыңыз аяғына тұрды, шеберлердің
көмегімен.
Болған істің мәдени бағасы жоқ сыйлығыңызды, 360 оқушылар мен 180 оқытушы-
ұстаздар да естіп, оған ата-аналар қосылып, сізді жеңешем екеуіңіздің өнер тарихымызда
кездеспеген жомарттың оқиғаға таңданып, маған құттықтау айту күн санап көбеюде
ағажан! - деп қуантып ұжымның рахметін жеткізгендей болдым да, - аға өзіңіздің
сыйлаған сыйыңызды болашақ ұрпаққа беретіні әлі алда емес пе? Сіздер мен біздер
Ақанның әруағы қолдап атқарылған істер ертең-ақ тарих қойнауына жетері хақ! Сол
себепті, өзіңіздің берген сыйыңыздың алғы бетіне өзіңіздің жүрегіңізден шыққан маржан
сөздерді жалтыраған күміс темір тақтайшаға жаздырып, шегелеп қойсақ қайтеді, соны
қолдайсыз ба? – деп едім, - Әй, бала! Қасиетті інім, бұл айтқан ұсыныстарыңызды неге
қолдамасқа? Бұл дегенің рояльды көрген адам, онда ойнаған балалар мен ұстаздарға; -
«мынау Жамбыл бабаның ұрпағы, өнер қайраткері Нұрғиса Атабайұлының сыйға тартқан
күйсандығы», - деп тұрмай ма? – деп қуана сөйлеп, ертең сол тақтаға жазылатын
сөздерімді алып келейін, - деп уәделесе келе, телефонды орнына қойған болатынбыз.
Келесі күні мектепке бір емес екі өнер, мәдениет қайраткерлері халық ақыны
Хамит Ерғалиев, СССР Халық артисі, композитор Нұрғиса Тілендиевтер рояльға
жазылатын мына төмендегі сөздерді маған табыстаған болатын.
17
«Ғұлама ұстазым Ахмет Жұбанов атындағы мектепке, жүрегімнің сиқырлы кілтін
ашқан сырдескі роялімді сыйға тартамын! Бұл ұядан қияға қырандар шырқап ұшар
болғай!».
Нұрғиса Тілендиев: қыркүйек 1978 ж.
«Концерттік рояльдың» мектеп қабырғасына келіп жатқан кезеңде, академик, Қазақ
ССР-ның Халық артисі, ұстаз, композитор, мәдениет қайраткері Ахмет Қуанұлы
Жұбановтың (1906-1968) атына арналған «мұрағат-класс» ашылуы даярланып жатқан
болатын.
Екі шәкірттің іс-әрекетінің нәтижесін жоспарлай келе, «концертте рояльды сыйға
тартып, табыстау мен қабылдау салтанатына қоса академик, композитордың «мұрағат
класын» ашуды біріктіріп өткізуді, оқу министрі Кенжеғали Айманов пен оның
орынбасары Шиап Сағындықовтардың келісімін алып, арнайы күнге қонақтарды, ақпарат
қызметкерлерін, радио, телехабар мен газеттер арқылы хабарламалар қызу жұмысқа
кірісіп-ақ кеткенді.
Музыкалы мектеп-интернаттың концерт залы қонақтарға лық толды, ақпарат
қызметкерлерінің қолдарында микрофондары, Нұрағаны қоршап алған бірінен соң бірі екі
тілде, - өзіңіздің жан досыңыз болған рояліңізді қалай тегін қиып мектепке бере
салдыңыз? Шешіміңізді қалай түсіндіресіз? т.б. сұрақтар беріліп жатты.
Сахнада 60-70 оқушылардан құралған қазақтың ұлттық аспаптармен оркестр
жайғасқан.
- Қымбатты достар, қонақтар! Бүгін сіздермен бірге академик Ахмет Жұбанов
атындағы республикалық дарынды балаларға арналған арнаулы музыкалы қазақ мектеп-
интернаттың оқушылары мен ұстазлар ұжымдарының біріккен салтанатты кешіне
келгендеріңізге ризашылығымызды білдіре келе, СССР-дың Халық артисі, композитор,
шебер орындаушы, дирижер Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің музыкалы мектеп-
интернатқа сыйлап отырған концерттік рояльды табыстырып, кілтін беру мен қабылдап
алу салтанаттары ашық деп жариялаймын, - деп Нұрағаңа сөз берілді.
- Айналайын мына отырған көздері мөлдіреген болашақ Ақандар, Күләштар,
Құрманғазы, Диналар, Құрманбектер мен Әмірелер, біздердің бастап берген
профессионалды қазақтың музыка өнері келешекте сендердік болады, сол мақсатпен
ашылған осы мектепке біздерге тәрбие берген дарынды композитор, ғалым Ақанның атын
босқа беріп отырған жоқ, қарақтарым!
- Міне, менің көп жылдар бойы үйімде, төрімде досым, сырласым болған
роялымды сендерге сыйладым, директор жолдас роялдың кілтін қабыл ал!, - деп, - соның
құрметіне оқушылардың концертін бастаймыз, - деп ұлттық аспаптар оркестрін басқарып
дирижерлап, отырған оқушылармен кісілердің қуанышына бөленгенді.
Салтанатты концерт бітісімен, бағдарлама бойынша, академик-композитор, Халық
артисі, өнер, мәдениет қайраткері Ахмет Қуанұлының «мұрағат класының» ашылу кезегін
күтіп тұр, - деп хабарлап, жиналған жамағат, оқушылардың соңынан еріп, 2 қабатқа
көтерілді.
Алдыңғы қатарда СССР Халық артисі Нұрғиса Тілендиев, Ғазиза Жұбанова,
Әзербайжан Мамбетовтар, академик Болат Жұбанов т.б. Ақанның балалары, немере,
шөберелері келеді.
- Ғазиза Ахметқызы, Сіздердің ата тектерінің атағын әлемге таратқан дарынды
әкенің жолын ұстап, консерваторияның ректоры қызметін атқарып отырсыз, міне,
бәріміздің ұстазымыз болып, еңбектенген тұлғамызға арналған «мұрағат класстың»
лентасын қиып, тұсау кесер рәсімін жасаңыз деп қолына қайшыны ұстаттым.
- «Пернебек, сен шәкірті боп менен оздың, саған бізден әулетімізден, өзің білім
алған консерватория ұжымы атынан рахмет, - деп келе, бұл класстан халқымыздың
болашақ өнер, мәдениет қызметкері білім алатын болады», - деп батасын беріп, «Ұстаз-
академик Ахмет Жұбановтың мұрағат-класс» деген жазуы бар бөлменің тұсауы кесіліп, 70
жылдан астам «мұрағат-класстан» мәдениет сабақтастық заңына сәйкес өмірден орын
18
алған концертті рояль өткен өнер, мәдениет қайраткерлерінің іс-әрекетін, өмірлік
шығармаларынан
тәлім-тәрбие,
педагого-психологиялық,
музыкалы-эстетикалық,
әлеуметті-тарихи салаларынан тәрбие алып өсіп-өніп жатқан болашақ жастар сусындап
бүгінде өсіп жетілуде.
- Концерттік роялдың берілуімен академик композитор «Мұрағат класының»
ашылуының мақсаты – болашақ Нұрғисалар, Ақандар, Ғазизалар, Біржандар, Диналар,
Шәмшілер мен Құрманбек пен Бибігүлдер, «Қазақ халқының бұлбұлы» атанған
Күләштардың алтын ұясы болсын, - деп арнайы ашылған музыкалы мектеп-интернат
ұжымы, Нұрғиса Атабайұлы сыйлаған концерттік роялын, академик Ахмет Жұбанұлының
«мұрағат класында» дәріс алып, рояльда ойнап шеберлігін арттыруға армандап, оқу
озаттылар қатары тізімге, қатарға тұру күн сайын арта түсуде, - дейді мектептің бүгінгі
жас директоры Ақан Абдуалиев.
Нұрғиса Тілендиевтің «Махамбет» атты күй-поэмасы - қазақтың мәдениетіне
өндірген жаңалық ұсыныстан туған реформалық туынды, - деп бағалауға әбден орынды
дегеніміз келеді.
Халқымыздың мәңгілік есіндегі ерте ғасырлар өкілдері: Айша бибі, Ер Тарғын,
Қобыланды, Абылай хан, Сырым, Кенесарылардың найзалардың ұшымен, білектерінің
күшімен қорғаған қазақ елі, жері, Отанын қорғау күрестерінің сабақтастығының бір
көрінісі кейінірек Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) мен оның жан серігі Исатай
Тайманұлдарының Ресей патшалығының бодандығын бостандыққа, егемендікке қол
жеткізуге үлкенді-кіші ауыл, аймақ халықтар көтерілістерімен жалғасып жатқан тарихи-
әлеуметті оқиғалар халқымыздың ән, күй, жыр, толғау, арнау, жоқтау, айтыс әдебиетімен
мәдениетінде терең, кең орын алып, халқымыздың болашағын баулап, тәрбиелеп жатты.
Соның бірі деп, Қожаберген жырау, Толыбайсынұлының (1663-1762)
«Елім-ай», поэмасының әуені мен өлеңі:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ағайыннан арылған қиын екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді, - деп ғасырдан-ғасырға өшпей халқымыздың
санасында сақталып келген, музыкалы-эстетикалық, педагого-психологиялық, әлеуметті-
тарихи көркемді құбылыс болып жалғасуында, қаншама арман, мұң-мұқтаж, сыр-сипат
жатқаны ақиқат емес пе?
Қазақстанға кеңес дәуірінің келуімен қатар, жаһанданудың өнер, мәдениет,
музыка салаларының күрделі түрлері опера, симфония, кантата, оратория, концерт, поэма,
соната, т.б. түрлері күнделікті көркемдік өміріміздің саятына айналды.
Көркемдік Құдіреттің бірі деп Халық Қаһарманы, композитор, дирижер, шебер
орындаушы Нұрғиса Атабайұлының халық батыры, ақын, халық композиторы Махамбет
Өтемісұлының (1803-1846) қайталамас образын «Махамбет» атты күй-поэмасында асқан
шеберлікпен халық аспаптар оркестрдің тілімен партитуралық үніне, техникалық,
ырғақтық, көркемдік саз, атысу-шабысу, тартысудың дүмпілін домбыра, қобыз, сырнай,
шаңқобыз, дауылпаз, аса таяқ т.б. музыкалы аспаптардың сиқырлы үнімен, Махамбет пен
Исатайдың сарбаздарының арманға аттанған аттың шабысы, бәрі-бәрі музыка тілімен,
үнімен елестетіп, тыңдаушыларын концерттік залдан шығарып, тұлпарға мінгізіп, қолда
садақ, шоқпар, найза, атылатын мылтық ұстатып, сарбаздар қатарына қосылып,
тәуелсіздік күресіне кірісіп кеткенінің куәсі болғанын сезінеді, ренжиді, мұңаяды да
қайғырады, ойға шомылады да композитор мен орындап отырған «Отырар сазы» атты
фольклерлы-этнографиялық халық аспаптар оркестрінің әр-бір орындаушыларына қол
соғып, Атырау аймағында болып қайтқандай сезімнің құшағына екендігін сезінеді.
Композитор ағамыздың жан-дүниесіне әсер еткен мына төмендегі батыр, ақын,
халық композиторы Махамбеттің:
Патша әскерімен шайқаста:
Еділ үшін егістік,
19
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім, - деп батыр, ақындық сөз әлемімен ішкі жан-дүниесін,
психологиялық қынжылысымен арманын айтып, сөз құдіреті жетпеген кезде домбыраның
сазына салып, ішкі күйзелісін сипаттайды да:
«Аспанда ұшқан қызғыш құс,
Сені көлден айырған.
Лашын құстың тепкіні,
Мені елден айырған,
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып айтпай немене,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні», - деп толғанған, армандаған, аңсаған, болашақты
еркіндікке, бостандыққа, егемендігіне шақыратын «Махамбет күй-поэмасы» өзінің
ерекшелігімен айғықтанса, композитор Базарбай Жұманиязовтың Ерқайыр Аманшин мен
Сағи Жиенбаевтың либреттасына жазылған «Махамбет» атты операсында қазақ музыка
әдебиетіндегі жаңалықпен қатар композитор шығармашылығының шыңы, ұлт-азаттық
күрес жолында құрбан болған ақынның арманы орындалатын «Махамбет» поэмасы мен
«Махамбет» операсы дәлелдеп тұрғандығын сезінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |