Министерство образования и науки республики казахстан



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет10/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90

бастапқы, 

негізгі, 

орта, 

ортадан 

жоғары 

деңгейлер 

1

А



2

В

1



В

1+

)еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  1-11  сыныптарында  ұсынылып,  іс 



жүзіне асырылуда. 

Жоғары  деңгей (В

2

 ілгерілей  қалыптасқан игерім) орта арнаулы білім орындары мен 



жоғары оқу орындарында меңгертіліп, студенттердің  тілді білу дәрежесіне орай жетік (С

1



деңгейімен  жалғастырылады.  Жоғары  деңгейде  қазақ  тілін  кәсіби  мамандыққа  бағыттай 

отырып  үйрету  басты  орын  алады.  Бұл  кезеңде  күнделікті  өмірге,  қоршаған  ортаға 

негізделген  тілдік  қатынас  мамандыққа  байланысты  дамытылып,  тереңдетіліп,    кәсіби-

қатысымдық мақсатқа бағытталады.    

 

Техникалық  оқу  орнында  қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  –  техникалық  мамандықтарды 



игеруге  бағытталған  лексикалық  минимумды  пайдаланып,  қатысымдық  ұстанымдар  мен 

сөйлесім  әрекетінің  түрлері  арқылы  студенттерді  қазақша  пікірлесуге,  сауатты  жазуға 

жоғары және жетік деңгейдің талаптарына сәйкес үйрету.  

Жоғары  деңгей

  

2

)  студенттердің тілді  білу ерекшелігі мен сұранысына орай іштей 



бірнеше сатыға бөлінеді. Мәселен,  

Ілгерілей қалыптасқан бастапқы игерім (В

2.1.

)  


Ілгерілей қалыптасқан орта игерім (В

2.1.+


Ілгерілей қалыптасқан толық игерім (В

2.2.



Ілгерілей қалыптасқан жетік игерім (В



2.2.+

Сол  сияқты жетік  деңгейдің  бірінші  сатысы  (В



2+

  –  тереңдетіле,  ілгерілей  қалыптасқан 

игерім) студенттің тілді білу деңгейіне сәйкес бірнеше сатыға бөлінеді. Мәселен,  

Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан бастапқы игерім (В

2+1



Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан орта игерім (В



2+1+

Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан толық игерім (В



2+2

Тереңдетіле, ілгерілей қалыптасқан жетік игерім (В



2+3

Бұл  деңгейлердің  бәрі  –  кәсіби  игерімге  (С



1

),  яғни  жетік  деңгейге  жетудің  сатылары. 

Кәсіби  игерімге  (С

1

)  жету    белгілі  бір  мамандық  бойынша  қазақ  тілінде  жетік  сөйлеумен 



қатар, әдеби, ғылыми стильдерде ойды дәйекті-дәлелді жаза білу деген сөз.   

Жоғары  деңгей  (В

2

)  талаптарын  іске  асыратын  лексика-грамматикалық  минимум 



техникалық  мамандықтарға  қатысты  тақырыптарды  қарастырады.  Осы  лексикалық 

тақырыптар төмендегідей аялардан тұрады:  

 

 Әлеуметтік-тұрмыстық ая 



 

 Әлеуметтік-мәдени ая 



 

 Кәсіптік еңбек аясы 



Әр тақырыпта меңгерілетін білім мазмұны мына бағыттарды қамтиды:  

 



 Тілдік 

 



 Қатысымдық-сөйлесімдік 

 



 Мәдениетаралық қарым-қатынас 

Техникалық  мамандықтарға  негізделген  тақырыптар  бойынша  сұрыпталған  кәсіби 

лексикалық минимум сөйлем құрамында студент ойын жеткізуге қызмет етеді. Қатысымдық 

бірлік  болып  табылатын  мұндай  сөйлем  баяншының  (яғни  сөйлеушінің,  коммуниканттың) 

айтайын деген ойын жеткізумен қатар өз пікір-көзқарасын,  тілді білу деңгейін де білдіреді. 


 

64 


Минимумдарды  сұрыптап  алуда  көзделген  мақсат  –  мамандыққа  сәйкес  түсінікті  сөйлеп, 

сауатты жаза білу үшін қолданысқа қажет сөздік қорды дұрыс таңдап алу және пайдалану.  

Студент ойын тиянақты, түсінікті, жүйелі жеткізуде сөздерді (лексикалық минимумды) 

мағынасына  қарай  таңдап  алып,  оларды  бір-бірімен  дұрыс  байланыстыру  маңызды  болып 

табылады.  Ол  үшін  сөйлем  құрауға  қажет  грамматикалық  ережелер  мен  тілдік 

заңдылықтарды студент жете білу керек.  

 

 

 



Қазақ тілін кәсіби деңгейлік оқыту жүйесін мына мәселелер құрайды:  

 

 



Тілдік коммуникация теориясы 

 

 



Кәсіби терминдер базасы 

 

 



 

 

Сөйлесім әрекетінің түрлері 



 

 

 



 

 

 



 

Тыңдалым 

 

Оқылым 


 

Айтылым 


 

Жазылым 


 

Тілдесім 

 

Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгеруге арналған тапсырмалар үлгісі төмендегідей: 



1.

 

Тыңдалым.

 

Мына мәтінді тыңдаңыз және кәсіби сөздерді есте сақтаңыз. 

 

«Азия  Авто»  зауыты  еліміз  үшін  мүлдем  жаңа  өндіріс  ұсынуда.  Бүгінгі  күні  мұнда 

«Skoda»,  «KIA»,  «Lada»,  «Нива»  автомобильдерін  құрастыру  қарқынды  жүріп  жатыр. 

Қазақстан тұтынушылары үшін бұл жеңіл автомобильдер ең ыңғайлы, қолайлы модел болып 

табылады.  

2.

 

Оқылым.

 

Мәтінді дауыстап оқыңыз,  техникалық атауларды қайталаңыз.

 

Ақмола  облысы  Көкшетау  қаласында  «Кам-АЗ-инжиниринг»  ЖШС  машина  жасау 

кәсіпорны бар.   

 «Кам-АЗ-инжиниринг»  ЖШС  қызметінің  негізгі  түрі  –  автокөліктер,  автобустар  және 

тіркемелі техникаларды құрастыру. Ол қазіргі таңда жылына 7,13,15 тонналық  самосвалдар 

шығаруда.  Және  қала  ішінде  сондай-ақ  қала  сыртына  қатынайтын  300-ге  жуық  автобустар 

құрастыруда.  

3. Айтылым.

 

Мақалдың мағынасын түсіндіріп айтыңыз. 



 

Жақсы жұмыс – жанға тыныс.  



4. Жазылым. 

 

Диаграмманы толтырып, керек сөздерді жазыңыз.

 

 

 

 



 

Еліміздің машина жасау зауыттары 

 

 

 



 

 

   



«Азия 

Авто» зауыты 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

65 


5. Тілдесім. 

 

а)  Әріптесіңізбен  «Қазақстандағы  машина  жасау  өндірісі»  тақырыбында 

сұхбаттасыңыз. 

 

ә) Мына сұрақтар бойынша пікірлесіңіз. 

 

Еліміздің машина шығаратын қандай зауыттарын білесіз? 

-

 

«Азия Авто» зауыты.................................................. 



-

 

................................... 



-

 

................................... 



-

 

................................... 



Отандық қандай машина түрлерін білесіз? 

-

 



«Lada»,...................... 

-

 



................................... 

-

 



................................... 

-

 



................................... 

 

Техникалық  оқу  орындарында  қазақ  тілін  деңгейлік  оқыту  барысында  тиімді  болып 



табылатын  ұстанымдар  мыналар:  сабақтастық,  жүйелілік,  дамытушылық,  коммуникативтік, 

нәтижелілік.  

Сабақтастық  ұстанымы  бойынша  әр  деңгейдегі  лексикалық  тақырыптар  бір-бірімен 

ұштасып, сөздер мен тіркестер тақырып аясында кеңейтіліп отырады.  

Жүйелілік  ұстанымы  бойынша  тіл  үйретуге  арналған  материал  жүйемен,  өзара 

байланыста жеңілден күрделіге қарай ұсынылады.  

Дамытушылық  ұстанымы  бойынша  тілдік  білім  мен  сөйлесім  әрекетінің  түрлері 

жетілдіріліп, толықтырылып отырады.  

Коммуникативтік ұстаным бойынша барлық деңгейде тілді үйрету  студенттің өз ойын 

басқаға түсінікті жеткізіп, пікірлесе білуіне  бағытталады. 

Нәтижелілік  ұстанымы  бойынша  жоғары    (В

2

)    және    жетік  (С



1

)  деңгейлерде  тілді 

меңгеру  ақпараттық,  тілдік,  қатысымдық  құзіреттіліктерге  байланысты    түпкі  нәтижеге 

жетуге бағытталады.  

 

Жоғары  деңгейде  күтілетін  нәтиже:  студент



  жеке,  әлеуметтік,  білімдік,  кәсіптік 

сфераларда  стильдің  барлық  түрлерін  жете  меңгеріп,  ғылыми  тақырыптарда  дәйекті  пікір 

айта білуі тиіс. 

 



Жетік  деңгейде  күтілетін  нәтиже:  студент  кез  келген  тақырыпта  еркін  сөйлеп  және 

жазып, мінбелерден ойын дәлелді айтып, талқыға түсіп, пікірлесе білуі, түйінді ой айта білуі тиіс.  

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

66 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СЕКЦИЯ 1

 

 

ЭТНОЛИНГВИСТИКА, КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА, МӘТІН 

 

ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

СЕКЦИЯ

 1 

 

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ЭТНОЛИНГВИСТИКИ И КОГНИТИВНОЙ 

 

ЛИНГВИСТИКИ

, ТЕОРИИ ТЕКСТА 

 

SECTION 1 

 

ACTUAL PROBLEMS OF ETHNOLINGUISTICS ANDCOGNITIVE  

LINGUISTICS THE THEORY  OFATEXT 

 

 



 

 

ТҰҒЫРЛЫ ТІЛДІҢ ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ



 

 

Тұрсынова Г.Т.

 

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университетінің  

профессоры, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі 

Алматы қаласы., Қазақстан 



 

Биыл  елімізге  тәуелсіздік,  басымызға  азаттық,  жерімізге  еркіндік  орнағанына  жиырма 

жыл толып отыр. Бұл адам өмірі үшін аз болмаса да, мемлекет ғұмыры үшін аз ғана уақыт. 

Кезінде  дүниенің  төрт  бұрышын  тіреген,  әлемді  аузына  қаратқан,  мәңгілік  ел  орнатуды 

армандаған  ер  жүрек  түрік  қағандары  тасқа  мәңгі  қашап:  «Биікте  көк  Тәңірі,  төменде  қара 

жер  жаралғанда,  екеуінің  арасында  адам  баласы  жаралған.  Адам  баласы  үстіне  ата  тегім 

Бумын қаған, Істемі қаған отырған. Түрік халқының ел жұртын қалыптастырған, иелік еткен. 

Дүниенің  төрт  бұрышы  соларға  қараған»  деп  жазған  (Күлтегін  ескерткіші).  Мәңгілік  ел 

орнатамыз деп шарқ ұрған, заманының ұлы империясы - Түрік қағанатын құрып, келешекке 

осыншама  байтақ  жерді,  сарқылмайтын,  таусылмайтын  байлықты,  тозбайтын  дәстүрді 

қалыптастырып кеткен көк түріктің мекені, ата қонысы - осы қазақ даласы емес пе!  

 «Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, 

әлеуметтік  экономикалық,  саяси  жаңғыру  жолына  түскен  Қазақстан  бүкіл  әлемдік 

қауымдастықтағы  өз орны,  өз  беделі  бар  абыройлы  мемкелетке  айналды»  -  деп  Елбасымыз 

атап  өткендей,  осы  уақыт  аралығында  Қазақстан  да,  қазақ  баласы  да  басынан  талай  жақсы 


 

67 


күндер  мен  өткелі  көп  өтпелі  кезеңді  басынан  кешірді.  Соған  қарамастан  қазақ  елі  әлемге 

өзіндік бет бейнесімен ұлт ретінде, мемлекет ретінде танылды. 

2011  жыл   Қазақстан  үшін  елеулі,  маңызы  зор  оқиғаларға  толы  жыл  болып отыр.  Бұл 

жерде  еліміздің  әлемдегі  беделі  зор,  үлкен  ұйымға  төрағалық  етуін  мен  Азиаданы  ерекше 

атауымыз керек. Бұдан бөлек, биыл Ата Заңымыздың 15 жылдық мерей тойы.  

Елдің  ең  қастерлі  құжаты  —  Конституция.  Ата  Заңымыз  елдігімізді  айқындайды, 

ұлттығымызды  ұлықтайды,  тілімізді  төрге  шығарады.  Қазақстан  өз  тәуелсіздігін 

жариялағаннан  кейін  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  деп  жариялады.  1995  жылғы  30  тамызда 

республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясының 

7-бабында  көрсетілген:  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттiк  тiл  -  қазақ  тiлi».  Ата 

Заңымыз  бойынша  еліміздің  аумағында  мекендейтін  әр  ұлттың  өз  тілін,  өз  мәдениетін,  өз 

дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасалған. Осы он бес жыл еліміздің іргетасын қатайтты, тілдік 

ортаның бедерін өзгертті. Қазақ тілінің қолданылу ауқымы артты. Тіл барлық кезеңде ұлттық 

идеяның басты діңгегі және мемлекеттік идеологияның негізгі іргетасы болып саналады. Тіл 

арқылы тілдесе де, бірлесе де аламыз, біріге де, кіріге де аламыз. Адамзат қоғамының саналы 

түрде сабақтаса, араласа тіршілік етуінің айрықша белгісі, ұлттық ділінің көрінісі – Тіл. Адам 

баласы  ұлтына,  жеріне,  тарихи  дамуына,  қауымдасуына,  діліне  қарай  дербес  мемлекеттер 

болып  өмір  сүріп  жатқанда  тіл  мәселесінің  мазмұны  да,  мәні  де  артатындығы  белгілі.  Бұл 

арада  қазақ  халқының  саяси  тәуелсіздік  алып,  өз  алдына  жеке  ел  болуы  –  оның  тілінің  де 

еркіндік алуымен, кедергісіз өрістеуімен тікелей сабақтасып жатуы керек. Қандай халықтың 

болсын  егемендікке  қол  жеткізуі  –  өзінің  байырғы  ұлттық  құндылықтарына  оралуын 

білдіреді.  Өйткені  тәуелсіздігіміздің  мәні  қандай  болса,  тіліміз  де  соншалықты  маңызды. 

Елбасымыздың  өзі  «мемлекеттік  тіл  –  Қазақстан  халқын  біріктіруші  аса  маңызды  фактор» 

деп,  Ана  тіліміздің  қоғамдағы  орнын  айқындап  берген  болатын.  Осы  орайда,  Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты 

еңбегінде айтып өткен терең мағыналы сөздері ойыма оралып отыр: «Дауға салса алмастай 

қиған,  сезімге  салса  қырандай  қалқыған,  ойға  салса  қорғасындай  балқыған,  өмірдің  кез-

келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана 

тілінен  артық  қазақ  үшін  бұл  дүниеде  не  бар  екен!  Ғасырлар  бойы  қазақтың  ұлт  ретіндегі 

мәдени  тұтастығына  ең  негізгі  ұйытқы  болған  -  оның  ғажайып  тілі».    Бұл  Елбасымыздың 

халқым  деп,  қабырғалы  қазағым  деп,  тайсаң  -  тағаң,  тарықсаң  -  панаң  боламын  деп  айтқан 

имани сөзі.  

Тіл  –  ұлттың  ұлт  болып  өмір  сүруінің,  ұлт  рухының  салтанат  құруының  бірден-бір 

өлшемі, өзегі, ұлттық дамудың бірден-бір шарты, көрсеткіші болып табылады. Тіл тағдыры – 

ұлт  тағдыры,  ұрпақ  тағдыры.  Қазақ  тілі  -  қазақ  халқының  этникалық  тілі,  яғни  бұл 

тұрмыстық  тілден  бастап,  ғылыми  тілге  дейінгі  барлық  салаларды  қамтитын  кешенді  тіл. 

Тәуелсіздік  жылдарында  ең  көп  айтылған,  ең  көп  жазылған  тақырып  та,  мәселе  де 

мемлекеттік  тіліміз  болар.  Десек  те,  Кеңес  тұсындағы  жағдайға  қарағанда  шүкіршілік 

айтарлықтай.  Шын  мәнісінде,  әрине,  үлкен  күрделі  мәселеге,  елді  ойландыратын  мәселеге 

алып келгенде тәуелсіздіктің тағдыры – тілге байланысты ғой. Ал мемлекеттің ұлттық мәні 

болмағандықтан, оның мемлекеттік тілі де мәңгі болмайды. Бұл – ақиқат.  

Бұрынғы  Кеңес  Одағының  елдерімен  салыстырғанда  тіл  жағдайы  бойынша  Қазақстан 

тек  Беларусьтің  алдында  тұр.  Егер  Балтық  бойы  елдері  орыс  тіліне  қатысты  әуелден  қатты 

ұстаным ұстаған болатын болса, Кавказ сырты елдерінде әлімсақтан мемлекеттік тіл мәселесі 

болған  емес.  Ал  Орта  Азия  елдерін  алатын  болсақ,  тілдік  жағдай  осыған  ұқсас,  тек 

Түркіменстан мен Өзбекстанға қарағанда Қырғызстан мен Қазақстан орыс тілінің үстемдігіне 

көбірек бой алдырған. Міне, сондықтан орыс тілінің басымдығы әлі де білініп отыр. 

Тоқсаныншы  жылдардың  басында  тәуелсіздігін  алған  қазақ  қауымы  да  ұлттық 

мемлекетін  құрып,  қоғамдық  дамудың  сан  алуан  әлеуметтік,  экономикалық  мәселелерімен 

қатар  ана  тіліміздің  де  бодандық  замандарда  қордаланып,  әбден  шиырланып  қалған  өзекті 

мәселелерді  де шешуге батыл кірісіп кетті. Бұл істе, әсіресе, қазақ қаламгерлері, әдебиетші, 

тілші ғалымдар белсенділік танытты. 



 

68 


Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың:  «Тәуелсіздік  –  Алтын  күмбез  дейтін  болсақ,  сол  күмбезді 

тіреп тұрған төрт белгіміз бар, оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі – Әнұран, үшіншісі – көк 

байрақ, төртіншісі – қазақ тілі» деген сөзі кім кімді болмасын, ойға қалдырады. Тіл саясаты – 

мемлекеттің  саясаты, ол  егеменді  еліміздің  берік  арқауы.  Еліміз  тәуелсіз  болғаннан,  егемен 

мемлекеттің нышандарының бірі ретінде қазақ тілі өзінің тарихи рөлін атқаруда. Ол Елбасы 

мен Үкімет тарапынан қолдауын тауып, оған бірнеше нормативтік құқықтық актілер  айқын 

көрсеткіш  болып  отыр,  олардың  ішінде  «Қазақстан  Республикасындағы  Тіл  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  11  шілдедегі  Заңын,  Президенттің  Жарлығымен 

бекітілген  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2011  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасын айрықша атап өтуге болады.  Мемлекеттік бағдарламаның аясында көптеген 

жұмыстар атқарылды және ол өзінің мәресіне жетті. Мәселен, халықаралық тәжірибе жүйелі 

зерделеніп  және  оны  Қазақстанға  енгізу  үшін  Қазақстанның  ЕО  елдерімен  тіл  саясаты 

саласындағы  халықаралық  ынтымақтастық  орталығы  құрылды,  қазақ  тілін  білу  деңгейін 

бағалау  бойынша  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  жетілдірілді,  қазақ  тілінде  балаларға  арналған 

анимациялық 

және 


көркем 

фильмдер 

шығарылып, 

шетелдік 

көркем 

және 


мультипликациялық  фильмдер  «қазақша»  сөйлеп,  көрермен  қауымның  ықыласына  бөленіп 

отыр. Бұған «Көліктер-2» мультипликациялық фильмінің тұсаукесері - дәлел. Осының бәрі – 

тәуелсіздіктің  арқасы.  Өткен  жылы  қабылданған  «Ел  бірлігі»  доктринасында  қазақ  тілінің 

мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту, оны меңгеру әркімнің парызы мен міндеті 

болып  саналатыны  атап  көрсетілген.  Сонымен  қатар  доктринада  мемлекеттік  тілді  меңгеру 

мен оның қолдану аясын кеңейтуге басымдық беру көзделген. Осы доктринаны іске асыруға 

көзделген  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  

бағдарламасы»  қабылданып,  мемлекеттік  тілге  арналған  және  мемлекеттік  тілге  басымдық 

беру  туралы  бірталай  іс-шаралар  көзделген.  Бағдарламаның  басты  мақсаты  -  Қазақстанда 

тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды 

факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  

тіл саясаты. Мемлекеттік тілді үйретудің жүйесін жасау  бағдарламада:  «Үздіксіз білім беру 

моделі  арқылы  қазақ  тілін  оқыту  жүйесін  әзірлеу  және  енгізу»  деген  арнайы  бағыт 

ауқымында  айқындалған.  Бағдарламының  осы  бағыты  бойынша  қазақ  тілін  оқытудың 

стандарт- технологиясы дайындалды, тіл үйрету қарапайым пайдалануды қамтамасыз ететін 

А1-А2  деңгейлері  бойынша,  дербес  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  В1-В2  деңгейлері 

бойынша  және  іскерлікпен  пайдалануды  көздейтін  С1-С2  деңгейлері  бойынша  мемлекеттік 

тілді  оқытудың  көп  деңгейлі  жүйесі  жасалды.  Бұл  стандарт-технология  мектепке  дейінгі, 

орта,  арнайы  орта,  жоғары  және  жоғары  оқу  орынан  кейінгі  мемлекеттік  білім  беру 

стандартына  енгізіледі.  Яғни,  бағдарламада  көзделген  үздіксіз  білім  беру  моделі  арқылы 

қазақ  тілін  оқыту  стандарт-технологиясы  міндеттілікке  айналады.  Биылғы  Қазақстан 

Президентінің дәстүрлі жолдауында мемлекеттік тілге қатысты: «қазақстандықтардың өзіміз 

өмір  сүріп,  елімізді  жақсылықтарға  бастап  бара  жатқан  туған  жерге  атауын  берген, 

мемлекеттік  қазақ  тіліне  құрметпен  және  лайықты оқып  үйрене  бастағандығын  атап  өтудің 

өзі қуанышты. Бұл тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай 

мемлекеттік  тілді  білетін  қазақстандықтар  санын  80  пайызға  жеткізу.  Ал  2020  жылға  қарай 

олар кемінде 95 пайыз құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы 

мемлекеттік  тілді  біліп  шығатын  болады»  деп  нақтылап  өткен.  Бұл  «Тілдерді  қолдану  мен 

дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік    бағдарламасының»  ең  басты 

нәтижесі болмақ.  

Қазіргі  таңда  өзекті  жан-жақты  қаралып  жатқан  мәселелердің  бірі  -  мемлекеттік  тілді 

оқыту мәселесі. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу нысаны 

бола  келіп,  қазіргі  кезеңде  өзекті  мәселе  болып отырған  қазақша  сөйлеуге  үйретудің  тиімді 

жолдарын табуға көмектеседі.  

Мемлекеттік тілді оқыту мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар 

көптеп  саналады.  Олардың  әрқайсысы  әр  түрлі  мәселелерді  қарастыра  келіп,  қазақ  тілін 

оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Солардың қатарында Қ.И.Сәтбаев атындағы 


 

69 


Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасының ұжымы да бар.  Еліміздің 

жиырма жылдық тәуелсіздігімен «құрдас» қазақ тілі кафедрасының алдында тұрған мақсаты 

-  өзге  тілді  аудиторияны  қазақ  тіліне  үйрету  ғана  емес,  сонымен  қатар  шәкірттердің 

Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, Отан үшін басын 

бәйгеге  тігер  тәуекелге  баратын  патриот  жастарды  тәрбиелеу.  Сонымен  қатар  студенттерді 

арнаулы  салалардың  кәсіби  тіліне,  өзіндік  сөз  оралымдарына,  ауызша  кәсіби  қатынасымға 

жаттықтыру, оқытылып жатқан мамандықтардың, арнаулы салалардың тірек терминдерімен 

таныстыру.  Қазақ  тілінің  қоғам  өмірінің  сан  түрлі  салаларындағы  қолданысын,  оның 

мемлекеттік  тіл  ретіндегі  қызметтерін  еркін  және  мүлтіксіз  атқаруы  үшін  бұл  –  сөзсіз 

орындалуы  тиіс  шарттардың  бірі.  Қазақ  кәсіби  тілін,  ғылым  тілін  меңгерген  түрлі  сала 

мамандарын,  болашақ  ғылыми  қауым,  қазақтілді  ұлттық  элита  қалыптастырудың    негізін 

жасауға, техника саласын қазақша сөйлеуге, салалық кәсіби тілін дамытуға ықпал ету болып 

табылады. Ғалым Қаныш Сәтбаев студенттердің алдында былай деген екен: «Инженер терең 

де  жан-жақты  білімімен  көрінуі  керек,  өз  мамандығының  аясында  тоқырып  қалмауға 

ұмтылсын.  Тіл  мен  стиль  -  инженерлер  үшін  ең  маңызды  құрал.  Оларды  көркем  әдебиетті 

оқу арқылы әсіресе, классиктерді оқу арқылы дамытып, қалыптастырады». Осы сөз әлі күнге 

дейін өз мағынасын жойған жоқ.  

Қазақ тілі - ең бай тіл. Осынау бай тілмен біз әлем әдебиетінің классиктері Шекспирді 

де, Гетені де, Шолоховты да еркін аудардық. Қандай да ғылыми әдебиет пен оқулық болсын, 

оны  ана  тілімізге  аударуға  сөздік  қорымыз жетеді.  Тіпті  сонау  ХХ  ғасырдың  басында  орыс 

тілінің  қазақша  баламасы  жоқ  кездің  өзінде  де  орман  инженері  Әлихан  Бөкейханов, 

математик  Әлімхан  Ермеков,  дәрігер  Халел  Досмұхамедов  өз  салалары  бойынша  ғылыми 

еңбектерді түсінікті етіп аударды емес пе? 

Тілімізді  көркейту  жөнінде  жиырма  жылға  жуық  уақыт  болды.  Бірақ  өкінішке  орай, 

қазақ тілі ғылым мен техниканың тіліне толық айналды  деп айта  алмаймыз. Біздің кафедра 

оқытушыларының  мақсаты  -  әр  ғылым  саласы  бойынша  ғылыми  терминологиямен  жұмыс 

істеу, электр энергетикасы, мұнай мен газ, ақпараттық жаңа технологиялар, құрылыс ісі т.б. 

салалар  бойынша  жасалған  оқу  бағдарламаларын  жетілдіру,  оқу-әдістемелік  кешендерді 

жаңарту,  сөздіктер  жасау,  кафедра  оқытушыларының  біліктілігін  жетілдірумен  қоса, 

кафедраның 

материалдық-техникалық 

базасын 


толықтыру, 

оқыту 


әдісіне 

жаңа 


педагогикалық технологияларды енгізу болып табылады.   

Тәуелсіздіктің  торқалы  тойы  қарсаңында  мемлекеттік  тілдің  мәртебесі  көтеру 

мақсатында қазақ тілі кафедрасы көлемінде бірқатар шаралар жоспарланған.  

Қорыта  айтқанда,  тілдік  ахуал  уақыт  өткен  сайын  жақсарып  келеді.  Тәуелсіздік  тілді 

тығырықтан  шығарып  қана  қойған  жоқ,  оның  ғұмырын  ұзартты,  тынысын  кеңейтті.  Кеңестік 

кезең  мен  қазіргі  уақыттың  айырмасы  жер  мен  көктей.  Тілдік  орта  қазақылана  бастады,  тіл 

үйренуге ықылас артты. Екі тілде еркін сөйлейтін жастар қатары көбейе бастады, қос тілді қос 

қанатына айналдырған жас билингвист-журналистер ақпарат саласының ажарын аша түсті.  

Мемлекеттік  тіл  тәуелсіздігіміздің  жырын  жырлап,  мемлекетіміздің  бұғанасын 

қатайтты.  «Ұлттың  сақталуына  да,  жоғалуына  да  себеп  болатын  нәрсенің  ең  қуаттысы  — 

тіл»  деген  Ахмет  Байтұрсыновтың  қасиетті  қағидасына  сүйенсек,  Ата  Заң  аясында  бақ-

берекеміздің  сақталып  отырғаны  тіл  саясатын  да  дұрыс  жүргізудің  жемісі  екені  анық. 

Жалпы,  тіл  жеке  адамның  шаруасы  емес.  Мемлекеттік  де  басыбайлы  дүниесі  емес.  Тіл  - 

халық  қазынасы,  ұлттық  жаны.  Тілдің  мәселесі  -  ұлттық  мәселесі.  Мерейін  асыратын  да 

өзіміз,  құтын  қашыратын  да  өзіміз.  Тіл  отбасынан  бастау  алады,  отан  аясында  дамиды. 

Отбасы өзіміз де, Отанымыз Қазақстан! Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы — 

қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.  Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.  



 

70 


2.  «Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы»  1997  жылғы  11  шілдедегі  Қазақстан 

Республикасының Заңы. 

3.  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2001-2011  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы». 

4.  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы». 

5. Алматы ақшамы // 26 қыркүйек 2011 жыл. 

6. Ана тілі // 28 қыркүйек 2011 жыл. 

 


Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет