Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет48/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90

Резюме

 

 В данной статье рассматриваются  термины применяемых в области машиностроения 



 

Summaru 

In this title there are new     definitions  which are used in mashine constructions   sphere 

   

 

 



І. ЖАНСҮГІРОВ  ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ОРЫС ТІЛІНЕН ЕНГЕН 

 

СӨЗДЕРДІҢ  ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

 

Садақбаев Т.

 

Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ  

Алматы қ., Қазақстан  

Kasenov_erlan@mail.ru

   

 

Ұлттық  тіліміздің  қалыптасу,  даму  жолдарын  зерттеуде  белгілі  қаламгер 

шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздердің де алатын орны ерекше. 

Қоғамдық  құбылыстар  мен  қоғамдық  қатынастардағы  өзгерістер,  қоғамдық 

құбылыстардың түбірімен өзгеруі лексикада бірден байқалып, айқын көрінеді. 

Қазіргі 


қазақ тілінің сөздік құрамында орыс тілінен ауысып келген сөздерді ғалым 

І.Кеңесбаев  қазақ  халқы  сонау  ерте  замандардан  бері  көршілес 

халықтармен түрлі қарым-қатынаста болғандығын, ежелден бергі көршілес 

отырған  халықтар  арасындағы  достық  үнемі  күшейіп,  араларындағы 

мәдени  шаруашылық  байланыстары  ілгері  дамып  отырғандығының 

нәтижесі  деп  біледі.  [1,  106  б.]. 

Тілдің  сөздік  қор,  сөздік  құрам  жағынан  даму 

эволюциясын  көрсететін    орыс  тілінен  және  орыс  тілі  арқылы  енген  сөздер  тарихи 

өзгерістермен  сабақтас  қаралады. 

Қазан  төңкерісіне  дейінгі  сөз  ауысу  үдерісін 

ғалым М.Белбаева төрт кезеңге бөліп қарайды. Сондағы «төртінші кезең — 

XX  ғасырдың  басындағы  орыс  тілінен  енген  сөздер.  Ресей  патшалығының 

қазақ  даласын  өзіне  қосып  алуы,  қазақ  халқы  өмірінің 

әр 


даласына 

прогрестік әсерін тигізуі» [2, 16 б.]. Міне, І.Жансүгіровтың  өлең өлкесінде 

қалам  тербеген  кезі  осы    кезеңге  тұспа-тұс  келді.  Ақынның  өмір  сүріп 

отырған  кезең  тілімен  сөйлеуі  заңдылық.  Ақын  өз  заманының  жыршысы 

ретінде  сол  қоғамдағы  тілдік  ерекшеліктерден  алыс  кете алмайды.  Осыған 

сай зерттеу барысында қаламгер туындылары 

қолданысында  орыс тілінен және 

орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген сөздер молынан ұшырасады. Ғалым З.Османова 

өз  зерттеу  еңбегінде:  «І.Жансүгіров  шығармаларында  орыс  тілінен  енген  сөздер  мол. 

Ол сөздердің енуі орыстардың XIX ғ. екінші жартысынан бастап осы өңірге қоныстана 

бастағаны  салдары  деп  ойлаймыз.  Осындай  аралас-құралас,  қоныстас  болудың 

нәтижесінде  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  көптеген  сөздер  енді.  Олар:  тарелка,  патнос, 

шкаф,  право  т.б.  сөздер»  деп  ақын  поэзиясында  орын  алған  бірқатар  орыс  сөздерін 

ғана атап өтумен шектеледі. [3, 80-81 б.].  

Ақын қолданысындағы  орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген 

сөздерді  қарастыру  барысында  олардың  екі  түрлі  тәсілмен  берілгендігіне  көз 

жеткіздік. Соның бірі –  орыс тіліндегі дыбысталу түрін сақтаған сөздер, енді бірі – 

ұлт  тілінің  орфоэпиялық  заңдылығына  бағындырылған  орыс  тілінен  енген  сөздер. 


 

335 


Ақын  поэзиясында  аталған  топтағы  сөздердің  қатарында  ХХ  ғасырдың  басындағы 

қоғамдық  қатынастардың,  шаруашылық  пен  техниканың,  ғылым  мен  мәдениеттің 

дамуына байланысты қалыптасқан сөздер орын алған. Сол кезең үшін жаңа ұғымдарды 

білдіретін  сөздердің  барлығы  дерлік  қазіргі  тілімізде  жиі  қолданыла  беретін  поезд, 



машина, пароход:

  

Пароходта, поезда,  

Әне солар жылайды («Дала» поэмасынан). 

 

Сықырлап машина айналып, 

Ұршықтары майланып, 

Ыңырантады ырғасын («Баспаханада қыр қазағы» өлеңінен).   

радио, телефон, электр:

 

Телеграмм, радио, телефон... 

Дыңылдасар тілсіз үн, 

Сыбырласар жансыз тіл  («Отарба» өлеңінен). 

 

Жер қоздатып нұр жұлдыз. 

Жарқырап тұр электр («Дала» поэмасынан). 

магнит, трактор, комбайн:

 

Салған ән магниті тұрған көпті 

Баладай тербеу жеңген бір тыншытар («Әншіге» өлеңінен). 

 

Қырдың жазып борбайын  

Темір түйе боздатып,  

Гүрілдейді комбайн, 

Сақырлайды  трактор!  («Дала»  поэмасынан)  т.б.  сөздер  болып  табылады.  Бұл  

аталған  сөздер  өмір  қажетін  өтеу  талабына  орай  бүгінгі  күнге  дейін  актив  (белсенді) 

қолданылып,  жалпыхалықтық  сипатқа  ие  болып  отыр.  Ақын  поэзиясында  көрініс 

тапқан  «поезд»  сөзі  кей  тұста  «отарба»  деген  баламамен  де  қолданылған.  Оны 

ақынның:  

Айдалам, арқам, ауылым, 

Алатау, жапан, қалың құм, 

Ортаңнан өтеді отарба.  

Отарбаның үнінен, 

Босанар түйе жүгінен; 

Тоқталар  жүрген  ат-арба  («Отарба»  өлеңінен)  –  деп  келетін  өлең  жолы 

растайды.  Әрине,  «поезд»,  «пароход»  лексемалары  жалпыхалыққа  таралмай  тұран 

кезде,  тілде  бұрын  бар  сөздердің  негізінде  «отарба»,  «откеме»  сөздері  жасалып, 

қызмет  атқарған.  Тіл  мәдениеті  дамуына  орай  бұл  атаулар  салғырттанып, 

перифериялық  аймаққа  ығысты.  Сонымен  бірге  ақын  шығармаларынан  орын  алған 

совхоз,  отдел,  ведомость,  расход,  инженер,  биржевой,  самолет,  князь,  землемер, 

избушка,  адвокат,  пулемет,  список,    партия,    завод,    сьезд,  депутат,  большевик, 

офицер,  адьютант,  пионер,  инспектор,  статья,  т.б.  тілдік  бірліктер  орыс 

тіліндегідей  дәл  беріліп,  сол  қалпында  қолданысқа  түскен. 

Тілімізге  жаңа  енген 

кезде  бұл  сөздердің  мағынасы  арқылы  берілетін  ақпараттар  да  жаңа  болғаны 

белгілі.  Уақыт  өте  келе  бұл  сөздер  жалпылық  сипатқа  ие  болып,  жаңа,  тың 

ақпарат  көзі  болу  деңгейінен  өткен. 

Осы  сөздердің  бірқатары  ғылым  мен 

техниканың,  мәдениеттің  дамуына  байланысты  историзмге  айналып,  оның  орнына 

жаңа ұғымды білдіретін сөздер енді.

 

Бүгінгі  тілімізде    орыс  тілінен  енген  кейбір  бедіре,  күпәйке,  т.б.  сөздер  қазақ 



фонетикасына  сәйкестелініп,  дыбыстық  тұлғасы  едәуір  өзгеріп  қалыптасқаны  мәлім. 

 

336 


Ақын  қолданысында  орыс  тілінен  және  орыс  тілі  арқылы  өзге  тілдерден  енген 

сөздердің 

бірқатары 

ұлт 

тілінің 

орфоэпиялық 

заңдылығына 

бағындырыла 

қолданылған.  Жалпыхалықтық  сөйлеу  нормасында  орыс  сөздері  өзгерген  нұсқада 

қалыптасқандықтан, халықтық қорды пайдаланған ақын да олардың өзгерген түрлерін 

қолданған. Мәселен,  

Екі зәкүншік құда болса,  

Ескі статьяны аударысар («Алыс-беріс» өлеңінен) 

немесе 


Мелисе болсаң, балам-ау, 

Қаптайды  ғой  сойс,  ылау,  («Тапанша»  өлеңінен)  –  деген  жолдардағы    зәкүншік, 

мелисе  сөздері  орыстың  законник,  милиция  сөздерінің  фонетикалық  өзгеріске  түскен 

формасы болып табылатындықтан, м

ұндай сөздердің жаттығы байқалмай, тілге тез 

сіңісіп  кететінін  аңғаруға  болады. 

Бұлардың  қатарында:  ояз  (уездный),  старшын 

(старшина),  пормы  (форма),  мұжық  (мужик),  шілен  (член),  мәстір  (мастер),  зайімке 

(займ),  көпес  (купец),  жорнал  (журнал),  папке  (папка),  лаба  (лава),  бөдрет  (портрет), 

т.б.  сөздер  бар.  Басқа  ұлт  тілінен  енген  сөздердің  басым  көпшілігі  өз  мағыналарын 

сақтап,  семантикалық  жақтан  өзгеріске  көп  ұшырамайтындығы  аян.  Десек  те,  ақын 

қолданысындағы 

орыс 

тілінен 


енген 

сөздердің 

құбылып, 

өз 


мағынасынан 

өзгертілгендері  немесе  ауыс  мағынада  қолданылғандығын  аңғаруға  болады.  Орыс 

тілінен енген  кейбір сөздердің тек номинативті мағынасы ғана емес, тілімізге олардың 

ауыспалы мағынасы да қатар енді. Мәселен:  



Бұл күнде автом да бар, атым да бар, 

Бәйге алу самолетпен салтымда бар. 

Бізде жоқ Сағынайдың сасық асы, 

Тойына  Октябрьдің  атым  шабар  –  («Құлагер»  поэмасынан)  деген  шумақтағы 

«Октябрь» сөзі орыс тіліндегі ауыс мағынасымен бірге енген.   



Бақан тірес, ит тартыс,  

Көп  список  партия, 

Әзір қымыз, әзір ет! – («Дала» поэмасынан) деген өлең жолындағы «партия» бір-

біріне  қарсы  жақ,  жік  ұғымын  береді.  Бұл  сөздің  мағынасы  оның  этимологиясымен 

байланысты  (парс  –  латын  сөзі,  бөлік  деген  мағынаны  береді)  шығып  отырған  жоқ. 

Мұнда оның мағынасы осы ұғымға сай жаңаша қолданудан туындап отыр.  

Ақын  қолданысындағы  орыс  тілінен  енген  сөздердің  басым  көпшілігі  (адвокат, 

инженер,  офицер,  депутат,  т.б.)  уақыт  шындығын  көрсететін  күнделікті  өмірде 

қолданыла  беретін  реалийлер,  яғни  белгілі  бір  кезеңдегі  зат,  құбылыс,  іс-әрекетті 

танытатын  бүгінге  дейін  қолданыстағы  тілдік  бірліктер  болып  табылады.  Ақынның 

орыс тілінен енген сөздерді:  



Алдын ала отделге 

Ведомость берем бұрындап, 

Шервендерім шытырлап, 

Ауылға қайтам пұлымды ап, 

Қайтсе де далаң қала емес, 

Расход ұстар шылымдап («Қорқамын» өлеңінен) 

немесе  


Күп-күп етіп күпілдеп, 

Комитетпіз! Жорналмыз! – («Дала» поэмасынан) деген жолдардағыдай кейіпкер 

тілінде  түбегейлі  өзгертіп,  не  өзгертпей  қолданылуы 

  кейіпкерлердің  білім  деңгейін 



мен  ішкі  жан  дүниесін  көрсететін  әлеуметтік  мәні  бар  дәйектік  фактор  болып 

табылады.  Жоғарыдағы  мысалдардан  қазіргі  әдеби  тілімізде  тұрақталып,  әдеби 

нормаға  түскен:  поезд,  пароход,  машина,  көпес,  журнал,  т.б.  сөздердің  бірден 

қалыптаспағанын,  түрлі  нұсқалары  болғандығын,  қоғам  жаңаруына  сәйкес  тілдегі 



 

337 


түрлі  атаулар  қолданыстан  шығып,  архаизмге  айналғандығын  (отарба,  откеме,  т.б.), 

енді біреулерінің сөйлеу тілі аясында қалып қойғандығы анықталды. 

Түйіндей  келгенде,  қоғамдағы    тарихи,  әлеуметтік  мәні  зор  оқиғаларға 

байланысты  тілімізге  енген    кірме  сөздер  тек 

І.Жансүгіров  қана  емес,  сол 

дәуірдегі барлық ақын-жазушылар шығармаларында да әр қырынан көрініс 

тапты.  Бірақ  Ілияс  Жансүгіров  поэзиясында  и

деялық  мақсатта,  ескі  мен  жаңа 

арасындағы  күресте  тілдік  құрал  ретінде  қолданылған  орыс  тілінен  енген  сөздерді 

ақын  поэзиясында  и

деялық  мақсатта,  ескі  мен  жаңа  арасындағы  күресте  тілдік 

құрал ретінде қолданылған ақпараттық мәні бар қолданыс деп сипаттауға болады. 

І.Жансүгіров 

поэзиясында  кірме  сөздердің    кездесуі  ең  алдымен,  қоғам 

талабына  сай  әдеби  тіліміздің  орыс  тілі  элементтерімен  толығу  сипатын  көрсетсе, 

екіншіден,  ақын  қолданысында  олар  өзгеріп,  түрленіп,  дыбыстық,  мағыналық, 

жағынан  құбылып,  көріктеу  құралдары  ретінде  де,  кейіпкер  тілі  ретінде  де  стильдік, 

функционалдық, коммуникативтік қызмет атқаратындығымен ерекшеленеді. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Кеңесбаев  І.,  Мұсабаева  Ғ.  Қазіргі  қазақ  тілі.  Лексика,  фонетика.  Алматы, 

1962. – 315 б. 

2.

 

Белбаева  М.  Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы.  Алматы,  1976.  –  116 



б. 

3.

 



Османова  З.  І.Жансүгіров  поэзиясы  тілінің  көркемдік  ерекшеліктері.  Ф.ғ.к.диссер. 

Алматы, 2004. – 145 б.  

4.

 

І. Жансүгіров. Құлагер. Алматы: Атамұра, 2003. – 360 б.  



 

Резюме

 

В  данной  статье  рассматривается  особенности  применение  русизмов  в  поэзии 

И.Жансугурова.    

 

Summary 

This article deals with peculiar usage of  Russian words in I.Zhansugurov’ s poetry. 



 

 

 

“ҚАРА” ТҮС ҰҒЫМЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ДАМУЫ 

 

Серикбаева У.Б.

 

Алматы энергетика және байланыс университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

 

Сан жағынан аса көп емес (70-ке жуық) түр-түс атауларының  ішінде мағына жағынан 

жақсы дамыған, қолданыс аясы кең мағыналық бірліктерге “қара” атауы жатады. Ол өзінің 

“ақ” түске қарама-қарсы келетін “қара” түсінің ішкі мүмкіншілігін кең түрде дамыта отырып, 

логикалық абстракция негізінде ауыспалы мағыналардың когнативтік, рәміздік (символдық), 

кәделік  (сакральды),  дәстүрлік  (традициялы)  т.б.  түрлерін  жан-жақты  өрбітіп,  өрістету 

нәтижесінде қолданыс шеңберін мүмкін болғанынша толық кеңейте түскен атаулар санатына 

жатады. 


Зерттеушілердің  (Н.А.  Кононов,  Ә.  Қайдар  т.б.)  пікіріне  қарағанда:  жалпы  түркі 

тілдерінде,  соның  ішінде  қазақ  тілінде,  “қара”  ұғымының  номинативті  мағынасы  негізінде 

дамыған  ауыспалы  мағыналарының  жалпы  саны  өрістеп  дамып,  шарықтау  шегіне  жеткен 


 

338 


түріне  жатса  керек.  “Қара”  түсті  білдіретін  атаудың,  “ақ”  түсті  білдіретін  атау  сияқты,  көп 

мағынаға  ие  болуы,  біріншіден  оның  табиғаттағы  ең  негізгі,  көрнекті  және  басқа  да  көп 

түстердің құрамында кездесетін табиғаты күрделі түс болуына байланысты болса, екіншіден

қоғамдық  өмірдегі  көптеген  құбылыстармен  түр-түсіне  байланысты  сәйкестігі,  ұқсастығы, 

мәндес-мағыналастығы негіз болған деп қарауға болады. Мәселен, қарайып көрінетін зат пен 

құбылыстың  сұлбасы  да  (силуэті),  көмескі  көрінетін  адам  бейнесі  де,  адамға  тек  зиянын 

тигізетін жын-шайтанның белгісіз болмысы да, қайғы-қасіреттің ауыр азабы мен қаралы сәті 

де,  сән-салтанат  та,  тым  қарапайым  көрінетін  жұрт,  қара  қазақтың  болмысы  да,  қара  жер 

бетінде  ағып  жатқан  судың  да,  қара  ісімен  айыпталған  адамның  бейнесі  де    бәрі-бәрі 

қара” түспен сипатталуы логикалық жүйеге сай құбылыс. 

Сондықтан да болар,  санамалап атап шыққалы отырған “қара” атауына қатысты 30-дан 

астам туынды мағыналардың баршасының пайда болу мотивтері (уәждері), сайып келгенде, 

о  бастағы  “қара”  түске  және  содан  туындаған,  қоғамдық  сана,  логикалық  жүйе  арқылы 

дамып,  өрбіп-өрістеген  ауыспалы  мағыналар.  Олардың  әрқайсысы  белгілі  тіркесте,  мәтін 

құрамында және нақтылы қолданыс аясында ғана айқындалатын туынды мағыналар. 

Бұлардың  бәрін  санамалап  атап  шығу,  нақтылы  мысалдар  арқылы  когнативті 

мағыналарын айқындай түсу — жұмыстың негізгі міндеттерінің бірі. 

Бұрын    бұл    нысанды    арнайы    зерттеген      академик  Ә.  Қайдар,  З.  Ахтамбердиева,                     

Б.  Өмірбековтердің  еңбегінде  [2.63-67]  “қара”  атауының  (негізгі  мағынасын  қоса 

есептегенде)  24  түрі  көрсетілген  екен.  “Қара”  атауының  табиғатын  түркі  тілдері  негізінде 

зерттеген   А.Н. Кононов оның 20 шақты қосымша, қосалқы, ауыспалы мағынасы бар екенін 

көрсетсе  [8.47,  9.83],      Ф.Р.  Ахметжанова  мен  Қ.Т.  Қайырбаевалар  өз  еңбектерінде    [22.48] 

деректер  келтіре  отырып,  “қара”  сөзінің  түркі  тілдеріндегі  ауыспалы  мағыналары  шын 

мәнінде бұдан әлдеқайда көп  деп ескертеді. 

 Төменде  “қара”  атауының  қазақ  тіліндегі  ауыс  мағыналарының  33  түрін  келтірілген, 

оларды  нақтылы    тілдік  деректермен  анықтай  түсуді  жүмыста  мақсат  етіп  қойылған.  Бұл 

арада  бұрынғы авторлардың пікірлері де ескерілетіні сөзсіз. 

1.  “Қара”  –  “ақ”  түске  қарама-қарсы  мағынада  қолданылатын  антоним,  есім  сөз. 

Жоғарыда көрсетілгендей, табиғат пен     қоғамда кездесетін сан алуан түр-түстің ішіндегі ең 

негізгілері    де,  бір-біріне  контрастивтік  жүйеде  қолданылатын  жұп  атаулардың  бірі  де  осы 

қара” атауы. Бұл түстің анықтамасы түсіндірме сөздіктерде  “ақтың қарама-қарсы түсі” деп 

беріліп  жүр."Бұл  анықтамаға  жалпы  дау  айтуға  болмайды  –  дей  келіп,  Ә.  Қайдар,  т.б. 

авторлар:  Бірақ сол ақ түстің қарама-қарсы     түсі ресми бекітілген бүкілодақтық эталонда 

көрсетілгендей  “қара барқыт”, “қара мақпал” түсіне сай ма, сай емес пе — оны айту қиын. 

Дегенмен,  халық  ұғымындағы  қара  түсті    хәне    оның  негізгі,  номинативтік  мағынасы  деп 

тануымыз шарт. Мәселен: қара көмір, қара күйе, қара түтін, қара шаш, сүліктей қара айғыр 

дегендігі “қаралар” оның негізгі мағыналары болып саналады” – деп қарайды [1,63]. 

Сонымен,  “қара“  түр-түс  атауы  әр  түрлі  себептерге  байланысты  соншама  туынды 

атауларға  негіз  болып  мағына  шеңберін  кеңейтіп  тұруының  тілдік,  этнолингвистикалық 

мотивтерін  біз  төмендегі  нақтылы  деректерге  сүйеніп  айқындауға  тырысамыз.  Ең  басты 

себебі  ретінде  біз  “қара“  атауының  көпмағыналылыққа  бейім  полисемантикалық 

ерекшелігін атаған болар едік.     

2.  “Қара”  –  “төрт  түліктің  ішіндегі  сиыр,  жылқы,  түйе  сияқты  ірі  мал”.  Бұларды 

қазақтар  “қара  мал”,  не  “ірі  қара  мал”  деп  атайды.  Бұлардың  “қара”  түске  тікелей  қатысы 

жоқ болса да, “қара мал” деп аталуы ұсақ малдан (қой-ешкіден) ерекшелігін, яғни “ірілігін” 

(түптеп  келгенде,  қарайып,  алыстан  көрінетін  сұлбасына  байланысты  екендігін)  айқындап 

көрсету барысында қалыптасқан деп жобалауға болады.  

Қазақ  тілінде,  “қара”  атауының  “ірі  қара  мал”  мағынасында  қалыптасқандығы 

соншалық,  ол  жеке-дара  (малсыз  да)  қолданыла  береді.  Мысалы,  қазақ  эпосында:  “Тоқсан 

мың екен қарасы басына ноқта тимеген…” деген сөздер бар. 


 

339 


Қазақ  тілінде  елік,  ақ  бөкен,  қара-құйрық,  тауешкі,  жейран  т.б.  сияқты  жабайы 

аңдарды  да  “қара  аң”  деп  атау  дәстүрі  бар.  Мұндағы  “қара”  да  “ірі”  деген  мағынаны 

аңғартады . 

3. “Қара” – “жырақтан бұлдырап, қарауытып көрінетін бейне, жанды және жансыз зат 

тұлғасы, сұлбасы” (орысшасилуэт). Бұл “қараның” қазақ тілінде жеке де, тіркес күйінде де 

өте  жиі  қолданылатын  түрі.  Қазақ  жұмбағында  киіз  үйдің  сұлбасын:  “Алыстан  бір  қараны 

көресің бе, жаны жоқ қимылдауға денесінде; Сүйегі ішіндегі парша-парша, бар екен жалғыз 

көзі төбесінде” – деп әсірелеп көрсету “қараның” бұл мағынасын айқын аңғартып тұр. 

Тағы бірер мысал:  Тәуке  ұрынарға   қара   таба алмай жүр. [4.287]. Ой, тәйірі, теңіз 

жағасында  ең  таңдаулы  әйел  мықты  бір  қараның  пұлынан  аспайтын  боп  тұр  ғой.  [8.181]. 

Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіліпті (мақал). Бұл арада “қара” – “қоянның сыртқы 

түрі, түр-әлпеті”. 

4.  “Қара”  –  “хан,  төре,  қожа  т.б.  ақ  сүйектер  әулетіне  жатпайтын  қарапайым  халық”. 

Бұл мағынаны “қара”, “қараша” атауларының “хан”, “төре”, “ақсүйек”, “би” (аристократ) 

атауларына  қарама-қарсы  қойылып  айтылуынан  айқын  байқауға  болады.  Мысалы:  Ханнан 

әділет  кетсе,  қарадан  ұят  кетеді  (Мақал).  Мұндағы  қара    қарапайым  халық,  хан 

құзырындағы,  ханға  бағынышты  ел. Бұл  мағынада  қара  сөзі  ертеден-ақ  қолданылуда.  Көне 

түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  қара  бұдұн  да  –  “қарапайым  халық”  мағынасында 

қолданылған.  Сондықтан  да  болар,  қара    атауы  “қарапайым  жұрт”  мағынасында  жеке-дара 

(халық,  жұрт,  қазақ сөздерінсіз-ақ) тұрып  та  аңғарта  береді.  Мысалы:  Құран       сөзі  болған 

соң қара халық бұны құдайдың өз аузынан шыққан ақиқат шындық көреді [8.632]. Қарадан 



шығып хан болған т.б. 

Сонымен  қатар  “қара”  атауы  “кәдімгі”,  “қарапайым”,  “көптің  бірі”  мағынасында 



халыққа,  жұртқа  ғана  емес,  жалпы  қазақ  атаулыға  (қара  қазақ),  қазақтан  шыққан  шалға 

(қара шал), кемпірге (қара кемпір), балаға (қара бала), бұқараға (қара бұқара) тобырға (қара 



тобыр)  т.б.  қатысты  да  айтылатынын  аңғару  қиын  емес.  Мысалы:  Идеологиялық 

салқындардың  түрі  де,  төркіні  де  осындай  қара  қазақ  шала  түсінетін  кітапшаларда 

[10.209]. Қара қазақ баласын хан орнына теңгерген (Махамбет). Қара қатын, қара баланың 

қамы үшін… (фольклор) т.б. 

5. “Қара” – “серік, ес, жәрдемші” мағынасында қолданылады. Бұл сөз, әдетте, жападан-

жалғыз  қалған,  не  жанында  жақын  адамдары  болмай,  жалғызсырап  жүрген  адамның 

жанында  ес  болып,  серік  болып,  қарасын  көбейтіп  отыратын  жанашыр  жақын  адамына 

қатысты айтылады. Мысалы: Құйрық-жалым қысқа еді. Қыз бала болса да, қасымда қара боп 

жүрген жалғыз қарындасым еді. [8.45].  

Бұл “қара” түр-түс атауының біреуге “ес, серік” болған адамға байланысты айтылуы о 

бастағы  “жанында  қарайып  жүрген”  деген  ұғымды  білдіретін  толық  сөйлемнің  қысқарып 

(заңы бойынша), ықшамдалып, бір сөз қалпына келген түрі болуы да мүмкін. 

6. “Қара” – “майсыз, дәмсіз, қатықсыз, сүтсіз дайындалған ас-дәм, су-сусын” (ет, көже, 

сорпа,  нан,  шай  т.б.).  Атап  айтқанда,  ас-тағамның  бұл  түрлерін  қазақтар:  қара  ет,  қара 

сорпа, қара көже, қара шай, қара су т.б. 

Бұлай  аталуының  себебі:  көшпелі  малшы  қазақтың  ертеден  қалыптасқан  салт-дәстүр, 

әдет-ғұрпында негізгі қорегі сүт, май, ет, қымыз, қымыран, шұбаттан тұрған. Ақ май, қара ет 

барша тамақты үлкен екі топқа бөліп, майлы тамақтардың баршасы ақ, сары түске (ақ май, 

сары  май)  баланып,  ал  майсыз  (жылтыраған  майы  жоқ)  тамақтар  болса,  қара  түске 

баланғандығын байқауға болады. Осыдан қара түс барша майсыз, қатықсыз, сүтсіз тамақтың 

символдық  белгісіне,  ауыспалы  мағынасына  ие  болған.  Мысалы:  қара  көже  —  түсінің 

қаралығынан емес, май, құрт, айран т.б. қатық қатпай, тек бидайдың, арпаның, тарының өзін 

ғана  қайнатып  істегендіктен,  яғни  беті  бозарып,  ағараңдап  тұрмағандықтан  осылай  аталған 

деп жобалауға болады. 

“Қара су іш — көңілің тыныш” деген мақал судың өзін ғана қайнатып, шай салмай, сүт 

қатпай ішсең де, басқа байлықты іздеп (майлы сорпа, қатықталған қара қоңыр шай ішем деп) 

әуре болудан өмірді тыныш өткізу әлдеқайда артық дегенді аңғартып тұр. Кейде “қара суды” 


 

340 


— "қайнаған қара су", (яғни шай салмай, қайнатып қана  ішетін жай су),  “қатықсыз қара су” 

(сүт қатпай, шай салып қана ішетін су) деп те айту бар. 

7.  “Қара”  –  “айыпты,  кінәлі,  қылмысты”  (адам).  Қазақ  тілінде  “қара”  атауының  бұл 

мағынасы  өте  жиі  қолданылады.  Мәселен,  “Кіммен  қарайсаң,  сонымен  ағар”  деген  мақалды 

басқаша “кіммен қылмыс істеп, кінәлі болсаң, сонымен бірген ақтала біл” деп те айтуға болады. 

“Қара”  атауынан  туындаған  бұл  ауыспалы  мағынаның  қазақ  тілінде  кең  тарауына 

байланысты ол жеке-дара тұрғанда да өзінің қарама-қарсы жұбы – “ақ” (“адал”, “айыпсыз”, 

“кінәсіз”  мағынасындағы)  атауымен  салыстырыла  қолданылатыны  да  байқалады.  Мысалы: 

Бақыт  баста  тұрғанда,  білмесең  де  данасың,  Бақыт  құсы  жөнелсе,  ақ  та  болсаң, 



қарасың

” деген қанатты сөздегі “қарасың” – "айыптысың, кінәлісің” — дегенді білдіреді. 

 8. “Қара” – “жала, орынсыз айыптап, кінәлауға” қатысты ұғым. Қазақ тілінде  “біреуге 



жала жабу” дегенді бейнелі түрде  “біреуге қара жағу” деп те айтады. Мысалы: "Жаптым 

жала,  жақтым  қара"  (“біреуге  өтірік  кінә  тағып,  жала  жауып,  орынсыз  айыптадым”) 

мақалындағы “қара” да осы мағынаны аңғартып тұр. 

Қара”  атауының  көп  жағдайда  білдіретін  жалпы  теріс  мағыналарының  бірі  —  осы 

“жала”,  “айып тағу”,  “кінә арту”  болғандықтан да, ол қазақ тілінде жиі  кездесетін  аясы кең 

мағыналарға жатады. 

 9.  “Қара”  –  “ескі  наным-сенімге  байланысты  адамға  зияндық  істейтін  жын-шайтан, 

марту, албасты, қасиетсіз мақұлық” т.б. осы сияқты “қара күш” иелері. Қазақ арасында Қара 

басқыр! Саған бір қара көрінер! Қара басып, орнымнан тұра алмай қалдым! Қара албасты 

басқыр!  деген  сөздердегі  қара  атауы  жай  айтылып  тұрған  жоқ.  Мұның  бәрі  жоғарыда 

аталған  “қара  күш”  иелерінің  символдық  бейнелері,  олар,  әдетте,  ұйықтап  жатқан  адамның 

бойын басып, еркін қимылдауға мұршасын келтірмей қоятын болған, одан босану үшін адам 

(көбінесе  жүкті  әйел,  жас  балалар)  ақ  тер,  қара  тер  болып  әрекеттенетін  болған.  “Қара” 

атауы  шайтанның,  жынның  ең  қауіпті  түрін  білдірген  (қара  шайтан,  қара  албасты,  қара 

жын  қозу  т.б.).  Олар  қазақ  наным-сенімі  бойынша  үй  сыртындағы  күл-қоқысты  мекендеп, 

қараңғы түсе бастаған апақ-сапақ кезде жүретін болған. Сондықтан да ертедегі қазақтар екі 

қабат  әйелге  кешке  таман  күл  шығаруға,  жас  балалардың  күл-қоқыста,  лас  жерлерде 

ойнауына  тыйм  салып  отырған.  “Қара  басқыр!”  деген  қарғыстың  мағынасы,  міне,  осы 

орамда айқын сезілетінін көруге болады. 

 10.  “Қара”  –  “өлім-жітім,  қайғы-қасірет,  қаралы  оқиға”  т.б.  осы  сияқты  жағдайдың 

символдық  белгісі.  Ауыз-екі  тілде  қолданылатын  қара  атауының  бұл  мағынасы,  әдетте, 

қайғылы қазаға байланысты жеке түрінде де, тіркес түрінде де жиі кездеседі. Мысалы: қара 



тұту

 – “жақын адамының өліміне байланысты қайғылы күйді бастан кешіру”; қара жамылу 

–  “жақын  адамы  өлгенде  қатты  қайғырып,  қазақтың  көне  салты  бойынша  үстіне  қара  (жас 

болса — қызыл, қарт болса – ақ) түсті киім (шапан, көйлек т.б.) жамылып, басына (әйелдер) 

жаулық  салып  жүру”;  қара  уайымға  салыну  –  “қатты  қайғыру,  күйзелу”;  қара  тұрғызу  – 

“өлген адамның басына ескерткіш орнату, белгі қою”; қара көтеру – “өлген адамның үйінің 

шаңырағынан  қара  түсті  ту  көтеріп  қою”.  Бұл  –  “үйдің  адамы  өліп,  аза  тұтып  отырғанын” 

аңғартатын символдық белгі. 

Қазақ  дәстүрінде  өлім-жітімге  байланысты  қалыптасқан  көне  салт-дәстүрдің  көбісі 

(біразы қазір сақталмаған) “қара” түспен байланысты ырымдарды туындатқан. 

Қара” атауының “қайғы-қасіретті” мәнін біз “қара қағаз” тіркесінен де айқын көреміз. 

Бұл  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  майданда  қайтыс  болған  адамның  еліне,  отбасына 

жіберілетін қайғылы хабар, ресми құжат. Оның “қара” түспен тікелей байланысы жоқ, бірақ 

қазаны білдіретін ауыспалы мағынасындағы қолданысы.  

 11.  “Қара”  –  “қою,  қалың, тығыз” мағынасында  ит  тұмсығы  батпайтын  қалың  орман, 

қорым,  жынысқа  қатысты  қолданылатын  ауыспалы  мағыналарының  бірі.  Бұл  мағына  қазақ 

тіліндегі  қара  орман  тіркесінен  айқын  байқалады.  Ал,  бір-бірімен  тығыз,  жиі  отыратын 

қалың  қазақты  сипаттау  қажет  болғанда  “қара  ормандай  қаптаған  қалың  қазақ”  деп,  қара 

орманмен салыстырып айту да кездеседі. 


 

341 


Осындағы қара атауының “қалың, тығыз, қою” мағынасына ауысуының бір уәжі қалың 

қорым болып өскен орманның алыстан біртұтас болып қарайып көрінуі болса керек. Ағашы 

сирек орманда ондай көрініс болмайды. 

12. “Қара” –  “реңсіз, қоңырқай, түр-түсі айқын емес, күңгірт”. Авторлар бұл мағынаға 

мысал  ретінде  қара  металл,  қара  бақыр  (мыстан  жасалған  майда  теңге)  деген  тіркестерді 

келтіреді   (65 б.). Немесе қара дүркін деген тіркестің бір мәнін “айқын, анық, ашық-жарқын 

емес, көмескі, күңгірттеу әрекет” деп те түсіндіруге болады. 

 13. “Қара” – “жай, қарапайым” (бұл сөз бағасына, сөз өнеріне байланысты). Мысалы: 



қара  сөз,  қара  өлең.

  Қазақта  қара  сөзге  дес  бермедім...  (Абай)  –  “ұйқастырып,  бейнелеп 

айтылатын өлең сөзден айырмашылығы бар, жай сөздермен баяндалатын проза жанрында да 

ешкімге  жол  беріп  көрген  емеспін,  шешенмін”  дегенді  аңғартып  тұр.  Демек,  бұл  жердегі 



қара сөз мағынасы өлең сөзден де, қызыл сөзден де басқаша.

 

Қара  өлең

  — “өлең  сөздің  ішіндегі  ең  қарапайымы,  кез  келген  қазақ  төрт  ауыз сөздің 

басын қосып, ойын емін-еркін айта білген өлең сөздің бір түрі”. 

 14.  “Қара”  –  “ауыр,  зілбатпан”.  Бұл  мағынаны  қара  уайым,  қара  дерт,  қара  дақ  т.б. 

осы  сияқты  тіркестерден  аңғаруға  болады.  Бұл  қолданыстан  “қайғы-қасірет”,  “ауыр  қаза” 

деген мағынаны да аңғаруға болатын сияқты. 

 15.  “Қара”  –  “қатыгез,  қаныпезер,  ұятсыз,  пиғылы  жаман  адамға  тән  арам  қасиет”. 

Мәселен,  қара  көңіл  тіркесі  мен  жоғарыда  (14-топта)  келтірілген  қара  көңіл  тіркесінің 

мағыналары  бір  емес.  Біріншісіне  “қатыгездік”  тән  болса,  екіншісіне  “ауыр-қайғы-қасірет” 

тән. “Қара жүрек” тіркесінен де біз осы бірінші мағынаны аңғарамыз. “Қара бет” – “елдің 

бетіне қарауға болмайтын сорақы қылмыс, ұятты іс істеген адамға қатысты теңеу”. 

16.  “Қара”  –  1)  “жазу-сызу,  хат,  әріп  таңбалары”;  2)  “сауаттылық”  мағыналарына 

қатысты.  Мысалы:  қара  тану  –  “хат  тану,  жазу-сызуды,  жазылғанды  оқып  үйрену”; 

“сауатын ашу”. Ақ, қараны танитын болды – “жазылған хатты оқитындай сауаты ашылды”. 

Тілдегі  “ақ-қарасын  анықтау”  тіркесінің  (яғни,  “шын-өтірігін  адалдығы  мен  қылмысты 

екендігін айыра білу”) бұл тіркеспен сыртқы ұқсастығы болмаса, мағыналары басқа-басқа. 

Қара  атауының  “жазу

-сызу,  хат”  мағынасын  білдіретін  себебіне  келсек,  ол,  шынында 

да, ақ қағаз бетіне жазылған хат бейнелері қара сиямен түсуіне, қарайып көрінетін сол хатты 

(әріптердің мән-мағынасын түсініп) өзара құрастырып, оқи білуге байланысты болып отыр. 

 17.  “Қара”  –  “жердің  бетіне,  астыңғы  қабаттары  мен  топыраққа  (“грунт”,  “почва”) 

қатысты мағынасы”. Мәселен: қара жол – жолдың қаралығына байланысты емес, ол бетіне 

тас төселмеген, асфальт салынбаған, мал, адамның көп жүруінен шыңдалып, жолға айналған 

ауыл  арасын  қосатын  жол  (орысша  “проселочная  грунтовая  дорога”);  қара  су  –  “ойпаттау, 

саздау,  тегіс  жердің  астынан  шығып  ағатын  су”  (орысша  “грунтовая  вода”).  Бұл  “қара 

судың”  жоғарыда  келтірілген  “майсыз,  қатықсыз”  мағынасындағы  “қара  су”  емес  екендігін 

байқау қиын емес. 

Дегенмен,  мұның  да  қалыптасу  мотивінде  жердің  қаралығы  ескерілгендігін  жоққа 

шығаруға болмайды. 

18. “Қара” – “күшті, екпінді, тегеуірінді, дүлей” мағынасында негізінен адамның күш-

қуатына,  табиғи  құбылыстардың  (жел,  дауыл,  боран,  құйын  т.б.)  қауіп-қатерлі  әрекетіне 

қатысты қолданылатын анықтама. Мәселен, қара күш – “тепсе темір үзетін пәрменді күштің 

сипаты”.  “Өзіміздікі  дегенде  өгіз  қара  күшім  бар,  өзгенікі  дегенде  анау-мынау  ісім  бар” 

деген  мақалды  алсақ,  осындағы  “өгіз  қара  күш  те"  адамның  бойындағы  зор  күш-қуатын 

сипаттап  тұр.  Қара  дауыл  –  “жер  бетіндегі  заттың  бәрін  қиратып,  бұзып,  әлегін  аспаннан 

шығаратын қатты дауылды" сипаттап тұр. Қара жел, қара тасқын, қара боран т.б. сияқты 

тіркестердің бәрі де табиғаттың дүлей күшіне байланысты жасалған. 

Ал, олардың о бастағы жасалу мотивінде қара түстің қатысы жоқ емес. 

 19. “Қара” – “желсіз, тымырсық қыс мезгілінде болатын қатты суық, қатқыл аяз, тоң-

мұз” мағынасына байланысты мағынаны білдіреді. Мысалы: қара суық деген тіркес суықтың 

түр-түсін көрсетіп тұрған жоқ, бұрқасыны, бораны, борап жауған қары жоқ қыс күндерінде, 

суық күз айларында болатын суықты сипаттап тұр. Оны “қақаған қара суық” деп те атайды. 


 

342 


Шыңылтыр  сары  аяздан  қара  аяздың  негізгі  айырмашылығы  –  оның  желсіз,  тымырсық 

күндерде  болуында.  Қара  қатқақ  —  желсіз,  борансыз  суық  күндерде  ертелі-кеш  қатып, 

тоңазып, тіпті мұзтайғақ болып қатып жататын жердің беті. 

“Қара”  атауының  бұл  мағынасы  да  ақ  қар,  көк  мұзда  айналаға  қара,  қара  қоңыр

сұрғылт түс беріп тұратын табиғат құбылысына байланысты. 

20. “Қара” – “адамның, малдың өз аяғымен жүруі қимыл-әрекеті”. Мысалы: қара жаяу 

– “жаяу адамның қарапайым, жайбарақат жүрісі”; қара жарыс – 1) “жаяу жарыс”; 2) "аламан 

бәйгені  өткізуден  бұрын  жүйріктердің  жағдайын  алдын  ала                білу  үшін 

ұйымдастырылатын жақын қашықтыққа шаптырып сынау"; қара желіс – атты жорғалатпай, 

шаптырмай, бір қалыпта текіректетіп желіп отыру т.б. 

 21. “Қара” – “көңілсіз, сүреңсіз сәт” мағынасында қолданылады. Мысалы, қара іңір – 

кеш батып, ымырт жабылған, сүреңсіз, көңілсіз уақыт. 

 22.  “Қара”  –  “ең  жақын,  ең  қымбатты,  ең  аяулы”  –  мағынасында  (кейде  “қарашық” 

түрінде)  қолданылады.  Мысалы,  “Көзімнің  ағы  менен  қарасындай”  дегендегі  “қараның” 

ауыспалы мағынасы “ең абзал, қадірлі, қымбатты” дегенге барып саяды. 

Ә. Қайдар т.б. авторлар: “Бұл тіркестің пайда болуына о баста, әрине, көзге тән ақ түс 

пен  қара  түстің  негіз  болуы  сөзсіз.  Бірақ  бұл  түс  атаулары  бара-бара  ол  мағынасынан 

алыстап  кеткен.  Сондықтан  да  қазақтардың  қара  көз,  көк  көз,  қой  көз  деп  те  айта  беруі 

заңды”, – деп көрсетеді (67 б.). 

23.  “Қара”  –  “жарлы-жақыбай,  кедей-кепшік,  еңбекпен  ысылып  өскен,  міскін” 

мағынасында да қолданылады. Мысалы, қазақ тіліндегі қара табан, қара сирақ, қара борбай, 



қара  кедей,  қара  құл,  қара  күң  т.б.  осы  сияқты  тіркестердегі  “қара”  атауы  барша  саналы 

өмірін қара жұмыс істеумен өткізіп келе жатқан, ішер тамақ, киер киімге жарымаған, күнге 

күйіп, жел қағып, бет-әлпеті тотыққан жарлы-жалшыларға қатысты айтылып тұр. 

24. “Қара” – 1) қадірлі, қасиетті, сыйлы, құрметті, қастерлі, қасиетті; 

 2) “ең көне”, “көп ұсталған”; “ертеден сақталып келе жатқан” мағыналарын білдіреді. 

Мысалы,  бұл  бір-бірімен  астарлас  жатқан  екі  мағынаны  қазақ  тілінде:  қара  шаңырақ,  қара 



қазан,  қара  қобыз,  қара  шал,  қара  кемпір  т.б.  тіркестердегі  қара  мағынасынан  белгілі 

контексте осыларды аңғаруға болады. 

25.  “Қара”  –  “солтүстік”,  “терістік”  бағыт-бағдар  мағынасында  да  қолданылады.  Бұл 

атау, түркі  әлемінде  басқа түр-түс атауларымен қатар  “солтүстік жақ”,  “терістік жақ”  деген 

ұғымды  білдіреді.  Қазақ  ру-тайпаларында  жиі  кездесіп  келген  “ақ”  пен  “қара”  түр-түс 

атаулары олардың (сол ру-тайпалардың бет-әлпетінің “ағы” мен “қаралығын”) емес, кезінде 

жасап  келген  географиялық  аумағының  қай  тұсында  (оң,  сол,  батыс,  шығыс,  солтүстік, 

терістік т.б.) өмір сүргендігін білдірген. 

Бұл мағынаның пайда болып, қалыптасуы да, сөз жоқ, қара түспен байланысты. Әдетте 

күннің шығатын жағы ашық-жарық болып келеді  де, ол (шығыс, оңтүстік жақ) “ақ” түспен 

белгіленсе,  ал  күн  батыс  жақ  (терістік,  батыс)  –  “қара”  түске  ауыса  бастайды  да,  ол  қара 

атауымен аталады. Бұл логика жүйесіне сәйкес құбылыс. 

26. “Қара” – “жеке-дара, саяқ, бөлек” деген ұғымдарды білдіретін мағыналар. Мәселен: 

қара  басы 

—  “өзі  ғана,  жеке  басы  ғана”.  Қара  басының  қамын  жеу”  (өз  қамы  үшін) 

фразеологизмінің құрамындағы "қара" бастың қаралығын айтып тұрған жоқ, “тек өз басының 

ғана қамын жеуді” аңғартып тұр. 

Бұл  мағынаның  адам  басына  байланысты  пайда  болуы  о  баста  көп  бастың  ішінде 

белгісіз  болып  тұрған  жеке  бір  бастың  олардан  дара  тұрғанда  қарайып,  анық  көрінуіне 

байланысты болса керек. 

 27. “Қара” –  “есейіп, өсіп-өніп,  ұшуға, жүруге, ауға  жарап қалған  кезеңді" сипаттауға 

қатысты  мағына.  Бұл  мағына,  әдетте,  аң-құс,  мал  төлі  мен  құс  балапандарына  байланысты 

айтылады.  Мысалы:  қара  қанат  –  “жалпы  құстың,  соның  ішінде  қыран  құстың 

балапандарының қанаты қатайып, ұшуға талпынған кезі”; қара құлақ – “қасқыр, түлкі, күшік 

бөлтіріктерінің  құлағының  ұшы  қарайып,  індерінен  шығып,  өз  бетінше  жем  іздеп,  тірлік 

етуге  талпынған  кезеңі”.  Қара  тырнақ  —  “тырнақты  жыртқыш  аңдардың  (қасқыр,  қарсақ, 


 

343 


түлкі,  барыс  т.б.)  бөлтірік,  күшіктері  бауырын  көтеріп,  айналасынан  жем-жемтік  іздеуге 

шыға бастаған кезеңі” т.б. 

28.  “Қара”  –  “жалпы  тірі  жан,  тісті  бақаға”  қатысты  мағынаны  білдіреді.  Мысалы: 

Алдына  қара  салмау”  деген  фразеологизмнің  құрамындағы  қара  осы  аталған  мағынаны 

білдіріп тұр. Оның екінші баламасы – “алдына жан салмау”. Тиісерге қара таппау – бойынан 

бәле іздеп тауып, төңірегінен шатасуға тірі жан таба алмау. 

29.  “Қара”  –  “шикідей  дайындалған  азық-түлік;  малдың,  аңның  еті,  дәнді-  дақылдар 

(бидай, тары, арпа, күріш, жүгері)”. Мысалы: қара азық — жеп-ішуге қажетті азық-түліктің 

жалпы  атауы.  Қара  сан  –  “малдың  (адамның  да)  майсыз  қара  еті  мол  сан  мүшесі”,  қара 

жамбас

 – “еті мол жамбас” т.б. 

 30. “Қара” – “қарғыс, теріс бата” мағынасында да қолданылады. Мысалы: “Ақ” дегені 

–  алғыс,  қара  дегені    қарғыс”  деген  мақалда  бұл  мағына  айқын  көрініп  тұр.  “Қара” 

дегеннің  “қарғыс”  болатын  себебі,  ол  сөздің  астарында  біреу  туралы  айтылған  небір  өсек-

өтірік, адамды жамандаушы, айыптаушы, жазғырушы пікір жатыр. 

Қорыта  келгенде  айтарымыз:  “Қара”  түс  атауының  ең  басты  ерекшелігіне  оның 

полисемантикалық  табиғатын  жатқызуға  болады.  Оның  қосымша,  ауыспалы  мағыналары 

ақ” түс  атауынан екі  есе  артық (15:30). “Қара”  атауынан  туындаған  (олардың  когнитивтік, 

фразеологиялық,  рәміздік,  қасиетті  (сакральды),  кәделік  (ғұрыптық)  т.б.)  ауыспалы 

мағыналарының баршасы басқадан емес, түптеп келгенде, сол “қара” түстің өзі табиғатынан 

өрбіп,  дамыған.  Олардың  жасалу,  қалыптасу  уәждері  де  (мотивтері  де)  сан  алуан.  “Қара” 

түстен тараған ауыспалы мағыналардың біразы көп нысанға қатысты болып, көп деректерге 

негіз  болса,  енді  біразы  бір-екі  нысанмен  ғана  шектеледі.  “Қара”  атауына  тән  мағыналық 

дамудың  ең  соңғы  ерекшелігіне  олардың  өзара  жақын,  астарлас  болып  келуінде.  Оларды 

жіктеп, айқындау үшін мәтін мен контекс өте зор рөл атқарады.  

Қара”  атауынан  қазақ  тіліндегі  туындаған  ауыспалы  мағыналар  –  жүздеген,  тіпті 

мыңдаған тұрақты да бейнелі тіркестерге негіз болып саналады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет