Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет47/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90

Резюме

 

В  статье  рассматривается  история  исследования  сложных  предложении  казахского 

языка. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚЫНДАР ТІЛІНДЕГІ КӨНЕРГЕН АТАЛЫМДАРДЫҢ УӘЖДІЛІК CИПАТЫ

 

(Ерімбет пен Нұртуған шығармалары бойынша)

 

 

Өтемісова Г. Ж.

 

Халықаралық Бизнес Академиясы 

 Алматы қ., Қазақстан Gumi_kaz@mail.ru 

 

Ақындар  тіліндегі  көнерген  аталымдардың  уәжділік  ерекшеліктерін  анықтау  үшін 



алдымен уәжділік теориясына толталған жөн. 

Уәжділік

  −  форма  мен  мазмұн  арасын  байланыстырушы  құрал,  маңызды  белгілерінің 

бірі.  Уәжділік  −  кез  келген  сөзге  тән  емес,  дәлірек  айтсақ  оның  ішкі  формасына.  Сөздің 

уәжділігін ашпас бұрын оның мазмұны мен ішкі формасының сәйкестілігіне мән берген жөн. 



 

327 


Уәжділік  шекарасы  лексикалық  мағынаның  оның  ішкі  формасына  өзектелген  бөлігімен 

айқындалады [1, 158 б.]. 

Ғалым  Ғ.  Қалиев  пен  Ә.  Болғанбаевтың  «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы»  еңбегінде:  «сөз  мағынасының  кеңеюі  деп  сөздің  тұлғасын  өзгертпей-ақ 

бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ал, 

сөз мағынасының тарылуы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің 

кейбір  мағынасының  қолданыстан  шығуып  қалуын  білдіреді»  деп  нақты  тұжырымдайды            

[2, 86 б.].  

Сыр бойы ақын-жыраулары шығармаларындағы көнерген аталымдардың қолданылуын 

қазіргі тіл қолданысымен салыстырғанда, сөз мағынасының кеңеюі мен тараюы бірден көзге 

түсетін құбылыс. 

Ғалым  А.  Салқынбай  «Қазақ  тілі  сөзжасамы»  атты  еңбегінде  мынадай  тұжырым 

жасайды: «Семантикалық сөзжасам парадигмасы – түбірлес сөздердің мағынасы арқылы бір 

деривация  деңгейінде  тұлғалық  өзгеріссіз  жасалған  туынды  аталымдардың  жиынтығы. 

Семантикалық  сөзжасам  арқылы  жасалған  атаулар  парадигмалық  шеп  құрай  алады. 

Парадигмалық  шепке  ену  үшін  сөздің  ерекше  номинативті  мағынасы  болып,  туынды  атау 

ретінде танылуы қажет. Семантикалық сөзжасам негізінде жасалған атаулар морфологиялық 

тұлғалармен түрленіп, сөйлеуде қызмет атқарғанда ғана негізгі мағыналары айқындалады [3, 

93-94  бб.].  Ғалымның  айтқан  пікірін  мысалдармен  дәлелдейік.  Ақындар  шығармаларында 

кездесетін  дүр  сөзі  көне  тұлғалардың  бірі.  Бұл  сөз  адамға  ғана  байланысты  айтылады. 

Н.Оңдасыновтың  «Арабша-қазақша  сөздігінде»  дүр  сөзінің  мынадай  мағыналары 

көрсетілген:  І  Дүр  −  інжу  (омыртқасыз, жұмсақ  денелі  сауытты  жәндік  денесінде  пайда 



болатын көбінше ақ не ақ сары түсті қатты зат; маржан; қымбат); ІІ Дүр − ауыс. зор, 

ірі,  атақты,  әйгілі;  ІІІ  Дүр  −  ауыс.  асыл;  ІV  Дүр  −  кісінің  атындағы  қосымша  (Дүрдана, 

Дүржан); V Дүр  –ды (-ді) қосымшасының көне түрі (формасы) [4]. Араб тілінде дарриун – 

інжу;  айқын,  жарқылдаған  дегенді  білдіреді  [5,  314-315  бб.].  Моңғол  тілінде  дүр  –  ерік, 

тілек,  ынтықтық;  бейімділік,  махаббат,  ұнату  деген  мағынаны  білдіретін  сөз  [6,  159  б.]. 

Дүр  сөзінің  мағыналарының  бірнеше  түрі  ақындар  шығармаларында  кездеседі.  Мысалы, 

Кеңесіме  құлақ  сал,  Ақылды  туған,  Алашым!  Сөзбенен  шаштым  дүр,  жауһар  Керегін 

таңдап аласың [Н.К.Іт]

Бұл  жерде  «дүр»  аталымы  асыл  сөз  деген  ауыс  мағынада  қолданылса;  Қорықпаймын 



қандыкөз,  Қайыспайтын  дүр  шықты  Әке  мен  баладан  айырылған,  Қатын–бала  күңіреніп, 

Жазықсыз жаннан шер шықты [Н.К.ІІт] – мұнда ірі, алып деген мағынада, енді мына жерде: 

Кемеңгерге  кездескенде,  Кеміте  алмас  артып  омырау.  Білгендерге  дүрдің  сөзі  Бесенеден 

беп-белгілі,  Көп  керуеннің  ішіндегі  Құба  нардай  таққан  қоңырау  [Е.К]  және  Молда-еке, 

ақылың кәмбіл, дүр – данасың, Сөз айтсам шариғаттан тоқталасың [Е.К] дегендегі «дүр» 

білімді,  көп  көрген  адам  мағынасында  қолданылса,  Мен  айттым:  «Халықтың  мизамы, 

әкімісіз,−  деп,−  Керек-дүр  болмағыңыз  көңіл  саптан  [Е.К]  дегендегі  «дүр»  -ды  (-ді) 

қосымшасының көне түрінің орнына қолданылып тұр

Қазіргі  тіл  қолданысында  дүр  сөзінің  зат  есімдік  мәнінен  сын  есім  жасайды,  туынды 

мағынасы  дүрдей  «зор  нәрседей  (адамдай)»,  тіпті  дәлірек  айтқанда  «мықты  адамдай» 

дегенді білдіреді. «Дүр» сөзінің өзек семасына асыл, алып негіздері уәж, себеп болып отыр. 

Мұндай  аталымның  дамыған  мағынасы  тек  сөйлемдегі  қызметі  нәтижесінде  толық 

аңғарылады. 

Нұртуған  мен  Ерімбет  шығармаларының  тілінде  кездесетін  сол  кезеңнің  актив 

қабатындағы кейбір сөздер, қазіргі тілімізде пассив қабатқа өтіп көнерген аталымдар болып 

отыр.  Мысалы,  Нұртуғанның  «Мәулімнияз–Едіге»  дастанында:  «Кебенек  ерді  танытпас, 

Топқа  түсіп  сыналмай.  Дауымыз  біздің  бітпей  тұр,  Бір-бірімізден  құн  алмай...»,  −  деген 

өлең жолдары кездеседі. Бұл үзіндідегі құн – кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының 



мал  басымен  беретін  төлемі  мәнінде  болса,  қазір  экономикалық  термин  ретінде 

қалыптасқан. 



 

328 


Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде «құн» сөзінің екі мағынасы түсіндірілген: І Құн − 

тарихи.  ерте  кезде  кісі  өлтірген  адам  тарапынан  төленетін  айып  мал;  төлем;  ІІ  Құн  − 

экон.  тауарға  сіңген  қоғамдық  еңбекті  көрсететін  экономикалық  категория;  белгілі  бір 

затқа тән баға, нарық [7, 234 б.]. 

«Егемен  Қазақстан»  газетінде  мынадай  мәтін  бар:  «Тауарлар  импортын  қосылған  құн 



салығынан босату ережелерін бекіту ережесі «Салық және бюджетке төленетін басқа да 

міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы  10 желтоқсандағы 

Кодексінің (Салық Кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) 255-бабының  2-тармағына сәйкес әзірленді 

және тауарлар импортын қосылған құн салығына босату тәртібін айқындайды  [8, 5 б.]. 

Жоғарыдағы  үзіндіде  «құн»  көнерген  аталымның  туынды  мағынасымен,  яғни  белгілі 

затқа берілген баға мәнінде қолданылып тұр. Парсы тілінде хун – қан деген сөз [9]. Сұлтан 

билеген  кезде  ескі  тәртіп  үстемдік  етті.  Кісі  қолынан  біреу  қаза  тапса  қанды  қанмен  жуып 

өлтірген жақтан да адам өлетін болған. Бірақ кейінгі кезде өлген адамның қанының бағасын 

төлеуге де мүмкіндік берді. Осыны құн дейді. «Қан бағасы» деген ұғым [10,58 б.]. 

Келтірілген  тілдік  деректердегі  аталымға  уәж  болған ортақ  белгісі  төлем  немесе  баға 

(нарық) негіз болған. 

Осы  сияқты  Нұртуғанның  «Орақ–Мамай»  дастанында:  Мұнан  туған  Нұрадин,  Палуан 



қайсар  өте  тым  Он  екі  жаста  жау-жаулап  Қол  бастағанға  ұқсайды  –  дейді.  Осы  өлең 

жолдарындағы қол – тарихи «әскер, жасақ» деген мағынада қолданылып тұр. 

Қазақ  тілінің  сөздігінде  «қол»  сөзінің  үш  түрлі  мағынасы  көрсетілген:  І  Қол  –               



1)  адамның  бір  нәрсені  ұстайтын,  жұмыс  істейтін  мүшесі;  2)  Ауыс.  қолтаңба,  жазу, 

почерк;  3)  жұмыс  күші,  адам;  ІІ  Қол  −  көне.  әскер,  жасақ,  жауынгер;  ІІІ  Қол  −  жөн, 

ыңғай, лайық [7, 401-402 бб.]. 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде:: І Қол − адамның иығынан бастап саусақтарына 



дейінгі мүшесі; ІІ Қол − ірі әскер бөлімі [11, 332-333 бб.] деген мағыналары көрсетіліген. 

Қазақ тіліндегі әскери лексиканың тарихын арнайы зерттеген ғалым  Т. Байжанов қазақ 

тілінің  ерте  кездегі  және  қазіргі  кездегі  әскери  лексикасын  жан-жақты  талдаған.  Ол  әскери 

лексиканың  құрамындағы  кірме  терминдер  мен  байырғы  атаулардың  ара-жігін  ажыратып, 

олардың шығу тегі мен қолданыс ерекшеліктерін анықтады. Ғалым қол сөзінің терминденуі 

жөнінде былай дейді: «қазақ тілінде қол сөзінің басты мағынасы – адамның дене мүшесінің 

аты.  Кейінірек  қол  сөзінің  «әскер,  жасақ»  мағынасы  пайда  болған.  Демек,  қол  атауы 

метафораланып  барып,  «әскер,  армия»  мағынасын  алған  [12,  38  б.].  Сонымен  қатар,  бұл 

үлгіні  терминжасамның  бір  үлгісі  (моделі)  ретінде  пайдалана  отырып,  жаңа  терминдер 

жасауға әбден болады. Тіліміздегі терминжасам мүмкіндігін жетілдіру  осылай жүзеге асуға 

тиісті екендігін айтқан жөн. 

Қазір  бұл  көрсетілген  екінші  мағынасында  мүлде  қолданыстан  шығып,  тек  «адамның 

дене  мүшесі»  ұғымындағы  негізгі  мағынасымен  бірге  «қол  қою»,  «қолтаңба»  (подись) 

тіркестерінің  құрамында  ауыспалы  мағынада  қолданылады.  Дегенмен,  «қол»  аталымының 

барлығына ортақ мағына қимылдық қасиеті уәж, себеп болып отыр. 

Сонымен  қатар  Нұртуғанның  «Мәулімнияз–Едіге»  дастанында  мынадай  жолдар 

кездеседі: Артыңнан барған Жанбайға, Өкпелепсің хандарға. Халық-қалия, қарындас, Жасы 

жеткен  шалдарға.  Нұртуған  қарындас  сөзінің  көнерген  мағынасын  2–3  жерде  қолданып, 

бұл атауды туысқан, ағайын, бір жұрттың (рудың, тайпаның) адамы сөздерінің синонимі 

ретінде 

келтіреді. 



«Қарындас» 

сөзінің 


көне 

мағынасын 

басқа 

ақын-жыраулар 



шығармаларынан да көре аламыз. Мысалы, Тар қолтықтан оқ  тисе, Тарыққанда  қайрылар 

Қарындасым менде жоқ,

 − (Махамбет). Жайыңды білген қарындас, ол қарындас әм жолдас 

(Шалкиіз). 

Мәселен,  қазақ  тілінің  түсіндірмелі  сөздігінде  «қарындас»  сөзі  зат  есім  ретінде 

көрсетіліп,  оған  қысқаша  түсініктеме  берілген:  Қарындас  −  зат.  жасы  кіші  әйел  жынысы 

ағасына қарындас болады [11, 319 б.]. 

Қазіргі  баспа  беттерінде  кездесетін  «қарындас»  сөзі  жоғарыда  көрсетілген  мағынада 

қолданылған.  Мысалы,  2006  жылғы  «Ана  тілі»  газетіндегі  мына  үзінді  осының  айғағы: 


 

329 


«Қарындасын  зорлықтан  құтқарған  қос  қыранға  «Атамекен  холдингі»  құрмет  көрсетті». 

Газетімізде  жарияланған  «Қазақтың  қос  қыраны  қарындасын  қаныпезер  зорлықтан 

құтқарып  қалды»  деген  мақала  талай  қазақтың  намысын  оятатынына,  ашу-ызасын 

тудыратынына  күн  сайын  көзіміз  жетуде.  Оған  редакцияға  келіп  жатқан  хаттар  мен 

соғылған телефон қоңыраулары куә [13, 1 б.]. 

1999  жылы  «Дайк-Пресс»  баспасынан  жарық  көрген  «Қазақ  тілінің  сөздігінде»  осы 

түбірге  қатысты  үш  түрлі  мағынасы  көрсетілген:  І  Қарындас  –  зат.  бірге  туған  ағасынан 

жасы кіші қыз; ІІ Қарындас  жасы үлкен адамның айтатын қаратпа сөзі; ІІІ Қарындас 

– көне. ағайын-туған, бауыр [7, 384 б.]. 

Көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде бұл түбір «туысқан, 

бір  тектен  шыққан  адамдар»  мәнін  білдіреді.  Дегенмен,  қарындас  сөзінің  о  бастағы  «ағайын, 



туысқан» мағынасы − өткен ғасырда қазақ тілінде жоғала бастаған құбылыс, оның орнын соңғы 

мағыналар ығыстыра бастады да, қарындас варианты осы күнгі «бірге туған кіші қыздың ағасына 



туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын қаратпа сөзін» 

білдіріп,  мағынасы  тарылған.  Ал,  ақындар  шығармаларындағы  «қарындас»  сөзінің  «ағайын, 

туысқан» мағынасы мақал-мәтелдерде сақталған. Мысалы, «Ауру – астан, дау – қарындастан», 

«Қарындасың жоқ болса, жауда қалар жалғыз бас». Жоғарыда келтірілген деректерде «қарындас» 

аталымының ортақ белгісі туыс адамға қатысты айтылуы негізгі уәж болған. 

Осы сияқты Нұртуған шығармасындағы «батыр» сөзін алайық. Мысалы,       

Батырына сәлем айт, Қолынан туы құлаған.

  

Бұл үзіндідегі батыр − елді жаудан қорғап, жауын жығылдырған ер жүрек адам. 



Батыр

 – жалпы түркі тілдеріне ортақ көнерген аталымдардың бірі. Көне түркі жазуларында 



батур, баһадур сөздері жалқы есім және әскери атақ мағынасында қолданылған. Батыр термині 

көпшілік  тілдерде  бар:  қарақалпақ,  татар  тілдерінде  батыр,  өзбек  тілінде  ботир,  ұйғыр  тілінде 



батур, осман түріктері тілінде ватур, қырғыз тілінде баатыр, алтай тілінде матыр, патыр, шор 

тілінде  бағатыр,  румын  тілінде  бахадирка,  украин,  поляк,  орыс  тілдерінде  богатыр,  венгер 

тілінде  ватор,  вогул  манси  тілдерінде  мадур,  осетин  тілдерінде  ватроз,  үнді  тілінде  вахадур, 

француз тілінде бахадойр формасында ұшырайды. 

Тарихи деректерге ден қойсақ, қадым заманнан көне түркі тілдерінде бұл сөздің батур 

немесе баһадур сияқты екі түрі болған. 

Бір қатар ғалымдар (Ғ. Мұсабаев Э. Шаванн, А. Вамбери) «батыр» сөзі көне түркі сөзі 

деп  көрсеткен.  Көне  түркі  тіліндегі  бат-тур,  ол  кездегі  соғыс  дәстүрінде  майдан  –  екі 

қолдың  аралық  жері.  Осыған  жекпе-жекке  шығады.  Сол  майданда  жекпе-жекке  шығып, 

қарсы жауын күткен адамға бат – «батыл», тыр – «тұр» деген сөз деп көрсетеді. 

Сөйтіп,  батыр  сөзі  –  қазақ  сахарасында  жасаған,  түркі  тілдес  көшпелі  қазақ 

тайпаларының арғы тегі – хундардың тілінде болған көне түркі сөзі. Батыр сөзін бауырлас, 

қандас түркі  халықтарының тілдеріне ортақ мұра деп қарау  керек. Батыр сөзі түркі тілдері 

арқылы ерте кезде орыс тілдеріне ауысқан. Орыс тілінде бұл сөздің екі мағынасы бар: бірі, – 



батырь, екіншісі – богатырь 

 

«Батыр» сөзінің семантикалық өрісі 

 


 

330 


 «Батыр» сөзінің семантикалық өрісі 

  

Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи тәжірибенің 



негізінде  жасалады.  «Батыр»  сөзінің  лексика-семантикалық  өрісіндегі  мағынаның  барлығы 

дерлік  бір  түбіртектен  тарайды,  яғни  ер  жүректік,  күштілік,  мықтылық  қасиеті  себеп 

болған. 

Ғалым  Б.  Қасымның  «Сөзжасам:  семантика,  уәждеме»  атты  еңбегінде  күрделі 

атаулардың  өзек  мағынасына  қатысты  құнды  пікірлер  айтады:  «Кейбір  аталымдардың 

мағыналары күңгірттеніп, мағыналық сәйкестік мүлдем алшақтап, не мүлде белгісіз жағдайға 

жеткен жасырын, яғни идиомаланған күрделі заттық ұғымды білдіретін атаулар: алтынкүрек 

(жел),  сарыатан  (шілде),  сегізкөз  (анат),  кемпірауыз  (құрал)  т.б.  –  заттың  күрделі 

атауларының  сөздің  ішкі  құрылымының  даму  нәтижесінде  қалыптасқан  бірліктер  екені 

даусыз. Күрделі  атаулардың алғашқы қалпында негіз мағыналары болғаны сөзсіз, келе-келе 

ол өзек күңгірттеніп, ұмытылған. Атаудың мағынасы кеңейіп, толыға түскен. Қолданыста тіл 

иесі  оны  ізеп  жатпайды,  дайын  қазіргі  сөзжасамдық  мағынасы  тұрғысынан  қолданады»            

[3, 81-82 бб.]. 

Ақындар  тіліндегі  көнерген  аталымдарды  жан-жақты  талдай  келгенде,  мынадай 

тұжырымдамаға тоқталдық: 

- көнерген  аталымдардың астарында  уәж  жатады,  уәжділік  аталымның  пайда  болуына 

негіз болады; 

- көнерген аталым негізіне себепші уәжділіктің бір белгісі түрткі болу керек; 

- уәжділік белгілерге: пішін, түс, қызмет, көлем, сапа, мөлшер, орын т.б. жатады; 

-  әрбір  көнерген  аталымның  семантикалық  құрылымында  уәжділік  ерекшеліктері  әр 

түрлі қалыптасқан. Дегенмен, көнерген аталымның лексикалық мағынасының қалыптасуына 

заттық белгілер, сол аталымның уәждемесіне негіз болғандығы айқын аңғарылады. 

Ерімбет  пен  Нұртуған  тіліндегі  көнерген  аталымдар  ұлттық    сөздік    қорымыздың  

сүбелі қабатын құрайтын тілдік бірліктердің мағыналы жүйесі болып табылады. Себебі, 



Батыр

 

(Ер жүрек, 

күшті, алып

 



ІV Батыр

. Ауыс. 


 Батыл, өткір  

 

 



Батыр  ана − көп  бала  тәрбиелеп  өсірген  анаға  берілген  атақ

 

 



Батырлар жыры

 − елі,  жері  үшін   басқыншы  жаумен  шайқасқан     

             батырдың ерлік істерін жырлайтын фольклорлық шығарма 

   Батыр тұлғалы (пішінді) – зор тұлғалы, алпамсадай                                

Батыр қала

 − Ұлы Отан соғысында қаһармандық, ерлік көрсеткен 

                                     қалаға берілген жоғарғы атақ 



І Батыр.

 Ел қамы үшін 

жаумен айқасып, жеңіп 

шыққан ер жүрек адам 

 

ІІІ Батыр

. Экспр. Сөз 

арасында біреуді мадақтау 

мәнінде жұмсалатын сөз 

 

ІІ Батыр

.Экспр. Біреуді 

мысқылдау, кекету мәнінде 

жұмсалатын сөз  

 


 

331 


олар қазақ тілінің лексикалық қорын диахрондық және синхрондық тұрғыдан зерделеуге 

мүмкіндік береді. 



 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.

 



Кияк Т.Р. Мотивированность лексических единиц (количественные и качественные 

характеристики). – Львов, Вища школа, 1988. − 158 с. 

2.

 

Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. − 



Алматы: «Сөздік–Словарь», 2006. – 356 б. 

3.

 



Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. – Алматы: «КИЦОО», 2007. – 166 б. 

4.

 



Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы: Мектеп. − 1984.  

− І т. – 284 б. 

5.

 

Арабско-русский словарь, − М., 1958. – 1020 б. 



6.

 

Монгольско-русский словарь. − М., 1957. 



7.

 

Қазақ тілінің сөздігі. − Алматы, 2008. −  824 б. 



8.

 

Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережелерін бекіту ережесі. 



 // Егемен Қазақстан. − 2009. − 1 қаңтар. − 5 б. 

9.

 



Персидско-русский словарь. − М., 1960. – 1236 б. 

10.


 

Гордлевский В. Государство Сельджугидов Малой Азии. – М., 1941. − 58 с. 

11.

 

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. − Алматы, 2008. – 656 б. 



12.

 

Байжанов Т. Қазақ тіл біліміндегі әскери лексика. – Алматы, 1991. − 38 б. 



13.

 

Қазақтың қос қыраны қарындасын қаныпезер зорлықтан құтқарып қалды // Ана тілі. 



− 2006. −  № 24. 

 

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: 



 

Н.К. І т. − Кенжеғұлұлы Н. Кәнеки, тілім, сөйлеші... I том. – Алматы: Ғылым, 1992. – 224 б. 

Н.К.  ІІ  т.  −  Кенжеғұлұлы  Н.  Кәнеки,  тілім,  сөйлеші...  IІ,  ІІІ  том.  –  Алматы:  Ғылым, 

1994. – 444 б. 

Е.К. − Қарасақал Ерімбет. Ұлағат  сөзім  ұрпаққа. – Алматы: Маржан, 1995. – 313 б. 

 

Резюме

 

В этой статье выбраны устаревшие названия, встречающихся в языке поэтов, и сделаны 

этимологический анализ особенностям их мотивации

 

Summary 

In this article, selected older titles found in the language of poets, and made an etymological 

analysis of the characteristics of their motivation. 

 

 



МАШИНАЖАСАУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА АТАУЛАРДЫ 

 

ҚОЛДАНУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

 

Рыскелдиева Г.Д.

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

guldariya_ryskeldieva@mail.ru

 

 

Мемлекеттік  тіліміздің  өрісін  танытатын  бір  саласы  сөз  жоқ  –  ғылым  тіліне  барып 



тіреледі. 

 Мемлекеттік тілдің келелі мәселелерінің бірі-техникалық терминалогия мәселесі. 

Термин  мәселесіне  үлкен  жауапкершілікпен  қарағаны  жөн-ақ.  Әйтпесе,  ізгі  ниетпен 

жасалған істің пайдасынан зияны көбейіп, оң нәтиже болмауы әбден мүмкін. 



 

332 


Соның  бірі    қазақ  тілінің  ғылым  тілі  ретіндегі  саласын  күшейтіп,  қолданыс  аясын 

кеңейту. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз кемеңгер М. Әуезовтың аузына текке 

түспеген.  Бесікте  басталмаған  тілде  береке  болмайды.  Сондықтан  машинажасауға  қатысты 

өмірге  келген  терминдердің  қарапайым  керектілерін  мектеп  оқулықтарына  енгізу  керек. 

Оқытылатын  кез  келген  пәндерде  терминдер  кездеспей  қоймайды.  Ал  оны  оқушы  толық 

түсіну үшін терминнің мағынасын жете түсіну керек. 

 Терминология-қазақ  лингвистикасының  толық  табиғаты  ашылып  бітпеген  саласы. 

Нақты бір терминді қабылдап, бекіткенде оның осы салада қызмет етіп жүргендердің еркін 

түсінісуіне  кедергі  келтірмейтіндей,  болашақта  қағаз  бетінде  қалып  қоймауы,  іс-жүзінде 

қолданылу  мүмкіндігі  болуы  терминнің  беретін  ұғымның жаңа  қолданыста  толық  сақталуы 

сияқты ұғымдар басты шарттары болуы тиіс. 

Әрине,  ондай  кепілдік  жоқ.  Себебі,  біріншіден,  бұрынан  үйреншікті  болып  болып, 

құлаққа  сіңген  жаттанды  терминдерді  қолдану  оңайырақ  және  жаңадан  енген  терминдерді 

барынша тезірек қолдану қажеттілігін олар сезіне де қоймайды. 

Ғылым  тілін  кімдер  қолданады?  Ол  тек  ғалымдар  үшін  қызмет  ете  ме?  Жоқ.  Оны 

халықтың барлық деңгейі пайдаланады: 

а)   ғылымның әр саласымен тікелей байланысты ғалымдар; 

ә)  ғылыми  ойлар  нәтижесін,  тұжырымдарды  нақты  іске  асыруға  басшылық  жасайтын 

мамандар  (инженерлер,  технологта  т.б.),  сол  жұмыстарды  тікелей  қолмен  атқаратын 

жұмысшылар, қарапайым еңбекші қауым. 

Ең  басты  жауапкершілік  алғашқы  топтың  мойнында.  Себебі,  бұрыннан  халық  тілінде 

бар сөзді ғылым тіліне айналдыру және оны қолданысқа ендіру жөніндегі идеяларды ұсыну, 

алдымен солардың біліктілігіне және ұлтжандылығына байланысты. Және сол өздері жасап, 

мемтерминком  бекіткен  жаңа  терминдерді  мүмкін  болатын  жерлердің  бәрінде  қолданып, 

басқаларға үлгі көрсететін де сол ғалымдардың өздері болуға тиіс. 

Ғылым тілін өмірде ең көп қолданатын әр түрлі бағыттағы кәсіп иелері мен мамандар 

дедік.  Ал,  осыларға  жаңа  пайда  болған  термин  сөздердің  дер  кезінде  жетуіне,  олардың 

алғашқы  кезде  құлаққа  тосындау  естілетін  осы  қазақы  сөздерді  бірден  пайдалана    қоюға 

құштарлық білдіруге кепілдік бар ма? 

Күнделікті  қолданыста  орыс  тіліндегі  тұлғасында  айтылып  келген  көптеген 

машинажасау  сөздері  мынадай  баламалармен  берілген:    «сомын-гайка»,  «иінтірек-рычаг», 

«иіндібілік-коленвал», 

«мойынтірек-подшипник», 

«бұрандама-болт», 

«білдек-станок», 

«бұрама-винт»,  «бұлғақ-шатун»,  «бұранда-резьба»,  «бәрбі-дрель»,  «білік-вал»,  «қосиін-

кривошип»,  «тістегеріш-шестерня»,  «тығырық-шайба»,  «шанақ-кузов»,  «қаптама-кожух», 

«меңгерік-руль»,  «жүкшығыр-лебедка»,  «сызбақағаз-ватман»,  «сырғақ-ползун»,  «қарнақ-

штанга»,  «оқпан-ствол»,  «атанақ-барабан»  т.б.  Мақсат  мүмкіндігінше,  машинажасауға 

қатысты термин атаулының бәрін өз тілімізге аударып алу, төл тіліміздегі сөздерді, тіпті сөз 

табылмаған  жағдайда  туыстас  түркі  тілдерінің  сөздері  пайдаланылды.  Демек,  терминге  өз 

тілімізден  терезесі  тең  балама  табу,  қиюы  келмейтін  реттерде  халықаралық  қолданыстағы 

атау сөздерді тіліміздің заңдылықтарына сәйкестендіріу  басты бағдар, негізгі арқау.  

Техникалық терминдерді алдымен өзіміз керексініп, өзіміз іздемесек, өзге қайтпек. Бұл 

үшін әрине, үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралардан бөлек, әрбір елім, жерім деген 

азамат  саналы  түрде  тілімізді  өркендету  ісіне  азды-көпті  үлесін  қосуға  адал  ниетімен  ден 

қоюы керек деп ойлаймыз.  

Екіншіден,  ондай  сөздерді  қолданудың  мәні  мен  маңызын  түсіндірер  тілге  жанашыр 

жандар  да  қастарында  бола  қоймауы  мүмкін.  Қазір  елімізде  машинажасау  зауыттары 

көбеюде. Жалпы, басшылар мен қосшылардың өз мамандықтары бойынша қазақша ғылыми 

терминдерді  қаншалықты  қолданып  жүргенін  бақылау  мүмкін  бе,  мүмкін  болса,  онымен 

кімдер айналысуы керек? 

Алдымен  басшылар  мән  беруі  керек.  Содан  соң  «Қазақ  тілі»  қоғамының  бастауыш 

ұйымы немесе облыс, қала, аудан әкімшіліктері жанындағы тілдің қолдануына жауап беретін 

бөлімдер бақылауы керек. 


 

333 


Қазақ  тілінің  мәртебесін  ғылым  тілі  дәрежесіне  дейін  көтеру  мен  оны  айналысқа  түсіру 

үшін ғылым тілінің ауадай қажеттілігін әр азаматтың жүрекпен сезінуі ғана жеткілікті болар еді. 

Қазақ халқының заңғар жазушысы М.Әуезов кезінде «Кез келген ұлттың тілі ғылыми-

техникалық ұғымдар арқылы байиды, арнасы кеңейеді»,- деген екен. 

Ана  тіліміздің  түлеп,  жаратылыстану,  техника,  өндіріс,  іргелі  өнер,  саясат,  әлеуметтік 

өмір саласында құлашын кең жаюы үшін де терминология дәнекер болып табылады. 

Қоғамдық салалар бойынша әр сала өкілдері ана тілін дамытуға өз шамалары келгенше 

үлес  қосып,  мемлекеттік  тұрғыда  мән  беріліп  отырса  тіліміздің  мәртебесі  жоғарлап,  мерейі 

үстем болары даусыз. 

Студенттер терминді жалаң жаттаудан еш пайда келмейді. Сондықтан А.Байтұрсынұлы 

әдісімен термин сөздерді мәтін арқылы меңгерту жеңілірек, қызықтырақ болары сөзсіз. Бұл 

орайда қазақ тілі пәні оқытушылары мен белгілі мамандыққа байланысты пән оқытушылары 

арасында мықты байланыс орнауы қажет. Меңгеретін термин сөздер, сөз тіркестері, мәтіндер 

сұрыпталап  алынып,  оқытушылар  бірін-бірі  толықтыра  отырып,  сала  мамандары  бір 

мақсатта  жұмыс  істей  алады.  Бұл  орайда  қазақ  тіліндегі  жалпы  қолданыста  бар  сөздердің 

мағынасына түсінік бере отыруы шарт. 

Жаңа сөзді меңгерту – тіл үйренудегі ең маңызды мәселелердің бірі, өйткені сөздік қор 

тілдік  қарым-қатынаста  үлкен  рөл  атқарады.  Сөздер  математикадағы  есеп  шығару  кезінде 

қолданылатын  формулалар  тәрізді.  Формуласыз  математикалық  есепті  шығару  мүмкін 

болмағаны сияқты, сөздік қорсыз адамдардың тіл арқылы қарым-қатынас жасауы да қиынға 

соғады.  

Жаңа  техникалық  сөзді  меңгертудің  негізі  –  керекті  сөзді,  яғни  студенттің    біреудің 

айтқандарын  түсіне  алуы  мен  өз  ойын  жеткізуі  үшін  қажетті  сөзді,  ең  қысқа  мерзімде 

түсінікті әрі оңай тілмен студентке үйрету. Сондықтан оқытушы студентке керекті  сөздерді 

анықтап, солармен жұмыс жүргізеді.  

Машинажасау  саласына  қатысты  жаңа  сөздерді  меңгерткен  кезде  төмендегі 

мәселелерге мән берген жөн: 

*  Студентке  сөздердің  мағынасын  қысқаша  түсіндіретін  қазақша  түсіндірме  сөздік 

(қажетті  жағдайда  аударма сөздік,  техника саласына  қатысты  түсіндірме  сөздіктер)   алдыру 

керек және сөздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру керек; 

*  Студенттерге  алдымен  күнделікті  өмірде  мамандығына  қатысты  жиі  қолданылатын 

сөздерді меңгерту керек;  

*  Сөздің  мағынасын  студентке  өзінің  ана  тілінде  түсіндірмеу  керек.  Керісінше,  сөзді 

қазақша түсіндіру қажет және студентті де қазақ тілінде түсініп білуге дағдыландыру керек. 

Соған  байланысты  студенттерге  қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігімен,  мамандыққа  қатысты 

түсіндірме сөздіктермен  жұмыс жасату керек;  

*  Студенттерге  сөздің  мағынасын  сөйлем  ішінде  қолданылуына  қарай  аңғартуға 

тырысу керек. Әрбір жаңа сөз кездескенде, сөздікке қарамай-ақ, сөздің мағынасын сөйлемнің 

(мәтіннің) жалпы ұғымына қарап шығаруға болатынын түсіндіру керек.  

Машинажасау  мамандығына  қатысты  сөздерді  қызықты  әрі  сапалы  түрде  меңгерту 

үшін  әр  түрлі  әдіс-тәсілдерді  қолданудың  маңызы  зор.  Сондықтан  жаңа  сөзді  меңгертуді 

жеңілдететін әдіс-тәсілдерді зерттеп-зерделеп, ең пайдалыларын қолдану керек. 

Ғылымның қай саласын алсақ та қалыптасқан ғылыми тіл бар. Машинажасауға қатысты 

терминдер де қолданысқа түскен кезде ғана күшіне енеді. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Ө. Айтбаев «Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы» «Ғылым» баспасы,  

1988 жыл. 12-бет. 

2.  Тілдерді    қолдану  мен  дамытудың  2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. «Егемен Қазақстан» 14 ақпан, 2001 жыл. 


 

334 


  3.  Машинажасау  саласына  қатысты  қазақша-орысша  орысша-қазақша  терминологиялық 

сөздік. «Рауан» баспасы, 2001 жыл.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет