Министерство образования и науки республики казахстан


 Бұл топтың қатарына төмендегі терминдерді жатқызуға болады



жүктеу 15.08 Mb.
Pdf просмотр
бет45/90
Дата22.12.2016
өлшемі15.08 Mb.
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90

1. Бұл топтың қатарына төмендегі терминдерді жатқызуға болады: 

1. «Сәнәд». Сәнәд араб тілінде  «тірек», «тіреу»,  «сүйеу» деген мағыналарды білдіреді. 

Сәнәд  деп  хадис ғылымында хадис мәтінінің тірегіне айтылады. Хадисті мәтінге жеткізетін 

жол,  хадисті  түбіріне,  әуел  басына  жеткізуші  адамдар  тізбегі.  Бұл  терминді  қазақ  тіліне 

«хадис  тізбегі»  немесе  «хадис  шежіресі»  деп  аударатын  болсақ,  араб  тіліндегі  тілдік  және 

терминдік мағынасын толық ашады.  

2. «Мәтін». Мәтін хадистің мағына беретін  сөздері. Қазақ тіліндегі мәтін сөзі арабтың 

осы  сөзінен  алынған  және  екі  тілде  де  бір  мағынада  қолданылады,  ұғымы  бір.  Сол  себепті 

қазақ тіліне мәтін сол қалпында мәтін болып аударыла береді. 

3.  «Хаким».  Хаким  сөзі  араб  тілінде  «ғұлама»,  «данышпан»  деген  мағына  береді.  Ал 

хадис ғылымының терминологиясында хаким: бүкіл  хадистердің мәтінін, тізбегін, дұрыс не 


 

312 


бұрыстығын  ажырата  білетін  ғұлама,  данышпан.  Бұл  хадис  ілімінің  мамандарына  берілетін 

ең жоғарғы атақ.  

4.  «Мәшһур».  Мәшһүр  араб  тілінде  «танымал»,  «атақты»  деген  мағына  береді.  Хадис 

ғылымында үш не одан көп адам риуаят еткен хадисті мәшһур деп атайды. 

5. «Мунқатиғ». Мунқатиғ араб тілінде «үзілген», «кесілген» деген мағынаны білдіреді. 

Егер  хадистің  тізбегі  кез  келген  бір  жерінен  үзілген  болса,  яғни  хадисті  жеткізген  адамның 

аты  аталмай  кеткен  болса,  ол  хадис  мунқатиғ  (үзілген)  деп  аталады.  Мұны  біз  үзілген  деп 

аударатын болсақ, мунқатиғ сөзінің тілдік те, терминдік те мағынасын толық береді.  

6.  «Шәз».  Шәз  араб  тілінде  «сирек»,  «оқшау»,  «төтенше»,  «дара»,  «тұрпайы»  деген 

мағыналарды  береді.  Сенімді  адамның  өзінен  сенімдірек  адамдардың  жеткізген  хадисінің 

мағынасына  қайшы  мағынада  жеткізген  хадисі  шәз  деп  аталады.  Хадистің  бұл  түрін  қазақ 

тіліне  «тұрпайы»  деп  аударатын  болсақ,  тілдік  те,  терминдік  те  мағынасын  жоғалтпайтын 

болады. 

2. Қазақ тіліне тілдік мағынасы тура аударылғанмен терминдік мағынасы толық 

ашылмайтын сөздер.

 

Бұл терминдерді қазақ тіліне аударған кезде араб тіліндегі мағынасын ашқанменен ол 



сөздердің  терминдік  мағынасын  толық  бере  алмайды.  Алғашқы  топқа  қарағанда  бұл  топқа 

жататын терминдер өте көп. Солардың біршамасына тоқталатын боламыз. Негізінен алғанда 

Пайғамбарымыздан  бізге  жеткен 

хадистер  шариғатта  қаншалықты  күшті 

дәлел 

болатындығына және дәрежелеріне қарай үлкен үш топқа бөлінеді: 



1. Сахих хадис. Дұрыс (күшті) хадис. 

2. Хасан хадис. Жақсы (жарамды) хадис. 

3. Даъиф хадис. Әлсіз (жарамсыз) хадис.  

Сахих  сөзі  араб  тілінде  «дұрыс»  деген  мағына  береді.  Сахих  хадис  шариғатта,  діни 

амалдарды іске асыруда күшті дәлел болады. Сол себепті оны «күшті хадис» деп аударғанды 

жөн  деп  санаймыз.  Бірақ,  қазіргі  кезде  жарық  көріп  жүрген  діни  еңбектерде  бұл  «сахих» 

күйінде кеңінен қолданылып жүр. Бұл терминге қазақ оқырмандары да үйреніп қалды деуге 

болады.  

Хасан  сөзі  де  араб  тілінде  «жақсы»  деген  мағынаны  білдіреді.  Хасан  хадис  шариғат 

негіздерінде,  дін  амалдарында  күшті  дәлел  болмағанымен  уәж  ретінде  жарамды.  Онымен, 

яғни  мұндай  хадиспен  амал  жасауға  әбден  болады.  Сондықтан  оны  «жарамды  хадис»  деп 

аударғанды  жөн  деп  таптық.  «Сахих»  терминіне  қарағанда  бұл  термин  оқырмандарға  анша 

таныс емес. Алайда, «хасан» сөзін сол қалпында қолданып жүргендер де бар.  

Даъиф  сөзі  араб  тілінде  «әлсіз»  деген  мағына  береді.  Даъиф  хадис  шариғатта,  дін 

амалдарында дәлел ретінде жүрмейді, күші жоқ жарамсыз деп есептеледі. Сол себепті даъиф 

сөзін  жарамсыз  деп  аударғанды  жөн  санадық.  Даъиф  сөзі  де  діни  әдебиеттер  мен 

оқулықтарда  кең  қолданыс  тапқан.  Соған  орай,  әрі  оқырмандарға  жатық  сөз  болып 

қалғандықтан  сол  қалпында  қолдана  берудің  әбестігі  жоқ  шығар.  Хадистің  осы  жоғарыда 

айтылған үш түрін сол қалпында қолданғанды дұрыс деп есептейміз. 

Ендігі  жерде  хадистер  кімнен  риуаят  етілгеніне  (жеткеніне)  қарай  тағы  да  үш  түрге 

бөлінеді: 

1.  әл-Марфуғ.  Егерде  хадисті  риуаят  етуші  (жеткізуші  рауи)  оны  Пайғамбарымызға 

телсе,  яғни  Пайғамбар  айтты  десе,  ол  хадис  марфуғ  деп  аталады.  Марфуғ  араб  тілінде 

«көтерілген»,  «жоғарылатылған»  деген  мағынаны  береді.  Бұл  терминді  осы  аудармалар 

бойынша атап кететін болсақ, марфуғ сөзінің тілдік мағынасын толық ашқанымен терминдік 

мағынасын толық аша алмайды. Сол үшін осы және осыған ұқсас терминдерді сол қалпында 

қолданған жөн.  

2.  әл-Мауқуф.  Сахабалардың  айтқан  сөздерін,  істеген  істерін,  берген  келісімдерін 

мауқуф деп атайды. Мысалы, қазірет Омар былай деді, Али ол істі былай істейтін еді деген 

сөздер  мауқуф  деп  есептеледі.  Мауқуф  араб  тілінде  «тоқтатылған»  деген  мағына  береді. 

Байқалып тұрғандай бұл сөз де терминнің мағынасын толық аша алмайды.  



 

313 


3.  әл-Мақтуғ.  Табиғиндердің  (табиғин:  сахабалардың  қасында  бірге  болып,  олардан 

білім алып, соңынан ерген адам) айтқан сөздерін, істеген істерін, берген келісімдерін мақтуғ 

деп  атайды.  Мақтуғ  араб  тілінде  «кесілген»,  «үзілген»  деген  мағынаға  саяды.  Сондай-ақ 

мұндай терминдердің қатарына мынадай сөздерді де жатқызуға болады: 

«Әсәр».  Әсәр  араб  тілінде  «із»,  «таңба»,  «тарихи  мұра»  деген  мағыналарды  меңзейді. 

Хадис  терминологиясында  сахабалар  мен  табиғиндердің  айтқан  сөздеріне  айтылады. 

«Ахаад».  Тілдік  мағынасы  бір  санының  көпше  түрі.  Ахаад  деп  –  бір  адамның  жеткізген 

хабарын  айтамыз.  Мутауатир  дәрежесіне  жетпеген  хабар.  «Ғариб».  Ғариб  араб  тілінде 

«жалғыз»,  «дара»,  «жырақта  қалып  қою»  деген  тәрізді  мағыналарды  береді.  Хадис 

ғылымында  жалғыз  хадис  жеткізушінің  нақылына  айтылады.  «Мутауатир».  Мутауатир 

«бірінен кейін бірі», «жалғаспалы» деген мағынаны білдіреді. Термин ретінде мутауатир бір 

топ  сенімді  адамдардың  өздері  секілді  (өзара  жалған  айтуға  келісіп  алулары  мүмкін 

болмаған) сенімді адамдардан жеткізген хабар. «Мурсал». Мурсал араб тілінде «жіберілген», 

«аттандырған»  деген  мағынаны  білдіреді.  Тізбектің  соңында  табиғиннен  кейін  сахаба  түсіп 

қалып,  табиғиннің  тікелей  Пайғамбардан  жеткізген  хадисі  мурсал  хадис  деп  саналады. 

«Муснәд».  Муснәд:  сахабаның  немесе  одан  кейін  келген  хадис  жеткізушінің  есіміне  сай 

жүйеге келтірілген хадис жинағы.     

3.  Хадис  ғылымындағы  терминдік  мағынасын  бергенмен  тілдік  аудармасы  бола 

алмайтын сөздер.

 

Хадис  әл-Маудуғ.  Маудуғ  араб  тілінде  «қойылған»  деген  мағына  береді.  Маудуғ 

хадиске  Пайғамбарымыз  айтпаған,  бірақ  Пайғамбар  айтты  деп  сыртынан  айтылып  кеткен 

сөздер  жатады.  Сол  себепті  бұл  сөздерді  хадистің  тобына  кіргізбейді.  Мұндай  сөздерді 

Пайғамбар хадисі деп жеткізуге тыйым салынған. Бұл Пайғамбар сөзі болмағандықтан оны 

«жасанды»  хадис  деп  аударған  жөн  болар.  Бұл  термин  араб  тіліндегі  сөздің  аудармасы 

болмағанмен терминдік мағынасын толық береді.  

4. Қазақ тіліне мүлдем аударуға келмейтін терминдер.  

1. «Муъан-ъан». Бұл араб тіліндегі «ъан» септеулігінен жасалынған туынды сөз. «Ъан» 

септеулігі  қазақ  тілінде  –  тан,  тен,  дан,  ден  деген  шығыс  септігінің  жалғауымен 

аударылады.  «Муъан-ъан»  терминін  «дандан»  немесе  «денден»  деп  аударуға  келмейді. 

Себебі,  араб  тіліндегі  төрт  түбірлі  етістіктің  ырықсыз  есімшесінің  формуласына  салынып 

жасалып отыр.  Ал  оны  қазақ  тіліне  аудару  мүмкін  емес,  аударған  күннің  өзінде  мағынасыз 

болып шығады.  

Түйіндей  келе  жоғарыда  келтірген  терминдер  хадис  ғылымын  дұрыс  игеруге 

көмектесетін бірден бір  құрал  деуге болады. Біз мұнда  бірнешеуінен ғана мысалдар бердік. 

Әлі де болса терминдерді қолданысқа ендірудің талқыға салар жайлары көп. Бұл өз кезегінде 

хадис ғылымын зерделеуде мамандар тарапынан талай ізденістерді керек етеді. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1.

 



Куллият Әбил-Бақа «әл-Әмирияту». Хижри 1280 ж. 152 б. 

2.

 



Тәдрибу әр-Рауи. Шарх «Тақрибун-Науауи лис-Суюти». Мысыр, 1307 2 б. 

3.

 



Субхи әс-Салих «Улумул хадис уә мусталахуһу». Бейрут-Лубнан, 1959 ж. 5 б. 

4.

 



Ө.Айтбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері». «Арыс» баспасы. Алматы – 2007 ж. 158-

159 бб. 


5.

 

Сажид  әр-Рахман  әс-Садиқи  «Нәшәту  улумул  хадис  уә  татаууруһа».  «Мәктәбәтул-



әдәб». Әл-Қаһирату – 2004 ж. 20 б. 

6.

 



Қайрат Құрманбаев «Хадис ілімі (тарихы және әдіснамасы)». Алматы – 2010 ж. 18-

21 бб. 


7.

 

Шәмшат  Әділбаева  «Хадис  –  ғұрпымыз,  сүннет  –  салтымыз».  Алматы,  2009  ж. 



«Көкжиек» баспасы 15 б. 

8.

 



Б. Ерул «сахабенин сүннет анлайышы». Анкара – 2000 ж. 78 б. 

9.

 



Ө. Айтбаев «Қазақ тіл білімінің мәселелері». «Арыс» баспасы. Алматы – 2007 ж. 26 б.    

   


Резюме

 

 

314 


В данной статье рассматривается языковой и терминологический смысл науки хадиса и 

терминологические наименования которые встречаются в методологий хадиса. 



 

 

 



ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

 

Омарова А. 



 

әл-Фараби   атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан  

  

Қазақ  тілінде  адамдардың  әрекеттерін  реттеушілік  мақсатта  жарық  көрген  алғашқы 



құқықтық ережелер жинағы - 1680 жылдан 1718 жылға дейін хандық құрған Әз Тауке атақты 

Қасым хан мен Есім ханның тұсында жасалған қазақтың әдеп-ғұрып, заң жобаларын бір ізге 

түсіріліп «Жеті жарғы» деп аталатын конституциялық құжат. 

Қазақ  құқығының  тарихын  түбегейлі  зерттеу  Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін 

алғанан  кейін  ғана  қолға  алынды.    Қазақтардың  өзіндік  дамыған  демократиялық  құқықтық 

мәдениеті тілдік мәдениетпен бірлікте, тұтастықта қарасырылады.   

«Қазақ құқығының қайнар көзі – Ұлы Даланың нормативтік ережелер жүйесі қаншама 

ғасырлар  бойы  тікелей  және  жанама  түрде  әр  түрлі  мемлекеттер  тарапынан  қысым  көріп, 

олардың  идеологиясының  әсерін  сезінсе  де,  өзінің  таңқаларлық  өміршеңдігін  сақтап  келді. 

Әрине, қазақ қоғамы осындай  күштердің әсерінен елеулі өзгерістерге ұшырап отырған, бірақ 

оның құқықтық мәдениеті мен тіл мәдениетін ешкім, ешбір күш өзгерте алмады»[1].  

Академик С.Зиманов қазақ құқығын зерттеуде үш кезеңді бөліп көрсетеді: 

1-кезең.  Қазақ  Даласының  патшалық  Ресейдің  отарлауы.  Хронологиялық  түрде  ол 

ХҮІІІ – ХХ ғ.басын қамиды; 

2-кезең. Кеңес өкіметінің тұсы (1917-1989 жж.). 

3-кезең.  Тәуелсіз қазақ мемлекеті – Қазақстан Республикасы (1990 жылдан бастап). 

Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  билікке,  адамдар  арасындағы  қатынастарды  реттеуге, 

қоғамдық  тәртіпке  деген  көзқарастар  есте  жоқ  ерте  кезден  пайда  болып,  үздіксіз  дамып 

отырған  [2]. 

Көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең және шырқай дамыған саласы – 

сот  билігі  болатын.  Ол  мемлекеттік  биліктің  іске  асуының  негізгі  құралының  бірі  еді, 

сондықтан  сот  қызметі  өкімет  органдары  жүйесінде  әмбебаптық  сипатқа  ие  болды.  Қазақ 

қоғамындағы  сот  билігі  бірнеше  даму  кезеңін  басынан  өткерді.  Осыған  сәйкес  оның 

құрылымы, қызметінің мәні мен мазмұны және бағыты-бағдары да өзгеріске ұшырады. Сот 

билігінің  негізгі  кейіпкері  –  би,  ал  құқықтық  негізі  -  әдеп-ғұрып  нормалары  болғандықтан, 

олар да тарихи сабақтастыққа сай эволюциялық даму үсітнде болды. 

Әдеп-ғұрып құқығы дегеніміз – құқықтық әдептер жинағы емес, ең бірінші ол қағидат, 

көзқарас,  ой-түсінік  жүйесі.  Көзқарас,  ой-ағым  –  қазақ  қоғамындағы  іс-қимылдың  негізі 

болатын. 

Көшпелі қоғамдағы құқықтық мәдениет, оның қомақыт бөлігі - әдеп-ғұрып нормалары 

–  ерекше  бір  құбылыс.  Олар  -  өзгеше  бір  әлеуметтік  кеңістіктің,  қоғамдық  өмірдің 

көрністері,  сондықтан  олардың  параметрлері,  өлшемдері  мемлекет  заңдарынан  бөлек 

болатын.  Көшпенділер  қоғамының  ішкі  табиғатын,  ондағы  әлеуметтік  қатынастардың 

ерекшелігінен,  қоғам  мүшелерінің  тәртібін  реттеу,  басқару  ісінің  өзгешелігінен  туындап 

жататын, сол арқылы түсіндірілетін. 

Көшпелілер ұғымы бойынша, адам үшін  ең басты әрі негізгі сот – ол адамның өз соты, 

ішкі соты, ар соты. Сыртқы сот, яғни, билер соты ар сотының көрінісі және салтанаты болып 

елестейтін.  Соған сай әділ де ауыр жаза ар жазасы деп түсінілді.  Яғни қоғамда арлы сотқа 

баса  ден  қойылды,  сол  басты  назарда  болды.  Көшпенділер  үшін  сыртқы  сот  –  билер  соты 


 

315 


қоғамдық қажеттіліктен туындайтын құбылыс. Олар оны әлеуметтік қажеттілік есебінде ғана 

мойындайды [1].  

Көшпелілердегі  сот  билігінің  қомақты мәселесі  –  шешендік  өнермен  байланысты.  Сөз 

өнері  -  (шешендік  өнер)  көшпелілердің  сот  мәдениетінің  негізгі  тірегі,  мәйегі  әрі  құралы. 

Қазақ  қоғамындағы сот мәдениеті сөз өнерінің шуақты нұрынан суарылып, толып-толысып 

отырады. 

Қазақ қоғамындағы сөз өнерінің, шешендік өнерінің жоғары бағалануы – бұл қоғамның 

мәдениетінің  негізі  –  ауызша  сөйлеу,  ауыз  әдебиеті  болуында  десек,  сөз  өнерін  жетік 

меңгерген  кіслердің  ғана  би  бола  алғаны,  сот  ісіне  араласып  билік  жүргізуге 

жіберілгендігінің себебі өзінен-өзі түсінікті болады.   

Қазақтың  құқықтық  санасын  зерттеген  ғалымдар  қазақтың  дүние  танымына 

байланысты қарастырады. Яғни сөз құдіреті, шешендік өнермен байланысты зерттейді. Әдет-

ғұрып құқығы ерте кездегі құқық жүйесінің даму кезеңдерінде үстемдік еткендіктен ол қазақ 

халқының тілінде, сөз өнерінде қалған. 

ХҮ ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың алғашқы жартысына дейін қазақ халқының жеке ел 

болып  қалыптасу  кезеңімен  бірге  қазақ  әдеби  тілі  де  қалыптасу  кезеңдерінен  өтті.  Бұл 

дәуірлерде  ауызша  әдеби  түрі  үлгілерімен  қоса  ресми  құжаттар  мен  іс  қағаздары  тілі 

қалыптаса  бастады.  (Сыздық  Р.  Е.Жанпейісов,  М.Томанов,  С.Исаев,  Б.Момынова, 

Л.Дүйсембекова ). 

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастау алған Қазақстандағы қоғамдық- саяси, әлеуметтік 

-  экономикалық  өзгерістер  қазақ  тілінің  дамуы  мен  қолданылуына  елеулі  өзгерістер  әкелді.  

Қазіргі кездегі Қазақстандағы тілдік жағдай негізінен қоғамдағы  әлеуметтік - экономикалық, 

әлеуметтік-саяси,  мәдени,  құқықтық  жағдайлармен,  жаһандану  үрдісімен  тікелей 

байланысты.  Қоғамдағы  өзгерістер  қазақ  тілін  зерттеуші  ғалымдарға  ана  тіліміздің  

қолданылуына әсер етуші әлеуметтік факторларды айқындауға мол мүмкіндік береді.  

Тіл - адамзат қоғамының тууымен бірге туып, замандар бойында онымен бірге жасасып 

келе жатқандықтан табиғатынан әлеуметтік құбылыс екені белгілі. Тілдің әлеуметтік қызметі 

орасан зор. Әлеуметтік лингвистикаға арналған ғылыми еңбектерде тілдің саясат, экономика, 

мәдениет,  дін,  мемлекеттік  құрылыс,  мекемелерде  іс  қағаздарын  жүргізу  мәселелеріне 

қатысы жайында айтылғанымен құқық пен қазақ тілінің өзара байланысы, бір-біріне қатысы 

ғалымдардың назарына тыс қалып отыр.    

Алайда,  тіл  -  о  баста  пайда  болғаннан  бастап  қоғам  мүшелерінің  бірлесеп  жұмыс 

істеуіне,  бірін-бірі  түсінуіне  мүмкіндік  беретін  қатынас  және  ойды  жарыққа  шығарушы 

құрал [3] болуымен қатар, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызметін 

те  атқарады.  Кейбір  ғалымдар  тілдің  қоғамдағы  реттеуіштік  қызметі  негізінде  жазба  тілі 

пайда болған деген гипотезаны айтады.  

Ал қоғамдағы адамдардың тәртібін реттеуші әлеуметтік маңызы бар құбылыс – құқық. 

Құқық  өзінің  табиғатынан  (негізінен)  қоғамдағы  әлеуметтік  келісімділіктің  құралы, 

әлеуметік қызығушылық теңдігін белгілеуші, игілікті адал бөлуші, жеке адамның әлеуметтік 

бостандығы  өлшемінің  айқындаушысы  болып  табылады.  Ол  әлеуметтік  аяны  -  адамдарды, 

адамдар    арасындағы  қарым-қатынасты,  қоғамдық  қатынастағы  субъектілердің  тәртібін 

қарастырады, реттейді.   

Тіл  қоғамның дамуымен бірлікте өмір сүре отырып, барлық мәдени, өркениеттік  даму 

факторларының  әсеріне  ұшырап  отырған.  Сондықтан  құқық  тілінің  дамуы  да  көптеген 

экстралингвистикалық  факторлаға  байланысты.  Ғалымдар  оны  ең  алдымен,  қоғамдық  сана 

құрылысымен,  құқықытық  көзқарас  ерекшеліктерімен,    қоғамның  құқықтық  жүйесінің 

жағдайымен, заң шығарушылықпен байланыста қарастырады.   

Құқық  -  қоғамдық  құбылыс  және  тілдік  құбылыс.  Құқық    -  адамдардың  өркениетті 

қарым-қатынасының құралы бола отыра, тіл арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты 

білдірудің өзіндік бір түрі болып саналады [5].  

Қазіргі  ғылым  парадигмасындағы  лингвистиканың  орны,  белгілері  жайында 

Б.Момынова  лингвистикамен  қандайда  бір  байланысы  бар,  ортақ  проблемаларымен 



 

316 


сабақтастықтағы жаңа ғылым салаларының дүниеге келуін,  лингвистикалық экспансионизм 

құбылысының  біздің  қоғамда  кеңінен  қолданыла  бастағанын  айтады  [5].    Лингвистикалық 

экспансионизм  нәтижесі  ретінде  когнитивті  лингвистиканың  пайда  болуымен  қатар    қазіргі 

кезде  тіл  білімі  ғылымында  әлеуметтік,  адами,  гуманистік  аспектілерге  ерекше  назар 

аударылуда,  тіл  білімінде  тілді  зерттеудің  функционалдық,    неофункционалдық,  

экспланторлық, экспансионистік, антпропоөзектілік бағыты дамуда.  

Тіл біліміндегі антропоөзектілік мәселесі тілдік бірліктердің құқықтануына (юридизация) 

да  қатысты.  Құқық  саласында  тілдік  бірліктер  тек  терминдер  жүйесі  немесе  кәсіби  лексика 

түрінде  ғана  қолданылмай,  сонымен  бірге  құқықтану  үрдісіне  ұшырайды.  Яғни  тіл  арқылы 

адамдардың  санасына  әсер  етіп,  олардың  қоғамдаға  қатынасын  реттей  отыра,  адамдарды 

белгілі  бір  іс-әрекеттерге  міндеттейді.  Адамдар  қоғамда  құқық  аясында  әрекет  етеді. 

Сондықтан құқық тілі қоғамдық қатынаста оның барлық мүшелеріне түсінікті болуы тиіс. 

Тіл  құқық  саласында  бір-бірімен  өзара  байланысты  екі  қызмет  атқарады.  Оның  бірі  – 

заң шығарушылық қызмет болса, екіншісі қатысымдық қызмет [6].  

Құқық  қоғамның  барлық  саласына  қатысты.  Ол  ең  алдымен  мемлекетпен  тығыз 

байланысты.  Мемлекет  қоғамды    нормативтік-құқықтық  актілер  шығару  арқылы  басқарып, 

әлеуметтік  қарым-қатынастарды  реттейді.  Соңғы  жылдары  шетел  ғалымдары  әлеуметтік 

коммуникативтік  әдіс-тәсілдер  арқылы  қоғамды  ғылыми  бағытта  зерттеп,  тануды  қолға 

алуда  [7].    Коммуникативисика  деп  аталатын  жаңа  ғылым  саласы  көркем  әдебиеттегі 

қатысым,  жарнама  қатысымы,  ақпараттық,  экономикалық,  саяси  т.б.  қатысым  түрлерін 

зерттейді. 

Сондай  қатысымның  бір  түрі  тілдің  мемлекеттік  қатысым  салсындағы  ресми 

қолданысы мәселесі. 

Орыс  тіл  білімінің  көрнекіт  өкілдері,  құқық  пен  тілдің  өзара  қарым-  қатынасын, 

байланысын 

зерттеуші 

ғалымдары 

Н.Д.Голев 

пен 

О.П.Сологуб 



мемлекеттік 

коммуникацияны  сыртқы мемлекеттік коммуникация және ішкі мемлекеттік коммуникация 

деп  үлкен  екі  топқа  бөліп  қарастырады.  Ішкі  мемлекеттік  коммуникацияны  құқықтық  және 

іскери  коммуникацияға  бөледі.  Өз  кезегінде  құқықтық  коммуникация  заң  шығарушылық 

және  юридикциялық  болып  бөлінеді.  Ал  іскери  коммуникация  әкімшілік  басқару  және 

әкімшілік коммерциялық болып бөлінеді. Соңғы екеуіне де ұйымдастырушылы, өкілеттілік, 

ақпарат беретін құжат түрлері жатады.  Бұл үшеуі құжаттық коммуникация негізін құрайды.   

Мемлекет қоғамда ұйымдастырушылық және өкілеттілік қызмет атқарады. Ал негізінде  

мемлекет пен қоғам екеуінің де бір-бірінің іс қимылдарын, әрекеттерін реттейтін реттеуіштік 

және  ақпарат  берушілік  қызметтері  бар.  Азаматтар  ресми  орындарға  хат  жазу  арқылы 

қоғамдық құбылыстарды реттеуге үлес қосып отырады.  

Нормативтік  құқықтық  актілердің  тілі,  заң,  құжат  тілдері  әдеби  тілдің  бір  тармағы 

болып саналады. Стильдік, тілдік ерекшелігі жаңынан ресми стильге жатады. Алайда құқық 

тілі танымдық тұрғыда, когнитивтік лингвистика аясында зерттелуі тиіс. Адамның білімі мен 

әр  саладағы  іс-  әрекеті,  қызметіне  сәйкес  қалыптасатын  терминдік  жүйенің  жасалуын 

анықтап,  болашақ  дамыту  бағдарын  белгілеуде  когнитивтік  лингвистиканың  әдіс-тәсілдері 

тиімді болмақ. 

Құқықтың  басты  қасиеті  адамдардың  іс-әрекеттеріне,  жүріс-тұрыстарына  ықпал  ету, 

қоғамда адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеу болғандықтан  және  оны тіл арқылы 

жүзеге  асыратындықтан  құқық  пен  тілдік  бірліктердің  генетикалық  және  онтологиялық 

байланысы анықталуы қажет.  

Заң  ақиқаттығының  сөз-белгі  табиғаты:  сөзбен  жасалынған  жасанды  «құқық  әлемі». 

Құқық негізінің элементерінің мәтіндік көріністер. Құқықтық идеялардың тілмен рәсімделуі.  

Құқық  нормаларының  міндетті  түрде  жазбаша  берілуі,  тіркелуі.  Позитивтік  құқық 

заңдылықтарының  өзіне  тән  қасиеттерін  білудегі  жазу  белгілерінің  мәні.  Әлеуметтік  өзара 

әрекеттестікті  ретету  кезінде  құқық  нормалардағы  сөздің  жұмсалымы  тілші  ғалымдар 

тарапынан зерттеуді қажет ететін мәселелер. 


 

317 


Қазақ  тіл  білімінде  қазақ  әдеби  тілінің  бір  тармағы  ретінде  ресми  іс  қағаздар  тілі 

тарихи,  қолданбалылық  тұрғысынан  зерттеліп,  стильдік  ерекшеліктері  айқындалған  деп 

айтуға  болады  [8].  Ресми  іс  қағаздары  тілінің  стиліне  жататын  мемлекеттік  құжаттар  жанр 

және мазмұны жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты 

анықталған. 

Іс  қағаздарының  түрлеріне  Л.Дүйсембекова  ұйымдар  мен  мекемелердедің  іс  жүргізу 

барысында  негізгі  орын  алатын  құжаттарды  жалпы  мақсаттына  қарай  ұйымдық  өкілеттік 

құжаттар деп алып, оларды іштей ұйымдық, өкілеттік және анықтама ақпараттық деп бөлген 

[8.107]. 

Ресми  іскери  қазақ  тілі,  қазақ  тілінде  іс  қағаздарын  жүргізу  мәселесін  зерттеген  тілші 

ғалымдар Р.Сыздықова, М.Балақаев, Ж.Манкеева т.б. ресми стиль, ресми құжат тілі ретінде 

қарастырған, алайда құқық тілі - арнайы зерттеуді қажет ететін күрделі мәселе.  

Тілдің  құқық  саласындағы  ролі,  оның  тіл  білімімен  байланысы  туралы,  стилі  және 

құқық тілінің  құрылымдық жүйесі, прагматикасы мен қатысымдық ерекшеліктері, өзіне тән 

тілдік бірліктері мен ұстанымдары қазақ тілін зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалып 

отыр. 


Кез  келген  термин  табиғи  тілдің  негізінде,  жалпыхалықтық  лексикалық  бірлік 

семантикасы негізінде жасалынады. Ғалымдар терминді  «таным құралы» (Ивина), «ғылыми 

нәтиже жаңалығының вербалдануы» (Татаринов), «тілдік және логикалық субстрат» немесе 

концептуалды,  функционалды  және  тұрпаттық  құрылым  (Лейчик)  деп  қарайды.  Алайда  , 

құқықтық ұғымдар мен нормалар тек тіл арқылы ғана түсіндіріледі.  

Тіл  -  әділет,  құқық,  сот  саласы  қызметкерінің  құқықтық  қатынас  жүйесінде  заңдар, 

заңнамалық  құжаттармен  жұмыс  істеу,  көпшілік  алдын  шығып  сөйлеу  құралы.  Құқықтық 

жүйенің  қолданылуы  да  тілге  байланысты.  Сондықтан  тіл  мен  құқық  –  бір-бірімен  тығыз 

байланысты  сала.  ХХ  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдары  егемендік  алған  еліміз  өзінің 

мемлекеттік  құрылысын  қайта  құрды.  Еліміз  құқықтық  мемлекет  болғандықтан  қоғамдағы 

әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  т.б.  қарым-қатынастар  құқық  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Сондықтан тілдік бірліктердің  «құқықтану» мәселесі кешенді түрде когнитивтік-дискурстық 

негізде,  тілдік  құбылысты  қатысымдық  прагматикалық  және  когнитивтік    тұрғыда 

қолданбалылық парадигмасы аясында зерттеуді қажет етеді. 

Ол үшін тілдік бірліктердің құқықтану үрдісін зерттеу қажет.  

Қазақ  тілінің  зерттелу  тарихына  шолу  жасай  келе,  біздің  байқағанымыз  құқық  тілін 

зерттеуге  арналған  еңбектерге  1997  жылы  А.Ш.Исанованың  «Қазіргі  қазақ  әдеби  тіліндегі 

заң терминдері» және А.С.Дүйсембаевтың «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 

тілі» атты 2002 жылы қорғалған ғылыми еңбектері ғана көзімізге түсті.   

Құқық тілі ресми іс қағаздар тілі, құжат тілі дәрежесінде зерттелген. Ресми іс қағаздар 

тілі  дегеніміз  не?  Құжат  тілі  дегеніміз  не?  Құқық  тілі  дегеніміз  не?  Заң  тілі  дегеніміз  не? 

Олардың анықтамалары, ұстанымдары айқындалуы тиіс. 

М.Л.  Давыдова  құқық  тілінің  құрылымын  кем  дегенде  екі  аспектіде,  шартты  түрде 

тігінен (вертикальды) және көлденеңінен (горизонтальды) зерттеуді ұсынады[6].    

Алғашқысында,  яғни  тігінен  зерттеуде  ол  құқық  тілінің  негізін  құрайтын  деңгейлік 

тілдік  бірліктер:  сөз,  сөз  тіркестері,  сөйлем,  мәтіндерді  талдауы.  Аталған  тілдік  бірліктерді 

зерттеу тіл білімі теориясына негізделуі қажеттігін айтады.  

Құқық  тілі  құрылымын  зерттеудің  екінші  аспектісі  оның  қолданылуына  негізделеді, 

яғни  құқық  жүйесі  мен  құқықтың  дәрежесіне  байланысты  қарастырылады.  Құқық  тілі 

құқықтың, заңның қатысы бар барлық салада қолданылады. 

Тілдің  құқықтық  аспектісі  -  біріншіден,  бұл  аспектіде  тілдік  бірліктердің  құқықтануы  мен 

адамдардың оған көзқарасы сол тілмен байланысты және тілмен  заң, норма анықталады, екінші -  



Каталог: files -> colconf
files -> Литература по физико-математическим наукам
colconf -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
colconf -> «геология жəне тұРАҚты даму» Ғылыми-теориялық конференциясы еңбектері
colconf -> I ші халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференцияның ЕҢбектері


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   90


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет