Министерство образования и науки республики казахстан


құқық тілінің металингвистикалық аспектісі, оның



Pdf көрінісі
бет46/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90

құқық тілінің металингвистикалық аспектісі, оның онтологиялық базасы құқық тілі

.  

Бірінші  аспектіде  тіл  және  тілді  тұтынушылар,  сол  тілде  сөйлейтіндер  –  құқықтың 



субъектілері  мен  объектілері,  екінші  аспектіде  тіл  заң  шығарушы  және  оны  түсіндіруші 

құрал  ретінде  (заңшығарушылық  және  оны  ұғындырушылық  қызметі)  бір  жағынана,  - 



 

318 


заңды  пайдалану,  онда  тіл  –  сараптама  құралы  (лингвосараптамалық  қызметі  тілді  қолдану 

мен  тіл  туралы  теориялық  білім,  лингвистикалық  зертеулер  жүргізу  үшін  құқық  саласында 

өте қажет). 

Сондықтан  біз  құқық  лингвистикасының  бір-бірімен  өзара  тығыз  байланысты  екі 

мәселесін  көріп  тұрмыз.  Ол  біріншіден,  тілдік  заңдылықтардың    құқықтық  заңдарға  

қаншалықты қатысы барлығы болса, екінші жағынан, құқықтық нормалардың тілге қатысы. 

Аталған  мәселелер  қазіргі  уақыттағы  қазақ  тіліндегі  құқық  тілінің  зерттелу  қажеттігін 

көрсетеді.  

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.



 

Қазақстанның  құқықтық  және  саяси  ой  тарихының  хрестоматиясы.  Оқу  құралы.  2 

томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2010. І том. – 360 бет).   

2.

 



З.Ж.  Кенжалиев  «Дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  сот  билігінің  кейбір  мәселелері»    // 

Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. –Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 208 бет) 

3.

 

В.И. Ленин. Шығармалары. 20-том  408-бет. 



4.

 

Т.Ағдарбеков. Мемлекет және ұқық теориясының негіздері. Оқу құралы. -  Алматы: 



Заң әдебиеті, 2009. -256 . 

5.

 



Б.  Момынова.  Тілдегі  жаңа  бағыттар  мен  типтік  қатынастар.  Оқуқұралы.  Алматы. 

«Арыс» баспасы, 2009.160-бет. 

6.

 

Язык закона. М., 1990 с. 18-19, 26 бет. 



7.

 

Н.Д.  Голев,  О.П.Сологуб.  Официальное  функционирование  языка  в  сфере 



государственной комуникации. Юрислингвистика. 

8.

 



Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы, 2007 ж. 

 

Резюме



 

Данная статья посвящена некоторым вопросам правовой лингвистики

 

 

ҮСТЕУЛЕРДІҢ КҮРДЕЛІ АНЫҚТАУЫШ ҚҰРАМЫНДА ЖҰМСАЛЫП



 

 ЕСІМШЕЛІ ОРАЛЫМ ЖАСАУЫ

 

 

Өмірбекова Р. Қ.



 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 

Алматы қаласы, Қазақстан ton-1992@mail.ru 

 

Үстеулерді  қимыл  процесімен  байланыста  айтылатын  сөздер  деп  қарастырып  келеміз. 



Сондықтан үстеулерді етістіктермен тіркеу үшін қолджанылатын сөздер деуге болады.  

Үстеудің  синтаксистік  қызметі  туралы  сөз  болғанда  осы  күнге  дейін  оның  тек 

пысықтауыш  қызметінде  жұмсалуы  айтылып  келеді.  Үстеудің  негізгі  қасиеттері  

А.Ысқақовтың  «Наречие    в  современном  казахском  языке»  деген  еңбегінде    де  осы  пікірді 

қуаттайды. Шынында, үстеудің 

 мезгіл 


мекен 

бейнелік 

мөлшерлік 

күшейткіш сияқты түрлерінің ішінде  күшейткіш үстеулерінен басқасының бәрі  де тек 

пысықтауыш  қызметінде жұмсалатыны  белгілі. 

Үстеулер  тек  етістікке  қатысты,  сондықтан  да  олардың  етістікпен  тіркесіп  келіп, 

пысықтауыш  болуын  анық  табиғи  қасиеті  деп  тануымыз  керек.  Дегенмен  үстеулер 

есімдермен  де  тіркесіп  жұмсалғанда  тек  пысықтауыш  қызметінде  ғана  жұмсалады.  Ал, 

үстеулер сөйлемнің ішінде есімшелі оралым жасауда үнемі қабыса байланысып келіп, басқа 

сөз таптары сияқты оларда енді күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. 



 

319 


С.  Аманжолов,  М.  Балақаев,  Р.Әміров,  М.  Серғалиевтар  етістікті  сөз  тіркесінде 

үстеулердің  тек  қабыса  байланысатынын  дұрыс  көрсетеді.  Үстеулердің  тек  қабыса 

байланысқан  сөз  тіркестерін  құрауы  оның  морфологиялық  өзгерісімен  байланысты. 

Сондықтан  да  үстеулі  есімшелі  топтардың  көбі  тек  қабыса  байланысады.  Сөйте  отыра, 

үстеулерде  септік  жалғауының  көнеленген  түрлерінің  де  бар  екені  айқын.  Осындай  септік 

жалғаудағы үстеулі есімшелі оралымды бізде қабысуға қосуды жөн көрдік.  

Ақыл  ағам  әлгінде  бастаған  сөзді  сенің  таратуың,  әсіресе  орыс  кітаптарындағы 

ойшылдардың апнғарына тартады. (М. Әуезов). Тың совхозға биыл келетін адамдар да жаңа 

(С.  Жүнісов).  Әбден  елген  ұн  секілді  майда,  шайнасаң  тіліне  тас  тимейді  (О.  Бөкеев).  Осы 

сөйлемдерден:  әлгінде  бастаған  сөз  биыл  келетін  адамдар,  әбден  елеген  ұн  сияқты 

пысықтауыштық  қатынастағы  сөз  тіркестерін  есімшелі  оралым  деп  бастаған  сөз,  келетін 

адамдар,  елеген  ұн  сияқты  сөздерді  есімше  мен  зат  есімдердің  тіркесі  деп  те  қарастыруға 

болады.  Ол  кезде  әлгінде,  биыл,  әбден  сөздері  келесі  сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңары 

қызметінде жұмсалуы тиіс  сөздер болып табылады. Бірақ, осы сөйлемдер құрылысынан бір 

немес  бірнеше  сөздер  есімшелерге  бағынып  сол  тобымен  бірақ  сөйлем  мүшесі  болу 

процесінің қалыптасып отырғанын  көреміз.  

Үстеулер  (күшейткіш  үстеуден  басқасы)  өзіндік  лексикалық  мағынасы,  синтаксистік 

өызметі бар сөз табы.  Сондықтан да үстеулер міндетті түрде сөйлемге пысықтауыш болады, 

яғни  олардың белгілі дәрежеде сұраулары да бар. Алайда, үстеулердің сол қасиеттері есімді 

тіркесте, оның ішінде зат есіммен тіркесіп анықтауыштық қатынаста жұмсалатын есімшемен 

бірлікте келгенде үстеулердің семантикасында да, синтаксистік қызметінде де тіпті олардың 

сұраулық қасиетінде үлкен өзгеріс үлкен болады. 

Жоғарыдағы сөйлемдердегі  

әлгінде бастағын сөз 

биыл келетін адамдар 

әбден  елеген  ұн  –  есімшелі  тобындағы  әлгінде  биыл,  әбден  үстеулері,  біріншіден 

етістікпен  тіркесіп  пысықтауыш  болуы  тиіс  болса,  енді  дәл  осы  тіркесте  ол  өзінен  кейін 

тұрған  есімшенің  жетегінен  шыға  алмайды.  Бастаған,  келетін,  елеген  есімшелері  әлгінде, 

биыл  үстеулерін  өз  жетегіне  ала  отырып,  өзіндік  топ  құрайды.  Оның  өзі  әлгінде  бастаған, 

биыл келетін, әбден  елеген үстеулері мен есімшелеріне жеке –жеке сұрақ  қоюға болмаудан 

туындап отырған процесс. Сонда әлгінде бастаған биыл келетін, әбден елеген топтарына есім 

арқылы  бір-ақ  сұрақ  қоюға  тура  келеді.  Сонда  биыл  келетін  адамдар  тобына  қашан? 

Сұрауының орнына қай адамдар? Болып бірақ сұрауға жауап беру арқылы үстеудің қашан? 

Сұрауы  тіпті  елеусіз  қалатыны  айқын.  Оның  үстіне,  пысықтауыш  болатын  үстеу  есімшенің 

алдында  пысықтауыш  болудан  да  қалады.  Міне,  осы  процес  арқылы  сөйлем  мүшесінің 

синтаксисінде  жаңа  конструкция  үстеу  +  есімше  +есім  сөз,  яғни  күрделі    анықтауыш  топ 

пайда  болады.  Осындай  өзі  бір  сөзге  қатысты бола отырып,  енді  өзіне  тағы  да  бір  сөздерді 

ілестіріп,  күрделі  синтаксистік  топ  құрайтын  синтаксистік  категория  есімшелі  лоалым  деп 

танылды. Соның бірі үстеулер қатысты есімшелі топтар.  

үстеу  +  есімше  +зат  есім  сөз,  конструкциясында  негізгі  анықталушы 

–  зат  есім.  Ал, 

есімше  оған  анықтауыш  қызметінде  жұмсалады.  Бірақ  есімше  өзі  анықтауыш  қызметінде 

жұмсала отырып, өзі де жартылай болса да анықталушы қызметке ие болып отыр. Сонымен 



үстеу  +  есімше  +есім  сөз  топты  анықтауыштар  тілде  бұрыннан  бар  құбылыс  болғанымен, 

арнайы зерттеу обьектісі болған емес. Енді әрқайсысына тоқталалық.  



Мезгіл  үстеулі  есімшелі  оралымдар.  Мезгіл  үстеулеріне  мына  сөздер  жатады:  бүгін, 

әруақытта, әзірше, былтыр, ертең, бұрын, күндіз, таңертең, биыл, кешке, қазір, енді, жиі, әлі, 

ертемен т.б. бұл үстеулер дара және күрделі түрінде жұмсала береді.  

Алдымен дара түрін қарастырадық: 

Дара  мезгіл  үстеулерінің  –ған,  -ген,-қан,-кен  тұлғалы  есімшелермен  тіркесіп  келуі 

арқылы:  Биыл  алынған  өнім  жұртты  молдығымен  таң  қалдарды.  (М.  Әуезов)  Әлдеқашан 

піскен түстікті  жеудің орнына сөзден жалықпай отырған абайды Жұман ішінен қажыратып 

жатыр. (М.Әуезов)  дара мезгіл үстеулердің –атын,-етін, -йтын, -итін тұлғалы есімшелермен  



 

320 


тіркесіп  келуі  арқылы:  Ертең  жүретін  Құнанбайды  Майыр,  тілмаш,  старшын,  билер  бүнінгі 

кеште    тағы  басып  жатыр  екен.(М.  Әуезов).  –Сен  өйтіп  оспақтама,  -  деп  шолт  кетті 

әншейінде  үндемейтін Ақан (О.Бөкеев).  

Дара  мезгіл  үстеулерінің-ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесіп  келуі  арқылы: 

Әдейі, дәл бүгін сөйленер қиын сөздің үстінде абайды жасқантып алмақ (М. Әуезов). Бұрын 

аңдар  тәжірибесі  бойынша  Дәрмен  Абайдың  осындайдағы  байқағыштығын  жақыс  білетін 

(М.Әуезов) 

Күрделі мезгіл үстеулерінің –ған, -ген,-қан,-кен тұлғалы есімшлерімен тіркесуі арқылы: 

Мамайға бүгін таңертең жөнелткен достары Абайды көп зарықтырған жоқ. (М.Әуезов). Абай 

бүгін таңертең болған өз халін бұл түнде де, ертеңіне де түсіне алмай жүрді. (М.Әуезов) 

Күрделі  мезгіл    үстеулердің  –атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелермен    тіркесіп 

келуі арқылы: - не қылса да бүгін ерте ұмтылатын кісі тойдың үстінен түседі, -деді де шығып 

кетті. (І. Жансүгіров). Кеше таңертең баратын жеріне барып, көрер нәрсені көріп, біліп, суыт 

қайтқан қаттың түстік жол қалғанда астындағы аты болдырыпты. (Ж. Тұрлыбаев) 

Күрделі  мезгіл  үстеулерінің-ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесіп  келуі  арқылы: 

Өзі  тұтас  адамдардан  сәл  бұрын  көрер  жаңалыққа  балаша  мақтанатын  адал,  таза  дүректен 

шыққан ақжарқын мінез (С.Жүнісов) Ертең таңертең басталар той отау тігу тойы деген аты 

болмаса анғыз көптің көрісу, қалың жұрттың бірі бірмен қауышу той болды. (Ж. Тұрлыбаев) 



Мекен үстеулі есімшелі оралымдар

.  Мекен үстеулерінің –ған, -ген,-қан,-кен тұлғалы 

есімшлерімен  тіркесуі  арқылы:  Кішкен  көлдің  шетінен  төмен  отырған  ауыл  сол  Тәкежен 

ауылы.  (М.  Әуезов).  Үй  ішінде  жоғары  отырған  Райымбек  батырдың  бүкіл  тұлғасы  айта 

қаларлықтай алып болмағынымен көзге толымды. (Ж. Тұрлыбаев)  

Мекен  үстеулерінің  –атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелермен    тіркесіп  келуі 

арқылы:    Жол  жөнекей  үретін  итте  жоқ.  (М.  Әуезов).  Алда  жүретін  жолды  өздері  айтып 

жөнелтіп отырады. (М. Әуезов)  

Мекен  үстеулерінің  -ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесіп  келуі  арқылы:  Төркін 

жағына жолшыбай соғар жолаушыны күтіп жүргенде, ойламаған жерден әкесі Қалымның өзі 

келіп  қалды.  (С.  Жүнісов).  Тұс-тұстан  тоқайласар  тұста  сасып  қалған  шеріктер  қазақ 

сарбаздары  ұрандасып  айғай  –аттанға  басып,  дүбірлей  шапқанда  абдырап  орнындарынды 

тұра берді. (Ж. Тұрлыбаев)  



Мөлшер  үстеулі  есімшелі  оралымдар.  Мөлшер  үстеулері  үстеулерінің 

–ған,  -ген,-

қан,-кен тұлғалы есімшлерімен тіркесуі арқылы: Жабырқау үйге әжептеуір жадыраған күлкі, 

аң  туралы  қызу  әңгіме,  әзіл-жайдарылық    ала келді.  (М.  Әуезов).  Бірақ  көз  айырмай  сонша 

қадалған жігіт қыздың амандасқанына жауап та қатпады. (М. Әуезов). 

Мөлшер  үстеулері  –атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелермен    тіркесіп  келеді: 

Шілденің шыжыған күні астында біраз жүретін Сатан енді ұзақ жолға түсті. (І. Жансүгіров) 

Мөлшер  үстеулерінің      -ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесіп  келуі  арқылы:  Әлі 

бірталай жүрер жолаушы арасында қорқ-қорқ желіп те қояды. Алдында қара –құра көрінсе ат 

басын іркісіп, күбір-сыбырсыз қалады. (Ж. Тұрлыбаев) Өзіндегі күйді талай сезінер сәт туса 

да ықсанға көңілін аударған жоқ (М. Әуезов).  

Сын

-қимыл  үстеулі  есімшелі  оралымдыр.    Сын-қимыл  үстеулері  де  есімшелермен 

тіркесе келе есімшелі оралым жасайды. Сын-қимыл үстеулері  құрамы жағынан негізгі және 

туынды  болып  келе  береді.  Біз  алдымен  негізгі  түрінің  есімшелермен  тіркес  құралын 

қарастырамыз.  

Негізгі  сын-қимыл  үстеулернің    –ған,  -ген,-қан,-кен  тұлғалы  есімшлерімен  тіркесуі 

арқылы: жайдақ атқа еркін мінген ақ қатын, көйлек дамбалшаң жылқышы құлынды биелерді 

құрықтың  астына  алып  желіге  иіріп,  асыға  қимылдап,  құлынды  биені  мойнынан  құшақтай 

алып  ноқталап  желіге  байлап  жатыр.  (Ш.  Құдайбергенов).  Дамылсыз  айқайлап  ақыры 

ұрандап жүріп қаннен-қаперсіз жүрген аттарды үркіте қашырған, үстіне ұзын қара сойыл мен 

сауырдан, тіркестен ұрып сатырлата қуды. (М. Әуезов)  

 Негізгі  сын-қимыл  үстеулернің    –атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелермен  

тіркесіп  Арбалы  аттардың  ақырын  шығатын  жері  –  осы  көпірдің  асты.  (С.  Жүнісов).  Әрең 



 

321 


жазатын Жұмағұл уақыт асқан сайын төмендей берді де, ең аяғында осы колхозға бригадир 

болып бір-ақ шыққан. (М. Мағауин). 

Негізгі  сын  қимыл  үстеулердің  -ар  –ер, -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесіп  келуі:  Пеш 

мойнынан  әрең  шығар  түтін  де  сұйылып,  тап-тұйнақтай  жиналағн  жып-жылы  бөлме  іші 

азынап бос қалатындай көрінді. (С. Жүнісов). Әрең тіркелер алып шаналар ауыр табанымен 

жіби бастаған таңды көк бауырша тіліп келеді. (С. Жүнісов).  

Туынды  сын  қимыл  үстеулерінің  –ған,  -ген,-қан,-кен  тұлғалы  есімшлерімен  тіркесуі 

арқылы:  Бұрынғыша  шабыттанған  кездерінде  озған  дәуреннің  бірден-бір  куәсі  кәрі  өзеннің 

жағасына келіп өзі отырар еді. (М. Мағауин).  

–атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелермен    тіркесіп  келуі:  Ұлжан  енді  тең 

адаммен  мейлінше  еркін  сөйлесетін  ойшыл  түске  ауысты.  (М.Әуезов).  Денесіне  жабыстыра 

ықшам киінген, қимылдағанда талшыбықша бұралып, ұршықша иілетін екі жігіт жұртты таң-

тамаша  қызыққа  батырды.  Жаңаша  оқытатын  мектепке  Фазылды  қажылар  алдыртқан 

болатын. (І. Жансүгіров) 

-ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесуі  арқылы:  Құмырсқаша  құжынар  қалың 

нөпірді  көзіне  елестететін  Чона-Добаның  ой  қиялы  біраз  жерге  шарықтап  кетті.  (Ж. 

Тұрлыбаев).  

Мақсат үстеулері де есімшелермсен тіркесіп, есімшелің оралым жасауға қатысады. 

 –ған, -ген,-қан,-кен  тұлғалы есімшлерімен  тіркесуі  арқылы:  әдейі келген  шаруасы  тап 

осылай  жылдамоңға  баса  қояр  деп  Қаныш  ойлаған  жоқ  еді.  (С.  Жүнісов).  «Әдейі  барған 

өңкей қарулы жәукемді жігіттер сойыл, шоқпармен лезде айпай-жайпай тастадық» дейді. (Ж. 

Тұрлыбаев).  

–атын,-етін,  -йтын,  -итін  тұлғалы  есімшелер  арқылы:  Құдай  жолына  барарда,  әдейі 

құдай  салатын  сөз.  (М.  Әуезов).  Адам  қасына  келсе  әдейілеп  оқырынатын  аттардың  әдеті 

жоқ бұларда. (С. Жүнісов) 

ар  –ер,  -р  тұлғалы  есімшелерімен  тіркесуі  арқылы:  Әдейілеп  сойылар  сойыс осы  үйге 

түсетін қонақтарды атқарып салуға жарайтындай қоңды болуға тиіс. (Ж. Тұрлыбаев). 

Әдейі ұйымдастырылған айтыс – жастарды өнерге баулысақ деген көнекөз ақындардың 

қолқасы болатын (Жұлдыз) 

   


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 

 

1.



 

Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.- Алматы, 1992 

2.

 

Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі.- Алматы, 1992 



3.

 

Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. – Алматы, 1941 



4.

 

Сайранбаев Т. Сөз тіркестері мен жай сөйлем тіркесі. Алматы: Рауан, 1991 



5.

 

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1991 



                           

Резюме

 

В статье рассматривается способы образования причастных оборотов



ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕРДІҢ  ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН

 

 

Өмірзақова А.К.

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық  университеті 

Алматы қ., Қазақстан 

alfiya.omir@mail.ru

 

 

Қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлем  синтаксисін  зерттеу  кешеуілдеп  басталған 



салалардың  бірі.  Қазан  революциясына  дейін  жай  сөйлемдер  синтаксисінен  аз  да  болса 

зерттеулер  болса,  құрмалас  сөйлем  синтаксисі  жөнінде  олай  айтуға  болмайды.  Бұл  кезеңге 

дейінгі зерттеулерде құрмалас сөйлемдер жүйесі өз алдына жеке қарастырылмаған. Берілген 

кезеңдегі  зерттеулерде  «сложное  предложение»  «подчиненное  предложение»  деген 

лингвистикалық  терминдерді  кездестіреміз,  бірақ  бұнда  бұлар  құрмалас  сөйлемнің  сырын 


 

322 


ашу  мақсатында  емес,  есімше,  көсемше  және  етістіктің  райларының  синтаксистік 

қызметтерін анықтау мақсатында берілген.  

Тіл  білімінде  құрмалас  сөйлемдер  жөніндегі  алғашқы  зерттеу  еңбек  ретінде  көрнекті 

түрколог  П.М.  Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казахско-киргизского  языка»,             

В.  Катаринскийдің  «Грамматика  киргизского  языка»  деген  еңбектерді  атай  аламыз.  П.М. 

Мелиоранскийдің  «Краткая  грамматика  казахско-киргизского  языка»  екі  кітаптан  тұрады: 

біріншісі – фонетика мен морфологияны, екінші кітабы – синтаксисті қамтыған. Автор соңғы 

кітабында  синтаксис  саласын  екі  тарауға  бөліп  қарастырады:  біріншісі  –  жай    сөйлем 

синтаксисі,  екіншісі  –  құрмалас  сөйлем  синтаксисі.  Берілген  еңбекке  дейін  тіл  білімі 

ғылымында  құрмалас  сөйлем  туралы  ешбір  теориялық  тұжырым  айтылмаған  болатын. 

Сондықтан  ғалымның  «грамматикасын»  құрмалас  сөйлемдерді  зерттеудегі  алғашқы 

баспалдақ  деуімізге  негіз  бар.  Әрине,  берілген  зерттеуде  құрмалас  сөйлемдер  қазіргі 

түсінігіміздей  зерттеліп,  мән-жай  толық  берілмеді.  Мәселен,  құрмалас  сөйлемдердің,  оның 

жай сөйлемнен ерекшелігі, құрмалас сөйлемнің түрлері сөз етіледі.  

Аталған еңбектерде құрмалас сөйлемдердің грамматикалық табиғатын табуда көптеген 

кемшіліктер мен олқылықтар болғанымен, сабақтас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары 

мен  басыңқы  мен  бағыныңқы  компоненттерінің  арасындағы  синтаксистік  қатынастар 

жөнінде алғашқы мағлұмат береді.  

Қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі  революцияға  дейінгі  еңбектерде 

зерттеушілердің  көпшілігі  сөйлемнің  құрмалас  не  құрмалас  сөйлем  еместігін  айқындауда 

зерттеліп  отырған  тілдің  өз  фактілеріне  сүйенбей,  орыс  тілінен  аударылған  сөйлемдік 

құрылыстарға сүйенген. Осының нәтижесінде   жайылма жай сөйлемдер, етістіктің көсемше 

тұлғасынан  жасалған  бірыңғай  мүшелі  сөйлемдер  де  құрмалас  сөйлем  деп  қарастырылған.  

Қазақ тіл білімінде, жалпы түркологияда үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді  сабақтас құрмалас 

сөйлем  ретінде  қарастыру  берілген  авторлардың  еңбектерінен  бастау  алған.  1906  жылы 

шыққан  «Грамматика  киргизского    языка»  атты  еңбек  қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлемдер 

жүйесін  өз  алдына  жеке  зерттеу  нысаны  етіп  алған  тұңғыш  еңбек  болғанмен,  құрмалас 

сөйлемдер көсемше, есімшенің қызметтерінің бірі ретінде қарастырылады. 

Сонымен Қазан революциясына дейін шыққан зерттеулерде құрмалас сөйлемдер жеке 

зерттеу нысаны етіп алынбай, олар есімше мен көсемшенің синтаксистік қызметінің аясында 

қарастырылды.  Құрмалас  сөйлемнің  басқа  құрылымдық,  семантикалық  түрлері  туралы  сөз 

қозғалмаған десек те болады.  

Қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлемдер  туралы  алғаш  сөз  қозғағандардың  бірі  -    А. 

Байтұрсынов. А. Байтұрсынов жай сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі болады дейді: сыйыса 

құрмаласу,  қиыса  құрмаласу.  Сыйысса  құрмаласқа  бірнеше  сөйлемдердің  сыйысып 

құрмаласқан  сөйлемдерді  жатқызса  (Қарабай  мен  Сарыбай  аңға  шықты),  ал  қиысулы 

құрмаластарға бір-біріне тең не кем болып құрмаласқан құрмаластарды жатқызады. Осыған 

орай ғалым қиысулы құрмаластарды сабақтас және салаластар деп екіге бөліп қарастырады. 

ХХ ғасырдың 30- жылдарына дейін қазіргі қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлем жөнінде 

айтылған  елеулі  пікір  болған  жоқ.  Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  зерттелу 

тарихын  отызыншы  жылдармен  тығыз  қарастырамыз.  Өйткені  құрмалас  сөйлемге  арналған 

оқулық, бағдарламалар осы отызыншы жылдары ғана жарық көре бастады.  Құрмалас сөйлем 

синтаксисінің  зерттелуіндегі  1930-1940  жылдар  аралығы  практикалық  кезең.  Өйткені  бұл 

жылдарда  құрмалас  сөйлем  арнайы  зерттелінбей,  оқу  құралдарының  аясында  сөз  болып 

отырды. Сонымен қатар құрмалас сөйлемге қатысты мақалалар жарық көрді (Қ. Жұбанов, С. 

Аманжолов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов, Ғ. Басымов). 

Ұлттық  тілші  мамандарымыздың  құрмалас  сөйлем  жөніндегі  көзқарастары  берілген 

алғашқы  зерттеулер  30-жылдың  екінші  жартысынан  бастап  көріне  бастады.  Бұл  жөнінде 

бірінші болып көзге түскен Қ.Қ. Жұбановтың еңбектері. Құрмалас сөйлем синтаксисімен Қ. 

Жұбанов арнайы айналаспағанмен, оның бұл салада қалдырған кесек мұрасы, көзқарастары 

мен  тұжырымдары  қазақ  лингвистикасы  үшін  маңызды.  Қ.  Жұбановтың  құрмалас  сөйлем 

жөніндегі көзқарастары оның 1936 жылы құрастырған оқу бағдарламасы мен «Жанғазы» деп 



 

323 


аталатын  хатында  айқын  көрінеді.  Оқу  бағдарламада  құрмалас  сөйлемнің  түрлері,  олардың 

құрмаласу  тәсілдері  мен  мағыналық  түрлері  және  сөйлем  синтаксисін  мектептерде  жүйелі 

өту  мәселесі  қарастырылған.  Берілген  бағдарламаның  ерекшелігі  -  салалас  құрмалас 

сөйлемдерді  сол  кездің  өзінде-ақ  мағыналық  белгілеріне  қарай  (ыңғайлас  салалас,  ереуіл 

салалас, талғама салалас, себеп-салдар салалас және шарт- жағдай салалас) топтастырылған. 

Оқу  бағдарлама  алғашқы  зерттеулердің  бірі  болғандықтан  болар,  азды  –көпті  кемшіліктері 

де  бар.  Мәселен,  салалас    және  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  жасалу  тәсілдері  жағынан 

ара жігі айқын ашылмай, бірыңғай болып берілген, жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінің 

барлығы қамтылмай, бір-екі түрі ғана сөз болған, сабақтас құрмалас сөйлемдердің ұйымдасу 

амалдары  мен  мағыналық  түрлері  толығымен  қарастырылмаған.  Дегенмен,  бұл 

бағдарламаның  өз  дәуірі  үшін  елеулі  маңызды  болып,  кейінгі  зерттеу  еңбектерге  негіз, 

алғашқы бастама болды. 

Қ.  Жұбановтың  сабақтас  құрмалас  сөйлем  жөніндегі  бұл  көзқарасы  кейінде  С. 

Жиенбаев пен Н. Сауранбаевтың еңбектерінен өз жалғасын тапты. 1939 жылы С. Аманжолов 

пен  Н.  Сауранбаевтың  авторлығымен  «Қазақ  тілі  грамматикасы»  жарыққа  шықты.  Оқулық 

қазақ  тілі  синтаксисінен  орталау,  орта  мектептерге  арналған  алғашқы  практикалық  еңбек 

болатын. Бұған дейін құрмалас сөйлем синтаксисіне арналған оқулық та, жеке зерттеулер де 

болмады.  Оқулықта  қазақ  тілінің  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі  Қ.  Жұбановтың  оқу 

бағдарламасынан өзгеше баяндалып, басқаша таптастырылды. Ең алдымен, еңбекте құрмалас 

сөйлемдер  құрылысына  қарай  салалас,  сабақтас  және  аралас  құрмалас  сөйлем  болып 

бөлінген.  Кейіннен  бұл  топтастыру    ғылымда  өз  жалғасын  тапты.  Оқу  бағдарламадағы 

сияқты берілген оқулықта салалас құрмалас сөйлем жалғаулықты және жалғаулықсыз болып 

екі  топқа  бөліп  қарастырылған.  Бірақ  салалас  сөйлемдердің  ұйымдасу  амалдарын, 

компоненттерінің  мағыналық  қатынастарын  түсіндіруде  екеуінің  арасында  елеулі 

айырмашылық бар. 

Тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді әр жақты зерттеу жұмыстарымен көптеген ғалымдар 

айналыса  бастады.  Солардың  бірі  –  С.  Жиенбаев.  Құрмалас  сөйлемдер  синтаксисін  зерттеу 

саласында  С.  Жиенбаев  қалдырған  зерттеулері  шағын:  бірнеше  мақалалар  мен  1941  жылы 

жарияланған  «Синтаксис  мәселелері»  атты  еңбегі.  Ол  1935  жылы  «Ауыл  мұғалімі» 

журналында  жариялаған  «Сөйлемнің  үйірлі  мүшелері»  атты  мақаласында  үйірлі  мүшенің 

құрмалас  сөйлемге  тән  категория  ретінде  қарастырып,  оның  салалас  және  сабақтас 

сөйлемдерге  ұқсамайтын  өз  алдына  ерекше  түрі  екендігін  айтқан.  Мұнда  құрмаластың  бір 

түрі  ретінде  танылатын  аралас  құрмалас  сөйлем  өз  алдына  бөлек  категория  ретінде 

қарастырылмайды.  Ал  автор  кейінгі  еңбектерінде  үйірлі  мүшелерді  бағыныңқы  сөйлемнің 

бір  түрі  ретінде  қарастырған.  Сонымен  қатар  салалас  сөйлемнің  өзіндік  интонациясы 

болатындығын алғаш айтқан. Бұл пікір күні бүгінге дейін өз құнын жойған жоқ. 

Құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  байланысты  осы  кезеңдегі  зерттеулерден  Х. 

Басымовтың  мақаласыныңда  өзіндік  орны  бар.  Мұнда  автор  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің 

бағыныңқы  компоненті  кейде  шарты  рай  тұлғалы  сөзден  кейін  болды  көмекші  етістігінің 

келуі арқылы  да жасалатындығын айтады (Ол айтса болды, оғы босқа кетпейді. Ол әңгіме 



айтса болды, тыңдаушы ұйып тыңдайды)

Х.  Басымов  «Құрмалас  сөйлемдерге  қойылатын  (,)  белгілері»  атты  мақаласында 

құрмалас  сөйлемнің  үш  түрін  көрсетіп  (салалас,  сабақтас,  аралас),  олардың  арасына 

қойылатын  тыныс  белгілердің  табиғатына  тоқталып,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік 

белгісіне  мағына  тұтастығымен  компоненттердің  жымдаса  байланысуын,  оның  бағыныңқы, 

басыңқы  сөйлемдері  болатынын  айтқан.  Сонымен  қатар,  салаласты  тұлғасына  қарай 

жалғаулықты  жалғаулықсыз  салалас  деп  екіге  бөліп,  жалғаулықсыз  салаласты  «іргелес» 

деген  атаумен  берген,  салалас  құрмалас  сөйлемде  жай  сөйлемдер  мағына  жағынан  тығыз 

байланысты  болатындығы  мен  әрі  оларды  жеке-жеке  алғанда,  «айтқанда,  түсінікті  сөйлем 

болып шығатындындығын» айтқан. Сабақтас  құрмаластың баяндауышы көсемше, шылаулы 

және  шылаусыз  есімше,  шартты  райлы  етістіктің  –ша,  –ше  жұрнақтары  есімше  болып 

келетін  қазақ  тілінің  тілдік  материалдары  негізінде  дәлелдеген.  Ғалымның  берілген 



 

324 


тұжырымдары  қазіргі  теориялық  қағидаларға  жанасқанмен,  кейбір  пікірлері  қайшы  келеді. 

Мәселен,  ғалым  С.  Жиенбаев,  Қ. Жұбанов  сияқты  үйірлі  мүшелі  жай  сөйлемдерді  сабақтас 

құрмалас  деп  таниды.  Дегенмен,  Х.  Басымовтың  берілген  мақаласы  қазақ  тілі  білімінің, 

соның ішінде құрмалас сөйлемдерді зерттеуге елеулі үлес қосты.  

Тіліміздегі құрмалас сөйлемдерді жан-жақты зерттеген ғалымның бірі – С. Аманжолов. 

С.  Аманжоловтың  «VI  жылдық  тіл  кітабы»  атты  оқулығында  құрмалас  сөйлем  сыйысқан 

құрмалас және қиысқан құрмалас сөйлем деп екі түрге бөлінген. Сыйысқан құрмалас сөйлем: 

«бірнеше  сөйлем  сыйысып  бір  сөйлем  болса,  немесе  бірнеше  бастауыш  ортақтасып  келсе, 

ондай  сөйлемді  сыйысқан  сөйлем»  деп    танысса,  «сөз  құрылысы  жағынан  да,  мағына 

жағынан  да  бір-бірімен  үйлесімді  болып,  айыруға  келмейтін  болса,  не  бірнеше  сөйлемдер 

бірігіп  келсе,  қиысулы  құрмалас  деп  аталады…  Қиысқан  сөйлемнің  екі  түрі  бар:  кейде  екі 

сөйлем  бір-бірімен  теңдесіп,  кейде  бірінен  –  бірі  кем  болып,  теңдеспей  айтылғандарды» 

қиысқан  құрмалас  сөйлем  деп  қарастырады.  Ғалымның  берілген  тұжырымы  А. 

Байтұрсыновтың  пікірімен  үндес  екенін  байқауға  болады.  Ғалымның  авторлығымен  1940 

жылы  шыққан    «Қазақ  тілі  ғылми  синтаксисінің  қысқа  курсында»  қазақ  тілінің  құрмалас 

сөйлемдер жүйесі алғаш рет ғылми тұрғыда зерделенді. Бұл оқулық - «1935 жылдан бастап, 

КазПи студенттеріне оқылған лекция қорытындысы» негізінде жазылған жоғары оқу орнына 

арналған еңбектің алғашқы қарлығашы. 

С.  Аманжоловтың  құрмалас  сөйлем  синтаксисінің  шешілмеген  мәселелерін  шешу 

жолында құнды пікірі 1956 жылы Алматы қаласында  өткен түркі тілдеріндегі етістік түр мен 

сабақтас сөйлем мәселелеріне арналған координациялық кеңесте сөйлеген сөзі. Мұнда ғалым 

сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіндік белгілері мен оның түрлері жайында көп жылғы зерттеу 

жұмысының  нәтижесін  баяндайды.  Өзінің  бұрын-соңды  шыққан  еңбектеріне  шолу  жасап, 

сабақтас  құрмалас  жайындағы  соңғы  пікірін,  тұжырымын  ортаға  салды.  Сонымен  қатар 

ғалым бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен олардың 

грамматикалық тұлғалары жөнінде өз пікірін айтқан. Бұл мәселеге қатысты автор бағыныңқы 

сөйлемнің  баяндауышы  ретінде  етістіктің  есімше,  көсемше,  шартты  және  тұйық  рай 

тұлғалары  жұмсалады  деген  пікірді  жақтайды.    «Ғылыми  курсында»  бағыныңқы  сөйлемнің 

баяндауыш қызметінде жұмсалған есімше септік жалғауының барлығында келе береді десе, 

кейінгі кеңесте жасаған баяндамасында ілік пен табыс септіктерінен басқа септіктерде келеді 

деп көрсетеді.  Сонымен, С. Аманжолов құрмалас сөйлемдер жүйесін зерттеуде өз пікірлерін, 

тұжырымдарын  кейінгі  еңбектерінде  түзетіп,  өз  көзқарастарын  дамытып  отырған.  С. 

Аманжолов  құрмалас  сөйлемнің  жасалу  жолдары  мен  мағыналық  белгілерін  жеке 

мысалдардың  ыңғайына  қарай  саралап,  автордың  баяндауы  көбінесе  ауызекі  тілдік 

материалдарға  сүйенгендіктен,  құрмалас  сөйлемнің  мағыналық  жіктелуі  тым  ұсақталып 

жіберілген. 

Құрмалас сөйлем синтаксисінің ғылыми тұрғыдан зерттеліп, бір жүйеге түсуіне үлкен 

үлес  қосқан  ғалымның  бірі  –  акад.  Н.  Сауранбаев.  Ол  өзінің  «Қазақ  тіліндегі  құрмалас 

сөйлемдер жүйесі» атты еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жайында өз пікірлерін 

ұсынып, ғылыми тұжырым жасаған. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді  іргелес құрмалас 

сөйлемдер,  салалас  және  сабақтас  құрмалас  сөйлем  деп  қарастырған.  Автор  аталған 

еңбегінде  негізінен  мынандай  мәселелерді  қарастырған:  синтаксистік  қатынастар,  іргелес 

құрмаластар,  салалас  құрмаластар  мен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер.  Осыған  орай  ең 

алдымен  синтаксистік  қанынастардың  (субьект,  предикат,  атрибут,  объект  және  изафет 

тәсілдес  принцип  жайында)  көріну  тәсілдері  сөз  болып,  келесі  тарауларында  құрмалас 

сөйлемнің  жекелеген  мәселелері  баяндалады.  Автордың  іргелес  құрмалас  сөйлем  деп 

отырғаны – жалғаулықсыз салалас сөйлемдер. Мұндай сөйлемдерді ғалым салалас құрмалас 

сөйлемнің бір түрі ретінде қарастырмай, жалпы құрмалас сөйлемнің бір түрі деп таниды.  

ХХ ғасырдың 50-жылдардағы зерттеулерде ең алдымен «Қазіргі қазақ тіліндегі» (1954) 

Н.  Сауранбаев  жазған  «Құрмалас  сөйлемнің  синтаксисін»  бөлімін  атау  жөн.  Бұл  бөлім 

жоғары  да  сөз  болған  «Қазақ  тіліндегі  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі»  (1948)  очеркінің 

негізінде жазылған. Алайда автор кейбір мәселелерді қайтадан қарастырып, оларды басқаша 



 

325 


түсіндірген.  Мәселен,  «очеркте»  құрмалас  сөйлемді  жалпы  үш  салаға  (іргелес,  салалас, 

сабақтас)  жіктесе,  осы  еңбегінде  оны  төртке  бөледі  (салалас,  сабақтас,  аралас  құрмалас, 

үйірлі мүшелі құрмалас). Бұлайша бөлуден  байқалатыны – егер «очеркте»  іргелес  құрмалас 

салалас  сөйлемнен  бөлек  қарастырылса,  мұнда  ол  салалас  сөйлемнің  бір  түрі  ретінде  қоса 

баяндалады.  Сондай-ақ  «очеркте»  сөз  болған  анықтауыш,  толықтауыш  бағыныңқылар  бұл 

еңбекте үйірлі мүшелі сабақтастардың қатарында талданған. 

Сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  компоненттерінің  мағыналық  қатынасына  қарай 

жіктеуде Н. Сауранбаев С. Жиенбаевпен пікірлес. Ол С. Жиенбаев сияқты сабақтас сөйлемді 

сөйлем  мүшесінің  атымен  атаған.  Бірақ  сабақтас  сөйлемдерді  топтастыруда  пікірлес 

болғанымен,  сабақтас  сөйлемнің  кейбіреулерін  баяндаған  кезде  алшақтық  кездеседі.  Ол 

алшақтық  екі  автордың  үйірлі  мүшені  және  оның  сабақтас  сөйлеммен  қатынасын 

баяндауларында. 

Кейінгі еңбегі «Қазіргі қазақ тілінде» толықтауыш бағыныңқы, анықтауыш бағыныңқы 

деп  есептеген  сөйлемдер  үйірлі  мүше  деп  қарастырылған.  Бірақ  берілген  еңбегінде  С. 

Жиенбаев сияқты үйірлі мүшесі бар бағыныңқы сөйлемдерді үйірлі мүшелі сабақтастар деп 

қарастырады.  Кейіннен  1956  жылы  өткен  кеңесте  жасаған  баяндамасында:  «Категория 

придаточно-определительных и придаточно-дополнительных предложений можно отнести к 

развернутым членам»  деп өз пікірін өзгерткен. 

1940  жылы  «Халық  мұғалімі»  журналында  А.  Ысқақовтың  «Құрмалас  сөйлем 

мәселелері»  деген  мақала  жарияланды.  Бұл  мақалада  құрмалас  сөйлемдердің  біраз 

мәселелері  сөз  болып,  көпшілік  қауымға  пікір  алысу  ретінде  ұсынылды.  Онда  құрмалас 

сөйлемге анықтама беріліп, құрмалас сөйлем компоненттерінің бастауышы жеке де, ортақ та 

болатындығы  алғаш  рет  айтылып,  салалас  пен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдердің  ара  жігі 

ажыратылды.  Автор  сабақтас  пен  салалас  құрмалас  сөйлемдерді  өзара  ажыратуда  негізгі 

критерий етіп екі жай сөйлемді байланыстырушы баяндауыш сөзінің тұлғасын басшылыққа 

алған.  Осыдан  келіп  Күн  жауып,  жер  көгерді  тәріздес  сөйлемдерді  (С.  Жиенбаев,  Н. 

Сауранбаевтардың  салалас  деп  ұғуына  қарсы)  сабақтас  құрмалас  деп  түсіндіреді.  Салалас, 

сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдердің түрлері, олардың өзіндік белгілері сөз болады. 

Құрмалас  сөйлем  жайында  алғаш  мағлұмат  берген  оқулықтың  бірі  –  проф.  М. 

Балақаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулығы. Мұнда автор құрмалас сөйлемнің 

әрбір жеке компоненттерінің арнаулы бастауышы болатындығын, кейде олардың ортақтасып 

келе  беретіндігін  де  айтқан.  М.  Балақаев  бағыныңқы  сөйлемдердің  жасалу  жолдары  мен 

шартты  рай  тұлғалы  сөздердің  мағыналық  ерекшеліктеріне  көбірек  көңіл  бөлген.  Сонымен 

қатар  көсемше  арқылы  жасалған  сабақтас  сөйлемдердің  де  мағыналық  сырына  үңіледі.  Ал 

жоғары  сөз  болған  –  п  тұлғалы  көсемшелі    сөйлемдерді  автор  тұлғасы  жағынан  сабақтас, 

мағынасы жағынан салалас сөйлем деп қарайды. 

Өткен ғасырдың 50 жылдардан  бастап жоғарыда аты аталған тіл мамандарымен қатар 

құрмалас  сөйлемнің  мәселелерін  зерттеуге  Т.  Қордабаев,  О.  Төлегенов,  А.  Әбілқаев,  Қ. 

Есенов және Х. Арғыновтар  сияқты ғалымдар араласа бастады.  

Қазақ  тілі  құрмалас  сөйлемнің  зерттелу  барысында  1956  жылы  Алматы  қаласында 

өткен  түркі  тілдеріндегі  етістік  түрі  мен  сабақтас  сөйлем  проблемаларына  арналған 

координациялық кеңестің зор маңызы болды. Өйткені бұл кеңесте жалпы түркі тілдеріндегі 

сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  табиғаты  әңгіме  болумен  қатар,  осы  мәселе  жайында  қазақ 

тілінің  өзіндік  заңдылықтары  да  қамтылған.  Қазақ  тілінің  тілдік  материалдары  бойынша  Н. 

Сауранбаев  «Сабақтас  құрмалас  сөйлемді  өзара  байланыстыратын  амалдар»  тақырыбында 

баяндама жасаса, С. Аманжолов, М. Балақаев, Т. Қордабаев т.б ғалымдар сөз сөйледі.  

Құрмалас  сөйлемдерге  қатысты  мәселелерді  шешу  мақсатында  1958-1959  жылдар 

аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы ұйымдастырған құрмалас сөйлем жөніндегі 

дискуссиялық  материалдар  жарияланды.  Бұл  айтысқа  Т.  Қордабаевтың  «Сабақтас  құрмалас 

сөйлемнің  өзіндік  белгілері»  атты  мақаласы  түрткі  болды.  Содан  кейін  осы  мәселенің 

төңірегінде  бірнеше  ғалымдар  өз  пікірін  ортаға  салды.  Олар:  М.  Балақаев,  Т.  Ерғалиев,  О. 

Төлегенов, А. Әбілқаев, Ж. Болатов, М. Томанов және Қ. Есенов. 



 

326 


Құрмалас  сөйлем  жайында  осы  журналдағы  айтыстың  келесі  бір  ұшы  1960  жылы 

«Қазақстан  мектебі»  журналында  қайтадан  жандандырылды.  Бұл  журналда  пікір  алысу 

ретінде  С.  Қазыбаевтың  «Жай  сөйлем  мен  құрмалас  сөйлемнің  ерекшеліктері  туралы» 

мақаласы берілді. 

Қорыта  айтқанда,  қазақ  тіл  білімінде  құрмалас  сөйлемдер  жүйесі  ХХ  ғасырдың  30- 

жылдарынан  бастап  практикалық  тұрғыдан  зерделене  басталса,    40-  жылдардан  бастап 

құрмалас  сөйлемдерге  арналған  бірнеше  ғылыми  мақалалар  мен  жеке  еңбектер  жазылып, 

құрмалас сөйлемдер жүйесін зерттеу ғылыми арнаға түсе бастады. Бұл жылдардағы құрмалас 

сөйлемдерге  байланысты  зерттеулерден  Н.  Сауранбаев,  С.  Аманжолов,  С.  Жиенбаев,  М. 

Балақаев, А. Ысқақов пен Ғ. Бегалиев еңбектерін атауға болады.   

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1

 



 Катаринский В. Грамматика киргизского языка. - М., 1906. 

2

 



 Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994. 

– 320 б. 

3

 

Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1948. – 



86 б. 

4

 



 Ысқақов, А. Құрмалас сөйлем мәселелері // Халық мұғалімі. – 1940. –  № 23-24. –  65-

73 бб.  


5

 

 Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Мектеп, 1983. – 168 б.  



6

 

 Есенов  Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. – Алматы: Білім, 1995.– 136 б. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет