Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет3/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90

 

 

КӘСІБИ ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: 

 

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ

 

                                     

Г.Т.Тұрсынова

 

ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі, 

 педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ  Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі 



 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  20  жылдығы  қарсаңында  жоспарланған  

университеттің  іс-шараларына  сәйкес  Қ.И.  Сәтбаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық 

университеті  Қазақ  тілі  кафедрасының      20  жылдығына  арналған  «Кәсіби  тілді  оқытудың 

өзекті  мәселелері:  қазіргі  жағдайы  және  болашағы»  атты  халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

конференцияның    атқарар  істері,  арқалар  жүгі  салмақты.  Тіл  білімінің  этнолингвистика, 

лингвомәдениеттану,  этнопедагогика,  лингвистика,  когнитивтік  лингвистиканың  өзекті 

мәселелерін  қамти  отыра,  тіліміздің  шұрайы  лексикология,  фразеологияға  да  жеке 

тоқталады.  Бүгінгі  күннің  ең  өзекті  мәселелерінен  саналатын    терминология  да  қамтылып 

отыр.  Сондай-ақ  морфология  мен  сөзжасам,  мәтін  лингвистикасының,    жоғары  оқу 

орнындағы оқулық  жасау  теориясы  мен  практикасының  өзекті  мәселелері  де  басты  назарға 

алынған. 

Аталған  тіл  проблемаларының  ішінде  техникалық  жоғары  оқу  орнында  қазақ  тілін 

оқыту – кәсіби тіл және оны оқытудың жаңа технологиялары мәселелерін тікелей қамтиды.  

Техникалық жоғары оқу орнында дәріс беретін қазақ тілі кафедрасының оқытушылары 

болашақ  инженер  мамандарының  қызмет орнында  мемлекеттік  тілді  жан-жақты  меңгерген, 

мемлекеттік  тілде  іс-қағаздарын  жүргізе  алатын,    өз  халқының  тарихын,  мәдениетін,  салт-

дәстүрін құрметтейтін, білімді де білікті, азаматтардың қатарында болуына күш салады. Осы 

мақсатты іске асыру барысында күш-жігерлерін аямай шығармашылықпен еңбек етіп келеді. 

Қазақ  тілі  кафедрасы  мемлекеттік  тілді  мамандыққа  байланысты  меңгертуді  басты 

назарда  ұстауда.  Тілді  қатысымдық  тұрғыдан  меңгерту  бүгінгі  күні  өте  маңызды  мәселе. 

Қазақ  тілін  мамандыққа  бейімдеп  оқыту  бағытында  әр  мамандық  саласына  арналған 

силлабустар, оқу-әдістемелік кешендер,  түрлі сөздіктер, оқу-құралдары даярланды.  

Техникалық  жоғарғы  оқу  орнында  мамандыққа  бейімдеп  оқытуда  техникалық 

терминологияны оқыту мен үйретудің маңызы зор.  

Кәсіби  тілді студенттердің мамандығына сай оқыту – кәсіби терминологияны меңгерту 

бағытында  жүргізіледі.  Бұл  жұмыстар  жалпы  техникалық  терминдер  бойынша  ғылыми 

ұғымдарды қалыптастыру және оны ары  қарай дамытады. Техникалық терминдер негізінде 

студенттердің техникалық ұғымдарын қалыптастырады. Нақты мамандығы бойынша арнайы 

терминдер қорын меңгертіп, жетілдіреді. 

Студент алған білімін өзінің болашақ кәсіби қызметінде пайдаланатын дәрежеде болуы 

тиіс. Сонымен бірге мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және 

жазбаша  жеткізу  дағдысы  қалыптасады.  Тілді  мамандыққа  бейімдеп  оқытуда  тіл 

үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады.  



 

19 


Кафедра  оқу-тәрбие жұмысы және кәсіби білім беру бағдарламаларын үнемі жаңартып, 

уақыт  талабына  сай  дамытып  отырады.  Осы  мақсатта  оқу  үрдісінде  қажетті  шаралар  мен 

шешімдер уақытында ұйымдастырылып, бағытталып, отырады. 

Бағдарламалардың ең маңыздыларының бірі – мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. 

Кафедра  бұл  бағытта  аталған  пәннің  силлабусын,  оқу-әдістемелік  кешенін,    қажетті  оқу 

құралын  жаңғыртып,  қайта  даярлап  шықты.Үстіміздегі  оқу  жылында  бұл  пәнді  орыс  және 

қазақ бөлімдеріндегі барлық студенттер міндетті пән ретінде оқитын болды. 

Кафедра  ұжымы  мемлекеттік  тілді  оқытудың  қазіргі  заманғы  жаңа  технологияларын 

игеруге көп күш салуда. Басқа ұлт өкілдеріне  мемлекеттік тілді модуль жүйесімен оқытуды 

басты  мақсат  ретінде  ұстанады.  Оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгертудің  басты 

мақсаты-мемлекеттік  тілді  жақсы  меңгеріп,  қазақ  тілінде  еркін  сұхбаттаса  білетін,  кәсіби 

құжаттарды  оқып  жаза  алатын,  аудара  алатын  дәрежеге  жеткен  жан-жақты    зиялы  маман 

моделін жасау болып табылады. Кафедра оқытушылары осы әдістемелік жүйе арқылы орыс 

бөлімі студенттеріне өз ұлтымен қазақ халқының мәдени тарихи құндылықтарын салыстыра 

меңгеруге,  әлемдік  өркениет  жетістіктерін  жалпы  адамзаттық  мәдениеттің  баға  жетпес 

байлықтарын қазақ тілінің сөз байлығы арқылы оқытып үйретуді мақсат етеді. 

Жинаққа  еніп  отырған  ғылыми  мақалалар  тіл  ғылымының  қазіргі  заманғы  өзекті 

мәселелерін, мемлекеттк тілді үйретудің басты проблемаларын, қазіргі заманғы техникалық 

терминологияның  қалыптасуын,  мемлекеттік  тілде  іс-қағаздарын  жүргізу  мәселелерін, 

оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологияларын пайдалану мәселелеріне арналған. 

       Жинақ аталған салалар  бойынша ғылыми ізденістер аясының көлемін, ғылымдағы 

сабақтастық мәселелерін айқындайды. 

 

 

                                              



ҚАЗАҚ ТІЛІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

 

 

Г.Т.Тұрсынова

 

ҚР Гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі, 

 педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,  

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ  Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі 



 

I  Кафедра тарихы

 

Білім  және  ғылым    министрлігінің  жоғары  оқу  орындарына  арналған  жаңа 

реформасына  байланысты  жоғары  техникалық    оқу  орындарында  жас  буын    инженер 

мамандарды  кредиттік  технология  жүйесіне  сай  даярлау  –  бүгінгі    күннің  өзекті  мәселесі 

болып отыр. ХХІ ғасырдың студенттеріне қазақ тілін кәсіби мамандықтарына сай бейімдеп, 

жаңа  бағыттағы  бағдарламамен  оқытуға  ерекше  назар  аударылып  келеді.  Сондай-ақ  жаңа 

ағымға  сай  білікті  мамандар  даярлап,  оқытудың  сапасын  халықаралық  дәрежеге  көтеріп, 

кәсіби  мамандықтарға  негізделген  білім  беру  үшін,  жаңа  инновациялық  технологияны 

қолданып,  дәрісханаларды  техникалық  құралдармен  жабдықтап,  интерактивті  тақталар 

орнатып, олармен жұмыстар жүргізу қалыптастырылуда. 

Қазақстан Республикасындағы көкейкесті мәселелердің бірі – мемлекеттік тілдің өрісін 

кеңейту,  оның  іс  жүзіндегі  пайдалану  мүмкіндіктерін  жасау,  болашақ  мамандардың  кәсіби 

біліктілігін  арттыру.  Ал  бұл  айтылып  отырғандар  оқу  үрдісіндегі  кезек  күттірмейтін 

міндеттердің  бірі  дейтін  болсақ,  онда  осы  талаптардан  шығу  үшін  қазақ  тілі  кафедрасында 

барлық мүмкіндіктер жасалған. 

Қазақ  тілін  техникалық  мамандықтармен  байланыстыра,  кәсіби  бағытта  оқыту  –  тілді 

үйретудің ұтымды жақтары. Мамандыққа сай  тілді үйретуде тәрбиенің маңызы зор. Тәрбие 

тілден  басталады.  Мамандығына  сай  қазақ  тілін  оқыту  арқылы  өз  ұлтының,  Отанының, 

елінің  тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін,  әдебиетін,  өнерін  бойына  сіңіреді,  өркениетті  елдің 

даму деңгейінен  хабардар болады. 



 

20 


Еліміздегі  қазақ тілінің мемлекеттік  мәртебеге ие болуын тарихи оқиға деуге болады, 

себебі  ол  қазақ    халқының  ертеңгі    болашағында  ерекше  орын  алатын  тіл    тағдырына 

байланысты  маңызды  мәселе.  Мемлекетіміз  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдары  ана 

тіліміздің мүшкіл халі тіл жанашырларын алаңдатпай қойған жоқ, тілді тек Заң арқылы ғана 

қорғау қажеттілігі туды. Заң қабылданды, тілді дамытудың бағдарламалары жасалынды, оны 

іске асыру әрбір Қазақстан азаматының міндетіне айналды. 

Білікті  мамандар  дайындау  үшін  жаңаша  оқытудың  маңызы  ерекше  екендігіне  көз 

жеткізілді,  бұл  жүйе  мамандыққа  қатысты  оқытудың  сапасын  арттыруда  үлкен  қызмет 

атқарары  күмәнсіз  болды,  сондықтан  бұл  жаңа  жүйеге  республикамыздағы  барлық  жоғары  

оқу орындары жаппай көшірілді. 

Осыған орай, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына  байланысты ана тілімізге деген 

зор ілтипат пен қамқорлықтың куәсі ретінде Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық 

университетінің  қара  шаңырағында  жоғары  оқу  орындары  арасындағы  ең  алғашқылардың 

бірі болып «Қазақ тілі» кафедрасының іргетасы 1990 жылдың қазан айында қаланды.  

Аталған  жылы  Қазақстандағы  жоғары  оқу  орындарында  қазақ  тілі  кафедраларын  ашу 

қолға  алынғанда,  алғашқылардың  бірі  болып  кафедра  ашқан  және  сол  кафедраға  айрықша 

жағдай  туғызып,  барлық  мүмкіндік  берген,  аянбай  үлес  қосқан  сол  кездегі  басшыларымыз, 

бүгінгі  күндегі  тілге  де,  кафедраға  да  қамқор,  жанкүйер  болып отырған  алды  ата,  арты  әке 

болып  жүрген  ағаларымыз  балаша  қуанып,  кафедраның  аяғынан  тік  тұрып  кетуіне  бар 

көмектерін  жасап,  күш  жұмсады.  Олар  академиктер:  А.Машанов,  Ә.Омаров,  Д.Кішібеков, 

М.Бәкенов, 

Ш.Есенов, 

профессорлар: 

М.Батырбеков, 

Ұ.Сыдықов, 

Ш.Байысбеков, 

Ғ.Нысанбай,  М.Нұрпейісова,  Т.Кенеев  және  т.б.  Осы  ағаларымыздың    есімдері  кафедра 

тарихында ерекше ілтипатпен аталады.  

Сол  кездегі  В.Ленин  атындағы  Политехникалық  институт  түгелдей  бір  қабатты,  20-ға 

тарта  дәрісханалар  мен  бөлмелерді  қазақ  тілі  кафедрасының  қарамағына  берді.  Кафедра 

алғашқыда  Геологиялық  барлау  факультеті  құрамында  болып,  көп  ұзамай жеке  отау  болып 

бөлініп шықты.  

Университетіміздің  тұңғыш  түлегі,  ұстаздардың  ұстазы  болған  ғұлама  ғалым, 

фарабитану  ғылымының  және    «Маркшейдер  ісі»  мамандығының    негізін  салушы,  ана 

тіліміздің  жанашыр  патриоты  Ақжан  Жақсыбекұлы  Машанов  атамыз  кафедраның 

ашылуында студенттермен тұсаукесер кездесу жасап, зор тебіреніспен кафедраға ақ батасын 

берген болатын. 

Қарқынды жұмыс пен шебер ұйымдастырушылық, қазақ тілі мамандарының біліктілігі 

кафедраны  аз  уақыттың  ішінде  беделді  кафедра  қатарына  көтерді.  Қазақ  тілін  мемлекеттік 

тіл  ретінде  оқыту  барлық  мамандықтардың  ішкі,  сыртқы  бөлімдерінде  қызу  жүргізілді.  Бұл 

еңбек оң нәтижесін беріп, университеттің орыс бөлімі студенттері республикалық, қалалық, 

мемлекеттік тіл сайыстарында жүлделі орындардан көрініп жүрді.    

Міне,  сол  кафедраның  ашылғанына  биыл  20 жыл  толып отыр.  Осы жылдары  кафедра 

университеттің  өсіп-өркендеуіне,  мемлекеттік  тілдің  қарыштап  дамуына,  рухани  деңгейінің 

көтерілуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Кафедраның басты міндеті – қазақ тілін оқытып-

үйрету, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу, құжат рәсімдеу сияқты жұмыстар.   

1990-2010  жылдар  аралығында  кафедра  ұжымы  Жаратылыстану-гуманитарлық 

институты  құрамында  болып  келген,  2010  жылдың  1  ақпанынан  бастап  институт  атының 

өзгеруіне  байланысты  әл-Машани  атындағы  Жоғары  технологиялар  және  тұрақты  даму 

институтының, ал биылғы 2011–2012 оқу жылында әл-Машани атындағы Базалық білім беру 

институтының құрамына енгізілді. 

Қазақ тілі кафедрасын 1990-2004 жылдарда п.ғ.д., профессор Розалинда Әшірбайқызы 



Шаханова басқарған. Докторлық диссертациясын кафедра қабырғасында қорғады. 

 

Кафедра  2004  жылдан  2008  жылға  дейін  п.ғ.д.,  профессор  Күлай  Бәймендіқызы 



Жақсылықованың  басшылығымен  жұмыс  істеді.  2007  жылы  «Республикада  мемлекеттік 

тілді  қолдануды  дамыту»  тақырыбы  аясында  дайындалған  «Техникалық  қазақ  тілі» 

мультимедиялық  жобасына  жетекшілік  етті.  Жалпы  ғылыми  еңбегі  100-ден  асады,  оның 


 

21 


ішінде 1 монография, 3 оқулық, 10 оқу құралы баспа бетінде жарық көрген. Қазіргі уақытта 

Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ-дың  Қазақ  тілі  кафедрасының  профессоры  болып  жұмыс 

атқарады.  

2007  жылы  К.Б.Жақсылықова  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  «Жоғары  оқу 

орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік  грантының иегері атанды. 

2008  жылдың  1  қыркүйегінен  бастап  кафедраны  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ 

профессоры,  ҚР  Гуманитарлық  ғылымдар  Академиясының  академигі  Гүлбаршын 

Тұрсынқызы

 Тұрсынова басқарады.  

Г.Т.Тұрсынова ерен еңбегі үшін:

        

1. 2005 жылы ҚазҰТУ-дың 70 жылдығына орай «Айрықша еңбегі үшін» медалімен; 

2.  2006  жылы  «Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ісінің  құрметті  қызметкері» 

белгісімен; 

3.  2009  жылы  ҚазҰТУ-дың  75  жылдық  мерейтойына  орай  «ҚазҰТУ-дың  ардагері» 

белгісімен; 

4.  2010  жылы  ұрпақты  оқыту  және  тәрбиелеу  ісіндегі  елеулі  табыстары  үшін 

«Ы.Алтынсарин» төс белгісімен; 

5.  Қазақстан  Жоғары  оқу  орындары  Қауымдастығының  2010  жылғы  Жоғары  оқу 

орындары    оқулықтарын  жазудағы  нәтижелі  еңбегі  үшін  А.Байтұрсынұлы  атындағы  

«Саңлақ автор» медалімен марапатталды. 

6.  2008  жылы  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  «Жоғары  оқу  орнының  үздік 

оқытушысы» мемлекеттік  грантының иегері атанды. 

Халықаралық  (Ресей,  Польша,  Түркия),  республикалық  және  жоғары  оқу  орындары 

арасындағы  ғылыми-теориялық  және  ғылыми-әдістемелік  конференцияларға  әрдайым 

қатысып, баяндамалар жасады. Жүзден аса ғылыми мақалалары жарық көрген. Оның ішінде 

1  монография,  6  оқулық,  15  оқу  құралы,  25-тен  аса  әдістемелік  нұсқау,  сондай-ақ 

халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында 

еңбектері  жарияланып  келеді.  Сонымен  қатар,  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігінің  12 

жылдық білім беру мектебінің 9 сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторы. 

Баспа бетінде жарияланған оқулықтарына нақтырақ тоқталатын болсақ: 

1.  «Техникалық  қазақ  тілі»  (жоғары  техникалық  оқу  орындарының  барлық 

мамандықтарына арналған); 

2. «Кәсіби қазақ тілі» (тау-кен саласындағы мамандықтарға арналған); 

3. «Қазақ тілі» (қашықтан білім беру институтының сырттай оқитын студенттері үшін); 

4.  «Қазақ  тілі»  (мұнай-газ  ісі  саласындағы  мамандықтарға  арналған).  Авторлары  –                          



Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева. 

 

5.  «Қазақ  тілі»  (экология,  су  ресурстары,  қоршаған  ортаны  қорғау,  құрылыс 

саласындағы  мамандықтарға  арналған).  Авторлары  –  Г.Т.  Тұрсынова,  Ұ.Р.  Шүленбаева, 

Г.Д.Рыскелдиева, А.С.Итемирова.

 

6.  «Қазақ  тілі»  (бизнес,  қаржы,  техникалық  физика  саласындағы  мамандықтарға 



арналған).  Авторлары  –  Г.Т.  Тұрсынова,  Г.Д.  Рыскелдиева,  А.С.  Итемирова,                           

М.Ө. Карамендина.

 

Аталған әр оқулықтың көлемі 18-20 баспа табақтан жоғары. Барлығы да ҚР Білім және 

Ғылым министрлігінде бекітіліп, басылып шықты.  

Ұ.Р.  Шүленбаева

  –  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  профессоры,  100-ге  жуық  ғылыми 

еңбектері  баспа  бетінде  жарияланған.  Оның  ішінде:  1  монография,  3  оқулық,  2  оқу  құралы,                  

5 оқу-әдістемелік кешені оқу бағдарламасымен (силлабус), 10 әдістемелік нұсқаулары және т.б. 

Ұ.Р.  Шүленбаева  –  аспиранттар,  ізденушілер  мен  магистранттарға  «Қазақ  тілі»  пәні 

оқытылып,  кандидаттық  минимум  қабылдау  туралы  2001  жылы  нұсқау  келген  кезде,  оның 

алғашқы типтік және оқу бағдарламасын, кандидаттық минимум қабылдауға қатысты барлық 

талаптарын, өздік жұмыстарының бағдарламасын жасап, ең алғашқы негізін салды. Сондай-

ақ,  алғашқы  болып  профессор  Ұ.Р.Шүленбаева  мен  доцент  Г.Д.Рыскелдиевалар  сабақ 

жүргізген.  



 

22 


Сонымен  қатар,  университеттің  барлық  техникалық  инженер  кадрларын  даярлап 

жатқан  10  институттың  студенттерінен  қысқы,  жазғы  сессияларын  қабылдауға  қажеттті 

емтихан  билеттерін  жыл  сайын  дайындап  келеді,  сол  жұмысқа  жауапты.  Университет, 

кафедрада  өткізілетін  іс-шараларға  тұрақты  түрде  араласып,  белсенділік  танытып  отырады. 

Студенттерін  ғылыми  конференциялар  мен  пәндік  олимпиадаларға  қатыстырып,  олардың 

жұмыстарына  жетекшілік  етеді.  Студенттері  бірнеше  мәрте  1  орындарға  ие  болып,  мақтау 

грамоталарымен марапатталды.  

Г.Аужанова 

  аға  оқытушы,  кафедрада  1990  жылдан  бері  жұмыс  істейді.  Ұжымда 

беделді,  тыңғылықты,  еңбекқор,  өзіне  тапсырылған  жұмыстарды  үлкен  жауапкершілікпен 

атқарады. Университет, кафедрадағы барлық  іс- шараларға тұрақты түрде  араласып, тәрбие 

жұмыстарының 

орындалуына 

атсалысып 

отырады. 

Университеттің 

«Ұмай-ана» 

фольклорлық тобының мүшесі, көркемөнерпаздар байқауларында бірнеше рет марапатталды.  

Г.Аужанова  тәжірибелі  ұстаз,  ғылым  мен  тәрбие  және  т.б.жұмыстарды  қатар  алып 

жүреді, көптеген ғылыми еңбектері баспа бетінде жарияланып, жарық көрді. Студенттерін де 

ғылымға баулып, олардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етіп отырады.  

Р.Ш.Абдисулейменова 

–  ҚР  Білім  және  Ғылым  министрлігі  Жоғары  аттестациялық 

комитетінің  тіл  білімі  мамандығы  бойынша  доцент  атағын  алды,  50-ден  астам  ғылыми 

еңбектің,  оның  ішінде:  2  оқу  құралы,  3  оқу-әдістемелік  кешендері  мен  6  әдістемелік 

нұсқаулардың  авторы.  Р.Ш.Абдисулейменова  студенттерін  ғылымға  баулуға,  қазақ  тілін 

мамандыққа бағыттап, соңғы жылдардың талабы – жаңа технологияны пайдаланып оқытуға, 

болашақ  инженер  кадрларына  танымдық  тәрбие  беруге,  мемлекеттік  тілдің  дамуына  өз 

үлесін қосып келе жатқан тәжірибелі ұстаз. Оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарын орындауда 

қашан да алдыңғы қатардан көрініп келеді.    



А.Ә.Өмірбеков  кафедрада  1992  жылдан  қызмет  істейді,  аға  оқытушы.  Қазақстан 

Жазушылар  Одағы  «Найзагер»  сатириктер  қауымдастығының  мүшесі,  ҚазҰТУ  «Рас» 

газетінің  алқа  мүшесі,  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  ғылыми-танымдық  орталықтың 

жетекші  ғылыми  қызметкері.  «Атамекен  аманаты»  жыр  жинағының  және  2 оқу-әдістемелік 

кешенінің  авторы.  «Сәтбаевтану»  оқулығы  авторларының  бірі.  Жалпы  саны  50-ге  тарта 

танымдық және ғылыми еңбектері бар. 

Ақпарат  және  Мәдениет  министрлігінің  Құрмет  грамотасымен,  Алматы  қаласы 

«Жастар  ісі  жөніндегі»  комитеттің  Алғыс  хатымен,  университеттің  10-нан  астам  Құрмет 

грамоталарымен марапатталған. ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» медалінің иегері және 

Қазақстан Республикасы бойынша студенттер құрылыс отрядының Әнұранына жазған өлеңі 

үшін  2005  жылғы  жастардың  «Ең  үздік  рухани  демеушісі»  атағын  жеңіп  алған.  Сондай-ақ 

ҚазҰТУ-да  жүргізілетін  ірі-ірі  іс-шаралардың  ұйымдастырушысы  ретінде  тұрақты  түрде 

белсенділік танытып келеді. 

Ұ.Ж.Ахметбаева

  –  аға  оқытушы,  кафедрада  1995  жылдан  бастап  қызмет  істейді. 

Кафедра  қабырғасындағы  оқу-әдістемелік,  ғылыми,  қоғамдық  жұмыстардың  орындалуына 

толық  араласып  отырады,  ал  тәрбие  жұмысын  ұзақ  жылдар  бойына  жүргізіп  келеді,  кез-

келген тапсырмаға үлкен жауапкершілікпен қарайды.  

Сондай-ақ,  фотосуреттермен  толықтырылған,  кафедраның  тарихы  қамтылған  альбом 

дайындап,  әр  түрлі  тақырыптарда  стендтер  жасады:  Университеттің  75  жылдығына  орай 

«Қазақ  тілі»  атты;  Б.Момышұлының  100  жылдығына  байланысты;  ЖТТДИ  дирекциясының 

тапсырмасымен «Қазақ тілі кафедрасы» атты және т.б. 

Стендтерде  қамтылған  материалдардың  мазмұны  студенттердің  ой-өрісін  кеңейтіп, 

жан-жақты мағлұмат алуға бағыт береді.  

Жоғары  оқу  орындарында  өткізіліп  тұратын  семинар-тренингтерге,  кафедрадағы 

лингвистикалық,  әдістемелік  семинарларға  үзбей  қатысады.  Ұ.Ахметбаева  ұжымда  беделді, 

өз ісіне тиянақты, еңбекқор.  



С.С.Айтжанова

  –  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  доценті.  Жалпы  ғылыми 

еңбектерінің саны – 50, оның ішінде оқу-әдістемелік кешендері мен әдістемелік нұсқаулары 

және  т.б.  бар.  «Екі  және  көп  компонентті  салалас  құрмалас  сөйлемдердің  функционалдық 



 

23 


қызметі»  атты  тақырыпта  1999  жылы  кандидаттық  диссертация  қорғады.  Халықаралық 

ғылыми-теориялық  конференцияларға  үзбей  қатысып,  ғылыми  материалдарын  жариялап, 

университет,  институт,  кафедра  қабырғасындағы  барлық  іс-шараларға  араласып,  оның 

орындалуына атсалысып келе жатқан ұстаз. 



Г.Д.Рыскелдиева

  –  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  доценті.  Жалпы  ғылыми 

еңбектерінің  саны  –  70, оның  ішінде:  2  оқулық,  3 оқу  құралы,  3 оқу-әдістемелік  кешені,  25 

әдістемелік  нұсқауы  мен    40  ғылыми  мақаласы  жарық  көрген.  Сонымен  қатар,  жас 

ғалымдардың 2 рет стипендия иегері.  

А.С.Итемирова 

–  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  доценті.  Жалпы  ғылыми 

еңбектерінің  саны  –  55, оның  ішінде:  2  оқулық,  2 оқу  құралы,  3 оқу-әдістемелік  кешені,  15 

әдістемелік нұсқауы мен  30 ғылыми мақаласы жарық көрген. 



М.Ө.Карамендина 

–  Қ.И.Сәтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  доценті.  Жалпы  ғылыми 

еңбектерінің  саны  –  50, оның  ішінде:  1  оқулық,  2 оқу  құралы,  1 оқу-әдістемелік  кешені,  22 

әдістемелік нұсқауы мен 25 ғылыми мақаласы жарық көрген. 

Кафедра  жұмысының  негізгі  бағыттарының  бірі  –  инженерлік  және  техникалық 

саладағы  терминологияның  мемлекеттік  тілде  қалыптасуы  мен  бір  жүйеге  келуі.  Кафедра 

ұжымы  өздері  жұмыс  істейтін  университет  құрамындағы  институттар  бойынша 

терминдермен  жұмыс  жасауды  қалыптастыруға  атсалысуда.  Соның  бірі  –  компьютерлік 

технологияға байланысты Г.Ө.Заурбекованың кандидаттық диссертациялық жұмысы.  

Терминологияға байланысты арнайы оқу құралы шығарылмағанымен, бұл мәселе оқу-

әдістемелік құралдары мен емтихан материалдарына енгізілген.  

  Г.Ө.Заурбекованың  2009  жылғы  «Компьютерлік  технологияға  қатысты  атаулардың 

қазақ  тіліндегі  фонетико-лексикалық  игерілімі»  тақырыбындағы  қорғаған  кандидаттық 

диссертациясы  өзінің  актуальдылығымен  ғылымға  өз  үлесін  қосты  деп  айтуымызға  толық 

болады. Г.Ө.Заурбекова бірнеше жыл кафедраның Ішкі бақылау тобының жұмысын жүргізді.    

В.М.Сағымбаева 

– магистр, аға оқытушы. Кафедрада 1999 жылдан бері жұмыс істейді. 

Осы  уақыт  аралығында  кафедра  және  университетте  жүріп  жатқан  көптеген  қоғамдық 

жұмыстарға  белсене  араласып,  өзін  жан-жақты  іскер  маман  ретінде  көрсете  білді.  Атап 

айтсақ, кафедраға келіп түсетін барлық құжаттарға жауап беріп және құжаттардың бірізділік 

жүйеде қалыптасуын қадағалап, кафедраның жылдық есебін өткізіп отырады.  

Сонымен  қатар,  магистрлік  диссертациясын  қорғап,  ғылыми  ізденіс  жолында  да 

көптеген  мақалалары  халықаралық,  республикалық  жинақтарда  жарық  көрді.  Біліктілігін 

арттыру мақсатында бірнеше сертификаттарға ие.   

Бүгінгі күнгі кафедраның ең негізгі жетістігі  – үнемі ізденіс үстінде тәжірибелі ұжым 

болып  қалыптасуы.  Кафедрада  1  академик  (Г.Т.Тұрсынова),  4  профессор  (Г.Т.Тұрсынова, 

К.Б.Жақсылықова, 

Ұ.Р.Шүленбаева, 

С.Ахаев), 

доцент 


(Р.Ш.Абдисулейменова, 

Т.Т.Садақбаев,  С.С.Айтжанова,  Г.Д.Рыскелдиева,  А.С.Итемирова,  М.Ө.Карамендина), 

филология 

ғылымдарының 

кандидаттары, 

аға 


оқытушылар 

(Г.Ө.Заурбекова, 

А.К.Өмірзақова),  аға  оқытушылар  (А.Ә.Өмірбеков,  Ұ.Ж.Ахметбаева,  А.М.Монтаева, 

К.С.Рысқұлбекова, 

Г.А.Аужанова, 

В.М.Сағымбаева, 

Қ.Аязбекова, 

Ш.М.Оспанова, 

Р.Б.Қадырқұлова, 

Ж.Ж.Аманова, 

Қ.Ш.Зарлықова, 

М.Б.Бердиллаева, 

Қ.Ә.Илесова, 

Р.Т.Төлегенова),  оқытушылар  (Ы.Мамекеева,  А.Бакиева),  ассистенттер  (Ш.Бектұрғанова, 

А.Анламасова)  және  кафедраның  ірге  тасын  қаласқан  ғалымдар,  білікті,  тәжірибесі  мол 

ұстаздар қызмет етеді.  

Ал  оқытушылардың  ерен  еңбегі  әруақытта  бағаланып  отырылады.  Қ.И.Сәтбаев 

атындағы ҚазҰТУ, оның ішіндегі институттарда, кафедра қабырғасында жан-жақты өткізіліп 

жататын  іс-шаралардың  орындалуына,  мемлекеттік  тілді  дамытуға  қосып  жатқан  үлестерін 

елеп, ерекше еңбектерімен көрініп келген төмендегі оқытушылар университеттің «Айрықша 

еңбегі 

үшін» 


медалімен 

марапатталды, 

олар: 

Ұ.Р.Шүленбаева, 



А.Ә.Өмірбеков, 

Ұ.Ж.Ахметбаева, С.С.Айтжанова, А.М.Монтаева, К.С.Рысқұлбекова, Р.Б.Қадырқұлова.  

Тіл  арқылы  жас  ұрпақтың  жан-жақты  танымын  кеңейту,  мемлекеттік  тілге  деген 

қызығушылығын  ояту,  отансүйгіштік  қасиет  пен  ұлтжандылық  сезіміне  қозғау  салу  секілді 



 

24 


тәлім  де  күн  тәртібінен  тыс  қалған  жоқ.  Университет  қабырғасында  орындалып  жатқан 

толып  жатқан  мәдени  іс-шаралардың  ішінде  мемлекеттік  тілге  байланысты  іс-шаралар  бір 

төбе  десе  де  болады.  Содан  бергі  уақытта  сан-салалы,  қыруар  жұмыстар  атқарылды.  Атап 

айтсақ:  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет