Результаты исследований
В республике созданы восемь бассейновых водохозяйственных объединений:
Балхаш-Алакольское, Урало-Каспийское, Шу-Таласское, Арало-Сырдарьинское, Нура-
Сарысуское, Тобол-Тургайское, Иртышское и Ишимское, охватывающих зоной
деятельности основные речные бассейны. В задачи этих объединений входит управление
использованием водных ресурсов в бассейне, включая распределение их между
водопользователями, разработка планов заборов и подачи воды, выдача разрешений на
специальное водопользование, когда забор воды осуществляется с применением
гидротехнических сооружений, определение лимитов водопотребления и режимов работы
201
водохранилищ, оперативный контроль за их соблюдением, составление оперативных
водохозяйственных планов по бассейну, организация государственного учета
использования вод [3].
На сегодняшний день рациональное использование и освоение водно-
энергетических ресурсов бассейна реки Сырдарьи остаются наиболее сложными
региональными проблемами. Всем сегодня известно, какую важную роль и задачи играют
водотоки реки Сырдарьи.
Водные отношения между государствами Центральной Азии регулируются
Межгосударственной координационной водохозяйственной комиссией по использованию
водных
ресурсов
рекбассейна
Аральского
моря
на
основе
отдельных
Межправительственныхсоглашений.
В целях регулирования зимнего водопритока и защиты объектов отраслей
экономики от зимних наводнений в низовьях реки Сырдарья построен Коксарайский
контррегулятор.
Для сохранения Северной части Аральского моря разработан проект «Регулирование
русла реки Сырдарьи и сохранение Северной части Аральского моря» (далее – РРССАМ).
При этом реализация первой фазы РРССАМ уже завершена, что позволило поднять
уровень малого Арала на 4 метра (с 38 м до 42 м), наполнить 8 озер в объеме 316 млн. м
3
,
снизить минерализацию с 23 г/л до 12,2 г/л, а также увеличить улов рыб до 4,2 тонн.
В настоящее время разработано технико-экономическое обоснование второй фазы
РРССАМ, реализация которой предусматривает увеличение пропускной способности
русла реки до 600-650 м
3
/с, что существенно снизит риск затопления населенных пунктов,
а также позволит обеспечить водой озерные системы дельты Аральского моря и в целом
улучшить социально-экономическую ситуацию в Приаралье.
Выводы
Вопросы рационального использования и эффективного управления водными
ресурсами являются приоритетными направлениями в решении социально-экономических
задач и находятся на постоянном контроле Правительства.
Литература
1. Карлыханов О.К., Кеншимов А.К., Рябцев А.Д. К гидроэкологической ситуации
в низовьях Сырдарьи. /Водное хозяйство Казахстана. – Астана: 2008, №3(19). – с.24-29.
2. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т. Экологические проблемы бассейна Аральского
моря.- Тараз, 2009. – 354 с.
3. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии: Обзор.-Алматы, 2004.-132 c.
УДК 639.11
Матенов Е., Абаева К.Т., Байбатшанов М.К., Кеулимжаев Н.О.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ АУМАҒЫНДАҒЫ МАРАЛДАРДЫҢ
САНЫН МОЛАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Мақалада Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы маралдардың санын
молайту жолдары қарастырылған.
Кілт сөздер: Алматы мемлекеттік табиғи қорығы, сүтқоректілер, марал,
экологиялық фактор
202
Кіріспе
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы Алатаудың орталық бөлігіне орналасқан.
Жалпы көлемі 71700 га. Алматы қорығы ең алғаш Кіші Алматы өзені аймағында 1931
жылы ұйымдастырылып жер көлемі 13000 га жерді қамтыған. 1935 жылы ақпан айында
қорыққа мемлекеттік деген дəреже берілді. Соғыстан кейінгі жылдары 1951 жылы
қыркүйек айында қорық таратылып, 10 жылдан кейін 1961 жылы қорық қайта құрылды.
Алматы қорығы екінші рет Қазақ ССР-і Министрлер Кеңесінің 31.07.1961 жылыы № 524
қаулысы негізінде Алматы облысының Шелек жəне Кеген аудандары жерінде 128 мың
гектар алқапта ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта қорық Іле Алатауының орталық
бөлігінде теңіз деңгейінен 1200 м - 5017 метрге дейінгі биіктікте жалпы алқабы 71700 га
Талғар жəне Есік аудандарын алып жатыр. Ең жоғарғы шың - Талғар шыңы - 4978,8
метр. Қорық шекарасы Оң жəне Сол Талғар өзенінен өтіп, Түрген жəне Есік өзендерін
бөліп тұратын қыраттармен өтеді. Таудың теріскей жағында ескен шырша орманы саялы
келеді де, олардың арасында шетен, тал, үшқат, қара ырғыз жəне бүлдірген өседі. Бұл
ағаштардың кепкен жемістері осында қыстап қалатын құстар мен аңдар үшін жақсы азық
болып табылады. Қорықта сүтқоректілердің 39, құстардың 177, бауырымен
жорғалаушылардың 7, қосмекенділердің 1 жəне жəндіктердің 900–ден астам түрлері
кездеседі. Хайуанаттардың 22 – түрі мемлекетіміздің Қызыл кітабіне енген. Олар
мыналар: ілбіс, ақ тырнақты тянь-шань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні, тас сусары,
құстардан бүркіт, сақалтай, бидайық, орақтұмсық, құмай, үкі, көк құс, қара лəйлек,
лашын, бақалтақ бүркіт.
Мемлекеттік табиғи қорық жүйесі түрлерінің бір болып, бай өсімдіктер əлемі мен
жануарлар дүниесін қорғау, ғылыми-зерттеулерді жəне экологиялық – ағарту қызметтерін
дамыту болып табылады.
Биосфера негізі ретінде биологиялық жəне ландшафтық алуантүрлілікті сақтаудағы
ЕҚТА-дың қазіргі қызметін түсіндіру, бірінші кезекте қоғамда олар туралы түсінікті
қалыптастыру, сонымен қатар аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуындағы орнын
белгілеу. Қорықтағы жануарлар дүниесі де бай. Омыртқасыздардың нақты саны белгісіз,
бірақ түрлері көп екені айқын. Қазіргі таңда 8 классқа жатқызылған 900 астам түрі ғана
(80%) анықталған. Қорық аумағында омыртқалылардың 222 түрі мекендейді,
қосмекенділердің 1 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі кездеседі. Олар аймақтағы
осы жануарлар дүниесінің 21,4% құрайды. Құстардың 177 түрі қорық аумағында
мекендейді (Қазақстандағы əуе құстарының 36 %). Осылардың 103 түрі ұя салатындар.
Сүтқоректілердің 39 түрі бар. Олар Іле-Алатуындағы сүтқоректілердің 85% құрайды.
Бұғы тұқымдасына жататын марал Алматы мемлекеттік табиғи қорығында кең
тараған. Олар бұл аймақтың орманды жəне таулы аудандарында тіршілік етеді. Марал -
бұғы тұқымдасының ішіндегі ең ірісі болып келеді. Дене тұрқысы 227-244 см, салмағы
178-416 кг болады. Маралдың дəрілік шикізат беретін мүйізі еркегінде ғана болады.
Негізгі қоректері -250 түрлі шөптесін жəне бұталы өсімдіктер. Олардың 25-30-дай
сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері. Маралдар шағын табын құрып, тіршілік етеді. Таулы
өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін мекендейді. Шағылысуы 09 - бастап, қазан айының
бірінші жартысына дейін созылады. Салқынды жақсы көреді. Қыс, көктем, күз айларында
күндіз де жайылымға шығатын болса, жаз айларында маралдар қансорғыш
насекомдардың шығуына байланысты тек кешке немесе түнде (жайылуға) азықтануға
шығады. Маралдардың белсенділігі əр жыл мезгілінде олардың қорегіне, климаттық
жағдайына жəне де маралға қатысты барлық жағдайға байланыстыəртүрлі болады
Маралдар ақпан – наурыз айларында мүйіз тастайды. Бұл аңдардың мүйіз тастауына
байланысты, мүйіздері терімен жалғасқан (ал, мүйіз тастамайтын аңдарда сүйекпен
жалғасқан). Маралдардың мүйізі көбіне алты бұтақты болып келеді. Ересек маралдар
мүйіздерін біртіндеп тастаса, ал жас маралдар бір мезгілде мүйізін бірдей түсіреді. Мүйіз
203
түсісімен оның түбірі қанданады да, біраз уақыт өткен соң яғни бір – екі күн өтісімен
ісінеді. Маралдар күй талғамайтын жануар, яғни қоршаған ортаға бейімділігіне
байланысты жылы қораны қажет етпейтін жануарлар қатарына жатады. Бұл аң адамның
жанында мекендей алады жəне адамның қолымен өңделген ланшафттарға бейімділігі
жоғары. Негізгі жаулары- қасқыр, сілеусін, бұралқы иттер.
1-кесте. Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағындағы 2009-2014 жылдар
аралығындағы есепке алынған жануарлар саны
Кесте нəтижелерін талдаған кезде саны азайып кеткен қар барысының, тянь-шань
қоңыр аюының, түркістан сілеусінің 2014 жылы көбейгені анықталды. Ал маралдың сан
басының азаюына көптеген əсерлер бар. Жалпы марал - бұғы тұқымдасының ішіндегі ең
ірісі болып келеді. Дене тұрқысы 227-244 см, салмағы 178-416 кг болады. Маралдың
дəрілік шикізат беретін мүйізі еркегінде ғана болады. Негізгі қоректері -250 түрлі
шөптесін жəне бұталы өсімдіктер. Олардың 25-30-дай сүйсініп жейтін өсімдіктер түрлері.
Маралдар шағын табын құрып, тіршілік етеді. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман
ішін мекендейді. Шағылысуы 09 - бастап, қазан айының бірінші жартысына дейін
созылады. Салқынды жақсы көреді. Қыс, көктем, күз айларында күндіз де жайылымға
шығатын болса, жаз айларында маралдар қансорғыш насекомдардың шығуына
байланысты тек кешке немесе түнде (жайылуға) азықтануға шығады. Маралдардың
белсенділігі əр жыл мезгілінде олардың қорегіне, климаттық жағдайына жəне де маралға
қатысты барлық жағдайға байланысты əртүрлі болады Маралдар ақпан – наурыз
айларында мүйіз тастайды. Бұл аңдардың мүйіз тастауына байланысты, мүйіздері терімен
жалғасқан (ал, мүйіз тастамайтын аңдарда сүйекпен жалғасқан). Маралдардың мүйізі
көбіне алты бұтақты болып келеді. Ересек маралдар мүйіздерін біртіндеп тастаса, ал жас
маралдар бір мезгілде мүйізін бірдей түсіреді. Мүйіз түсісімен оның түбірі қанданады да,
біраз уақыт өткен соң яғни бір – екі күн өтісімен ісінеді. Маралдар күй талғамайтын
жануар, яғни қоршаған ортаға бейімділігіне байланысты жылы қораны қажет етпейтін
жануарлар қатарына жатады. Бұл аң адамның жанында мекендей алады жəне адамның
қолымен өңделген ланшафттарға бейімділігі жоғары. Негізгі жаулары- қасқыр, сілеусін,
бұралқы иттер.
Маралдарды өсірудің қазіргі жүйесі мен құрылымы жылдар бойы ғылыми жəне
жаттығу тəжiрибесi жиналып, қазiргі уақытта iске асырылуда. Марал шаруашылығының
дамудың бастапқы кезеңiн (Менард, 1930) үш əдiспен анықтады. Үй маралы кең таралып,
(Юст, 1929), (Менард, 1930) жайғасуы үшiн орындары таңдауында аралап есепке алу,
шықпайтын жақсы шөбi бар шабындықтардың жақын болуы, қыстыгүнi қатып қалатын
емес бұлақ суының бар болуы, жердiң сапасы - қурап қалған тасты жер.
Жылдың тең жартысында дерлік мерзімде жайылымдар маралдарды аса арзан жəне
қоректік заттары мол жемдермен қамтамасыз етеді. Маралдардардың тіршілігіне қажетті
маңызды кезеңдері жайылымдарда өтетін болғандықтан, (яғни төлдердің өсуі, мауығуы,
бұзаудануы, əрі мүйіздерінің өсуі) жануарларға жылы ауа райы кезінде қоректік заттар
Түрдің атауы
2009 2010 2011 2012 2013 2014
Марал
66 69 70 68 65 63
Сібір елігі
796 800 805 785 763 729
Сібір тау ешкісі
780 780 784 784 786 784
Қабан
47 48 45 46 45 40
Қасқыр
13 13 13 15 11 15
Қар барысы
24 24 24 22 22 24
Тянь-шань қоңыр аюы
22 25 23 23 24 27
Түркістан сілеусіні 16 16 16 14 14 16
204
айтарлықтай қажет. Маралды өсірудің заманауи технологиялары көптеген жылдар бойы
қалыптасқан тəжірибені қолданып, жайылымдарда жаю жүйесіне негізделген. Маралдың
бір жылдық жемдік балансында жайылымдық жемдер 80-85% құрайды. Жануарлардың
биотопта қалыпты жайылуы үшін жəне толыққанды жаздық жеммен қамтамасыз етілуі
үшін дақты бұғалар мен маралдарға 1.5-1 га жер қажет етілетіндігі анықталды.
Жалпы жануарларды еркіндік пен еркінсіздікте өсіру уақытында оларға
биотехниялық шараларды жүргізудің маңызы зор болмақ. Бұл биотехниялық шара
біріншіден маралдың санын молайту бағытында болса, екіншісі олардың өнімділік
қасиеттеріне бағыттаған. Маралдардың санның өнімділігінің де дұрыс болу үшін оларда
дұрыс қоректендіру жəне де минералды заттармен қамтамасыз ету керек. Маралдар қыста
тұздалған пiшендi жақсы жейтiндiгiн тəжiрибе көрсетiп отыр. Олар жалпақ жапырақты
шөптесiн өсiмдiктерi көп шалғынды орман пiшенiн жақсы жейдi, ал дəндi шөптердi нашар
жейдi. Батпақта өсетiн шөптер мен өлең шөптi өте нашар жейтiнi белгiлi болды. Жоңышқа
мен бөде пiшенді жақсы жейдi. Пiшендi шiлденiң ортасына дейiн шабу қажет. Пiшендi
қоректендiру орындарынан алыста дайындағанда, оны маялайды жəне əрбiр маяға 3-5 кг
тұз себедi немесе тұзды ерiтiндi бүркедi. Кейде пiшендi баулайды да, ағаш пен бұталарға
жайып тастайды Бiрақ бұл тəсiлмен қоректендiргенде, пiшеннiң бiр бөлiгi қар астында
шiрiп кетедi, сондықтан пiшендi қоректендiру астауларына салған тиiмдi. Пiшендi призма
пiшiндi бесiк-науаларға салады. Бесiк-науаның екi жағына астаулар орнатылып, оларға
тамыржемiстер, концентраттар, сүрлем мен тұз салынады. Көптеген аңшының
шаруашылықтарында марал қоректендiруде жалпақ жапырақты ағаштар мен бұталардан
жасалған сыпырғылар дайындалады. Көбiнесе жапырағы бар жөке, шаған, үйеңкi, шамшат,
емен, қайың, жабайы жемiстi ағаштар, көктерек, шетен, таңқурай өркендерiнен
дайындалады. Сыпырғыларды жаздың басында (15.06 дейiн), бұтақтарда қоректiк заттар
көп кезiнде жəне жапырақтар сабақта жақсы бекiгенде дайындайды. Қаражидек пен
мойылдың өркендерi зиянды. Сыпырғыларды көлеңкеде, сырғауылға немесе жiпке iлiп
кептiредi. Кептiру кезiнде 10 пайыздық тұз ерiтiндiсiне сулайды. Тұяқтыларды қар
түсiсiмен қоректендiре бастайды.
Минералды заттар - барлық жануарлар қорегiнiң маңызды бөлiгi. Тұяқты жануарлар
азықпен бiрге минералды заттардың, əсiресе натрий тұзының жеткiлiксiз болуынан зардап
шегедi. Натрий тұзының қажеттiлiгi марал үшiн əр жыл мезгiлдерiне байланысты əртүрлi
болып келедi. Олар натрий тұзын көктемде жəне жазда көп қажет етедi. Жаздың соңы мен
күздiң басында жыныс белсендiлiгiнiң өсуiне байланысты, көбiнесе аталықтары
тұзастауларды пайдаланады. Ғалымдардың деректерi бойынша, тұзастауларға жиi келетiн
аталық маралдардың мүйiзi жылдамырақ өсiп, ерте түлейдi екен. Көбiнесе тұз астауларға
тұз кесектерi, ұнтақталған тұз немесе тұзды брикеттер салынады.
Қорық аумағындағы марал жəне өзге де жан-жануарларды күзету 24 мемлекеттік
инспекторлардың күшімен іске асырылады, оның ішіне бөлім бастығы мен инженерлерде
кіреді. Мемлекеттік инспекторлар өз айналымдарын күзетуде мініс аттарын пайдаланады.
Қорықтың негізгі бөлігінде бір мемлекеттік инспекторға айналымдардың орташа көлемі 5
мың га-дан келеді. Қыс мезгілінде қалың қар жəне қолайсыз ауа райынан күзету
жұмыстары қиындайды. Қорықтың алыс, қиын жерлері мемлекеттік инспекторлардың
құрамынан жасақталған жедел топ мемлекеттік инспекторларымен күзетіледі. Сонымен
бірге жедел топ Талғар жəне Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында ішкі істер
қызметкерлерімен бірлескен тексерістерге қатысады.
Əдебиеттер
1.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығының 2014 жылғы жылдық есебі 40 бет
2.
Бекенов А, Есжанов Б.Е, Махмутов С. «Қазақстанның сүтқоректілері» Алматы,
Ғылым, 1995.-280 б.
205
3. Федосенко А.К. «Марал», (экология, поведение хозяйственное значение), Алматы,
Наука. 1980.-200 б.
4. Есмуханбетов Д.Н., Байбатшанов М.К. Іле алатауы жағдайында пантылық марал
шаруашылығын дамыту өзекті мəселе // Ғылыми теориялық жəне практикалық журнал
№3/2009 Алматы, 2009. 54-57 беттер.
Матенов Е. Абаева К.Т, Байбатшанов М.К., Кеулимжаев Н.О.
ПУТИ ПОВЫШЕНИЯ ЧИСЛЕННОСТИ МАРАЛОВ НА ТЕРРИТОРИИ
АЛМАТИНСКОГО ГОСУДАРСТВЕННОГО ПРИРОДНОГО ЗАПОВЕДНИКА
В статье рассмотрены пути повышения численности маралов на территории
алматинского государственного природного заповедника
Ключевые слова: Алматинский государственный природный заповедник,
млекопитающие, марал, экологические факторы
Matehov E., Abaeva K.T., Baibatshanov M.K., Keulimzhaev H.
WAYS TO INCREASE NUMBER MARALS IN ALMATY STATE
NATURE RESERVE
The article discusses ways of increasing the number of red deer on the territory of Almaty
State Nature Reserve
.
Keywords:
Almaty state natural reserve, mammals, maral, environmental factors
ƏОЖ: 332.33
Нұрмахамбетов О.Қ.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ЖЕКЕ GPS – НАВИГАТОР ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ЖЕР УЧАСКЕСІН МЕЖЕЛЕУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасында жер телімін межелеуде жеке GPS-
навигатордың пайдалану ерекшеліктері қарастырылып, жер телімін межелеудің
артықшылықтары жазылған.
Кілт сөздер: жерді межелеу, GPS навигатор, жер телімі, геодезиялық жұмыстар,
геодезиялық аспаптар, техникалық жəне технологиялық мүмкiндiктер, жерге орналастыру
жұмыстары, межелік белгілердің координаталарын анықтау.
Кіріспе
Кадастрлық жұмыстардың жерлерді мақсатты пайдалануға байланысты
жүргізілетін көптеген түрлерінің құрамына межелеу де кіреді. Жерлерді межелеу меншік
иелері жерлерінің нақтылы шекаралары мен аудандарын айқындау, дəлдеу немесе қайта
қалпына келтіру жөніндегі бірқатар қажетті геодезиялық, камералдық жəне заңдылық
жұмыстарды дер кезінде жүргізуді көздейді. Осы жұмыстардың жүргізілуі нəтижесінде
жер телімінің құжатын заңдастыруға байланысты жерлерді іргелес пайдаланушылармен
206
заңдарда қабылданған тəртіп бойынша мүдделі заңды немесе жеке тұлғалармен
келісушілік жұмыстары жасалынады. Жер телімінде межелеу жұмыстары жүргізілмеген
жағдайда, ол жердің нақтылы орны, шекарасы жəне мөлшері елді мекеннің жергілікті
жерінде белгілі болғанына қарамастан, кез-келген тұлғаның жері заңды түрде
жекешеленген деп саналмайды. Сондықтан жер телімі иесінде бекітілген межелік
жоспары болуы қажет, ол жер телімі ауданы өзгеретін кезде, яғни бөлінетін немесе
біріктірілетін мезгілде осы құжат болмаған жағдайда, оларды жүргізуге мімкіндік
тумайды. Жер телімінің межелік планы мемлекеттік құрылымдармен бекітілген болса,
онда ол жер туралы барлық дауды шешуге қажетті құжат болып саналады. Жерге
орналастыру жұмыстарының кез келген түрлерін жүргізгенде жер телімін межелеу қажет.
Осы жұмыстар жүргізілгенде жергілікті жерде жер телімінің ауданы жəне шекарасы
анықталған соң межелік жоспар қағаз жəне электронды түрде ресімделеді [1].
Жер телімін межелеу мынандай жұмыстардан тұрады:
жер телімі шекарасын келістіру;
пландық түсірулік негіздеуді жасау;
жергілікті жердегі межелік белгілердің координаталарын анықтау жəне оларды
жер бетінде бекіту;
межелік белгілердің координаталары бойынша жер телімінің ауданын анықтау;
межелеу құжатын жергілікті жерге орналасыру органдарына тапсыру.
Жоғарыдағы айтылған жұмыстарды жүргізуде жер телімін межелеуде пункттердің
координаталарын анықтау əдістерін таңдауға тура келеді. Осы жұмыстарды жүргізудегі
жер теліміндегі межелік белгілердің координаталарын анықтауда қазіргі кезде ғаламдық
навигациялық спутниктік жүйені жəне электронды тахеометрді пайдалану тиімді болуда
[2].
GPS (ағылшын тілінен Global Positioning System) - глобалдi орын анықтау
(позиционирлеу) жүйесі деген мағынаны білдіреді. Жоба бастапқыда əскери – соғыс
мақсатында жасалынып, АҚШ əскери мекемесінде іске асырылды. Жобаның негiзгi
мақсаты жердегi əр түрлi жылжымалы жəне статикалық объектілердің орнын жоғары
дəлдікпен анықтау болып табылады.
GPS өлшемі бойынша жер айналуының нақты параметрлерін алуға болатындығы
көрсетілген.
Спутниктік
лазерлік
қашықтық
өлшеуіш
бағасымен
келісілген
геоцентрикалық координат шығару фактісі ерекше қызығушылық туғызды. GPS
навигаторлардың қызметіне келер болсақ, ол навигацияда глобальді позиционирлеу
жүйесін (GPS) қолдану арқылы технологиялар жоғары қарқынмен дамып, жаңартылуда.
Глобальді позиционирлеу жүйесі – бұл объектінің орналасуын он шақты метрден кем
емес дəлдікпен, яғни оның енін, ұзындығын, биіктігін, жəне бағыты мен қозғалыс
жылдамдығын анықтайтын жоғары дəлділік жүйе. GPS-тің құрамына бір жүйеге
жинақталған жердегі бақылау станциалары кіреді. Спутниктерден сигнал алып, жəне
алынған ақпараттарды есептеп, қорыту арқылы өзінің орнын анықтайтын жеке GPS
қабылдағыштар болады. GPS спутниктік жүйенің құрамына кем дегенде əр түрлі
орбиталарда орналасқан 24 станциялар кіреді. Бір спутниктің айналу мерзімі жуықтап
алғанда 12 сағатқа тең. Спутниктер жерге өзінің дəрежесі туралы, шынайы уақытты,
шынайы күнді, барлық спутниктердің орбитальді мəліметтерін, барлық баяндаманың
жіберілген ағындағы уақытын тұрақты жіберіп тұрады. GPS–қабылдағыш спутниктерден
алынған ақпараттар арқылы əр спутникке дейінгі аралықты анықтап жəне өзінің
координатасын есептейді. GPS негізгі жүйесін алты негізгі пунктерге бөлуге болады:
1)
спутниктік трилатерация − жүйе негізі;
2)
спутниктік дальномерия − спутникке дейінгі арақашықтықты өлшеу;
3)
дəл уақытша байланыстыру − қабылдағышта жəне спутниктегі сағаттағы не үшін
келісім бойынша қояды жəне не үшін 4-космостық аппарат қажет;
207
4) спутниктердің орналасуы − ғарыштағы спутниктердің дəл орналасуын анықтау;
5) қателіктерді түзету − тропосфера жəне ионосферадағы енгілетін қателіктерді
ескеру;
6) уақытша дəл байланыстыру [3].
Қазіргі уақытта GPS жүйесі навигациялық жəне картографиялық мақсаттарда жиі
қолданылады. Инженер-геодезист геодезиялық аспаптарды таңдау үшін жəне оларды
оңтайлы қолданып, қажет болған жағдайда ақаулықтарын жоя білуі керек, сондықтан
олардың құрылымын жетік меңгерулері шарт, сонымен қатар, жаңа жоғары өнімді
геодезиялық құралдардың өңдеуіне қатысулары шарт.
Қазiргi геодезиялық құралдарға қойылатын шарттар келесідей талаптармен
анықталады:
- геодезиялық өлшемдердiң еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғарылату қажеттiлiгімен жəне
экономиканың даму қарқынымен;
- геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру өзектiлiгі жəне үлкен масштабтағы
түсiрістер;
- құралдарды эксплуатациялау, тасымалдау жəне сақтау шарттарымен;
- зауыт-аспап жасап шығарушылардың техникалық жəне технологиялық
мүмкiндiктермен;
- тұтынушылардың сұраныстарымен.
Заманауи геодезиялық құралдар еңбектiң жоғарғы өнiмдiлiгiн далалық жағдайларда
тасымалдау жəне эксплуатациялаудың жоғары сенімділігін, сонымен қатар өлшеу
опрецияларының оңай жəне ыңғайлылығын қамтамасыз етуi керек.
Соңғы 15 жыл ішінде Қазақстанда GPS технологиясын қолдану геодезияда жəне
навигацияда үнемі дамып отырды. GPS-қабылдағыш модельдерін ерекшеліктері бойынша
4 топқа бөледі: жеке GPS қабылдағыштар, көліктегі, теңіздегі, жəне авиациялық GPS
қабылдағыштар. Қазір Қазақстанда көп пайдаланылатын GPS- қабылдағыш модельдерінің
ішіндегі ең көп қолданылатыны жеке GPS қабылдағыштар. Олардың негізгі ерекшелігі, ол
өлшеу процесстерін жеңілдетіп, барлығын бір аспапқа жинау болып табылады. GPS
жүйесін 2 классқа бөледі: навигациялық қабылдағыштар, жəне геодезиялық дəлдік
жүйелері. GPS жүйесі 5 жүйеден тұрады: GPS-қабылдағыштар, мəліметтерді жергілікті
жəне глобальді жүйеде қабылдау жəне компьютерлік жүйеден тұрады. Бұл жүйе
бақылаудың дəлдігін жəне анықтығын жоғарылатады [4].
Қазақстанда геодезиялық жұмыстарды жүргізуде жергілікті жерге бекітілген бір
немесе бірнеше анықталған пункттерді анықтау жұмыстары көбінесе орындалады. Əдетте
жаңа пункттердің координаталары қатыстық əдіспен есептеледі. Бұл жағдайда алынатын
мəліметтің дəлдігі пункттердің арақашықтығына тəуелді. Көптеген жағдайларда шынайы
уақытта пункттердің кординаталарын анықтаудың қажеті жоқ. Бірақ, бірнеше геодезиялық
мəселелер, мысалы жобаны жер бетіне шығару шынайы уақытта өлшеуді қажет етеді.
Қазақстанда жеке GPS қабылдағыштарды жер учаскелерін межелеуде пайдаланудың
артықшылықтары:
1. Қазіргі қабылдағыштар бір-екі кнопкалармен басқарылып жұмыс істеле береді,
сондықтан оператордың арнайы дайындығының қажеті жоқ, осы орайда экономикалық
үнемділік артып жеке персоналдардың саны төмендейді (GPS қабылдағыштары бір
оператормен жұмыс орындайды).
2. GPS көмегімен геодезиялық жұмысты жүргізу арқылы еңбек өнімділігімізді
жоғарылата аламыз. Нүкте координатасын анықтау кезінде басқа жалпы қолданылатын
геодезиялық аспаптарға қарағанда GPS-пен сантиметрлік дəлдік деңгейін ала аламыз.
3. GPS пен геодезиялық жұмысты тəулік бойы істеуге болады, сонымен қатар
нүктелер арасы көрінбеген жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Геодезиялық GPS
208
өлшеулерінде үшін төрт немесе көп спутниктерді бір мезгілде бақылау қажет, кем
дегенде, екі GPS қабылдағыштарымен өлшенеді.
4. Жеке GPS қабылдағыштарды қолдану аудандары үлкен учаскелердің шекарасын
қоюда, егістіктердің, жайылымдықтардың шекараларын нақтылап қою кезінде аса тиімді
болып табылады. Ситуациялардың анықтылығын жол қиылыстарына, жол айырықтарына,
арықтар мен өзендердің қосылған жерлеріне тағы басқа белгілі элементтерге сүйене
отырып шекара нүктелерін қоямыз. Осы жоғарыда аталған элементтер əуелі
фотопланшеттерде анықталып камералдық жұмыс кезінде алынады, соларға сүйене
отырып бұрылыс нүктелері жобаланады. Осындай бұрылыс нүктелерді анықтау арқылы
ара қашықтықтары өлшеніп жұмысшы сызбаға жазылады.
5. Жерге орналастырушылар жердің орналасуы мен шекараларын анықтау үшін
құралдардың тұтас компастан бастап GPS технологиясына дейін спектрін қолданады. Бұл
құрал əртүрлі түсірістерде дəлдігін, сенімділігін жəне жеңілдігін жоғарлатты.
GPS геодезистке жердегі пункттің орналасуын анықтауға, сызықты тез бекітуге
мүмкіндік береді. Қазіргі уақатта геодезия мен картографияда пункттердің орналасу
координаталары мен карта жасауда жаңа əдістерді қолданады. Көптеген ғылыми –
техникалық жəне геодезиялық өндіріс ұйымдары, өлшеу қорытындысын шұғыл жəне
электронды сандық карта түрінде беретін спутниктік технологияны қолдануға көшті.
Спутниктік позиционирлеу əдісі тек жер учаскесін межелеуде ғана емес, навигацияда,
жүк жəне жолаушы тасымалдарында, мұнай жəне газ, құрылыс салаларында жиі
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |